Жеке тұлғаның психикалық қасиеттері мен процестері
Коммерциялық емес акционерлік қоғамы
АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ
Әлеуметтік пәндер кафедрасы
Жоспар
Ι. Кіріспе
ΙΙ. Негізгі бөлім
- Жеке тұлғаның психикалық қасиеттері мен процестері.
- Азаматтардың әрекет қабілеттілігі.
- Тарбие.
ΙΙΙ. Қорытынды
Жеке тұлғаның психикалық қасиеттері мен процестері. Жеке түлғаның қасиеттері туралы әр түрлі ілімдер бар. Солардың ішінен шындыққа жақыны және бұл жөнінде арнайы тәжірибе арқылы зерттеп оның мәнісін анықтауға із салған неміс психолог К.Левин ілімі.Бұл ғылыми тұжырым бойынша адамның әр қилы істері мен мінез-құлық ерекшеліктері оның мүддесі мен қажетгілігін анықтайды. Қасиеттілікті қанағаттардыру мен оған қатысты заттар арасындағы байланыс та өзгермелі сол байланысты адам өзінің іс-әрекеті арқылы өзгертеді. Адамды іс-әрекетке ұмтылдырушы – қажеттілік десек, қажеттілік – адам бойындағы күш-қуат. Дене күші қажеттілікке байланысты қозады.К. Левин зерттеулерінде адамның қажеттілігін қанағаттандыру-дың екі тәсілі аталған. Біріншісі – адам басқа адамдармен салыстырғанда қандай да бір дәрежеге ие болғысы келетіндігі және өзін қоршаған ортада өзіндік орын алуға ұмтылуы. Екіншіде, адам бірсарынды іспен шұғылданса, онда оның қызығуы таусылады. Бұл тәсілдер адамның жеке басының қасиеттерін зерттеуге арналған.Әлеуметтік қүбылыстарды зерттеу тәсілін “социометрия” – әлеуметтік өлшеу – деп атайды. Бұл тәсілдің негізін салушы психолог Дж. Морено. Бұл әдіс арқылы топтағы адамдардың өзара қатынасындағы наразылығын не татулығын тиісті әдістерге сүйене отырып өлшеуге болады. Мұндай қатынасты зерттеу үшін топтағы адамдарға сұрақ-жауап анкетасы даярланады. Анкетадағы қалауға байланысты мазмұн екі түрге бөлінеді: біреуі – сол кісі өзге кісімен қаншалықты дос, оны шынайы ұната ма, ұнатпай ма, соған байланысты келеді. Екінші түрі – өзге адамның жеке басының қасиеттерін қалайды.I тапсырмада социометриялық тәсілдің сәтті болуы -зерттеліп отырған адамдардың шынын айтуға байланысты. Сыналушы анкета ұсынарда зерттеуші біздің сырымызды біліп алғысы келеді – деп қаймығуы мүмкін. Бұл іске бөгет жасайды. Төменгі сыныптағыларда қаймығу деген болмайды, сондықтан зерттеу көбінесе солармен өткізілгенде сәтті болмақ.
Социометрия тәсілін қолдану мынадай кезеңдерден тұрады:
1) әдейі мақсат қойып,
тәжірибеде қамтылған
2) мақсатқа сәйкес анкета жасап, оларды сыналушыларға тарату;
3) зерттеуге катысушылардың
шынын айттыру үшін олардың
жауабын өзгелерге жария
4) тапсырма орындалғаннан
кейін әркімнің қалағандары
5) диаграммада көрсетілген
мәліметтер бойынша тәжірибеге
қатысушылардың өзгелерді
Үлгі ретінде кесте мен диаграмма құрастыру үшін мынадай анкета ұсынылады:
1 . Сыналушының аты
2. Құрбыларыңның қайсысын туған күніне шақырар едің?
3. Саяхатқа өз тобыңнан кіммен бірге барғын келеді?
Сұрақтардың саны оннан кем болмауы тиіс.
Социометрия арқылы жинақталған мағлұматтарды қорытып диаграма жасау жалпы психология оқулығында көрсетілген.
Адамның психикалық қасиеттерін құрастыратын: 1) жеке тұлғаның бақыты; 2) темперамент; 3) мінез; 4) қабілет.
