Зақымдауыш құралдар

1. Ядролық қарудың жарылыс ошағы

 

Ядролық қару деп жарылыс кезінде ядролық реакцияның жүруінің нәтижесінде болатын ішкі ядролық қуатты пайдалануға негізделіп жасалған қаруды айтады. Ол барлық белгілі зақымдау құралының ішіндегі ең қуаттысы. Ядролық жарылысының қуаты тротилдік эквивалентпен өлшенеді.

Ядролық жарылыс ауада, жер (су) беттерінде және жер (су) астарында болуы мүмкін. Оның талқандау факторына соққы толқын, жарықты сәуле бөлу, өткір радиация, төңіректі радиоактивті ластау және электрлік магниттік импульс жатады.

Азаматтық қорғаныс штабының құрылымы

Соққы толқын ауаның бірден қысылысынан пайда болады. Және дыбыс жылдамдығынан жоғары жылдамдықпен тарайды. Соққы толқынның пайда болу көзі жарылыстың ортасында өте жоғары қысымның пайда болуы. Соққы толқын өзінің жойқын күшіне байланысты жолындағылардың бәрін қирата талқандап өтеді. Соққы толқынның күші эпицентрінен қашықтаған сайын бәсеңдей береді. Адамдар соққы толқыннан тек арнайы панаханаларға, шұңқырларға т.с.с. таса жерлерге жасырынып сақтанады.

Жарықтық сәуле бөлу ядролық қарудың жарылысының әсерінен пайда болады. Оның құрамында ультракүлгін, инфрақызыл және көрінетін сәулелер бар. Жарықты сәуле бөлу жарылыстың күшіне байланысты бірнеше секундқа ғана созылады. Бұл сәулелердің ішіндегі қауіптісі инфрақызыл сәулесі. Жарықты сәулелену – бұл жарылыс кезінде болатын сәулелердің қуаты. Бұның қызуы миллион градусқа (жарылыс барысында  бірнеше мыңға) дейін болады (жарылыстың аяғында). Жарықты сәулелену өте қысқа мерзімде әсер етеді және тарауы да лезде болады. Ол күннен алдеқайда анық, өткір, ашық сондықтан алыстан көрінеді. Сәуленің мөлшері - калориямен өлшенеді. Ж

арықты сәулелену – адам денесін, жан-жануарды күйдіреді, соқыр қылады. Күйдіру сатысы бірнеше дәрежеде болады:   1 – ші дәрежелі – 4 кал/см;   2 – ші дәрежелі – 4-7,5 кал/см;   3 – ші дәрежелі – 7,5 - 12 кал/см (тері сыдырылады);   4 – ші дәрежелі – 12 –ден жоғары  кал/см (терінің күйігі тереңдеп, жапырықтанып, бөлшектеніп түседі); Жарықты сәуле бөлу үлкен өрттердің пайда болуына әсер етеді, адамдар күйеді, көзді жандырып жібереді.

Өткір радиация – гамма сәулесінің және нейтрондардың ағымы. Ядролық жарылыстың нәтижесінде, оның айналасына жоғары көтеріліп бұлт құраған радиоактивті заттар  жерге түсіп, айналаны, суды, ауаны радиоактивті заттармен ласатайды.

Радиоактивті заттар адамдарға екі жолмен әсер етеді: гамма сәуленің бетта-бөлшектермен бөлініп адамның ашық жеріне, терісіне қонады., екіншіден, олар адамның ішіне кетеді. Осыдан адамдар сәуле ауруына шалдығады. Егер теріге радиоактивті заттар көп қонса, адамдар радиоактивті күйік алуы мүмкін. Ішке түскен радиоактивті заттар қан арқылы адам бойына толық тарайды. Радиоактивті заттардан панаханалар ғана сақтайды.

