Валюталық тәуекелдерді басқару. 2
Мазмұны
Кіріспе
1. Валюталық тәуекелдің теоретикалық негізідері.
- Тәуекелдің жалпы түсінігі
- Валюталық тәуекелдің классификациясы және оларды қаржыландыру көздері
- Валюталық тәуекелдерді басқару.
- Валюталық тәуекелдерді басқарудың мақсаты, міндеттері мен әдістері
- Валюталық тәуекелді басқарудың проблемалары
- Валюталық тәуекелдерді сақтандырудың әлемдік тәжірибесін талдау және оларды төмендету шаралары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Тәуекел - кез келген өндірушінің, соның ішінде банктің болжаусыз қолайсыз жағдайлардың салдарынан зиян шегуін сипаттайды.
Тәуекел банктің берген несиелері бойынша төлемсіздік туындаған жағдайларда, ресурстық базасы жеткіліксіз болғанда, жалпы міндеттемелері бойынша жауап беру мүмкіндігі азайған жағдайларда пайдасынан айырылып қалу ықтималдығын бейнелейді. Дей тұрғанымен, қаншалықты тәуекел деңгейі төмен болса, соғұрлым банктің жоғары мөлшерде пайда табуы да мүмкін емес болады. Сондықтан да кез келген кәсіпкер, соның ішінде банк менеджерлері басқару шешімдерін қабылдау барысында табыс пен тәуекел деңгейінің оңтайлы қатынасына мән беруге тиіс.
Тәуекел деңгейі үлкейеді, егер де:
- күтпеген жағдайда және тез арада проблемалар пайда болса;
- банктің өткен тәжірибесіне лайықты емес жаңа мақсаттар қойылса (бұл әсіресе біздің жағдайда өзекті мәселе, себебі коммерциялық банктер институты енді ғана дамуда);
- басшылықтың тез арада қажетті және жедел шешімдерді қабылдай алмаса; ол қаржылық жағдайға зиян әкелуі мүмкін ( қажетті және/немесе қосымша пайданың алу мүмкіншіліктерінің нашарлауы);
- банк қызметінің орныққан тәртібі немесе қабылданған заңдардың кемшіліктері белгілі бір жағдайға нақтылы шаралар енгізуге кедергі келтірсе;
Банктік операциялардың барлық түрлері тәуекелге душар болған. Банктің несиелік, валюталық және өзге валюталық операцияларды жүргізу барысында ұлттық валютаның шетел валютасына қатысты бағамының өзгеруінен туындайтын валюталық шығын – валюталық тәуекел деп аталады.
Валюталық тәуекел – бұл қандай да бір шетелдік валютаға ұлттық валютаның қатынасы кезіндегі курсының өзгеруі нәтижесінде зиян шеккен банктерде өз қорларының бір бөлігінің жоғалуына, табыстардың толық алынбауына немесе қосымша шығындардың шығып кетуіне алып келеді, сол себептен бұл мәселелердің алдын-алу банктер үшін өте маңызды болып табылады.
- Валюталық тәуекелдің теоретикалық негіздері.
1.1. Тәуекелдің жалпы түсінігі.
Тәуекел табиғаттың түрлі құбылыстары және қоғамның қызмет түрлерінің ерекшелігінен туындайтын мүмкін болатын жоғалтулар қаупімен түсіндіріледі.
Экономикалық категория ретінде тәуекел өзімен бірге болуы мүмкін немесе болмауы да мүмкін жағдайларды ұсынады. Мұндай жағдайдың туындауы салдарынан келесідей үш экономикалық нәтиже болуы мүмкін: жағымсыз (ұтылыс, зиян, шығын), нольдік, жағымды (ұтыс, пайда, табыс).
Тәуекелді басқаруға болады, яғни тәуекелдік жағдай туындауын белгілі бір шекте болжамдау және тәуекел дәрежесін төмендету үшін шаралар қабылдауға мүмкіндік беретін түрлі шаралар қолдануға болады.
Көбінесе тәуекелді
басқаруды ұйымдастыру
Мүмкін болатын нәтижеге (тәуекелдік жағдайдың нәтижесіне) байланысты тәуекелдер екі үлкен топқа бөлуге болады: таза және спекулятивтік(1-ші суретте көрсетілген).
