Арт терапияның түрлері
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ.......................
1 БӨЛІМ. ПСИХОТЕРАПИЯДАҒЫ
АРТ-ТЕРАПИЯҒА ТЕОРИЯЛЫҚ ТАЛДАУ
1.1 Арт-терапияның шығу
тарихы, негіздері.....................
1.2 Арт-терапияны әр түрлі
бағыттар бойынша қарастыру ...
1.3 Арт-терапиядағы диагностика...
1.4 Тұлғааралық конфликт
және оның шешу жолдары .......
2 БӨЛІМ. ЭКСПЕРИМЕНТТІК
ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ................
2.1 Зерттеудің мақсаты,
болжамы мен міндеттері........
2.2 Зерттелінетін әдістемелердің
сипаттамасы мен қолдану аясы..
2.3 Арт-терапиялық тренинг сабақтары және оларды жүргізу жолдары.............35
2.4 Эксперименттік зерттеу
барысы........................
2.5 Зертеу мәліметтерінің
математикалық-статистикалық
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.............
ҚОСЫМША
КІРІСПЕ
Казіргі уақытта психотерапияның маңызды салаларының бірі ол арт-терапия болып саналады. Арт-терапия даму үстіндегі психотерапияның әдістердің жаңа түрі болып есептеледі. Қазір Қазақстанда арт-терапия өзінің қалыптасу кезеңінде. Бұл сала Қазақстанда әлі де болса толығымен зерттелмеген деп айтуға толық негіз бар, себебі осы салада елімізде ғылыми жұмысты айтпағанның өзінде бітіру жұмысыда жоқ екендігі дәлел. Сонымен қатар арт-терапия түсінігі біздің елімізде әлі толығымен қалыптаспаған.
Арт-терапиямен айналысу үлкен профессионалды дайындықты, психотерапия аймағында іргелі білімді талап ететін қиын іс-әрекет болып есептеледі. Қазіргі кезде мұндай мамандар жоқтың қасы. Осыған қарамастан арт-терапияны қолдануға деген қызығушылық өте жоғары.
Арт-терапия жөніндегі білімді елімізде дәл қазіргі күнде тек қана психологтарға ғана емес, сонымен қатар педагогтарға, әлеуметтік жұмыскерлерге, қарт адамдар, жасөспірімдер психикалық ауру адамдарға тағы басқа көптеген жерлерде қолдану маңызды және қажет екендігі дәлелденуде.
Алғашқыда арт-терапия түсінігі
енгізілген кезде оны тек сырқат
ауру немесе демалыс үйіндегі емделушілерге
ғана қолданған болса, кейін келе
оның қолданыс шеңбері кеңейді. Бұл
дегеніміз арт-терапия адамның
шығармашылық жағдайын дамытып қана
қоймай, адамның бойындағы
Жұмыстың мақсаты: Арт-терапия жаттығуларының студенттер топтарындағы (қазақ, орыс) агрессия және мазасыздану көрсеткіштерін төмендету тәсілі ретіндегі маңызын зерттеу.
Зерттеу пәні: Студент топтарында арт-терапиялық тренинг жаттығуларын өткізу жағдайлары.
Жұмыстың өзектілігі:Қазіргі таңда психотерапияның маңызды салаларының бірі ол арт-терапия. Алғашқыда арт-терапияны тек ауру немесе сырқат адамдарға жүргізген болса казіргі кезде оның қолданыс аясы кеңеюде, яғни бұл терапия адамның щығармашылық жағдайын дамытып қана қоймай, адамның бойындағы ресурстарының мүмкіндігін түсініп ашуғада жағдай жасайды.
Оған қоса арт-терапияны
қолдану арқылы белгілі-бір ұлтқа
тән ерекшеліктердің
Тәжірбиелік маңыздылығы:Зерттеуден алынған мәліметтер арт-терапияны қолданғанда болатын конфликтілі жағдайды болдырмау мақсатында, арнайы тренингтер және дамыту жаттығуларын құрастыруда қолдану.
Болжамы:Студент топтарында арт-терапиялық тренинг жаттығуларын ұйымдастыру арқылы тұлға аралық конфликтілік көрсеткіштерін төмендетуге болады.
Зерттеу міндеттері:
- Психотерапиядағы арт-терапия туралы теориялық мәліметтерді талдау
- Әдістемелермен таңдауларды жүргізу.
