VI-VII ғасырлардағы Түрік дәуірінің мәдениеті
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
VI-VII ғасырлардағы Түрік дәуірінің мәдениеті
Орындаған: КТТ -1a. студенті Кошербаева А.
2013 жылы
Жоспар
I.Кіріспе
a)Көне Түрік империясы хақында
II.Негізгі бөлім
а) VI-VII ғасырлардағы Түрік дәуірінің мәдениеті
в) Тас мүсіндер құпиясы
с) Түркілердің монументтік өнеріндегі әйелдер бейнесі
d) Түрік халықтарының жазбаша ескерткіші
III. Қорытынды
Қосымша материалдар
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Көне Түрік империясы хақында
“Түркі мемлекетінің құрылуы бүкіл адамзат тарихында
белгілі бір дәрежеде бетбұрыс кезең болды. Өйткені сол
кезге дейін орта теңіз мәдениеті мен Қиыр Шығыс мәдениеті, бір – бірінің дүниеде бар екенін білсе де,
басы қосылмаған еді”
Лев Гумилев
VI ғасырдың ортасында Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан жерінде әлемдегі аса ірі қуатты империялардың бірі Көне Түрік империясы құрылды. Сонымен қатар жаңа этникалық тип түркі тілдес халықтардың іргесі қаланды.
Ежелгі түріктер қысқа уақыт ішінде әлемдік дәрежедегі мемлекет құрып, сол уақыттағы әлемдік тарих сахнасындағы ең ірі мемлекеттермен байланыс орната білді. Тарихтың қай белесінде де түркі әлемінде сан түрлі мәдениеттер мен діндердің өзара тығыз алыс берісі, барыс – келісі белсенді жүріп жатты. Сан қилы мәдени дәстүрлер мен сыртқы қарым – қатынастардың нәтижесінде көшпелі қоғамдардың дәстүрлі құрылымдық негізі өзгеріске түсті, мұның өзі бұл ұлттар мен ұлыстардың тарихи дамуының сипатына, мазмұнына және ерекшелігіне әсер етпей қойған жоқ. Осындай көкейкесті мәселелер теориялық, ғылымдық және практикалық маңыздылығын арттыра түсетіні анық.
Ежелгі Түрік қағанаты негізінен мал шаруашылығымен айналысқан көшпелі мемлекет. Ол рулық – тайпалық құрылымы жағынан бодундар, әлеуметтік жағынан қаған – бектер, әскери – тайпалық ақсүйектер, қара халықтан тұратын қауым, ал әскери басқарылу құрылымы жүйесі тұрғысынан ел деп сипатталады.
„Түрік мемлекетінің құрылуы бүкіл адамзат тарихында белгілі бір кезеңде бетбұрыс дәуірі болды’’ деп жазды белгілі ғалым Л.Гумилев өзінің „Көне түріктер“ деген іргелі зерттеуінде. Көне түрік мемлекеті Шығыс мәдениеті мен Батыс мәдениетін жалғастырушы ғана емес, сонымен қатар ол өз мәдениетін, мемлекеттік құрылысы мен идеологиясын жасады, әлемдік тарихта үлкен із қалдырды.
„Түрік“ сөзі (қытайша ‘’тукюе’’) б.д. VI ғасырында бірінші рет көшпелі халықтың атауы ретінде пайда болды. Қытайлар Түріктерді сюнyулердің ( ғұндардың) ұрпақтары деп санаған.Бұл ғасырда Түркілер Монғолиядан және Қытайдың Солтүстік шекарасынан Қара теңізге дейін созылып жатқан Ұлы көшпелі империяның негізін қалады. Түркі қағанатына 552 – 744 жж негіз болған басты 4 тайпа: түркі(ашина), оғыз( теле),қыпшақ (сір) және қырғыз.
Түрік қағандары Ашина әулетінен тарағандардан ғана сайланатын. Қытай мәліметтеріне қарағанда елде ханды жариялаудың күрделі рәсімі болған: бекзаттар оны ақ киізге отырғызып, күн жолының ыңғайымен қаумалаған қалың жұрттың құттықтаған айқай қиқуы үстінде шеңберді тоғыз рет айналып, дереу жібек бұғау салып, оны қолма – қол босаңсытып одан „неше жыл хан болғың келеді?“ – деп сұраған. Бірақ сұрақтың ел басқару мерзіміне анықтау ісінде қандай рөл атқарғаны жайлы түріктер тарихында онша мәлім емес. Бәрінен де дұрысы, бұл әдет хан тайпа көсемі болып саналатын кездің салты есебінде сақталып қалған тәрізді. Тәж – нақты мұраға қалдыру күрделі жүйе арқылы жүргізілетін болған.
