Жастар арасындағы субмәдениет

Қазақстан Республикасының  Білім және Ғылым Министерлігі

Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педогогикалық университеті

 

 

 

 

 

 

         Реферат

 

 

Тақырыбы:       Жастар арасындағы субмәдениет.

 

 

 

 

 

                                                                 Қабылдаған: Нұрғалиева Д.Ә.                            

                                                                  Тапсырған: Зейнекеева А.Ж.

 

 

 

 

Алматы 2011

 

 

 

 

 

 

 

Жоспары:

 

I. Негізгі бөлім

 

1.1.  Жалпы мәдениет туралы түсінік.

1.2 . Субмәдениет дегеніміз  не?

1.3.  Жастар арасындағы  субмәдениет.

 

 ІІ. Қорытынды бөлім.

2.1. Ұят.Адами құндылықтар.

2.2. Мәдениетті ұрпақ болашағымыздың  жарқын өрісі.

 

 

 

 

 

 

 

1.1.МӘДЕНИЕТ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК      

       «Мәдениет» ұғымының алғашқы мағынасы (лат. cultura) — жерді өңдеу болған. Көбінесе мәдениетті адам қолымен жасалғанның барлығын дегенді білдіреді.Мәдениет – ол көпқырлі бірлік, адамдармен қоғам мүшелері ретінде қабылданған білімдер, наным-сенімдер, моральдық көзқарастар, заңдар дәстүрлер және т.б. дағдылар мен әдет-ғұрыптар. Көбінесе басым және азшылық топтың мәдениет түрлері бөліп көрсетіледіМәдениет (латын. Cultura - өңдеу, егу деген сөзінен шыққан) – табиғат объектісіндегі адамның әрекеті арқылы жасалатын өзгерістер. Бұл сөзде адам еңбегінің ерекшелігі, оның адамның іс-әрекетімен байланыстылығы, адамның және оның қызметінің бірлігі негізделген. Кейіннен «мәдениет» деген сөз жалпылық маңыз алды, адам жасағанның бәрін де «мәдениет» деп атады. Осы ұғымда мәдениеттің мазмұнды белгілері, түсінігі көрсетілді. Мәдениет – адам жасаған «екінші табиғат».  
      Мәдениет – жеке адамның өмір сүру мақсаты мен құндылық жүйесі, адамның өмір сүрген ортамен қарым-қатынасы. Ол - өзара қарым-қатынас нәтижесінде қалыптасатын ерекше құбылыс.  
Адамдар өздерін қоршаған ортаға, оның әлеуметтік және мәдени қатынасына әсер етеді, өзгертеді. Олар оны өз мақсатына пайдаланады. Болашақ қоғамға, ұрпаққа мұра етіп қалдырады, ал ол мұра белгілі жағдайда үнемі дамуда болады.  
     Мәдениет әр түрлі әлеуметтік құрылымдардың, топтардың, таптардың, жіктердің, ұлттардың, жеке адамдардың өмір сүру жағдайына, талабына сәйкес пайда болып, қалыптасады. Мысалы: аң аулау, еңбек құралдарын жасау, от жағу, тамақ пісіру, киіну, жарасымды өмір сүру, екінші біреуге ұнау, ортамен қатынаста болу, т.б. 
Бұл талап-тілектер қоғамдық прогреске, өрлеуге тікелей байланыста. әр қоғамдық кезеңде жаңа талап, тілектер пайда болады, өндіріс құралдары дамиды. Мәселен, бір кездерде жазба әдебиеті болмады соның нәтижесінде фольклор қалыптасты, кейінірек те білімнің қалыптасып, жазудың шығуы жаңа талап қойды. Бүкіл құндылықты, мифті жазып қалдыру талабы пайда болды. Информатика дамыды, оларды микрофон, магнитофон, компьютерге түсіру арқылы мәңгі ету қажеттігі туды. Сөйтіп, мәдениет әлеуметтік құрылымдардың, жеке адамның тілегіне, талабына сәкес қалыптасты. Қоғамда адам тілегінен тыс мәдениет қалыптаспайды.  
Мәдениет - әлеуметтік фактор, қоғамның қозғаушы күші. Мәдениеттің дамуы қоғамды ілгері жылжытады. Жеке адам мәдениеті мен қоғам талабы тікелей байланысты.  

