Жеке енбек шарты
Жеке еңбек келісім-шартының мазмұны
Еңбек келісім-шарты – бұл жұмысшы мен
жұмыс берушінің арасында, жұмысшының
белгілі бір жұмысты атқаруға, еңбек тәртібі
ережесін сақтауға мінделуіне сәйкес
жасалатын келісімі. Жұмыс беруші Еңбек
кодексі, Қазақстан
Республикасының басқа да нормативтік
құқықтық актілері, ұжымдық келісім-шарт,
жұмыс берушінің актілерінде қарастылыған
еңбек шарттарымен қамтамасыз етуге, еңбек
қызметінің шарттары бойынша жұмыс беруге,
уақтылы және толық көлемде еңбек ақысын
төлеуге міндетті.
Еңбек келісім-шартының мазмұны:
1. екі
жақтың реквизиттері;
2. нақты мамандық, біліктілік немесе қызмет
бойынша (еңбек функциясы) жұмыс;
3. жұмыс атқару орны;
4. еңбек келісім-шартының мерзімі;
5. жұмысты бастаған күні;
6. жұмыс уақыты мен демалыс уақытының
режимі;
7. еңбек ақы мөлшері және басқа да шарттары;
8. егер жұмыс ауыр, әрі зиянды және қауіпті
(аса қауіпті) жағдайларда болғандағы
еңбек шартының сипаты, кепілдіктер мен
жеңілдіктер;
9. жұмысшының құқы мен міндеттері;
10. жұмыс берушінің құқы мен міндеттері;
11. еңбек келісім-шартын өзгерту мен тоқтату
тәртібі;
12. кепілдіктер мен төлем жеңілдіктері,
оларды төлеу тәртібі;
13. сақтандыру шарттары;
14. екі жақтың жауапкершіліктері;
15. бекіткен күн мен реттік номері.
Еңбек келісім шартын бекіту
Еңбек келісім-шарты жазбаша түрде, еі данамен және екі жақтың қол қоюы арқылы жасалады. Еңбек келісім-шартының әр данасы жұмысшы мен жұмыс берушіде сақталады. Жұмысшының еңбек келісім-шартының бір данасын алғаны жазбаша түрде анықталады.
Еңбек келісім-шартына
өзгертулер мен толықтырулар енгізу,
соның ішінде басқа жұмысқа ауысу
кезінде екі жақпен жазбаша түрде
жүзеге асырылады.
Еңбек келісім-шартын
өзгерту туралы ұсыныс екі жақтың
біреуімен жазбаша түрде
Ұйымның атқарушы органдағы
қызметтік тұлғалармен келісім-
Жұмысқа
қабылдауды рәсімдеу
Жұмысқа қабылдау жасалған келісім-шарт негізінде шыққан жұмыс берушінің актісімен (бұйрығымен) рәсімделеді.
Жұмыс беруші үш күндік мерзімде жұмысшыны актімен (бұйрықпен) таныстыруы тиіс. Жұмыс берушінің актісімен танысу жұмысшының қолымен куәланады.
Жұмысшының талабы бойынша жұмыс беруші актінің бекітілген көшірмесін беруі тиіс.
Жұмысқа қабылдау кезінде жұмыс беруші жұмысшыны ұйымның ішкі еңбек тәртібі ережесімен, жұмысшының
қызметіне қатысты
басқа да жұмыс берушінің актілерімен
(еңбек функциясы), ұжымдық келісім-шарттармен
таныстыруы тиіс.
Жұмысшының еңбек қызметін анықтайтын құжаттар:
1. еңбек кітапшасы;
2. жұмыс берушінің
оның күні мен тоқтаған негізі
туралы белгі белгіленген
3. еңбек келісім-шартын
бекіту және тоқтту
4. жұмысшыларға жалақы
беру ведомостінен көшірме
5. жұмыс берушінің
қолы қойылған, ұйым мөрімен немесе
нотариуспен бекітілген
6. жұмысшының еңбек қызметі туралы мәліметтер бар мұрағаттық анықтама.
