Жай сөйлемнің түрлері
Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті
Педагогикалық технологиялар институты
«Қазақ
тілі мен әдебиеті кафедрасы»
Тақырыбы:
Жай сөйлем синтаксисі
Ақтау қаласы,
2012 ж.
Жоспар
- Кіріспе
- Негізгі бөлім а) Жай сөйлемнің айтылу мақсатына сай топтасуы
ә) Жай сөйлемнің құрылысына қарай түрленуі
б) Жай сөйлемнің күрделену жолдары.
- Қорытынды
- Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Сөйлем — синтаксис зерттейтін басты тіл тұлғаларының бірі. Ол атқаратын қызметі (функциясы) тұрғысынан да, мазмұны жағынан да, грамматикалық белгілерін ескергенде де синтаксистік форма ретінде алынған сөзден, сөз тіркесінен түгелдей өзгеше категория болып саналады.
Сөйлем — коммуникативтік тұлға, яғни пікір білдіру үшін, информация беру үшін жұмсалатын тұлға. Сөз, сөз тіркесі өз беттерімен бұл қызметті атқара алмайды. Мысалы, Қала мың сан оттарымен жарқырап тұр. Осы сөйлемнің құрамынан мың сан оттарымен, мың сан деген тұлғаларды алып қарайық.
Мың-сан — сөз, ұғымды атайды. Мың-сан оттарымен — бұл белгілі ереже бойынша құралған конструкция — сөз тіркесі. Бірақ сөз де, сөз тіркесі де өз алдына, өз сапаларында пікір алысу тұлғалары болып жұмсала алмайды. Олар тек ұғымды атау үшін ғана жұмсалады, ұғымның атауы болады. Пікір белгілі ұғымдардың негізінде, солардың өзара қатынасы негізінде құралады. Солай болғандықтан сөйлем де сөздерден, сөз тіркестерінен құралады. Сөйлемнің жеке сөзге немесе сөз тіркесіне пара-пар келетін конструкциялардан ғана құралатаны бар: Жаз. Сүттей жарық түн. Бұл аталғандар — сөйлем. Өйткені олар сөйлемге тән грамматикалық сипаттарға ие болып тұр. Сол арқылы осы лексикалық, синтаксистік құрамда да пікір білдіреді. Сөйлемдік форма алмаған күйдежаз, сүттей жарық түн дара сөз, сөз тіркесі ретінде қалады.
Сонымен, жеке сөз де, сөз тіркесі тәрізді боп келген конструкциялар да сөйлемге тән грамматикалық форма алып, коммуникативтік тұлға — сөйлемдік сапаға ие бола алады екен. Осыдан шығатын қорытынды — сөйлем өзіне тән грамматикалық құрылысы бар, грамматикалық формасы бар категория. Сөйлемді сөйлем ететін, сөйлемнің грамматикалық формасын құрайтындар мыналар: Сөйлем сөйлеу практикасында түрлі-түрлі құрамда жұмсалады. Ол бір немесе екі сөзден, тіпті көптеген сөзден де құрала береді. Көлемі аз бұлақтың айналасына жиі қонған ауылдардың үйлері де, шұбыртқан малы да, адамдары да араласып жатқан сияқты. Бірақ біз сөйлемге тән ең басты, ең қажетті грамматикалық формаларды, әрі ен, бастапқы кұралу схемасын ажыратып тану үшін осы мақсатымызға сай сөйлем таңдап алуымыз керек. Ондай сөйлем құрамы жағынан ең шағын, ең ықшам болғаны дұрыс. Малдары араласып жатыр. Біз түстік. Түн.
Осындай
мысалды талдап сөйлемді құрайтын минимум
белгілерді танимыз. Тілімізге тән
және ең көп жұмсалатын сөйлемдер
— бастауыш-баяндауыш
Бастауыш баяндауыштың қатынасы предикативтік қатынас деп аталады. Предикативтік қатынас—сөйлемнің негізгі грамматикалық белгісі. Сөздер бірі бастауыш, екіншісі баяндауыш болып предикативтік қатынасқа түскенде ғана сөйлем сапасына ие болады.
