Құқықтық мемлекет. 5
Құқықтық мемлекет
Жоспары:
- Құқықтық мемлекет идеясының саяси ой-сана тарихында қалыптасуы.
- Құқықтық мемлекет туралы жаңашыл пайым: негізгі белгілері мен ұйымдастыру принциптері.
- Қазақстан құқықтық мемлекет құру жолында.
1. Қоғам кең мағынасында адамдардың бірлескен қызметінің тарихи қалыптасқан нысандарының жиынтығы немесе тар мағынасында әлеуметтік жүйенің тарихи нақты типі, қоғамдық қатынастардың белгілі бір нысаны.
Мемлекет саяси биліктің саяси-аумақтық, егеменді түрде ұйымдастырылуы. Қоғам мен мемлекет – әртүрлі түсініктер. Біріншісі екіншісіне қарағанда мағынасы жағынан кең болып келеді, себебі қоғамда мемлекетпен қатар мемлекеттік емес құрылымдар да (саяси партиялар, саяси қозғалыстар, қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер, еңбек ұжымдары және т.б.) болады. Мемлекет қоғамның саяси бөлігі, элементі болып табылады.
Мемлекет
қоғамда орталық орынды және басты
рөлді иеленген. Мемлекет қоғамға
қатысты оның істерін шешу, басқару
құралы рөлін атқарады. Қоғам мен
мемлекеттің хронологиялық
Тағы бір ескертетін мәселе «азаматтық қоғам» деген алғашқы қауымдық қоғамда да, құлиелену формациясында да, феодалдық формацияда да болған жоқ. Себебі ол қоғамдарда «азаматтық» деген ұғым болған емес. Бұл ұғым тек буржуазиялық қоғамда өмірге келді. Құқықтық мемлекет - тек парасаттылықтың, әділеттіліктің шынайы белгісі ғана емес, сонымен бірге адамның бостандығын, қадір-қасиетін, ар-намысын, теңдігін қорғайтын, демократияны қалыптастыратын күш. Міне қоғамның алдында тұрған осы мақсатты орындау – мемлекеттің міндеті, ал осы бағытта қалыптасқан құқықтық нормаларды орындау, сол арқылы заңдылықты, құқықтық тәртіпті қатаң сақтауға үлес қосу – адамдардың міндеті.
Құқықтық мемлекетті қалыптастыру, дамыту адам қоғамының көне заманнан негізгі мақсаты болды. Көне дәуірдің ойшылдары – Сократ, Демокрит, Платон, Аристотель, Цицерон құқық пен мемлекеттің өзара қатынасын инабаттылық, парасаттылық, әділеттілік жолмен дамуын армандады. Аристотель “Заң үстемдігі болмаса демократия жоқ” деді. Феодалдық дәуірде
Н. Макиавелли, Ж. Боден т.б. саяси қайраткерлер құқықтық мемлекет орнату төңірегінде көп ойланып, біраз пікірлер айтып кеткен болатын.