Электрлік магниттік импульс жарылыстан кенін электрлік және магниттік алаңның пайда болуына әсер етеді. Бұндай алаңның көлемі бірнеше мыңдаған шаршы километр аумақ болуы мүмкін, ол жарылыстың қуатына тікелей байланысты. Электрлік магниттік импульс үлкен антеналы өте сезімтал электрондық элементтерді күйдіріп жібереді, приборларды, конденсаторларды, ваакумды қондырғыларды және т.с.с. электрондық қондырғыларды істен шығарады. Радиацияға қарсы қорғаныс.

Медициналық көмек көрсету.            

Алдымен халықты радиациялық қауіп жөнінде құлақтандыру керек; ұжымдық және жеке қорғаныс құралдарын пайдалану туралы хабардар ету керек, радиактивті заттармен ластанған аймақтың тұрғындарын өздерін қалай ұстау керектігін мүмкіншілігінше түсіндіру қажет, радиацияның деңгейін анықтаудың маңызы зор, дозиметрлік бақылауды тұрақты жүргізу керек, су мен тамақты радиоактивті ластануға зерттеу жасау керек.

 

2. Химиялық қарудың жарылу ошағы

 

Химиялық қару дегеніміз жалпылай улау заттарын қолданатын әскери қару. Химиялық улану заттарын  жеткізу үшін зымырандар, бомбалар, снарядтар және т.с.с. құралдар пайдаланады. Улану заттары адамдарды, мал-жануарларды, тірі организмдерді, өзен-көлдерді, су қоймаларын, сол ошақ төңіректерін, егіндерді, өсімдіктерді жояды, қатты зақымдайды.

Улану заттарының жіктелуі келесі белгілермен анықталады:

  • зақымданудың клиникалық зақымдау белгілері бойынша улау заттарын 6 топқа бөлуге болады:
  • нервті-салдық әсері (зарин, зоман, V типті заттар); тері жарасы әсері (иприт, люизит), жалпы улану әсері (синильдік қышқыл, хлорциан), тұншықтыру әсері (фосген, фифосген), псикаға әсері (ВZ), тітіркендіру әсері (СS – адамсит, хлорпикрин, хлорацетофен  және т.б.);  
  • улану заттарының сақталу қасиетіне байланысты, оларды 2 топқа бөледі: сақталмайтындар (синильдік қышқылы, хлорциан, фосген, дифосген), ұзақ сақталатындар (иприт, зоман, V типті заттар), бұлар ұзақ уақытқа (тіпті айлар бойы) дейін улау қасиетін жоғалтпайды;
  • соңғы зақымдау нәтижесі бойынша: өлімге алып келеді (иприт, зоман, U типті заттар, синильдік қышқыл және басқалары) және адамдарды уақытша есінен айырады;  әсер ету уақыты бойынша: тез әсер ететіндер (удың әсері тез арада білінеді (V), жәй әсер ететіндер (әсері бірнеше сағат өткен соң біліне бастауы мүмкін), мысалы, азотты және күкіртті  иприттер, фосген, дифосген;  
  • қолданылуы ықтимал заттары (V) және фосфорорганикалық заттар.

 

3. Бактериологиялық қарудың жарылыс ошағы

Нерв жүйесін зақымдайтын фосфорорганикалық уландырғыш заттар

 

Бактериологиялық (биологиялық) қару деп терлеткі (потогенные) микроорганизмдерді, олардың шығаратын улары және жеткізетін құралдарының жиынтығын айтады. Бұл қарудің қауіптілігі – приборлардың жиынтығынан іздеп табудың қиындығы.

Ал олардың әсерін анықтау үшін, сол қару қолданылған жерден, судан, ауадан заттар алынып,арнайы жабдықталған зертханада талдау жасап қана анықтауға болады.Оған көп уақыт кетеді, ол жаппай улану басталғанда әрбір минут, секунд қымбат. 

Олар аз мөлшерде буланатын түссіз сұйық түрінде кездеседі. Оның исі болмайды. Суықта қатпайды. Суда баяу ериді, ал органикалық еріткіштер мен майларда жақсы ериді.  

