Жеке адам дамуындағы Еріктік сфера
Жеке адам дамуындағы Еріктік сфера
Ерік қимылының адамның даму процесінде біртіндеп жетіліп, қалыптасатын күрделі процесс екендігін төменгі құрылымнан көруге болады. Адамның еркі алдына мақсат қоюдан басталады. Тілек – келешекте істейтін ісіміздің ойға бекуі. Тілектерге еріктік амалға тән талғамалылық сипат тән. Ал талғау ниетке ой әрекетінің араласуын қажет етеді. Ой тезіне салу арқылы адам өзіне қажетсіз тілектерді тежейді де, қажеттіліктерін орындау үшін тиісті жоспар сызып, амал, әдіс қарастырады.
Адамның алдындағы мақсаты осылайша айқындалғаннан кейін, әрекеттің орындалу жолын қарастырады, оны жаспарлайды. Егер адам мақсат қояр кезде өзіне «не істеу керек?» деп сауал қоятын болса, әрекетті жоспарлау үстінде «қалай істеу керек?», «қандай жолдармен мақсатқа жетуге болады?» деген сұрақтар қояды. Осы арада адам мақсатқа жетудің ыңғайлы жолын іздестуреді, айналасына көз тастап, алда тұрған қиыншылықтардың сипатын, оны жеңу жолдарын белгілейді. Қандай да іс әрекет жоспарын жасау – күрделі процесс.
Мақсатқа жету жолдары белгіленіп, жоспар жасалғаннан кейін адамның тілегі оның нақтылы қалауына көшеді. Қалау – мақсаттың айқындығы, оған жеткізетін тиісті жоспардың жасалуы, ойдың бекемдігі.
Сөйтіп, мақсат қою, тілек, қалау, мотивтер күресі, тоқтамға келу – бәрі жиналып еріктік қимылдың «даярлық кезеңі» деп аталады.
Еріктік амалдың ең негізгі кезеңі – қандай болмасын тоқтамды орындау стадиясы. өзінің қандай болмасын тоқтамын іске асыратын, оны орындайтын кісіні ғана еркі нағыз жетілген адам деп тануға болады. Сондықтан адам өзінің алдына шамасы келетін, күші жететін, орындай алатын мақсаттарды алға қоюдан, осы жолд түрлі қиыншылықтарды жеңіп отыруы тиіс.
Еңбек үстінде жеке адамның сапасы психологиялық процестерінің ерекшеліктері және адамның қасиеттері көрінеді. Сонымен қатар еңбек осы процестерді жетілдірудің және жеке адамның қасиеттерін қалыптастырудың ең басты құралы болып табылады. Еңбек әркетінің арқасында адамда ойлау, қабілет, ынта дамиды, білім, іскерлік пен дағыдыға ие болады, еркі күшейіп, мінезі қалыптасады.
Баланы екі жастан бастап еңбекке тәрбиелеген дұрыс және ол оқумен ұштастырылуы қажет. Баланың әрқандай даму кезеңіне сай еңбек әртүрлі болады. Мектепке дейінгі жастағы бала үшін (оның еңбектенуге де, оқуға да ықыласы болғанымен) мұндай әрекет түрі – ойын. ал мектепте (1-ші сыныптағылардың ойынқұмарлығы басылмаса да) оқу еңбегі басым келеді.
Көрнекті кеңес педагогы А.С.Макаренко балаларды еңбекке тәрбиелеу саласындағы мәселелерге ерекше назар аударды. Балаларды белсенділікке, творчестволық пен инициативалыққа тәрбиелеуде тек ұлы істер мен көрнекті еңбек қана емес, ойын да белгілі дәрежеде әсер ететіндігін ашып берді. Ол: «Бәрінен бұрын ойын мен жұмыс арасында үлкен айырмашылық жоқ екендігін айту қажет...Жақсы ойын жақсы жұмысқа, жаман ойын, жаман жұмысқа ұқсайды» - дей келіп, ойнаудың қай-қайсысы болса да еңбекке және ойлануға негіз болып табылатындығын дәріптейді және ойынның үлкен тәрбиелік мәнін талдай отырып: «Егер біздің баламыз тек әрекетсіз, енжар ойындармен ғана айналысатын болса, одан енжар, басқаның жұмысына көзін сатып отыратын, бастама дегеннен айырылған және жұмыста жаңалық ашуға ұмтылмайтын қиындықтарды жеңуге дағдыланбаған адам тәрбиеленеді. Күш жұмсап, белсенді әрекет етпейтін ойын-қашанда жаман ойын. Бала шынында да ойнасын, ойыншықтарды бөлшектеп, жинап, құрастырсын. Алғашқы бастаған ойынын аяқтамай, бір істен екіншісіне ауыспасын, не істесе де сол істі аяғына дейін жеткізсін. Ойыншықтардың қайсысынан болса да болашаққа қажетті құнды жақтарын түсінетіндей болуы керек». Сонда ойын баланы еңбекке жұмылдыруға әсерлі болады және білім қатарласа жүрмеген, саяси және қоғамдық тәрбие қатар жүргізілмеген еңбектің тәрбиелік пайдасы болмайды, бейтарап жүргізілген іс болады да қалады.