Әр адамның өзгешелігі көптеген себептерге байланысты – ең алдымен айналысқан іс-әрекетке, от басындағы тәрбиеге мектептегі тәрбиеге және басқа да өмірлік жағдайларға.Ал психикалық процестерге жататын – түйсік, қабылдау, ес, қиял, ойлау, зейін.Эмоциялық қасиеттер – сезімдер.Жігерлік қасиеттер – ерік.Нақты іс-әрекетте психикалық процестер тығыз байланысып жатады да оларға адамның психикалық қасиеттері нақты әсер етеді. Сол байланыстардың ішінде жеке тұлғаның бағыты ерекше маңызды орын алады.Жеке тұлғаның бағыты – көзқарас, пікір, қажеттіліктер, қызығулар, бейімділік, іс-әрекет пен тәртіптің негізін салатын себептер, әдет және дағдылардан құрастырылады да солардан көрінеді. Бұлар өмір бойы қалыптасатын болады.
Жеке тұлға Құқықтар мен міндеттер қашан да сол құқықтар мен міндеттердің қайсыбір субъектілеріне байланысты болады. Біз қайсыбір субъективтік құқық тіралы айтқанымызда, бұд құқыққа әлдебіреуінің ие екендігін үнемі есте ұстаймыз. Сондай-ақ міндеттің де кейбіреудің мойнындағы міндет екендігін жадымыздан шығара алмаймыз. Заң тілінде құқықтардың және міндеттердің иелерін «құқық субъектілері» деп немесе тұлға деп атайды. Тұлғаның заңдық тұрғыдан алғандағы ұғымы құқық қабілеттілік ұғымымен сәйкес келеді. Құқық өкілеттілігін алған құқық қабіулетті атаулының бәрін тұлға деп атауға болады. Тұлғаның екі категориясы бар. Құқық субъектілері – ең алдымен адамдар ( жеке тұлға). Әрбір адам – құқық субъектісі.
Жеке тұлға - азаматтық құқықтың субъектісі.
Азаматтық кодекс тің 12-бабына сәйкес жеке тұлға деп Қазақстан Респцбликасының азаматтарын, басқа мемлекеттердің азаматтарфын және азаматтығы жоқ адамдарды айтамыз. Азаматтық алған адам сол мемлекеттің құқық субъектісі болады. Сондықтан да азаматтық заңда жеке тұлғалардың құқық қабілеттіктері туралы емес, азаматтардың құқық қабілеттілігі туралы ғана айтылған. Құқық қабілеттілігі ең алдымен толық түрде Қазақстан Республикасының азаматтарына беріледі. Қазақстан Республикасының Президентінің 1995 жылғы 19 маусымда қабылданған «Шетелдік азаматтардың құқықтық жағдайлары туралы» Заң күші бар Жарлығының 2-бабына сәйкес, «Қазақстан Республикасының азаматтары болып саналмайтын және басқа мемлекеттің азаматы туралы дәлелі бар азаматтар шетел азаматтары болып саналады». Қазақстан Республикасындағы олардың азаматтық құқық қабілеттілігі өзінің мемлекетінің заңымен емес, Қазақстан Республикасының заңымен айқындалады. Олар Қазақстан Республикасының заңында қаралмаған азаматтық құқыққа таласа алмайды және де егер заңда өзгеше көзделмесе, құқық қабілеттілігі шектелуге жатпайды. Аталған Жарлықтың 2-бабының 11-бөлігіне сәйкес, «Қазақстан Республикасының азаматтары болып саналмайтын және басқа мемлекеттің азаматтығы туралы дәлелі жоқ адамдар азаматтығы жоқ адамдар деп есептеледі». Егер заң құжаттарында көзделмесе, азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасы азаматтарымен тең дәрежеде азаматтық құқықты пайдаланады.Құқық субъектілерін сипаттайтын негізгі құқық қасиеттері құқық қабілеттілігі болып табылады. Азаматтық құқық қабілеттілігі АК-тің 13- бабында азаматтық құқыққа ие болып, міндет атқару қабілеті барлық азаматтарға бірдей деп тұжырымдалады. Конституцияның 14-бабына сәйкес, заң мен сот алдында жұртың бәрі тең, тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне , дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды. Конституцияның аталған тұжырымына орай азаматтарды құқық қабілеттілігі заңда бәріне бірдей және біріңғай құрылған. Азаматтық кодекстің 13-бабында азаматтаржы құқық қабілеттілігі барлық азаматтар үшін тең дәрежеде екендігі танылған. Дейтұрғанмен, құқық қабілеттілігінің теңдік принципі нақты субъективтік құқық шеңберәіне жекеленген азматтарға берілетін міндеттілік теңдікті корсетіле қояды деуге болмайды. Азаматтардың бәрінде бірдей кез келген құқықты