Жаңа индустрияландырудың өзегі – инновация
Айқын газеті Жаңа индустрияландырудың өзегі – инновация |
|
|
05.07.12. - Бүгінгі Қазақстан инновацияны
сенімді түрде енгізіп, заманауи кәсіпорындарды
ашуда. Қазіргі уақытта біз автомобильдер
мен ұшақтарды шығаруды қолға ала бастадық.
Мысалы, мен жақында инновациялық өндіріс
болып табылатын тікұшақтар шығаратын
зауытта болдым. Біз, сондай-ақ «Фермер»
ұшағын шығара бастадық, келесі кезекте
азаматтық авиация ұшақтарын шығармақпыз,
- деп атап өтті Н.Назарбаев. |
Ақтау қаласында
«Технологиялық дамыту жөніндегі ұлттық
агенттік» АҚ-тың құзырлы
Кездесуде Индустриализация
картасы мен үдемелі
Шара барысында
«Технологиялық дамыту жөніндегі ұлттық
агенттік» АҚ инновацияны қолдаудағы
құралдарын таныстырды. Естеріңізге
сала кетейік, инновациялық гранттар,
жобалық, венчурлік қаржыландыру, технологиялық
бизнес-инкубатор, конструкторлық бюролар
мен технологиялар
«Біздің агенттік өнертапқыштармен,
жас ғалымдармен, кәсіпорындармен
ынтымақтаса жұмыс жасауға
Сонымен қатар, «Индустриалды-инновациялық
қызметті мемлекеттік қолдау туралы»
ҚР заңнамасында қарастырылған қаражатты
пайдалану тетіктері жөнінде
сөз қозғалды. Жер кендерін пайдаланушылардың
міндетті түрде жыл сайын қазақстандық
тауар өндірушілерге ғылыми-
Шара нәтижесі бойынша «технологиялық дамыту жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ Маңғыстау облысы әкімдігімен екіжақты ынтымақтастық Меморандумына қол қойды. Негізгі бағыттар – инновациялық дамыту саласында ақпарат тарату/алмасу, жобаларды іске асыру бойынша кеңес беру, үгіт-насихаттық жұмыстар жүргізу.
«Технологиялық дамыту жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ жарғы капиталы жүз пайыз мемлекеттің қатысуымен құрылған. Агенттік инновациялық дамыту үрдістері мен мемлекеттік қолдау құралдарын үйлестіру үшін құрылған.
МАҢҒЫСТАУ «АҚЫЛДЫ АЙМАҚҚА» АЙНАЛАДЫ
Айна · 61 рет қаралған
Ақтауда «Батыс Қазақстанда жаңа өндірістер құру» деген тақырыпта инвестициялық форум болып өтті. Мұндай ірі шараның Ақтауда өтуінің де өзіндік мәні бар. Қаланың Каспий теңізі арқылы бес мемлекетке шығып, сауда-экономикалық байланыс жасауға, трансұлттық көлік дәлізіне айналуға барлық мүмкіндігі орасан.
Өндіріс орындарын ашуға
қолайлы қазыналы түбекке шетелдік
инвесторлардың да қызығушылығы аз емес.
«Батыс Қазақстан – экономикалық әлеуеті
аса зор, жаңа және қызықты нарық. Экономикалық
әріптес болғысы келетін компаниялар
үшін мүмкіндіктер бар», – дейді «ҚазМұнайГаз»
ҰК АҚ басқарма төрағасының жергілікті
мазмұнды дамыту жөніндегі кеңесшісі
лорд Уэверли. Үш күнге созылған форумға
ұзын саны 35 елден 500-ге жуық делегат қатысты.
Қатысушылар үшін бірқатар жобалардың
тұсаукесері жасалып, батыс аймақты экономикалық
өсуіне ықпал ететін қатынастар туралы
баяндамалар жасалды. Әсіресе, мұнай-газ
өнеркәсібіне айрықша назар аударылды.
Ауылшаруашылығы, туризм, қалпына келтірілген
энергия, су тазарту, машина жасау сияқты
жобалар да назардан тыс қалмады.