  МАТЕРИАЛДЫҚ ЖӘНЕ РУХАНИ МӘДЕНИЕТ 
  Адам, оның қызметімен өзара қатынасы бар жерде мәдениет бар. Бірақ материалдық және рухани мәдениетті бір-бірінен ажырата білу қажет. 
Мәдениет материалдық және рухани: бірі-материалдық өндірістің, екіншісі-рухани өндірістің өнімі деп қаралады. Себебі материалдық және рухани мәдениеттің өнімдері – еңбек құралдары және көркем шиғырмалар әр түрлі мақсатта пайдаланылады. Олай болса материалдық және рухани мәдениеттің қызметтік ерекшеліктері бар екен. Сонымен қатар бұл екеуі – материалдық және рухани мәдениет тұтастыққа ие. Материалдық мәдениетті мәдениетке айналдырған адамның идеясы мен білімі, ал рухани мәдениеттің өнімі материалдық нысанда болады, соның нәтижемінде ол объектіге айналуы мүмкін және қоғамдық өмірдің факторы болып қалады. Сондықтан мәдениетті материалдық және рухани демей-ақ, тұтас бірлікте алып қарауға да болады. Мәселе бұларды ажыратуда емес, бүкіл қоғамның дамуына сәйкес, органикалық бірлігін мойындауда. 
Өміршең мәдениет қоғамдық адамнан ажыратылмайды, адам – мәдениет субъектісі. Оның адамдық сапасы тілді игерудің нәтижесі, қоғамдық өмір сүретін құндылықтарға, әдет-ғұрыпқа ену, осы мәдениетке тән іс-әрекеттің дағдысын бойына сіңіруі. Мәдениет – адамдықтың өлшемі, ол адамның қоғамдық мән есебінде дамуын сипаттайды. Сондықтан мәдениет адаммен тікелей қатынаста өмір сүреді. Ол қатынастың мәні мынада, адам бұрыннан жасалып келген мәдениетті бойына сіңіреді, қабылдайды, өзінің болашақ қызметінің алғышартына айналдырады. Сөйтіп өз білімін, икемін, қабілетін дамыта отырып, өзінің мәдениетті, адамдық мәнін жасайды. Материалдық мәдениетсіз рухани мәдениет қалыптаспайды. Мысалы, радио, теледидар, компьютер, түрлі ғимараттар, мұражайлар сияқты түрлі материалдық игіліктер арқылы рухани мәдениет таралды. Би, ән айту, жыр жырлау құралсыз іске асырылмайды. Ел мәдениеті неге байланысты? Олар театрларға, басқа да мәдени ошақтарға, сән-салтанатты, барлық жағдайы бар демалыс орындарына, т.б.

    Қазіргі заманғы сөздіктерде мәдениетке төмендегідей анықтамалар берілген:

а) мәдениет — белгілі бір халықтың қол жеткен табыстары мен шығармашылығының жиынтығы;

ә) мәдениет — адамзат қауымының белгілі бір тарихи кеңістіктегі қызметі мен өзіндік ерекшеліктері (палеолит мәдениеті, крит-микены мәдениеті, қазақ мәдениеті және т.б.;

б) мәдениет — адамдық әрекеттің белгілі бір саласының жетілу деңгейі (сөйлеу мәдениеті, еңбек мәдениеті, құқық мәдениеті және т.б.);

в) агромәдениет (дәнді өсімдіктер мәдениеті, цитрустық мәдениет және т.б.).

    Нақты идеалды тұрғыдан қарастырсақ, мәдениет — жеке адам мен бүкіл қоғамды адамның бақыты мен болашағы жолындағы құндылықтарды дамыту арқылы адамзат баласын жан-жақты жетілдіру болып табылады.