Ашық жатқан су көздерін, өте ұзақ уақыт бойы – 6 айға дейін зақымдаушы күшін жоймайды. Адамның терісіне, тыныс жолдары, киіміне сіңу арқылы уландырады. Жазды күндері бір жерде -12 тәулік бойы, ал қысты күні 2-3 айға дейін сақталып улайды.    

Зарин – бұл түссіз немесе сарғыштау түрде кездесетін, ауада жақсы буланып ұшатын, қыста қатпайтын сұйық зат. Оны кез келген мөлшерде суға немесе органикалық еріткіштерге араластырып қолданады. Судың әсеріне тұрақты қарсылық көрсететіндіктен тұйық су көздерін ұзақ уақыт бойы уландырады. Адамның терісіне, киіміне тез сіңеді. Оның буы 20 км-ге дейін тарайды. Ойлы жерлерде жазда бірнеше сағатқа, қыста 2 тәулікке дейін сақталады.  

Бұл да теріге өтіп және тыныс алу орындарын улайды. Организмге сіңгеннен кейін орталық нерв жүйесіне зардабын тигізеді.  

Иприт – теріні күйдіріп,іріңдетіп улағыш заттарға жатады. Ол сарымсақтың исі бар сарғыш немес қара қошқыл түсті сұйық. Органикалық ерігіштерде жақсы ериді. Ол адам терісіне сіңу арқылы улайды. Бұл жағдайда адам терісі 2-3 сағатта қызарады да, жараға айналып 20-30 тәулік бойы жазылмайтын жара пайда болады.

Адам тыныс жүйесі арқылы уланғанда бірнеше сағаттың ішінде-ақ ауыра бастайды да, тез арада өкпесі қабынып, ісініп, тынысы тарылып, тұншығып өледі. Синильдік қышқыл. Бұл тез буланып кететін түссіз зат. Ашық жерде тез арада бұға айналып ұшып кетеді. Қату температурасы – 140С, адам синиль қышқылы тараған ауаны жұтқаннан уланады. Фозген – бұл тұншықтырғыш улы заттарға жатады. Ол түссіз газ түрінде болады және ауадан 3,5 есе ауыр. Шіріген көптің исі бар. Адамды буланған күйінде тыныс алу органдары арқылы уландырады. Тегіс жерде 30-50 мин, ал ойлы жерлерде 3 сағатқа дейін өзінің уландыру күшін сақтайды.  

Әсері күшті улы заттар (ӘКУЗ):

ӘКУЗ – шаруашылық мақсатта қолданатын зат, олардың қалай болса солай сақтаулы немесе төгілуі адамдарды жаппай улануына алып келеді.    

ӘКУЗ – жабық ыдыста қысыммен сақталады. ӘКУЗ қайнауға бейім, олардың қайнау температурасы +200С, ал атмосфераға газ немесе бу ретінде бөлінеді, олар үлкен қашықтыққа тарайды. Химиялық зақымдау ошағының көлемі, оның адам терісіне тамшы сұйық түсуі және бумен дем алу нәтижесінде болуы мүмкін.   

ӘКУЗ төгілген кезде көрсетілген немесе істелінетін іс-әрекеттер:  хлор – төгілген кезде (ол ауадан ауыр) ең биік орындарға көтерілу керек;  аммиак төгілген кезде (ол ауадан жеңіл) тез буланып жоғары көтеріледі, яғни төмен жерлерді таңдау қажет.  Аммиактан, метилхлоридтен, винилхлоридтен және басқа улы заттардан тыныс органдарын қорғау үшін 30-100 минут бойы қорғайтын противогаз кию керек.

Аммиак суға жақсы жайылады. Осыған орай суланған мақта-дәке таңғышы көмектеседі.   Тыныс органдарын хлордан қорғау үшін өзінің немес балаңыздың дәретімен шайылған мата таңғышпен пайдаланамыз.  

Бұл уланғыш заттардың бәрінен тиімді жеке және ұжымдық қорғау құралдары қорғайды.

