Жеті жылдық соғыс
Жеті жылдық соғыс (1756–1763) — сол кездегі барлық маңызды еуропалық мемлекеттер қатысқан, 900 000-нан 1 400 000-ға дейін адам шығынына алып келген соғыс.[1] Соғыс 1756 жылдан 1763 жылға дейін еуропалық және отарлық соғыс театрларында өрбіді. 1754 – 1763 жылдар арасында орын алған Помераниялық соғыс пен Француз және үнді соғысы соның бөлігі болып саналады. Пруссия, Һановер курфюрсттығы және Ұлыбритания патшалығы (Солтүстік Америкадағы отарлары, британиялық Шығыс Үнді компаниясы және Ирландия патшалығымен бірге) одақ құрып, Аустрия, Франция (Солтүстік Америкалық Жаңа Франция отары және франциялық Шығыс Үнді компаниясымен бірге), Ресей империясы, Швеция және Саксония курфюрсттығына қарсы соғысты. Кейінірек текетіреске Португалия (Ұлыбританияның жағында) және Испания (Францияның жағында) да кірісті. Бейтарап Нидерланды республикасының қарулы күштері Үндістанда шабуылға ұшырады.
Соғыстың нәтижесінде Франция Америкалардағы басты отарлаушы мемлекет ретіндегі ролін (онда ол Француз Гвианасы, Гваделупа, Мартиника, Сен-Доминг және Сент-Пьер және Микелон сияқты иеліктерін ғана сақтап қалды) және Ұлы француз революциясына дейін Еуропадағы ең басты мемлекет ролін жоғалтып алды.[2] Ұлыбритания болса дүниедегі басты отарлаушы мемлекетке айналды. Францияның әскери теңіз флоты бытырап кетті.[3] Дүниенің басқа бір шеті, Үндістанда британиялық Шығыс Үнді компаниясы орнығып, соның арқасында Үндістан «Империялық тәждің асыл тасына» айналды. Уинстон Черчилль бұл соғысты бірінші дүниежүзілік соғыс деп атады,[4] себебі ол адамзат тарихындағы бүкіл жер шары бойынша жүргізілген соғыс болды (соғысушы жақтардың көбі еуропалық мемлекеттер болса да). Өздерінің империяларын үлкейтумен айналысып жатқан Англия мен Франция арасындағы әскери жанжал болғандықтан, кейде оны екінші Жүз жылдық соғыс деп те атайды.[5]
Бұл соғыс Пруссия патшасы Ұлы Фридрихтың Саксонияға шабуылымен басталды.
Канада мен Құрама Патшалықта «Жеті жылдық соғыс» ұғымы Солтүстік Америкада да, Еуропа мен Азияда да жүргізілген әскери қимылдарды атау үшін қолданылады. Француз Канадасында болса «Жаулап алу соғысы» деген ұғым қолданылады. Үндістанда Үшінші Карнатик соғысы деп аталады. Ал Германияда кейде қолданылатын балама атауы — Үшінші Силезия соғысы.
Себептері
Көбінесе бұл соғыс нәтижесінде Фридрих патша бай Силезия аймағын қолына түсірген Аустрия мұрагерлігі үшін соғыстың жалғасы ретінде қарастырылады. Аустрия императрицасы Мария Тереза 1748 жылғы Аахен келісіміне тек өзінің қарулы күштерін қалпына келтіріп, жаңа әскери одақтар құруға уақыт ұту үшін ғана қол қойған болатын. Ол өзінің осы жоспарын асқан ептілікпен жүзеге асырды. Бірнеше жылдың ішінде ғана Еуропаның саяси картасы қайта сызылды. 1756 жылғы Дипломатиялық революцияның кезінде ежелден бір-біріне жау Франция, Аустрия мен Ресей Пруссияға қарсы әскери одақ құрды.
Пруссияны
тек Ұлыбритания ғана қолдайтын
(себебі Ұлыбритания патшасы ІІ-ші
Георгтың әкесі Һановер курфюрсттығының
билеушісі еді). Осы екі мемлекеттің
одағы бір-бірін жақсы
Аустрия армиясы пруссиялықтардың үлгісі бойынша қайта құрылған болатын. Әскери мәселелер туралы білімі өзінің көптеген генералдарынікінен асып түсетін Мария Тереза әскери реформаны өзінің қатаң бақылауына алды. Оның өз жауынгерлерінің игілігін ойлағаны үшін ол әскердің зор қолдауына ие болды.