Көл үлкен — сөйлем. Көл бастауыш ретінде, үлкен баяндауыш ретінде катынасып тұр. Үлкен бастауышқа қатысты сынды предикативтік сипатта атап тұр. Үлкен көл деген құрамда предикаттық қатынас жоқ, үлкен анықтауыш ретінде қатыскан. Сондықтан бұл сөздер тобы сөйлем бола алмайды. Тілде осы предикативтік қатынасқа үзбей ілесіп жүретін грамматикалық формалар болады. Олар бірнешеу және бәрі де көбіне баян-дауыш мүшенің құрамынан орын алады. Бірі — шақтық форма. Бұл форма айтылған пікірдің болмысқа шақ, мезгіл жағынан қандай қатынаста тұрғанын білдіру үшін қызмет етеді.
Жолаушылар келеді ( келе жатыр — келді).
Екіншісі
— рай формалары. Бұл форма айтылған пікірдің
болмысқа, шындыққа жанасымдылығын білдіретін
форма. Рай формалары — ашық рай, бұйрық
рай, шартты рай, қалау рай болып бөлінетіні
белгілі. Формалардын, атаулары олардың
пікірді болмысқа қатынастыру ерекшеліктерін
танытады:айтты — айт — ай-
Үшіншісі — жақтық форма. Пікір алысу әр уақыт үш жақтың қатысуын ескеріп құрылады.
Сөйлемнің бастауыш мүшесін үш жаққа бөлу — коммуникацияны ұйымдастыруды ыңғайлы ету талабынан туған грамматикалық кұбылыс. Пікірдің субъект мүшесін сөйлеуші өз тұрғысынан топқа (жаққа) бөледі: субъект ретінде сөйлеушінің өзі қатысса, ол I жаққа жатады, субъект ретінде тыңдаушы қатысса, ол II жаққа жатады, субъект ретінде пікір алысу процесінен сырт тұрған адам, зат қатысса, ол III жаққа жатады. Субъектілер коммуникативтік жаққа бөлінуіне сай ерекше атау алған: мен, біз, сен, сіз, сендер, сіздер, ол, олар (кісі, ағаш, жұлдыз т. б.). Сонымен, қорытып айтқанда жақтық категория субъектінің коммуникативтік жағдайға қандай қатынаста тұрғанын көрсетеді.
Екінші қорытынды — сөйлемге қатысатын жақ, шақ, модальдықтың көріністері сөйлеуші тұрғысынан белгіленеді. Шаққа өлшеуші меже — сөйлеушінің сөйлеу моменті. Осы момент осы шақ болып саналады. Өткен шақ, келер шақ сөйлеу моментінің о жақ, бұ жағы болып белгіленеді.
Жақтық
бөлініске тірек өлшемнің көрінісі
ілгеріде айтылды. Сонымен персонализация,
яғни жаққа бөлу әр уақыт сөйлеуші
субъект тұрғысынан жіктеледі. Шақ,
рай, жақ формалары — сөйлем арқылы
айтылған пікірдің болмысқа байланысын,
қатысын білдіретін формалар. Баяндауыш
мүше осы формаларды бойына жиып предикативтікті
білдіретін мүше сапасына көтеріледі.
Предикативтік дегеніміз —
Сөйлемнің бірлігі белгілі интонация арқылы да көрінеді. Біз жоғарыда сөйлемнің негізгі белгілерін атадық. Сөйлемнің анықтамасы осы белгілері негізінде құралады. Предикативтік қатынас негізінде құралып, пікірді хабарлау үшін жұмсалатын сөздер тобы сөйлем деп аталады.