- Әдістемелерді эксперименттік топтарға және бақылау тобына өткізу.
- Зерттеу нәтижелері бойынша салыстырмалы талдау жасау.
- Салыстырмалы талдау негізінде қорытынды жасау.
- Қорытынды негізінде зерттеу болжамын дәлелдеу.
Кілттік сөздер: арт-терапия, психотерапия, психотерапевт, З.Фрейд, К.Юнг, психоанализ бағыты, гуманистік бағыт, Роджерс, конфликт, инцидент
1 БӨЛІМ. ПСИХОТЕРАПИЯДАҒЫ АРТ-ТЕРАПИЯҒА ТЕОРИЯЛЫҚ ТАЛДАУ
1.1 Арт-терапияның шығу тарихы, негіздері
Арт-терапия сөзін қазақшаға тікелей аударғанда «өнермен емдеу» деген мағананы білдіреді. Оны ғылымға, жалпы қолданысқа ең алғаш енгізген Адриан Хилл болды.
Арт-терапияны жүргізу барысында мүшелер саны 15-20 адамнан аспау керек. Одан көп болған жағдайда, қатысушыларға да, сонымен қатар, сол жұмысты жүргізушіге яғни психотерапевке де оңайға соқпайды. Топтың мүшелерінің көп болуы, жұмыс аяқталғасын жасалған жұмыстарға талдау, қорытынды шығару да қиынға соғады.[1, с.217-219].
Арт-терапияны жеке-дара шығармашылық жұмыс жасау үшін бөлме кең және ешқандай кедергілері жоқ, әрі жарық болуы қажет. Топ мүшелері өтіп жатқан арт-терапия жайлы білуіне құқы бар. Жұмыс жасау үшін әр түрлі құралдар қолданады: атап айтсақ, мысалы, соус, түрлі түсті қарандаштар, әр түрлі мөлшердегі щеткалар, губка, суы бар құты, политра, түрлі-түсті қағаздар, қоржын, желім, скотч, қайшы, жіп болмаса арқан және т.б. Кейбір сабақтарда маталар, батпақ, ермексаз, қамыр, ағаш, үлкен композиция жасау үшін табиғи жане басқада химиялық заттарды да пайдалануға болады.
Ал театрленген көрініс үшін грим, свеча, костюмдер, музыкалық аспаптар қажет болуы мүмкін. Ереже бойынша сабақтың тақырыбын психолог (арт-терапия жүргізуші) таңдайды. Дегенмен де оны топпен ақылдаса, кеңесе отырып, талдап, талқылап, таңдап алуға болады. [2, с.33-35].
Арт-терапияның тақырыбын таңдауға және топтастыруға болады. Осы жағдайды ескере отырып, осы салада педагогикалық практикада еңбек сіңірген М.Либманның классификациясы баршаға және бізге танымал:
- көркемсурет материалдарын игеруге болады;
- топ мүшелерін толқытып, күйзелтіп жүрген мәселе бойынша зерттеу жүргізу;
- «мен» бейнесі, қарым-қатынас жүйесін зерттеуге байланысты;
- жанұя мүшелерімен топ мүшелері жұптасып жұмыс жасай алуы;
- топ мүшелеріне арналған көркемсуреттік іс-әрекет;
Сонымен қатар кейбір арт-терапиялық
жаттығулар (күн мен түн) топ арасындағы
үйлесімді қарым-қатынасқа, әлеуметтік
алшақтауды реттейді және жеке адамның
топпен қарым-қатынасын реттейді. Басқа
да көптеген көмек береді. Топ мүшелерінің
бірігіп жақсы тақырып таңдауы
маңызды сәттердің бірі болып
табылады. Таңдап алынған тақырып
егер топ мүшелерінің біреуіне ұнамаған
жағдайда қайта талдауды қажет етеді.