Психология ғылымында адамның жеке басы сапасын, оның ішінде еркі (тұрақтылық, дербестік, инициатива т.б.) туралы мәселе жөнінде көптеген жұмыстар жүргізілсе де ашылмай отырған сырлар аз еме. Сондықтан оларды ескерусіз, елеусіз тастауға болмайды, қайта адамның жеке басы сапасын барынша зерттеп ашу кезек күттірмейтін мәселенің бірі боп табылады. Бұл мәселені зерттеу үшін жеке адам еркінің ерекшелік белгілері мен мінезіне, қасиетінің қалыптасуына назар аудару қажет. Бұл – психологтар ұжымының алдында тұрған проблемалық үлкен мәселелердің бірі.
Оқушылар инициативасына психологиялық талдау жасауда мынандай жоспарда жүргізуге болады. Инициатива - еріктің саналы түрдегі ықпалының бір көрінісі, инициатива көрсету - мінез ерекшеліктеріндегі дербес қасиеттің қалыптасуы.
Адамның ерік сапалары тәрбие үстінде дамып, дербес тәрбие кезінде жетіледі. Ерік қоғамдық дәлелдерге, бағытқа, сыртқы қайшылықтарды жеңе білуге сай бағаланады. Ол жеке адамның өмір тәжірибесінен жинақталады.
Жеке адам еркінің сапалары іс-әрекет үстінде көрініс береді. Олар мыналар: дербестік, шешімділік, өзін-өзі ұстай білу. Адамның өз қылығын өзі анықтап, маңайындағылардың кездейсоқ әсерлерінің ықпалына мойын ұсынбай, өз сенімімен, өз біліміне жүгіну арқылы қызмет атқаруын дербестік дейміз. 6-7 сыныптардағы оқушылардың дербестігі: «Мен еліме қандай пайда келтіремін және қалай келтіруім керек?!» дегендей мағынада көріне бастсйды. Оқушылардың осы шақтағы кезеңін психологиялық және педагогикалық әдебиеттерде «толқымалы жас» деп есептейді. Бұл жастағы ұлдар мен қыздардың мінезі айқындалып, өмірге көзқарасы және сенімі қалыптаса бастайды. Мінез-құлық дәрежесі бағдарланып, төңірегіндегілермен қарым-қатынасы басталады. Бұларды жас өспірімдер деп атайды.
Психологтар балалар мен ересек адамдар жасының психологиялық ерекшеліктерін зерттеумен шұғылданып, сан рет өмірге қажетті мәселелер көтерді. Жалпы және педогогикалық психология ғылыми - зерттеу институты жеке адамдардың психологиясын, сонымен қатар олардың қажетті қасиеттерінің даму мәселелерін зерттеуді қолға алып, ғылыми тәжірибелер негізінде жеке адам мінез – құлқының қалыптасуы жөніндегі проблемаларды белгілі бір ғылыми жүйеге келтірді. Оқушылардың ар-ұжданы мен даму заңдылығы негізінде жеке адамның мінез құлқын зерттеу, еңбек сүйгіштікке баулу арқылы жаңа адамдар тәрбиелеу - психология ғылымының негізгі саласы. Адамдардың еңбекке деген сүйіспеншілігі әрқашанда жоғары бағаланады. Өйткені еңбек сүйгіштік, жаңаға талпыну, еңбекке шығармашылық көзқарас, іске жауапкершілік сезім, т.б. оқушыларды патриоттық рухта тәрбиелеудің бірден-бір мектебі болып табылады.
Бала мен ересек адамдардың психологиясын жеке зерттеу бүгінгі психология ғылымының актуальды мәселелерінің бірі. Бұл салада инициативаның мәні зор. Жеке адам психологиясы инициатива арқылы көрініс береді. Қазіргі ғылым, техниканың дамыған шағында адамның инциативасы,еңбекке деген белсенділігі, сан-алуан мамандыққа орай қалыптасқан қабілеттілік, алғырлық, еңбектен ләззат ала білу-тек адамға ғана тән тамаша қасиеттер.