Жеке еңбек келісім-шартын тоқтату және бұзу
Еңбек келісім-шарты – бұл жұмысшы мен
жұмыс берушінің арасында, жұмысшының
белгілі бір жұмысты атқаруға, еңбек тәртібі
ережесін сақтауға мінделуіне сәйкес
жасалатын келісімі. Жұмыс беруші Еңбек
кодексі, Қазақстан
Республикасының басқа да нормативтік
құқықтық актілері, ұжымдық келісім-шарт,
жұмыс берушінің актілерінде қарастылыған
еңбек шарттарымен қамтамасыз етуге, еңбек
қызметінің шарттары бойынша жұмыс беруге,
уақтылы және толық көлемде еңбек ақысын
төлеуге міндетті.
Жеке еңбек келісім-шарты мына жағдайларда тоқтауы мүмкін:
1. екі жақтың келісімімен
еңбек келісім-шартын бұзған
2. еңбек келісім-шартының
мерзімі аяқталса;
3. жұмыс берушінің
ықыласы бойынша келісім-
4. жұмысшының ықыласымен
еңбек келісім-шартын бұзған
5. екі жақтың еркінен
тыс жағдайлар бойынша;
6. жұмысшының еңбек
қатынасын жалғастырудан бас
тартқан кезінде;
7. Қазақстан Республикасының
заңдарында қарастырылған
8. Еңбек келісім-шартын
бекіту шарттарының бұзылуы
9. Жұмыс берушінің
атқарушы органы басшысымен
Еңбек келісім-шартын тоқтату жұмыс беруші – жеке тұлғаның қайтыс болған жағдайындағы (сотпен өлген деп танылса немесе хабарсыз жоғалған деп танылса) және үй жұмысшыларымен еңбек келісім-шартын тоқтатуды санамағанда, жұмыс берушінің актісімен (бұйрығымен) рәсімделеді.
Еңбек келісім-шартын
тоқтату күні Еңбек кодексінде қарастырылған
жағдайлардан тыс, соңғы жұмыс күні
болып табылады.
Назар
аударыңыз!
Жұмысшының уақытша
еңбекке жарамсыздық кезеңі мен
еңбек демалысы кезеңінде еңбек
келісім-шартын тоқтатуға жол берілмейді
(соның ішінде жүктілік пен босану
кезінде).
Жеке еңбек келісім-шарты мына жағдайда бұзылады:
1. Екі жақтың келісімімен.
Еңбек келісім шартының жағы
хабарламаны екінші жаққа
2. Жұмыс берушінің
ықыласы бойынша. Жұмыс беруші,
еңбек келісім-шартында ұзақ
3. Жұмысшы ықыласымен.
Жұмысшы, Еңбек кодексінің 57 бабының
4 тармағында қарастырылған
4. Жұмысшының таңдау
жұмысына ауысуына байланысты. Мұның
негізі жұмыс берушінің
|
2-тарау.
Жеке еңбек
шарты
9-бап. Жеке еңбек шартының мазмұны
1. Жеке еңбек
шартында:
1) тараптардың реквизиттерi:
жұмыс берушi - заңды тұлғаның толық атауы
және орналасқан жерi, жұмыс берушi - заңды
тұлғаның құрылтай құжаттарының мемлекеттiк
тiркеу нөмiрi мен уақыты;
жұмыс берушiнiң (оның өкiлiнiң) тегi, есiмi,
әкесiнiң аты (егер жеке басын куәландыратын
құжатта көрсетiлсе) және қызметi, ал жұмыс
берушi - жеке тұлға болған жағдайда оның
тұрақты тұрғылықты жерiнiң мекен-жайы,
жеке басын куәландыратын құжаттың атауы,
нөмiрi, берiлген күнi;
қызметкердiң тегi, есiмi, әкесiнiң аты (егер
жеке басын куәландыратын құжатта көрсетiлсе),
жеке басын куәландыратын құжаттың атауы,
нөмiрi, берiлген күнi; әлеуметтiк жеке кодының
нөмiрi (ӘЖК), салық төлеушiнiң тiркелу нөмiрi
2) еңбек мiндетi
(белгiлi бiр қызмет, мамандық, кәсiп
бойынша жұмыс);
3) жеке еңбек шартының мерзiмi;
4) еңбек мiндеттерiн жүзеге асыру басталатын
күн;
5) еңбек жағдайларының сипаттамалары,
қызметкерлерге ауыр дене еңбегi немесе
зиянды (өте зиянды) немесе қауiптi (өте
қауiптi) еңбек жағдайларында жұмыс iстегенi
үшiн берiлетiн кепiлдiктер мен өтемақылар;
6) жұмыс уақыты
мен демалыс уақытының режимi;
7) еңбекке ақы төлеу және еңбектi қорғау
жағдайлары;
8) жұмыс берушiнiң құқықтары мен мiндеттерi;
9) қызметкердiң құқықтары мен мiндеттерi;
10) жеке еңбек шартын өзгерту, бұзу және
ұзарту тәртiбi;
11) өтемақылар төлеу мен кепiлдiктер беру
тәртiбi;
12) тараптардың жауапкершiлiгi көрсетiлуге
тиiс.
