Жумыспен камту 2020

Кiрiспе

 

Мемлекет басшысы өзiнiң 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Болашақтың iргесiн бiрге  қалаймыз!» атты Қазақстан халқына  жыл сайынғы Жолдауында еңбек  нарығының тиiмдiлiгiн арттыру, аз қамтылған, жұмыссыз мен өз бетiнше  жұмыспен айналысушы халықты жұмыспен нәтижелi қамтуға жәрдемдесудiң белсендi бағдарламаларына тарту мiндеттерiн  қойды.

Жұмыспен қамтудың белсендi саясатын жүргiзу Қазақстан Республикасының  Үкiметi қызметiнiң негiзгi әлеуметтiк  басымдықтарының бiрiне жатады. Жұмыспен лайықты қамтуды қамтамасыз ету - халықты әлеуметтiк қорғаудың  негiзi, адами ресурстар әлеуетiн  дамыту мен iске асырудың маңызды  шарты, қоғамдық байлықтың артуы  мен өмiр сүру сапасын жақсартудың  басты құралы.

Әлеуметтiк-экономикалық өзгеру барысында  елде қарқынды дамушы еңбек нарығы құрылды, халықтың экономикалық белсендiлiгi мен жұмыспен қамтылу деңгейi тұрақты  өсуде. Соңғы 10 жылда жұмыспен қамтылған  халық саны 6698,8 мыңнан 8141,4 мың адамға артты, ал жұмыссыздық деңгейi                  2001 жылғы 12,8 %-дан 2010 жылдың соңында 5,5 %-ға дейін төмендедi. 

Жол картасы шеңберiнде жұмыс  орындарын сақтау және жұмыспен қамтуға  жәрдемдесудiң арнайы шараларын  әзiрлеу және iске асыру әлемдiк  қаржы-экономикалық дағдарыстың әсерiне байланысты уақытша экономикалық қиындық  жылдары да (2008 – 2010 жылдар) жұмыспен қамтудың жоғары деңгейiн сақтауға мүмкiндiк бердi.

Қазiргi уақытта жүзеге асырылып жатқан үдемелi индустриялық-инновациялық дамуға көшу, бiр жағынан, жұмыспен қамтудың одан әрi өсу мүмкiндiктерiн кеңейтедi, екiншi жағынан - еңбек нарығына жұмыс  күшiнiң iшкi резервiн тартудың, еңбек  ресурстарының сапасы мен экономикалық белсендiлiгiн арттырудың жаңа тәсiлдерiн  әзiрлеудi және iске асыруды талап  етедi.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.1 Ағымдағы жағдайды талдау

 

Қазақстан Республикасында еңбек  нарығын және жұмыспен қамту саласын  реттеу 1991 жылдан бастап негiзiнен халықты  жұмыспен қамтудың арнайы бағдарламалары форматында жүзеге асырылды: Қазақстан  Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 3 маусымдағы № 833 қаулысымен бекiтiлген Кедейлiкпен және жұмыссыздықпен күрес жөнiндегi 2000 –                2002 жылдарға арналған бағдарлама, Қазақстан  Республикасы Үкiметiнiң               2003 жылғы 26 наурыздағы № 296 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында  кедейлiктi азайту жөнiндегi 2003 – 2005 жылдарға арналған бағдарлама және Қазақстан  Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы                             27 қаңтардағы № 68 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының халқын жұмыспен қамтудың 2005 – 2007 жылдарға арналған бағдарламасы. 2008 – 2010 жылдарға жұмыссыздықтың өсуiнiң алдын алуға, жұмыспен нәтижелi қамтудың өсуіне жәрдемдесуге, жұмыс күшiнiң сапасын арттыруға және ұлттық еңбек нарығын қорғауға бағытталған Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту жүйесiн жетiлдiру жөнiндегi iс-шаралар жоспары әзiрленiп, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 20 қарашадағы № 1114 қаулысымен бекiтiлген болатын.