Ұлы далада
Түркі мемлекетінің, түркі тілінің
қалыптасу дәуірінен дерек
Түрік қағанаттарының құқықтық жүйесі жете зерттелмеген. Ол туралы деректерде де аз айтылады. Түріктердің құқығының негізгі бастауы қайнар көзі - әдет ғұрпы болған.
Қытай жылнамасында көрсетілген көне түркілердің мемлекеттік заңының негізі ірі – ірі жеті баптан тұрған: 1 –бап. Көтеріліс жасап, бүлік шығарған кісілерге өлім жазасы кесілсін (мемлекеттің бүтіндігін сақтау талабынан туған); 2- бап. Түркі жұртының мүддесін сатып, елге опасыздық еткендер өлім жазасына кесілсін; 3 – бап. Қағанат ішінде жазықсыз кісі өлтіргендер өлім жазасына кесілсін; 4 – бап. Сәйгүлік атты ұрлаған кісіге өлім жазасы бұйырылсын (ат – қағандықтың соғыс күші); 5 – бап. Ұрланған бағалы мүлік үшін он есе артық айып төленсін; Сонымен қатар, Түрік қоғамында малға, түрлі қарулар мен өндіріс құралдарына жеке меншік болған. Жер жеке адамның жеке меншігі болмаған. Жер қауымның, ру – тайпаның меншігінде болды. Жерді бөлуді, пайдалануды қаған, оның атынан ру тайпа басшылары шешті.
Түрік қағанатында қылмыстық жазаның әр түрі қолданылды. Сатқындық, әскер тәртіпті бұзғаны үшін, қағанға қарсы шыққаны т.б. жағдайларда өлім жазасы қолданылды. Мал ұрлағаны үшін оның құны 10 есе артығымен төленді.
Сот билігі қағанның және оның атынан іс жүргізетін бұйрықтар мен тархандардың қолында болды. Сот ашық түрде екі жақты толық тыңдау арқылы жүргізілді.
VI-VII ғасырлардағы Түрік дәуірінің мәдениеті
Жер шарының түрлі халықтары түрлі тарихи дәуірлерде қол жеткізген мәдениеттің ұлы жетістіктері тарихи ескерткіштерде көрініс тауып, бүгіндері дүниежүзілік маңызы бар мұраға, мақтанышқа айналуда. Сан жылдар бойына таңдай қақтырып, тамсандырып келе жатқан рухани және материалдық жәдігерліктерде әр халықтың дүниетанымдық, этникалық ерекшеліктері байқалады. Орталық Азиядағы далалық кеңістік өзінің ең алғашқы қалыптасу кезеңінен бастап тарихи даму жолының барлық кезеңінде өзіндік сипаты, келбеті бар мәдени белгілерге ие болды.
Түрік империясы тұсында ( VI – VII ғғ.) Орта Азияның экономикасы мен мәдениеті гүлденіп өсті. Сауда, жер өңдеу және қол өнер өте тез дамыды. Жібек керуені Қытайдан Византияға қарай Бұхара, Самарқан, Ташкент, Қашқар, Турфан арқылы үздіксіз ағылып жатты. Түркі империясының құрылуы мен ыдырауы түркі халықтарының батысқа қарай жылжуына алып келді. Шығыс пен Батыс мәдениеті араласып, бірін – бірі байытты.
Араб деректерінде түркілердің дәстүрлі ант беру ғұрпы жайлы былай делінеді: «егер түрік қандай да бір адамнан ант алғысы келсе онда мыс мүсінді әкеледі, сосын ағаш ыдысқа су құяды оны идол қола арасына қояды, бұдан соң ант беріп оны ішеді.»