1-1. Жеке еңбек шартын белгiленген мерзiмге
жасасқанда тараптардың осы шартты мерзiмiнен
бұрын бұзғаны үшiн өзара жауапкершiлiгi
белгiленуi мүмкiн.
2. Тараптардың келiсiмi бойынша жеке еңбек
шартына өзге де жағдайлардың енгiзiлуi
мүмкiн.
3. Жұмыс берушi қызметкерден осы Заңда
және Қазақстан Республикасының өзге
де заңнамалық актiлерiнде көзделгеннен
басқа жағдайларда жеке еңбек шартында
келiсiлмеген жұмысты атқаруды талап етуге
құқылы емес. (Z030387 (16-бап 2-тармақ, 4) тармақша;
Z050029 (29-бап қараңыз)
Ескерту. 9-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан
Республикасының 2004.12.23. N 20 Заңымен.
10-бап. Жеке еңбек шартының мерзiмi
1. Жеке еңбек
шарты:
1) белгiсiз мерзiмге;
2) осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында
көзделгендегiден басқа жағдайларда, бiр
жылдан кем емес белгiлi бiр мерзiмге жасалуы
мүмкiн.
Қызметкермен жеке еңбек шарты қайталап
жасалған жағдайда ол белгiленбеген мерзiмге
жасалған деп есептеледi.
Егер тараптардың ешқайсысы еңбек шарты
мерзiмiнiң аяқталуына байланысты бiр жылдан
кем емес белгiлi бiр мерзiмге жасалған
жеке еңбек шартын тоқтатуды талап етпесе
және еңбек қатынастары iс жүзiнде жалғасатын
болса, онда жеке еңбек шарты белгiленбеген
мерзiмге жасалған деп есептеледi.
Жеке еңбек шарты белгiленбеген мерзiмге
жасалатын қызметкерлер үшiн көзделген
кепiлдiктер мен өтемақылар беруден жалтару
мақсатында жеке еңбек шартын белгiлi бiр
мерзiмге жасасуға тыйым салынады;
3) алда тұрған жұмыс сипатының қысқа мерзiмдiлiгiне
немесе оны орындау шартына байланысты,
сондай-ақ уақытша жұмыста жоқ қызметкердi
ауыстыру уақытына бiр жылдан кем белгiлi
бiр мерзiмге жасалуы мүмкiн.
2. Егер жеке еңбек шартында оның қолданылу
мерзiмi айтылмаса, шарт белгiсiз мерзiмге
жасалған деп есептеледi.
3. Қызметкерге өтемақылар мен кепiлдiктердi
беруден жалтару мақсатында жеке еңбек
шартының белгiлi бiр мерзiмге жасалған
фактiсi анықталған жағдайда, жұмыс берушi
Қазақстан Республикасының заңдарымен
Ескерту. 10-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан
Республикасының 2004.12.23. N 20 Заңымен.
11-бап. Жұмысқа
қабылдауға жол берiлетiн жас
1. Жеке еңбек
шартын он алты жасқа толған
адамдармен жасасуға жол
2. Орта бiлiм алған не жалпы бiлiм беретiн
оқу орнын тастап кеткен жағдайда он бес
жасқа толған адамдар ата-анасының немесе
қорғаншысының, қамқоршысының келiсiмiмен
жеке еңбек шартын жасаса алады.
