Ынтымақтастық педагогика
Ынтымақтастық
педагогикасы
К.Д.Ушинский,
Н.П.Пирогов, Л.Н.Толстой, С.Т.Шацкий, В.А.Сухомлинский,
А.С.Макаренко, Ж.-Ж. Руссо, Я.Корчак, К.Роджерс,
Э.Берн идеяларының негізінде
Ынтымақтастық педагогикасының 3 мақсаттық бағыты анықталған:
1. Педагогикалық
талап етуден педагогикалық
2. Балаға
ізгілік-жеке тұлғалық
3. Оқыту мен тәрбиенің бірлігі.
Ынтымақтастық
қарым-қатынас жүйесінде
1. Балаға
ізгілік - тұлға тұрғысынан қарау.
Мектептің білім беру
2. Дидактикалық
белсенді және дамытушы кешен.
Баланы «қалай» және «неге»
оқыту керек деген сұрақтардың
жаңа мүмкіншіліктері ашылады.
Оқу мазмұны жеке тұлғаны
Оқу үрдісін формасы мен әдістерін жетілдіру бірқатар педагог жаңашылдардың авторлық жүйелерінде, атап айтқанда В.Ф.Шаталовтың тірек сигналдары, Р.Штейнердің азат таңдау идеясы, С.Н.Лысенкованың алдын-ала тапсырма беру, П.М.Эрдниевтің ірі блоктар идеясы, В.А.Сухомлинскийдің сыныптағы зияттық фоны, Л.В.Занков бойынша жеке тұлғаны дамыту, И.П.Волковтың шығармашылық және орындаушылық қабілеттері сияқты дидактикалық идеяларында ашылады.
3. Тәрбие
тұжырымдамасы. Ынтымақтастық
Ынтымақтастық педагогикасының технологиясы мен идеологиясы білім беру мазмұнын айқындайды.
4. Қоршаған
ортаны педагогикаландыру.
П.ғ.д
В.А.Буховалов ынтымақтастық
-педагогикалық
үрдістің адамгершілік және
-жариялылыққа негізделген қарым-қатынас;
-шығармашылық
әрекетке деген мотивацияны
-өз
бетімен білім алу және өзін-
-шығармашылық
әрекет әдістерінін, жетекші
Ол тәрбиенің мазмұндық негізін тұлғаның адамгершілік және шығармашылық қасиеттері құрылымының тығыз байланысында қарастырады. Оны келесі кестеден көруге болады.
Ынтымақтастық педагогикасы жайлы ұғым. Көп жылдар бойы жалпы білім беретін орта мектептің, окыту және тәрбие жұмысын зерттеу арқылы жетілдіру, жаңғырту максатында бірнеше мұғалімдер мен ғалымдар эксперимент жүргізіп, тұтас педагогикалық, процесті жоғары ғылыми-әдістемелік деңгейде ұйымдастыруды қажет деп тапты. Өйткені олар ескі дәстүр бойынша оқытудың әдеттегі әдістерін, қағидаларын қолданып, жастарға білім және тәрбие беру ісі, қ,азіргі заманнын талаптарын қанағаттандырмайды деп корытынды жасады. Жаңашыл - экспериментшіл мұғалімдердің әрқайсысы өз сыныптары мен мектептерінде жеке-жеке, керек десе бірін-бірінен бөлмей 25 жылдай эксперимент жұмысын жүргізген. Бұған қарамастан олардың жұмыстарының қорытындысы бірдей нәтиже берген.
Осындай мақсатқа бағытталған педагогикалық идеялардың іске асырылуының нәтижесінде мектеп өмірінде тек қана мұғалім емес, әсіресе оқушы жайлы көп өзгерістер байқалады. Бұрын оқығысы келмейтін немесе оқуға қабілетсіз оқушы екінші, үшінші жыл орнында қалып, мектептен шығып кететін. Енді оқушыларды іріктеп алудан бас тартып, оларды оқыту керек. Оқыту үшін баланы ынталандыру, оған дем беру, себепші болу. Егер оқуға өздігімен талаптанушылығы жоқ болса дерлік, егер еріксіз көндірудің тәсілдері тіпті жоқ болса, егер пәнге жалпы қызығушылығы болмаса, егер біз өз міндетімізді орыңдағымыз келсе — онда алдымызда бір-ақ жол бар: біз балаларды қуанышты сезім жетістігіне алға қарай қозғалыс және дамуға шақыра отырып, оларды жалпы оқу еңбегіне тарту керек. Әйтпесе балаларды оқытуға болмайды, - дейді бірауыздан жаңашыл мұғалімдер.