Түркілердің аяқ деген сөзі ыдысты, дәлірек айтқанда ант ішу кезінде қолға ұстайтын ыдысты білдіреді. Жалпы Мерке мүсінді ортағасырлық Жетісу түркілерінің мифологиялық дүниетанымының бір үлгісінің көрінісі болып табылады.
Көне
түрік тайпалары арасында пұтқа
табынушылықтың болғаны жайлы мәліметтер
сол тарихи кезеңде орталық Азияда
болып өз көзімен көргендерін
қағазға түсіріп қалдырған
Жерлеу ескерткiштерi ежелгі түріктердің тарихы мен мәдениетін зерттеудің маңызды көзі болып табылады. 1960-1980 жылдары Ежелгі түркі дәуіріне тиесілі жылқымен бірге жерленген зираттар табылды.
Түріктердің наным – сенімдеріне тоқталар болсам, түркілердің сыйыну орындары, ғибадатханалары туралы мәліметтер қытай, араб, парсы, моңғол, итальян, испан, орыс жазба деректерінде кездеседі. Осылардың ішінде ерте орта ғасырда Қазақстанда тіршілік еткен түркі тайпаларын өз көзімен көрген адамның жазбасына тоқталып кетсем, онда көшпелілердің осы күнге дейін ескерткіштер түрінде сақталып жеткен ғұрыптық құрылыстары да баяндалған. Бұл жазба деректің авторы бүгінгі таңдағы әйгілі шығыстанушы, қазақстандық ғалым Ю.А.Зуев.
Ю.А.Зуевтің деректеріне қарағанда, Мерке қаласының көне атауы - Мыңбұлақ (көне түркі тілінде Бин –юл, қытай тілінде Цянь –цюань) болған. 629 жылы Мыңбұлақта буддалық монах Сюань –цзян болған. Ол: «Цянь –цюань елді мекені 200 ли аумақты алып жатыр...Бұлақтарының саны мыңға жетеді. Сондықтан ол жер осындай атауға ие. Әрі онда көл бар. Түрік қағаны жыл сайын осында келіп жазғы ыстықтан паналайды. Бұл жерде бұғылардың саны көп, олардың біразының мойнына қоңыраулар тағылып безендірілген. Бұғылар адамдарға көндігіп кеткендігі соншалықты, олар үркіп қашпайды. Түрік қағаны бұғыларды жақсы көргендіктен, оларды өлтіруге тыйым салған. Бұғыны өлтіргендер кешірілместен жазаланады. Осыған орай бұғылар табыны сақталып тұрған.»(Зуев, 1960. Вып.3(4).91б.).
Бұғыларға
зияндық істеуге тыйым
Көне
түркілердің бүгінгі таңға
Мерке өзеніне Әулиекөл жақын орналасқан. Бұл жер таяу уақыттарға дейін сыйынып, табынатын орын ретінде қызмет етіп келген. Әулиекөлдің суының емдік қасиеті бар деп есептеледі. Бұрынғы кезде көлдің жағасында мешіт болған көрінеді. Бірақ ол мешіт сақталып қалмаған. Жетісудағы көне түріктердің табынып, сыйынатын және тайпа мен рудың өмірінде әлеуметтік маңызы бар оқиғаларға байланысты түрлі әдет – ғұрыптарын атқаратын орын ретінде таңдалынып алынған осы жердегі шипалы суы бар бұлақтар жағасындағы бұталарға әлі күнге шүберектер байланып тасталады.
Ортағасырлық Жетісу түркілері табынып, сыйынатын және әдет – ғұрыптары бойынша салт – жораларын өткізетін орын ретінде шалғынды Аралтөбе, Белсаз, Сандық, Сұлусай, Сулысай, Шөлсай, Қарасай секілді тай қыраттарын таңдаған. Әрбір аңғарға ғибадатханалар салынып, олардың шығыс жағына түркілердің табынып, құрбандық шалуы үшін өздері жасаған тас мүсіндер қойылған.
Тас мүсіндер құпиясы
Мерке өзенінің жоғарғы ағысында орналасқан мүсіндер жайлы мәліметтер XIX ғасырдың соңына қарай жариялана бастады. Сол кезеңде жергілікті өлкетанушы, мұғалім А.П.Печерский Сандық қыратында тас мүсіндердің көптеп кездесетіндігі жайында баспасөз беттерінде жариялаған –ды.