Алайда әлемдiк қаржы-экономикалық дағдарыстың әсерiмен 2008 жылғы күзден бастап Қазақстан Республикасында  өндiрiс қарқыны төмендей бастады, инфляцияның өсуi байқалды, жұмыспен қамтудың төмендеуi және тиiсiнше халық  табысының азаюы белең алды. 264 кәсiпорын өндiрiсiн толық немесе iшiнара тоқтатты. Қырық мыңнан астам  қызметкер iшiнара жұмыспен қамту режимiне ауыстырылды не ақысы төленбейтiн  демалыстарға жiберiлдi. Жұмыссыз халық  саны 559,3 мың адам болды (немесе экономикалық белсендi халықтың 6,6%).

Жұмыссыздықтың өсуi, қызметкерлердiң  одан әрi босатылуы, әсiресе өндiрiстiң  экспортқа бағытталған салаларында  болжанды. Құрылыс, сауда, көлiк және байланыс салаларында да жұмыс орындарының  қысқару қаупi күтілді. 
  Осындай жағдайда Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi жұмыспен қамтуға, жұмыссыздықтың айтарлықтай өсуiне жол бермеуге, жұмыс орындарын сақтауға және жаңаларын құруға бағытталған арнайы Жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясын (Жол картасын) әзiрледi. 

Жол картасы шеңберiнде жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi нысандарын (әлеуметтiк жұмыс орындары, жастар практикасы, қайта даярлау және бiлiктiлiктi арттыру) кеңiнен қолдану халықтың нысаналы топтары құрамындағы азаматтардың белсендiлiгiне ықпал еттi, ал жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейi (4,7 %) алғаш рет елдегi жұмыссыздықтың жалпы деңгейiнен төмен көрсеткiште  белгiлендi.

Жол картасының негiзгi нәтижелерi: шамамен 9 мың жоба iске асырылды; 392 мың  жұмыс орны құрылды; шамамен 150 мың  адам даярлауға және қайта даярлауға  жiберiлдi, олардың жартысына жуығы  жұмысқа орналастырылды; 192 мыңнан астам адам әлеуметтiк жұмыс орындарына және жастар практикасы шеңберiндегi жұмыс орындарына орналастырылды.

Дағдарыс жағдайында iске асырылған  халықты жұмыспен қамтудың қысқа  мерзiмдi стратегиясы – Жол картасы  жұмыссыздық деңгейiнiң өсуiне жол  бермеумен катар, оның деңгейiнiң 2009 жылғы екiншi тоқсандағы 6,9 %-дан 2010 жылғы  желтоқсанда 5,5 %-ға дейін төмендеуiне қол жеткiзуге мүмкiндiк бердi.

Жұмыспен қамтудың өсуi халық табысының  артуы мен кедейлiк деңгейiнiң  төмендеуiне негiз болды. Табысы ең төмен  күнкөрiс деңгейiнен аз халық үлесi 2001 жылғы 46,7 %-дан 2006 жылғы 18,2 %-ға және 2010 жылғы  6,9 %-ға дейін азайды.

Алайда оң өзгерiстерге қарамастан, ұлттық еңбек нарығы теңгерiмді емес. Жұмыссыздар бар болғанына қарамастан бос жұмыс орындарының толықтырылмауы сақталып отыр, экономика салаларының  мамандарға деген қажеттiлiгiнiң объективтi болжамы жоқ. Еңбек ресурстары сапасының  төмендiгiне және өндiрiс пен оқудың арасында нақты байланыстың болмауына  байланысты жұмыс күшiнiң, бiрiншi кезекте  бiлiктi кадрлардың, техникалық және қызмет көрсету еңбегi қызметкерлерiнiң  тапшылығы байқалып отыр. Жұмыспен қамтылған халықтың шамамен үштен  бiрiнiң кәсiптiк бiлiмi жоқ.

Жұмыспен қамтылған халық құрылымында  өз бетiнше жұмыспен айналысатындардың  үлесi – 33,3 % немесе 2,7 млн. астам адамды құрайды. Өз бетiнше жұмыспен айналысушылардың негiзгi бөлiгi ауылдық жерлерде тұрады және жеке шаруашылығын жүргiзумен  айналысады, одан түсетiн табыс тiршiлiк  етуге жеткiлiктi деңгейде ғана болады. Өз бетiнше жұмыспен айналысушылардың басым бөлiгi әлеуметтiк қорғау және қолдау жүйесiмен қамтылмаған.