Талданып қайта түсініп алынған
оған қоса топ мүшелері келіссе,ол тақырып
сол күйінше,ұнамаса қайта
Алғашқы кезде арт-терапияны ауруханалармен жүйке жүйесіндегі бұзылулары бар ауру емдеушілерді емдейтін эмоциялық бұзылулардың көрінісі бар адамдарға ғана қолданған. Қазіргі кезде арт-терапияның қолданыс аясы едәуір кеңейді және ол өзінің алғашқы психоаналитикалық негізінен алыстауда. Негізінен арт-терапияны қолданғанда ең бастысы жұмыс барысында талантын көрсету емес, спонтанды пайда болған қобалжуларын, қиындықтарын, бұрынғыдан қалғанелестерін суреттеу арқылы жеткізу.
Сонымен қоса, психотерапевтің
шығармашылық жұмыс кезінде топ
мүшелеріне көмек беруді және қажет
жағдайда қолдау да көрсетуі керек. Мұндай
топтармен жұмыс жасаушы
1.2 Арт-терапияны әр түрлі бағыттар бойынша қарастыру
Жүздеген жылдар бойы өнер
адамдар үшін ләззат алу көзі болып
келді, ал өнердің көмегімен емдеу
салыстырмалы түрде жаңа феномен. Арт-терапия
термині (art-terapy тікелей қазақша баламасы
«өнермен емдеу» деген мағананы білдіреді)
қолданысқа 1938 жылы жоғарыда айтылған
Адриан Хилл туберкулезбен ауырған
санаториядағылар мен жұмысында
алғаш айтқан. Көп кешікпей бұл
сөз тіркесі ауруханалармен психикалық
денсаулық орталықтарында жүргізілген
өнерге қатысты қызметтің барлық
түріне қолдана бастады. Бірақ көбнесе
бұл анықтаманы өте кең мағынада
әрі нақты емес деп санайды. Өнерді
сапалы терапиялық мақсаттарда қолданудағы
құндылығы, символикалық деңгейде әр түрлі
сезімдермен тәжірибе жүргізу арқылы
оларға көрініс беру және зерттеу
болып табылады. Сиволдарды іске асыруын
алғашқы қауымдық адамдардың үңгірдегі
суреттерінен дейінгі және кейінгілерден
байқауымызға болады. Біздің ертедегі
ата-бабаларымыз сиволикалық
Көптеген мамандар арт-терапияда
өздерінің практикаларында
Терапевтке өзінің есіне
түсірген құбылыстар мен оқиғаларды
айта бастағанда оның дипрессиясы төменгі
деңгейде болған. Басқа жағдайларда
кенет схематикалық сурет немесе
эскиздерді салған кезде оны қобалжытып
жүрген түсі немесе қиялы болуы мүмкін.
Еркін ассоцияция қобалжуды көрсетеді.
Саналы деңгейде адам өзінің суреті қандай
мағынада берілетініне қарамастан эмоциялық
босаңсуды сезеді. Алайда, мұндай құбылыстар
топтағы мүшелерге терапевт көмектеседі.
Символикалықтан нақтыға, бейсаналыдан
саналыға өткен қобалжулардың қайталануы
тұлғаның дамуына кедергі жасайды.
Топтық арт-терапияда үнемі қолданатын
бірігіп сурет салу болады. Әрбір
қатысушы, ортақ қағазға сурет
салады, әлбетте сол мезетте ойына
келгенін, қатысушылар салынған суретті
талқылайды. Арт-терапияда психодинамикалык
бағыттардың бір түрі Дж.Вассуллусомның
«топтық бейнелердің
Терапевтердің көбісі З.Фрейдпен К.Юнгтің принциптеріне сүйенбейді, көпшілігі гуманистік бағытты қолдайды. Оның негізіне қатысушылардың белсенділігін көрсетеді. Арт-терапия мидың оң жақ бөлігі жақсы дамуына ықпал етеді. Интуициямен, ориентацияға бағытталған Джейни Райн арт-терапиядағы гуманистік бағыттың негіздеушісі болады. Оның шарты бойынша гештальт теорияға сүйенеді, бұл теорияның концепциясы бойынша фигура мен фонға көңіл бөлуіміз керек. Біздің көріп қабылдауымыз біз не ойлаймыз және сеземіз соған байланысты. Осындай кезде адам кім екенін, кім бола алатынын түсінеді. Д.