    1.2.  Жаңа заман көптеген дүниелердің даму шыңына жеткен, жаңа лептің бастау алған кезеңі болды. Ол тек техникалық жетістіктер, ғылыми ашылуларға ғана байланысты емес. Сонымен қатар рухани, мәдени жаңашылдықтың да белең алған уақыты. Сондай заман нәтижелерінің бірі - фанатизмнің (табынушылықтың), психологиялық талғамдағы ұқсастықтың белгілі адамдарды ұлтына, жынысына қарамай, бір идея толқынына біріктіруі, яғни «субмәдениет» ұғымының қалыптасуы. Бұл үрдіс көп кешікпей Қазақстанға да келді. Субмәдениет өкілдерін, қала көшелеріне шықсаңыз, міндетті түрде көресіз және бірден танисыз. Өйткені олардың киім киістері де, өздерін ұстауы да, сөйлеулері де өзгеше. Жастар оларды көргенде «керемет» деп тамсанады, қызығып, еліктейді, ал үлкендер «жастар қайда барады» деп күрсінеді, енді біреулер «бәрі ерекшелену үшін» деп жақтырмай да жатады. Осылайша, сан қырлы пікірлер кете береді.   

     Жалпы субмәдениет деген ұғымға тоқтала кететін болсақ,субмәдениет –бұл қандай да бір әлеуметтік топтан немесе басқа да бірлестіктен ерекшеленетін символдардың,норманың,наным-сенімнің,құндылықтың,мінез-құлық үлгілерінің жиынтығы.Және тағы айта кететін бір жайт,субмәдениет жалпы,адами мәдениетті жоққа шығармайды,дегенмен бірлестіктердің          (ұлттық,конфессионалдық,мамандырылған ұйымдардың,әлеуметтік топтардың және т.б.)өмір сүру ерекшелігімен байланысты оның өз айырмашылығы бар. Субмәдениет (лат. sub — төменгі, нем. kultur — мәдениет) — дәлме-дәл аударымда «астыңғы мәдениет», ірі мәдени құрылым ішіндегі белгілі бір топтар, бірлестіктер мәдениеті дегенді білдіреді. Субмәдениет көбінде қоғамда өктем болып тұрған мәдениет пен әлеуметтік құрылымға оң немесе теріс қатынас нәтижесінде пайда болады. Қазіргі жағдайда субмәдениет үлкен аймақтық, ұлттық мәдени құрылым негізінде пайда бола отыра сол мәдениеттегі классикалық дәстүрден тысқары тұрады. Субмәдениеттің әлеуметтік бастауын әр түрлі жас ерекшеліктеріне байланысты топтар, бейресми бірлестіктер т.б. құрайды.

   

 

 

 

  Әлеуметтік –құқықтық критерилер бойынша бейреформалық бірлестікткер 3-ке жіктеледі олар мыналар:

Әлеуметтік-құқықтық критерилері

                Мақсаты.

 

1. Просоциалды(жағымды бағытта)

2. Асоциалды(бейтарап түрде)

 

3. Антисоциалды(жағымсыз  бағытта)

 

-жастарға жағымды әрі белсенді  әсер етеді.

-бос уақыт өткізу үшін құрылған.

-жастарға  кері әсерін тигізетін  бірлестіктер.


     Соңғы жылдары музыкалық субмәдениет (поп, рок, рэп), гедонистік субмәдениет (байкерлер, рейверлер және т.б.), спорттық субмәдениет (паркуршілер, сноубордшылар, скейтбордшылар) айрықша даму үстінде. Готика, эмо, анимэ табынушылары секілді спецификалық субмәдениеттің түрлері бізде бар болғанымен, Ресей және басқа да шетелдермен салыстырғанда өте сирек кездеседі. Соңғы аталған ресми емес бірлестіктер негізінен оқушылар, студенттер арасында психологиялық қалыптасу кезеңі мен ата-ана тарапынан болатын олқылықтардың қатарласуы салдарынан орын алады.Кейбір жастар мен жасөспірімдердің осындай жоға түсуінің бірнеше себептері бар.

    Жастардың бейреформалық бірлестіктерге кіруінің себептері.

Бейреформалық бірлестіктер.

                       Пайда болу себептері.

1. Музыкалық субмәдениет(поп,рок,рэп  т.б)

2. Гедонистік субмәдениет(байкерлер,рейверлер  және т.б.)

3. Спорттық субмәдениет(паркуршілер,сноубордшылар,скейтбордшылар  т.б.)

4. Спецификалық субмәдениет(готика,эмо,анимэ,панк т.б.)

1.Отбасындағы түсініспеушіліктер,отбасына  қарсы шығу.