Ерік – бұл адамның мақсатты жұмыс орындау барысында кезіккен сыртқы және ішкі кедергілерді жеңумен байланысты өз қылық әрекеттерін қолдап, реттей білу қасиеті. Ерік өмірдің ауыртпалық түскен жағдайларында белсенділік көтеріп, өзін-өзі реттеудің көзімен болумен түгелдей сана басқарымында болады. Адамның өз әрекет-қылығын реттестіре алу қабілетінің негізінде жүйке жүйесінің өзара ықпалды қозу мен тежелу байланыстары жатыр. Осы принциптерге сай ерік саналы өзіндік басқарумен бірге белсенділік арттыру немесе ынталндыру және реттеу қызметтерін атқарады. Ерік, яғни ырықты әрекеттер – ырықсыз қимыл-қозғалыстар негізінде пайда болады. Қарапайым ырықсыз қимылдар қатарына жататындар, мысалы, көз қарашығының тарылуы мен жайылуы, жыпылықтау, жұтыну, түшкіру т.б. сияқты рефлексті әрекеттер. Біздің сезімдік, көңіл-күй таныту әрекеттеріміз де ырықсыз сипатқа ие. Сонымен бірге әрекетіміздің жалпы мақсатынан тыс, ниеттенбеген импульстік қозғалыстар да осы ырықсыз қимылдар тобына жатады. Еріктің қылықтық ерекшелігі оның «мен қалаймын» емес, «мен міндеттімін» толғанысының жетегінде болуы. Дегенмен кейде адам өзінің еріктік бағдары мен тума қылықтарын біріктіре алады. Ырықсыз қозғалыстарға қарсы қойылатын саналы әрекеттер адамға тән бола келіп, ниеттенген мақсатқа жетуге бағытталады. Еріктік қылықтың басты көрсеткіші де осы нақты мақсатқа бағытталған саналы әрекет. Бірақ әрқандай ниет өзінің құрылымдық күрделілігінен көздеген мезетте іске аса бермейді, осыдан еріктік әрекет өз ішіне жеке бірліктер ретінде көп қайталанудан бастапқы саналық сипатын жойып, автоматты қимыл-қозғалыстарды қамтуы мүмкін. Кейбір еріктік әрекеттер күрделі сипатта болуынан, оның орындалуы ұзақ мерзімге созылуы мүмкін.
Психологиялық қорғаныс механизмдерін пайдаланып, кейбір ұнамсыз қылықтар төркінен басқаларға білдірмеу мақсатымен адам өзінің ішкі кедергілерін сыртқа көрсетуге тырысады. Әрқандай ниеттелген мақсаттын орындалуы түрлі объективтік сипатқа ие сыртқы кедергілер кезедседі. Бірақ кедергіні жеңу бағытталған көрінген әркет еріктік бола бермейді. Мақсатқа жетуде қандай да қиыншылықтарды жеңу сол мақсаттың мағынасын терең түсіне білуге және адамның өз борышын саналы байыптауына тәуелді. Мақсат неғұрлым маңызды болса, соғұрлым қандай да кедергіден қаймықпайды. Кей жағдайларда мақсаттың өмірден де қадірлі болуынан адам ол үшін жан пидалыққа барады.
Еріктік әрекеттер табиғатын түсіну үшін бұл жөніндегі ғылыми көзқарастар өрісіне зер салған жөн. Ерік ұғымы ретінде де нақты болмыстық құбылыс ретінде де тарихи сипатқа ие. Ежелгі және ортағастырлық дүние ерік құбылысын бүгінгі біздің түсінігіміздей танып білмеген. Мысалы, ежелгі қоғамда адам жөнінде тіпті сөз де болмаған, оның орнына «даналық мұраты» сөзі қолданған. Адамның қылық-әрекеттері табиғат пен өмір ақыл бастауларына және логика қағидаларына бағынады деп түсінген. Осыдан, Аристотельдің пайымдауынша, барлық әрекет логикалық қорытындылардан туындайды. Н.Ш. Чхарташвили мақсат пен саналы тану интелектуалды әрекеттер категориясынан туындаған деумен еріктің өзіндік сипаты барлығына шек қояды, сондықтан ғылымға жаңа бір «ерік» терминін ендірудің қажеті жоқ екенін дәлелдеуге тырысады.
Жеке адам қасиеті сипатында ерік ортағасырлыққа да таныс болмаған. Мұны сол уақытта қоғамда орын алған экзорис – жын шайтан қуу үрдісінен тануға болады. Бұл үрдісте адам ылғи да енжар күінде танылып , сыртық әсерлер жинайтын «ұя» ретінде бағаланған. Ол заманда ерік дербес жасайтын, нақты қайырымды не жауыз құбыжық күштер түріне енген құбылыс деп есептелген.
Ерік табиғатын бұлай түсіндірудің себебі – сол заманда қалыптасқан қоғамның адам әрекетінің негізі оның өзінде екенін мойындамаудан. Әр адам бабалардан жеткен нәсілдіктің ізі ғана деп қабылданған. Ерік бостандығын біржақты асыра дәріптеу нәтижесінде экзистенциализм немесе «тіршілі философиясы» пайда болды. Экзистенциализм (М.Хайдегер, К.Ясперс, Ж.П.Сартр, А.Камю т.б.) ерікті, тәуелсіз, әлеуметік әсерлерге қатысы жоқ құбылыс деп таниды. Мұндай пікірдің негізі – мәдени ортадан бөлек, дерексізденген адам. Мұндай адамның қоғам алдында ешқандай инабаттық міндеттері мен жауапкершілігі жоқ. Ерік бостандығын асыра мадақтаудан олар адам болмысының жалпы негідері жөніндегі ойларына дәлел айта алмай, адамдар өз өмірінің мәні, мақсаты және жауапкершілігінен айыратын, қоғам, тарих, мәдениетке қайшы келетін кездейсоқ, жауыздық ақылдан аулқ бастаулар тұңғиығына түсіреді.