Райн өзінің клиенттеріне өз қабылдауына сенулеріне кеңес береді. Райн өз тобына әр түрлі материалдар береді, құм, бояу, бор. Гештальт-терапияның үрдісі кезінде ең алдымен, жетекші қатысушыларға суретті жабыстыру арқылы, өзіндік идентиорикациямен басталады. Тапсырманы қарапайым түрде береді, қорқыныш сезімін тудырмауы үшін, саналы және күтпеген сәтте, өзінің ішкі сезімін білдірулері үшін. Бастапқы кезеңдерде терапияльщ үрдісте әркім өз бетінше жұмыс істейді. Олардың жұмысы жеке мінезді көрсетеді, жетекші топқа бағыт бере алады. Мысалы, пластилинмен өзін қалай қабылдайтын бір фигураны жабыстыру және қандай да фигураны ұнататын өзінің қиялынан махаббат, сұлулық, еркіндік жайында бейнелеп бпстайды. Осыны орындағаннан кейін ішкі сезімдерін айтады. Сезімін айтқан кезде эмоцияның жоғарғы бөлігі ғана көрінуі, кейінірек басқа стадияда топ мүшелері жұпқа бөлінеді де сурет салады, біреулері келісіп салуы мүмкін, енді біреулері ойларымен бөлісуі де мүмкін. Альтернативті стратегия пластилмен фигураны біріктіру болады. Қарым-қатынасты анықтау үшін топ мүшелеріне көздерін жұмып және бір адам эмоциялық байланысты елестету керек, ал оны мүлдем агрессияны шығару үшін жойып тастауы да мүмкін. Жұмыс аяқталғаннан кейін жетекші топ мүшелерінен осы жұмысқа қаншалықты күш жұысағанын айтады. Басқа да тапсырмалар бар топтың қарым-қатынасын көрсететін және жабық шиеленісті байқау үшін Райнның ұсынатын жұмысына жұпка бөлініл, бір-бірінің суретін салу, сол тұлға жайлы мінездеме беру. Қатысушы өзінің автопортретін салыстыра алады. Мысалы, әйел өзін әдемі деп ойласа, басқа біреу оның суретінде ернінің формасын үлкен етіп салады, оның көп артық сөйлемейтінін білдіруі болып табылады. Осындай құбылыс Джейм Денидің жұмыс істеп жүрген тобында болған өзінің суретін әдемі салған кезде, басқалар оны керісінше бейнеленген. Арт-терапияның гуманистік бағыты топта тұлғаны дамыту, интенсивті жеке түрде өту керек. Оның мақсаты саналы денгейге жетуді терапевт өзі құрады. Клиент өзін-өзі тану ушін өзекті мәселені де көру керек. Топтың ұйымдасуын ортада қатысушының өзін жаңадан бағалауы, ішкі қобалжуларын, бұрын байқалмаған сәттерде визуалды бейнеде көрінген кезде, шығармашылық интениция көріне бастайды. Арт-терапия өзінің бастауын негізін психоаналитикалық көзқарастардан алады.Осы көзқарастар бойынша соңғы өнім,көркемдік емделушінің іс-әрекеті ол сурет,картинка болмаса мүсін,ол бейсаналы психикалық процестердің көрінуі болып саналады. ХХ ғасырдың 20-ы жылдары осы салада көп зерттеулер жүргізген Принцхорн (Prinzhorn 1922) өзінің ауруларды емдеудегі шығармашылығын және психикалық, классикалық зеттеулеріне мынадай қортындыға келеді: өнер ауру адамдардың көпнесе олардың интенсивті ішкі шиеліністеріне әсер етеді.
АҚШ-та өнерді терапиялық мақсттарда алғаш қолданғандардың бірі Маргарет Наумбург болды. Бұл саладағы еңбек етуін ол Нью-Иорк штатындағы психотерапиялық институтында мінез-құлқында мәселесі бар балалармен жұмыс жасау арқылы бастаған. Кейіннен Маргарет Наумбург Нью-Иорк штатында арт-терапия саласында мамандар дайындау үшін психоаналитикалық бағдарламаларды жасайды. Маргарет Наумбург жұмыстары психоанализ бағытының психологиядағы негізін салушы З.Фрейдің көзқарастарына негізделген: ондағы алғашқы ойлармен қобалжулар, сандан тыс вербалды емес түрде пайда болады,бейне мен символдар формасында көрініс береді. Арт-терапия терапевпен емделушінің арасындағы символикалық деңгейдегі қарым-қатынастың тәсілі ретінде қолданылады. Көркемдік шығармалардың бейнелерінің барлық түрі бейсаналық процестер қорқыныш,ішкі шиеленістер,балалық шақтағы елестер, естеліктер, түс көру және т.б. көріністер, психотерапевтермен З.Фрейдтің бағдарлар талданады.Ал З.Фрейдтің өзі болса өз емдеу жұмыстарында арт-терапияны қолданбайды, оған болса да, ол өзіні жоғарғы баға беретіндігі қалады. [22, с.178-180].