– Мұнай-газ саласы – шетелдік инвесторлар
үшін экономиканың маңызды секторының
бірі болып қала береді. Келесі жылдың
көктемінде Қашаған кен орнында мұнай
өндіру жұмыстары басталады деп жоспарланып
отыр. Бұл жағалау инфрақұрылымның, мұнай-химия
және экономиканың басқа да салаларының
дамуына жағдай жасайды. Тек жағалау инфрақұрылымы
үшін 2 млн. тоннаға жуық металл құрылым
қажет болады. Елдегі осы саланың қазіргі
қуаты мұндай қажеттілікті өтей алмайды.
Демек, жаңа өндіріс орындарын құру үшін
нақты қадамдар қажет, – деді Маңғыстау
облысының әкімі Бауыржан Мұхаметжанов.
Әкімнің айтуынша, Қашаған жобасы бойынша
мемлекеттің экономикалық таза түсімі
бірнеше миллиардтаған долларға жетеді.
«Соған қарамастан, Солтүстік Каспий және
басқа да оффшорлық жобаларда қазақстандық
үлесті көбейтуге тиіспіз. Қазіргі таңда
мұнай-газ компаниялары сатып алып отырған
тауарлардың 10 пайызы ғана еліміздің үлесінде
болып тұр», – деп атап өтті аймақ басшысы.
Мұнай-газ компанияларының сатып алуларындағы
жергілікті мазмұн мәселесінің өзектілігін
«KAZENERGY» қауымдастығының бас директоры
Жанболат Сәрсенов те атап өтті.
– Бұл – қолданыстағы қазақстандық мазмұнды
анықтау әдістемесіне де, сатып алу процесін
сәйкестендіру жағдайларына да қатысты
кешенді мәселе. Атқарушы билік қысым
көрсетпесе, ал инвесторлар қорғанбаса
ғана, яғни екі тарап мәселені бірлесе
шешкенде ғана қазақстандық мазмұн арта
түседі. Әріптестік әдіске көшетін кез
жетті, – деген ол форумда талқыланатын
жобаларға да тоқталып өтті. «Шара барысында
5 жоба талқыланады, қосымша алтыншы жоба
тағы қосылып жатыр. Бұл жобалар Ақтауда
жүзеге асырылады. Ол шамамен 300 млн. доллар
инвестция тартады деп жоспарлап отырмыз»,
– дейді Ж. Сәрсенов.
Форумда атынан ат үркетін ірі компаниялар
ғана емес, республиканың батыс аймағындағы
үш облыс – Маңғыстау, Атырау, Орал өңірлерінің
басшылары да өз өлкелерінің мүмкіндіктерімен
таныстырды. Мәселен, Атырау облысы әкімінің
орынбасары Асқар Әбдіров бұл өңірдің
алыс және жақын шетелдегі 52 мемлекетпен
байланыс жасайтынына ерекше назар аударды.
Бұл өлкені әлем көмірсутек шикізатының
көзі ретінде таниды. «Мұнай-газ өндірісімен
қатар түрлі минералдар мен құрылыс материалдарының
кен орны бар. Облыста шетелдік инвестиция
тарту үшін бар жағдай жасалған», – дейді
А.Әбдіров.
Ал форум қатысушыларын қарсы алған құтты
мекеннің болашаққа жоспарлары қандай?
Маңғыстау өлкесінде іске асырылатын
жобалар туралы облыс әкімінің орынбасары
Біржан Канешов баяндады.
– Аймақтың инновациялық-технологиялық
деңгейін және жалпы экономикалық дамудың
деңгейін көтеру мақсатында «Маңғыстау
ақылды аймақ» атты инновациялық даму
концепциясы жасалуда. Ол өзінің негізін
халықаралық бағдарламалардан алады,
бірақ Маңғыстау өңірінің ерекшелігіне
бейімделген. Бағдарлама маңызды алты
саланы қамтиды: өнеркәсіп, энергетика,
экология, ауылшаруашылығы, туризм мен
сумен жабдықтау, – дейді Біржан Канешов.
Қатысушылар форумның алғашқы күнінде-ақ
өлке басшылары айтқан мүмкіндіктерді
өз көзімен көрді. Соның алғашқысы – Ақтау
халықаралық теңіз сауда порты. Жылына
15,5 млн. тонна жүк тасымалдап отырған порт
болашақта қуатын 21 млн. тоннаға дейін
арттыруды көздеп отыр.
– Бұл «Шығыс-Батыс» және «Солтүстік-Оңтүстік»
сынды жаңа дәліздер арқылы импорт пен
экспорт жасау жөніндегі жобаны дамытуға
ынталандыратыны сөзсіз, – дейді кәсіпорын
директорының корпоративтік даму бойынша
орынбасары Дәурен Құтпанбаев.
