Азаматтық құқықтық реттеудің пәні және әдістемесі

 

 

 

                                                Кіріспе

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасының бір түтас құқық жүйесі бірнеше салаға бөлінетіндігі бәлімізге мәлім. Сол  салалардың бірі болып табылатын –азаматтық құқық. Азаматтық құқық сала ретінде қалыптасып келе жатқан нарықтық экономиканың бірде-бір негізі десекте болат. Өйткені бұл саланың реттелетін құқық қатынастарының шеңбері кең. Азаматтық құқығымен реттелінетін қатынастардың түсінігі беру үшін құқық теориясында қолданылып жүрген ережелерге сүйенуміз қажет. Яғни айтқанда, реттеу пәні мен реттеу тәсілдері. Осы жоғарыда көрсетілген екі категорияның, негізінде азаматтық құқығына сала ретінде тек анықтама ғана емес, оның басқа құқық салаларынан ерекшелігін де көрсетуге болады. Азаматтық кодекстің 1-ші бабында 1-ші тармағында көрсетілгендей, азаматтық заңдармен тауар-акты қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік жеке қатынастар реттеледі. Сонымен қатар мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастарға азаматтық заңдармен реттеледі, өйткені олар заң құжаттарында өзгеше көзделмеген, не мүліктік емес жеке қатынастар мәнінен туындамайды. Жоғарыда көріп отырғанымыздай, азаматтық құқығымен реттелінетін қоғамдық қатынастардың негізгісі болып табылатыны-мүліктік қатынастар. Сондықтан да айтып кеткен жөн болар, кез келген мүліктік қатынастар емес, қоғамның негізін қалайтын тауар-ақша қатынастары, яғни азаматтық субъектілерінің кез келгенінің қатысумен және әр түрлі көріністерде ( мүлік беру, жұмыс, қызмет) байқалатын мүліктік қатынастар.

        Сонау  рим құқығы заманынан бері  қоғамдық қатынастарды реттейтін  заң нормалары шартты түрде  жария және жеке нормаларға  бөлінген. Сондықтан құқықтық нормалардың  бүкіл жиынтығын жария және  құқыққа бөледі. Мұндай бөлу кқптеген  мемлекеттерде қазірге дейін  сақталған.

        Жария  құқық мемлекеттік немесе қоғамдық  мүдделерді қозғайтын қатынастарды  реттейді. Қатынастарды бұйрық беру  және тыйым салу жолымен реттеу, сондай-ақ басқару, құқық қорғау  немесе өзге де билік органдары  арқылы мемлекеттің жеке істеріне  араласу мүмкіндігі осы құқыққа  тән болады.

      Жеке құқық, керісінше оқшауланған жеке мүдделерді  қозғайтын қатынастарды қамтиды, оларды қорғау қажеттілігі мен  мүмкіндіктерін мемлекеттің қатысуынсыз  олардың иелері айқындалады.

      Қазақстан  Республикасының азаматтық құқығы  толық дәрежеде жеке құқықтың  негізгі принциптеріне сүйінеді, дегенмен оның елдің қоғамдық  және әлеуметтік жай-күйін тарихи  тәжірбиесі мен ұлттық дәстүрлерін  бейнелейтін өзіңдік ерекшеліктері  бар.

      Қазақстан  Республикасының қолданыстағы құқықтық  жүйесінде (барлық заң нормалардың  жиынтығында) азаматтық құқық- құқық  салалары деп аталатын негізгі  жетекші буындардың бірі болып  табылады. Басқа да салалар секілді, азаматтық құқық Қазақстан Республикасының  Конституциясына сүйенеді, өйткені  оның 1-бабы адам және адамның  өмірі, оның құқықтары мен бостандықтары  біздің мемлекетіміздің ің жоғары  құндылықтары болып табылады  деп жариялайды.

       Республикадағы  құқықтың барлық салалары жүйесінде  азаматтық құқықтың маңызы біріншіден  оның реттеу нысанасы болып  табылатын қатынастардың шешуші  рөліне екіншіден, оның қолданылу  аясының кендігіне; үшіншіден, оның  жеке адамның мүліктік және  мүліктік кмкс құқықтары мен  мүдделерін қорғаумен ажырамастай  байланыстылығына қарай анықталады.

       Қазақстан  Республикасының  жалпы құқық  жүйесіне, заматтық құқықтан басқа, құқықтың өзге де салалары- мемлекеттік, қылмыстық, әкімшілік және басқа  да салалар кіреді.  Азаматтық  құқық бұлардан өзінің айрықша  белгілермен ерекшеленеді, яғни  реттеу нысанасы мен әдістерін  сипаттайтын және негізінде алынатын  принциптерімен көзге түседі[1.37].