Ауыл жастарының жағдайы ерекше алаңдаушылық тудырып отыр, кәсiптiк  бiлiм алуға қолжетiмдiлiгi шектеулi болғандықтан, олар ресми еңбек нарығында iс жүзiнде бәсекеге қабiлетсiз  болып табылады.

Еңбек нарығында қалыптасқан мұндай ахуалдың тiкелей салдары кедейлiктiң  сақталуы болып табылады, 2010 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 1,1 млн. астам  адамның табысы ең төмен күнкөрiс  деңгейiнен аз.

Аз қамтылған халықты әлеуметтiк  қолдауда жұмыспен қамтуға және еңбектен табыс табуға жәрдемдесудiң белсендi шаралары жеткiлiктi қолданылмайды. 
 Өткен ғасырдың 90 жылдарының соңында жұмыспен қамту қызметтерiне жүргiзiлген институционалдық қайта құрулар еңбек нарығын реттеу тиiмдiлiгiн төмендеттi. 
  Осылайша қалыптасқан жағдай кедейлiктi төмендету қарқынын баяулатып қана қоймайды, сонымен қатар экономикалық өсудің жаңа кезеңiне өту жағдайында жұмыс күшiне деген сұраныстың артқанына қарамастан, елде бар еңбек ресурстарының толық пайдаланылмайтынын білдіреді.

Әлемдiк практикада осы тектес проблемаларды  шешу үшiн еңбек нарығындағы белсендi бағдарламалар (бұдан әрi – ЕНББ) қолданылады. ЕНББ еңбек ресурстарын  дамыту (кәсiптiк даярлау және қайта  даярлау), жұмыс күшiне деген сұранысты  арттыру (жалақыны/жұмыспен қамтуды  субсидиялау, қоғамдық жұмыстар), еңбек  нарығын реттеудi жетiлдiру (жұмыспен қамту қызметтерiн құру, ақпараттық қолдау), еңбек күш-жiгерiн жандандыруды мемлекет жүзеге асыратын әлеуметтiк  қолдау жүйесiмен үйлестiру («құқықтар  мен мiндеттер» немесе «өзара мiндеттемелер» стратегиялары, бұл жағдайда мемлекет жұмыспен қамту және оқыту бойынша  жоғары сапалы қызметтер көрсетуге  мiндеттенедi, ал ЕНББ-ға қатысушы жұмысты  қарқынды iздеудi жүзеге асыруға мiндеттенедi) арқылы жүзеге асырылады.

ЕНББ экономикалық тұрғыдан – жұмыспен нәтижелi қамту ықтималдығының артуын, еңбек өнiмдiлiгi мен жалақының  өсуiн, әлеуметтiк тұрғыдан - жұмыссыздықтың төмендеуiн, еңбек белсендiлiгiнiң  артуы мен адам әлеуетiнiң дамуын болжайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2 Бағдарламаның мақсаты, мiндеттерi және

нысаналы индикаторлары

 

Бағдарламаның мақсаты:

 

Жұмыспен тұрақты және нәтижелi қамтуға жәрдемдесу.

 

 

Бағдарламаның нысаналы индикаторлары

 

2020 жылға қарай:

Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасымен (бұдан әрi – Бағдарлама)                     1,5 млн. дейiн адам қамтылатын болады.

2016 жылға қарай:

Жұмыссыздық деңгейi 5,5 %-дан аспайтын болады, оның iшiнде:

2012 жылы – 5,8 %, 2013 жылы – 5,7 % және 2014 жылы – 5,6 % және 2015 жылы  – 5,5 %.

Кедейлiк деңгейi 8,2 %-дан 6 %-ға төмендейдi, оның iшiнде:

2012 жылы – 6,3 %, 2013 жылы – 6,2 % және 2014 жылы – 6,1 % және 2015 жылы 6,0 % құрайды.

Өз бетiнше жұмыспен айналысатын  халықтың жалпы санындағы  нәтижелі жұмыспен қамтылғандардың үлесі 2015 жылға қарай 56 %-ға,                   2020 жылға қарай – 75 %-ға дейін ұлғаяды.

(Ескертпе: 2011 жылдың қорытындысы  бойынша 50,6 % немесе 1,38 млн. адам, 2015 жылы – 56 % немесе 1,52 млн. адам, 146 мың адамға көбейеді,                2020 жылы – 75 % немесе 2,1 млн. адам, 2011 жылмен салыстырғанда 700 мың  адамға ұлғаяды).