Оқудың нәтижесі ынталылық пен қабілеттердің көбейтіндісіне тең. Егер ынталылық, нөлге тең болса, онда барлық көбейтінді де нөлге айналады. Ал экспериментшіл мұғалімдердің бұл анықтамасы оқыту процесін жаңғыртуды қажет етеді. Олай болса бұрынғы педагогикадан айырмашьшығы бар жаңа педагогика керек, оны ынтымақтастық педагогика деп атауға болады деген біркелкі көзқарастарға келген — олар. мұндай педагогика балаларды ынтымақтастыққа, оқу еңбегіне жетектейді, табысқа жету үшін оларға сенімділік туғызады, артта қалмаудың жолын іздестіреді.
Жаңашыл мұғалімдердің айтуы бойынша баланы айқай, қорқыту арқылы тәрбиелеуге, оқытуға болмайды — бұл зорлау, еріксіз көндіру әдісі. Сондықтан олар баламен үндесуді құлық негізінде қарастырады.
Адамгершілік және ынтымақтастық бала өмірінде үлкен орын алады. Сондықтан мұғалім ең алдымен баланың дамуы, келешегі жайлы қамқорлық жасайды. Өйткені олардың өмірге бейімделуі, өмір тәрбиесіне үйрену мектептен басталады. Міне, осы тұрғыдан қарасақ, ынтымақтастық педагогикасы — құлық педагогикасы.
Ынтымақтастық педагогикасының негізгі идеясы және оларды оқу-тәрбие процесінде қолдану. Тәрбие мақсатын жүзеге асырудың орта және жоғары мектеп зор рөл атқарады. Өйткені оларда барлық жастар оқып, еңбек етуге үйреніп дағдыланады, өмірге жолдама алады.
Орта және жоғары оқу орындарының мақсаты — жастарды әр жақты жарасымды етіп дамыту, олардың жоғары құлықтық, азаматтық көзқарасын қалыптастыру. Мұндай мақсат кешенділік міндеттерді шешуді қажет етеді. Олар: әлеуметтік тәрбие беру жолымен дүниеге көзқарасын кең мәдени ой-өрісі жоғары тұлғаның үйлесімді жан-жақты дамуының негізін қалау; әлеуметтік функцияларды еңбек, таным, қоғам, үйелмен және бос уақытты пайдалану т.б. орындау үшін жастарды ойдағыдай даярлауды қамтамасыз ету; кәсіптік дайындықтың жолдарын таңдап алу үшін, өз тағдырын өзі шешу үшін жастарға жағдай жасау; тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеуге, өз білімін алуына оны өмірде пайдалана білуіне мүмкіндік жасау.
Тұлғаның дамуы мен тәрбиесі идеологиясының жаңаруы көптеген идеяларға негізделді. Олар —
—Тәрбие мақсатының реализм идеясы;
—Ересек адамдар мен балалардың бірлесу іс-әрекетінің идеясы;
—Тәрбие бағыттарының дербес идеясы;
—Тәрбие бағыттылығының ұжымдық идеясы;
—Өзін-өзі талдау (анализдеу) идеясы;
- Бала күшінің жартысы;
— Қиын мақсаттық идеясы;
- Сүйеніш идеясы;
— Ірі блоктар идеясы;
- ата-аналармен ынтымақтастық;
- Мұғалімдердің ынтымақтастығы;
- Өзін-өзі сыйлау идеясы;
- Өзін-өзі басқару (реттеу) идеясы, т.т.
Реализм идеясы, яғни тәрбиенің шынайы мақсатта - адамдарды қабілетіне және дарындылығына сүйеніп, жан-жақты дамыту. Шынайы мақсатының жетістік құралы – мәдениеттің базалық негізін игеру. Осыдан тұлғаның "базалық мәдениеті" тәрбие мазмұны деген ұғым туады. Базалық мәдениет - бұл өмірге өз бағдарын өзі шешу мәдениеті, экономикалық және еңбек мәдениеті, саяси, демократиялық және құқықтық мәдениет, адамгершілік және экология мәдениеті, көркем және дене шынықтыру мәдениеті, үйелмендік қатынас мәдениеті.