        Тақырыптың зерттеулер деңгейлі. Кәзіргі таңда Ресей Федерациясы мен басқа да шет мемлекеттерде бұл тақырып жөнінде көптеген ғылыми жұмыстар шықты. Қазақстан мемлекетеміз үшін әлі күнге дейін зерттелу үстінде деуге болады. Қазақстан Республикасы Азаматтық құқығының түсінігі, пәні және әдісі жөніндегі мәселе Ю.Г. Басиннің, Ғ.А. Жайлиннің, М.К. Сүлейменовтың, С.В. Скрябиннің, Е.А. Сухановтың, Ю.К. Толстойдың, А.А. Ерошенконың,  А.М. Сергевтың, М.Н. Малеинанның, Л.А. Соловьеваның, О.М. Романовтың, және т.б. ғалымдардың еңбектері арналған.

      Зерттеу объектісі. Жұмыстың ізденіс-зерделеу және зерттеу объектісіне қоғамдық қатынастар, ондағы ҚР Азаматтық құқығы мәселесіндегі құқықтық қорғау мен жүзеге асыруды мемлекеттік реттеу болып табылады.

      Зерттеу пәні болып ҚР Азаматтық құқығы, оның түсінігі, пәні жіне әдісі жөніндегі мәселелерді қамтитын Қазақстан Республикасының заңнамалары, сондай-ақ зерттелетін проблемаға қатысты мемлекеттік органдармен, азаматтар және ұйымдармен қатынастарын реттейтін құқықтық актілер кіреді.

       Зерттеу мақсаттары мен міндеттері.  Дипломдық зерттеу жұмысының негізгі мақсаты- Азаматтық құқық ұғымына және қалыптасу тарихына талдама (анализ) жасау, тәжірбиеде осы салаға қатысты кездесетін мәселерді талқылау; зерттеу мәселесі бойынша заңнамаларды жетілдіру жөнінде ұсыныстар келтіру болып табылады.

      Аталған  мақсатқа жету үшін жүзеге  асырылатын зерделеу-зерттеу процесіне  байланысты шешілуге тиіс мынадай  міндеттер туындайды:

  •          Қазақстан Республикасындағы ҚР Азаматтық құқығы институтын құқықтық реттеу мәселесін жалпы тұрғыда қарастыру;
  •         ҚР Азаматтық құқығы ұғымына салыстырмалы құқықтық негізіде зерттеу;
  •         ҚР Азаматтық құқығы жөніндегі заңдылықтарды қамтамсыз ету;
  •        ҚР Азаматтық құқығы, оның түсінігі, пәні және әдісі жөнінде туындайтын мәселелерге қатысты құқықтық негізінде зерттеу ұсыныстарын қамтамасыз ету;

Зерттеу жұмысының методологиясы мен методикасы.

Метедоголиялық негіздері ретінде, ғылыми танымның материалистік,

жүйелі-құрылымды  және салыстырмалы-құқықтық әдістері пайданылады. Ал теориялық негіздері ретінде, мемлекет және құқық теориясы, азаматтық құқық және конституциялық заңдарға байланысты мемлекеттік және ресми тілде жарық көрген қазақстандық ғалымдардың еңбектерінде, сондай-ақ таяу және қашық шет елдердің, әсіресе Ресей ғалымдардың ҚР Азаматтық құқығы саласы бойынша жасалынған теориялық байлам-түйіндері, соларға қатысты жаңаша көзқарастар мен тұжырым-ұсыныстарды айқынлдауға, дипломдық жұмыс тақырыбының өзекті мәселелерінің өзіндік нақты, дербес шешімін табуға арқау болып, ұтымды көрініс тапты. Сонымен бірге дипломдық тақырыптың өзекті мәселелерін жеткілікті көлемде ашып көрсетуге азаматтық құқықтық заңдар, арнайы ҚР Азаматтық құқығы саласына арналған заңдар, сондай-ақ тақырыпқа сәйкестүрлі басқа да нормативтік құқықтық актілер айтарлықтай септігін тигізді.

        Дипломдық зерттеу нәтижелерінің  сыннан өтуі. Тұтастай алғанда жұмыс және оған қойылған проблемалар мен автордың берген тұжырымдаммалары Экономика және Құқық академиясының Заңтану пәндер кафедрасына өткен мәжілісінде қаралып (талқыланып) мақұлданған.

       Дипломдық жұмыстың көлемі және  құрылымы. Жұмыстың құрылымы ізденіс-зерттеу жүргізу сипатына, зерттеу мәселелері мен қисындылығына және деңгейіне байланысты кіріспеден жеті бөлімшеден құрылатын екі бөлімнен, қорытыныды, пайдаланған нормативтік құқықтық актілер мен әдебиеттер тізімінен тұрады.