Құқықтық мемлекет орнату концепциясына пікір айтып өте зор үлес қосқан атақты ғалымдар – Г. Гроцкий, Б. Спиноза, Д. Локк, Ш. Монтескье, Д.Дидро, П. Гольбах, Т. Джефферсон, Вольтер, Гельвеций, Кант, т.б. Гроцкий қоғам тарихында қалыптасқан құқықты екіге бөлді: табиғи құқық – адамды қоршаған ортаның әсерінен және жеке адамның өзінің ақыл, парасаттылығынан қалыптасатын құқықтар; екіншісі мемлекеттің қабылдаған нормативтік актілер арқылы ешкімге зиян келтірмей орындауға тиіс. Мемлекет қоғамдық жалпы халықтық шарт арқылы өмірге келді деп түсіндірді. Ал Монтескье мемлекет туралы ойын “Мемлекет адамдардың саяси және азаматтық бостандығын, теңдігін қатаң орындауы керек. Сонда ғана құқықтық мемлекет болады” деп атап көрсетсе, Локк “Мемлекет адамдардың құқықтарын қорғау үшін қалыптасты. Құқықтық мемлекеттің негізгі мазмұны – халықтың табиғи бостандығын, теңдігін қорғау” деді. Кант құқықтық мемлекеттің философиялық негізін ғылыми тұрғыдан зерттеді. Мемлекеттік жұмыстың өзекті мәселесі жеке адамның қадір-қасиетін, ар-намысын, бостандығын, теңдігін қорғау, адамның қоғамда үстемдігін калыптастыру деп түсіндірді. Гегель қоғамдық ғылымдардың негізгі бағыттарының бірі құқықтық философия. Мемлекет дегеніміз жан-жақты дамыған құқық деп түсіндірді. Ал азаматтық қоғамды құқық арқылы адамдардың мүдде-мақсатын қорғайды деген.
Маркс құқық пен мемлекетті қоғамның таптық құрылысына сәйкес қараған. “Таптар жойылса құқық пен мемлекет те жойылады. Бұл процесс қоғамда құқықтық мемлекет қалыптасып, бостандық орнаумен аяқталуға тиіс. Бостандық Маркстің ұғымында, қоғамдағы мемлекеттің үстемдігін жойып, оны қоғамға бағындырып, халықтың мүдде-мақсатын орындайтын органға айналдыру. Сонда ғана құқықтық мемлекет болады” деп тұжырымдаған.
Құқықтық
мемлекет туралы толып жатқан ой-пікірлер,
әр түрлі теориялар бар. Бұл ой-пікірлердің,
теориялардың көп болатын себептері
қоғамдағы барлық таптардың, ұлттардың
топтардың мүдде-мақсатына
Бұл жерде ескерте кететін бір мәселе Кеңес дәуірінде елімізде марксистік мемлекеттік теория тұрғысынан зерттеп, түсініп келдік. Ол кезде қоғам мен мемлекетті таптық тұрғыдан зерттеуге тырыстық, басқа теорияны, басқа бағытты сырып тастап отырдық. Қазір ол теорияларға көзқарас түзелді, дұрысталды. Тарих теориялардың бәрінде аздап болса да шындық және тарихи нақты дәлелдер болады. Сондықтан ол теорияларды білу, дұрыс жағын алу, пайдалану өте қажет. Сол деректерді ескере отырып жүргізілген зерттеудің ғылымға, қоғамға пайдасы мол.
Қазіргі заманда құқықтық мемлекет туралы пікір жан-жақт дамып, дүние жүзінің ғалымдары бір тұжырымға келіп, ортақ ғылыми көзқарас қалыптасты деуге толық болады.
Сонымен құқықтық мемлекет туралы теорияны қорыта келіп, оның негізгі мазмұны — халықтың, адамдардың егемендігі, олардың табиғи бостандығы мен құқықтары. Ол мемлекетті қалыптастырудың негізгі күші — адам, қалың бұқара. Сондықтан мемлекет пен құқық демократияны дамытып, халықты қоғамның барлық саласын басқаруға қатыстыру қажет.
Құқықты мемлекет – адам мен азаматтың құқықтар мен бостандықтарының толық түрде қамтамасыз етілуіне және құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында мемлекеттік билікті құқықпен мейлінше байланыстыруға жағдай жасаушы саяси билік ұйымы. Құқықтық мемлекетті қалыптастыру ісі қоғамды демократияландыруға, құқықтық тәртіптің және заңдылық принциптерінің сақталуына негізделеді.
Құқықтық мемлекеттің мәнін қарастыруда оның негізгі екі жағын (екі негізгі кағиданы) бөліп қарастыруға болады:
1) мазмұнды жағы – адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын мейлінше толық көлемде қамтамасыз етуден тұлға үшін құкықтық ынталандыру режимін орнықтыру;
2) формальды-заңды жағы – мемлекеттік билікті құқықпен байланыстырудан, мемлекеттік құрылымдар үшін құқықтық шектеу режимін орнықтыру.