Ересек адамдар мен балалардың іс-әрекетінің бірлесу идеясы "Ынтымақтастық педагогикасы" қағидасынан туады, Өйткені ол мұғалім мен балалар еңбегінің бірлестігіне сүйенеді. Осындай ересек адам мен баланың шығармашылық ынтымақтастығы педагогикалық басшылықпен қамтамасыз етілуі тиіс.
Тәрбие бағыттылығының дербес идеясы мұғалімнің балаға ерекше көңіл аударуын қажет етеді. Барлық тәрбие жұмысының барысында еске алатын басты тұлға — бала. Ол педагогикалық жұмыстың ең жоғары мақсаты. Сондықтан баланы зор ұқыптылықпен зерттеген жөн.
Ұжымдық шығармашылық тәрбиеде ұжымдық бағыттылық идеясының мәні ете зор. Бірыңғай тәрбие ұжымы — бұл тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің бірлестігі, мұнда ересек адамдардың жастар жөніндегі жалпы қамқорлығы, яғни ашық және елеусіз қамқорлығы дамиды. Мұндай ұжымда тәжірибе ашық және елеусіз түрде тәрбиеші арқылы беріледі, оны тәрбиеленушілер ұжымдық шығармашылық іс — бұл біріншіден, барлық ұжым мүшелерінің істі бірігіп жоспарлауы, талқылауы, шешім қабылдауы; екіншіден, ұжымдық жұмыс ізденуге бағытталады, практикалық міндеттерді шешу үшін ұжым мүшелері ізденудің тиімді жолдарын, әдістерін, құралдарын қарастырады.
Тәрбие ұжымының қозғаушы күші жолдастық тәрбиелік қамқорлық. Оның мәні адамдағы жолдастық сыйласу мен жолдастық талаптың бірлігі. Жолдастық тәрбиелік қамқорлықтың мақсаты - адамның жалпы қуанышы мен пайдасы үшін нақтылы істе оның шығармашылық күшін анықтау және дамыту.
Өзін-өзі талдау идеясы. Балаларды өзін-өзі жеке және ұжымды талдауға үйрету қажет. Жаңашыл мұғалім Е.Н.Ильин оқушыларын өздерінің өмірі, іс-әрекеті жайында ойлануға үйретеді.
Ата-аналармен ынтымақтастық. Мектепте, үйелменде балалар ересек адамдарға ашық сенгіштікпен қарайды деп ынтымақтастық педагогика жорамалдайды. Бұл үшін бірыңғай талаптар емес, үйелменде балалармен жолдастық, жылы-шырайлы қатынас болуы қажет. Жаңашыл мұғалімдердің айтуы бойынша ата-аналар жиналысында балалар туралы сын көзімен ескерту жасауға болмайды. Балалар мен ата-аналар арасында ұрыс-керіс жағдайын болдырмау. Мұғалім балалар жөнінде ата-аналарға айтып наразылық білдірмейді, күнделіктеріне не болса соны жазбайды. Балаңыз сабаққа дайындалмайды деп мұғалім әр ата-ананың есігін қағуды қою керек.
Егер оқушы назар аударуды, көмек көрсетуді талап етсе, онда оған керегінше (бір ай, әлде бір жыл керек пе) көмек көрсету қажет. Осындай жылы қамқорлықты сезген бала ата-аналарына да ризашылықпен толық сенім білдіріп, зор ықыласпен оқып білім алуға, еңбек етуге тырысады. Бұл өмірдегі, еңбектегі, оқудағы қарым-қатынас бірлігінің беріктігі - ынтымақтастық педагогиканың қағидасы.