1987 жылдан бастап ғибадатханалар ескерткішін зерттеуге Ш.Ш.Уалиханов атындағы тарих, археология және этнография Институтының, кейіннен А.Х.Марғұлан атындағы Археология институтының Экспедициясы шығарылды. Жыл сайын жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижесінде ғибадатханалар ескерткіші белгіленген карта әзірленді. Ол картада көшпелі түркілердің жасаған тас мүсіндерінің мемориалдық комплекстері бар орындар белгіленіп көрсетілді. Осы уақытқа шейін 64 тас мүсін табылды. Жекелеген мемориалдық комплекстерде жүргізілген археологиялық зерттеу жұмыстары олардың хронологиясын және ғұрыптық қоршаулар мен қорғандардың мәдени мәнін топшалауға мүмкіндік берді. Монументалды өнер ескерткіштерін типологиялық классификациялау бағытында едәуір жұмыстар атқарылды. Мүсіндері бар әртүрлі ескерткіштер қасында жазба жұмыстары жүргізілді. Соның нәтижесінде Мерке өзенінің жоғарға ағысындағы тау қыратында орналасқан ғибадатхана ескерткіштерінің өзіндік ерекшеліктері туралы нақтылы пікір білдіруге негіз қаланды.
Осы еңбектерге қарағанда, яғни храм тектес ескерткіштердің көптеп шоғырлануы, олардың тас мүсіндері бар комплекс түрінде дараланып тұруы ерте орта ғасыр дәуіріндегі Жетісу түркілерінің мәдени дамуының өзіндік ерекшелігі болған.
Мерке ғибадатханасының материалдары Жетісу мен Қазақстанды тұтас алғанда ортағасырлық көшпелілердің ерекше мәдениеті болғанын аңғартады. Мерке өзенінің жоғарғы ағысы бойында биік таулы альпілік шалғында салынған түркілердің ғұрыптық ескерткіштері олардың өзіндік ой –өрісін , уақыт пен кеңістіктегі өзінің орнын интеллектуалды игеруін көрсетеді.
Ғұрыптық конструкцияның негізгі бөлігі диаметрі 4-5метрден 16метрге дейін, биіктігі 0.5метрден 1.3метрге дейін болатын тас үйіндіден тұрады. Кейбір қорғандардың шығыс жағынан тастан қаланған қосымша құрылыстар бар. Белсаз 2 обасында үйінді ормен қоршалған. Ғибадатхананың ескерткіштері құрамынан екі ғұрыптық конструкция зерттелді.
Тас мүсінді ескерткіштер типі сыртқы түріне, мүсіндер санына, орналасқан жеріне қарай бөлінеді. Төрт мүсін Сұлусай 7 қорғанынан табылды.Үш –үштен мүсіні бар бес ескерткіш тіркелді, он бір қорғаннан екіден тас мүсіндер табылды және 28 конструкцияда – бірден тас мүсін болды. Қос және одан көп мүсінді конструкциялардан бір еркек мүсіні, бір немесе бірнешеуі әйел мүсіні шықты. Сондай –ақ бір ескерткіштен екі еркек мүсіні, үш конструкциядан екіден әйел мүсіні шықты. Қорғанның ортасына қойылған дара еркек мүсіні он ескерткіштен, ал 14 қорғаннан бір –бірден ғана мүсін табылды.
Қашқасу 1, Мүйізді қора 2(екі қорғаннан) қорғанынан диаметрі 6-дан 10-ға дейінгі, биіктігі 0.5-1.2 метрге дейінгі әйел мүсіні тік бұрышты құрылыс (өлшемі 1.5x1.8 және 2.3x2.7м) астына қойылған. Тас мүсіннің беті шығысқа қаратылған. Бастапқы күйінде сақталған мүсінді ескерткіштер жиі кездеспейді. Қашқасу 1, Мүйізді қора 2 ескерткіштерінде ғұрыптық ритуалдың реконструкциясын зерттеуге мүмкіншілік бар.
Шайсандық 1 обасы бастапқы қалпында сақталып, басқа типтегі ескерткіш болып табылады. Бұл да ортасына әйел мүсіні қойылған ескерткіш. Мүсін шығысқа қаратылған Шөлсай 3 және Сандық 2 қорғандарындағы әйелдер мүсіні шығыс жақта қойылған, ал қорған ортасында тонаушылар үңгігендей шұңқыр бар.