Сонымен қатар, құқықтық мемлекеттің кағидасына мыналар да жатады:
- билікті заңсыз пайдалануды болдырмау мақсатында оны заңшығарушылық, атқарушылық және сот тармақтарына бөлу;
- заңның
үстемдігі, яғни, биліктің жоғары
органымен барлық
- мемлекет
пен тұлғаның өзара
- қоғамдағы құқықтық сана мен құқықтық мәдениеттің жоғары деңгейі;
- азаматтық
қоғамның болуы және тарапынан
құқық субъектілерінің
Құқықтық мемлекет теориясындағы аса маңызды мәселелердің бірі - биліктерді бөлу қағидатын құрушылар Дж. Локк пен Ш.Монтаскье болып табылады. Қағиданың басты талабы – саяси бостандықты бекіту, заңдылықты қамтамасыз ету және белгілі бір әлеуметтік топтың, мекеменің немесе жеке тұлғаның билікті асыра пайдалануын болдырмау үшін мемлекеттік билікті заң шығарушылық (халық сайлайтын және қоғамды дамытуды заңдар қабылдау жолымен жүзеге асыруға бағытталған), атқарушылық (биліктің өкілдік органы тағайындайтын және заңдар мен оралымдық-шаруашылық қызметті жүзеге асырумен айналысатын) және сот (бұзылған құқықтарды қалпына келтірудің, кінәлілерді әділетті түрде жазалаудың кепілі болып табылатын) биліктері деп бөлу қажет. Және осы әр бір билік түрлері дербес және бір-бірін тежей отырып, өз функцияларын органдардың ерекше жүйесі арқылы және арнайы нысандарда жүзеге асыруы тиіс.
Ш.Монтаскье: «Белгілі бір жағдайда түрлі биліктер бір-бірін өзара ұстап тұратын тәртіптер жүйесі қажет» деп дәлелдеді.
Г.Едлинек құқық және заңның үстемдігі идеясын алдыға тарта оты-рып, сонымен қоса мемлекеттің өзін-өзі шектеу теориясын ұсынды. Орыс заңгерлері Н.М.Коркунов, П.И.Новгородцев, Г.Ф.Шершеневичтердің еңбектерінде құқықтық мемлекет тақырыбы құқықтық мемлекетті шектеу тұрғысынан қарастырылды.
Жоғарыда айтылған идеялар негізінде кейінде төмендегідей белгілерімен ерекшеленген құқықтық мемлекет концепциясы құрылды:
1. Өркениеттің
тұрақты дамуының кепілі
2. Мемлекеттің құқықпен байланыстылығы, ол:
а) мемлекеттің құқыққа қайшы келетін заңдарды шығаруға құқығы жоқ,
ә) мемлекет те, азаматтар да қабылданған заңдарды бірдей орындауға міндетті дегенді білдіреді.
3. Мемлекеттік
билікті ұйымдастырған кезде
билікті бөлу қағидатын іске
асыру. Соған сәйкес
4. Заңның
үстемдігі қағидатын сақтау. Бұл
жоғары заң күшіне ие және
мемлекеттің нормативтік
5. Құқықтық
мемлекетте сот әділеттің және
шынайы сот төрелігінің
6. Құқықтық
мемлекеттің негізі — тұлғаның
бостандығының, оның құқықтары
мен мүдделерінің, ар-ожданының бұлжымастығы,
оларды қорғау және
Сөйтіп, құқықтық мемлекет — бұқаралық билікті жүзеге асыру формасы, бұл жағдайда азаматтардың саяси ұйымы құқық және заңның үстемдігі негізінде жүргізіледі, әрбір тұлғаның құқықтары, бостандықтары және міндеттерін қорғау және қамтамасыз ету құралы болып табылады.
