Жануарлар психикасының түрлері

                   Жануарлар психикасының түрлері

                                 

                                        Инстинктер 

        Жануарлардың биологиялық дамуы мен жүйке жүйесінің түрліше құрылымына қарай оларда мінез - құлықтың әр түрлі түрлері байқалып отырады. Осы арқылы жануар сыртқы ортамен байланыс жасайды, табиғи қажетін өтеу жолында тіршілік етеді, материалдық дүниенің құбылмалы өзгерістеріне тиісінше жауап қайтарып бейімделіп отырады.

        Инстинкт, көбінесе, дамудың төменгі сатысында тұрған жануарларда кездесетін мінез-құлықтың қарапайым нәсілдік формасы. Мұны қазақша «соқыр сезім» деп атайды. Инстинктер табиғи сұрыпталу жолымен жасалады. Жануарларда болатын инстинкт-организмнің белгілі тіршілік жағдайында, өскен ортасына әбден көніккенін көрсететін мінез-құлықтың түрі. Мысалы, араның омартасы, құстың ұясы, көртышқанның іні т.б. өте «шеберлікпен», «ептілікпен» жасалынады. Бірақ осы мысалға қарап, бұл айтылған жәндіктер мен құстарда сананың саңылауы бар деуге болмайды, өйткені инстинктік амалдардың бәрі- тұқым қуалау жолымен жасалынады.

        Олар өздерінің тұрақтылығымен, оралымсыздығымен ерекше көзге түседі. Мәселен, тауықтың басып отырған жұмыртқаларын алып, орнына тас салса да, мерзімді күні біткенге дейін отыра береді. Өйткені жылдың белгілі мезгілінде тауықтың, я басқа құстың жыныс безі гормондары қозып, осындай күйге түседі. Инстинктер жануарларда бір арнамен тізбектеліп өтіп жатады. И.П.Павлов оларды шартсыз рефлекстердің тізбегі дей келіп, инстинктердің басты түрлеріне (жыныс, тамақ, өмірін сақтау т.б.) физиологиялық сипаттама берген.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                     Жануар дағдылары 

         Жануарларда дағды дара тәжірибенің нәтижесінде қалыптасқан. Азақтардың малға бас білдіру, мады үйрету деп жүргендерді де осы дағды. Ми қабығының құрылымы неғұрлым күрделі болса, жануарларда дағдының қалыптасуы де оңайырақ, тезірек болады. Дағды инстинктерге қарағанда өзгермелі, мінез құлықтың икемді түрі. Сондықтан да айуан ортаға тез бейімделіп, көндігіп кете алады. Орыстың атақты аң үйретушісі В.Д.Дуров өз аңдарына кітап «оқытты», «үй сыпыртты», «есеп шығартты», тіпті орамал мен мұрнын сүртуге дейін үйретті. 1919 жылы ұйымдастырған аңдар бұрышын Дуров “шартты рефлекстердің фабрикасы» деп атаған.

     В.Д.Дуров  осындай табысқа И.П.Павлов ілімінің нәтижесінде жетті. Өйткені В.Д.Дуров жануарларды жаттықтырып, үйрету үшін әр түрлі сигналдарға шартты рефлекстерді жасады. Мәселен, цирк алаңына келтірілген поезға тышқандар жапа тармағай «міне» бастайды. Кішкене көк вагондарға сұр тышқандар, қызыл вагондарға ақ тышқандар кіріп орын алады. Тышқандарды осылайша жаттықтырып үйрету ісі оларды тамақтандыру арқылы жүргізілді (сұр тышқандар көк вагонда, ақ тышқандар қызыл вагонда тамақтандырылады). Тамақтандыруды сан рет қайталанғаннан кейін, вагондардың белгілі бір түрі мен түсіне қарап қоректендіру тышқандарда шартты рефлекстерді қалыптастырады. Түйсік, қабылдау процестерінің күрделіне түсуі, заттардың қасиеттерімен қатар байланыстарын да бейнелей алуы, оларды елестетіп, есте сақтау, жалпылау элементтері - психикалық  дамудың осы сатысында тұрған жануарлардың мінез-құлығының басты ерекшеліктері.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                  Жануар интеллекті 