Мерке ғибадатханалары ескерткіштері дәстүріне ер мен әйел мүсіндерін қатар қою тән. Алайда ескерткіштер арасында қызықты жайт байқалады. Сүйіндік 1 және 2 қорғанында екі әйел мүсіні, ал Қоралассазы 2 ескерткішінде және Таяқсалды 1 ескерткішінде екі еркек мүсіні қатар қойылған.
Тұтас алғанда мүсіндер иконографиясында жалпы ұқсастық болмай қоймайды. Монументалді скульптураны барынша біріктіретін қарын тұсында жартылай бүгілген қолдағы ыдыс болып табылады. Ыдысы бар мүсіндер барлығы 39. Басқа мүсіндердің қолында ыдыс жоқ, бірақ дене бітімінің жоғарғы жағы бейнеленген.
Мүсіндерді
иконографиялық зерттеу, жеке портреттік
сипатты айшықтай түседі. Мүсіндегі
адамның жынысын, бас киімін және
қосымша аксессуарын
Ерлер баскиімі дөңгелек келеді, тақияны еске салады, бұл екі мүсіннен байқалады. Алты мүсінде мұрты да көрсетілген және тек жалғыз мүсінде ғана түрі сынаға ұқсас сақал көрсетілген.
Ғибадатхана ескерткіштерінің хронологиясын айқындау мақсатында жекелеген конструкцияларға археологиялық зерттеу жұмыстары жүргізілді. Көне түркілік типке екі ескерткіш жатқызылды. Арал төбе 1 ғұрыптық комплексі төртбұрышты қоршаудан түзілген. Әрбір қоршау ортасында диаметрі 0.2-0.3 метр, тереңдігі 0.2 метр болатындай шұңқыр бар. Батыс солтүстіктегі бөлікте, қоршауға жақын қорған асты конструкциялары салынған, олардың ортасындағы шұңқырлардан жануарлар сүйегі және жылқының ертұрманының үш металл бөлігі табылды. Солтүстік –батыстағы сыртқы жағындағы барлық қабырғалардың ортасына антиморфтық плиталар орнатылған. Типологиялық жағынан суреттеліп отырған конструкциялар түркі жұрты таралған аймақтағы барлық жерден табылып, зерттелген, тарихи әдебиетте көне түркі ғұрыптық қоршауы деп аталатындармен сәйкес келеді. Аралтөбе1 қоршауының ерекше өзгешелігі тізбелердің оңтүстік -шығыстан солтүстік –батысқа қарай созылып, антропоморфтық плиталардың солтүстік -батыс жақта орналасуында және балбалдардың, яғни тас бағаналардың жоқтығында.
Тас мүсінді ас беру ескерткіштері және антропоморфтық плиталар солтүстік батыс жақтан бастап қойылады немесе батыс жақта орнатылады, балбалдар тізбегі жоқ.
Арал
төбе түркі ғұрыптық комплексі Қырғызстандағы
көне түркі ғұрыптық конструкциясына
топология жағынан ұқсас
Басқа да олжаларды зерттей келе зерттеушілер мынадай қорытынды жасайды: «бұл құралдар бірінші түрік қағанаты мезгілімен сәйкес. Бұған ұқсас бұйымдар Саян –Алтай, Тянь –Шаньнан да табылды, оның таралуы бұл екі аудан VI-VII біртұтас көне түркі бірлестігіне қараған тұста таралса керек».
Бірнеше көне түркі қоршауларынан біз Көржайлау 7 моласынан, Мерке өзенінің оңтүстік жағалауында кездестіріп, зерттеу жүргізілді. 3 қоршау және қорған зерттелілді. Қорғанда мәйіттің өртелініп барып қойылғаны және басы батысқа қаратылып жерленгені анықталды. Жерленген мәйіт басынан жапсырмалы, дөңгелек түпті ыдыс табылды, оның ішінен қой сүйегі, қадалған пышақ шықты.