2.Мектептегі үлгермеушілік және  мектеп ұжымынан оқшаулану.

3. Барлық адамдар сияқты болуды  қаламау.

4. Тұрақталу қалауы ,өзіне назар  аудартқысы келеді.

5. Криминалдың әсер етуі.

6. Мода қуу.

7. Батыстық бейнеге еліктеу.

8. Жасерекшелік эмоциялық қажеттілік т.б.




 

     Субмәдениет - бұл қоғамның жай кедергі жасамауына болатын жастардың әлеуметтік белсенділігінің алаңы. Қазіргі жастардың жеке, өзіндік өмірге бүгінгі аса қиын және динамикалық (қозғалысты, көп сырлы) кезеңде аяқ басатындығын ұмытпауымыз керек. Оларға нағыз өмір туралы нақты кеңестер беріп, ата-ана уақытында өз өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, олардың бастан кешіргендеріне сыйластықпен қарауымыз қажет. Буындар арасындағы түсініспеушілік, негізінен, сол кезеңнің әлеуметтік құрылымдарын, өмір тарихтарын білмегендіктен туындайды. Тарихтың белгілі бір кезеңіне қазіргі ғылыми биіктен қарап, бүгінгі түсініктер тұрғысынан саралап, дәуір психологиясын ескермей, мәселені сол заман адамдарының қандай көзқараспен танығандығын назардан тыс қалдырып жатамыз. Әр нәрсеге еліктеуге бейім келетін жасөспірімдердің осындай жаман, қатерлі ағымдардың ықпалына түсіп кетуіне жол бермеу үшін үйде ата-аналар, мектепте мұғалімдер болып, тәрбие, оның ішінде діни тәлім-тәрбие жұмыстарын жан-жақты жүргізуі қажет-ақ.