Көру бейнелері көп
бөлікте біз түс көру арқылы қобалжыймыз.
Түс көруде сезіммен немесе қобалжулар
қатысады, одан ойлар –сонымен бірге,түс
көру-ең басты орында көру бейнелері.
Бақытымызға орай түс көруді суреттегенде
қиындықтармен мынадай
Арт-терапия әдістемесін негізе ала отырып сендіру, адамның ішкі «мен»-і көру бейнелерінде, әр кезде сол сурет салғанда және мүсін соққанда өз еңбектерінде ойланбастан, яғни ол спонтанды пайда болады. Бірақ З.Фрейд кейіннен мойындағандай, бейсаналылық символдық бейнелерде көрінеді, ол өзі практикада көркемдік шығармада өзінің емдеушілерін оған қызығушылығын тудырмаған. Бірақ психологиядағы аналитикалық теорияның негізін қалаушы К.Юнг болса өзінің емдеушілеріне өзінің түстерін, армандарын және қиялдарын сурет арқылы бейнелеулерін талап еткен. К.Юнгтің идеялары персональды және әмбебаптық символдардың бар болуы және қиялдың күшін терапиялық мақсаттарға қолдану мүмкіндігі бар, қазіргі кезде арт-терапиямен айналысатындарға тереңінен әсер етті. [24, с.98].
Арт-терапиямен айналысатын
мамандар тек қана психологтармен және
психиатрларға қойылған диагнозды
нақтылауға немесе емдеу тәсілін
таңдап алуға балалармен немесе стационарлардағы
емделіп жатқан үлкендермен жасалған
жұмыстардың талдауларына сүйене отырып,көмектескен.Кейінгі
мазмұнынан көрінетіндей шығармадағы
материалды осылай қолдану проективті
тестерде қолданудан айырмашылығы, мысалы,
Роршах тесті болмаса, тақырыптық апперцепциялық
тесті жүргізгенде тест тапсырушы
адам ерікті формада немесе суреттегі
дақтар жауап қайтаруы керек. Казіргі
кезде арт-терапия мамандары
Осы арт-терапияның дамуындағы
жаңа кезең ХХ ғасырдың 60-шы жылдарының
аяғы мен 70-шы жылдардың басынан
басталады. Әсіресе осы жылдардың
бас кезінде арт-терапиялық топтардың
жұмысының мынадай формасы, топтық
интереактивті арт-терапияның бастауы
қалана бастады. Мұндай топтық арт-терапияның
жұмысының формасы пайда
- әлеуметтік-саяси,
- клиенттердің психотерапиялық
тілектерінің және
- топтық психотерапияның
практикада және теориялық тез
дамуы және арттерапиялық іс-
- арт-терапиялық топ
ХХ ғасырдың екінші жартысында
алдынғы кезеңдермен
Арт-терапияны қолдану арқылы қол жеткізуге болатын мақсаттар
Агрессияға болмаса басқада
негативті сезімдерге әлеуметтік шығар
жолды табуға мүмкіндік береді. Суреттермен,
мүсіндермен жұмыс жасау
Емдеу процесін жеңілдету. Түсініксіз ішкі шиеленістер және қобалжулар көбінесе көру бейнелерінің көмегімен вербалды психотерапия кезінде сөзбен айтқанға қарағанда көрсету оңай. Вербалды емес қарым-қатынас санадан тез шығады.
Интерпритацияға және диагностикалық қорытындыларға материалдар алуға болады. Көркем шығарманың өнімі ұзақ уақыттылық, емделуші оның бар екенін жоққа шығаруы. Терапевтке емделушінің көркем жұмыстың стилі және мазмұны емделуші туралы ақпарат береді, сол арқылы терапевт өзінің еңбектеріне интерпритация жасауға болады және жақсы көмектеседі .
