XIXғасырдағы Қазақстан мәдениеті

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті

Қазақстан тарихы және саяси-әлеуметтік пәндер кафедрасы

 

 

 

 

 

 

СӨЖ

Тақырыбы: «XIXғасырдағы Қазақстан мәдениеті».

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                      Орындаған: Кавланов Ш. А.

Тексерген: Абдрахманова К. Ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қарағанды 2010ж

 

Жоспар:

Кіріспе

  • XIX ғасырдың бірінші жартысындағы халық ағарту ісі.

Негізгі бөлім

  • XIX ғасырдың бірінші жартысындағы орыс ғалымдары мен жазушыларының Қазақстанды зерттеуі.
  • Қазақ әдебиеті мен мәдениеті.
  • XIX ғасырдың екінші жартысындағы орыс демакратиялық мәдениетінің қазақ зиялыларына әсері.
  • Өнер және музыка мәдениеті.

Қорытынды

Пайдаланылған  әдебиеттер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

XIX ғасырдың бірінші жартысындағы  халық ағарту ісі.

Қазақ жерінің Ресей құрамына қосылуының мәдениет саласындағы жағымды жақтары:

- Ағарту саласы кеңейеді.

-Жергілікті халықтың  дәстүрі мен мәдениеті жаңа  сипат алды.

    Өлкедегі жаңа  оқу жүйесінің дамуы Омбы, Орынбор,  Семей, Оралда орысша білім  беретін мектептердің ашылуынан көрініс тапты.

  • 1789 жыл –Азиялық училище ашылып, монғол, маньчжур, қытай, парсы т.б. тілдерді оқытты.
  • 1813 жыл – Орынборда әскери училище ашылып, ресейлік әкімшілік үшін чиновниктер дайындады.
  • 1837 жыл – Орынбор әскери училищесі Сібір кадет корпусы болып қайта құрылды.
  • 1844 жыл – осы училище Неплюев кадет корпусы болып қайта құрылды.
  • 1831 жыл – 18 қыркүйек –Семейде алғашқы орысша оқытатын училище ашылды.
  • 1836 жыл - Өскеменде интернаты бар училище ашылды.
  • 1841 жыл – Бөкей Ордасында Жәңгір ханның ұйымдастырылуымен татар, орыс тілінде оқытатын мектеп ашылды.
  • 1850 жыл – Орынбор шекаралық комиссиясының жанынан орыс мектебі ашылды.

Ағарту ісінің дамуындағы кемшіліктер:

-Мұғалімдердің жетіспеушілігі.

-Мектеп үйлерінің талапқа сай келмеуі.

-Қаражаттың жетіспеуі.

 

 

 

Орыс  ғалымдары мен жазушыларының  Қазақстанды зерттеуі.

  • Қазақ өлкесін кешенді зерттеудің алғашқы бастамасы М.В.Ломоносовтың есімімен байтанысты:

-Өлкенің географиялық  картасын жасауды ұйымдастырды.

-Қазақ тарихы, лингвистика,  экономика, этнография бойынша   ғылыми ізденістер жүргізілуіне жағдай жасады.