3. Ата-анасының бiрiнiң (қорғаншысының,
қамқоршысының) келiсiмiмен жеке еңбек
шарты оқудан бос уақытында денсаулығына
зиян келтiрмейтiн және оқу процесiн бұзбайтын
жұмысты орындау үшiн он төрт жасқа толған
оқушымен жасалуы мүмкiн.
4. Ата-ананың (қорғаншының, қамқоршының)
келiсiмi жазбаша нысанда (өтiнiш) берiледi,
бұл орайда, ата-ана (қорғаншы, қамқоршы)
кәмелетке толмаған адаммен бiрге жеке
еңбек шартына қол қояды.
5. Он сегiз жасқа толмаған адамдарды ауыр
дене жұмыстары мен еңбек жағдайлары зиянды
(өте зиянды) және (немесе) қауiптi (өте қауiптi)
жұмыстарға қабылдауға жол берiлмейдi.
Ескерту. 11-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.23. N 20 Заңымен.
12-бап. Жеке еңбек шартын жасасу
1. Жеке еңбек
шарты жазбаша нысанда
2. Жеке еңбек шартында көрсетiлген жұмыстың
басталу күнi қызметкердiң еңбек мiндеттерiн
орындауының басталуы деп есептеледi.
Жеке еңбек шарты болмаған және (немесе)
ол жұмыс берушiнiң тарапынан тиiстi түрде
ресiмделмеген жағдайларда жеке еңбек
шартының күшi жұмысқа нақты жiберiлген
кезден басталады.
3. Жеке еңбек шарты жасалғаннан кейiн
жұмыс берушi қызметкердi жұмысқа қабылдау
туралы бұйрық шығаруға мiндеттi, ол қызметкерге
қол қойғызылып хабардар етiледi.
4. Жеке еңбек шартын жасасу үшiн жұмыс
берушi қызметкердiң еңбек қызметiн растайтын
құжаттарды, жеке басының куәлiгiн (төлқұжатын), әлеуметтiк
жеке кодының берiлгенi туралы куәлiктi,
он алты жасқа толмаған адамдар үшiн тууы
туралы куәлiгiн, бiлiмi немесе кәсiби даярлығы
туралы құжатты, және заңдарда көзделген
өзге де құжаттарды талап етуге құқылы.
5. Қызметкердiң
бiрнеше жұмыс берушiмен жұмыс
уақыты ұзақтығының толық
6. Ұйымның басшысымен жеке еңбек шартын
ұйымның меншiк иесi не меншiк иесi уәкiлдiк
берген адам немесе орган ұйымның құрылтай
құжаттарында немесе тараптардың келiсiмiнде
белгiленген мерзiмге жасасады.
7. Жеке еңбек шартына өзгерiстер мен толықтырулар
енгiзу оны жасасу үшiн көзделген тәртiппен
жүзеге асырылады.
Ескерту. 12-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан
Республикасының 2004.12.23. N 20 Заңымен.
13-бап. Қызметкердiң
еңбек қызметiн растайтын
Қызметкердiң
еңбек қызметiн растайтын
Еңбек кiтапшаларының нысанын, оларды
жүргiзу және сақтау тәртiбiн еңбек жөнiндегi
уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейдi.
Ескерту. 13-бап жаңа редакцияда - Қазақстан
Республикасының 2004.12.23. N 20 Заңымен.
14-бап. Жұмыс
туралы және жалақы мөлшерi
туралы құжаттар беру
Қызметкердiң,
оның iшiнде бұрынғы қызметкердiң
өтiнiшi бойынша жұмыс берушi
оған бес күн мерзiмнен
15-бап. Жұмысқа қабылдау кезiндегi сынақ
1. Жеке еңбек
шартын жасасу кезiнде
2. Сынақ туралы талап жеке еңбек шартында
көрсетiлуге тиiс.
Бұл талап болмаған жағдайда қызметкер
жұмысқа сынақсыз қабылданды деп есептеледi.
3. Сынақ кезеңiнде қызметкерлерге осы
Заңның нормалары, жеке еңбек, ұжымдық
шарттардың талаптары қолданылады.
4. Сынақ мерзiмiн үш айдан асыруға болмайды.