Қылық иесі – адам қалыптасқан талаптарды жоққа шығара отырып, міндетті түрде қандай да басқа, өзіне ұнаған құндылықтарға ауысады. Егер адам бір мәдени қалыпты мойындағысы келмесе, онд оның бұл әрекеті екінші бір қырлардан танылып болмаған қажеттілікті көздегені. Осыдан ежелден бүгінге дейін баршамық қоғамға жат деп есептейтін парақорлық пен нашақорлықтың бір жағы мәдениеттіліктен шыққаны ғажап нәрсе. Осығна байланысты түсініктеме берген И.П.Павловерікті адам белсенділігіне байлау болатын кедергілерді жеңуде көрінетін әрекетшеңдік – «еркіндік инстинкті» деп қарастырады. Егер осы қасиет болмаса, жануар алдынан жануар шыққан кедергіден өте алмай өлімге душар болушы еді. Ал адам үшін мұдай кедергілер қатарына әрекетке матау болатын сыртқы әсерлер ғана емес, өз қызығулары мен қажеттіліктерін бақылауға алатын өзіндік сана мазмұны болуы тиіс. Бұл тұрғынан еркіндік болған ерік, Г.Л.Тульчинскийдің пікірінше, жеке адамның психолгиялық болмысының барша деңгейлерінде көрінеді, ір қажеттіліктерді басым, екіншісіне ынталандырады, өз міндетін танытып, жеке адам қадірін қорғау мен өз мұраты үшін балығына барады.
З.Фрейд пне Э.Фроммның психоаналитикалық зерттеулерінің нәтижесінде «ерік адам қылықтарына дем беруші ерекше қуат» деген түсінік ғылымға енді. Бұл ғалымдардың болжамынша адам қылықтарының көзі – психикалық формаға келтірілеген жанды ағзаның қандай да биологиялық қуаты. Ал бұл қуат, Фрейдтің пікірінше санадан тыс, ақылдан алшақ «либидо» - жыныстық құмарлықтың психосексуалды энергиясы. Фрейд болжамдары оның шәкірттерінің еңбектерінде қызықты эволюциялық жалғасын тапты. Солардың бірі К.Лоренс ерік энергиясы адамның әу бастан жыртқыш болуынан дегенді алға тартты. Егер осы жартқыштық қасиет қоғам рұқсат еткен белсенділіктер түрінде жүзеге асып тұрмаса, ол әлеуметік қатерге айналып, ырыққа келмейтін қарақшылық әрекеттермен ұштасуы мүмкін.
Еріктік әрекет себептері адамның сыртқы ортамен белсенді қарым-қатынасқа келуінен туындайды. Еріктің себепті болуы адамды қадай да қылыққа мәжбүрлеп, көндіруді білдірмейді. Адам табиғатынан қоршаған орта жағдайлары болмай, өз өмірін қолдай да жалғастыра алмай да қалады. Ерік бостандығы табиғат пен қоғамның жалпыланған зандылықтарын терістеумен емес адамды оларды жете танып, өз әрекетін солғарға сай әрекеттестіре білуі.
Психиканың басқа да көріністері сияқты ерік те мидың жүйкелік процестеріне негізделген заттасқан құбылыс. Ырықты әрекеттердің негізі алдынғы орталық жүйке сайларындағы си қабаттарының бірінде орналасқан аумақты пирамидалы жасушалар қызметінде көрінеді. әрекетке келтіретін импульстер осы жасушаларда пайда болады, осы арадан түйдектелген жүйке талшықтары бастауын алып, миға тереңдейді, одан төмен түсіп, жұлынды бойлай отырып, дененің қарсы тарапындағы бұлшық еттерге жетеді, яғни пирамидалы жол жүреді. Алайда, ырықты әрекеттер бір-біріне байланысты өзара ықпалды әрі ниеттелген қимылдардың күрделі жүйесінде пайда болады. Бұл процесте қозғалыс түйсіктерінің маңызы үлкен. Егер алдыңғы орталық жүйке сайларының артына жайғасқан бөліктердің бірі зақым алса, адам өз әрекеттерін сезінбей, қарапайым қимылдардан қалады, қалаған қозғалысын таңдап, реттей алмайды. Әрекеттердің бірізділігі мен байыптылығы алдыңғы орталық жүйке сайларының қызметімен басқарылады. Бұл ми қабығы бөлігінің зақымдануы қозғалық икемсіздігіне соқтырып, бұрынғы қалыптасқан дағдыларды жояды.