 

4.  Халықты қорғаудың  ұжымдық  құралдары

 

Халықты қорғаудың ұжымдық құралдары – тұрғындарды апат, зілзала салдарынан, сондай-ақ кәзіргі замандағы қырып-жою құралдарының зақымданғыш факторларының қорғаудың ең негізгі тәсілдерінің бірі. Солардың бірі- адамдарды ұжымдық қорғау құралына жататын қорғаныс ғимараттарына жасыру. АҚ және ТЖ жүйесінде пайдаланылатын мұндай ғимараттарға панаханалар, радиациядан қорғау орындары (РҚО) және қарапайым жасырыну орындары жатады.   

Панаханалар толқын соққысынан, жарық сәулесінен, өткір радиациядан және радиоактивті зақымданудан, ядролық жарылыстың зақымданғыш факторларынан, сондай-ақ уланғыш заттардан (УЗ), бактериалдық құралдар мен қатты әсер ететін улы заттардан (ҚУЗ) сенімді қорғауды қамтамасыз етеді.   

Өндіріс күштерін қазіргі заманғы  қырып-жою құралдарынан, зілзаладан, радиациялық және химиялық қауіпті объектілердегі апаттардан қорғау – маңызды мемлекеттік міндеттердің бірі. Қорғаныс ғимараттары адамдар жасырынуға тиіс жерлерге мүмкіндігінше жақын орналасуы тиіс.

 

5. Халықты қорғаудың негізгі әдістері мен жолдары

Ядролық қарудың ауа толқынының соққысынан, тек осы күшті есептеп салынған баспана немесе панахана (убежище) ғана сақтай алады.  

Жарықтық сәулеленуден кез келген жарық өткізбейтін бөгет қорғай алады: ағаштың көлеңкесі, үйдің тасасы. Жауын, тұман, қар оның әсерін азайтады. Жаз кезінде оның әсерінен өрт болуы ықтимал.  

Өткір радиация - әр түрлі нәрселерден өткенде гамма сәулелері әлсірейді, неғұрлым кедергі көп болса, соғырлым ол әлсірей береді. Мысалы, ашық траншея – 3 есе азайтады; жабық траншея – 7-10 есе азайтады; бір қабатты ағаш үй – 10-15 есе; Жер астындағы үй – 7-15 есе (земляка), арнай дайындалған жер асты үйі – 400 есе; Көп қабатты үй подвалы – 100-400 есе; арнай салынхан баспахана – 1000 есе; темір бетоннан салынған баспана, шахта, тау қуысы – түгел қорғайды еш зиянсыз.   

Радиоактивті ластану – жарылыс болған жердегі топырақ, шаң жоғары көтеріліп жетмен ыққа қарай жылжи береді де, жол бойы жерге түсіп ластайды. Ол 3  зонадан тұрады:  

  • қауіпті зона;  
  • күшті ластанған зонасы;  
  • аздау ластанған зонасы.   

Ластау мөлшеріне байланысты:  

  • жарылыс түрінен (бомбаның);  
  • оның күшінен (неше мегатонна);  
  • жарылыс болғаннан кейінгі өткен уақыттан;  
  • эпицентрден қашықтығынан;  
  • жер бетінің рельефінен (таулы, жазық дала т.с.) убежище), радиацияға қарсы панаханалар (РҚП) және қарапайым панаханалар жатады.    

Арнайы қорғану құрылымы бұл соғыс және бейбіт уақыттағы ядролық және химиялық қауіп қатерде пайдаланатын герметикалық қорғау құрылымы. Арнайы қорғану құрылымында паналайтын адамдар тері мен тыныс жолдарын қорғайтын құралдарды пайдаланбайды. Радиацияға қарсы панахана бұл адамдарды жедел сәуле мен радиоактивті заттар және биологиялық аэрозольдерден қорғайтын құрылым. Қарапайым панахана бұл жер қабатындағы саңлау, арық, траншея, арнайы қазылған үңгір (землянка). Бұларды жасауға көп уақыт кетпейді және оларда адамдар тиімді қорғана алады.    Қорғаныс құрылымдары қызметіне, орналасу уақытына, қорғану қасиетіне және  сиымдылығына байланысты топталады.