  • 1769 жыл – П.С.Паллас өлкеге жасалған алғашқы ғылыми экспедицияның бірін басқарып, «Ресей империясының әр түрлі шет аймақтары блйынша саяхат» еңбегін жазды.
  • 1769-1772 жылдар – Н.Рычков өлкеде мәліметтер жинастырып, «Капитан Рычковтың 1771ж. Қырғыз- қайсақ даласына саяхатының күнделік жазбалары» еңбегін жазды.(1772ж).
  • 1833-1841 жылдар – В.И. Даль Орынбор өлкесіндегі түркі тілдес халықтардың жазбаларын, ауыз әдебиетінің үлгілерін жинастырды. 1839-1840 жылдары Хиуа жорығына қатысып, 1836-1838жылдардағы шаруалар көтерілісінің басшылары И.Тайманұлы мен М.Өтемісұлына қолдау білдірді. «Бөкей мен Мәулен» повесінде Орынбор өлкесіндегі қазақтардың тұрмысын сипаттады
  • 1833 жыл – А.С.Пушкин Орынборда болып, 1773-1775жылдардағы Е.И.Пугачев көтерілісі туралы мәлімет жинақтады. «Пугчев бүлігінің тарихы», «Капитан қызы» щығармалары орыс демакратиялық өкілдерінің қазақ халқының тарихына көңіл аударуын күшейтті. А.С.Пушкин Оралда «Қозы Көрпеш - Баян Сүлу» поэмасын қағазға түсірді.
  • 1848-1849 жылдары – Г.С.Карелин Каспий теңізіне,                А. Бутаков Арал теңізіне экспедиция жасады:

-Сырдария өзенінің жағалауларын суретке түсірді.

-Арал теңізі мен   Сырдарияның тереңдігін анықтап,  картада белгіледі.

     Саяхатшылар  Е.П.Ковалевский, Н.А.Северцев, П.И.Небольсин, қазақ жерін типографиялық картаға түсіріп,  табиғи байлықтарын зерттеді. Ғалымдар А.Левшин, Э.Мейер, И.Завалишин қазақ халқының тарихына арнап еңбектер жазды.

  • XIX  ғ.  1  жартысында қазақ тарихы туралы көлемді еңбек жазған орыс тарыхшысы- А.Левшин (1799-1879)

    Орыс ғалымдарының Қазақ өлкесін зерттеу жұмысының негізгі қорытындысы А.Левшиннің «Қырғыз - Қайсақтық ордалар мен далаларды суреттеу» атты еңбегі.

 

 

 

Қазақ әдебиеті мен мәдениеті

 

XIX ғасырдың бірінші  жартысында қазақ әдебиетінде екі идеялық ағым қалыптасты:

-Еңбекші бұқара мүддесін білдірушілер.

-Ақсүйектердің мүддесін білдірушілер.

Махамбет Өтемісұлы (1804-1846 ж.ж.) –Батыс Қазақстан обылысының Орал ауданында туды. 20жасында Жәңгір ханның ұлы Зұлқарнайынға тәрбиеші болып, 1824-1829 жылдары Орынборда тұрды. 1829 жылы шаруалар толқуына қатысқаны үшін Махамбет Калмыков түрмесінде отырды.

Ақын өз шығармаларында үстем таптың озбырлығын айыптады. Махамбеттің өлеңдері1836-1838 жылдардағы Бөкей Ордасындағы шаруалар көтерілісінің себептерін, мақсаттарын айқындайды. 1846 жылы 20 қазанда Баймағамбет сұлтанның жендеттерінен қаза тапты.

Шернияз Жарылғасұлы(1807-1867ж.ж.)-Ақтөбе облысы, Ойыл ауданында туды. 1836-1838 жылдардағы Кіші Жайықтағы көтеріліске қатысты. Шернияздың әдебиет саласына қосқан жаңалығы - суырып салма өнерді жетілдіруі.

Шөже Қаржаубайұлы(1808-1895ж.ж)-Көкшетау облысының Қызылту ауданында туып, өскен. Жастай екі көзінен айырылып, ақындық өнері күн көрудің негізі болды. Шөже - ірі эпик ақын, «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» жырының ең көркем нұсқасы оның айтуымен тараған. Ш.Уалиханов Шөженің суырып салма өнерін жоғары бағалады.