     Жоғары  сатыдағы жануарлардан (маймыл, дельфиндер) «ақылды» деп айтуға тұрарлықтай мінез құлық көріністерін байқауға болады. Мінез- құлықтың осындай түрі маймылдарға жасалған эксперименттен сан рет байқалған. Мәселен, маймылдың сүйікті тағамы банан жемісін оның қолы жетпейтін жерге іліп қойса, маймыл жемісті алғысы келіп секіреді, бірақ оған қолы жетпейді. Бір кезде оның көзі қасында жатқан жәшіктерге түседі. Енді ол жәшіктің біреуін әкеліп, үстіне шығып көреді де, әлде де қолы жетпейтіндігін байқайды. Сонан соң бірнеше жәшікті әкеліп, бірінің үстіне бірін қойып биіктеткеннен  кейін «қара тер» болып бананды алуға шамасы келеді. Маймылдың осы қылығында қандай да болмасын бір мәселені шешуге ұқсас көрініс бар. Жануарлардың интеллектік амалы алда тұрған бөгетті жеңе білуге байланысты туып отырады.  Интеллект айуанның жеке өзіне ғана тән қылық, оның ғана тапқан әдісі. Мұндай «әдіспен» басқа жануарлар пайдаланбайды, бұған басқа жолмен жетеді. Бұл айуанның кез келген уақытта («көңілі» қалағанда) айналысатын әрекеті емес. Олардың ортаға бейімделуінде инстинкт пен дағды көбірек көрінеді де, интеллект онша жетекшілік рөль атқармайды. Мінез - құлықтың (интеллект) осы түрі айуанға түрлі сатылы, басын «қатыратын» күрделі әрекет жасауға мәжбүр етеді. Сондықтан да олар интеллектік амалға бара бермейді. Интеллект жануарлар психикасының ең икемді түрі. И. П. Павлов маймылдардың интеллектісі де ассоциациялардан (үрделі жүйке байланыстарынан) тұратындығын, бірақ мұның бірінші сигнал жүйесінің жұмысына тәуелді екендігін атап көрсетті.

     Маймыл  интеллектісінің  өрісі тар, олардың  интеллектісі,  көбінесе, өрінетін көзге көрінетін нәрселерге байланысты ғана туып отырады. Мәселен, қасында жатқан таяқты «құрал» есебінде кездейсоқ пайдаланады, оны кейіннен керек болып қалар деген «мақсатпен» сақтап қоюды да білмейді. Маймылдарда кездесетін осындай интеллект оның миының маңдай бөлігінің жақсы дамуына байланысты. Егер маймыл миының осы бөлігін алып тастаса, бұрын білгенінен асып, ештеңе істей алмайды. Эволюциялық басқыштың түрлі сатыларында тұрған айуанда психиканың бір формасы (инстинкт, дағды, интеллект) үстем болғанмен, оның басқа түрлері де кездесе береді. Мәселен, буын аяқтыларда (өрмекші, құрт құмырсқа) инстинкт үстем  болғанмен, оларда дағды да өсіп жетіле алады. Интеллектің өзі де инстинктер мен дағдылардың негізінде құралады. Жануарлар психикасының қандай түрі болмасын сыртқы ортаның жағдайына икемделуді ғана қамтамасыз етеді. Бұлардың бәріне ортақ ерекшелік олардың биологиялық сипаттама болатындығында. 
 
 
 
 

                               

ЖОСПАР: 
 

1. Инстинктер 

2. Жануар дағдылары 

3. Жануар интеллекті 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                      Қолданылған әдебиеттер: 
 

  1. Жарықбаев Қ.  «Жантану негіздері». Алматы, 2002 ж.
 
  1. Алдамұратов Ә. «Жалпы психология». Алматы, 1996 ж.
 