Бұдан соң форум қатысушылары Маңғыстаудан
кәсіп ашамын дегендер үшін үлкен мүмкіндік
беретін «Ақтау Теңіз порты» АЭА-ына ат
басын тіреді. Арнайы экономикалық аймақта
жұмыс жасап жатқан, салынып жатқан кәсіпорындарда
болып, жұмыстарымен танысты. Форумның
жұмысына ҚМГ, «Теңізшевройл», НКОК және
КПО компаниялары арасында «Бірлескен
іс-қимыл туралы Ақтау декларациясы» нүкте
қойды. Бұл декларация операторлардың,
инвесторлар мен мемлекеттік мекемелердің
түрлі бағдарламаларын біріктіріп, мәліметтермен
алмасуға мүмкіндік береді.
Сағын АХМЕТҰЛЫ.
Маңғыстау облысы.
Авторы: admin, 29.09.2012
Маңғыстау облысы бойынша агроөнеркәсіптік кешен саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру
қағидасы
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы, Маңғыстау облысы бойынша агроөнеркәсіптiк кешен саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру қағидасы (бұдан әрі ― Қағида) «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі және 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті басқару мен өзін-өзі басқару» Заңдарына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және Маңғыстау облысы бойынша агроөнеркәсіптiк кешен саласында инновациялық жобаларды жергілікті бюджет қаражаты есебінен енгізу мен тарату және Маңғыстау облысы бойыншаагроөнеркәсіптік кешенінде зияткерлік меншік объектілерін енгізу мен тарату бойынша қабылданған шаралар туралы есеп беру үшін оларды іріктеуді ұйымдастырудың тәртібін белгілейді. Осы Қағида «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексіне, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.
2. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) бюджеттік бағдарламаның әкімшісі – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Маңғыстау облысы бойынша агроөнеркәсіптiк кешенінде инновациялық тәжірибені әзірлеу, тарату және енгізу бойынша бюджеттік бағдарламаға әкімшілік ету жөніндегі функциялар жүктелген жергілікті атқарушы органның уәкілетті органы;
2) өтінім беруші(лер) - жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру үшін инновациялық жобаны Маңғыстау облысы бойынша агроөнеркәсіптiк кешенінде енгізу мен таратуға арналған, оны іске асыру жөніндегі іс-шаралары бар өтінімді беруші, Қазақстан Республикасының аумағындағы АӨК ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызмет субъектісі;
3) АӨК субъектілері - Маңғыстау облысы бойынша агроөнеркәсіптік кешенінде өз қызметін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;
4) өтінім – АӨК саласында мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органның уәкілетті органына берілетін, осы Қағидаға қосымшаларға сәйкес белгіленген нысандағы құжаттар пакеті;
5) ғылыми ұйымдар (ҒҰ) – ғылыми зерттеулер жүргізуге мемлекеттік тіркелген, негізгі қызметі АӨК ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет көрсету болып табылатын заңды тұлғалар;
6) инновациялық жобаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар – жергілікті бюджет қаражаты есебінен Маңғыстау облысы бойынша АӨК инновациялық жобаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар.
2-тарау. Инновациялық жобаларды іріктеудің тәртібі мен шарттары
3. Маңғыстау облысы бойынша агроөнеркәсіптік кешен саласында инновациялық жобаларды іріктеуді (бұдан әрі - инновациялық жобаларды іріктеу) конкурстық негізде бюджеттік бағдарламаның әкімшісі жүргізеді.
4. Инновациялық жобаларды іріктеуге құжаттар берудің және конкурс (бұдан әрі - конкурс) өткізудің мерзімдерін облыстық бюджеттік бағдарламаның әкімшісі белгілейді.
5. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі конкурс өткізу басталмас бұрын 10 жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таралатын ресми бұқаралық ақпарат құралдарында және жергілікті атқарушы органның ресми сайтында тиісті хабарландыру және конкурстық құжаттар мазмұнын жариялайды.