      Сiздерге  бiр топ бейформалды бiрлестiк  өкiлдерi, атап айтқанда, басынан  аяғына дейiн қап-қара киiнген, бет-келбетiн де қарамен бояп  алған адамдар немесе үстi-басы  металдан жылтырап тұрған, не  басқа да «ерекшелiгi» бар, өзгелерге  ұқсамайтын жастар кездестi ме? Шынымен де, бұл қызық сұрақ  болғанымен, оның астарында үлкен  мәселесi бар. Бұл «ерекше адамдар»  белгiлi бiр субмәдениет өкiлдерiн  құрайды. Осы субмәдениет бiздiң  қоғамдағы жастар арасында белең  алып барады. Субмәдениет – жастардың  өзiндiк қоғам құрып, белгiлi  бiр топ iшiндегi бейформалды, яғни, қоғамнан бөлек бiрлестiгi, осы  бiрлестiк мәдениетi.  
     Ошағы Батыстан бастау алатын субмәдениет ұғымы қазiр бар әлемде кең таралған. Оған, әсiресе, жасөспiрiмдер көп қызығады.  
     Түрлi музыкалық жанрлармен әуестенiп, өзiндiк «стиль» қалыптастыратын, бейнесi мен келбетi арқылы ерекшеленiп тұратын, сондай-ақ, iс-қимылдарында да белгiлi бiр өзгеше тұстары бар субмәдениет өкiлдерi қоғамның толық белсендiлерi болғысы келедi. Батысқа елiктегiш жастар қазiргi заманнан қалғысы келмейдi. Бiрақ, КСРО кезiнде мұндай субмәдениеттерге рұқсат етiлмейтiн. Мұндай жат қылықтардың бәрi буржуазиялық керi идеология ретiнде Кеңес қоғамында қабылданбайтын әрi ондайларға жол берiлмейтiн. Бұл жайт осы күнi басқаша. Қазiр әр өңiрдегi қалаларымызда, соның iшiнде, Астана, Алматы мен Ақтауда бейформалды бiрлестiктер көп. Неше түрлi рок, гот, эмо, рэп сияқты субмәдениеттер кең етек жаюда. Олардың барлығы, яғни бейформалдық бiрлестiктер өздерiне тән шаралар ұйымдастырып отырады. Бұл қазақ қоғамына керек пе? Мәдениетiмiзге тiптен бөлек осындай ауыр да жат мәдениеттiң бiзге пайдасы бар ма?  
    Мәселен, готтардың келбетi қорқынышты фильмдердегiдей үрей туғызады. Олардың өзiндiк символы – қара түнек. Түнде жүрiп, сиқырмен айналысып, зираттарда түнейдi екен. Сондай-ақ эмо дегендердiң өзiнше тағдырлары бар көрiнедi, олар өздерiнiң тамырларын кесiп, тек қара мен алқызыл түстi ғана мойындайды. Ал скинхэдтер, яғни тақырбастылар туралы әңгiме басқаша. Бұдан да өзге субмәдениеттер бар. Мысалы, компьютерлiк, ақпараттандыру технологияларын жаңғыртушылар. Зиянды хакерлер бiрлестiктерi де жоқ емес.  
    Бiр сөзбен айтқанда, субмәдениет қоғамда, мемлекетте үлкен де зор рөл атқармаса да, оған деген жастардың қызығушылығы арта түсуде. Бұл олардың болашақ жолына кедергi болуы әбден мүмкiн. Субмәдениеттiң жақсы жағы бiрен-саран ғана. Алайда, технология мен спорт, табиғатты дамыту субмәдениеттерi елiмiзде сезiлмейдi. Ал толып кеткен эмо, рок субмәдениеттерi ерте ме, кеш пе, жасөспiрiмдердiң өзiн өзi өлтiру жағдайларына әкелiп соқтырады. Осындай оқиғалар көптеп тiркелуде. Сонымен бiрге, қазақ жастары бүкiл беттерi мен құлақтарына, тiлдерi мен мұрындарына, қастарына түрлi пирсинг-сырғаларын iлiп алып, рок пен гот атануда. Бұл - бұрын-соңды болып көрмеген жағдай.  
      «Жаман ауру жұққыш келеді» дегендей-ақ, жасөспірімдер арасындағы субкультуралық қозғалыс саналатын готтар ағымы біздің елімізде, оның ішінде Көкшетау қаласында да бой көрсетіп отыр. «Көкше» мәдениет сарайының артында, ескі қорымда, тағы да басқа бірнеше жерде түн мезгілінде жиналатын олардың қатары бірқыдырау деседі. Тырнақтарын үшкірлеп, саусақтары көрініп тұратын темірмен құрсалған қара қолғап киген жасөспірім бозбалаларды, бастан аяқ қара киім киген қыздарды оқта-текте автобуста, көшеде кездестіріп жатамыз. Облыстық әділет департаменті дін істері жөніндегі бөлімнің мамандарының айтуынша, арнайы тіркелмеген көкшетаулық готтар ресейлік әріптестері сияқты әзірге есуас қадамдарға бара қоймағанымен, жиналып музыка тыңдап немесе түнде қорымға барып, түрлі сатаналық рәсімдерді өткізумен шектеліп жүрген сияқты.Сондай, шетелдерден келген ағымдардың бірі – готтардың қозғалысы. Оны кім, қашан ойлап тапқаны белгісіз, бірақ Батыс елдерінде бесіктен белі шықпаған жасөспірімдер арасында барынша кең таралған сатаналық ұйым болып саналатын бұл ағым бүгінде Ресейде өсіп, өркен жаюда. Ресейге келген кесапаттың көп ұзамай біздің елімізге де жететіндігі құпия емес. Мұндай сойқан ұйымның бүгінгі күні Көкшетау қаласында да көрініс беріп отырған жайы бар.

Ал, енді готтар дегеніміз кімдер? Готтар – ағылшын тілінен аударғанда варварлар, яғни, тағылар деген мағынаны білдіреді екен. Жасөспірімдер арасында кең таралған бұл ағымды ұстанушылар  өмірден түңілген, сарыуайымға салынған, өмірдің көлеңкелі жағына бейім тұратын жандар болып келеді. Олардың ұстанымы көбіне өліммен байланысты. Осыған орай, готтар белгілі күндерде қорымның басында кездесіп, сонда өздерінің түрлі  шараларын өткізеді. Сатанашылардың бір буыны түріндегі готтар сезімдерін тежемей, ойларына не келсе соны істеуге бейім тұрады. Қара киім киіп, шаштарын тікірейген үлгіде немесе тақырлатып алдырып, көздерін, беттерін қара бояумен бояп алатын, олардың сыртқы кескін-келбетінің өзі сұрқай, адамның көңілін құлазытатындай.