Соғыстың тағы бір себебі — Британия империясы мен Франция империясының арасындағы отарлар үшін аяусыз талас болды. Осы екі империя кеңіген сайын бір-бірімен екі құрлықта текетіреске түсіп қалып отырды.
Жалпы стратегиясы
Он сегізінші ғасырдың көп бөлігінде Франция соғыстарын бірдей тәсілмен жүргізіп отырды: соғыс болған кезде ол отарларын бәрібір ұстап қала алмайтынын сезіп, оларды өз бетінше қалдырып, онда азғантай немесе тәжірибесіз әскер жіберіп отырды. Ол өзінің әскерінің басты бөлігін елге жақынырақ әскердің жеңіске жетуі ықтималдырақ деп Еуропа құрлығында ұстап отыратын. Содан соң соғыстың кезінде көбірек жерді басып алуға тырысып, бітім туралы келіссөздер жүргізгенде сол басып алған жерді өзінің теңіздің арғы жағында айырылып қалған жерін қайтарып алуға қолданатын. Бұндай стратегия осы соғыста Франция үшін аса тиімді бола қойған жоқ, себебі теңіздің ар жағындағы отарлардан ол шынында да айырылып қалды, бірақ Еуропада ол онша көп жер басып ала алған жоқ.
Ал
британиялықтардың соғыс
Соғыстың басталуы
Соғыс
қимылдары Еуропада әлі басталмай
тұрып Солтүстік Америкада
Еуропадағы әскери қимылдар Фридрихтың Аустриямен одақтасқан кіші неміс мемлекеттерінің бірі — Саксонияға басып кіруімен басталды. Саксония және Аустрия әскерлері шабуылға дайын болмаған болатын, сондықтан Фридрих Лобозиц шайқасында Саксония әскеріне Аустрия әскерінің көмекке келтіргізбеді. Алайда Саксония Фридрихтың қимылдарына кедергі болып оны кешеуілдетіп тастады. Жерорта теңізінде француздар Миноркаға шабуыл жасап, британиялықтарға қарсы соғыс бастады. Британиялықтардың жауап соққысы Минорка шайқасында сәтсіз аяқталып, олар аралдан айырылып қалды. Жеңіліске жол бергені үшін британиялық адмирал Джон Бингтың ісі әскери сотта қаралып, өлім жазасына кесілді.
1757
жылдың көктемінде Фридрих
Аустриялықтар бір жақтан, француздар батыстан Пруссияға қарсы әскер жылжыта бастағанда жағдай пруссиялықтар үшін қиындай түсті. Бірақ Фридрих бір күтпеген ерекше қимыл жасады. Ол бір айдың ішінде бір-бірлеп француздарды Россбах шайқасында, ал аустриялықтарды Лойтен шайқасында талқандады. Осы керемет жеңістердің арқасында Фридрих өзін Еуропаның ең ұлы қолбасшысы, ал өз әскерін Еуропаның ең құдіретті әскері ретінде атағын шығарды. Фридрихты қатты құрметтеген ІІІ Петр патша таққа отырған соң Фридрихтың қуатты бір одақтасы пайда болды. Бұл одақ Бірінші Дүниежүзілік соғысқа дейін, 150 жылдан астам күшінде болды.
Суэц каналы – Жерорта теңізі мен Қызыл теңізді жалғастыратын халықаралық маңызы бар жасанды су жолы. Ұзындығы 161 км, ені 120 м-ден (Суэц – Исмаилия порттары аралығында) 318 м-ге (Исмаилия – Порт-Саид аралығында) дейін, тереңдігі фарватерінде 18 м-ге жетеді. 1859 – 1869 жылдары салынып (1967 – 1976 жылдары Египет-Израиль қақтығысына байланысты жабылды), 1980 – 1982 жылдары қайта жөндеу жұмыстары жүргізілді. Төменгі Египеттің су жолдары жүйелерімен (Исмаилия каналы – Каир – Ніл; 145 км) байланысқан; ауыл шаруашылдығы жерлерін суландыру желісі (Аббасия, 38 км) тартылған. Канал арқылы жылына 80 млн. т жүк (негізінен мұнай мен мұнай өнімдері, қара және түсті металл кентастары) тасымалданады. Суэц каналы Азия мен Африка арасындағы географиялық шартты шекара болып саналады. (Африка мен Азияның Синей түбектерін бөліп жатыр)
Арабская страна решила поддержать сирийских соседей?