Қызметіне байланысты қорғаныс құрылымы жалпы және арнайы болып бөлінеді. Жалпы қызметтегі қорғаныс құрылымы қаладағы халықты қорғау үшін, ал арнайы қызметтегі құрылымы басқару органдары қызметіндегі қызметкерлер, байланыс және хабарлау жүйелері және емдеу мекемелерінің қызметкерлерін  олардың құралдарымен қоса қорғау үшін пайдаланады. Себебі бұл органдар тоқтаусыз жұмыс жасау керек.     

 

6. Көпшілікті қорғау құралдарының  топталуы

 

Көпшілікті қорғау құралдарына арнайы қорғану құрылымы орналасуы бойынша қосылып салынған және жеке тұрғызылған қорғану құрылымы болып бөлінеді. Қосылып салынған құрылымға ғимараттың подвалын жатқызуға болады. Бұл қорғаныс құрылымдардың ішінде кең тарағаны. Қорғану құрылымының жеке тұрғызылған түрі ғимараттан бөлек орналасады.

Тұрғызылу уақыты бойынша алдын ала тұрғызылған және тез арада тұрғызылған болып келеді. Алдын ала тұрғызылған қорғаныс құрылымы  жанбайтын құрылыс материалдарын пайдаланып салынған салынған тұрғылықты құрылым. Ал тез арда тұрғызылатын қорғаныс құрылымы қолдағы бар материалдармен төтенше жағдай туындағанда ғана тұрғызылатын құрылым.

Қорғаныс қасиеті бойынша қорғану құрылымы (убежище) бірнеше топқа бөлінеді. Атап айтқанда қорғану мүмкіншіліктеріне, оның қабырғаларының конструкциясына  және оның соққылы толқынының қысымының белгілі бір шамасына шыдамдылығына байланысты болуы.

Сиымдылығына байланысты олар кіші сиымды (600 адамға дейін), орта сиымды (600-2000 адамға дейін) және үлкен сиымды (2000 адамнан артық) болып бөлінеді.    

 

7. Зақымденған ошақтағы құтқару және апатты қайта қалпына келтіру жұмыстары

 

Зардап шеккендерге берілетін көмектің негізгі мәні оның тезділігінде және жасалған  іс-әрекеттердің тиімділігінде.

Құтқару жұмыстарға төмендегілер жатады:  

  • көмекке келер күштердің жүрер жолдарын барлау;  жолдағы немес

апат орындағы өрттің жайылынуына жол бермеу;

  • апат болған жердегі баспаналардағы адамдарға көмекке бару, оларға ауа баратын жолдар іздеу;  
  • құлаған үйлер астындағы қалған адамдарды іздестіру;  
  • оларды шығару;  
  • зардап шеккендерге дәрігерлік көмек көрсету, ауруханаларға аттандыру;  
  • халықты химиялық және радиацияланған аудандардан, су басқан аудандардан көшіру;  
  • адамдарды, олардың киімдерін санитарлық тазартудан өткізу;  
  • территорияны, құрылыстарды, транспортты басқа техниканы химиялық улы заттардан, радиациядан тазарту.