Таза тәуекелдер жағымсыз немесе нольдік нәтиже алуға мүмкіндік береді. Бұл тәуекел түрлеріне келесілер жатады: табиғи, экологиялық, саясаттық, транспорттық және коммерциялық тәуекелдер бөлімі (мүліктік, өндірістік, саудалық).
Спекулятивтік тәуекелдер жағымды да, жағымсыз да нәтиже алу мүмкіндігімен сипатталады. Бұл тәуекел түрлеріне коммерциялық тәуекелдер бөлімі болып табылатын қаржы тәуекелдері жатады.
Қаржы тәуекелі кәсіпорын қаржылық институттармен (банктер, қаржылық, инвестициялық, сақтандыру компаниялары, биржалар және т.б.) қатынасы процесінде пайда болады.
Қаржы тәуекелінің туындау себептері
– инфляциялық факторлар, банктің
есептік мөлшерлемелерінің
Қаржы тәуекелі өзімен бірге уақыт функциясын ұсынады. Берілген қаржылық актив немесе капитал салымының түрі үшін тәуекел деңгейі уақыт бойында жоғарылайды. Мысалы, импорттаушының шығыстары бүгінгі күнде контрактіге отырған кезден, уақыттан мәміле бойынша төлем мерзіміне дейінгі уақытқа байланысты.
Қаржы тәуекелдері екі түрге бөлінеді:
- Ақшаның сатып алу қабілеттілігімен байланысты тәуекелдер;
- Капитал салымдарымен байланысты тәуекелдер (инвестициялық тәуекелдер).
Ақшаның сатып алу қабілеттілігімен байланысты тәуекелдерге тәуекелдердің келесі түрлері жатады: инфляциялық және дефляциялық тәуекелдер, валюталық тәуекелдер, өтімділік тәуекелі.
Инфляция ақшаның құнсыздануы болып табылады, бағалар өседі. Дефляция – инфляцияға кері процесс, ол бағалардың төмендеуінен және соған сәйкес ақшаның сатып алу қабілетінің жоғарылауынан көрінеді.
Инфляциялық тәуекел – инфляция өсімі кезінде нақты сатып алу қабілеттілігі көзқарасынан өсуден көрі алынатын ақшалай табыстар тез құнсыздануындағы тәуекел. Мұндай жағдайда кәсіпкер нақты шығыстарға тап болады.
Дефляциялық тәуекел – дефляция өсімі кезінде бағалар деңгейі төмендейді, кәсіпкерліктің экономикалық жағдайы нашарлайды табыс төмендейді.
Валюталық тәуекелдер – сыртқы экономикалық, несиелік және басқа да валюталық операцияларды жүргізу кезінде бір шетелдік валюта бағамының басқа валюта бағамына қатынасының өзгеруімен байланысты валюталық жоғалту қаупімен түсіндіріледі.
1-ші сурет.
Экологиялық
1.2. Валюталық тәуекелдің классификациясы және оларды қаржыландыру көздері
“Валюта” – Итальян тілінен аударғанда “баға”, “құн” деген мағынаны білдіреді. Валюта – белгілі бір елдің ақша өлшемі, яғни теңге, евро, доллар т.с.с. Валютаның пайда болуы ақшаның пайда болуымен байланысты. Ақша алғашқыда натуралды заттай түрде, кейінрек метал түрінде, соңына таман қағаз ақша пайда болды. Ең алғаш рет метал ақша б.д.д. ІІІ – ғасырда римде басылған. Б.д.д. да VII – VIII ғасырларда Малайзиядағы Лидия мемлекетінде және ежелгі Грецияда басылған. ІХ – Х ғасырларда Европа елдерінде басылып шыға бастады.
Қағаз ақша ең алғаш рет ХІ ғасырда Қытайда пайда болды. ХVIII ғасырлардың аяғында Солтүстік Америкада, ал ХVIII ғасырдың аяғы ХІХ ғасырдың басында Англияда шығарылды.
Валюталық тәуекел – бұл қандай да бір шетелдік валютаға ұлттық валютаның қатынасы кезіндегі курсының өзгеруі нәтижесінде зиян шеккен банктерде өз қорларының бір бөлігінің жоғалуына, табыстардың толық алынбауына немесе қосымша шығындардың шығып кетуіне алып келеді.
Валюталық тәуекелдер халықаралық экономикалық қатынастардың қатысушылары душар болған коммерциялық тәуекелдердің бөлігі болып табылады.