Бағдарламаны iске асыру шеңберiнде  қамтылғандардың үлес салмағы:

өз бетiнше жұмыспен айналысушылар (өз бетiнше жұмыспен айналысушылардың жалпы санында) 2012 жылы – 0,9 %, 2013 жылы – 1,2 %, 2014 жылы – 1,5 % және 2015 жылы – 1,8 % болады;

жұмыссыздар (жұмыссыздардың жалпы  санында) 2012 жылы – 15,1 %, 2013 жылы – 20,0 %, 2014 жылы – 22,0 % және 2015 жылы – 25,0 % болады;

күнкөрісі төмен отбасылардың еңбекке  жарамды мүшелерi (тартылған)   2012 жылы – 17,0 %, 2013 жылы – 18,0 %, 2014 жылы – 19,0 % және                       2015 жылы – 20,0 % болады.

 

 Бағдарламаның мiндеттерi

 

1. Өз бетiнше жұмыспен айналысушыларды,  жұмыссыздарды және халықтың  нысаналы топтарына кіретін адамдарды  жұмыспен қамтудың белсендi бағдарламаларына  тарту.

2. Қазақстан Республикасын үдемелi индустриялық-инновациялық дамыту  жөнiндегi 2010 – 2014 жылдарға арналған  мемлекеттiк бағдарламаны (бұдан  әрi – ҮИИДМБ) iске асыру үшiн  кадр әлеуетiн дамыту.

3. Атаулы әлеуметтiк көмек көрсету  жүйесiн жетiлдiру.

Бағдарламаны iске асыру бiрiншi кезекте, оқытуға, жұмысқа орналастыруға, өзiнiң жеке iсiн ашуға және кеңейтуге жәрдемдесуге, ал мұндай мүмкiндiктер болмаған жағдайда, жұмыспен нәтижелi қамтудың қолжетiмдiлiгiн кеңейту мақсатында өз еркiмен көшуiне жәрдемдесуге бағытталған.

Осыған орай, Бағдарламаны iске  асыру мынадай бағыттар бойынша  жүзеге асырылады:

1. Оқыту және жұмысқа орналасуда жәрдемдесу.

2. Кәсiпкерлiктi дамытуға жәрдемдесу.

3. Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру.

4. Ауылдық елдi мекендердi дамыту.

Бағдарламаны iске асыру үшiн:

1) нормативтiк құқықтық базаны  жетiлдiру жөнiндегi шаралар қабылданатын  болады;

2) жекелеген мамандықтар бөлінісінде  ағымдағы бос жұмыс орындары  және болжамды жұмыс орындарының  жалпыұлттық дерекқоры (бұдан  әрi - Дерекқор), кәсіптік білім беретін  оқу орындарының дерекқоры қалыптастырылады  және «Жастардың еңбек биржасы»  бірыңғай веб-порталы құрылатын  болады.

Дерекқор мемлекеттік, салалық  бағдарламалар мен аумақтарды дамыту бағдарламалары, сондай-ақ жеке сектордың  бастамалары шеңберінде  қалыптастырылатын  болады.

Жергiлiктi мемлекеттiк органдар мен  мемлекеттік, салалық бағдарламалар, аумақтарды дамыту бағдарламалары шеңберінде жобаларды іске асыруға жауапты  ұйымдар облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органына мерзімді негізде белгіленген нысан бойынша өңiрлер мен жекелеген мамандықтар бөлiнiсiнде қызметкерлерге бар және болжамды қажеттілік жөнінде мәлімет жібереді.

Дерекқор қалыптастыру тәртібі  мен жергiлiктi мемлекеттiк органдар мен мемлекеттік, салалық бағдарламалар, аумақтарды дамыту бағдарламалары шеңберінде жобаларды іске асыруға жауапты  ұйымдар ұсынатын кадрларға қажеттілік туралы ақпаратты ұсыну тәртібін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – Бағдарлама операторы) бекітеді.