6. Инновациялық жобаларды іріктеу рәсімі төрт кезеңде жүргізіледі:
бірінші кезең: өтінімдердің толықтығы мен ресімделу сапасын, осы Қағиданың талаптарына сәйкестігін бюджеттік бағдарлама әкімшісінің қарауы;
екінші кезең: бюджеттік бағдарламаның әкімшісі инновациялық жобаларды іріктеу талаптарына өтінімдердің сәйкестігі негізінде олар бойынша кешенді қорытынды дайындауы;
үшінші кезең: Құрамы мен ережесі облыс әкімінің Қаулысымен бекітіліп, жергілікті атқарушы органның мүдделі мемлекеттік органдарының, ғылым, бизнес және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінен құрылған, инновациялық жобаларды іріктеу комиссиясының (бұдан әрі - Комиссия) өтінімдерді қарауы және кешенді қорытындысы. Мұнымен бірге, Комиссия туралы ережеде, Комиссияға кіретін мемлекеттік қызметкерлердің құқықтары, міндеттері және жауапкершіліктері қарастырылуы керек;
төртінші кезең: бюджеттік бағдарламаның әкімшісі Комиссияның қорытындысы бойынша инновациялық жобаны қаржыландыру немесе қаржыландырудан бас тарту туралы шешім қабылдауы.
7. Конкурсқа қатысу үшін өтінім беруші(лер) мынадай құжаттарды беруі қажет:
1) осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес өтінім нысанын;
2) осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес инновациялық жобаны (жобаларды) іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын;
3) осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес инновациялық жобаларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына түсіндірме жазбаны;
4) осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес инновациялық жобаны (жобаларды) іске асыру жөніндегі іс-шаралардың шығыстар сметасын;
5) заңды тұлғалар үшін:
жарғысының және мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің нотариалдық куәландырылған көшірмесін;
соңғы екі жылдың қаржылық есептілігінің көшірмесін;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзімі кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда, өтінім берілген күннің алдындағы үш айдан артық уақытта салық төлеуші ретінде салықтық берешектері және жинақтаушы зейнетақы қорларына берешектері бар немесе жоқ екендігі туралы, бірінші басшының немесе қол қоюға құқылы адамның қолы қойылған және салық органының мөрі басылған, салық органының белгіленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасын;
өтінім берілген күннің алдындағы үш айдан артық уақытта банкке (банктерге) (өтінім беруші екінші деңгейлі бірнеше банктің немесе филиалдарының, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болса, бұл анықтаманы осындай банктің әрқайсысы береді) мерзімі өткен берешектерінің жоқ екендігі туралы, бірінші басшының немесе оның орынбасарының қолы қойылған және банктің (банктердің) мөрі басылған анықтаманың түпнұсқасын;
аграрлық сипаттағы ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық салалардағы жұмыстарды атқаруға өтінім берушінің біліктілігін растайтын лицензиялардың, патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың, дипломдардың және басқа да құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмелерін;
өтінім берушінің өзінің ғылыми-техникалық және материалдық-өндірістік базасын (болған жағдайда) Маңғыстау облысы бойынша АӨК саласындағы инновациялық жобаларды енгізуге бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру үшін беретіні туралы міндеттемелерін растайтын құжаттарды (деректерді).
6) жеке тұлғалар үшін:
жеке куәлігінің, әлеуметтік жеке код берілгенін растайтын куәліктің, Қазақстан Республикасының салық төлеушісі куәлігінің нотариалдық куәландырылған көшірмесін;
салық төлеуші ретінде салықтық берешектері бар немесе жоқ екендігі туралы, салық органының белгіленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасын;
аграрлық сипаттағы ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық салалардағы жұмыстарды атқаруға өтінім берушінің біліктілігін растайтын лицензиялардың, патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың, дипломдардың және басқа да құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмелерін;
өтінім берушінің өзінің ғылыми-техникалық және материалдық-өндірістік базасын (болған жағдайда) инновациялық жобаны енгізуге бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру үшін беретіні туралы міндеттемелерін растайтын құжаттарды (деректерді).
7. Инновациялық жобаларды енгізу және тарату үшін конкурсқа қатысу үшін өтінім беруші(лер) ұсынған материалдар осы Қағиданың және оған қосымшалардың талаптарына түгелдей сәйкестендіріліп бірыңғай папкаларға құрастырылуы, парақтары нөмірленіп ресімделуі тиіс.