Готтардың орташа жасы негізінен 15-19 жас аралығында. «Еркін махаббатты»  ұстанатын олардың арасында гомосексуалистер мен бисексуалистер де көп кездеседі. Тәнін саудаға салатын жезөкше гот қыздар мен көгілдір жасөспірімдер де аз емес. Олардың қызмет көрсету бағасы басқалармен салыстырғанда біршама арзан. Готтардың киім үлгілерін сататын Мәскеуде, басқа да ірі қалаларда арнайы дүкендері де бар екен. Олардың тыңдайтындары – ақыл-естен айыратын даңғара әндер немесе қорқыныш туғызатын үрейлі саздар.

Сырттай қарағанда, бұл ағымның  өкілдері жиналып алып музыка тыңдайтын ешкімге залалсыз жандар сияқты көрінгенімен, іс жүзінде олай емес. Готтардың жекелеген топтары қорымдарда түрлі тағылық әрекеттер жасайтындығы жайлы мәліметтер бар. Олар өлілердің тыныштығын алып, қабірлерді қиратып, қорым басында ойларына келгенді істеп жатады.

Готтар арасында жиі кездесетін тағы бір келеңсіздік, өздеріне қол  салуға бейім тұратындығы. Бұл қозғалыстың  басты мақсаты да жастарды депрессиялық күйге түсіріп, сарыуайымға салдыратын және өліммен байланысты түсінікті санаға сіңіретіндігін ескерсек, өздеріне қол салатындардың көп кездесуінің себебін түсіну қиын емес. 2006 жылы Ресейдің Благовещенск қаласында 14 және 16 жастағы екі қыз бала 12 қабаттан секіріп мерт болған. Олардың өлер алдындағы жазып қалдырған қағазында «бұл өзін-өзі өлтіру декаданстың дара жауынгеріне бағышталады» деп жазылыпты. Ал, өткен жылы сол Ресейдің Балашиха кентінде тұратын 11-14 жас аралығындағы готтар ағымын ұстанатын үш қыз бала биік үйдің терезесінен бір мезгілде секіріп мерт болды. Биылғы жылдың басында Комидің астанасында он алты жастағы қыз қорымдағы крестке асылып өлген...

Осылайша, өздеріне қол салған гот  ағымының өрімдей жас өкілдерінің  қатары жыл өткен сайын өсе  түсуде. Готтардың сойқаны өздеріне қол салумен ғана шектелмейді, олар жазықсыз жандарды қатыгездікпен өлтіруге де бейім екендігін бірқатар оқиғалар айғақтайды. Өткен жылы жазда Ярославль  қаласында болған қанды оқиғалар жайлы ресейлік БАҚ жарыса айтып, жазды. Бес адамнан тұратын готтардың  тобы бірнеше адамды өлтіріп, денелерін  бөлшектеп далаға тастаған.