Қызметкер дәлелдi себептермен жұмыста
болмаған кезең сынақ мерзiмiне есептелмейдi.
16-бап. Жұмысқа қабылдау кезiндегi сынақтың нәтижесi
1. Тараптардың
бiреуi сынақ мерзiмi бiткенге
дейiн жеке еңбек шартын
2. Жұмыс берушi қызметкердi сынақ мерзiмi
бiтпей тұрып жоғары қызметке тағайындаған
жағдайда қызметкер жұмысқа қабылдау
кезiндегi сынақтан өткен болып есептеледi.
3. Егер сынақтың мерзiмi бiтiп, тараптардың
ешқайсысы екiншi тарапқа жеке еңбек шартын
бұзу туралы хабарламаса, шарт одан әрi
қолданылады және оны жалпы негiздерде
ғана тоқтатуға жол берiледi.
Ескерту. 16-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан
Республикасының 2004.12.23. N 20 Заңымен.
17-бап. Басқа жұмысқа ауыстыру
Бiр ұйымда
басқа жұмысқа, не ұйыммен
18-бап. Қызметкердi
басқа жұмыс орнына ауыстыру
Қызметкердi
сол ұйымдағы басқа жұмыс
Жұмыс берушi қызметкердi оның денсаулық
жағдайы жарамайтын басқа жұмысқа ауыстыруға
құқылы емес.
Ескерту. 18-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан
Республикасының 2004.12.23. N 20 Заңымен.
19-бап. Еңбек жағдайларының өзгеруi
1. Ұйымдарда
өндiрiстiң өзгеруiне және
2. Еңбек жағдайлары өзгертiлген жағдайда
жеке еңбек және ұжымдық шарттарына тиiсiнше
толықтырулар мен өзгерiстер енгiзiледi.
Егер қызметкер жаңа жағдайларда жұмысты
жалғастыруға келiспесе, онымен жасалған
жеке еңбек шарты осы Заңның 26-бабының
7) тармақшасына сәйкес бұзылады.
Ескерту. 19-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан
Республикасының 2004.12.23. N 20 Заңымен.
20-бап. Өндiрiстiк
қажеттiлiк болған жағдайда
басқа жұмысқа уақытша ауыстыру
Өндiрiстiк
қажеттiлiк болған, соның iшiнде
жұмыста болмаған қызметкердi уақытша
ауыстыру керек болған
Мұндай ауыстыруға дүлей апаттың өндiрiстiк
аварияның алдын алу немесе оларды жою
немесе олардың зардаптарын дереу жою
үшiн, жазатайым жағдайларды, мүлiктiң жойылуын
немесе бүлiнуiн болғызбау үшiн жол берiледi.
Ескерту. 20-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан
Республикасының 2004.12.23. N 20 Заңымен.
21-бап. Iркiлiске
байланысты уақытша басқа
жұмысқа ауыстыру
Жұмыс берушiнiң
iркiлiс жағдайында қызметкердi мамандығын,
бiлiктiлiгiн ескере отырып, оның
денсаулық жағдайына зақым
Iркiлiске байланысты уақытша басқа жұмысқа
ауысқан жағдайда еңбекке ақы төлеу талаптары
жеке еңбек немесе ұжымдық шарттарында
белгiленедi, бұл ретте ол қызметкердiң
бұрынғы жұмыс орнындағы орташа айлық
жалақысының үштен екi бөлiгiнен кем болмауға
тиiс.
Егер қызметкер жаңа жағдайларда жұмысты
жалғастыруға келiспесе, онда онымен жасалған
жеке еңбек шарты осы Заңның 26-бабының
7) тармақшасына сәйкес бұзылады.
Ескерту. 21-бап жаңа редакцияда - Қазақстан
Республикасының 2004.12.23. N 20 Заңымен.