  1. Жұмасова  К. С. «Психология». Астана, 2006 ж.
 
  1. Алдамұратов А. «Қызықты психология». Алматы, 1999 ж.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                             Іс-әрекет психологиясы 

                        Іс-әрекет туралы жалпы ұғым 

Адамның психикалық өмірінің жан- жақты дамуы белгілі әрекетпен айналысуына байланысты болады. Адам өмір сүру барысында өз  психикасын түрлі жолмен жарыққа шығарады. Мәселен, мектеп жасына дейінгі бала өз психологиясын ойын арқылы білдірсе, ересек адам өзіне тән ерекшеліктерін еңбек процесінің сан алуан салаларында көрсетеді. Әрекет дегеніміз түрлі қажеттерді өтеуге байланысты белгілі мақсатқа жетуге бағытталған процесс: «Әрекетіміз дұрыс болу үшін, -дейді Әл-Фараби, -біздің соған баратын жолымыз қандай болу керек екенін ... анықтап алуға тиіспіз». Адамды іс-әрекетке итермелейтін оның түрлі қажеттері екені өткен тарауда айтылды. Адам іс-әрекеті – күрделі процесс. Оның құрамына жеке амалдар мен қозғалыстардың әрекеттердің жүйесі кіреді. Іс-әрекет ұғымынан әрекет ұғымын ажырату қажет. Өйткені мұның біріншісінің ауқымы аса кең, ал әрекеттің сипаты шағын. Әрекет іс-әрекеттің шағын бөлігі, единицасы. Ол жеке мақсатты орындауға бағытталады, әрекетті орындау тәсілдері операция деп аталады. Адам іс-әрекеттің белгілі түрімен айналысу арқылы ғана сыртқы ортамен белсенді түрде байланыс жасап, оны шамасынша өзгертіп отырады.

       Адам үшін іс-әрекетінің қашан да қағамдық әлеуметтік мәні зор. Іс-әрекеттің саналылығы мен мақсаттылығы, жоспарлылығы мен жүйелілігі оның ең басты Белгілері болса, алда тұрған міндетті шешу, яғни ойлаған Істен бір нәтиже шығару- оның екінші бір басты белгісі болып табылады. Адамның сана-сезімі өскен сайын оның әрекеті де жаңа мазмұнға ие болып отырады. Адам психикасының дамуында іс-ірекеттің шешуші орнымен қатар, біз сананың да күрделене түсуіне ықпал жасайтынын еске алуымыз қажет. Сөйтіп сана мен іс-әрекеттің бірлігі, психиканың іс-әрекет үстінде дамитындары жайлы мәселе психологияның басты принциптері болып табылады. Адам әрекеті сан алуан. Оның негізгі түрлері: ойын, оқу, еңбек әр уақытта белгілі бір мақсат, міндеттерге бағытталып отырады. Бұлардың барлығына тән ортақ қасиет белгілі қажетке байланысты туып отыратындығы. Сондай-ақ жас мөлшерінің әр кезіңінде түрліше көрінетіндігінде. 

                            
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                              Іс- әрекет, оның түрлері 

Ойын  – бала әрекетінің негізгі бір түрі. Ойын арқылы адам баласының  белгілі бір буыны  қоғамдық тәжірибені меңгереді, өзінің психикалық ерекшеліктерін қалыптастырады. Бала ойынында да қоғамдық, ұжымдық сипат болады. Мәселен, кез келген бала еш уақытта жалғыз ойнамайды, қатар- құрбыларымен бірлесіп ойнайды, ойын арқылы бір-бірімен өзара қарым-қатынас жасайды. Ал мұның өзі оның дамуы үшін ерекше маңызы бар фактор екендігі түсінікті. Ойын баланың түрлі қасиеттерін дамытатынын, мұнда да баланың қабілеті, белсенділігі бір сыдырғы байқалатынын, А. С. Макаренко өте жақсы  көрсетті. «Үлкендер өмірі үшін жұмыс, қызмет істеу, әрекет ету қандай орын алатын болса,- деп жазды ол, - балалар өмірінде ойын да сондай үлкен маңызды. Ойында бала қандай болса, өскеннен кейін жұмыста көбінесе сондай болады. Сондықтан келешекке адамды тәрбиелеу бәрінен бұрын ойын арқылы болады».