Емделушінің басым болуына
дағдыланып кеткен ойлары мен сезімдерімен
жұмыс жасау. Кей кездері вербалды
емес амал, бірден-бір күшті
Терапевт пен
Ішкі қадағалау сезімін жоғарылату. Суреттермен картиналардан жұмыс болмаса мүсін соғу жұмыстарында түстерді және формаларды тәртіпке салу қарастырылмайды.
Зейінді қабылдауға және сезімдерді шоғырландыру. Таңдамалы өнермен жұмыстар бай мүмкіндік тәжірибе жасауға кинестетикалық және көру түйсіктеріне, қабылдау қабілеттіліктерінің дамуына жағдай жасайды.
Көркемдік қабілеттерді дамыту және өзін-өзі бағалауын жоғарылату. Арт-терапияның соңғы өнімі қанағаттану рахат алу сезімі, ол жасырын таланттың көрінуінің және олардың дамуының нәтежесі.
Жоғарыда аталған әсерлерден
басқа көркем өнерді психокоррекционды
топпен жұмыста қолданудың қосымша
нәтежесі, қиялға түрткі және дау-дамайға
топ мүшелерінің қарым-
1.3 Арт-терапиядағы диагностика
1.Дайындық кезеңі яғни,
шығармашылық жұмысқа дайындық.
Бұл кезеңнің міндеті - топ
мүшелерінің спонтандық
2.Жеке дара бейнелеу
жұмысымен шұғылдану. Бұл
3.Вербалды және вербалды
емес қарым-қатынасты жақсарту. Бұл
кезеңнің міндеті топ ішіндегі
қарым--қатынасты жақсартуға
4.Кішкентай топтар арасындағы топтық жұмыс. Топ мүшелері кішкентай қойылымдарды қоюына болады
5.Рефлексиялық талдау. Бұл
қортынды кезең болып саналады.
Яғни, өздерін және басқа да
топ мүшелерін жақыннан
Жеке сурет салу
Жеке сурет салу барсында
ескерілетін жағдайларға
Топ мүшелерінің шығармашылығының бастауы сонымен қатар оларға өздерінің эмоцияларын түсінуге және бір-бірімен танысуға көмектеседі.
Қажетті уақыт. 1сағат.
Қажетті құралдар. Қағаз,түрлі-түсті қаламдар және борлар, бояулар. Сонымен қатар мүсін соғуға қажетті саз балшықтар.
Дайындық. Қажет етпейді.
Процедура. Топ мүшелері
қағаз, түрлі-түсті қаламдардан
2 минуттай уақыт ойларын жинақтауға, сезімдеріне құлақ асуына беріледі. Оларға алдағы жұмыстың шығармашылық жағын ойлаудың қажеті жоқ.Топ мүшелері жәй қалам алып сурет салуды бастайды.
Өзінің сезімдерін білдіру үшін сызықтарды, фигураларды түрлі-түстермен салуғада болады. Бұл жерде сурет салушыға берілетін тапсырма символдық түрде өзінің сезімдерін, ол сол кезде өзін қалай сезінсе, жоғарыда болмаса төменде екендігін айқын бейнелеу. Топ мүшелеріне белгілі-бір нәрсені бейнелеуге күштеудің қажеті жоқ, сол уақытта басына не келсе, соны бейнелеуге тырысуы қажет. Топ сурет салып аяқтаған соң, басқалардың жұмыстарынан алған әсерлер туралы пікір алысады, бірақ оларға баға беруге тырыспауы керек. Өздері бейнелеген суретте, өздерінің сезімдері қалай көрініс тапқандығы жөнінде айтуларына болады. [40, с.75].
Әр түрлілік
үшін, бұл жерде тек ғана түрлі-
Жұптасып сурет салу
Жеке сурет салудан жұптасып сурет салудың өз ерекшелігі де бар. Осыған мән берсек.
Мақсаты. Бұл тапсырма жеке тұлғалардың арасындағы шиеленісті зерттеуге жақсы көмектеседі.
Қажетті уақыт. 0,5-1 сағат.
Қажетті құралдар. Қағаздар, түрлі-түсті қаламдар және борлар.
Дайындық. Әдейі ұйымдастырылған дайындықты қажет етпейді.