Құтқару жұмыстарымен қатар, қалпына келтіру жұмыстары да қатар жүргізіледі. Қалпына келтіру жұмыстарына төмендегі іс-әрекеттер жатады:  ластанған аумақтарға баратын жолдарды тазалау;  апаттың одан әрі тарауына жол бермеу;  бұзылған газ, су құбырларын және басқа да жүйелерді уақытында іске қосу;  қираған үйлерді қалпына келтіру немесе оларды жою жұмыстары;  көше бойында қауіпсіз қозғалысты және құтқару жұмыстарын қамтамасыз ету;  құтқару жұмыстары үшін тез арада байланыс жүйелерін жүргізу. Белгіленген жұмыстарға сәйкес зақымданған ошақтарға  барлаушы күштер жіберіледі. Олар радиациялық жағдайды, қорғану құрылыстары мен орындарының мән-жәйін, апат орнына барар жолдарды, зардап шеккен адамдарды, оларды құтқару шараларын анықтайды. Зақымданған орынға АҚ күштерін жіберіп, іс-шаралар жүргізіледі. Адамдарды құтқару жұмыстарына АҚ жүйесінің қызметкерлерімен бірге кәсіпорындарда біріктірілген топтарды жұмылдырады. Сонымен қатар құтқару және қалпына келтіру жұмысына арнайы техникаларды да пайдаланады.      

Жұмыс жүріп жатқан жерде арнайы аптечкалар, химиялық пакеттер, байлап орау жабдықтары болуы тиіс. Апаттың зардабын жою бағытында жүргізілетін негізгі жұмыс – ол адамдарды құтқару, оларды ауруханаға жөнелту, қажет болған жағдайда ол жерден көшіру болып табылады. Көшірілетін адамдар қайда апаратылатындығы алдын ала белгілі болуы тиіс.

 

8.  Эвакуация

 

Халықты қорғау әдістерінің ең негізгісі уақытша көшіру (эвакуация) шаралары болып табылады. Оған, адамдардың өмірін сақтау мақсатында төтенше жағдайлар аймағынан және қазіргі заманғы қырып-жою құралдары қолдануы мүмкін аудандардан халықты көшіру, соғыс уақытында қауіп төнген аймақтардағы жұмыс істеп жатқан, ұйымдардың жұмысшылары мен қызметкерлерін қауіпсіз аймаққа жайғастырып бөлу және орналастыру жатады.

Көшіру шаралары Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органдарының және аумақтық басқару органдарының жалпы басшылығымен алдын ала жоспарланады. Бейбіт уақытта қауіпсіздік қатері мен табиғи апаттық төтенше жағдайлар болуы мүмкін аймақтар үшін көшіру шараларын жүргізу тәртібі анықталады. Сонымен қатар, соғыс уақытына шекаралас аудандар мен қауіп төнген жерлердегі халықты көшіру тәртібі белгіленді.  

 Уақытша көшіру шаралары:  

  • ұйымдардың жұмысшылары мен қызметкерлерін және олардың отбасы мүшелерін - өндірістік принцип бойынша;  
  • халықты көшіру – аумақтық принципі бойынша жүзеге асырылады;  
  • көшіруді ұйымдастыру және меншік көлік иелерінің көліктерін тарту жеке меншік пәтерлер кооперативтеріне жүктеледі.
  • Көшіру шараларын жүргізу үшін  жергілікті  атқарушы органдарында, ұйымдарда көшіру комиссиясы құрылады.
  • Көшіру шараларын ұйымдастыру және оны жүргізу тиісті басқару органдарының және ұйымдарының бірінші басшыларына жүктелген.

Ұйымның эвакомиссиясының міндеттері:  ұйымның АҚ штабымен бірлесіп, объектінің жұмысшылары мен қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерін орналастыру үшін олардың тізімдерін жасайды;  азаматтық қорғанысының басшысына эвакуациялық жинау пунктінің әкімшілік құрамы, эшолондар бастықтарын, автомобил колонналары мен жаяу саптар бастықтарын тағайындау туралы ұсыныс әзірленеді.

 

9. Зақымданған  ошақтағы құтқару және қайта  келтіру жұмыстары

 

Құтқару және басқа да шұғыл жұмыстары (ҚжБШЖ) төтенше жағдай аумағында адам құтқару үшін және де жарақат алғандарға көмек көрсету және  қайта қалпына келтіру мақсатында жүргізіледі.

Төтенше жағдайдың зардабын жою стратегиясы бір сыпыра қауіп-қатерге және соған байланысты төуекелділікке негізделеді. Сондықтан ең алғашқы міндет- адамдар қауіпсіздігін қамсыздандыру. Стратегия мен тактика қандай шараларды қалай қолдануын ескереді.