Ойын  адам әрекетінің бір  түрі болғандықтан, оның  да өзіне  тән мотивтері  болады. Мәселен, дәрігер  ауру адамды емдегенде  өзіне жүктелген  міндетті сезінеді, осылай істеуді оның мамандығы қажет етеді. Ал, дәрігер болып ойнаған баланы алатын болсақ, ол да айналасындағыларды өзінше «емдейді». Бірақ бұл оның жай қызығуынан туған. Ойынның қозғаушы күші – баланың нақты тілегі мен қызығуы. Еңбек үстінде адамның мақсаты мен тілегі мен қызығуы. Еңбек үстінде адамның мақсаты мен мотивінің арасында келіспеушілік болуы мүмкін. Ойында бұл жағы болмайды. Еңбектің қандай түрі болмасын одан қоғамдық пайдалы өнім шығуы қажет. Бұл айтылғандар ойыннан талап етілмейді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                          Оқу 

       Оқу – іс-әрекеттің негізгі саласы еңбек процесін нәтижелі орындауға қажетті білімді, дағды мен икемді жүйелі түрде меңгеру.

       Мектеп жасындағы  балалардың негізгі  әрекеті-оқу. Оқу арқылы балаға қоғам өзінің ғасырлар бойы жиналған асыл мұрасын, дағды, тәжірибесін береді. Сонымен бірге жаңа буын арқылы өзінен бұрынғылардың практикалық әрекетін, ғылым-білім жүйелерін меңгереді, сөйтіп, өзін практикалық әрекетке дайындайды. Білім жүйесін меңгеру арқылы ғана адам ой және дене еңбегінің  тетіктерін жақсы түсінеді. Оларды жан-жақты білуге мүмкіндік алады. Білім меңгеру-ұзақ уақытты керек ететін күрделі процесс.

     Оқу әрекетінің  өзіне тән мотивтері  болады. Тәрбиешіге, не оқитын адамның  өзіне осы  мотивтерді білу оның әрекетінің мақсатын дұрыс анықтау үшін аса қажет. Баланың жасы өскен сайын психикасы да өсетіндіктен, оның оқуға деген қатынасы да өзгеріп отырады. Мәселен, жоғары сынып оқушыларының оқу мотивтері бастауыш мектептегілерден басқаша болады. Білім игеру үлкен саналылықты, өз бетімен жұмыс істеп үйренуді, өз мінез-құлқын меңгеруді керек етеді. Бала не үшін оқитындығын бар сана-сезімімен ұғынғанша, оған оқудағы формализмнен құтылу қиын болады.

       Оқуға, білім алуға  ұмтылуды тудыратын  мотивтер балада бірден пайда болмайды.  Бастапқыда бұлар өте қарапайым болып келеді.Мәселен, ол оқып-жазғанына ғана, алған бағасының жалпы санына ғана мәз болады. Ата-анасынан қорқып жақсы оқуға тырысатын не жолдас баласымен бәсекелесіп жақсы оқуға тырысатын балалар да болады. Баланың жасы өскен сайын оның оқу мотивтерінің де мазмұны өседі. Мәселен, білімді адамның халқына мол пайда келтіретінін, жұрттың ондай адамдарды құрметтеп сыйлайтынын түсіне бастайды. 
 