Валюталық тәуекелдер –
шетел валюталарын әртүрлі
1-ші Кесте
№ |
Валюталық тәуекелдің классификациясы: |
Ұғымы |
1 |
Операциялық |
негізінен сауда операцияларымен, сондай-ақ қаржылық инвестициялау және дивидендтік (пайыздық) төлемдер бойынша ақша келісімдеріне байланысты. |
2 |
Трансляциялы |
бухгалтерлік және қаржылық есепке әсер етеді. Оның операциялық тәуекелден айырмашылығы, ол ақша қаражаттардың ағымы мен төлем мөлшерлерімен байланысты емес. |
3 |
Экономикалық |
компанияның экономикалық жағдайына айырбастау курсының өзгеруінің жағымсыз әсер ету ықтималдығымен анықталады. |
4 |
Жасырын |
|
Ескерту: Автор зерттелген әдебиет көздерінің негізінде әзірлеген | ||
Операциялық тәуекел – негізінен сауда операцияларымен, сондай-ақ қаржылық инвестициялау және дивидендтік (пайыздық) төлемдер бойынша ақша келісімдеріне байланысты. Операциялық тәуекелге ақша құралдарының қозғалысы және де пайда деңгейі душар болған.
Бұл тәуекелді пайданы толық көрмеу немесе күтіліп отырған ақша ағымының құралына айырбастау курсының тікелей әсер ету нәтижесінде шығынға ұшырау мүмкіндігі ретінде анықтауға болады. Сатылған тауары үшін шетел валютасын алған экспортшы шетел валютасы курсының ұлттық валютаға қатысты төмендеуінен ұтылады, ал шетел валютасында төлем жасаған импортер шетел валютасы курсының ұлттық валютаға қатысты жоғарылауынан ұтылады.
Трансляциялы тәуекелдер – бухгалтерлік және қаржылық есепке әсер етеді. Оның операциялық тәуекелден айырмашылығы, ол ақша қаражаттардың ағымы мен төлем мөлшерлерімен байланысты емес.
Бұл тәуекел есептік немесе тепе-теңдік тәуекелдік ретінде белгілі. Әртүрлі елдің валюталарында көрсетілген активтер мен пассивтер арасындағы қарама-қайшылық мүмкіндігі тәуекелдің қайнар көзі болып табылады. Мысалы, егер британдық компанияның АҚШ-та дочерний (еншілес) филиалы болса, онда оның құны АҚШ долларымен көрсетілген активтері бар. Егер британдық компанияның осы активтердің құнын компенсациялаушы АҚШ долларымен жеткілікті пассивтері болмаса, онда компания тәуекелдікке бас ұрады. Егер компания трансляциалы тәуекелдік аса маңызды емес деп есептесе, онда бұл тәуекелді хеджирлеудің қажеті жоқ. Бұл әдісті жақтап, активтер мен пассивтерді негізгі валютада бағалағанда баланстық есепте олардың өзгеруінің еш маңызды мағынасы жоқ бухгалтерлік процедура деуге болады. Фунт стерлингпен көрсетілген АҚШ компаниясының активтерінің құны АҚШ долларының фунт стерлингке шаққандағы айырбастау курсының қозғалысымен бірдей ауысса, АҚШ компаниясының пайда көзіне ешқандай әсер етпейді. Сондықтан да курстың ауытқуынан жоғалтулар тәуекелдігі болмаса, хеджирлеуге кететін шығын еш мағынасыз деп есептеледі.
Трансляциялы тәуекелдің дәрежесін есептеу көптеген келіспеушіліктер тудырды, ең алдымен көптеген жылдар бойы қолданылған есептеу әдістерінің әртүрлілігіне байланысты.
Экономикалық тәуекел – компанияның экономикалық жағдайына айырбастау курсының өзгеруінің жағымсыз әсер ету ықтималдығымен анықталады. Тәуекел, бәсекелестік күрестің ұқсас тауар өндіруші жағынан да, сонымен қатар басқа өнім шығарушылар жағынан да өзгеруіне, және де тұтынушылардың белгілі бір тауар маркасын ұстанымының өзгеруіне де байланысты пайда болуы мүмкін. Әсер етудің тағы да басқа қайнар көздері болуы мүмкін, мысалы айырбастау курсының өзгеруіне қатысты үкіметтің реакциясы немесе валютаның құнсыздануынан пайда болған инфляцияның нәтижесінде жалақының өсуін тоқтату.