Суэцкий канал ограничен для прохода американских кораблей. Об этом сообщает ресурс Les Observateurs со ссылкой на главу египетских военных генерала Абделя Фаттаха Ас-Сисси. По этим данным, военные объявили канал «свободным» для всех судов, кроме американских военных судов.
Египет решил ответить на американские претензии к сирийским властям. По некоторым данным, арабская страна решила ограничить Суэцкий канал для прохода американских военных кораблей. Об этом сообщает ряд СМИ со ссылкой на генерала Ас-Сисси. Напомним, что по неподтвержденным данным, США готовятся нанести удар по сирийской территории при помощи военных кораблей. Однако непонятен смысл такого решения, ведь американские войска могут легко нанести удар по Сирии и со Средиземного моря, где уже и так находятся эсминцы ВМС Соединенных Штатов.
Напомним, Египет является традиционным союзником Сирии. В пятидесятых годах прошлого века две арабские страны пытались даже объединиться и создали Объединенную Арабскую Республику (ОАР), которая просуществовала с 1958 по 1963 гг. (хотя Египет продолжал именоваться так до 1971 года). Национализация канала насеровским Египтом в 1956 года, что привело к вторжению британских, французских и израильских войск. Во время арабо-израильского конфликта 1967 года Египет закрыл Суэцкий канал для прохода не только израильских кораблей, но и для других судов, которые везут груз для Израиля или из этой страны.
Эвакуация: наши покидают Сирию
15 ғасырдың соңы мен 16 ғасырдың бас кезіндегі ұлы географиялық ашулар
Батыс Еуропа елдерінде XV ғасырдың 1-жартысынан
феодалдық құрылыс ыдырауға бет
алды. Ірі-ірі қалалар дамып, еңбек
құралдары жетілдірілді, ірі кәсіпорындар
пайда болып, тауар өндіру артты,
сауда ұлғайды. Ақшаның маңызы күшейіп,
сауданың одан әрі дамуына себепші
болды. Теңге соғу үшін алтын-күміс
металдарына деген сұраныс
XV ғасырдағы Америка халықтары
Қазіргі үндістердің
бабалары осыдан 25-30 мың жылдай бұрын
Беринг бұғазы Шығысқа арқылы Азиядан
Америка құрлығына келген. Өткен
ғасырда басталған Америка
Кәсібі
Американы көптеген рулар мен халықтар мекендеді. Халқының көпшілік бөлігі аң және балық аулаумен шұғылданды. Солтүстік Американың оңтүстігінде, Орталық және Оңтүстік Американың қыраттарында егіншілік дамыды. Егіншілер жерді егіске дайындарда орманды тас балтамен шауып, ағаштарды өртеді. Жерді ағаш кетпенмен өңдеді. Мұнда еуропалықтарға әлі белгісіз жүгері, картоп, күнбағыс, қызанақ, какао, темекі өсірді. Американың көп бөлігінің тұрғындары жануарларды қолға үйретуді білмеді. Америкада жылқы болмады. Солтүстікте ғана итті, ал оңтүстікте түйе тәрізді ламаны қолға үйретті. Құстан күркетауық, үйрек өсірді. Басқа континенттерде белгілі бірқатар жетістіктерді - темірді, тісағаш пен дөңгелекті, мылтықты үндістер білмеді. Олар еңбек құралдары мен қаруды ағаштан, тастан, қоладан жасады. Бытырап жатқан үндіс тайпалары алғашқы қауымдык күрылыста өмір сүрді. Шаруашылығы мен мәдениетінің дамуы жағынан майя, ацтектер, инктер басқа халықтардан жоғары тұрды.