  • Тілеуке Құлекеұлы (1748-1819ж.)Шал ақын- Көкшетау өңірінде туған. Әкесі Құлеке –Абылай ханның батырларының бірі, анасы-Төле бидің туған қызы. Шал ақынның жыр- дастанында қазақтың шығу тегіне қатысты тарихи аңыздар түгелдей қамтылған.
  • Нысанбай Жаманқұлұлы(1812-1871ж.ж.) Кенесары көтерілісіне қатысқан, «Наурызбай Қаншайым» дастанында соғыс жорықтарын жазған.
  • Дулат Бабатайұлы(1802-1874ж.ж.)-ақын. Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданында туып- өскен. «Бейшара менің қазағым», «О, Сарарқа, Сарарқа», Ақжайлау мен Сандықтас» өлеңдерінен халықтың ауыр жағдайына күйінішті көрінеді. Ақын бұрынғы хан билігіне қайтып оралуды армандайды. Халық мүддесі және ел тәуелсіздігі жолында күрескен Еспембет биді дәріптейді. 1880 ж. жарық көрген «Өсиет- нама» дастанына патша үкіметі тыйым салды.
  • Мұрат Мөңкеұлы (1803-1906ж.ж.) шығармашылығы негізінен Батыс Қазақстанда болған оқиғалармен тығыз байланысты. Ол халықтың өз тәуелсіздігі үшән күресінің жаршысына, ұраншысына айналды. «Үш қиян» өлеңінде патша үкіметінің отарлау жағдайындағы қазақтардың күйінішті өмірін суреттеген. «Қазтуған», «Шалгез» өлеңдері өткегн заманның жырауларының дәстүрін жаңа заман талаптарына сәйкес одан әрі дамытуға жол салған эпикалық үлгілер.
  • XIX ғ.1 жартысында халық әншілері мен сазгерлері арасында ерекше көзге түскені-Сегіз Сері.
  • 1809 ж. қарсыластары өлтірген Кіші жүздің ханы Жантөре атақты «Шалқыма» күйін шығарған.
  • XIX ғ. 1жартысында өмір сүрген Әбіл ақын «Қырық ноғайлық батырлар» атты үлкен эпикалық үлгіні сақтап, кейінгі ұрпаққа қалдырды.
  • XIX ғ. Аса үздік сазгер, сыбызғышы - Сармалай(1835-1885ж.ж.ж.) шын есімі Садық. «Қоңыр қаз» күйінде қаздың қайғылы қаңқылынан Қыз Жібек Төлегеннің қазаға ұшырағанын біледі. Сармалай - эпос, аңыз - ертегілердің желісі бойынша тамаша күйлер шығарды. («Нар идірген», «Қоңыр бұқа»). 

Қазақ халқының XVIII-XIX ғ.ғ. музыкалық өмірін зерттеуде орыс ғалымдары мен саяхатшыларының  сіңірген еңбектері маңызды. С.Г. Рыбаков 100-ден астам қазақ әндерін жинады. Этнограф А.А. Ивановский «Қырғыздың халық ақыны Ноғайбай» деген мақаласында қазақтың сазгер әншілері щығармашылығының әлеуметтік мазмұны өткір болатындығын жазды.

 

 

 

XIX ғасырдың  екінші жартысындағы мәдениет.

Орыс демократиялық мәдениетінің қазақ зиялыларына  әсері.

 

  • П.П. Семенов Тян - Шанский (1827-1914ж.ж.) Алтайға, Жетісу мен Орта Азияға саяхат жасап, «Ресей. Отанның толық географиялық сипаттамасы» еңбегінің «Қырғыз өлкесі», «Түркістан өлкесі» деген бөлімдерін қазақ өлкесіне арнады.
  • Шығыс зерттеушісі, академик  В.В. Радлов(1837-1918ж.ж.) Іле алқабын, Жетісуды зерттеді, халық ауыз әдебиетінің үлгілерін жинақтады.
  • М. Красовский «Сібір қырғыздарының облысы» еңбегінде қазақ халқының шығу тегіне көңіл бөлді.
  • Зерттеуші Л. Мейер «Орынбор ведомствосының Қырғыз даласы» еңбегінде Кіші жүз тарихын статистикалық жағынан сипаттады.
  • А.Н. Добромыслов Қазақ жерлерінің Ресей құрамына қосылу дәуірін толық зерттей келе, «Торғай облысы. Тарихи очерк» еңбегін жазды.
  • Украин ақыны Т.Г. Шевченко 1847-1857 жылдары Қазақ өлкесінде айдауда болып, щығармаларын қазақ тақырыбына арнады: «Қазақ шаңырағы», «Атқа мінген қазақ», Байғұстар» суреттері және «менің ойларым» өлеңі.
  • XIX ғ. аяғында В.Вельмянов- Зернов «XV-XVI ғ.ғ. Қазақ хандығы және XVIII ғасыр ортасындағы Кіші жүз тарихы» еңбегін жазды.