Сөйлем пікірді болмысқа қатынасы түрғысынан ғана айтып қоймайды. Ол пікірге сөйлеушінің қатысын, көзқарасын да қоса білдіреді. Сөйлеушінің пікірге қатынасы мына түрде көрінеді — пікірді реалды немесе ирреалды (шүбәлану, жорамал) көріп айту: келеді — келетін шығар, келетін сияқты.Сөйлеушінің пікірге осындай қатынасы сөйлемде түрлі адамдар, формалар арқылы көрінеді. Сөйлемнің мазмұнындағы бұл мағына модальдық мағына деп аталады да, бұл мағынаны білдіретін амалдар, формалар модальдық амалдар, модальдық формалар деп аталады.
Тіл
білімінде модальдық деген
Пікірге
сейлеушінің қатынасын
Сөйлем коммуникативтік конструкция, яғни пікір алысу үшін жұмсалатын тілдік тұлға дедік. Сондықтан сөйлеу үстінде оның құрылысы, құрамы сөйлесу ситуациясына, контексте бағынышты болады. Сөйлесу ситуациясы, контекст деген екі бөлек ұғым. Сөйлесу ситуациясы дегеніміз — пікір алысудың диалог, монолог түрінде болуына байлаиысты. Контекст — сөйлемнің ой айту үстінде басқа сөйлемдермен қатынасты болуы.
— Қайда бардың?— Заводқа.
Алдымен Әміре туралы. Онымен бірге жолаушылауды мен «Әннің сапары» дер едім.
Сөйлемдердін, коммуникативтік тұлға болуына байланысты тағы бір жай бар. Сөйлемнің формасы тек предикативтікті білдіруге ғана бағынышты емес. Оның көптеген формалары сөздің (сөйлеудің) мақсатына да байланысты. Мысалы, хабарлау үшін, бұйыру үшін, сұрау, жауап алу үшін құралатын сөйлемдердің әрқайсысына тән формалары бар.
Сөйлеудің
мақсаты осы аталғандармен
Сөйлемдерді дұрыс табу үшін, біз оларды грамматикалық формаларына, құрылысына қарай топтаймыз. Топтау мына принциптерге сүйенеді:
1. Сөйлемдерді
логикалық-грамматикалық ерекше-
ліктеріне қарай топтау.
- Сөйлемдерді сөйлеу мақсатына қарай топтау.
- Сөйлемдерді
негізгі құрамының көрінісіне қарап
топтау, - Сөйлемдерді
жақтық мағыналарының болу-бол-
мауына қарап топтау. - Сөйлемдерді
информациялық көлеміне, осыған сай
құрамдық мөлшеріне қарай топтау.
Сөйлем болмыстағы қатынастарды білдіру үшін ғана жұмсалмайды. Кісінің тіл арқылы қатынас жасауы пікір, ой айтумен қатар екінші кісіден пікір білу, информация алу үшін сөйлеуіне немесе басқа біреуді іске қосу, жұмсау мақсатына да байланысты болады. Сөйлеудің осы мақсаттары тілде сөйлемнің тиянақты формалары арқылы көрінеді. Сөйлемдер сөйлеу мақсатына қарай хабарлы, сұраулы, бұйрықты, лепті сөйлемдер болып тоқтатылады.
Хабарды информацияны баяндау
үшін жұмсалатын
Бұл сөйлемдердің негізгі
- Баяндауыштар, негізінен, ашық рай формалы етістіктен (немесе осы формаға сипаттас жұмсалатын есімдерден) жасалады.
- Өзіне тән интонациясы болады. Хабарлы сөйлемнің интонациясының физикалық көріністері эксперименталдық жолмен зерттеліп, методикасы график түрінде бейнеленген. Бұны тіл білімі сөйлемге тән баяндау сарынды интонация деп атайды.
Хабарлы сөйлем екі негізді, бір негізді құрамда көрінеді: Тау іші, Иен жайлау, Ұшқан құс, жүгірген аңнан басқа тіршілік бейнесі білінбейді. (Қ. Жұмаділов).