Орталық мемлекеттік органдар жыл  сайын, 15 ақпаннан кешіктірмей белгіленген  нысан бойынша Бағдарлама операторына  мемлекеттік және салалық бағдарламада көрсетілген жұмыс орындарын  құру жөніндегі жоспарларға сәйкес үшжылдық кезеңге жетекшілік ететін салалардағы болжамды қажеттілік және өңірлер бөлінісінде өткен жылы нақты құрылған жұмыс орындары туралы мәліметтерді жібереді.

Орталық мемлекеттік органдардың  кадрларға қажеттілік туралы ақпарат  беру тәртібі мен нысанын Бағдарлама операторы олармен келісу арқылы бекітеді.      

Бағдарламада көзделген iс-шараларды  қаржылай қамтамасыз ету мақсатында мәлiмделген қажеттiлiкке сәйкес және республикалық бюджеттiң қаржылай мүмкiндiктерiн ескере отырып, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әрқайсысы үшiн қаржыландыру лимитi айқындалады.

Лимит бойынша берiлген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз ету және Бағдарламада көзделген  нәтижелерге (нысаналы индикаторларға) қол жеткiзу үшін республикалық бюджеттiк  бағдарламалардың әкiмшiлерi мен жергiлiктi атқарушы органдар арасында мынадай  негiзгi параметрлер бойынша нәтижелер  туралы келiсiмдер жасалады: 
 жұмыссыздық деңгейі:

өз бетінше жұмыспен айналысатын  халықтың жалпы санында жұмыспен нәтижелі қамтылғандардың санын  ұлғайту;

халықтың құрылымында ең төмен  күнкөрiс деңгейiнен төмен деңгейде өмiр сүрiп жатқан еңбекке қабілетті  адамдар үлесін қысқарту;

мемлекеттік қолдау шараларымен, оның ішінде кәсіптік оқумен, кәсіпкерліктің негіздеріне оқытумен қамтылған  Бағдарламаға қатысушылардың, көшкендердің және жұмысқа орналастырылғандардың  саны;

тұрақты жұмыс орындарына, әлеуметтік жұмыс орындарына және жастар практикасына жұмысқа орналастырылған, оның ішінде кәсіптік оқудан өткен Бағдарламаға қатысушылар саны;

басқа да көрсеткiштер.

Бағдарламаның iске асырылуын басқаруды:

республика деңгейiнде:

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң  жанындағы Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын iске асыру жөнiндегi ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi – ВАК).

Бағдарлама операторы;

облыстық (астана, республикалық маңызы бар қала) деңгейде – Бағдарламаны iске асыру жөнiндегi өңiрлiк комиссия (бұдан әрi – өңiрлiк комиссиялар) және жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органдар;

аудандық (қалалық) деңгейде – Бағдарламаны iске асыру жөнiндегi аудандық (қалалық) комиссия (бұдан әрi – аудандық (қалалық) комиссиялар), жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдар және халықты жұмыспен қамту орталықтары;

селолар мен ауылдар деңгейiнде  – (селолар мен кенттердiң және селолық округтердiң әкiмдерi) осы  әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер әкiмдерiнiң  аппараттары жүзеге асыратын болады.

Тараптардың құқықтары мен міндеттерін  айқындайтын әлеуметтiк келiсiмшарттар Бағдарламаның орындалуын ұйымдастырудың аса маңызды құралдары болып  табылады.

Өңірлік, аудандық (қалалық) комиссиялардың үлгi ережелерiн, әлеуметтiк келiсiмшарттың, жұмыс берушілер мен білім  беру ұйымдарының әлеуметтік келісімшартқа қосылу туралы өтініштерінің (хабарламаларының) нысандарын Бағдарлама операторы бекітеді.

Бағдарламаға қатысушыларды жұмысқа  орналастыру мүмкіндіктерін кеңейту  мақсатында Бағдарлама операторы, жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті  органдар мен халықты жұмыспен қамту  орталықтары жеке жұмыспен қамту  агенттіктерімен мынадай бағыттар бойынша ынтымақтастықты жүзеге асырады:

бос жұмыс орындары мен Бағдарламаға қатысушылардың дерекқорына қолжетімділік  беру;

Бағдарламаға қатысуға үміткерлерге Бағдарлама шеңберінде ұсынылатын мемлекеттік  қолдау шаралары туралы консультация беру;

Бағдарламаға қатысушыларға жұмысқа  орналасуда жәрдемдесу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.3 Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының бағыттары

 

Бiрiншi бағыт:

оқыту және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу

 

Бiрiншi бағыт еңбек әлеуетін дамыту және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу арқылы халықтың жұмыспен тұрақты және нәтижелi қамтылуын қамтамасыз етуге  бағытталған.