ала беру мумкіндігі бола бермейді. Құқық қабілеттілігінің теңдігі деген заңда бұл орайда ешкімге артықшылық бермейтіндігі, ешкімге субъективтік құқық алуға алуға тыйым салмайтындығы тұрғысынан түсіну керек. Азаматтық құқық қабілеттілігінің теңдік принципінен жалпы ережеге сәйкес оны шектеуге жол берілмейді. Азаматтық Кодекстің 18-бабының 1-тармағында былай деп жазылған: «Заң құжаттарыңда көзделген реттер мен тәртіп бойынша болмаса, ешкімнің де құқық қабілеттілігі мен қабілеттілігін шектеуге болмайды». Қолданылып жүрген заңға сәйкес, құқық қабілеттілігін шектеу азаматтың қылмыс жасау негізінде сот укімі алынған шара бойынша шектелуі мүмкін. Бұл орайда азамат құқық қабілеттілігін толықтай айрылмайды. Қазіргі қылмыстық заңдаазаматтың құқықғын айыру мына жағдайларға:
1. Белгілі бір
дауазымды иеленуге немесе
2. Елдің аумағында емін-еркін жүріп тұруға (жер аударумен шектелу)
Ескерте кеткен жөн, біздің заң
бойынша құқықты жою қашан
да уақытша сипатта болады. Сонымен
катар, құқық қабілеттілігін шектеуді
азаматтық басқалай
Азаматтардың әрекет қабілеттілігі Азаматтардың әрекет қабілеттілігі дегеніміз, азаматтың өз әрекеттерімен азаматтық құқықтарға ие болуға және оны жүзеге асыруға, өзі үшін азаматтық міндеттер жасап, оларды орындауға қабілеттілігі болып табылады. Азаматтардың әрекет қабілеттілігі азаматтың құқық қабілеттілігінен ерекшеленеді. Азаматтың құқық қабілеттілігі оның дүниеге келген сәтінен бұл дүниеден озғанынша бірге болады. Азаматтың әрекет қабілеттілігі үшін оның өз еркімен мүлікті иеленіп оған билік еті немесе өзіне міндеттеме алуға тілек білдіру қажет. Сондықтан да азаматтың құқық қабілеттілігі оның жасы мен психикалық жағдайына қатысты келеді. Ол өзіне азаматтық құқық пен міндеттілікті алу үшін қалыпты әрі толысқан психикада болуы тиіс. Нәтижесінде құқық қабілеттілігі барлардың бәрі бірдей емес , бір сөзбен айтқанда, азаматта құқық қабілеттілік болғанымен, әрекет қабілеттілігі белгілі бір уақыт арасында болмауы мүмкін. Азаматтық кодекстің 17-бабына сәйкес әрекет қабілеттілігі кәмелетке толғанда, яғни 18 жасқа толғаннан кейін толық көлемінде пайда болады. Азаматтық кодекстің 17-бабының 2-тармағына сәйкес заң құжаттарында 18-жасқа жеткенге дейін некелесуге рұқсат етілетін жағдайда, 18 жасқа толмаған азамат некеге тұрған кезден бастап толық көлемінде әрекет қабілеттілігіне ие болады. Қазақстанда «Неке және отбасы туралы» Заң бойынша некеге тұруға 18 жастан бастап рұқсат етіледі. Егер дәлелді себептер болған жағдайда мемлекеттік тіркеу орны бойынша азаматтық хал актілерін тіркеу органдары неке жасын екі жылдан аспайтын мерзімге төмендетуі мүмкін. Әдебиеттерде азаматтардың әрекет қабілеттілігі толық, ішінара және шектеулі деп бөлінеді. Оның өзі азаматтың әрекет қабілеттілігіне байланысты жүзеге асады. Жаңа туған бала толығынан құқық қабілеттілігі бола тұрса да, өзі әрекет жасап қайсыбір құқыққа ие болуға немесе өзіне міндеттер алуға қабілетсіз екендігі түсінікті нәрсе. Саналы әрекет жасау қабілеті кісінің өскендігіне байланысты. Сондықтан әрекет жасау жасы толған адамдарды ғана болады. 18 жасқа толғандар ғана ер жеткен деп саналады. Осы жасқа толған соң адам азаматтық құқық айналымына толық құқықлы қатысушысы болып қана қоймай, ол саяси құқықтар мен міндеттерге де ие болады. Толық емес немесе ішінара әрекет қабілеттілігі бойынша азмат өзінің әрекеті арқылы кез келген құқықтық әрекетті жасай алмайды, былайша айтқанда, заңда тікелей көрсетілген бірқатарына ғана ие. Жасы кәмелетке толмағанжар келиірілген зиянды өтеуге оның жеткілікті мүлкі немесе қамқоршысы өтеуге тиісті бөлігін, оның ата-анасы немесе қамқоршысы өтеуге тиісті. Олардың бұл міндеті зиын келтірушінің жасы толғаннан кейін, сондай-ақ келтірілген зиынды өтеуге оның жеткілікті мүлкі немесе еңбек табысы жасы толғанға дейін пайда болған ретте жойылады.