 
 
 
 
 

                        Еңбек. Шаршау мен болдыру 

Адам  психикасын қалыптастыруда шешуші рөль атқаратын  әрекеттің бірі-еңбек. Еңбек адам тіршілігінің арқауы, оның өмір сүруінің басты шарты. Еңбектің адам сана сезімінің қалыптасуына қалайша әсер ететіндігі жөніндегі К. У. Ушинский: «... Еңбек тән мен рухани адам жаратылысының және жер бетіндегі адамның тіршілігінің күрделі заңына айналады, ол адам тәнінің, адамгершілігі мен ақыл-ойының жетілуінің жағдайы, оның адамгершілік ар- ұят, бостандығы және ақыр аяғында қуанышы мен бақыты болып табылады» дейді. Еңбек әрекетінің психологиялық табиғатын А. С. Макаренко былайша түсіндіреді:  «Адам жұмысты сүйіп істейтін болса, одан саналы түрде қуаныш сезетін болса, еңбек ол үшін жеке басын және талантын тудырудың негізгі формасы болатын болса, сонда ғана творчестволық болуы мүмкін.  Еңбекке мұндай көзқарас мүмкіндігі, тек еңбекке күш салу нағыз әрекетке айналған кезде ғана, ешбір жұмыс көңілсіз болып көрінбейтін болса, онда бір мағына болса ғана туады».

       Адамның мәнсіз  еңбектен шаршап,оның  тіршілік әрекеті  уақытша нашарлап отыратын кездері болады. Мұндайда орталық жүйке жүйесінің сыртқы әсерге жауап беруі бәсеңдейді. Кісінің өз жұмысына қызығуы, онда жауапкершілік сезімінің мкүшті болуы, іс-әрекеттің әр түрін дұрыс ұштастыра алуы, оның мінң мен нәтижесін саналылықпен түсінуі кісіні оншама шаршата қоймайтыны хак.  Шаршау, үлкендерге қарағанда, жас өспірімдерде көбірек байқалады. Мұны олардың зейін тқрақсыздығынан, мидағы тежелу процесінің сыртқы тітіркендіргіштерге қайтаратын жауап реакцияларының әлсіздігінен, оқу материалдарын дұрыс ұға алмауынан аңғаруға болады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ЖОСПАР: 

1. Іс-әрекет туралы  жалпы ұғым 

2. Іс- әрекет, оның түрлері 

3. Оқу 

4. Еңбек. Шаршау  мен болдыру 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                           Сөйлеу 

                           Сөйлеу туралы жалпы ұғым 

     Адам  өзінің өмір  қажетін  өтеуге байланысты басқа  біреулермен пікірлеседі, ой алмасады. Бұл  үшін сол ұлттың тілдің грамматикалық ережелеріне  сәйкес сөз тіркестерін  пайдаланады.

      Адам  баласының сана-сезімінің дамуында дыбысты тілдің пайда болуының маңызы зор болады. Сөйлеудің пайда болуы нәтижесінде адам организмі анатомиялық өзгерістерге түсіп, дыбыс артикуляциясына қабілеті бар сөйлеу аппараты жасалды. Осының арқасында адам жеке дыбыстарды ғана емес, түрлі дыбыс тіркестерін, тиісті мән-мағынасы бар сөздерді айта алатын қабілетке ие болды. Сөйлеу адам санасының басты белгісі. Ол бізді жануарлар дүниесінен ерекшелендіріп тұратын негізгі жан қуаты. Сөйлеу мен сананың пайда болып, бірітіндеп қалыптасуын тек биологиялық жағдайлардан емес, ең бастысы қоғамдық-әлеуметтік, тарихи фактордан іздестіруіміз қажет. Сана мен тіл адамзат қоғамының тарихи қоғамының, олардың іс-әрекетпен айналысуының, еңбек құралдарын жасап, пайдалана білудің нәтижесі.

      Сөйлеу-пікір  алысу процесінде жеке адамның белгілі тілді пайдалануы. Бір тілдің өзіне сөйлеудің сан алуан формалары болуы мүмкін. Сөйлеу жеке адамдардың арасындағы өзара түсінуді реттестіру үшін, пікір алысу үшін қызмет етеді. Сөйлеу процесі арқылы адам өзінің білімін, практикалық тәжірибесін байытып қана қоймай, сонымен қатар ғасырлар бойы жинақталған қоғамдық тәжірибені меңгеруге де мүмкіндік алады. Ойдың тілі сөз. Біз сөз арқылы ғана неше түрлі ойымызды сыртқа білдіре аламыз.