     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 1 Қазақстан  Республикасында  Азамматық  құқық ғылымының  

                                            қалыптасу тарихы               

                                  1.1  Азаматтық құқық  ғылымы

         Азаматтық құқық  ғылымының аясын  зерттелуі  Қазақстандағы  заң  білімінің  тарихынан бөліп қарауға  болмайды.  Ғылыми зерттеудің  қайсысы болмасын,  ұқсастық пен айырмашылықтарды саралап, жинақтауды талап етеді. Зерттелетін объект белгілі бір уақыт аралығын қамтитын болса, оны топтастыру да белгілі бір кезеңге сай жүргізіледі. Осы тұрғыдан келгенде Қазақстандағы заң білімінің дамуы барысын мынадай 5 кезеңге бөлуге болады: көне дәуірдегі заң білімі[2], дербес Қазақ хандығының заң білімі, патшалық Ресейдің отары болған кездегі заң білімі, социалистік заң білімі, ұлттық заң білімі.

        Қазақстандағы  заң білімі мен құқықтану, оның ішінде азаматтық құқық ерекше тарихи сипатқа ие десек қателеспейміз. Өйткені, Қазақстан ұзақ жылдар бойы өзге мемлекеттің құрамына еніп, яғни оның құрамдас бөлігі болып саналды. Соның салдарынан заң білімі мен құқықтануы өз тізгініне өзі ие бола алмағаны да түсінікті. Ұлттық юриспруденцияға ең алдымен бөгде елдің ғылыми дәрежесіне көтерілу міндеті тұрды. Міне, сондықтан да ұлттық азаматтық құқықтың ғылыми тұрғыдан дамуы орыс азаматтық құқығының тағдырымен тығыз байланысып жатыр. Әділіне жүгінсек, орыс цивилитикасы өзінің ықшамдылығымен, кереметтей қарапайымдылығымен  азаматық теориясын сомдап берді. Дәл қазір де ол ұлттық цивилитиканы азаматтық құқықтың биік шыңына көтеруде оң әсерін тигізуде. Егеменді Қазақстанға бүгінгі талапқа толық жауап беретіндей азамматық құқық ғылымын қалыптастыру өзекті мәселе болып отыр.

       Тарихқа  жүгінсек, қазақ халқы өз алдында  ел болып, дербес мемлекет құрғалы  бірнеше күрделі заң жинақтарын  қабылдаған. Мұндай заң құжаттары туралы сөз болғанда алдымен XVI ғасырдың бірінші ширегінде Қасым хан ( 1511-1520 жж.) дәуірінде қабылданған “ Қасым ханның қасқа жолын” жатқызуға болады. XVI ғасырдың аяғында XVII ғасырдың басында “ Есім ханның ескі жолы” деп аталатын заңдар жинағын ( 1458-1628жж.) билік құрған шығарғаны тағы да белгілі. XVII ғасырдың аяғында XVIII ғасырдың басында Тәуке хан тұсында ( 1680-1718жж.) атақты “Жеті жарғы” қабылданды. Бұл құжат аты айтып тұрғандай жеті саланы атап айтқанда жер дауын жесір дауын құн дауын бала тәрбиесі мен неке қатынасын қылмысқа жауапкершілікті ру аралық дауды қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесін қамтиды[3.32].

         Бұл заң құжаттарының бәрі де сол заманның қажеттілігінен дүниеге келгені сөзсіз. Өкінішке орай мәселенің байыбына бармай тұрып Қазақстанда құқықтық мәдинет болғанына күмән келтірушілер де кездеседі. Әлі күнге дейін кейбір бұқаралық ақпарат құралдары мен академиялық еңбектерде ұлттық құқықтың кенде қалғанын дәлелдеп бағуға тырысушылық байқалады, тегінде құқықсыз мемлекет болуы мүмкін емес, өйткені, онсыз жария-құқықты реттеу мүмкін еместігі түсінікті жәйт.

       Кезінде Ресейдің отары болған Қазақстанда арнайы жоғарғы заң білімін беретін оқу орындарының неліктен болмағаңын тәптіштеп айтып жатудың өзі артық болар. Ол кездер қазақтар үшін жоғарғы білім алу таптық және топтық тұрғыдан алғанда мүмкін еместұғын. Сонымен қатар талапкердің оқуға қыруар қаржы жұмсау керектігі тағы да қолын байлады. Мәселен, орыс университіне түсу үшін 25 сом жарна талап етілді, содан кейін лекция тындауға, сынақ, емтихан тапсыруға және тағы басқа төлемдер төлеу керек болды. Тек ауқатты адамдардың балалары ғана Ресей университерінде білім ала алды.