Азаматтың есімі мен тұрғылықты жері.
Азаматтың құқығы мен міндеттерін алу және жүзеге асыру тиісіншеғ дербестікке ие болу керек. Әрбір жеке азамат өзінің атымен аталады. АК-тің 15-*бабының 1-тармағына сәйкес азамат өз фамилиясы мен өз есімін, содай-ақ қаласа, әкесінің атын да қоса алды. Азаматқа туылған кезде ат қояды. Ал ата-анасы болмаған жағдайда оны тәрбиелеп отырған адам жүзеге асырады. Әдетте балаға ата-анасының ыамилиясы беріледі. Егер әртурлі фамилияда болса, онда ат-аналары қайсысын біреуді өздері келісіп шешеді. Некесіз туылған балаға әкесі жоқтыңынан сот арқылы қажет болмаған жағдайда анасының фамилиясы беріледі. Біздің елімізде 1998 жылдан бастап ата-анаға ұлттық дәстүрді ескере отырып, баланы әкесінің атымен мүмкіндігі беріледі. Қазақстан Республикасының азаматтарының фамилиясы мен әкесінің атын ауыстыру жөніндегі тілек Республика Үкіметінің қаулысымен 1996 жылы 26 қыркүйекте қабылдаған Ережесімен айқындалады. Азаматтың жеке дербестігі есімімен қатар оның тұрғылықты жерімен анықталады. Міндеттемені орындау, мұрагерлік жасау және басқа да азаматтық-құқықтық әрекеттер азаматтың тұрғылықты жерінде жүзеге асады. Азаматтың есімімен қатар оның тұрғылықты жері азаматтық, құқықтық қатынастың субъектісі нақтылай түседі. Өмірде аты, фамиилиясы және әкесінің аты бірдей болатын жағдайлар аз кездеспейді. Егер азаматтың атында әкесінің аты көрсетілмесе, онда олардың бір-бірінен айырмашылығын анықтау қиындай береді, Сондықтан да тұрғылықты жері бойынша азаматтың жеке басын куәландыру мәліметтер нақтыланады. АК-тің 16-бабында азаматтың тұрақты немесе тұратын елді-мекені оның тұрғылықты жері деп танылатындығы тұжырымдалады. Әдетте азаматтың тұрғылықты жері мен оның жұмыс орны бір-біріне сай келеді. ДЕйтұрғанмен, өзі бір жерде тұрып, екінше жерде жұмыс істейтін жағдайлар да кезедеседі.Қорыта келгенде, әрекет жасау қабілеттілігі жоқ адамдардың да құқықтарға және міндеттерге ие бола алатындығы айтылған. Ал бұлар өздерінің құқықтарын қалайша жүзеге асырады? – деген сұрақ туады.Ішінара әрекет қабілеттілігі әдетте, жасы кәмелетке толмағандарға тән. Ал берілген әрекет ауқымы олардың жасына байланысты. Заң мұндай тұлғаларды екі топқа бөледі: а) жасы кәмелетке толмаған 14 пен 18 жас аралығындар, б) жасы кәмелетке толмаған 14 жасқа дейінгі жас балалар. 14 пен 18 жас аралығындардың әрекет қабілеттілігі мейлінше ауқымды, олар заңда көрсетілген шекте әртүрлі мәлімелер жасай береді. 14 жастан 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар басқалай мәлімелерді, яғни мәлімелерді ата-анасының, асырып алушыларының немесе қорғаншыларының келісімімен жасайды.Біздің білуіміз бойынша тұлғаның екі категорисы бар. Құқық субъектілері – ең алдымен адамдар ( жеке тұлға). Әрбір адам – құқық субъектісі. Бірақ, құқықта субъектілердің басқа да категориясының барлығы мәлім. Бұл – ұжымдар, тоып жатқан ұйымдар және т.б. құқық пен міндеттердің иелері.