Констиуцияда бекітілген «тепе-теңдік және тежемелік жүйесі» заң шығару, атқарушы, сот билігінің нақты бір билік түріне қатысты құқықтық шектеулерінің
жиынтығын білдіреді. Мысалы заң шығару билігіне қатысты тежемелік жүйесінде ерекше рөлді Президент иеленген, ол заң шығарушыға қатысты вето құқығын иеленеді: атқарушы билікке қатысты тежемелік сипатта болып президент өкілеттіктерінің мерзімі, импичмент, сенімсіздік вотумы, атқарушы органдардың жауапты қызметкерлеріне заңшығарушылық құрылымға сайлануға тыйым салу, коммерциялық қызметпен айналысу табылады; сот билігі үшін конституцияда көрініс тапқан құқық шектеуші құралдар болып мыналар табылады: кінәсіздік презумпциясы, қорғану құқығы, азаматтардың заң мен сот алдындағы теңдігі, іс жүргізудің жариялылығы мен жарыспалылығы, соттарға отвод жариялау және т.б.
Қазіргі заманда құқықтық мемлекет құру қалыптастыру мәселесі ғаламдық проблемаға айналды. Өйткені адам қоғамының даму тарихында ешқашан, еш елде құқықтық мемлекет болған емес. Қазіргі кезде де жоқ. Болашақта да барлық елдерде бір мазмұнды, бір нысанды құқықтық мемлекет болуға мүмкін емес. Себебі әр елдің экономикасы, мәдениеті, әлеуметтік жағдайы, рухани санасы, саясаты бір деңгейде болмайды. Бұған қоса олардың географиялық, ұлттық ерекшеліктері болады.
Сондықтан болашақта
құқықтық мемлекет бірнеше дамыған
елдерде қалыптасуы мүмкін. Бірақ
ол мемлекеттердің мазмұнында, әсіресе
нысанында объективтік
Құқықтық мемлекеттің мазмұнының негізгі талаптары:
1) Құқықтық
мемлекет азаматтық қоғамның
объективтік даму процесіне
2) Құқықтық
мемлекеттің экономикалық
3) Құқықтық
мемлекеттің әлеуметтік негізі
— өзін-өзі басқаратын
4) Құқықтық
мемлекеттің моральдық негізі - гуманизм,
әділеттік, бостандық, теңдік, адамдардың
қадір-қасиетінің, ар-намысының деңгейі.
Осы жоғары дәрежедегі
5) Құқықтық
мемлекеттің саяси негізі —
халықтың, ұлттық тәуелсіздігін
қалыптастырып қоғамдық
Міне қоғамның осы негіздеріне сүйене отырып құқықтық мемлекет орнатуға мүмкіншілік қалыптасады.
Құқықтық мемлекеттің негізгі белгілері:
- мемлекеттік билікті үш түрге бөлу, олардың ара қатынасын қатаң сақтау; азаматтық қоғамның калыптасуы;
- қоғамда
жоғары дәрежеде құқықтық
- мемлекеттік
аппараттың, лауазымды тұлғалардың,
қоғамдық ұйымдардың, жеке адамдардың
өмірдегі қарым-қатынастарда
- қоғамның
экономикалық, әлеуметтік бағытында
әділеттікті, теңдікті
- қоғамның
ішкі құқық нормалары мен
халықаралық құқықтың өзара
- қоғамда
заңның үстемділігін орнату, азаматтық
қоғамды қалыптастыру. Адамдар "заңның
құлы" болмайынша құқықтық тәртіпте,
демократия да жақсы дамуға
тиіс емес. Бұл туралы өмір
тәжірибесінен қалыптасқан
Заң — мемлекеттің ақылы.
Сот — мемлекеттің жүрегі.
Мәдениет — мемлекеттің тәртібі.