8. Өтінім беруші өзі берген құжаттардың, бастапқы деректердің, есептесулердің, негіздемелердің толықтығы мен анықтығын қамтамасыз етеді. Өтінім қабылданбаған жағдайда, ұсынылған құжаттар өтінім берушіге қайтарылады.
9. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі инновациялық жобаларды іріктеудің бірінші кезеңінен өткен, осы Қағиданың талаптарына сәйкес келетін өтінімдер бойынша, олардың инновациялық жобаларды іріктеу талаптарына сәйкестігі негізінде кешенді қорытынды дайындайды.
10. Инновациялық жобаларды іріктеуге қойылатын талаптар:
өтінім беруші(лер) ұсынған материалдардың, осы Қағиданың талаптарына және жергілікті атқарушы органның АӨК саласында мемлекеттік саясатты іске асыратын уәкілетті органының конкурстық құжаттамасымен анықталған инновациялық ұсыныстарды іріктеу критерииіне сәйкестігі;
жобаның бағыттылығы, оны іске асырудың техникалық тұрғыдағы мүмкіндігі, патенті болуы, облыс аумағындағы АӨК енгізуге және таратуға дайындығының деңгейі;
маңыздылығы, Маңғыстау облысы бойынша аграрлық өнеркәсіп кешенін және Қазақстан Республикасын дамытудың басым бағыттарына сәйкестігі;
инновациялық жобаның қаражатын игеру және Маңғыстау облысы бойынша агроөнеркәсіптік кешендегі перспективасы тұрғысынан нақты зерделенген пайымдауының болуы;
инновациялық жобаларды орындау үшін қажетті құрал-жабдықтардың, инфрақұрылым мен ресурстардың болуы;
инновациялық жобаның бәсекеге қабілеттілігі;
инновациялық жобаның экономикалық тұрғыдан қисындылығы.
11. Өтінімдерді және бюджеттік бағдарлама әкімшісінің кешенді қорытындысын Комиссияның қарауы осы Қағидаға сәйкес жүргізіледі.
12. Өтінімдерді және кешенді қорытындыны Комиссияның қарауы инновациялық жобаларды іріктеу конкурсына келген өтінімдер бойынша бюджеттік бағдарлама әкімшісінің кешенді қорытындысын алған сәттен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
13. Материалдарды қараудың қорытындылары бойынша Комиссия Қазақстан Республикасының заңнамасы белгілеген бюджеттік бағдарлама шеңберінде инновациялық жобаны жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру туралы немесе оны қаржыландырудан бас тарту туралы өзінің ұсынымдарын шығарады.
13-1. Конкурсқа қатысушылардың үздік ұсыныстарын таңдау жергілікті атқарушы органның АӨК саласында мемлекеттік саясатты іске асыратын уәкілетті органының конкурстық құжаттамасында анықталған критериилер негізінде жүргізіледі.
13-2. Инновациялық жобаларды конкурспен іріктеуге, Қазақстан Республикасының мемлекеттік уәкілетті органдары, Қазақстан Республикасы Заңнамасы белгілеген тәртіппен бақылау жасайды.
14. Инновациялық жобаны қаржыландыру туралы немесе оны қаржыландырудан бас тарту туралы Комиссияның ұсынымдарына хаттама жасалып, Комиссияның барлық мүшелері қол қояды.
15. Комиссияның ұсынымының негізінде бюджеттік бағдарламаның әкімшісі Комиссия отырысының хаттамасына қол қойылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасы белгілеген бюджеттік бағдарлама шеңберінде инновациялық жобаны жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру туралы немесе оны қаржыландырудан бас тарту туралы шешім шығарады.
16. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі инновациялық жобаны қаржыландыру туралы шешім қабылдаған сәттен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде, ол осы Қағидаға 7-қосымшадағы, инновациялық жоба туралы үлгі келісімшартқа сәйкес, өзі мен конкурс қорытындылары бойынша анықталған өтінім беруші(лер) арасында келісімшарт жасасады.
17. Инновациялық жобаны жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландыруға бөлінген қаражаттың арнайы мақсатқа және белгіленген тәртіппен бекітілген шығыстар сметасына толық сәйкес пайдаланылуы инновациялық жоба туралы келісімшарттың міндетті талабы болып табылады. Инновациялық жобаның пайдаланылмаған қаражаты Қазақстан Республикасы Заңнамасы белгілеген тәртіппен жергілікті бюджетке қайтаруға жатады.