22-бап. Бiлiктiлiктi
керек етпейтiн жұмысқа
ауыстыруды шектеу
Iркiлiс кезiнде
және жұмыста болмаған
23-бап. Денсаулық
жағдайы бойынша басқа жұмысқа
уақытша
ауыстыру
1. Белгiлi бiр жұмыс берушiде еңбек мiндеттерiн
орындауға байланысты еңбекте мүгедек
болуына, кәсiптiк ауруына немесе денсаулығына
өзге де зақым келуiне байланысты, қызметкердi
жұмыс берушi еңбек қабiлеттiлiгiн қалпына
келтiргенше немесе мүгедектiгi айқындалғанша
бұрынғы жалақысы мен жаңа жұмыстағы жалақысының
айырмасын қосымша төлей отырып, неғұрлым
жеңiл жұмысқа ауыстыруға мiндеттi.
2. Қызметкер
неғұрлым жеңiл басқа жұмысқа
ауыстырудан бас тартқан
3. Жүктi әйелдер медициналық қорытындыға
сәйкес ауыр және қолайсыз өндiрiстiк факторлардың
әсерi болмайтын басқа жұмысқа бұрынғы
жұмысындағы орташа айлық жалақысы сақтала
отырып ауыстырылады.
24-бап. Мүлiктiң
меншiк иесi ауысқан немесе
жұмыс берушi
қайта ұйымдастырылған кездегi еңбек
қатынастары
1. Жұмыс берушiнiң
атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны (мәртебесi)
не ведомстволық тиесiлiгi
2. Мүлiктiң меншiк иесi ауысқан немесе жұмыс
берушi - заңды тұлға қайта ұйымдастырылған
кезде еңбек қатынастары өзгерiстерсiз
жалғастырылады.
Ескерту. 24-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2004.12.23. N 20 Заңымен.
25-бап. Жеке еңбек шартын тоқтату мен бұзу негiздерi
1. Жеке еңбек
шарты:
1) мерзiмiнiң бiтуi бойынша;
2) тараптардың еркiне байланысты емес
мән-жайлар бойынша тоқтатылуы мүмкiн.
2. Жеке еңбек шарты:
1) тараптардың келiсiмi бойынша;
2) тараптардың бiрiнiң бастамасы бойынша;
3) заң актiлерiнде көзделген өзге де негiздер
бойынша бұзылуы мүмкiн.
3. Тараптар жасасқан жеке еңбек шарты
тараптардың келiсiмi бойынша бұзылуы мүмкiн.
Қызметкер мен жұмыс берушiнiң жазбаша
келiсуi жеке еңбек шартын тараптардың
келiсiмi бойынша бұзудың негiзi болып табылады.
4. Жеке еңбек шарты тараптардың бiрiнiң
бастамасымен, егер бұл тарап екiншi тарапқа
жеке еңбек шартында келiсiлген мерзiмде
жазбаша ескертсе, бұзылуы мүмкiн. Бiр тараптың
екiншi тарапқа ескерту мерзiмi жеке еңбек
шарты бұзылған кезге дейiн бiр айдан кем
болмауы керек.
4-1. Жеке еңбек шарты осы Заңның 26-бабының
8), 9), 10), 11), 12), 14), 15) тармақшаларында көзделген
негiздер бойынша бұзылған кезде қызметкердi
алда шарттың бұзылатыны туралы ескерту
талап етiлмейдi.
5. Жеке еңбек шартын бұзу және тоқтату
жұмыс берушiнiң бұйрығымен ресiмделедi.
Ескерту. 25-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан
Республикасының 2004.12.23. N 20 Заңымен.