Жасырын және (немесе) трансляциялық тәуекелдер – шетелдік еншілес компаниялар өзіндік тәуекелдіктерге душар болған кезде де пайда болуы мүмкін. Мәселен, Британдық компанияның Америкадағы филиалы өнімін Австралияға экспорттайды. Америкалық еншілес компания үшін Австралиялық доллар курсының өзгеруінен жоғалтулар тәуекелдіктері бар, осыған орай ол Австралиялық доллар курсының АҚШ доллар курсына қатысты жағымсыз өзгеруіне байланысты шығынға ұшырауы мүмкін. Осындай шығындар филиалдың пайда алуына кедергі жасайды. Бұдан жанама операциялық тәуекелдік туындайды. Себебі, еншілес компаниядан түскен түсімдер қысқарады.
Мемлекеттік тәуекелдер – бұл белгілі бір мемлекеттегі инвестициямен байланысты және барлық кәсіпорындарға бірдей болатын инфляциялық, әлеуметтік тұрақсыздық және тағы да басқа тәуекелдер.
Мемлекеттік тәуекелдер қаржылық-экономикалық және әлеуметтік-саяси өзгерістердің өзара ұштасуымен сипатталатын көпфакторлық құбылыс. Егер дамыған мемлекеттерде мемлекеттік тәуекелдерінің деңгейі аз мөлшерде өзгеріп отыратын болса, ал дамушы мемлекеттердің мемлекеттік тәуекелдеріне едәуір қысқа мерзімді еркіндік тиесілі.
Тәуекелдерді қаржыландырудың әртүрлі жолдары бар. Ең алдымен бұл қауіпсіздікті жетілдіретін іс шаралар үшін шығын, зияндарды компенсациялайтын келешек шығындар, сақтандыру сыйлықтарын төлеу үшін шығындарды қамтамасыз ететін кәсіпорын бюджеті. Одан кейін бұл өзін өзі сақтандырушы резервтік фондтар, олар ертерек кәсіпорынның өз қаражатынан құралған.
Төтенше жағдай кезіндегі шығындарды жабу үшін кредиттер, банктерді инвестициялық ресурстары тартылуы мүмкін. Сондай ақ төтенше жағдайларға байланысты құралған арнайы бюджеттік және бюджеттік емес фондтардан мемлекеттік көмек көрсетілуі мүмкін.
2-ші Кесте
№ |
Тәуекелді қаржыландыру бөлімдері: |
Ұғымы |
1 |
Оқиғаға дейінгі қаржыландыру |
ойламаған жағдайлар болмай тұрып, алдын ала сақтандыру төлемдерін төлеу немесе резервтік фондтарды ұйымдастыруға бөлінген қаражат. |
2 |
Сақталып қалған тәуекелдіктердің зияндарын компенсациялауға кеткен шығын (оқиғадан кейінгі қаржыландыру) |
туындаған кәсіпорын шығындарын өтеуді көздейді. Егер сақтандырылған болса, сақтандырылмаған тәуекелдерді ғана өтейді. |
3
|
Тәуекелді басқаруға кететін әкімшілік шығындар (ағымдық қаржыландыру) |
Тәуекел - менеджерлерінің жұмысына, компьютерлік базаларды қалыпта ұстауға, сарапшылар жұмысын төлеуге, арнайы ұйымдарды жалдауға және т.б. кеткен әкімшілік шығындардан құралады. |
Ескерту: Автор зерттелген әдебиет көздерінің негізінде әзірлеген | ||
Тәуекелді басқару іс-шараларының қаржыландырудың қайнар көздері таңдап алынған әдіске байланысты жіктеледі.
- өнім құнының құрамында ескерілетін құралдар;
- кәсіпорынның өз құралдары, соның ішінде түсімнен құралатын жарғылық фонд резервтер;
- сыртқы қайнар көздер – несиелер, дотациялар, заимдар;
- сақтандыру қорлары;
- өзін-өзі сақтандыру қорлары.
Нақты бір жағдайларға байланысты тәуекелді қаржыландыру үшін қорларды тарту үшін әртүрлі түрлері бар. Мәселен, сақтандыру сыйақыларын төлеу кәсіпорын табысынан немесе өз құнына байланысты заңмен белгіленген төлемдер арқылы төленуі мүмкін.