Қазақстан Республикасының мынадай  азаматтары мен оралмандар осы бағыттың қатысушылары бола алады: ішінара жұмыспен қамтылғандар; жұмыссыздар; өз бетінше жұмыспен айналысушылар; табысы аз адамдар; ағымдағы күнтізбелік жылы жалпы білім беретін мектептердің 11-сыныбын бітіргендер; еңбекке қабілеттілігін сақтаған мүгедектер; жиырма үш жасқа дейінгі балалар үйінің тәрбиленушілері, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; белгіленген жасқа дейін зейнеткерлікке шыққан зейнеткерлер; ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстарда істейтін және мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды алушы болып табылатын адамдар. Бағдарламаға қатысудың басым мүмкiндiктерi ауылдық жердегi жастар мен әйелдерге берiледi.

Осы бағыт шеңберiнде Бағдарламаға қатысушыларға мемлекеттiк қолдаудың  мынадай түрлерi көрсетiледi:

кәсіптік оқу, жұмысқа орналасу мәселелерi бойынша консультациялар, сондай-ақ психологиялық бейiмдеу;

тегiн бiлiктiлiктi арттыру, кәсiптiк  даярлау және қайта даярлау курстарына (бұдан әрi – кәсiптiк оқыту) жіберу;

кәсіптік оқуға материалдық көмек беру;

лайықты бос жұмыс орындарын iздеу және жұмысқа, оның iшiнде әлеуметтiк  жұмыс орындарына және жастар практикасына орналасуға жәрдемдесу;

жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң  белсендi шараларына қатысатын жеке тұлғалардың жалақысын iшiнара субсидиялау;

жастар практикасына жiберiлген жеке тұлғаларға еңбекақы төлеу.  

Iске асыру тетiгi:

1) Бағдарламаға қатысуға үміткерлер  тұрақты тұратын жерiнiң аудан,  қала бойынша халықты жұмыспен  қамту орталықтарына Бағдарламаға  қатысуға өтiнiшпен жүгiнедi және  Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң  белсендi шараларына қатысатын  адамдарды оқытуды, олардың жұмысқа  орналасуына жәрдемдесудi және  оларға мемлекеттiк қолдау шараларын  көрсетудi ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасына сәйкес құжаттарды тапсырады;

2) Халықты жұмыспен қамту орталықтары  тапсырылған құжаттарды қарайды  және тапсырылған құжаттардың  Бағдарламаға қатысушыларға қойылатын талаптарға сәйкестігін салыстырып тексеру негізінде Бағдарламаға қатысушылардың құрамына қосу туралы (не бұдан бас тарту туралы) шешім қабылдайды;

3) Бағдарламаға қатысушыларға халықты  жұмыспен қамту орталықтары қолданыстағы  Дерекқордағы бос жұмыс орындарына  не жұмыс берушілердің өздері  немесе жеке жұмыспен қамту  агенттіктері арқылы мәлімдеген  жұмыс орындарына, жалақысын ішінара  субсидиялай отырып, әлеуметтік  жұмыс орындарына, сондай-ақ жастар  практикасынан өту үшін жұмыс  орындарына жұмысқа орналасуға  жәрдем көрсетеді;

4) Қажетті кәсіптік даярлығы  болмағандықтан, жұмысқа орналаса  алмай жүрген Бағдарламаға қатысушылар  Дерекқорға енгізілген кәсіптер (мамандықтар) бойынша кәсіптік  оқуға, сондай-ақ жұмыс берушілердің  өздері немесе жеке жұмыспен  қамту агенттіктері арқылы мәлімдеген  тиісті жұмыс орындарына жіберіледі;