Аталған ми аймақтарынан басқа, еріктік әрекеттердің бағыты мен қуатын қолдап барушы құрылымдарды да ескерген жөн. Мидың маңдай профронталь бөлігі істен шығуынан қимыл әрекеттер ырықты реттелуден ауып, қажетті бағдарламаға көнбей, ерік жоспарына икемдесуден қалады. Мұндай аппраксия жағдайында адам қандай да бір ісін бастағанымен, аяқтай алмайды. Ми сырқаты негізінде адам абулия (зағымды еріксіздік) ауруына ұшырайды. Мұндайда әрекет иесі өз қадамының қажеттігін біле тұра, оны іске асыруға ерік-жігері жетпей, керекті шешім мен әрекетке келе алмай, жан күйзелісәне түседі. Абулия ми қабығындағы шектен тыс тежелу мен мидан берілетін импульстік ықпалдардың қажетті деңгейінің бәсеңдеуінен болады. Осыдан сырқат адам көбіне ырықсыз қылықтар шырмауынан шыға алмай қиналады. Ерік әрекеттерін орындауда адамның саналы әрі мақсатты қимыл-қозғалыстарын реттеуші екінші сигналдық жүйенің маңызы орасан зор. Екінші сигналдық жүйе адамның қозғалыс қуатын арттырумен бірге барша психикалық процестерінің бастау көзі. Осыдан ырықты әрекет бас ми қабығының барша бөліктерінің біркелкі қызметінің нәтижесі ретінде көрінеді. (И.П.Павлов)
Тұтастай алғанда ерік шартты рефлекстік сипатқа ие. Уақытша жүйке байланыстарының негізінде әр қилы ассоциациялар жинақталып бекиді және салыстырылады. Егер келіп түскен хабар ми қабығында бұдан алдын түзілген бағдарламамен сәйкес келмесе, не әрекет өзгереді, не жоспар қайта жасалады. Егер реттестіруің рефлекторлық негізі бас миындағы қажетті қозу ошағының пайда болуына тәуелді. Бұл жүйкелік қозу ұдайы энергиялық қуатты керек етеді. Мұндай ми қажетін ерекше аккумулятор сипатты ретикулярлы формация қамтамасыз етеді. Осы ретикулярлы формация қжетті қозу ошағының қуатын қолдауынан, адам қандай да жұмыс орындауда үлкен жігерлілік танытып, көздеген мақсатына жетуге батыл қадам жасайды.
Әрбір ерік әрекеті өзінің күрделілігімен ерекшеленеді. Ниеттелген мақсат анық болып, орындалу жағдайларына сәйкес әрі тікелей іс-әрекеттке өтетін болса, әңгіме қарапайым ерік жөнінде болғаны. Ал күрделі ерік әрекетінде ықпал жасаушы импульстер мен нақты әрекеттер арасында қосымша ерік бірліктері енеді. Ерік процесінің мәнді кезеңдері мен бөліктерінің құрамы келесідей:
1. ниеттің туындауы мен мақсат белгілеу;
2. талдау, талқылау кезеңі мен түрткілер таласы;
3. шешім қабылдау;
4. орындау.
Еріктік әрекет желісінің бастапқы басқышының негізгі мазмұны ниет белгілеу мен мақсат қою. Ниеттің бәрі бірдей саналы болып келе берейді. Қандай да қажеттілік өз түсінік деңгейіне орай құмарлық немесе тілек сипатын алады. Егер тұлға өз жағдайына қанағаттанбаса, осыған байланысты қажеттілік толығымен өзіне әлі түсініксіз болса, оның мақсатқа жету жолы мен шараларының күңгірт болғаны. Бұл жағдайда оны іске итермелейтін, әшейін құмарлық. Құмарлықта адам өзіне бірдеңенің керектігін сезінеді, бірақ сол нәрсенің не екеніне көзі анық жетпейді, қжеттілігін нақты түсінбейді. Сондықтан ол ауыспалы құбылыс, ондағы қажеттілік бірде сөнеді, ал кейде нақты арман тілекке айналады.
Бірақ тілек ету әлі де әрекеттке келу деген емес. Қажеттілік мәнін бейнелегенімен тілекте белсенділік болмайды. Тілеу – бұл алдымен әрекетке келтіруші себепті түсіну кезеңі. әрқандай қылықтылықтың түрткісіне, мақсатына айналудан бұрын тілек сарапталып, бағаланады; оның орындалуына кедергі не қолдау беретін шарттар өлшестіріледі. Тілек іс-әрекет түрткісі сияқты өзінің туындауына себепші болған қажеттіліктің айқындылығымен ерекшеленеді. Ынталандырушы күшке негізелген тілек адам санасын болашақ мақсатқа ойыстырып, жоспар түздіреді, сонымен бірге ол мақсаттың орындалу жолдары мен құрал-жабдықтарын ақылға сай нақтылайды. Әрқилы қажеттіліктер маңызының өзгеріске келуінен адамда түрткілер күресі басталады. Бұл талас-тартыстың мәні: әлі бастамаған әртүрлі әрекеттердің оң не теріс тараптарын, қай жағдайда қандай әрекетке кірісу қажеттілігін таңдауға бағытталған адамның талқылау ісінің жүруі. Түрткілер тартысының қорытынды сатысы – шешім қабылдау; бір түрткіні қалаумен нақты мақсатқа жүгіну. Еріктік әрекеттің ерекше сипаты – жауапкершілік сезімі. Батыл шешімге келудің бірнеше жолы: (У.Джеймс)
1. Саналы шешім түрткілер қарсыластығы бірте-бірте семіп, арасындағы бір мәнділеу баламаға аса зорлықсыз жол беруден пайда болады;
2. Таңдау болғанысы мен батылсыздық ұзаққа созылып, тереңдей түссе, адам дағдарысқа келіп, ештеңеге кіріспегеннен гөрі қателікке ұрынуы мүмкін.