Банкті құру себебі әртүрлі қызмет көрсету, соның ішінде валюта – несие операциясын жүзеге асыру болды. Банктің сауда қызметі сауда және жобаны қаржыландыру, жеке тұлғаларға несие карточкасымен және шетелдік валютасымен сауда операциясын қызметін ұсыну. Банктің негізгі бағыты салым қабылдау және шетел валюта немесе теңге түрінде несие беру.
Банк, сондай-ақ Қазақстанның валюта биржасында және құнды қағаздар нарығында негізгі рөл атқарады. Банктің мақсаты банк қызметімен валютамен қаржыландыру жөнінде алдыңғы орындарға шығу.
Валюталық тәуекел негізінен банктің шетел валютасымен қаражаттарды тартып, оларды орналастыру нәтижесінде туындайды.
3-ші Кесте
№ |
Банктік тәжірибеде қолданылатын валюталық тәуекелдің түрлері: |
1 |
айырбас бағамының өзгеру тәуекелі |
2 |
конверсионды операциялар тәуекелі |
3 |
трансляциялық тәуекелдер |
4 |
форфейтинг тәуекелі |
Ескерту: Автор зерттелген әдебиет көздерінің негізінде әзірлеген | |
Айырбас бағамының өзгеруі тәуекелі. Валюта бағамы - бір елдің ақша бірлігінің екінші бір елдің акша бірлігіне катысты бағасы. Валюталардың бағамдарын анықтау бағамдау (котировка) деп аталады. Бағамдау екі түрге: тікелей және жанама болып бөлінеді. Тікелей бағамдауда шетел валютасының кұны ұлттық валютамен бейнеленеді. Жанама бағамдауда ұлттық валютаның шетел кұны валютамен бейнеленеді. Мысалы, тікелей бағамдауда: 1 АҚШ доллары =117 теңге 17 тиын болса, ал жанама бағамдау бойынша: 1 теңге - 0,008 АҚШ доллары.
Кросс-бағам - бұл үшінші валютаға байланысты анықталатын екі валютаның шекті қатынасы.
Валюталық мәмілелерді іске асыруға байланысты бағамдарды «спот» және «форвард» деп бөледі.
«Спот» бағам – мәміле жасалғаннан кейінгі екінші жұмыс күнінде валютаның айырбастау шартына сәйкес мәміле жасау уақытында бекітілген валюта бағамы.
«Форвардтық» бағам – белгілі бір уақыттан кейін белгілі болатын валютаның болашақ құны. Форвардтық бағам кейде споттық бағамнан жоғары немесе төмен болуы мүмкін. Форвардтық бағам валюталық форвардтық контрактімен валюталық мәміле жасауда қолданылады (2 сурет).
Форвардтық контракт жасау Валютамен жабдықтау
А) мәміле жасау мерзімі Ә) Валюталау күні
Сурет 2-Валюталық форвардтық контркатімен операция жасау
Валюталық тәуекел уақыт бойынша валюталық бағамдарының өзгерісіне тікелей тәуелді. Сондықтан мерзімді мәмілелер жасауда валюталық тәуекелдің алдын алу үшін мерзімді контрактілер, соның ішінде фьючер және опцион контрактілері қолданылады.
Конверсиондық тәуекел - бұл нақты бір валюталық операциялар бойынша туындайтын валюталық шығын. Конверсиондық тәуекелдерге ашық валюталық позиция лимиті тәуекелі және аударым тәуекелі жатады.
Ашық валюталық позиция лимиті тәуекелі шетел валютасында бейнеленген банктің талаптары мен міндеттемелерінің көлемдері бойынша сәйкес келмеуі барысында туындайды.
Аударым тәуекелі - валюта бағамының кұлдырауына шетел валютасында бейнеленген банк активтер мен капитал құнын кайта бағалау қажеттігіне байланысты туындайтын активтер мен пассивтер құнынын өзгеру кауіпі.
Трансляциондық немесе бухгалтерлік тәуекел банк балансының активтері мен пассивтерін қайта бағалау барасында туындайтын тәуекел. Бұл тәуекел қайта санау валютасына және оның тұрақтылығына тікелей тәуекелді. Қайта санау екі әдіспен жүзеге асады: ағымдық және тарихи. Ағымдық әдісті қайта бағалау ағымдағы бағаммен немесе қайта бағалау күніндегі бағаммен жүргізіледі. Ал тарихи әдіс бойынша қайта бағалау нақты операциясының жасалған күніндегі бағам бойынша жүзеге асады. Кейбір банктер барлық ағымдық операцияларды ағамдағы бағамен қайта бағалайды.