Міне осы үш қағидалы өсиет өзара бірігіп қалылтасып және мемлекеттің ішкі заңдары көпшілік таныған халықаралық құқықтық нормалар мен принциптерге сәйкес келсе, елімізде мемлекет орнайды.
Адам қоғамының барлық дәуірінде құқықтық мемлекет кұру мәселесі толастап көрген емес. Әсіресе елді басқаруда абсолютизм, деспотизм, тоталитаризм орнаған кезде құқықтық мемлекет орнату деген дауыс, талап күшейіп отырды. Бұл тұрғыдан өте күшті концепция феодализмге қарсы, буржуазияның күресі кезінде қалыптасты. Күрестің саяси ұрандары: «Бостандық!» «Тендік!» «Әділеттік!» халыққа едәуір жақсылықтар әкелді.
Бірақ көп
елде реакцияшыл буржуазияның кертартпа
саясаты демократиялық
Ірі буржуазия саяси билікке қолы жеткеннен кейін құқықтық мемлекет орнату бағытынан алшақтай бастады. Бұл елдерде буржуазияның үстемдігін қорғайтын мемлекет пен құқық орнап көп уақыт өмір сүрді.
XX ғ. қоғамды
басқару тәжірибесін
1) Қазіргі
заманда халықтың рухани сана-
2) Нарықтық
экономика арқылы халықтың
3) Халыққа
өздерінің әлеуметтік
Осы жаңа экономикалық саясат капталистік елдердің соңғы 40-50 жыл ішінде экономикасын дамытып, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартып демократиялық қоғам құруына мүмкіншілік беріп отыр.
2.3. Конституциядағы көрсетілген ҚР азаматтарының міндеттері мен құқықтары
Республика азаматының негізгі құқықтарымен қатар міндеттері де 1995 жылдың 30 тамызындағы бүкілхалықтық талқылаудан өтіп қабылданған Конституцияда анық тұжырымдалған.
Адам тумасынан өзіне қажетті құқықтар мен бостандықтарға ие. Ал ол өз мемлекетінің азаматтығын алғаннан кейін азаматтық құқықтарға ие болып, тиісті міндеттерді қоса атқаруға тиіс. Конституцияда адамды қастерлеу, құрметтеу, адамгершілік сезімдеріне үлкен маңыз берілген. Әркімнің өзінің жеке басының бостандығы заң жүзінде қорғалған. Заң бойынша адамның жеке басының қадір-қасиетіне қол сұғылмайды.
Конституцияның
19-бабында “Әркімнің өзінің қай
ұлтқа, қай партияға және қай дінге
жататынын өзі анықтауға және
оны көрсету-көрсетпеуге
Республика
азаматтарының заңды түрде
Конституцияның 39–бабында адамдардың құқықтары мен бостандықтарына қоғамдық тәртіпті, адамның құқығы мен бостандығын, халықтың денсаулығын қорғау мақсатында ғана шектеу қойылуы мүмкін екендігі көрсетілген.
39 баптың 3 пунктінде
азаматтардың құқықтарын, яғни азаматтық
құқығы, өмір сүру құқығы, жеке
өміріне, өзінің және
Конституцияда жеке, азаматтық және саяси құқықтарға, осы құқықтардың кепілдігіне айтарлықтай көңіл бөлінеді.
Жеке меншік құқығы заңмен қорғалады (6 бап.). Жерді меншіктеу құқығы бекітіледі (21,25 бап.), сонымен қоса өзінің мүмкіндіктерін және мүліктерін кәсіпкерлік қызметте және заңмен тыйым салынбаған экономикалық қызметте еркін пайдалануына құқықтары бар. Бұл нарықтық экономиканың тұрақты дамуы, экономикалық реформаның алға жылжуы үшін сенімді конституциялық негіз жасауды қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 13 бабында әр адамның өзінің бостандығы мен құқығын сот арқылы қорғай алатыны көрсетілген. Әр адамның заң мамандарынан көмек алуға, үкімді Жоғары сотқа қайта қаратуға, жазаны жеңілдетуді сұрауға құқығы бар.