5) Дерекқордағы бар жұмыс орындарына, жеке жұмыспен қамту агенттіктері  және жұмыс берушілер ұсынған  жұмыс орындарына кәсіптік оқудан  өтпестен жұмысқа орналасу жағдайларын  қоспағанда, Бағдарламаға қатысушы  мен халықты жұмыспен қамту  орталығы арасында әлеуметтiк  келiсiмшарт жасалады;

6) Кәсiптiк оқуды аяқтағаннан  кейiн Бағдарламаға қатысушыларға  алған мамандығы (кәсібі) бойынша  жұмысқа орналастыруға жәрдем  көрсетіледі;      7) Әлеуметтік келісімшарт талаптарының орындалуын Бағдарламаға қатысушылар тарапынан халықты жұмыспен қамту орталықтары, халықты жұмыспен қамту орталықтары тарапынан – ауданның (қаланың) жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органы бақылайды.

 

Екiншi бағыт: 
кәсiпкерлiктi дамытуға жәрдемдесу

 

Бағдарлама шеңберінде кәсіпкерлікті  дамытуға жәрдемдесу:

ішінара жұмыспен қамтылғандар; жұмыссыздар; өз бетінше жұмыспен айналысушылар; табысы аз адамдар; ағымдағы күнтізбелік  жылы жалпы білім беретін мектептердің 11-сыныбын бітіргендер; еңбекке қабілеттілігін сақтаған мүгедектер; жиырма үш жасқа  дейінгі балалар үйінің тәрбиленушілері, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; белгіленген  жасқа дейін зейнеткерлікке шыққан зейнеткерлер; ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстарда істейтін және мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды алушы болып табылатын, әкiмшiлiк бағыныстылығына қарамастан, ауылдық елдi мекендерде, шағын қалаларда, заңнамаға сәйкес қалалық елдi мекендерге жататын кенттерде жеке ісін ұйымдастыруды немесе кеңейтуді қалайтын және оған мүмкіндігі бар адамдар қатарындағы адамдардың жеке iсiн ұйымдастыру немесе кеңейтуі арқылы кәсiпкерлiктi ынталандыруға және экономикалық белсендiлiкті арттыруға бағытталған.

Екінші бағытты іске асыру үшін ауылдық тірек елді мекендер басым  елді мекендер болып табылады.

Жеке iсiн ұйымдастыруды немесе кеңейтудi қалайтын ауыл тұрғындарына, әйелдерге және мүгедектерге қатысудың  басым құқығы берiледi.

Осы бағыт шеңберiнде мемлекеттiк  қолдаудың мынадай түрлерi көрсетiлетiн  болады:

сервистік қызметтер, оның ішінде консультациялық (бухгалтерлік, заңдық, маркетингтік) қызметтер  көрсету, оқуға материалдық көмек  ұсына отырып, кәсіпкерлік негіздеріне  тегін оқыту, бизнес жоспарын дайындауға жәрдемдесу, 1 жылға дейінгі мерзімге жобаларды сүйемелдеу;  

микрокредиттер беру;

жетiспейтiн инженерлік-коммуникациялық  инфрақұрылым объектілерін дамыту және/немесе салу және/немесе инженерлік-коммуникациялық  инфрақұрылым үшін, оның ішінде жайылымдық мал шаруашылығын дамыту үшін ілеспе технологиялық жабдықтар сатып  алу.     

  

 

Үшiншi бағыт: 
еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру

 

Бұл бағыт Қазақстан Республикасы азаматтарының өз еркiмен көшуiне жәрдемдесу есебінен еңбек ресурстарының  ұтқырлығын арттыру шараларын көздейдi.

Бағдарламаның үшiншi бағытына ішінара  жұмыспен қамтылғандар; жұмыссыздар; өз бетінше жұмыспен айналысушылар, табысы аз адамдар; жиырма үш жасқа дейінгі  балалар үйінің тәрбиленушілері, жетім  балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; жастар, сондай-ақ оралмандардың  көшiп келу квотасына енгiзiлгеннен  және Қазақстан Республикасының  азаматтығын алғаннан кейiн этникалық  қазақтар қатарындағы жаңадан келген көшiп келушiлер (бұдан әрi – этникалық  қазақтар қатарындағы көшiп келушiлер) арасынан Қазақстан Республикасының  азаматтары қатысады.

Бағдарламаның үшiншi бағытына қатысудың  басым құқығын ауыл жастары иеленетiн  болады.