Бір нәрсе туралы хабар алу
үшін қойылған сұрақты
Сұраулы сөйлемдер оларға
Сұраулы сөйлемдер лексикалық
амалдарды, синтаксистік
Сұраулы сөйлемдердің өзіне
Сұраулы сөйлемдер диалогтіің, сөйлеудің
әр кезеңіне сай түрліше
- Негізгі сұрақты білдіретін сөйлемдер диалогқажелі болып отырған тақырып жөнінде әңгәмелеудің бастапқы кезеңінде жұмсалады.
- Ей, сен бала, директордың шопыры емессің бе? (А. Нұрманов)
Негізгі сұрақты білдіретін сөйлемдер сұраулы сөздердің (не істеді, кім, қашан т.б.), шылаулардың (ма, ме, па, пе) қатысумен жасалады.
Сұраулы сөйлемдердің бұл түрі бір заттың, құбылыстың белгісін білу үшін қойылған бастапқы, әр негізгі сұрақты білдіреді. Оның қызметерекшелігі жетек сұрақтармен салыстырғанда анық байқалады.
- Жетек сұрақты білдіретін сөйлемдер. Бұл топқаа негізгі сұраққа жауап алу үстінде қосымша қойылған сұрақты білдіретін сұраулы сөйлемдерді жатқызамыз.
- Бұл құрылысқа бас инженер қылып кімді тағайындасақ екен?
- Бұған Ілияс дайын тұр. Білімі де, тәжірибесі де сай.
- Сен өзің ше?
Бұл мысалдағы негізгі сұрақты білдіретін сөйлем – «Бұл құрылысқа бас инженер қылып кімді тағайындасақ екен». Сөйлеуші осы сұраққа жауап ала отырып, тыңдаушыға іліктес тағы бір сұрақ қойып отыр: Сен өзің ше? Бұл жетек сұрақ.
- Анықтаушы сұрақты білдіретін сөйлемдер.
Бұл сұраулы сөйлемдер екінші жақтын сөзңн анықтап алу үшін қойылған сұрақты білдіреді. Анықтаушы сұрақ көбіне алдыңғы репликаның лексикасын қайталап құралады.
- Бұл кісілер қай елдікі?
- Сабынкөлдікі.
- Сабынкөлдікі?
- Иә, Сабынкөлдікі
Бұл диалогтардағы анықтаушы сұрақты білдіретін сөйлем тек интонация арқылы форма алып тұр. Оған шылаулар, сұрау мағыналы сөздер қатыспаған. Бұл амал-анықтаушы сұраққа тән амал және бұл хабарлы сөйлемге қатысты қойылатын анықтаушы сұрақтың формасы.
Сұраулы сөйлемдер сұрақтың
Сұрақты, логиктер мазмұнына
Бұйрықты сөйлемдер
- Бұйрық мағыналы баяндауыштардың ішіндегі негізгі тірек форма – етістіктің жалаң ІІ жақ бұйрық рай тұлғасы арқылы жасалады. Бұл баяндауышты тірек форма деуміз – ол бұйрық мағынаны ешбір қоспасыз жалаң түрде білдіреді. Көп сөздә қайтесің? Одан да тауығына ие бол,- деп күзетші Құрманға тапсырды да, Мақпал үйіне қайтты.
- І жаққа қатысты бұйрықты, іс-әрекетке жұмсауды –айын, -ейін, -айық, -ейік формалы етістіктерден жасалған баяндауыштар білдіреді. Етістік тудыратын бұл жұрнақтардың тарихи жолын қуғанда былай саралауға болады: -айын, -ай, -ын, -ейін, -ей, -ін; -ай, -ей бұйрық мағына беретін жұрнақ, -ын, -ін, -ық, -ік, - жақтық көрсеткіштер. –ын, -н жақтық көрсеткіш ретінде бұрын жиі жұмсалған. «Шайбанинамада» алғанын тәрізді І жақтық форма жиі ұшырайды.