Қоршау бір конструкциясымен де, сондай-ақ ғұрыптық мазмұнымен де қызық. Қоршау жақтауының өлшемі 2 метрден сәл көбірек алады. Конус тәрізді жанама құрылыс негізгі конструкцияға оңтүстік-шығыс жағынан қабысқан жанама құрылысты құрайтын тастар жалпағынан қойылған, ал қоршау қабырғаларындағы тастар тігінен қойылған. Көлденеңінен, сыртқы жағынан және қоршаудың ішкі тұсы түгел өзеннің ұсақ жұмыр тастарымен қапталған. Жанама құрылыста тігінен жатқызылған тастармен тығыз қоршалған еркек тас мүсіні орнатылған. Тас мүсіндер көне түріктік типке жатады. Сол қолында қару және ыдыс бар. Мүсіннің беті барынша өңделген, киімінің жағалары да көрсетілген.
Көржайлау қабірі қоршауларының VI-VII, VIII-IX ғ.ғ. көне түрік дәуірінің ғұрыптық конструкциалары мен типологиялық жағынан ұқсастығы болғанымен, ескерткіш хронологиясы мүсінінің иконографиясымен анықталған. Иіліп келген жүзі бар қылыш, тас мүсіннің сол қолындағы, ескерткіштің хронологиясын айқындауға себеп болып, оның жасалу уақытын IX-XII ғ.ғ. дәуірге жатқызуға мүмкіндік берді.
Көржайлау 7 қабіріндегі екі өзге қоршау қабырғасына тас плита қойылып, өрілуімен ерекшеленеді. Шығыс жағынан әр бір қоршауға тас плиталардан жанама құрылыс салынған. Конструкция өлшемі: 1.5x1.6 м, жанама құрылыс жанының өлшемі 0,5x0,5 метр. Әр бір қоршау ішінде диаметрі 0.3 м, тереңдігі 0.2 метрге дейінгі шұңқыр бар, ол шоқ алтын түстес ағаш қиқымдарымен, ұсақ мал сүйектерімен толтырылған.
Тас мүсіні
бар қорғандар типінің
Белсаз 1 қабірі үш қорғаннан тұрады, тас үйінділер диаметрі 5 метр және 8.7 метр, биіктігі 0.4 метрден 1.3 метрге дейін қорған ортасына диаметрі 8.7 метрлік граниттен жасалған ер адам мүсіні қойылған. Үйіндіні тазартқан кезде қорған конструкциясы асты тікбұрышта, өлшемі 7.5x7.4 м екендігі анықталды. Мүсіннің өлшемі: 1.1м x 36 см x 28см. Барельеф техникасымен әзірленген. Мүсіннің басы, денесі, қарын тұсына ұстаған жалпақ түбі бар, кубок формалы ыдысы аса өңделген. Сондай-ақ мүсіннің бет-әлпеті және ұзын қыр мұрыны да барынша өңделген. Мүсін ғибадатханадағы ескерткіштерге ұқсайды және иконографиясы бойынша Мерке өзенінің биік жағындағы өзге мүсіндерден айнымайды.
Қазба барысында қорған астынан тік бұрышты 2.8x1.8 м, тереңдігі 0.5 метрлік солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай бағытталған конструкция шықты. Шұңқыр түбінде күл-қоқыстар бар екен. Қосымша заттар табылмады.
Белсаз 2 моласы диаметрі 3 метрден 20 метрге дейінгі, биіктігі 0.3 метрден 1.5 метрге дейінгі тас үйінділі қорғандардан тұрады. Қорғанның ортасында орналасқан тік бұрышты жанама құрылыстың өлшемі 2x1.5 метр болып және бағыты оңтүстік-шығыс жақтан солтүстік-батысқа қарай бағытталған. Онда екі тас мүсін, бірі –ер, бірі –әйелдікі орналасыпты. Мүсін граниттен, барельеф техникасымен барлық бейнелеу өнері тәртібін сақтай отырып сақталған. Мерке ғибадатханасы ескерткіштеріндегі тәртіп қатал сақталынған. Екі мүсіні де қолы бел тұсына бүгіліп ыдыс ұстаған. Әйел мүсіні барынша ыждахатпен өңделген: бөрік ұшы тік болып келеді, бет-әлпеті айқын, кеудесінде сәндік әшекейлері бар.