Майя
Майя халқы
Орталық Америкадағы қалың
Ацтектер
Ацтектер Мексикадағы теңіз деңгейінен 2000 м биіктіктегі қыратта, тау шыңдарының етегінде, ауа райы жұмсақ және топырағы құнарлы, табиғаты сұлу алқапта орналасқан. XIV ғасырда солтүстіктен келген ацтектер үлкен көлдің ортасындағы аралдарға Теночтитлан қаласын салды. Аралдарды бөгеттермен жалғастырды. Қаланы түзу көшелер мен каналдар бөліп жатты, оларды жағалай храмдармен сарайлар бой көтерді. Алғашқы кезде ацтектерде жер жетіспеді. Сондықтан олар енсіз түбектерге көл түбінен шығарылған балдыр мен құнарлы қайыр топырақты бірге төгіп отырды. Жауынсыз кездерде егінді каналдан суарды. Бұл «көшпелі егістік» жылына бірнеше рет өнім берді. Ацтектер көрші тайпаларды жаулап алып, өзіне бағынышты етті. Олар бағынышты тайпалардан қыруар төлем және құлдар алып отырды. Тайпаларды бұрынғысынша жергілікті көсемдер билегенімен, басты қалаларды ацтек әкімдері мен алым жинаушылар басқарып түрды. Мемлекетті мұрагер билеуші басқарды. Шонжарлар лауазымды қызметтерге қойылып, атқарған қызметі үшін жалақы алды. Олар керектінің бәрін қарауындағы бағыныштыларынан алды. Соғыс кезінде саны 150 мың адамга дейін баратын қуатты әскер жасақтау мүмкіндігі болды. Ацтектер қолөнерде үлкен жетістіктерге жетті. Алтын мен күмістен нақышты әшекейлер соқты, зергерлер қымбат тастарды шебер қырлады, нәзік өрнек салу жұмыстарын орындады. Қолөнершілер өрнектелген ыдыстар жасады, мата тоқыды, матаның астына құс қауырсындарын салып кестеледі. Ол түрлі түсті болып құбылып тұрды.
Астанада қарапайым ацтектер мен шонжарларға арналған мектептер болды. Әдеттегі мектептерде егіншілікке, қолөнерге және соғыс ісіне үйретті. Шонжарлардың балаларына жазуды, тарих пен дінді, мәнерлеп оқуды, есептеуді, астрономияны, поэзияны, шешендік өнерін оқытты. Әнші-ақындар гимндер, дастандар, табиғат жөнінде өлеңдер шығарды. Астанада жыл сайын әнші-ақындардың айтысын өткізіп, үздіктеріне жүлде берілді.
Инктер
Оңтүстік
Американың батысында инктер елі - Перу
жатыр. Инктер көрші тайпаларды бағындырып,
олардың еңбегін пайдаланды. Каналдар
қазып, егін екті, аспалы көпірлер салды.
Қоладан балта, орақ, пышақ, түйреуіш,
ине, қоңыраушалар, найзаның ұшы сияқты
заттарды құйып, алтын мен күмістен
әшекей бұйымдар жасады. Инктерде 4 жылдық
мектеп болған, онда бірінші жылы кечуа
тілін үйретіп, екінші жылы дінге
оқытып, үшінші және төртінші жылдары
өмірге қажетті білім берген. Сөйтіп
еуропалықтар келгенге дейін-ақ Америка
халықтары өздерінің бай
Ұлы географиялық ашылулар, Ұлы географиялық жаңалықтар — 15 ғ-дың соңы мен 17 ғ-дың ортасы аралығында еуропалық саяхатшылардың жаңа жерлерді, құрлықтар мен аралдарды, мұхиттар мен теңіздерді, аса маңызды теңіз жолдарын ашу кезеңі. Бұл кезең тарихқа Ұлы географиялық ашылулар заманы деген атпен енді. Жаңа жерлердің көптеп ашылуы Еуропадан Оңт. және Шығыс Азия елдеріне теңіз жолдарын іздеумен тікелей байланысты болды. Мұндай ізденістің басты себептері:
- 15 ғ-дың ортасына қарай Еуропа елдерінде өнеркәсіп пен сауданың мықтап өркендеуі, Еуропаны Шығыс Азиямен байланыстыратын құрлық жолын және кеме қатынасы өркендеген Жерорта теңізінің шығыс жағалауын түріктердің басып алуы, ашық мұхитқа шығып, алысқа жүзе алатын берік кемелердің жасалуы, ғылым мен техниканың жандануы бұған қолайлы жағдай туғызды. Араб саяхатшысы Әбу-Абдаллаї Мұхаммед ибн Баттута Еуропа саяхатшыларына дейін 30 жыл бойы саяхат жасап, Африканың солт. жағалауын бойлай жүзіп, Танжер қ-нан (Марокко) бастап Египет, Арабия, Кіші Азия түбегін, Қырым, Ресей, Орт. Азия, Иран, Ауғанстан, Үндістан, Қытай, Индонезия, Испанияда болған. Ұлы географиялық ашылуларды сол кезде күшті дамыған елдер — Португалия мен Испания бастады.