Форфейтинг тәуекелі банктің форфейтинг операциясы бойынша экспортердің валюта бойынша тәуекелдерінің факторинг қызметін көрсетуші банкке ауысуынан туындайтын тәуекел.
2. Валюталық тәуекелдерді басқару
2.1. Валюталық тәуекелдерді басқарудың мақсаты, міндеттері мен әдістері
Бүгінгі күнде экономикасы дамыған елдерде тәуекелдерді басқару жеке қызметтің бағыты ретінде қалыптасты. Осы мемлекеттердің экономикалық субъектілері маңызды тәуекелдердің идентификациясын, тәуекелдерді бағалаудың және оларға бақылау жүргізу қажеттігін түсінеді. Тәуекелдерді басқару, сонымен қатар акционерлік капитал құнының жоғарылауына өз септігін тигізуі мүмкін. Экономикасы дамып келе жатқан елдерде, оның ішінде ТМД елдер үшін де, тәуекелдерді басқару әлі де болса “жас” қызмет бағыты болып табылады.
Тәуекелдерді басқарудың негізгі мақсаттарына келетін болсақ, олар төмендегідей;
- Шаруашылық субъектілер алдында қойылған міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету;
- Белгісіздік деңгейін төмендету;
- Ұйымға міндеттелген заңдарды, нормаларды және талаптарды орындау.
Өз кезегінде тәуекелдерді басқару бойынша міндеттерді 2 топқа бөліп, қарастыруға болады:
Біріншісі – тәуекел көрінісі кезінің басталуына дейінгі міндеттер: кәсіпорынның қалыпты қызмет етуін қамтамасыз ету.
Екіншісі – тәуекел көрінісі кезінің басталуынан кейінгі міндеттер: қаржылық қауіптердің болуы жағдайында жоғалтуларды минимизациялау; техникалық, информациялық қауіптердің болуы жағдайында кәсіпорын қызметінің жалғастыруын қамтамасыз ету.
Валюталық тәуекелдер банктерде әдетте әр түрлі әдістермен басқарылады (4 кесте).
4-ші Кесте
№ |
Валюталық тәуекелдерді басқарудың әдістері: |
1 |
Валюталық операцияларға лимит қою |
2 |
Хеджерлеу |
3 |
«Мэтчинг» деп аталатын валютаның активі және пассиві бойынша өзара сату/сатып алу тапсырысы |
4 |
«Неттинг» тәсілін қолдану, яғни максималды дәрежеде валюталық келісімдердің мөлшерін қысқарту |
5 |
Валюта нарығын мұқият зерттеу және талдау |
Ескерту: Автор зерттелген әдебиет көздерінің негізінде әзірлеген | |
Банктің ішкі құрылымындағы валюталық тәуекелді басқарудың бірінші қадамы валюталық операцияларға лимит қою болып табылады. Лимиттердің келесі түрлері кең таралған (5 кесте):
5-ші Кесте
№ |
Лимиттердің түрлері: |
1 |
шетелдердің лимиті (бір күн ішінде клиенттермен және серіктестермен әрбір тиісті мемлекеттің сомасы бойынша максималды мүмкін болатын сома енгізіледі) |
2 |
клиенттермен және серіктестермен жүргізілетін операцияларға лимит |
3 |
құралдар лимиті (қолданылатын құралдарға және валютаға қойылатын шектеу) |
4 |
әр күнге және әрбір дилерге қойылатын лимит |
5 |
шығындар лимиті |
Ескерту: Автор зерттелген әдебиет көздерінің негізінде әзірлеген | |
Лимиттерден басқа әлемдік тәжірибеде валюталық тәуекелдерді төмендетудің келесі әдістері бар:
- «мэтчинг» деп аталатын валютаның активі және пассиві бойынша өзара сту/сатып алу тапсырысы, мұнда валюта ағымының көлемінен валютаның келіп түсуін шегеру көмегімен банк олардың мөлшеріне және өз тәуекеліне ықпал ету мүмкіндінен алады;
- «неттинг» тәсілін қолдану, яғни максималды дәрежеде валюталық келісімдердің мөлшерін қысқарту;
- валюта нарығын мұқият зерттеу және талдау;
Сонымен қатар валюталық тәуекелдерді тежеудің тағы бір әдісі ол хеджирлеу.