Инновациялық жобаны қаржыландыруға бөлінген бюджет қаражаты шығыстар сметасында көзделмеген мақсаттарға жұмсалған жағдайда толығымен Қазақстан Республикасы Заңнамасы белгілеген тәртіппен жергілікті бюджетке қайтаруға жатады.
2. Инновациялық жобаларды іріктеудің шарттары
18. Маңғыстау облысы бойынша АӨК инновациялық жобаны іске асыру жөніндегі іс-шараларды жергілікті бюджеттен қаржыландыру мыналарға беріледі:
агроөнеркәсіптік кешен саласындағы қолданбалы сипаттағы ғылыми жетістіктерді (әзірлемелерді) Маңғыстау облысы бойынша жағдайына бейімдеп енгізуге;
инновациялық агротехнологияларды сол Маңғыстау облысы бойынша табиғи-климаттық, әлеуметтік-экономикалық және өзге де жағдайларына бейімдеп агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне енгізу және тарату.
19. Маңғыстау облысы бойынша агроөнеркәсіптік кешен саласындағы қолданбалы сипаттағы ғылыми жетістіктерді (әзірлемелерді), инновацияны енгізуде мынадай жұмыс түрлері қамтылуы мүмкін:
1) ауыл шаруашылығы өнімін өндірудің технологиялық процестерін енгізу және тарату;
2) Маңғыстау облысы бойынша АӨК инженерлік объектінің немесе техникалық жүйенің конструкцияларын енгізу және көбейту (конструкторлық жұмыстар);
3) ғылыми және инновациялық технологиялардың тәжірибелік үлгілерін (жаңадан жасалған қағидаттық өзгешеліктері бар бірегей моделдерді) енгізу және тарату;
4) селекциялық жетістіктерді енгізу және тарату.
5) шағын шаруа қожалықтарын күрделендіру есебінен тауар өндірушілердің әлеуетін көтермелеу.
Енгізілген инновациялық жобаның ары қарай мақсатқа сай болмауы немесе түпкі нәтижесіз болу мүмкіндігі бар деп танылса, инновациялық жобаны іріктеу және іске асыру жұмысы барысында жоба алынып тасталады.
Түпкі нәтижесіз болу мүмкіндігі алдын-ала белгілі болған немесе өңірде мақсатсыз іс-шаралар өткізуге әкеліп соғатын факторлары бар инновациялық жобалар өткізілмейді. Мұндай келеңсіздіктерге жол берген жауапты адамның құқықтық жауапкершілігі туралы Комиссия ережесінде қаралады.
20. Маңғыстау облысы бойынша АӨК саласында қолданбалы сипаттағы ғылыми жетістіктерді (әзірлемелерді) енгізуге және (немесе) АӨК субъектілеріне инновациялық технологияларды енгізуге және таратуға арналған инновациялық жобаны іске асыру жөніндегі іс-шараларға жергілікті бюджеттен қаражат беру бюджеттік бағдарлама әкімшісінің кешенді қорытындысының нәтижелері мен Комиссияның ұсынымы бойынша беріледі.
21. АӨК инновациялық жобаның іс-шараларын орындауға арналған жергілікті бюджет қаражатын өтінім берушінің(лердің) игеру нәтижесі мыналар болып табылады:
1) Маңғыстау облысы бойынша агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінде ауыл шаруашылығы өнімін өндірудің технологиялық процестерін жетілдіруді ұйымдастыру және енгізу;
2) Маңғыстау облысы бойынша агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінде инновациялық жобаларды, оның ішінде селекциялық жетістіктерді енгізу және тарату туралы есеп;
3) Маңғыстау облысы бойынша агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінде өндіруге ұсынылатын ауыл шаруашылығы өнімінің тәжірибелік үлгілерін енгізу туралы есеп;
Маңғыстау облысы бойынша агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінде ұсынылатын ауыл шаруашылығы өнімін өндіруге арналған технологиялық (конструкторлық) құжаттама мен құрал-жабдықтарды расталған материалдарымен қосып беру;
Маңғыстау облысы бойынша агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне нақты инновациялық тәжірибе, агротехника, ғылыми жетістіктерді енгізу және тарату жөніндегі қорытынды өңірлік кеңес, (семинарлар, егістік күндерін және т.б.) өткізу туралы есеп.