       Қазақ  тарихын зерттеуді ғылыми жолға  қоюда 1845 жылы ашылған орыс  географиялық қоғамының Орынбордағы,  Омбыдағы, Семейдегі бөлімдері үлкен  орын алды. XIX ғасырда қазақ баспасөзінің  қызметі басталды: 1870 жылы  28 наурызда «Туркістан уәлаяты» газеті шықты.

      Қазақ  зиялылары:

Шоқан Уалиханов - географ, саяхатшы, ойшыл, тарихшы, этнограф, суретші.

   Шоқан (Мұхаммед Қанапия) -1835жылы қарашада Құсмұрын бекінісінде туып, Сырымбетте өсті. Әкесі Шыңғыс -Абылай ханның немересі. Оның жетіліп, сана -сезімінің ерте оянуына әжесі Айғаным әсер етті. 1847  жылы күзде 12 жасында Омбыдағы Сібір кадет корпусына оқуға түсіп, 1853 жылы  18 жасында бітіріп, корнет деген офицерлік атақ алды. Кадет корпусында Г.Н. Потанинмен танысып, дос болады. Шоқанның орыс ғалымы И.Н. Березинмен, ұстазы Н.Ф. Костылецкимен байланыста болуы, оның ғылыми бағытын дұрыс анықтауына себеп болды. Ол Пушкин мен Лермонтовтың және Батыс Еуропа жазушыларының шығармаларымен таныс болды.

Шоқан ғылымға бейімделіп, шығармашылық еңбек жолын бастады:

  • 1855 жыл – генерал Гасфорт сапарына қатысып, Жетісу, Тарбағатай, Орталық Қазақстан, Іле Алатауында болып, аңыз -өлеңдерді жинады.
  • 1856 жыл – Ыстықкөлде топографиялық суретке түсіріп, Семенов Тян Шанскиймен Құлжаға барды.
  • 1857 жыл – Алатау қырғыздарына барып, қырғыз эпосы «Манасты» жазып алды. 22 жасында Орыс геграфиялық қоғамына толық мүше болып қабылданды.
  • 1858-1859 жылдар өзін әлемге әйгілі еткен Қашғар саяхатына барды: (Марко Поло мен Иезуит Гоестен кейін бұл елге тұңғыш барған).
  • Осы сапары туралы «1858-1859» жылдардағы алты шаһар немесе Қытай провинциясының шығысындағы алты қала жағдайы» еңбегін жазып, 1865 жылы бұл еңбек ағылшын тіліне аударылды.
  • 1859-1861 жылдар  - Петербургте болып, орыс мәдениетінің алдыңғы қатарлы өкілдерімен араласты. Орыс жазушысы Ф.М.Достоевскиймен алғаш 1854 жылы Омбыда танысып, Семейде, Петербургте қайта кездеседі.1861 жылдан кейінгі кезеңдері бұрынғы бағытынан өзгере бастаған Ф.М.Достоевскийдің көзқарасына Шоқан сын көзбен қарай бастады.
  • 1860 жыл - Петербургте ержүрек жиһанкез және Орта Азия халықтарыөмірін өзгертуші ретінде құрметтеліп, орденмен марапатталды.
  • 1861 жыл – ауруға шалдығып, ауылына қайтады.