Тарбие.Тәрбие көптің ісі. Тәрбие мәселесімен қоғамдық ұйымдар, мектептер, мекемелер және жұртшылық болып айналысқан жағдайда ғана ол нәтижелі болады. Сондықтан да тәрбиенің мәні, біріншіден, қоғам үшін саналы, белсенді, ізгіленген, іскер азаматты қалыптастыру болса, екіншіден, жеке адам үшін-оны өмір сүре білуге, өзін қоршаған ортамен қарым-қатынас жасай білуге үйрету. Олай болса, тәрбие процессі деп - қоғамдық талап-тілектеріне сай әр жеке тұлғаның ақыл-ойын, сана сезімін, ерік жігерін, мінез-құлқының ерекшеліктерін жүйелі түрде қалыптастырып, дамытудағы тәрбиемен тәрбиеленушілердің өзара бірлескен әрекетін айтамыз.Адамдарды табиғат жаратса да қоғам әрбір жеке адамдардың қабілетін дамыту үшін бәріне бірдей жағдай жасап, ортақ тәрбие беруге тиіс. Кезінде б.э.д. ІҮғ.Аристотель, тәрбиенің қоғамдағы атқарылатын қызметінің маңызына айырықша мән беріп, атап көрсеткен.”Тәрбиенің қатаң заңы болуы тиіс, және ол ортақ болуы тиіс”-деп есептеген. Платон “Тәрбиешінің әрекетінде кең түрде және қатаң бақылаудың болуы қажет- деп отырса, “Бізде заңды қорғаушы, қырағы болуы тиіс; олардың мінез құлқын түзетуі және әр кезде оларды заңға сәйкес игілікке бағыттап отыруы тиіс” деп есептеген. Ал, қазіргі кезде біздің қоғамда өркениеттілікке бағытталған “Білім беру” заңы бар. Бұл заңды бүгінде барлық оқу-тәрбие үдерісінде басшылыққа алып, бірінші әлеуметтік мекемелердің міндетті ортақ ісіне айналып отыр.
Тәрбиенің қоғамдағы атқарылатын қызметтеріне орай өзіндік ерекшеліктері бар.
1. Тәрбие қоғамдық процесс.
Себебі, қоғамның материалдық жағдайының өсуі, идеологиясының өзгеруіне байланысты тәрбиенің мақсат, міндеттері, мазмұны мен ұйымдастыру тәсілдері де толығып жаңа жағдайға сәйкес жақсарып отырады. Ал қоғам дегеніміз-адамдардың тіршілік етуі, өмір сүруі үшін топтасқан ортасы. Қоғамнан тыс өмір сүру мүмкін емес.
ІІ.Тәрбие мақсатты процесс.Тәрбие мақсаты айқын әрі нақты өмір жағдайына сай белгіленсе ғана өз нәтижесін дұрыс береді.
ІІІ.Тәрбие біртұтас процесс. Себебі тұлға жеке адам ретінде тәрбиеленеді. Сондықтан да жеке тұлғаның кісілік қасиеттерінің қалыптасуы жеке–дара атқарылмайды, керісінше бір мезгілде, біріңғай жағдайда жүзеге асырылады. Өйткені, тұлғаның қалыптасып дамуы тұтас процес. (өзгеше тәрбиелер-діни экстремизм т.б. )
ІҮ.Тәрбие ұзақ әрі күрделі процесс. Жеке адамның қалыптасуы бүтіндей бір ұзақ дәуірді қажет етеді. Адам баласы туғаннан бастап, есейіп ержеткенге дейін тәрбиенің ықпалында болса, кейінгі уақытта ол өзін-өзі тәрбиелеу процесімен жалғасып отырады. Екіншіден тәрбиелеу барысында қойылатын мақсаттың нәтижесін көбінесе жуық арада байқалмайды. Өйткені, әрбір жеке тұлғаның мінез құлқында дара ерекшеліктері, қабілеттері, дүниетанымы бірінғай қалыптасып дамымайды. Оған ықпал ететін ішкі және сыртқы факторлардың да әсері мол.