3. Ықпалды – ынталандырушы күштердің оқтығынан, өз батылсыздығынан іштей күйініп, адам қалай болса солай ойланбастан іске барады, осы кезде оны істің аяғы қызықтырмайды.
4. Ішкі толғаныстардың байыпқа келуі – алғашқы түрткілер құндылығының өзгеріске келуіне байланысты. Шешім адамгершілік көзқарас, намыс араласуымен қабылданады.
5. Кейде өз қалауын қонымды ақылға сыйғыза алмай, адам белгілі әрекет түрін таңдайды, яғни ерік күшімен өз көңілінде бұрын еленбей келген бір түрткіге қуат береді және ол әрекет көзіне айналады.
Шешім қабылдау біршама күрделі процесс, оның жүрісі де ішкі толғаныстың үндемелі қозғалысын тудырады. Ал шешімге келуден адам жеңілденіп, қанағаттану сезіміне бөленеді. Бірақ шешімге келу жұмыстың орындалуын қамтамасыз ете алмайды. Кейде ниеттелген әрекет те іске аспайды, еріктік әрекеттің мәнділігі деп – түрткілердің тайталасы мен шешімнің қабылдануына емес, жұмыстың белгілі нәтижеге келуінен. Шешімнің орындалуы мерзімге байланысты. Егер шешімнің орындалуы ұзақ мерзімге дейін қалдырылса, ол ниет қана. Мұндай ниет ерікті әрекет жасауға жеткіліксіз. Бұл әрекетте мақсатқа жетудің жоспарлау сатысын айтамыз. Жоспарлау – күрделі ой әрекетімен ұштасқан, қабылданған шешімнің тиімді әдістері мен құрал-жабдығының іздестіру кезеңі.
Ерік күші – бұл адамның жігерін жинақтап, мақсатқа жетуге керек болған қосымша қуат түрткілердің көзін шатын мақсатты белгілеу мен істің орындалуына дейінгі ерік процесінің барша бөліктеріне ықпалды фактор. Орындай барысында адам өзінің ішкі кедергілерін ғана емес, сыртқы қиыншлықтарды ерік күшімен жеңе алады. Ерік күшінің қарқындылығы төменгі жағдайларға тәуелді:
1. жеке адам көзқарасы;
2. моральдік тұрақтылық;
3. қоғамдық мәнді мақсаттар;
4. іс әрекетке деген көрсетпен талап;
5. жеке адамның өз басын жұмысқа бұрып, басқара алуы.
Адам орындалатын істің маңызын оның моральдік талаптарға қайшы еместігін де түсінуі мүмкін, алайда бұл оған іс барысындағы кедергілерге қарсы тұруға демеу бола алмайды. Түсінуден көптеген басқа ниет тілектерді баса отырып, қажетті ұмтылысты пайда ету үшін адам «осылай болуы тиісті» дегендей үлкен жан қалауы – борыш сезіміне бөленуі тиіс. Борыш сезімі – моральдік талаптардың адамның ішкі жан дүниелік қасиетіне айналып, «мендік» пен қоғамдық мүдделер тоғысында талданатын тиімді әрекеттің жол көрсеткіші. Көп жағдайда адам ерік күшімен өзінің мінезіндегі белсенділікті жойып, тоқтамға келтіруіне тура келеді. Бірақ мұнымен адам ырықсыз белсенділікті түбегейлі шектей аламайды, тек түрін өзгертіп, сыртқы көріністерін басуы мүмкін.
Ерік әрекеттерін іске асыру барысында бағалау кезеңі басталады. Баға түрлі әлеуметтік саяси, моральдік, эстетикалық бағыттардан беріледі, ал кей жағдайда аталған талғамдардың басы бірігіп, бір бағаға арқау болуы ықтимал. Баға тек жеке адам өлшеміне ғана емес, іске қатысты бар көпшіліктің пікіріне де сүйенеді.
Әрбір адамның ерік әрекеті өзіндік ерекшелікке ие, себебі ол жеке ұтлғаның тұрақты қасиеттерінің көрінісі. Еріктің саналы ұйымдастырылуы мен ретке келуі адамға өзінің сезімдерін, қылығын, танымдық процестерін басқаруға мүмкіндік береді. Ерік аймағынығ жеке-дара ерекшеліктер адам еркінің тұтастай сипатын немесе ерік процесіндегі жеке бөліктердің мазмұнын құрауы мүмкін. Ерік сипаттарының жалпы бірігуін танытанын құбылыс – ерік күші. Ерік күші еріктік әрекеттің барша кезеңдерінде қажет, әсіресе оның айқын көрінісі кедергілерді жеңу мен қажетті нәтижеге жетуде көрінеді. Еріктік әрекеттік жалпыланған сипаты мүдделі мақсатта көрінеді. Мүдделі мақсат – жеке тұлғаның өз іс-әрекетін белгілі нітижеге бағыттай алуын. Осы қасиеттке орай адамның басқа да ерік сапаларының мазмұны мен даму деңгейін анықтаймыз. Мүдделі мақсат өмірлік принциптер мен мұраттарды көздеген стратегиялық бөлектенген әрекеттерді орындуға бағытталған нақты қызметтік оперативтік болып бөлінеді. Мүдделі мақсаты бар адам алдына анық белгіленеді. Мұндай адамдар не қалайтынына күмәнданбайды. Ерік әрекетінің бастапқы іске қосылу кезеңі ынталылық, дербестік, еркіндік сапаларымен байланысты.