Шольсай 3 қорғанының диаметрі 10 метр, биіктігі 0.8 м, екі тас мүсіннің ортасында орналасқан тас үйінді болып табылады. Мүсін граниттен, барельеф техникасы бойынша орындалған. Қазба жұмысына дейін үйінді үстінен мүсіннің тек қана басы көрініп тұрды. Мүсіндер бір-біріне жартылай қаратылып, ер кісі мүсінінің жүзі оңтүстік –шығысқа, ал әйел мүсінінің жүзі солтүстік батысқа қаратылып қойылған. Солтүстік - батыс бұрыштан шұңқыр түбінде күміс түсті киіз бе, тері ме оралған түйіншек шықты. Мүсіндердің түр-түсі бойынша айырмашылығы бар. Әйел мүсіні қара түсті қиыршықты граниттен, ал ер адамдікі тегіс қызыл түсті граниттен жасалған. Мүсіндердегі қызыл мен қара түс көшпелілердің космогондық көзқарасындағы дуализмнің белгісі.
Орталық Азиядағы көшпелілердің көне және орта ғасырлық өнерінің белгілері, тамаша ғалым, XX 60-жылдары Жетісудың Қырғызстан мен Қазақстан мұражайларындағы тас мүсіндер коллекциясын талдауға өз еңбектері мен зерттеулерін арнаған Я.А.Шер, қос қолдап ұстаған ыдыстары бар мүсіндердің генезисі барынша ерте заманнан бастау алатынын алға тартады. Автор көне түрік мүсіндер типі мен Қыпшақ половец типтік мүсіндердің мезгілдік үйлесімділігінің мүмкіндігін көрсетеді.
Түркілердің монументтік өнеріндегі әйелдер бейнесі
Зерттеушілер тас мүсіндерде батыр бабалар кейіпіндегі еркектің бейнесі бедерленген деп көрсетіледі. Евразияның далалы аймағында ағылшында Қазақстандық бөлікте, кейіндері оңтүстік орыс далаларында таралған половецтердің монументтік скульптурасындағы әйел бейнесінің тастағы бейнесі түркілердің батыс қанаты мәдениетінің, ал тұтас алғанда бірыңғай орталық –Азиялық аралдағы орта ғасырлық түркілер мәдениетінің ерекшелігін байқатады. Бұл батыс түркілеріне тән мемориалдық ескерткіштердің ерекшелігін, қолында ұстаған құсы бар басқа типтегі тас мүсіндерді Я.А.Шер баса көрсетті.
Жазба деректерде, сонымен бірге археологиялық мәліметтерді, Күлтегін мемориялдық комплексінде қаған мүсінімен қатар оның әйелінің мүсіні тұрғандығы айтылады. Семей облысындағы таңсық ауылына жақын орналасқан Қозы Көрпеш – Баян сұлуға арналған ескерткіш ғимараты ішіндегі төрт тас мүсінінің үшеуінде әйел бейнеленгендігін А.Левшин сипаттап жазған болатын.
IX-XI ғ.ғ. негізі қаланған бұл культтік табыну орнына қазақтар XIX ғ. да тәу ететін.
С.А.Плетневаның айтуынша «Тас мүсіндер құдіретіне сену күні бүгінге дейін сақталған.»
Низамидің суреттеуінше, Түркілерде әйел құдай болған. Оның құрметіне қойылған тас идолдар тұрғызылды және кейіндері оған табынған. Оңтүстік орыс даласында тас мүсіндердің көбінің әйелдердікі болуы әйел құдайға сенушіліктен шыққан деп көрсетіледі.
Половец әйелдері мүсіні иконографиясына талдау жасаған С.Плетнева былай деп жазады: «Әдейі айшықталып көрсетілген әйелдік белгілер ру мен отбасысының қамқоршысы, қорғаушысы мағынасындай ұғым берген деп топшалауға жетелейді.
Семей, Өскемен, Жамбыл облыстық тарихи өлкетану мұражайларында екі қолымен ыдыс ұстаған әйел мүсіндері сақтаулы. Мұражайлар коллекциясында қолына құс ұстаған әйел мүсіндері де бар.
Алыс Жайсаң деген жерде өте қызық үйлесім байқалады: қорғандық ғимараттан табылған екі тас мүсінде сол қолға құс, ал оң қолға ыдыс ұстағалғаны төрттас мүсін бейнеленген.