Хеджирлеудің негізгі әдісінің мәні валюталық айырбас операцияларын курста қолайсыз жағдайлар болғанға дейін жүргізуге негізделеді немесе осындай өзгерістерден болатын шығындарды жабу валютаға келісімімен қатарлас жүреді. Оның курсы қарама–қарсы бағытта өзгереді.
Банктің хеджирлеумен байланысы екі образда жүргізіледі, бір жағынан, банк кез келген коммерциялық компания сияқты валюталық тәуекелді сақтандыруда жоғарыда көрсетілген әдістерді өзіндік валюталық тәуекелді басқарудағы қаржылық қызметінің күнделікті практикасында қолданылуы мүмкін. Ал екінші жағынан хеджирлеу, ол көбінесе банктің өз клиенттеріне ұсынатын қызметтері болып табылады. Бұл қызметтер ретінде кепілдік операциялар және валюталық келісімдер болуы мүмкін
2.2. Валюталық тәуекелдерді басқарудың проблемалары
Шетелдің валютасымен операция жүргізетін банк екі тәуекелмен кездеседі:
- Ашық орынға (позицияға) валюталық курстың немесе пайыздық қойылымдар қозғалымдарының жағымсыз әсері;
- Екінші жақтың банкроттығы.
Жоғалтуларды қарастыру, бұл
- Толық ведомнан орындалған операциялар.
- Банк басқармасы жағының уәкілетінсіз дилерлер бөлімдерімен орындалған операциялар;
Халықаралық нарықта банк
Салыстырмалы қысқа уақыт мезетінде, күмән тудырмай, үлкен спекулятивті позициялардың пайда болуы мүмкіндігінің баламалы түрі бойынша жеке операциялардың өлшемін дилингтік келісімшарттардың әдеттегі санының көрсеткіші ретінде қабылдау дұрыс емес болар еді.
Келісімшарттың екінші тарабына немесе банк-корреспондентке артықшылығы жоқ дилингтік операцияларда орын ала алатын дилингтің бұл аспектілері мынадай түрде танылуы мүмкін:
Дағдылы болып табылатын берілген банкке немесе бөлімшеге қарағанда сауда көлемін күрт арттыру, алайда егер бұл жоғарыда келісілген ірі банктер болса, бұл күмәнді ескерту болуы мүмкін;
Банктің банк-корреспонденттермен клирингтік есептер бойынша айналымын міндетті арттыру. Ал клирингтік есеп бойынша айналым екінші тараптан өздігінен күмән тудыра алмайтын келісімшарттардың кейбір саны бойынша жалпы соманы көрсетеді, ол өз кезегінде өте тиімді келісімшарт болуы мүмкін;
Дилингтік жүзеге асырудың қалыпты нысанын өзгерту. Ашық позициялар форвард бойынша валютаны жеткізу кезінде қолданылуы керек, сонымен қатар қысқа мерзім ішінде күннен күнге айырбасқа кететін спот бойынша валютаны сату/сатып алу кезінде де қолданылуы мүмкін. Мұндай операциялар олардың нарықтағы санының артуына, сонымен қатар, клирингтік есеп бойынша айналымның артуына әкелуі мүмкін. Жоғалту тәуекелі банк жедел валюталық опреациялар бойынша нетто позицияны жүргізгенде туындауы мүмкін. Бірақ, мұнда таза ашық позиция жоқ, себебі сатып алужың жалпы сомасы сатудың жалпы сомасына сйкес келеді, бірақ форвардтық операциялардың сәйкес келмейтін мерзімдері бойынша тәуекел болады;
Келісімшарт бойынша нақтылауды алмау, әсіресе форвардтық операция бойынша;

- Валюталық тәуекелдер және оларды сақтандыру әдістері
- Валюталық тәуекелділіктің экономикалық мәні
- Валюта нарыгы
- Валюта нарығы
- Валюта нарығы
- Валюта нарығы
- Валюта нарығы,турлері және оның дамуындағы негізгі кезеңдер
- Валюталық операцияларды реттеу
- Валюталық операциялар жөнінде түсінік
- Валюталық операциялар мен олардың сипаттамасы
- Валюталық реттеу мәселелері
- Валюталық саясат
- Валюталық саясат
- Валюталық тәуекелдерді басқару