Адамдарды құтқару төтенше жағдайды әсерін жоюдың бір бөлігін құрайды, сонымен қатар, төтенше жағдайды зардабын жою жұмыстары арнаулы үш топқа жіктеледі:

  • құтқару;  
  • арнаулы (жедел);  
  • қосалқы.

Құтқару жумыстары, адамдарды құтқарып алуымен тікелей байланысты, оған мыналар кіреді:

  • басылып не қамалып қалған орындарда зардап шеккендерді іздеу;
  • зардап шеккендерді шығарып алу (оларға жету жолдарын жасау);  
  • зардап шеккендерге алғашқы медициналық жәрдем көрсету;  зардап шеккендерді апат болған жерден көшіру мыналарды қамтиды;  
  • өрт сөндіру;  
  • коммуналды-энергетикалық және техникалық желілердегі апаттарды жою;  
  • тосқауылдарға кіру жолдарын жасау;  осал құрылыстарды күшейту.

Арнаулы жұмыстардың атқарылу нәтижесінде құтқару жұмыстарының орындалуына және адамдардың қосымша зардап алмауына жағдай туындайды.

Қосалқы жұмыстар құтқару жұмыстарын алаңына және жұмыс орындарын инженерлік пен ұйымдастырушылық дайындығына байланысты.

Оларға мыналар жатады:  аландарды тазалау;  техника орнату;  қоршаулар мен ескерту белгілерін орнату;  жұмыс орындарын жарықтандыру т.с. Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларды ескерту мен жою жөніндегі шараларында зандылыққа сәйкес азаматтық қорғаныс күштері қатысады. Төтенше жағдай зардаптарын жою мынаны қамтиды:  халық пен ұйымдарды төтенше жағдай қауіпі туралы құлақтандыру;  барлау жүргізуді, қирау дәрежесін, зақымдану аймағын, су басудың немесе тасқынның таралу жылдамдығы мен ықтимал шекарасын, өртенген жердің көлемін, аудандары мен таралу бағытын және өзге де меліметтерді анықтау;  тікелей қауіп төніп тұрған нысандар мен елді мекендерді анықтау;  құтқару және басқа жұмыстар үшін іске қосылған күш топтамасы мен құралдар санын анықтау;  төтенше жағдай аумағындағы күш-құралдарды басқаруды ұйымдастыру;  зардап шеккендерге дәрігерлік көмек пен оларды емханаларға жеткізуді ұйымдастыру, сонымен қатар тұрғындарды қауіпсіз орындарға шығарып қоныстандыру;  құтқару жұмыстарды жүргізу барысында оған сәйкес қауіпсіздік шараларын даярлап іске асыру;  төтенше жағдай аумағында және оған шекаралас аудандарында коменданттык қызметті ұйымдастыру. Сондай-ақ, төтенше жағдай зардабын жоюға және құтқару жұмыстарды қамсыздандыру мен даярлауға бағытталган материалдық және басқа шараларды ұйымдастыру кіреді. Күрделі зақымдану ошағындағы құтқару жұмыстарды тек өрттер мен кирауларды ғана емес, сондай-ақ радиоактивтік, химиялық, бактериологиялық зақымдауды ескере отырып ұйымдастырылады. Бұл жағдайда бактериологиялық зақымдану түрлері аңықталғанға дейін барлық шаралар аса қауіпті жұқпалы аурулардан қорғану режимінде ұйымдастырылады. Ауру қоздырғыштар түрі аңықталысымен зақымдану ошағында және оған жапсарлас аудандарда тиісті оқшаулау-шектеу және жұқпалы ауруларға қарсы шаралар жүргізіледі.