     Сөздің  мәнерлігі дегеніміз-адамның  сөйлеу кезіндегі  эмоциялық қалпын білдіре алуы, яғни әрбір сөйлемді өзінің сазымен айта алуы. Халық жақсы сөйлейтін адамдарды «сөзі мірдің оғындай екен» дейді. Мәнерлі сөйлей білудің мұғалімдік мамандық үшін маңызы зор. А. С. Макаренко бұл жөнінде: «Балалар сіздің сөзіңізден өзіңіздің еркіңізді, сіздің мәдениетіңізді, сіздің жеке ерекшелігіңізді сезіне алатындай болуы керек»,-дейді. 
 

                            Сөйлеу түрлері 

     Пікірлесудің  қандай түрлері болса  да, сөйлеу формалары  арқылы жүзеге асып отырады. Пікір алысудың нақтылы мақсаты мен жеке жағдайларына қарай сөйлеу түрлі ерекшеліктермен көрінеді. Осы айтылғандар тұрғысынан сөйлеу бірнеше түрлерге бөлінеді. Алдымен сыртқы және ішкі сөйлеу болып үлкен екі топқа жіктеледі.

     Сыртқы  сөйлеу ауызша және жазбаша сөйлеу болып, ал ауызша сөйлеудің өзі диалог және монолог.

     Ауызша  сөйлеу-сөйлеудің негізгі түрі болғандықтан оның қалған түрлері де соның төңірегіне құрылады. Мәселен, жазу сөзіндегі әріптер ауызша сөздің түрлі дыбыстарын белгілейді. Былайша айтқанда, жазу сөзі ауызекі сөздің қағаздағы таңбасы, оның ерекше бір варианты.

     Ауызша  сөйлеудің негізгі  бір түрі-диалогтық сөйлеу. Диалогтық сөйлеу дегеніміз екі немесе бірнеше адамның тілдесуі. Диалог сөздің кейбір психологиялық ерекшеліктері төмендегідей:

     1) Диалог сөз бөгелмей  еркін айтылады, ол ойды кең жайып жатуды тілейді;

     2) Үнемі кезектесіп айтылатындықтан ықшам келеді, тек әңгімелесші адамдардың өздеріне ғана түсінікті болады. Мәселен, «келе жатқан тоғызыншы»- деген сөйлемді осындай нөмірлі автобусты күтіп тұрған адамдар ғана түсіне алады.

     3) Диалогтық логикалық жағы кемдеу болады;

     4) Диалог сөз ым-ишаралармен, бет пен көздегі мәнерлі қозғалыстармен толықтырылады;

     Монологтық  сөйлеу дегеніміз  бір адамның сөзі, яғни баяндамашының, лектордың сөздері. Монолог сөзге  тән кейбір психологиялық  ерекшеліктері төмендегідей:

     1) Монолог сөз үнемі белгілі жоспарға сәйкес құрылады, бұл алдын ала даярлықты тілейді;

     2) Монолог сөздерге логикалық жағынан қатаң талаптар қойылады;

     3) Монолог сөз мәнерлі, адамға әсер ететін моменттерді көбірек қажет етеді.

     Сөйлеудің ерекше бір түрі-жазбаша сөйлеу. Жазбаша сөйлеу арнаулы әдістер арқылы меңгерілетін сөйлеудің түрі. Мұны игеру адамға оңайлықпен түспейді. Жазбаша сөйлеу адам баласы хат танырлықтай дәрежеге жеткенде, ауызша сөйлеудің біршама дамыған кезінде ғана пайда бола бастайды.

     Жазбаша сөйлеудің кейбір ерекшеліктері:

     1) Жазатын адамның қасында сөйлесетін адам болмағандықтан, мұнда ешбір ым-ишара қолданылмайды.