Готтардың қорымға жақын жүріп, түрлі шараларын сонда өткізуге құштарлығы олардың арасында жыныстық құштарлыққа байланысты психикалық аурулардың жиі кездесуіне жағдай туғызатын көрінеді. Медицина ғылымдарының кандидаты, ресейлік сексопотолог ғалым А.Воронин готтардың арасында мәйіттермен жақындасуға ынтық психикалық аурудың көп екендігін айтады.Тағы сол сияқты жастардың бейреформалық бірлестіктерінде «Эмо немесе эмо-кид»ұғымы кейіннен етек жайған.Бұл кiм дейсiз ғой? Эмо (emo) — эмоция, сезiм, көңiл-күй; кид — бала, нәресте. Екеуiн қосқанда пәктiк пен тазалықтың жұптасуы жымдасып тұр. Бұл эмолықтардың өздерiне берген атауы. Астарында қоршаған ортаны сәбилерше сезiнiп, көрсете бiлетiн адам деген тұжырым жатыр. Олар әдеттегi адамдардай емес, бәрiн жүрегiне жақын қабылдайды. Мәселен, дүкенде жақсы көретiн кәмпиттерi таусылып қалды делiк, эмо үшiн сол күн қайғы-қасiретке, жылауға толы күн болады-мыс. Егер, жақын досымен сөзге келiп қалса, бұл жылау айдан жылға ұласатын көрiнедi. Махаббатта бiрiн-бiрi құлай сүйсе, Ромео мен Джульетта секiлдi қабiрге бiрге кiруге дайын. Тiптi, эмолықтар арасында қол тамырларын кесiп, өздерiн өлiмге қиюшылық та жиi орын  алады.  
     Эмолықтар жаңбырлы күнi жылап жүргендi ұнатады. Себебi, жүздерiн жастарымен қоса, жаңбыр суы шайып, "әдемi" сезiмге бөлейдi. Мұндай күндерi олар кiл қара түстi киiмдер кисе, көңiл-күйлерi орнығып, қуанышқа бөленгенде — қараға күлгiн-қызғылт, сондай-ақ, өзге де көзге түсетiн ашық түстердi араластыруға тырысады. Үнемi рок музыкаға елiтiп жүру де эмолықтарға тән қасиет. Негiзiнен эмо тарихы да музыкамен тiкелей байланысты. 1985 жылдары өзгелерге ұқсамайтын ерекше әуездерде ойнай бастаған вашингтондық топты жұрт "Эмо" деп атаған. Бұл әуездер бiр тыңдағанда сол кездегi панктерге ұқсағанымен, онда вокал мен лириканы эмоциямен орындау басым болған. Эмо да басқа музыкалық стильдер секiлдi өзгерiстерге ұшырады. Бүгiнде эмолықтардың әнұранына айналған музыкалық стиль — рок. Олар әр кеш сайын қолдарына гитара ұстап, билеп, ән салады.

1.3. Жастардың арасындағы субмәдениет туралы сөз қозғамас бұрын, алдымен бұл түсінік астарында не жатқандығын анықтап алу керек. Айқындап алуға деген қажеттілік қазіргі күнде тек «жастар субмәдениеті» ұғымына ғана қатысты емес, сонымен қатар «жастар», «субмәдениет» түсініктеріне де өзіндік талдау, түсіндірулердің көбейіп кеткендігінен туып тұр. Жалпы, субмәдениет - жас адамдардың ресми емес қатынастарының, олардың ерекше өмір сүру стилі мен тәртіптерінің, белгілі бір қағидалары мен құндылықтарының нәтижесі және «МЕН-ОЛАР» жүйесіндегі өздерін көрсетудің, дамытудың бір жолы деп айтып кеткендей,жастар субмәдениетінің өзіндік құндылықтары мен тәртіп нормаларын культқа айналдыруға уақыты жеткілікті жас адамдар аса көп шоғырланған үлкен мегаполистерге тән феномен екендігін айта кеткен жөн.

 Жастар субмәдениеті - жастардың  үлкендер әлеміне толықтай бейімделуі  жүргеннен соң, әрі қарай өз мәнін жоятын дамудың белгілі бір кезеңі, яғни жеке адам дамуының өтпелі сатысы. Жастардың ресми емес қатынастары және олардың өздеріне ғана тән мақсаттарын табуы жеке субмәдениеттің қалыптасуының себебіне айналады. Жастар субмәдениеті - киген киімнен, сөйлеу мәнерінен, жаргондардан және айрықша әуестенулерден көрініс табатын үлкендер әлеміне, қоғамның ережелері мен құндылықтарына деген өзіндік қарсылық. Белгілі бір субмәдениеттің өкілі болып табылатын жастардың психологиялық ерекшеліктеріне келер болсақ, ол мына бір жайттардан көрініс табады: ата-аналары мен мектеп тарапынан болатын бақылаулардан босауға деген ұмтылыстан, эмоцияға аса берілгіштіктен, жасөспірімдік әсірелеушіліктен, өмірге қатысты ойларының тым мінсіздігінен, адамгершілік ұстанымдарының тұрақсыздығынан, жеке адами құндылықтарының қалыптаспауынан.