Омбыда қазақтың сот  реформасындағы мәселелермен айналысып, «Даладағы мұсылмандық туралы», «Кқшпелі қырғыздар туралы», «Сот реформасы  туралы» еңбектерін жазды.

1862 жыл-Атбасар округінің  аға сұлтаны болуға кандидатурасын  ұсынып, сайлауға қатысады. Бірақ  қабылданбайды.

      • 1864 жыл – Шоқан генерал Черняевтің әскери экспедициясы құрамында Әулиеата бекінісін алуға қатысады.

Генералдың әділетсіз істеріне наразы болып, 1864 жылдың  маусымында Верныйға қайтады.

      • 1865 жыл – «Қытайдағы дүнгендер көтерілісі» деген ақырғы еңбегі жарияланды.

1865жылы сәуірде Алтынемел  жотасы етегіндегі Көшен тоғаны  деген жерде сұлтан Тезектің  ауылында қайтыс болды.

Ыбырай  Алтынсаринұлы (1841-1889ж.ж.)-ағартушы –педагог, қоғам қайраткері, ғалым этнограф, жазушы.

1844 жылы әкесі қайтыс  болып, атасы Балғожа биден тәрбие алған.

  • 1857 жыл – Орынбор шекаралық комиссиясы жанындағы мектепті (1850ж. Түскен) алтын медальмен бітірді.

     Орынбор  шекаралық комиссиясының төрағасы, шығыстану ғылымының өкілі В.В.  Григорьевпен жақын танысып, кітапханасын  пайдаланды.

  • 1857 жыл – атасы Балғожа бидің хатшы -тілмашы болды.
  • 1864 жылғы 8 қаңтар-Ыбырайдың басшылығымен Торғайда қазақ балаларына арналған мектеп ашылды.

Жаңа мектеп ашуға  қаржы жинауда, мұғалімдермен қамтамасыз етуде Ыбырайдың педагогикалық  көзқарастары қалыптасты. 1867-1868 жылдардағы реформалардағы отаршылдық өзгерістерді алғашқыда пайдалы іс деп қарап, кейі патша үкіметінің отаршылдық аграрлық саясатын әшкереледі.

  • 1879 жыл – Торғай облысындағы мектептердің инспекторлығына қызметке тағайындалды.

     Ыбырайдың терең із қалдырған жарқын істерінің бірі-қолөнершілік, ауылшаруашылық мектептерді ұйымдастыруы. Ол өсиетінде өзіне қарасты жерді Торғайдағы ауыл шаруашылық мектептің қарамағына қалдырған. Ыбырай қазақ өлкесінде қыздарға білім берудің негізін салушы:

  • 1887 жыл – Ырғызда қыздарға арналған мектеп -интернат ұйымдастырды.
  • 1890-1896 жылдар – орыс -қазақ қыздар училищелері Торғайда, Қостанайда, Ақтөбеде ашылып, барлығы  211 қыз, соның 70-і  қазақ қызы оқыған.

       Ыбырай  педагог-ғалымдар Ушинскийдің, Тихомировтың, Бунаковтың, Фармаковскийдің және ұлы жазушы Л.Н. Толстойдың педагогикалық мұрасын пайдаланып, екі оқу құралын жазды:

    1. «Қырғыз хрестоматиясы»(1879ж).
    2. «Қырғыздардыорыс тіліне үйретуге негізгі басшылық».

Орыс алфавитінде құрастырылған  оқу құралы араб графикасын ығыстырды.

Миссионерлік қозғалыстың  рухтандырушысы Н.И.Ильминскиймен тығыз  байланыста болуы осылайша оқулық  жазуында әсер етті.

 

Өнер  және музыка мәдениеті

Прогресшіл бағыттағы  орыс суретшілері қазақ халқының тұрмысы мен табиғатын бейнелеуде зор үлес қосты.