- 15 ғ-дың 2-жартысында Португалия ханзадасы, теңізші Генрих (Энрико) Африка жағалауына көптеген экспедициялар ұйымдастырып отырды. Португал теңізшілері құрлықтың батыс және оңт. жағалауын бойлай жүзді.
- 1488 ж. Б.Диаш Африканың оңт. шетіндегі Қайырлы Үміт мүйісіне жетті. Португалдардың бұл саяхаттары Ұ. г. а-дың бастамасы болды. Олармен бәсекелес испандықтар Шығыс Азияға апаратын теңіз жолын батыстан іздеуге тиіс болды. Орта ғасырларда ежелгі дүние ғалымдарының Жерді шар тәріздес деген ұмытылған пікірі қайта жандана бастаған еді. Осыған сәйкес бірқатар ғалымдар мен теңізшілер Испаниядан шығып үнемі батысқа қарай жүзе берсе Азия жағалауына жетуге болады деп есептеді. Неміс картографы М.Бехаймның глобусында (1492) және Италия космографы П.Тосканеллидің картасында (15 ғ-дың 2-жартысы) Еуропаның батыс жағалауы мен Азияның шығыс жағалауы арасында ешқандай құрлық жоқ, мұхиттың ені кішірейтіліп көрсетілген. Х.Колумбтың осы пікірге негізделіп ұйымдастырылған экспед.
- 1492 ж. Американы ашты. Оның 4 саяхатының (1492 — 1504) нәтижесінде Орт. Америкадағы Багам, Үлкен Антиль және Кіші Антиль аралдары, Оңт. Американың солт. жағалауы ашылды.
- 1497 — 99 ж. португал теңізшісі Гама (Васко-да-Гама) Африканы оңт-нен айналып өтіп, Үндістанға апаратын теңіз жолын ашты (экспед-ны Африка жағалауынан әрі қарай араб лоцманы Ахмет ибн Мәжит бастап барды).
- 1497 ж. ағылшын теңізшісі Джон Каботт Үндістан мен Қытайға Солт. теңіз жолын іздеу кезінде Нью-Фаундленд аралдарына және Лабрадорға жүзіп барып, Солт. Американы ашуды бастады. Х.Колумбтан кейін испан және португал теңіз саяхатшылары Оңт. А.Веспуччи құрлықтың жағалауларына бірнеше рет жүзіп барып, оны жаңа дүние ретінде сипаттап жазды. Бұдан әрі испан конкистадорлары Солт. және Оңт. Американың ішкі аудандарын жаулау кезінде бірқатар жаңа жерлер ашты (Э.Кортес, Х.Писарро).
- 1503 ж. В.Нуньес де Бальбоа Панама мойнағы арқылы Тынық мұхит жағалауына шықты. Бальбоаның жаңалығы Атлант мұхитынан “Жаңа Дүниені” айналып, “Оңтүстік теңізге” (мойнақтан қарағанда оңт-те көрінетіндіктен саяхатшылар солай деп атаған) асатын жолды іздеу туралы ой тудырды. Бұл идеяны Ф.Магеллан басқарған испан экспед. жүзеге асырды. Магеллан және оның серіктері Атлант мұхитынан жол тауып, Тынық мұхитқа өтті, онан әрі дүние жүзін айналып шықты (1519 — 1522).
- 16 ғ-дың ортасында Ұ. г. а. заманының бірінші кезеңі аяқталды.