     2) Жазбаша сөйлеудің логикалық жағына аса қатаң талап қойылды.

     3) Жазуда грамматиканың ережелері де қатты ескеріледі.

     4) Жазу кезінде адам қатты зейін қойып, әр сөзін ойлап құрастырады, мағыналы сөз іздейді. Бұл үлкен ой жұмысын қажет етеді. Мәселен, адам өзінің туысқандарына хат арқылы ойын білдіргенде осы жағдай байқалады.

     Сөйлеудің жеке бір түрі-ішкі сөйлеу. Ішкі сөйлеу деп тілдік материалдар негізінде дауыстамай ақ сөйлей алушылықты айтады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                           Сөйлеу мәдениеті 

     Жаңа  туған балады дыбысқа  ұқсас реакциялар байқалғанымен, бұларда  дыбысқа сипат  болмайды. Жеке дыбыстардың көрінуі үш айдан былай қарай байқалады. Мұны баланың уілденуінен жақсы көруге болады. Уілденудің өзі оның үлкендерге естіген сөздеріне, дыбыстарына орайлас жасалатын реакциялар. Мәселен, үш төрт айлық бала «мә», «ға», «ге» секілді жеке буындарды, бес алты айдан былай қарай «ма-ма», «па-па» деген екі буыннан келетін жеке сөздерді айтатын күйге жетеді. Сегіз айлық бала сөздің интонациясын, дауыстың ырғағын аңғара алады. Бірақ жеке сөздердің айырмашылықтарын, олардың мәнін алі толық ұға алмайды. Бір жарым жастан былай қарай бала жеке сөздерді айтуға үйренеді. Оның алғашқы сөздері «мама», «папа», «ата», «аже», «аға» деген сөздерден басталады.

     Мектепке  дейінгі кезеңде  бала тілінің қалыптасуына ересек адамдардың сөзінің  әсері өте күшті  екендігі түсінікті. Бала оларға үнемі еліктеп, өз бетімен сөз шығаруға талпына бастайды, ол басқа балалардың тіпті үлкендердің сөзінде байқалған қателіктерді көргіш келеді, яғни баланың тіл сезімі күшти болады.

     Балалардың  сөйлей бастаған кездерінен бастап олардың дұрыс, анық, дәл сөйлей алуына ерекше көңіл бөлу қажет. Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеуін тәрбиелеу ата –сатын қимылақозғалыстары автоматталына түседі.налар мен тәрбиешілердің ерекше көңіл бөлетін мәселесі.

     Бала  мектепке келген күндерден  бастап оқу дағдысымен қатар жазу дағдысын да меңгере бастайды. Жазу дағдыларына машықтану да өте күрделі процесс. Мұның үш кезеңі бар:

     Бірінші кезең әріптің  элементтерін үйрену кезеңі деп аталады.

     Екінші  кезең бала әріптің  жеке элементтерін жаза білу қабілетіне ие болады. Баланың зейіні енді біртіндеп әріп таңбаларына ауа бастайды, оның әріп жазуға қатысатын қимыл-қозғалыстары автоматталына түседі. Осы кезеңде бала жеке әріптерді толық жаза-білуге үйренеді. Жазуға үйренудің екінші кезеңін психологияда әріптік кезең деп атайды.

     Үшінші  кезең –жазба сөйлеудің  қалыптасу дәрежесін  көрсететін негізгі  кезең. Мұнда оқушы  өз бетімен жеке сөздерді жаза алатын халге жетеді. Баланың зейіні енді жеке әріптерге емес, солардан құрылатын сөзге ауады. Бала, сондай-ақ, сөздегі әріптердің еңкіштігі мен басылып жазылуына, олардың қазқатар орналасуына да қатты көңіл бөледі. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     ЖОСПАР: 

     1) Сөйлеу туралы жалпы ұғым 

     2) Сөйлеу түрлері 

     3) Сөйлеу мәдениеті 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                Зейінді дамыту және тәрбиелеу

                