Ынталылық – мол идеяларға, бйпты жоспар мен ұшқыр қиялдарға негізделеді. Көп адамдар үшін ең қиыны өз енжарлығын жеңу, қалыптасқан іс-әрекет тісілін өзгерту. Мұндайлар өз бетінше ешқандай іске кірісе алмай, нұсқауларды күтумен болады. Осыдан ынталылық дербестікпен ікелей байланысты.
Дербестік – ерікті әрекет барысында адамның түрлі себептер жетегіне түспей, басқалардың кеңестері мен ұсыныстарына баға берумен, өз наным-сенімдері негізінде іс әрекетке келу қасиеті. Дербестікке ие адам басқаның көмегінсіз мәселе тңдай алады, соған орай мақсат белгілейді, өзгенің түрткісі мен сыбырына алаңдамайды. әдетте мұндай тұлғалар өз көзқарасын белсенді қорғап, мақсат пен әдістерін саналы бағалаумен іске қосады. Ынталылық пен дербестік адамның ерік сапасы ретінде сенгіштік, бостық, нежарлық сияқты қасиеттерге қарсы, басқаның ой-пікірін түгелдей жоққа шығарудан аулақ қасиет.
Іс-әрекетке ниеттелу кезеңінде еріктің ұстамдылық процесі іске қосылады. Ұстамдылық әрекеті – сезім, ой-пікір, қалыптан тыс көңіл күйді тоқтамға келтіріп біраз тежейді. Ұстмды адам орындалатын әрекет түріне қарап, оған қажетті өз белсенділігінің деңгейін барластырады. Сонымен ол көздеген мақсатына асығып, ырықсыз әрекеттерге ұшырамай, байыппен жетеді. Іс-әрекеттің сан-алуан түрткілерінің ішінен қажетті болғанын таңдау мен шешім қабылдау кезеңінде еріктің батылдық қасиеті бой көрсетеді. Батылдық - әрқандай іске байланысты еріктің жылдам, орынды әрі берік шешім қабылдау мен оны жүзеге асыру қасиеті. Іс-әрекеттің орындалу кезенінде шалттық пен табандылық үлкен маңызға ие. Шалт адамдар өздерінің барша күшін көздеген мақсатқа тез шоғырландырады. Табандылық – адамның ұдайы, шалт әрекеттерін бір төмендетпей көрінген қиыншылықтарға төзе білуі.
Адамзаттың өзінін тарихын, шығу тегін, тілдері мен салт-дәстүрлерін тануда психология ғылым ерекше орын алады. Ежелгі ойшылдар адам үшін басқа адамнан артық қызық объекті болмайтынын қателеспей айтқан. Психологияның зерттеу пәнінің негізіне, адам болмысының табиғаты, психкалық құбылыстары, үрдістері, қасиеттері кіреді. Адам дамуының заңдылықтары және оның ерекшеліктері туралы ғылыми ілімдердің жүйесі жалпы қоғамның дамуы үшін қажет. Бірақ адам жеке өзіндік арнайы мәселелері бар әр түрлі ғылымдардың амалдары арқылы кешенді зерттеулердің объектісі болып саналады. Гуманитарлық ғылымдар әлеуметтік үрдістерді зерттеген кезде психологиялық фактордарды ескеру қажеттілігі туындайды. Бірақ, әрбір ғылым өз пәнінің ерекшеліктерімен айрықшаланады. С.Л.Рубинштейн «Жалпы психология неіздері» еңбегінде (1940) былай деп жазды: Психология зерттейтін құбылыстардың арнай шеңбері анық әрі айқын көрінеді. Бұған біздің өміріміздің ішкі мазмұнын және бізге тікелей тән уайымдар сияқты сезімдер, ойлар, ұмтылыстар, тілектер, ниеттер, қабылдаулар және т.б. жатады. Психиканың алғашқы сипаттамалық ерекшелігі – жеке адамда тікелей өзіндік уайымдарының болуы – тікелей сезімнің негізінде ғана білініп, басқа ешқандай тәсілдермен қабылданбайды. Жаратылыстың әсемдігі қалай әдемі әрі жарық сипатталса да соқыр оны білмейді, ал саңырау оның үнінің саздылығын тікелей қабылдаусыз сезбейді, өз басынан сүйіспеншілікті өткерменген адағма бұл сезімнің барлық ерекшелігін, күрестің күшеюін, басқаша айтқанда, адам тек өзі ғана басынан кеше алатынды ешқандай психологиялық трактат алмастыра алмайды.