Ү.Тәрбие көпжақты процесс. Жасөспірімдерді азамат етіп тәрбиелеу, қоғамдық пайдалы еңбекке әзірлеу процесі, қоғамның барлық азаматтарының міндеті, отбасы, мектеппен жұртшылықпен бірлесіп атқаратын ортақ іс. Дегенмен де ата-аналармен жұртшылық әрекетін қадағалап, бағыт-бағдар беріп, олардың бала тәрбиесіндегі жұмыстарын бірінғай бағытта ұйымдастырып отыратын ол-ұстаздар тобы. Оның орталығы –мектеп.
XXI ғасырда көтеріліп отырған «Өзін-өзі тану» рухани адамгершілік білімінің түп-тамыры тереңде жатыр. Ол халқымыздың ұлттық құндылықтарынан, рухани мұраларынан, ділінен, тағылымдық ой - толғауларынан бастау алады. «Өзін-өзі таныған, өмірдің мәнін түсінген адам, өзін-өзі қадағалап, сынап, өзін-өзі тәрбиелеуге, өмірден өз орнын, өз бақытын табуға ұмтылады. Өзін-өзі тану – адамның шындықты өзінше түсіну жағынан қарастыратын ғылым, ол өз бойындағы бірегейлікке сәйкес келетін өзінің жеке құндылықтар жүйесін жалпы адамзаттық құндылықтар жүйесімен біртұтас қарауға негізделеді. «Өзін-өзі тану» пәні білім берудің басымдылықтары – рухани-адамгершілік білімді іске асыруға, ұлттық және жалпы адамзаттық мәдениетті үйренуге ықпал етеді. Бала әр түрлі мәселелерді адамгершілік нормаға сәйкес конструктивті шешуге үйренеді. Өзіне, адамдарға және қоршаған әлемге ізгілікті қарым-қатынас жасау, көмек беру, қамқорлық жасауға баулиды. Жасампаздық белсенділік, азаматтық және отансүйгіштікке тәрбиелейді. Қазіргі кезеңнің ең басты қажеттілігі – адамдар арасындағы сыйластық, бірін-бірі қадірлеу, бірін-бірі құрметтей білу мен бағалай алуы, яғни адамдардың өзін-өзі, қоршаған ортаны, әлемді тани білуі. Сондықтан да оқу-тәрбие үрдісіне еніп отырған «Өзін-өзі тану» пәнінің әлеуметтік-рухани өмірде алатын орны ерекше. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес өзін-өзі тануға, өзін дамытуға бағытталған жұмыстар мектепте ғана емес, отбасында да ата-аналардың көмегімен жалғасын тауып, өзара ықпалдастық бағытта жүргізіледі.Сонымен қатар «Өзін-өзі тану» пәнін оқыту арқылы мектептегі басқа пәндердің әлеуетін күшейтеміз. Әрбір оқушының өзін-өзі тануы жалпы адамзаттық құндылықтарды қалыптастыруда ықпалы зор. Бұл пәннің тағы бір ең басты ерекшелігі – адамзат баласының ғасырлар бойы жинақтаған адами асыл қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, ата салт пен ұлттық ұлы дәстүрлеріміздің жиынтық тәрбиесін тамырына тағлым етіп дарыту.Халқымыздың сан ғасырлық тыныс-тіршілігінің өзіндік ерекшеліктерінен туындаған ұлттық тәлім-тәрбиеге қатысты салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарының дені қазіргі этика, педагогика, психология ғылымдары тұжырымдарымен қиюласа, астарласып жатады. Осы саладағы рухани мұрамызды осы күнгі ғылым деңгейіне, оның төңірегіне топтастырып, жүйе-жүйесімен талдауға алсақ, бұлардың өзіндік сыр-сипаты айқындалады. «Өзін-өзі тану» бойынша жүргізілетін жаттығулар түрлеріне «Өзіңді бағалау», «Мен басқалардың көзімен», «Жаңа түрге ену», «Футболкадағы қолтаңба», «Өзіңді тексер» тесті т.