ІІІ жаққа қатысты бұйрықты білдіру үшін келсін, айтсын тұлғалы бұйрық рай етістіктер баяндауыш ретінде жұмсалады.
- Ауызекі тілде бұйрық мағыналы сөйлем алғын, келген формалы баяндауыштардың қатысуымен де құралады: Сен ертең келгін. Бұл баяндауыш тек анайы тұлғада келеді, сыпайы тұлғасы жоқ. Сөйлеуде де сирек жұмсалатын бұл форма өте көнеден келеді, әрі ол осы күнгі бірқатар өзге формаларға негіз болған.
- Бұйрықты тұжырымдылау етіп білдіру үшін алсаңшы, алсаңызшы түрінде құралған етістіктер баяндауыш болып жұмсалады.
Егіннің болары болды ғой, онан да шөпті айтсаңшы! (Қ.Ж.), Тұрсаңшы, ауырып жатырсың ба! (Д.Д)
Алсаңшы, алсаңызшы формалы
- Шартты рай тұлғалы етістікті қатыстырып бұйрық мағыналы баяндауыш жасау басқа түркі тілдерінде де бар. А.Н. Кононов түрк тілінде ашсана (ашсаңшы) сөйлесене (сөйлесеңші) деген бұйрық мағыналы етістіктерді шартты рай тұлға негізінде жасалған деп есептейді: ашса-н-а.
Қазақ батырлар жырындағы бар сана түріндегі баяндауыштар кітаби тілдің осы түрік тіліндегі форманы өзінше сіңіруінің нәтижесі болу керек.
- Бұйрықты бұдан гөрі тұжырымды етіп, үзілді-кесілді айту үшін «ІІ жақ бұйрық форма –деген соң – ІІ жақ бұйрық форма» болып құралған баядауыш ( ал деген соң ал) жұмсалады.
Шық деген соң шық!- деп таяғына жармасты (Б.М).
Баяндауыштық формаға етістіктің жіктік тұлғалары, есім сөздер де қатысуы мүмкін.
- Көп,- басын шайқады.
- Неге,- деймін мен өз-өзімнен қысылып....
- Көп деген соң көп! – дейді ол ақшаны қайырмай, уыстап тұрып. (Ә.Нұрш.).
Сірә «етістік-деген соң -етістік», немесе «есім-деген соң-есім» болып құралған баяндауыш сөйлеуші өз ойын тыңдаушысына мойындату үзілді-кесілді байлам түрінде айтқанда жұмсалатын форма болуға тиіс.
- Осы қызметте –«-уші формалы есімше-болма» құрамында жасалған баяндауыш та жұмсалады.
Айтпа, айтпа деймін анаған! Айтушы болма анаған.
Бұл баяндауыш негізінде тек екінші жаққа тән формада жұмсалады.
- Іске жұмсауды, тілек, өтініш ретінде айту үшін алшы, келші, алайыншы түрінде құралған баяндауыштар қызмет етеді.
Сен енгізші осы ұсынысты. Осыны да айта баршы.
- –айық, -ейік тұлғалы баяндауышқа синонимдік сыңар ретінде жұмсалатын –алық, -елік арқылы жасалған баяндауыш бар: баралық, келелік. Соңғы формадағы баяндауыш эпостық жырларда және соған ұқсатып мәнерленген сөзде жұмсалады.
Егінді даланы бөліп әуре болмалық дестік, - дейді Қасен.
- –алықшы, -елікші бұйрықты өтініш, тілек ретінде білдіру үшін жұмсалады.
Бір шөбі қалың, ойпаңдау
Бұйрық мағыналы етістік
Түрік тілінде аталған жұрнақ –алым, -елім түрінде І жақ жекеше тұлғадағы бұйрық рай етістік жасайды.