22. Маңғыстау облысы бойынша агроөнеркәсіптік кешеніне инновациялық жобаларды енгізу және тарату нәтижелерін бағалау мыналарды қамтиды:
1) инновациялық жобаларды енгізу және тарату нәтижелерінің сан мен сапа тұрғысындағы көрсеткіштері өтінім берушінің және аудан (облыс) экономикасында еңбек өнімділігі мен өндіріс тиімділігін арттыруға ықпалын бағалауды және нақты айқын нәтижелерді қамтуы тиіс;
2) бұрынғы қолданылып келген технологиялармен салыстырғанда, инновациялық жобаларды енгізу жөніндегі іс-шараларды іске асырудан Маңғыстау облысы бойынша АӨК субъектісі және ауыл шаруашылығы өндірісі үшін экономикалық тиімділік;
3) инновациялық жобаларды енгізу нәтижелерін Маңғыстау облысы бойынша АӨК дамуына, аграрлық нарықтағы ахуалға байланысты экономикалық талдау;
4) енгізуден технологиялық қатер болуды мейлінше азайту және АӨК нақты субъектісінің жағдайында енгізу процестерін ғалымдардың жеке қолдауы арқылы жобаның іс-шараларын тиімді іске асырудан мейлінше мол табыс алу.
23. Маңғыстау облысы бойынша агроөнеркәсіптік кешеніне инновациялық жобаларды енгізу және тарату жөніндегі іс-шаралар мыналарды қамтиды:
1) ҒЗТКЖ нәтижелерін өндіріске енгізуді ғылыми-әдістемелік қолдау жөніндегі консультациялық қызметтер көрсету, сонымен бірге, ғылыми шығыстар материалдарын сатып алу;
2) зертханалық талдаулар жүргізу, сонымен бірге, енгізудің нәтижелері бойынша;
3) АӨК субъектілерінің өндірістік немесе ғылыми және тәжірибелік және өзге де аграрлық сала ұйымдары базасында инновациялық жобаларды енгізу және тарату жөніндегі ғылыми-практикалық семинар-кеңестер (егістік күндерін және т.б.) өткізу;
4) ҒЗТКЖ тәжірибесін және алынған нәтижелерін тарату (тұсау кесер, мақала, брошюра, буклет, бейне материал).
24. АӨК субъектілерінде аграрлық саладағы қолданбалы сипаттағы ғылыми жетістіктерді (әзірлемелерді) және инновациялық агротехнологияларды енгізу және тарату жөніндегі іс-шараларға жергілікті бюджеттен бөлінген қаражатты игеру және оның сомасы нақты инновациялық жобаның өзгешеліктеріне сәйкес айқындалады, алайда мыналардан артық емес:
мерзімі бойынша - 24 (жиырма төрт) ай;
сомасы бойынша – 20 (жиырма) миллион теңге.
25. Инновациялық жоба туралы келісімшартта анықталған мерзімде, сол технологияларды енгізу бойынша қабылданған шаралар туралы бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне кезеңдік есеп бере отырып, Маңғыстау облысы бойынша АӨК субъектісінің кәсіпорындарында инновациялық технологияларды енгізуді және таратуды көздейтін инновациялық жоба жөніндегі іс-шараларға бюджеттен қаражат бөлінеді.
26. Аграрлық саладағы инновациялық технологияларды енгізуге және таратуға арналған инновациялық жоба жөніндегі іс-шараларға бюджеттен қаражат бөлуге технологияларды қолдану үшін объективтік қажеттілік және іріктеп алынған инновацияық технологияның бәсекеге қабілеттілік тұрғысынан артықшылықтары негіз бола алады.

- Жаңа қазақстандық патриотизм – біздің көпұлтты және көпконфессиялы қоғамымыз табысының негізі
- Жаңа Қазақстан өзінің дербес даму жолын таңдап
- Жаңа неоклассикалық теорияның ғылым ретінде қалыптасуы
- Жаңа өзен оқиғасы
- Жаңа патшалық кезеңдегі Египет
- Жаңа педагогикалық технология
- Жаңа педагогикалық технологиялардың түсінігі мені мәні
- Жаңа заман философиясы
- Жаңа заман философиясы
- Жаңа заман философиясы
- Жаңа заман философиясы
- Жаңа заман философиясы
- Жаңа заман философиясы
- Жаңа заман философиясы