б. жатады. Сонымен қатар, әрбір оқушының өзіне сенімділігін тудыру, оны қалыптастыру – «Өзін-өзі тану» пәнінен дәріс беретін мұғалімнің басты міндеті. Ол үшін оқушыларға мынадай ақыл-кеңестерді ұғындырып, үнемі қайталауды, іштей ойлап жүруді әдеттендіру қажет. Мысалы, «Өзің туралы жағымды ойлауға үйрену», «Өзің туралы жағымсыз ойлардан құтылу», «Өзіңді сүй», Өзіңді неғұрлым азырақ сынауға тырыс», «Өзіңнің жеткен биігіңді өзің теріске шығарма», «Өз бойыңнан жақсы қасиеттерді ізде», т.б.Әр оқушының бойында өз-өзіне деген сенімділікті ұялатумен қатар, оны айналасындағы қоршаған ортамен қарым-қатынас жасауға да үйрету өте қажет. Бұл мақсатта қолданылатын қарым-қатынасты дамытуға арналған жаттығулар мен іскерлік ойындар түріне «Бет-әлпетті есте сақтау», «Ол қалай күледі», «Көңіл-күйге ортақтасу», «Қоштау», «Күлкі», «Саған аманшылық тілеймін», «Нажағай қаупі жоқ» секілді ойындар мен «Тыңдай білу іскерлігі», «Мен сізді тыңдап отырмын», т.б. жаттығуларды орындату арқылы оқушыларды өзара сыйластыққа, қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелейміз.Оқушылар, сонымен бірге, сабақта шығармашылық жұмыстарды жиі орындайды. Өз бетінше ізденеді, берілген тапсырмаларға өмірден мысалдар келтіре отырып, алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге, ой түюге үйренеді. Бұл жұмыстардың олардың жеке «менін» ашуға, өзіндік бет-бейне, жеке тұлға ретінде қалыптасуына үлкен маңызы бар, жалғасын тауып, өзара ықпалдастық бағытта жүргізілуі тиіс.
Әдебиеттер тізімі:
1. С.А. Назарбаева Адам әлемі және әлемдегі адам: өзін-өзі тану теориясы мен практикасы. (Алматы, 24 желтоқсан 2007ж) – Алматы: «Бөбек»
2. Игенбаева Б.Қ. Адамгершілік сабақтары. Алматы. 2000ж.
3.Сухомлинский В.А. Балаға жүрек жылуы. Алматы. 1976ж.
4 . «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан » Н.Ә.Назарбаев.
5 . «Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты » 2010ж
6 . «12 жылдық білім » №1,5,7,9 2011ж.
7. Маралов В.Г. Основы самопознания и саморазвития. / В.Г. Маралов - М.: Издательский центр «Академия», 2002. – 256 с.
8. Майерс Д. Социальная психология / Д. Майерс. -Спб: Питер, 1999. – 637
9. Джакупов С.М. Экспериментальные исследовния этнических предубеждений // Теоретические и прикладные проблемы социолизации личности: Межвузовский сборник научных трудов. Часть ІІІ. / Под.ред. С.М. Джакупов. –Алматы, 2002. -162 с.
10. Бодалев А.А. О смысле жизни человека, его акме и взаимосвязи между ними // Мир психологии, 2001. № 2.- 54-58 с.

- Жеке тұлғаның психологиялық ерекшеліктері
- Жеке тұлғаның тәрбиесі
- Жеке тұлғаның тәрбиесі
- Жеке тұлғаның тәрбиесі, қалыптасуы
- Жеке тұлғаның тәрбиесі, қалыптасуы
- Жеке тұлғаның тәрбиесі, қалыптасуы
- Жеке тұлғаның тәрбиесі, қалыптасуы
- Жеке тұлғаның әлеуметтенуі
- Жеке тұлғаның әлеуметтенуінің объективті және субъективті факторлары
- Жеке тұлғаның бейімділіктерін психодиагностикалық зерттеу тәсілдері
- Жеке тұлғаның дамуы
- Жеке тұлғаның қалыптасуына тікелей ықпал етуші – мұғалім
- Жеке тұлғаның қалыптасуындағы тәрбиенің рөлі
- Жеке тұлғаның өзіндік санасы