    В.Верещагиннің «Лепсі алқабын қоршаған таулар» картинасы қазақ жерінің сұлулығын көрсетеді.

    • Н.Хлудовтың өнері негізінен Қазақ тақырыбына арналған. «Мал айдау», «Отынға бару» шығармаларында қазақ елі аса сүйіспеншілікпен бейнеленген.

Жергілікті шеберлер мен зергерлер дайындаған бұйымдар Петропавлдағы, Көкшетаудағы, Нижний Новгородтағы көрмелерде көрсетілді.

    • 1868 жыл – Париждегі дүниежүзілік көрмеде қазақ зергерлік бұйымдары мен ұлттық киімдері қойылды. 1872 жыл – Мәскеу көрмесінде қазақ музыка аспаптары көрсетілді.
    • XIX ғасырдың екінші жартысы халық сазгерлері мен классикалық сипатта қалыптаса бастаған музыка өнерінің негізі қаланған кез.

Құрманғазы  Сағырбайұлы (1818-1889ж.ж.)- күйші, сазгер, аспапты музыканың классигі. Туған жері- Бөкей ордасының Жиделі деген жері. Алғашқы ұстазы -Ханбазар, алғашқы күйшісі- Ұзақ. Құрманғазының бүкіл өмірі мен шығармашылығы әлеуметтік әділетсіздік пен озбырлыққа қарсы күрес жолында өтті. Алғашқы күйлерінің бірі  «Кішкентай» Исатайға арналды.

     Үстем тап өкілдерінің жаласымен Орал, Орынбор абақтысында отырып, Иркутск түрмесінде қамалды. 1880 жылдардың аяғында күйші Астрахань маңындағы Сахмаға қоныс аударды. Құрманғазының 60-тан астам күйлері сақталған. Шәкірттері Дина, Ерғали Есенжанұлы, Меңдіғали Сүлейменұлы, Сүгірәлі, Көкбала, Шора т.б.

    Тәттімбет Қазанғапұлы (1815-1862ж.ж.)-шертпе күйдің негізін қалаушылардың бірі. 40-тан астам күй шығарғанлирик сазгер. «Саржайлау», «Былқылдақ», «Балбырауын», «Сал қоңыр», «Алшағыр» күйлерінде негізінен өмір тартысы, сүлулыққа құштарлық байқалады. «Бестөре» күйінде әлеуметтік теңсіздікке қарсы әуен көрсетіп, күміс медальға ие болды.

 

Дәулеткерей Шығайұлы (1815-1862ж.ж.)- күйші, сазгер, домбыра өнеріндегі лирикалық бағыттың негізін салушы. Күйші көзқарасын қалыптастыруда 1836-1838 жылғы көтеріліс әсері мол. Дәулеткерей Бөкей ордасын басқару жөніндегі Уақытша  Кеңестің төрағасы Г.В.Ващенконың көмегімен сұлтан болып сайланды. Сазгердің орыс зиялыларына жақын болуы, Орынбор, Мәскеу, Петербургке барып, мәдени мұралармен танысуы оның талантын ұштай түсті. Орыс музыкасының әскери марш әскерімен шығарған күйлері: «Ващенко», «Қос ішек», «Топан», «Қоңыр». Тұрмыстық саланы бейнелейтін күйлері: «Желдірме», «Қосалқа», «Ақбала қыз», «Тартыс», «Ысқырма», «Құдаша», «Жігер» т.б.

   Сазгердің 40-қа жуық күйлері сақталған. Төре күйлерінің атасы атанған.

    Біржан Қожағұлұлы (1834-1897ж.ж.) –сазге , әінші, ақын. 20 жастан ән шығара бастаған. 1865 жылы Абаймен кездесуі оның сазгерлік, әншілік, ақындық өнерінің дамуына әсер етті. Біржан патриархалдық-феодалдық қоғамның озбырлығына қарсы тұрды (Жанбота өлеңі). Біржанның Сарамен айтысы оның суырып салма ақындық талантын елге танытты.