Соңғы уақытта
Қазақстан территориясында
Меркедегі ғибадатханалар картасындағы 64 тас мүсіндерінің 31 әйелдерді бейнеледі. Сандық 2 қорғанындағы әйелдің құрметі жаста екендігі аңғарылды, кимешек тәрізді бас киім болып тұр. Таста адамдар бейнесіне тән белгі- бұрыны тік және танаусыз көрсетілуі. Орта ғасырлық тас өңдеу өнеріне сай басты назар торс, басқа аударылып, мойынынан терең ойық арқылы бөлініп көрсетіледі. Қас созыңқы, тіке сызықпен берілсе, көз бен ерін сопақша етіп беріледі.
Әйелдің әлеуметтік жағдайы оның әшекейлері арқылы көрсетіледі. Бір тас мүсінінде екі қатар әшекей суреті түскен және беті, бас киімі, құлағы мен кеудесі аса өңделе берілген. Барлық мүсіндегі бас киім әйелдің жасын және әлеуметтік статусын көрсетеді. Түркі әйелдері гардеробындағы аксессуарлар:сәукелеге ұқсас шошақ бөрікті бас киім, кимешек, тақия және чалма типтес бас киімдер кездеседі. Сәукеле – келіннің тойда киетін бас киімі және жас келіншектің де мерекелік бас киімі. Оның үстіне кимешек мен чалманың кең таралуы және «түркі тілді халықтардың бетін жасырмай жүретін әйелдері» киеді. Этнографиялық байқаулар бұл баскиімдердің өте ертеден келе жатқандығын байқатады. Мерке ғибадатханасы мүсіндерінде бас киімдердің барлық типі кездеседі. Әйелдің әлеуметтік статусын көрсететін тағы бір белгілер – кеудеге тағатын әшекейлер, олар мүсіндерде бір кейде екі қатар болып берілген. Қағанмен қатар ел билеуші әйелдің атрибуты –шошақ келген бас киім және әшекей болды.
Сандық 3қорғанынан табылған баскиімдегі сақина тәріздес салпылдақтар өте жиі кездеседі. Дөңгелек формалы салпыдақтар Саркел-Белая Вежа қабірінен табылды.
Қабірлердегі
ғұрыптық атрибуттар, мүмкін, арасында
өмір сыйлаушы әйел бейнесі бар түркі
құдайлары пантеонындағы
Түрік халықтарының жазбаша ескерткіші
Көне түрік өркениетінің ұлы жетістіктерінің бірі - өз жазуын жасауы еді. VI-VII-ғасырларда Түрік қағанатының құрамына кірген Орта Азиялық және Қазақстанның тайпалары, сондай-ақ, Төменгі Еділ бойы, Дон өлкесінің, Солтүстік Кавказда Хазар мемлекетін құрған батыс түрік тайпаларының өз жазулары әлдеқашан пайдалануда болатын. Түріктер әріп-белгілерді шағын ағаш тақтайшаларға салатын. Елшілер арнайы грамоталармен қамтамасыз етілді. Мәселен, 598-жылы Константинопольдегі император Юстинге келген түрік елшісі қағанның «скиф жазуымен жазылған» сәлемін жеткізген.
VII-ғасырдың
I-жартысында түріктер
Түрік қағанаты
тарихының алғашқы кезеңінде, кеш
дегенде VII ғасырдың бірінші жартысында,
ертедегі түрік таңбаларына (рулық
нышандарына) ұқсас бірнеше белгілермен
толықтырылған соғды жазуы

- VI пара ЧМН – отводящий нерв
- VI ст. до н.е. - III ст. н.е
- Vlad Tepes Cracula Essay Research Paper Just
- Vlad Tepes Essay Research Paper The Real
- V. Novgorod – the native land of Russia
- Vocabulary Definitions Essay Research Paper Spallino MarcEnglish
- VOICE OF DEMOCRACY Essay Research Paper VOICE
- Visual Art Essay Research Paper VISUAL ARTS
- Visual Basic
- Vita Activa Action And Arendt Essay Research
- Vital Speechs Essay Research Paper The date
- Vitamin C Essay Research Paper Over the
- Vitrue Ethics Essay Research Paper In an
- Viva barselona