Азаматтардың
медициналық көмек алуына, мемлекеттік
оқу орындарында тегін орта білім
алуына кепілдік беріледі. Ал орта білім
алу Конституция бойынша
Республика
азаматтарының құқығы мен міндеттерін
сөз еткенде, екі мәселені ерекше
атап өтуге болады. Бірі – заңды
түрде белгіленген салықтарды, алымдарды
және өзге де міндетті төлемдерді төлеу
әркімнің борышы әрі міндеті болып
табылады, екіншісі – Отан қорғау әрбір
азаматтың қасиетті парызы және міндеті.
Азаматтардың құқығы мен міндетін сөз
еткенде бұл талаптардың
3. Құқықтық
мемлекеттің түсінігі мен
Қазіргі заманда дүние жүзінің барлық мемлекеттері капитализмнің жаңа экономикалық саясатын қабылдап нарықтық экономиканы дамытып жатыр. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін бұрынғы кеңестік республикадар да осы жолға бет бұрып отыр.
Әлемдік стандарт жолына Қазақстан да бет бұрып, нарықтық экономиканы дамытты. Кеңестік жүйенің жақсылығы да аз болған жоқ: 20-60 жж. Экономиканың, мәдениеттің, қорғаныстың жетістіктері дүние жүзіне белгілі болды. Бірақ Кеңес Одағының жетістіктерінен гөрі кемшіліктері басым болды. Сондықтан Одақ ыдырады...
Енді капиталистік елдердің XX ғ. 30-50 жж. либералдық-демократияға бет бұрып, дамуының себептеріне қысқаша түсінік берейік.
Бірінші себебі
- капиталистік елдер 1929-1938 жж. дүниежүзілік
экономикалық дағдарыстан Кеңес
Одағының бір орталықтан жоспарлау
тәжірибесінің жақсы жағын
Екінші себебі
- Ресейде, Қытайда тағы басқа Европа
- Азия елдерінде социалистік
Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша құқықтық мемлекет қалыптастырудың негізгі бағыттары демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік мемлекет құру (1-бөлім).
Демократиялық
мемлекет — Қазақстанды алдымен
Конституция қабылдап, тікелей басшысын
және Парламент сайлауға, өкілетті
мерзімі біткен соң, оларды ауыстыруға
халықтың құрылтайшылық билігі бар
республикалық құрылыстағы
Зайырлы мемлекет
- Қазақстан Республикасында діни
мекемелер мен дін ұстау
Құқықтық
мемлекет - Қазақстанның барлық органдары
мен лауазымды адамдарының
Сонымен Қазақстанда реформаторлық процесс арқылы қоғамның саяси-экономикалық құрылысында көп өзгерістер болды. Қоғамдық ғылымдарда жаңаша ғылыми зерттеулер басталады. Мемлекет пен құқықты дүниежүзілік заң ғылымдар туралы концепциямен бірлестіріп дамытуға мүмкіншілік туды. Отандық кұқықтану, философиялық, экономикалық, саяси ой, сана, пікір құқықтық демократиялық мемлекет туралы ғылымды зерттеуге, дамытуға бет бұрды.