- 16 ғ-дың 2-жартысынан 17 ғ-дың 2-жартысына дейін созылған екінші кезеңнің басында Шығыс Азия елдеріне Еуразияның және Солт. Американың солт. жағалауын айналып жүретін теңіз жолын (Солт.-шығыс және Солт.-батыс жолдарын) іздеуге байланысты геогр. ашылулар жасалды. Еуропадан Үндістан мен Қытайға баратын Оңт. теңіз жолдары Испаниямен Португалияның қолында қалғандықтан жаңадан өркендеп келе жатқан Англия мен Голландия теңіз жолын басқа жақтан, солт-тен іздеуге мәжбүр болды. Солт.-батыс жолды іздеу барысында
- М.Фробишер (1576 — 1578),
- Д.Дэвис (1585 — 1587),
- Г.Гудсон (1610),
- В.Баффин (1612 — 1616) Американың арктик. бөлігінің аралдардан тұратынын анықтады.
Ағылшындар мен голландттардың Солт.-шығыс жолды іздеуі (Барроу 1556, Пит пен Джекмен 1580, Баренц 1594, Флеминг 1664 — 1668) нәтиже бермеді. Олар Баренц және Кара теңіздерінде жүзіп Ямал түбегіне дейін ғана жете алды. 16 ғ-дың соңы мен 17 ғ-дың 1-жартысында орыстар көптеген геогр. жаңалықтарға қол жеткізді. Орыс казактары бас-аяғы 50 жылдай уақытта Оралдан (1584) Тынық мұхитқа дейін (1639) жетті.
- 1639 ж. И.Москвитиннің отряды Охота т-нің жағалауына шықты.
- 1644 — 45 ж. В.Поярков Амурды бойлап, оның сағасына дейін барды. Көп ұзамай-ақ Е.Хабаров 1647 —51 ж. Амур өлкесіне бірнеше жорық жасады.
- 1648 ж. С.Дежнев пен Ф.Попов Азияның солт.-шығыс жағалауын бойлай жүзіп, Азияны Америкадан бөлетін бұғазды ашты. Осы ашылулармен бір уақытта француздар (С.Шамплен, Э.Брюле, т.б.) Солт. Американың ішкі бөлігіне өтіп, Аппалачтың солт-н, Ұлы көлдерді ашты. Бұл кезде голландтар Оңт. жарты шарда “Белгісіз оңтүстік жерді” (Terra іncognіto Australіs) іздеумен айналысты.
- 1605 ж. олар Үнді мұхитымен жүзу кезінде Австралияның солт.-батыс жағалауын көрген болатын.
- 1641 — 43 ж. А.Тасман Австралияны айнала жүзіп, оның полюстік аймақты түгел қамтитын қиялдағы “Белгісіз оңтүстік жерден” бөлек екенін анықтады, Жаңа Зеландияны және бірнеше топаралдарды ашты. Ұ. г. а. нәтижесінде адамдардың Жер туралы түсінігі түбегейлі өзгерді. Картаға “Ескі Дүниеге ” қосымша жаңа дүние бөліктері — Америка мен Австралия, Жер шарындағы ең үлкен — Тынық мұхит, көптеген аралдар, теңіздер мен бұғаздар енді. Жердің шар тәрізді екендігі түпкілікті дәлелденді. Жер бетінде ежелгі ғалымдар ойлағандай құрлық емес, судың басым екендігі анықталып, біртұтас дүниежүзілік мұхит ұғымы қалыптасты. Ұлы географиялық ашылулар түрлі ғылым салаларын дамытуға негіз салумен бірге әлем елдерінің әлеум.-экон. дамуына ықпал жасады. Жаңа ашылған жерлердегі елдерді жаулап алу әлемдік отарлау үрдісіне бастама берді.

- Жетілген және жетілмеген бәсекелі нарықтардың жұмыс істеу механизмдері
- Жетілмеген бәсеке рыноктары. Абсолютті (таза) монополия рыногы
- Жетім балалар
- Жетімдіктің түрлері
- Жетісудағы Қарақытайлар (Батыс Ляо) хандығы
- Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан
- Жеткіншек психикасының дамуының өзіндік сипаты
- Жетіасардың өмір сүру кезеңі
- Жеті атасын білген ер, Жеті жұрттың қамын жер
- Жеті жарғы
- Жеті жарғы
- Жеті жарғы
- Жеті жарғы
- Жеті жарғы