Мұғалімдердің ынтымақтастығы. Экспериментшіл мұғалімдердің әрқайсысының педагогикалық еңбек өтілі 25-тен 40 жылға дейін. Олар әр түрлі мектеп ұжымдарында балалармен жұмыс істеген, талай мұғалімдер және директорлармен істес болған. Жаңашыл мұғалімдер, мүмкін ынтымақтастық педагогика өте күрделі, оны оқыту және тәрбиесінде қолдануға болмайтын шығар дейді. Шынында, олардың тәжірибесі бойынша кез-келген мұғалімнің ынтымақтастық педагогиканың принциптерін іске асыруы мүмкін, бірақ, бір айдың немесе бір тоқсанның ішінде жүзеге асыруы мүмкін емес. Әрине, егер кімде кім жаңа педагогиканы ақылға салып ойластырса, ол өз жұмысының жақсара бастағанын байқайды. Өйткені ынтымақтастық педагогика үшін айрықша жағдайдың керегі жоқ, әдеттегі оқу бағдарламасы және оқулықтар бойынша әрбір мұғалім өзінің сыныбында, әрбір директор өзінің мектебінде қайта құру кезеңінде мәселелерді тың зерттеумен айналысады.
Жаңа педагогиканың идеяларын кең түрде тарату керек. Сыныпта балаларды бір-біріне қарсы қоюға болмайды, сол сияқты мұндай жағдайды мұғалімдер арасына да болдырмау керек.
Сонымен, осы идеяларды іске асыру үшін: біріншіден, оқу және тәрбие әдістерін жаңарту, екіншіден, балалармен қатынасты жаңарту; үшіншіден, мұғалімнің өзін-өзі жаңартуы; төртіншіден, балалармен және өзара ынтымақтасу.
Өзін-өзі құрметтеу идеясы. Осы уақытқа дейін оқушының сабаққа, тәртіпке, жолдастарына, үлкен кісілерге қатынасы жайлы көбірек назар аударылды. Демек оқушының мұндай көэқарасы, қатынасы мұғалім және мектеп жұмысындағы тәртіпке байланысты деп айтушылар да болды. Енді бұдан былай балаға көмектесу, дұрыс педагогикалық назар аудару, әсіресе бала өзіне-өзі көңіл аударуы қажет. Атап айтқанда, баланың өзін-өзі құрметтемеуі тұлғаның өз құнын кемітуі - бұл маскүнемдікке, нашақорлыққа салынуының, қылмысқа ілінуінің негізгі себептерінің бірі. Жас жігіт өзінше қоғамнан және қалыптаспаған тағдырдан кек алғысы келеді. Оған ешқашан жазалау, қауіп немесе дәлел әсер етпейді, өйткені болашағым жоқ деп қарайды, өзін-өзі құрметтемейді.
Осы сияқты мұғалім де өзін-өзі құрметтемейді. Өйткені ол өзінің шығармашылық мүмкіншілігін ескермейді, жеңіл-желпі жетістіктермен қанағаттанады, тәртібі нашарлаған мектепте өзінің құқын қорғамайды, шыдамшылыққа көнеді.
Мұғалімнің де және баланың да беделі, іс-әрекеттеріндегі жетістіктерді экспериментшіл-мұғалімдердің жаңа идеяларына, соның ішінде өзін-өзі құрметтеу идеясына байланысты.
Баланың абыройы, мұғалімнің абыройы - бұл сөзсіз тұлғаны демократияландырудың құрамды бөлігі. Баланы құрметтеумен бірге өзін-өзі құрметтей білуге үйрету - сонда ғана ол басқаларды да құрметтей біледі. Үлкен адамдарға құрметтеу идеясы сөзбен немесе үндеу арқылы құрметтеу емес, тек баланың абыройын шын құрмет ету.
Өзін-өзі реттеу идеясы. Әдебиет беттерінде өзін-өзі реттеу мен өзін-өзі тәрбиелеу бір мағынаны білдіреді деп түсінушілер де бар. Шынында, өзін-өзі тәрбиелеу өзін-өзі реттеуге негізделеді. Ал өзін-өзі реттеу дєл мағынасында өзін-өзі тәрбиелеу емес. Өзін-өзі тәрбиелеу - бұл тұлғаның өзін-өзі реттеуде сыртқы ортаға, өз міндеттеріне саналы қатынасы және келешегіне көз жіберіп, талаптануының негізінде пайда болған қажеттілік. Қажеттіліктің, жауапкершіліктің, қызығушылықтың, абыройдың тұлғаның өзін-өзі реттеуі.