Психология ғылымында басқа психикалық процестер сияқты ерік пен эмоцияның алатын орны маңызды. Ерік — адамның өз мінез-кұлкын саналы түрде меңгере алу қабілеті. Адамды әр алуан әрекеттер мен іске бағыттайтын нәрсе,— мақсат қою, соған талпыну. Мұны психологияда ниет (мотив, себеп) деп атайды.
Адамның мақсаты, қалауы, әр түрлі істерді орындауға ұмтылуы, жалпы алғанда, ниеттерінің, жиынтығы психологияда адам ниетінің өрісі делінеді. Басқаша айтқанда, бұл — адамнын бағдарлы әрекеті. Сонымен, адам ниетінің өрісіне оның саналы әрекеті, еріксіз істері, айқындалған істері, мақсаты, әлі жете анықталмаған істері де жатады. Ниеттерді орындауда тіршілік үшін маңызды да, мәні аз да істер кездесіп отырады. Ниет өрісі өзгергіш, әрі қозғалғыш, сондай-ақ сыртқы жағдайлардық өзгеріп отыруына орай айнымалы болып келеді. Алға қойған мақсатқа сәйкес ниеттің мазмұны да айқындала түседі. Осы тұрғыдан алғанда, адам ниетінің мәні жекеменшікті не менмендікті, өрісі тар тоғышарлықты не өрісі кең қоғамдық сипатты білдіреді. Адам ниетінің өрісі белгілі мақсатқа бағытталып, оның азаматтық қасиеті мен іскерлігін, адамгершілік сапаларынын өзгеруі мен тұр-сипатын білдіреді.
Сезім барлық психикалық үрдістермен тығыз байланысты, көптеген жағдайларда сол үрдістер сезімді туғызады да ал сезім оларға өз тарапынан ықпал жасайды. Сезім көзінің бірі - түйсік болады, ал түйсіктің өзі біздің әсерлеріміздің ықпалымен жиі өзгеріп тұрады. Көңіл-күйіне қарай адам бір затты әр түрлі қабылдайды. Жыртқыш аңдар туралы әңгімелерден шошынған бала, жай уақытта ешнәрседен үрейленбей жүріп өтетін жерден, қараңғы түссе шоғыр бұтаны қасқырға ұқсатуы мүмкін. Эмоция адамның есімен де тығыз байланысты. Біздің алған барлық әсерлеріміз яғни белгілі бір сезіммен қабылдасақ, есімізде жақсы қалса, онда өткендерді еске алудың өзі бізде қандай да болсын бір сезім туғызады.
Адам - қоғамдық тіршілік иесі. Сондықтан оның сезімі де әлеуметтік сипатта болады. Сезімдер қоғам дамуына байланысты өзгеріп отырады. Бір-біріне ұқсас оқиғалар мен фактілерді әр кезеңде өмір сүрген адамдар әр түрлі бағалайды.
Сезім адамдардың әрекеттенуіне түрткі болады. Қандай да болмасын жұмыстың нэтижелі болуы ең алдымен оған деген көзқарасқа байланысты. Жұмыс жемісіне селқос, немқұрайлы қараған жерде - оның сапасы да төмен болмақ. Сезімнің шығармашылық жұмыста ерекше маңызы бар. Ақын, суретші, ғалым, өнертапқыштардың жұмыс үрдістеріндегі көтеріңкі көңілі -шабытты сезімімен тығыз байланысты. Сезім адамның барлық таным үрдісінде үлкен рөл атқарады.
Адам өміріндегі эмоциялардың орны аса маңызды. Адамның эмоционалды өмірінің мәні әр алуан түрлі. Эмоциялар әр түрлі жағдайларда, іс-әрекет үрдісінде, ондағы нақты жетістіктерге бағалаушы қатынасты анықтайды. Өнер туындыларын қабылдауда, басқа адамдармен қарым-қатынаста пайда болатын ойлардың нәтижесінде тұлғаның даму үрдісінде адамның эмоционалды тәжірибесі өзгеріп, толықтырылып отырады. Эмоциялар бұған қоса адамдардың қарым-қатынастары реттеуші рөлінде көрінгендіктен, психологияда эмоцияларға психологтар көп көңіл бөліп, кеңінен қарастыруда. Бүкіл әлем психологтары адамның эмоционалды аймағының дамуына көңіл аударуда.

- Жеке адам және іс-әрекет
- Жеке адам құқығы мен бостандығы туралы ҚР Конституциясы
- Жеке адам құқықтары мен бостандықтары
- Жеке адамның әлеуметтенуі
- Жеке адамның дамуы
- Жеке адамның саяси мәдениетін қалыптастырудағы саясаттың ролі
- Жеке адам өміріне қатысты іс қағаздарының түрлері, оның тілдік құрылымдық ерекшеліктері
- Жезқазған экологиясы
- Жеке адам әлеуметтануы
- Жеке адамға қарсы жасалған қылмыс
- Жеке адамға қарсы қылмыс
- Жеке адамға қарсы қылмыстарды саралау ерекшеліктері
- Жеке адамға қарсы қылмыстар туралы түсінік және олардың жіктелуі
- Жеке адамға қарсы қылмыстар туралы түсінік және олардың жіктелуі