                     Зейін туралы жалпы ұғым 

     Зейін деп-адам санасының  белгілі бір затқа  бағыттала тұрақталуын  көрсететін құбылысты  айтады. Дәлірек айтқанда, зейін дегеніміз  айналадағы объектілердің  ішінен керектісін бөліп  алып, соған психикалық әрекетімізді тұрақтата алу. Мысал келтірсек, Оқушы математикалық есептер шығарып отыр. Ол бұған соншама үңілген, мұнысы психикалық кейпінен жақсы көрінеді. Оқушы есептің шығару жолдарын ойлайды, оның бірінен кейін екіншісін шығарады. Есеп шығарып болып, азғантай үзілістен кейін тарихты, одан соң географияны оқуға көшеді. Сабағын оқып болғаннан кейін, түрлі нәрселермен айналысады. Осы көріністердің бәрінен де бала әрекеттің әрбір түріне өз зейінін ұйымдастырып, басқа объектілерден ойын бөліп отырады.

    Зейінді психикалық процестердің тобына жатқызуға

дұрыс болмас еді. Өйткені  адам өз өмірінің әрбір  кезеңдерінде бір  нәрсені қиялдайды, бір нәрсе жөнінде  ойлайды.

     Зейіннің  физиологиялық негіздерін И. П. Павлов ашқан  жүйке процестерінің  өзара индукция заңына байланысты түсінуге болады.

     Зейіннің  физиологиялық негіздерін орыс физиологы, академик А. А. Ухтомскийдің (1875-1942) доминанта теориясы бойынша да жақсы түсінуге болады.

     Сыртқы  дүниенің көптеген тітіркендіргіштерінің  ішінде біреуі миға көбірек әсер етеді  де, мидың бір алабын қаттырақ, күштірек қоздырады, осындай алапты доминанта деп атаған. Мидың осы күшті қозғыш алабы қалған алаптардағы әлсіз қозу процестерін өзіне тартып алып отырады.Осыдан мидың күшті қозған алабы онан бетер күшейеді. 
 
 
 
 
 
 
 
 

Зейін түрлері

     Адамдардың  зейіні ырықты, ырықсыз  және үйреншікті болып  үшке бөлінеді.

     Сыртқы  дүниенің кез келген объектілері кейде  ырықсыз-ақ біздің назарымыздыөзіне тартады. Мәселен, көшемен  кетіп бара жатқан адамның бояулы афишаға  көзі түссе, оған мойнын бұрады не милиционердің ысқырығына жалт қарайды т. Б. Адам өміріне ырықсыз зейін елеулі орын алады.Зейіннің бұл түрі әсіресе жас балаларда жиі кездеседі. Өйткені балалық дәуірде адамның күрделі іс-әрекеттері белгілі жүйеге келе қоймайды да, осының нәтижесінде оның психикасы өте нәзік әрекеттері белгілі жүйеге келе қоймайды да, осының нәтижесінде оның психикасы өте нәзік, түрлі сыртқы әсерге берілгіш келеді. Әрине, бұдан бала есейген соң, оның ырықсыз зейіні маңызын жояды деген қорытынды тумау қажет. Адам өмірінің барлық кезеңдерінде ырықсыз зейін тиісінше орын алып отырады. Қызығу-ырықсыз зейіннің бұлағы. Өйткені қызықты іске көңіліміз тез ауады.

       Адамның ырықты зейіні әрекетті саналы түрде белгілі  ерік күшін жұмсау арқылы орындалуынан көрінеді. Ырықты зейінде белгілі бір мақсат қойып, объектіге ерекше зер салып отыру көзделеді, ол жұмыстың басынан аяғына дейін ерік –жігерді сыртқа жұмсауды талап етеді. Ырықты зейін мынандай ерекшеліктермен сипатталады;

     1) Қандай болмасын бір әрекеттің талабына сай зейінді бағындыра алу үшін іс-әрекетке тікелей кірісу қажет.

Жануарлар психикасының түрлері