    40-қа жуық әндері бізге жетті. Шоқтығы биік туындылары -     «Ғашығым», «Біржан сал», «Айтбай». Біржан мектебінен тәлім алған дарындылар  - Ақан сері, Үкілі Ыбырай, Балуан Шолақ.

   Жаяу Мұса Байжанұлы (1835-1929ж.ж.)- сазгер, әнші. 1851 жылы Петропавлда орысша оқып, гармоньда, скрипкада ойнауды үйренді. «Кел балалар, оқылық» өлеңіне ән шығарды. Шоқанмен бірге жүріп, Абайға өлең арнады. 1852  жылы Омбыға келіп, 1854 жылы орыс мектебіне түседі. Желтоқсаншылар мен петрашевшілер тарихы оның әлеуметтік  көзқарасының қалыптасуына әсер етеді. 1856 жылы ауылына қайтып, дауларға араласады. Баянауыл дуанының аға сұлтаны Мұса мен інісі Мұстафа Шорманұлдары Байжанның балалары өздерімен аттас болмасын деп, Мұсаны -«Жаяу», інісі Мұстафаны -«Жалаң аяқ» атандырды. 1860 жылы өз еркімен  әскерге алынды. Генерал М.Г.Черняев тобының құрамында Шымкент, Әулиеата жорықтарына қатысты.

Өзін қуғынға ұшыратқандарға шағымданып, қолдау таба алмай, жиһан  кезіп кетеді: Польша, Латвиядаболып, Қазанда тұрақтайды.

      Жаяу  Мұса  ақын публицист.

     Өзі шығарған 70-ке жуық әннің сөздерін өзі  жазған: «Ақсиса», «Хаулау», «Шорманұлына»,  «Толғау», «Баянауыл», «Сұршақыз» т.б.

     Ақан сері (Ақжігіт) Қорамсаұлы (1843-1913ж.ж.)-сазгер, күйші. 16-17 жасынан өнер жолына түскен. Оның шығармашылық қалыптасуына негіз болған қазақтың халық музыкасы және орыс шаруалары, қала тұрғындарының әндері. Ақан сері 1905-1907 жылдардағы Ресей ревалюциясының лебімен сықақ өлеңдер шығарды: «Шоғырмаққа», «Сұрағанға», «Смағұлға», Сазгердің «Маң маң кер», «Сырымбет», «Балқадиша» әндері халықтық музыка мәдениетінде ерекше орын алады. Ақан серінің жақын серіктері- Балуан Шолақ, Жаяу Мұса, Естай,. Ақынның 40-тан астам әндері бізге жетті.

  Ықылас Дүкенұлы (1843-1916ж.ж.)-күйші,  қобызшы, сазгер. Аса белгілі туындылары «Ықыластың күйі» мен «Қоңыр күй». Эпикалық аңыздарнегізінде шығарған күйлері «Қорқыт күйі», «Қамбар күйі», «Қазан күйі».

Патша шенеуниктері мен  байларды келекелеген  «Жарым патша», «Бес төре» күйлерін шығарған. Баласы Жүсіпбек оның «Қорқыт» күйін кеңінен  насихаттап, кейінгі ұрпаққа жеткізді.

   Мұхит Мералыұлы (1841-1918ж.ж.)-сазгер, әнші. Оның шығармашылығы лирикалық жанрдан тұрады. «Бала Ораз» әні ғашықтық туралы.

 

 

 

 

Халық ағарту ісінің дамуы

Қазақ өлкесінде халыққа  білім берудің басты бағыттары  1867-1868 жылдардағы уақытша Ережелерде анықталды. Ағарту ісінің дамуына қатысты  қазақтарға өз еріктерімен қаржы  жинауға құқық берілді. Орыс қазақ мектептерін көбейту қажеттілігінің себептері:

-Отаршылдық басқару жүйесіне тілмаштар даярлау.