Күрделі зақымдану ошағында құтқару жұмыстарын табыста жүргізу үшін мыналарды істеу қажет:  

  • барлаудың барлық түрлерін үздіксіз және бір уақытта жүргізу және оның мәліметтерін жылдам пайдалану;  
  • мақсаттары әртүрлі күш пен құралды бір уақытта және дұрыс пайдалану;  зақымдау, қирау, өрт аймағын тез жою немесе айналып өту;  
  • күш-жігерді маңызды нысандарға жұмылдыру, күш пен құралды бағыттау;  
  • тұрақты және нақты өзара іс-қимыл қарқының қолдау;  
  • күш пен құралды үздіксіз, мығым және ұтымды басқару.

 Зақымдану ошағында  медициналық күш пен құралды  жылдам еңгізудің, соңдай-ақ улағыш  және қатты әсер ететін улы  заттармен зақымдалғандарға алғашқы  медициналық көмек көрсетуді бастау мерзімін барынша жақындатудың ерекше маңызды бар. Хайуанаттар мен өсімдіктердың, ауылшаруашылығы өнімдері мен жануарларды, су көздерін қорғау бойынша Азаматтық қорғаныс іс шараларын орындау мақсатында хайуанаттар мен өсімдіктерді қорғау қызметтері мен қызмет бөлімшелері құрылады.

Қызметтердің негізгі міндеттері:

  • мал мен өсімдіктерді, ауылшаруашынық өнімдерін және өсімдік шаруашылығын, су көздері мен сумен жабдықтау жүйесін радиоактивтік, химиялық, бактериологиялык (биологиялық) зақымданудан қорғау жөніндегі шараларды ұйымдастыру және орындау;  
  • ветеринарлық және фитологиялық барлауды, зақымданған хайуанаттарды емдеуді ұйымдастыру;  
  • зақымдалған хайуанаттарды амалсыз союды және оларды көмуді ұйымдастыру;
  • егістікті, жайылымды және мал мен өсімдік шаруашылығы өнімдерін залалсыздандыру;  
  • ауылшаруашылығы өнімдері мен малды қауіпсіз аймаққа апаруды ұйымдастыру;  
  • жем-шөп пен астықтың артық қорын жасау;  қызмет бөлімшелерін мақсат бойынша іс-әрекеттерге даярлата ұстау және оларды жеке құралмен, техникамен және мүлікпен қамсыздандыру;
  •  дәрі-дәрмектердің, залалсыздандырғыш заттардың қорын жасау және де дер кезінде жаңарту;  
  • төтенше жағдайдағы, зақымдану ошақтарындағы іс-әрекеттерге ауыл халқын оқытып-үйретуді ұйымдастыру және өткізу.

Шаруашылықтағы мал мен өсімдіктің зақымдалуын оқшауландыру және жою жұмыстары төтенше жағдай аймағында тікелей іс-әрекет ететін мал мен өсімдікті қорғау командасына (МӨҚК) жіктеледі, олар:  хайуанаттарға ветеринарлық көмек көрсетеді;  оларды көшіріп, қоныстандырады;  зақымданған хайуанаттарды, өсімдіктерді сынақтама тексерінен өткізеді, ескереді және зерттеу үшін зертханаға жеткізеді;  хайуанаттар нысандарына залалсыздандыру жүргізеді және зақымдалған хайуанаттарға ветеринарлық ем-дом жасайды;  улы химикаттар көмегімен зақымдалған егістіктерді залалсыздандырады.

АҚ шараларын және күштерінің іс-әрекеттерін қамсыздандырудың негізгі түрлері:

    • барлау;  инженерлік қамсыздандыру;  
    • химиялық қамсыздандыру;  
    • медициналық қамсыздандыру;  
    • көлікпен қамсыздандыру;
    •  материалдық-техникалық қамсыздандыру;  
    • гидрометеорологиялық және метеорологиялық қамсыздандыру.

Құтқару жұмыстарын жүргізу барысында негізгі күш пен құралдарды

зардап шеккендерге алғашқы дәрі-дөрмек көмегін беру үшін, бұзылыста қалғандарды шығару үшін, жедел жетуде мақсатталады. 


Зақымдауыш құралдар