26-бап. Жеке
еңбек шартын жұмыс берушiнiң
бастамасы
бойынша бұзудың негiздерi
Жеке еңбек
шарты:
1) ұйым (заңды тұлға) таратылған, жұмыс
берушiнiң (жеке адамның) қызметi тоқтаған;
2) қызметкерлердiң саны немесе штаты қысқартылған;
3) жеке еңбек шартының қолданылу мерзiмi
немесе сынау мерзiмi iшiнде қызметкердiң
жеткiлiктi бiлiктiлiгiнiң болмауы не белгiлi
бiр жұмысты жалғастыруға кедергi келтiретiн
денсаулық жағдайы салдарынан атқаратын
қызметiне немесе орындайтын жұмысына
сәйкессiздiгi аңғарылған;
4) жүктiлiгi және бала тууы бойынша демалыста
болу уақытын есептемегенде, еңбекке уақытша
жарамсыздығы салдарынан, сондай-ақ Қазақстан
Республикасының заңнамасында сол ауру
бойынша еңбекке жарамсыздықтың неғұрлым
ұзақ мерзiмi белгiленбесе, жұмысқа қатарынан
екi айдан астам уақыт бойы келмеген жағдайда
бұзылуы мүмкiн. Аурулар түрлерiнiң тiзбесiн Қазақстан
Республикасының Үкiметi бекiтедi. Еңбек
қабiлетiн еңбекте мертiгуiне немесе кәсiптiк
ауруға байланысты жоғалтқан қызметкердiң
жұмыс орны (қызметi) еңбек қабiлетi қалпына
келгенге немесе мүгедектiк анықталғанға
дейiн сақталады;
5) қызметкер ұйыммен бiрге басқа жерге
ауысудан бас тартқан;
6) осы Заңның 23-бабының 2-тармағына сәйкес
неғұрлым жеңiл жұмысқа ауыстырудан қызметкер
бас тартқан;
7) еңбек жағдайларындағы өзгерiске байланысты
жұмысты жалғастырудан бас тартқан;
8) егер қызметкер тәртiптiк жаза алған
болса, ол еңбек мiндеттерiн дәлелдi себептерсiз
қайталап орындамаған;
9) қызметкер еңбек мiндеттерiн бiр рет
өрескел бұзған жағдайда бұзылуы мүмкiн.
Қызметкердiң еңбек мiндеттерiн бiр рет
өрескел бұзуына: бiр жұмыс күнi iшiнде дәлелсiз
себеппен қатарынан үш сағат және одан
да көп уақыт бойы жұмыста болмауы; жұмысқа
алкогольден, есiрткiден, уыттанудан масаң
күйде келуi; жұмыс күнi iшiнде алкогольден,
есiрткiден, уыттанудан (соларға ұқсас
заттардан) масаң жағдайды туғызатын заттарды
пайдалануы; қызметкердiң еңбектi қорғау
немесе өрт қауiпсiздiгi не көлiкте жүру
қауiпсiздiгi ережелерiн, жарақат алу мен
аварияларды қоса алғанда, ауыр зардаптарға
әкеп соққан немесе әкеп соғуы мүмкiн болатындай
бұзуы; жұмыс орнында заңды күшiне енген
сот үкiмiмен немесе қаулысымен анықталған
мүлiктi ұрлауы (соның iшiнде ұсақ заттарды)
жатады; (Z970206 (7-бап 33)-
10) егер iс-әрекетi оған жұмыс берушi тарапынан
сенiмiнiң жоғалуына негiз болса, ақшалай
немесе тауарлық құндылықтармен тiкелей
қызмет ететiн қызметкер кiнәлi iс-әрекет
жасаған;
11) тәрбиешiлiк мiндеттi атқарушы қызметкер
аталған жұмысты жалғастырумен сыйыспайтын
жат қылық жасаған;
12) қызметкерге еңбек мiндеттерiн атқаруымен
байланысты белгiлi болған мемлекеттiк,
қызметтiк, коммерциялық мәлiметтердi немесе
заңмен қорғалатын өзге де құпияларды
жария еткен;
13) осы Заңның 21-бабына және осы баптың
5) тармақшасына сәйкес басқа жұмысқа уақытша
ауыстырған жағдайда қызметкер жұмыстан
бас тартқан;
14) Бұрын осы жұмысты орындап келген қызметкер
сот шешiмiмен жұмысына қайта алынған;
15) қызметкерге мемлекеттiк құпияларға
рұқсат беру тоқтатылған жағдайда жұмыс
берушiнiң бастамасы бойынша бұзылуы мүмкiн.
Ескерту. 26-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан
Республикасының 2001.12.06. N 260 Заңымен, 2004.12.23. N
20 Заңымен.