-Шаруашылық және чиновниктік қызметкерлердің жетіспеуі.

      1861 жылы  Троицкіде, Орынбор бекінісінде,  Қазалыдағы №1 фортта орыс  қазақ мектептері ашылды. Қазаақ жастарын орыс мектептерінде оқытуда патша үкіметінің мақсаты тек сауат ашу емес, отаршылдық пиғылын іске асыру болды. 1867 жылғы Орынбор губернаторы Крыжановскийдің  «Ресейдің шығыс бөлігінде мұсылмандықпен күресу жөніндегі шаралар» исламдық мектептерге шек қоюға бағытталды.

    • 1870 жылғы 26 наурыз «Бұратана» халықтар арасында сауаттылықты ашу туралы арнайы ережеге сәйкес мешіттердің жанында ашылған мектептерде орыс тілін оқыту міндетті деп танылды.

Ірі медреселерде оқытылатын пәндер:

Фараиз - мүлікті мүраға қалдыру және бөлу туралы заң.

Хикмет - тарих, филасофия, жартылыстғылымдарының энциклопедиясы.

Наху - араб тілінің грамматикасы.

Акаид - догматика.

Монтық - логика.

Арифметика.

Орыс тілі.

Шыңжаңнан Жетісуға ұйғырлар мен дүнгедердің көптеп келуі «Түземдік» мектептердің көбірек ашылуына әсер етті. 1876 жылы Ташкентте сауат ашу мақсатында арнайы комиссия ұйымдастырылып, елдің оңтүстігінде бірқатар жұмыстар атқарылды.

1897 жылы санақ бойынша  өлке халқының сауаты барлары  -8,1%. 1898-1914 жыл арасында бастауыш мектеп -730-дан -   1988-ге, оқушылар 29,1 мыңнан -101 мыңға көбейді. өлке байлығын игеру қажеттілігі инженер техникалық мамандарды даярлауды талап етті, бірақ арнайы техникалық оқу орны болмады.

Мемлекет тарапынан  жұмсалатын қаражат жеткіліксіз болды. Торғай облысында – 19,5 тиын, Жетісу облысында – 5,5 тиын.

    • XIX ғ.  II жартысында қазақ өлкесіндегі ірі ғылыми -зерттеу орталығы - Орынбор.
    • 1872 жыл – Омбыда, 1879 Ташкентте мұғалімдер институты ашылды.
    • 1883 жыл – Орскіде тұңғыш қазақ мұғалімдік мектебі ашылды. 1868 жылы Түркістанда, 1878 жылы Семейде құрылған статистикалық комитеттер ғылым мен білімнің,  сауаттылықтың негіздерін таратуда белгілі рөл атқарды.
    • 1883 жыл – Семейде 260кітап қоры бар қоғамдық кітапхана ашылды.

-Өлкедегі ағарту ісінің артта қалу себептері:

-Мұғалімдердің жетіспеушілігі.

-Қаражаттың аздығы.

-Оқу ісін ұйымдастырудағы  олқылықтар.

-Мектептердің, оұулықтардың  жетіспеуі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

      1. Х. К. Ермуханова Казахстан тарихы . Алматы 2006
      2. А.К. Акышев, М.Х.Асылбеков. Казахстан тарихы очерктер. Алматы 2004.
      3. Қазақстан тарихы. Очерктер- Алматы, 1994
      4. Күзембайұлы.  Қазақстан тарихы. - Алматы, 1999
      5. Ырыспайұлы. Қазақстан Республикасының тарихы.- Алматы, 2000
      6. Қазақстан тарихы. Д.Бабаев.  Алматы «Рауан» 1996.

XIXғасырдағы Қазақстан мәдениеті