Процедура. Әрбір топ мүшесі өзіне жұп таңдайды. Ескертетін жайт, ол өзіне жұп ретінде, кіммен қарым-қатынасы анықталмаған, өзі жақсырақ танысқысы келетін адамды алады. Екеуінің арасына үлкен қағаз жазады, әрқайсысы өзіне қажетті көптеген түрлі-түсті борларды алады. Олар қағазды бірлескен шығармашылығының кеңістігі ретінде қабылдап, жұмысты серіктер бір-бірінің көзіне тіке қараудан бастауы керек. Осыдан соң, үлкен қағазға өздерінің үнсіз спонтандық сурет салуда сезімдерін бейнелеуге кіріседі. Олар қарым-қатынасқа тек фигура және сызықтар, түрлі –түстер арқылы ғана түседі. Сурет салуды аяқтаған соң, жұптар өздерінде болған әсерлер туралы пікір алмасады. Олар жұптарының суретіне қарағанда, өздерінде болған эмоцияналды реакциялар туралы, екеуінің суретіндегі сәйкестіктерге, мінез-құлық ерекшеліктеріне, авто демонстрация етіп отырған топтағы әр серік өзінің серігі туралы жаңа бірнәрсе білуге ұмтылуы қажет.[41, с.122].
Топтық сурет салу
Топтық сурет салудың өзіне тән ерекшеліктерін ескерсек, онда жұмыстың сапалы өңдеуіне өз ықпалын тигізеді.
Мақсаты.Бұл тапсырма топ мүшелерінің шығармашылық жұмысқа әркім өз үлесін енгізуге болады. Бұл топтағы рөлдік қарым-қатынасты және қатысушылардың индивидуалді тәжірбиесіне басқалардың әсерін айқындау үшін күшті тәсіл болып табылады.
Қажетті уақыт. 1сағат.
Қажетті құралдар. Қағаздар, түрлі-түсті қаламдар және борлар.
Дайындық. Басқарушы топтық арт-терапия динамикасы туралы кішкене болсада елесі болуы керек. Барлығы дөңгеленіп отырып, әр адам не қажет деп тапса соны бейнелеуді бастайды. Басқарушының сигналына кейін, барлығы өздері бастаған суреттерін сол жақтағы көршісіне береді де, оң жақтағы көршісінің бастаған суретін алады. Осыдан кейін, әркім алған суреттерін өз суреттері сияқты ары қарай жалғастырады, оған өздері қалаған өзгертулермен, толықтырулар енгізе алады. Келесі сигнал берілгенде, тағы сол секілді, сол жаққа суретті береді де, оң жақтан алған суретті жалғастырады. Әр топ мүшесі өзі бастаған суретті алмайынша осылай жалғаса береді. Қатысушыларға өздері бастаған суреттердің қалай жалғастырылғанын қарағанда өздерінде пайда болған сезімдерді ұғынуға ұмтылулары керек. Әр топ мүшесі суретті сол күйінше қалдырады ма жоқ, әлде өзгертулер енгізеді ме, оны өзі біледі. Топ мүшелері өздері жасаған жұмыстарынан алған әсерлерді талқылайды. Бірлескен сурет салуда, қарама-қарсы нұсқасы ол қатысушылар ортақ бір композицияға өздерінің үлестерін қосады. Сонымен қатар, әрбір қатысушы өздерінің көңіл күйлері туралы топпен бірге ортаға салады. Әрбір қатысушының топтық тәжірбиеден алынған жұмысқа өзінің жеке қатынасын білдіру арқылы жұмысты аяқтаймыз. [44, с.125].

- Архетип матері у циклі оповідань Jerome Salinger «Nine Stories»
- Архивное дело в конце XIX - начале XX века
- Архивоведение как система документационного накопления
- Архитектура автоматизированной системы управления технологическим процессом- АСУ ТП
- Архитектура основные направления и теория развития
- Архитектурная часть
- Асимметрия доходов
- АРМ отдела кадров
- Ароматизацiя облiку витрат
- Арт-менеджмент в сфере исполнительского искусства
- Арттерапевтические занятия в коррекционно-развивающей работе с детьми с синдромом Дауна
- Арт-терапия
- Арт-терапия как средство развития межличностных отношений подростков
- АРТ - терапия как средство развития творческих способностей младшего школьника