27-бап. Жұмыс
берушiнiң бастамасымен жеке
шартын бұзу мүмкiндiгiн шектеу
1. 26-баптың 1), 2),
5) және 7) тармақшаларында көзделген
негiздер бойынша жұмыс берушi
жеке еңбек шарты бұзылған
жағдайда қызметкерге жеке
Жұмыс берушiнiң бастамасы бойынша жеке
еңбек шартын:
1) осы Заңның 26-бабының 1), 5), 8), 9), 10), 11),
12), 14) тармақшаларында көзделген жағдайларды
қоспағанда, жүктi әйелдермен, бiр жарым
жасқа дейiнгi баласы бар әйелдермен (растайтын
құжаты болған жағдайда);
2) осы Заңның 26-бабының 1) тармақшасында
көзделген жағдайларды қоспағанда, қызметкер
еңбекке уақытша жарамсыз және жыл сайынғы
еңбек демалысында болған кезде бұзуға
жол берiлмейдi.
Қызметкердiң орындалатын жұмысқа денсаулық
жағдайы бойынша сәйкес келмеуi салдарынан
оның еңбек мiндеттерiн тиiсiнше орындауға
кедергi жасайтын еңбек қабiлеттiлiгi ұдайы
төмендеген кезiнде, не егер еңбек мiндеттерiн
орындау қызметкердiң өзiне терiс әсер
ететiн немесе айналасындағылар үшiн қауiптi
болса, еңбек шарты бұзылуы мүмкiн.
Қызметкердiң денсаулық жағдайы бойынша
еңбек мiндеттерiн орындауды жалғастыруға
мүмкiндiгi болмауы Қазақстан Республикасының
заңнамасында белгiленген тәртiппен медициналық-әлеуметтiк
сараптаманың қорытындысымен расталуға
тиiс. 2. Осы Заңның 26-бабының 1) және 2) тармақшаларында
және 30-бабының 1) тармақшасында көзделген
негiздер бойынша жеке еңбек шарты бұзылған
жағдайда жұмыс берушi қызметкерге орташа
айлық жалақысы мөлшерiнде өтемақы төлейдi.
3. Жеке еңбек,
ұжымдық шарттарда өтемақылық
төлемдердiң басқа да
4. Осы Заңның 26-бабының 3) тармақшасына
сәйкес қызметкердi жұмыстан шығаруға
негiз болатын аттестаттау жүргiзген кезде
аттестаттау комиссиясының құрамына мiндеттi
түрде сол ұйым қызметкерлерiнiң өкiлдерiнен
комиссия мүшесi енгiзiледi.
5. Кәсiподақ мүшесi болып табылатын қызметкермен
еңбек шартын осы Заңның 26-бабының 2), 3),
8) тармақшаларында көзделген негiздер
бойынша бұзу, сол ұйымның кәсiптiк одақ
органының дәлелдi пiкiрi ескерiле отырып
жүргiзiледi. (Z931400 қараңыз)
Ескерту. 27-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан
Республикасының 2004.12.23. N 20 Заңымен.
28-бап. Жеке
еңбек шартының қызметкердiң
бастамасы бойынша бұзылуы
1. Қызметкер
жеке еңбек шартын бұзатындығы
туралы кемiнде бiр ай бұрын
жұмыс берушiге жазбаша түрде
ескерте отырып, оны бұзуға құқылы.
Ескерту мерзiмi бiткен соң қызметкер жұмысын
тоқтатуға құқылы. Жұмыс берушi жұмыстың
соңғы күнi қызметкердiң талап етуi бойынша
еңбек кiтапшасын және оның басқа да құжаттарын
беруге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының
заңнамасы мен ұжымдық шартқа сәйкес оған
тиесiлi барлық сомалар төлемiн жүргiзуге
мiндеттi.

- Жеке еңбек келісім-шартының мазмұны
- Жеке еңбек шарты
- Жеке еңбек шарты
- Жеке кәсіпкерлік туралы
- Жеке корганыс куралдары
- Жеке қорғаныс құралдары
- Жеке қорғаныс құралдары
- Жеке адам өміріне қатысты іс қағаздарының түрлері, оның тілдік құрылымдық ерекшеліктері
- Жеке адам өміріне қатысты құжаттар
- Жеке адам психологиясы туралы зерттеулер
- Жеке адам туралы жалпы түсінік
- Жеке адам туралы жалпы түсінік
- Жеке адам түсінік
- Жеке-дара ұдайы өндіріс теориялары. Кәсіпорын капиталының айналымы және шеңберлі айналымы