Көшкеннен кейін отбасы мүшелері бірінің  жұмыспен нәтижелі қамтылуы, коммуналдық  қызметтерді, жалдау ақысын төлеу және отбасының берілген тұрғын үйде тұру мүмкіндігі Бағдарламаға қатысудың  міндетті шарты болып табылады.

Бағдарламаға қатысушылардың әлеуметтiк-экономикалық даму әлеуетi төмен елді мекендерден  әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті  жоғары елдi мекендерге және экономикалық өсу орталықтарына көшуі:

бiр ауданның iшiнде;     

  бiр облыс шегiндегi бiр ауданнан (облыстық маңызы бар қаладан) басқа ауданға (облыстық маңызы бар қалаға);

бір облыстан басқасына жүзеге асырылады.      

Бағдарламаға қатысушыларды мемлекеттiк  қолдау:

көшуге субсидия берудi;     

  жаңа тұрғылықты жерiнде кәсiптiк даярлау, қайта даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру курстарында оқытуды, сондай-ақ жұмысқа орналасуына жәрдемдесудi;

қызметтік тұрғын үй беруді;

жастарға арналған жатақханалардан  бөлме беруді;

          психологиялық  бейімдеуді қамтиды.     

 

Төртiншi бағыт:

ауылдық елдi мекендердi дамыту     

  

Бұл бағыт әлеуметтiк-экономикалық даму әлеуетi орташа немесе жоғары ауылдық  елдi мекендерде және шағын қалаларда  инфрақұрылымдық жобаларды iске  асыру арқылы халықты жұмыспен қамтуды  қамтамасыз етуге бағытталған.

Өз бетiнше жұмыспен айналысатын, жұмыссыз, халықтың нысаналы топтары  қатарындағы Қазақстан Республикасының  азаматтары мен оралмандар осы бағыттың қатысушылары болып табылады.

Қажеттi кәсiптiк бiлiктiлiгi бар Бағдарламаға қатысушыларға инфрақұрылымдық  жобаларды iске асыру кезiнде құрылатын  жұмыс орындарына жұмысқа орналасуға жәрдем көрсетiледi. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.4 Бағдарламаны iске асыру кезеңдерi    

  

Бағдарламаны iске асыру екi кезеңде  жүзеге асырылады: бiрiншi кезең – 2011 жыл пилоттық жыл болады, екiншi кезең  – 2012 – 2015 жылдар –Бағдарламаны енгiзу кезеңi, 2016 – 2020 жылдар Бағдарламаны толық  ауқымда iске асыру кезеңi.

Бiрiншi кезеңде (2011 жылдың 2-жартыжылдығы) Бағдарламаның бiрiншi және екiншi бағыттары  барлық өңiрлерде пилоттық режимде  енгiзiлетiн болады. Үшiншi бағыт (экономикалық өсу орталықтарына және әлеуметтiк-экономикалық даму әлеуетi жоғары елдi мекендерге көшу) жергiлiктi атқарушы органдардан келген ұсыныстарға сәйкес жүзеге асырылатын болады.

Тиiстi нормативтiк құқықтық база жасалады, Бағдарламаға қатысушыларды экономикалық өсу орталықтарына және әлеуметтiк-экономикалық даму әлеуетi жоғары елдi мекендерге көшiру тетiгi пысықталады, Бағдарламаға қатысушыларды  ҮИИДМБ жобаларын iске асыруға тарту  бойынша шаралар қабылданатын болады.

Сонымен қатар Бағдарламаны iске  асырудың екiншi кезеңiне дайындалу  үшiн облыстық және аудандық маңызы бар жергiлiктi атқарушы органдар:

Бағдарлама шеңберiнде iске асырылатын жобалардың тiзбесiн, қатысушылардың санаттарын, олардың белсендiлiгiн арттыру  шаралары мен тәсiлдерiн (Бағдарлама операторымен келiсiм бойынша) айқындайды;

қызметтiк тұрғын үй құрылысына және (немесе) оны сатып алуға жергiлiктi бюджет қаражатынан қоса қаржыландыру үлесiн ескере отырып, Бағдарламаны iске асыруға бюджеттiк өтiнiм  ұсынады.

Жумыспен камту 2020