Бұл келтірілген мағлұматтар
қазақ тілінде жіктік
Қазақ тілінің жергілікті
- Ауызекі тіл бұйрық мағынаны білдіру үшін ашық райдың келер шақ формасындағы етістікті баяндауыш ретінде жұмсайды.
Бүгіннен бастап есігін ашушы болмайсың, олармен сөйлеспейсің! Олардың бетіне қараушы болмайсың! ( Б.М.)
Бұл сөйлемдегі келер шақ етістіктен жасалған баяндауыштар ( ашушы болмайсың, сөйлеспейсің, қараушы болмайсың, бармайсың ) белгілі бір оқиғаны хабарлау ретінде емес, тыңдаушыны іске міндеттеу мағынасын білдіріп тұр.
- Ашық рай формасындағы алушы болмайсың, бұйрық рай алушы болма қызмет тұрғысынан ғана емес, құрылысы жағынан да ыңғайлас. Іске міндеттеу мағынасында жұмсалатын бұл күрделі етістік бұйрық рай тұлғаға (алушы болма) сүйеніп, соның негізінде қалыптасқан.
- Іске қосу қызметінде ерекше жұмсалатын тағы бір баяндауыштар бар. Бұл баяндауыштың бір түрі «келер шақ етістік – сұраулық шылау ба (бе)» болып құралады: келесің бе, (осыны), айтып барасың ба т.б. Мысалы, Сен Төремді шақыртасың ба, жаздыратын қағаздарым бар еді (Б.М.)
Бұл
сөйлемдегі шақыртасың ба дегенде сұраулық
мағына жоқ, олар тыңдаушыны іске қосу
қызметінде жұмсалып тұр. Бірақ бұйрық
мағынасының бұл формадағы
Ауызекі сөйлеу тілінде құрамы, қызметі жағынан осы реттес тағы бір баяндауыш бар. Ол баяндауыш «болымсыз келер шақ етістік – ба» болып құралады : бармайсың ба, айтпайсың ба. Бұл баяндауыш та бұйрық мағынаны контекске сүйеніп білдіреді.
Сөйлемдер дүниедегі болмыс
Көп жағдайда сөйлемнің лепті,
лепсіз көрінуі тек
Тілімізде құрылысы жағынан
Реплика сөйлемдердің бір ғана сөзден құралатыны да болады: Осыған жалғыз барасың ба? – Бармай!
Реплика сөйлемдер кісінің
Жай сөйлем құрамы мен кұрылысына қарай
бірнеше түрге бөлінеді: сөйлемде бастауыштың
болу, болмауына қарай жақты және
жақсыз сөйлем, тұрлаусыз мүшелердің
болу, болмауына қарай жалаң және
жайылма сөйлем, сондай – ақ, толымды,
толымсыз сөйлем ,атаулы сөйлем.
Грамматикалық
бастауышы бар не бастауышы ерекше айтылмай,
оның қай сөз екенін баяндауышпен ұластыра,
атау арқылы білуге болатын сөйлем жақты
сөйлем болады.
Олардың бастауыштары
Жақты сөйлемдердің

- Жайык-Каспий экологиялык департаментінің қызметі мен міндеті. Органның қызметі мен міндеттері. Айыппұлмен санкциялардың жалпы көлемі
- Жайық
- Жайылымдық жердің шүйгінін арттыру жолдары
- Жакет женский
- Ж.А. Кондорсе Эскиз исторической картины прогресса человеческого разума
- Жақ - бет аймағының өспелерінің этиологиясының патологиялык өзгерістері. Бет ісіктері
- Жақсылыққа жол
- Жаза турлері және жүйесі
- Жаза түсінігі, мақсаттары, жүйесі және түрлері
- Жаза ұғымы
- Жазба әдебиетінің қозғалысқа әсері
- Жазба жұмыстарында жіберген қателерімен жүргізілетін жұмыстар және оны жетілдіру амалдары
- Жазбаша деректемелер археологиялық зерттеулермен ұштастырылып
- Жайремский горно-обогатительный комбинат