 Жастардың өмір сүру қалпы  және тіршілік ұстанымы контрмәдениет шеңберінде болуы мүмкін емес сияқты. Айталық, хиппи құбылыс ретінде алғаш АҚШ-та 60-жылдардың басында өзгеріп кеткен қажеттіліктер мен оны қанағаттандыра алмаушылық мәселелері негізіндегі контрмәдениетті көңіл күйдің көрінісі ретінде пайда болды. Ал Батыс және Шығыс Еуропа елдеріндегі «тақыр басты» жастар қозғалысының пайда болуы, оның Ресейдегі қатыгездену және саясаттану тарихы - бұл да жастар субмәдениетінің емес, контрмәдениетінің көрінісі. Қазақстан - белгілі дәстүрлер мен жаңашылдықты өзіне жинақтаған ерекше мемлекет. Біздің жастар, бір жағынан, қоғамның инновациялық потенциалы болып табылады және білім алуда, жаңашылдықты қабылдауда, мамандығы бойынша өсіп-өркендеуде және өмірдің басқа да салаларында жеткілікті белсенді. Бірақ сонымен қатар тәрбие мен құндылықтарды мұра ретінде қабылдаудағы дәстүрлерді де ұмытпайды. Дәл осы санадағы дәстүрлілік пен діл ерекшелігі жастардың ерекше субмәдениетінің қалыптасуын тежеп тұр.Бірақ, жастар субмәдениеті жас адамдардың өз қолдарымен жастар үшін құрылады. Одан барлық адам бірдей өтпейді және субмәдениет қазіргі әлеуметтік-мәдени ұстанымдарды жоюға емес, керісінше, жастарды сол қоғамның бөлшегі етуге негізделеді.

ІІ.Қорытынды.

2.1. Мектеп оқушлары мен жасөспірім жеткіншектер ынтымақтастық сезімі мен жолдастық,есіркеушілік,ұялшақтық секілді құндылықтарға мән бере бермейді.Бұл сапаны Г.П.Синицынаның пікірінше: «Ұят-бұл адамның өз әрекетін,мәнерін,сапасын кінәлап көрсететін құндылық сезімі.Адам өз бетімен эмоциональды түрде оларды адамгершілікке жат деп сезінеді,немесе өзін-өзі сырттан кінәлау әрекеті арқылы зерделейді »-деп сипаттайды.Ұят сезімін мінез-құлық пен қылықты реттеп отыратын әрекеттеуші механизм  деп түсіну,тану аталмыш адамгершілік құндылықтарын түсінудің жоғары деңгейін дәлелдейді. «Ар-ұждандылық » пен «Ұялшақтықтың» құндылық ретінде таңдаудан тыс қалуы олардың адамгершілік өрісін реттеуші мүмкіндігін төмендетіп,өзін-өзі бақылаудың адамгершлік-психологиялық механизмін әлсіретеді,оның үстіне өзін-өзі айқындаудың адамгершілік  бағдарын құндылықтарына енбегендігімен түсіндіріледі. Дәл осындай парықсыздық антиқұндылықтың ара қатынасында да белең алған:жауапкершілікті сезінбеу,жақсылықты түсінбеушілік,қаталдық,амбиция,менмендік т.б. Бұл тәрбие беру үрдісінде жеке және әлеуметтік мәні бар адамгершілік құндылықтарын оқушылар бойында қалыптастырмастан бұрын,оқушылардың іс-әрекетінде өзін-өзі айқындауды көкейкестілендіру керек деп есептеу керек.

2.2. Қорыта келе,қоғамымыз бен  мемлекетіміздің әлем кеңістігіндегі мәртебесін жоғары ұстайтын ұлттық тәрбие ауқымында тәрбиеленген,өзіндік дүниетанымы,әлеуметтік-экономикалық міндеттері шешетін,ізгілікті деңгейдегі адамгершілік пішіні сомдайтын,мәдениеттерді шешетін,ізгілікті деңгейдегі адамгершілік пішінін сомдайтын,мәдениетті ұрпақ болашағымыздың жарқын өрісі деп білеміз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер:

1. Абай атындағы ҚазҰПУ-дың хабаршысы-2004 ж. 2. Алаш айнасы газеті категория: қазақша жаңалықтар.

3. «Сарыарқа самалы» газеті. 4. Республикалық  саяси-қоғамдық газеті- 28 қараша 2011 ж.


Жастар арасындағы субмәдениет