Құқықтық мемлекет негіздері
1. Құқықтық
мемлекеттің бастаулары мен
Билікті құқықпен, заңмен шектеу идеялары — барынша ескі идеялар, оның негізін салушылар деп заңды түрде ежелгі грек философтары Платон, Аристотельдер есептелінеді. Дегенмен заңсыздық және бассыздықпен күрес проблемасы айрықша маңызға феодализм және авторитарлық және тоталитарлық режимдегі буржуазиялық полицейлік мемлекеттер кезеңінде ие болды. Құқықтық мемлекет идеяларын дамытуға И.Кант, В.Гегель сияқты ойшыл-философтар барынша үлес қосты. Олар құқықтық мемлекеттің философиялық негізін қалады. Канттың ойы бойынша, «мемлекет — құқықтық заңдарға бағынатын көптеген адамдардың бірлестігі». Жан-Жак Руссо, оның ой-толғамдары да құқықтық мемлекет негіздеріне жатады, мемлекет «қоғамдық келісім» нәтижесінде пайда болады деген идеяны негіздеп шығарды, өйткені халық ортақ істерді және әрбір тұлғаның алдында тұрған істерді шешетін саяси (билік) күштің пайда болуының объективті қа-жеттілігін түсінеді.
2. Қазақстанда құқықтық мемлекет құру
Демократиялық
мемлекет құру және дамыту туралы ой-толғамдар,
идеяларды қазақ ойшылдарының шығармашылық
мұраларынан да көптеп кездестіруге
болады. Солардың бірі Абай Құнанбаев
болып табылады. Ол құқықтық мемлекеттің
қағидаттарын құру мәселесі бойынша
бірқатар салмақты ой-пікірлер білдірді,
олардың біразы күні бүгінге дейін
өз мән-маңызын жойған жоқ. Ақын мемлекеттік
егемендік позициясын жақтады, адамдарды
ұйымдастыру мен қорғаудың
Құқықтық мемлекеттің қалыптасуы өте созылмалы және күрделі процесс. Қазақстанның қазіргі кезеңі мемлекетіміздің жалпыға ортақ өркениетті даму жолына қайта түсуімен сипатталады. Тұңғыш рет 1993 жылғы Конституция Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы — адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп жариялады. Бұл ережені бүгінгі күні қолданыста жүрген 1995 жылғы Конституция да, 1-баппен бекітті.
Құқықтық
мемлекеттің бір белгісі
Қазіргі кезде конституциялық бақылау механизмі құрылуда. Республикада конституциялық бақылаудың қалыптасуы құқықтық мемлекет құру туралы пайда болған конституциялық бағыт-бағдарлармен тығыз байланысты. Басқа нормативтік актілерден Конституцияның сөзсіз басым болуы құқықтық мемлекеттің белгілерінің бірі болып табылады. Құқықтық мемлекеттің тағы бір негізгі қағидаты мемлекеттің өзінің және оның органдарының Қазақстан Республикасы Конституциясына міндетті түрде бағынышты болуынан көрінетін құқықтық үстемдігі болып табылады.
Конституциялық кеңес заңдар және басқа да нормативтік актілерді, егер олар Конституцияға қайшы келетін болса, Конституцияға сәйкес келмейді деп тануға құқылы.
Қазақстан Республикасының Конституциясы адам, оның құқықтары мен бостандықтары ең қымбат қазына деп мойындай отырып, адамның құқықтары мен бостандықтарын, ар-ожданы мен қадір-қасиетін сақтау мен қорғау мемлекеттік биліктің басты міндеті болып табылады деген тұжырымды алдыға тартады. Конституция саяси, заңдық және басқа да кепілдіктердің нақтылы жүйесін құру үшін негіз қалады. Ол өз кезегінде баршаның заң мен сот алдындағы теңдігін, мемлекет пен түлғаның екіжақты жауапкершілігін қамтамасыз етеді.

- Құқықтық мемлекет - азаматтық қоғамның саяси нысанда ұйымдасқан көрінісі
- Құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам
- Құқықтық мемлекеттік органдар
- Құқықтық мемлекеттің түсінігі мен мазмұны
- Құқықтық реттеу әдісі
- Құқықтық сана және мәдениет
- Құқықтық сана және мәдениет
- құқықтық мемлдекет
- құқықтық мемлекет
- Құқықтық мемлекет
- Құқықтық мемлекет
- Құқықтық мемлекет
- Құқықтық мемлекет
- Құқықтық мемлекет