Тұтас педагогикалық процесте өзін-өзі реттеудің мәні өте зор. Оқытуда зорлау, тәрбиеде бой ұсыну, бағыну сияқты әрекеттер баланы өзін-өзі реттеуден бездіреді. Барлық жаңа әдістеме, соның ішінде өзін-өзі реттеу жұмысына бағытталуы керек. Күнде сабақтан кейін міндетті түрде берілетін үй жұмысын оқыту процесінен шығарып тастап, В.Шаталов оқушыларға өз күнін, өз жұмысын өзінің жағдайына қарап (жұмыс бастылық, шаршау, кездейсоқ оқиғалар т.б.), реттеуге мүмкіндік береді, И.Волковтың оқушылары жұмыстарын өздері іріктеп таңдап алады. В.Краковский басқаратын 825-ші Мәскеу мектебінің оқушылары жұмыстарын өздері жоспарлайды. Бұл - ынтаны, қабілетті босату, яғни еркін қолдану. Бала тәртіп бұзушы емес, ол қабілетін өз бетінше іс-әрекетін орындауға дайын тұлға, оған толық мүмкіншілік: беру керек.
Жаңашыл
ғалым И.П.Ивановтың әдісі
Оқушылар еңбегін жалғыз мұғалім ғана емес, барлық ұжым бағаласа, онда олар өздерін ылайықты ұстап және жұмысты жақсы істеуге тырысады.
Бала
күнінің жартысы оқушының бірегей
мүмкіншідігінің дамуына
Осыған орай, үйге берілетін оқу тапсырмасының көлемін мүлде азайту керек. Ол үшін шєкірттердің оқу материалдарын сабақ үстінде игеруін мұғалім қамтамасыз етуі тиіс.
Тірек идеясы. Әдетте балаларды қабілетіне қарай үшке бөліп (күшті, орта, нашар) оқыту мектептерде орын алған. Бұл бізге Америка мектептерінен келген оқытудың бір түрі. Мектеп мұғалімдерінің балаларды оқыта білмегендігінен, оларды қабілетіне қарай топқа бөліп (тракинг) оқыту пайда болған. Нашар балалармен қосымша сабақтар өткізуде мектеп өмірінде қолданылып келді. Баланы қабілетіне қарай бөліп оқыту және қосымша сабақ өткізу мәселелеріне жаңашыл мұғалімдер қарсы болып, қабыл алмады.
Тірек идеялары жайлы жаңашыл мұғалімдердің еңбектерін тұтас педагогикалық процесте тиімді пайдаланудың әдістемелік тәсілдерін қарастыру қажет.
Жаңа идеялар мектепті демократияландыру және ізгілендіру жағдайында жүзеге асырылады.
Демократияландыру - бұл тұлганың жан-жақты дамуының мақсаты мен құралы, бұл мектептің ведомстволық мүддеден қоғамның және тұлғаның мүддесі мен мұқтаждығына қарай бетбұруы, бұл мектептің ашықтығы, оған қоғамдық күшті және қоғамдық факторларды (мемлекет, қоғам) қатыстыру. Мектеп — бұл мемлекеттің, сондай-ақ қоғамның және тұлғаның білім жайындағы түсінігін қанағаттандыратын қоғамдық-мемлекеттік танылған жүйе.
Ізгілендіру — бұл баланың жеке басын сыйлау. Педагогикалық процестің барлық дәрежесінде ең бастысы адамның өзі болуы тиіс. Сондықтан тұлғаны тәрбиелеу, оның бабын табу мектеп жұмысының негізгі мақсаты болуы тиіс. Ізгілендіру - бұл мектептің баланы өмірге дайындауда тек қана бағдар беруі емес, ол әрбір жас сатысында — балалық шақта, жеткіншектік шақта және жасөспірімдік шақта баланың бүгінгі өмірінің толық құнды болуын қамтамасыз ету.

- Ыстық және құрғақ климаттық жағдайда бетонды күтудің ерекшеліктері
- Э.Б. Тайлор о культуре
- Э.Б. Тайлор о первобытной культуре
- Э.Б. Тайлор о первобытной культуре
- Эбулиоскопия и криоскопия. Понятие и сущность, практическое значение для пищевой промышленности
- Эвакуационные мероприятия и порядок их выполнения
- Эвакуационные органы гражданской обороны
- Ыбрай Алтынсарйн
- Ыбырай Алтынсарин
- Ыбырай Алтынсарин
- Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық идеясы мен ағартушылық қызметі (1841-1889)
- Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық идеясы мен ағартушылық қызметі (1841-1889)
- Ықтималдық теориясы
- Ықтималдық теориясы мен математикалық статистика түсініктері