      Осы арада мына бір жағдайды айта кеткен жөн, Қазақстан Ресейге отар болуды бастаған, яғни   1731 жылы 19 ақпанынан-ақ патшалық Ресей қазақтардың құқықтық жүйесіне өзінің заңын енгізіді қолға алды. Қазақтардың әдеп-ғұрып құқықтарын қалайда өзгертуге патша өкіметі жанын салып бақты, сөйтіп орыс мемлекетінің құқық нормалары оның орнын біртіндеп баса берді. Ақырында отаршылдық саясат өз дегенің істеп, айтқанға көндіріп, айдауға жүргізе білді. Дейтұрғанмен қоғамның құқық өмірінің кейбір салаларында орыс заңы мен қазақтардың әдеп-ғұрып құқықтары тоғысты[4.17]. Демек қазақтардың әдеп-ғұрып құқықтарын түбірімен өзгертемін деген патша өкіметінің пиғылы жүзеге аса қойған жоқ, соған байланысты Қазақстанда екі құқық жүйесі де қолданылып келеді

       Кешегі  социалистік дәуірде заң білімін  беру Мәскеу, Ленинград және басқа қалаларда жүзеге асты дегенізбен, онда ұлттық кадрларға бөлінетін орын шектеулі еді. Бірақ заман өз талабын алға тартты, нәтижесінде жоғары оқу орындары мен факультетер шет аймақтарда құрыла бастады. Айталық, 1923 жыл Ташкенттегі Орта-Азия университетінде құқықтық бөлімшесі бар қоғамдық ғылымдар факультеті ашылып, онда бірқатар қазақ жастары оқуға мүмкіндік алды. Ал Қазақстанда тұңғыш рет заңгер кадрлар дайындау курысы 1926 жылы Қызылорда қаласында ашылып, кейінен ол екі жылдық заң мектебіне айналды. Кейбір үзілістеріне қарамастан бұл оқу ошағы 1954 жылға дейін заңгерлер дайындады.

         Қазақстанда жоғарғы заң білімін дамытуға 1931 жылы 20 сәуірде қабылданған РСФСР Бүкіл одақтық Орталық Атқару комитетінің “ Кеңес құрылысы қызметкерлерінің кадрларын даярлау және қайта даярлау жөніндегі шаралар туралы” қаулысы үлкен мән бергенін айтпасқа болмайды. Аталған құжатқа институттың кеңестік құқық және кеңестік құрылыс деп аталатын екі түрін көздеді. Осы қаулы негізінде 1932 жылы Қазақ Автономиялық Кеңестік Социалістік Республикасы Орталық Атқару Комитеті (ОАК) жанынан республика аппаратына кадрлар даярлау үшін алты айлық курс ұйымдастырылады, кейінірек ол бір жылдық курс болып қайта құрылды.

      Осы курстардың  негізінде 1933 жылы 17 мамырда Қазақ АКСР ОАК Төралқасының қаулысымен кеңес құрылысы инстиут құрылып, 1934 жылдың 1 қаңтарынан жұмыс істей бастады, Республикамызда жоғарғы білімді заң кадрларын даярлау, міне, осы сәттен басталды[5].

         Кеңес құрылыс институты мемлекеттік аппаратқа кәсіби біліктік мамандар даярлауға тиіс болды. Оқу мерзімі онда үш жыл, ал жұмысшылар факультетінде екі жыл болып бекітілді. 1934 жылы  23 қазанда Қаз АКСР ОАК Төралқасының қаулысымен институт құрамында заң бөлімі ашылуына байланысты сот және тергеу органдары үшін кадлар даярлана басталды.

      1934 жылғы 1 наурыздағы мәліммет бойынша институтта 88 адам, жұмысшылар факультетінде 87, ал дайындық курсында 103 адам оқыды. Алғашқы кезде институтта -10, жұмысшылар факультетінде 7 оқытушы жұмыс істеді. Ұлттық құрамына келетін болсақ, олардың 5-і орыс,  3-і қазақ, 1-і татар, 1-і неміс болды.

       Институтта ол кезде әлеуметтік-экономикалық ( кафедра меңгерушісі Ш.Х. Сакаев),  тарих (кафедра меңгерушісі А.П. Чижов) және мемлекеттік құқық ( кафедра меңгерушісі Н.И. Кондратьева) деп аталатын үш кафедра жұмыс істеді. Шын мәнінде кафералардың бірде-бірі әдістемелік және ғылыми зерттеумен айналысқан жоқ.

       Әрине, институттың құрылуы кеңес құрылысына  республикадағы заңгер кадрлар  даярлауда айтарлықтай рөл атқарды. Бірақ I мамандарды даярлау жүйесі ол кезде нақты айқындалмаған еді, сондықтан сот-тергеу кадрларына деген күн сайын өсіп тұрған сұранысты бұл институт толық қанағаттандыра алмады. Кеңес құрылыс институтында пәндердің шамадан тыс көп болуына байланысты заң ғылымы өз дәрежесінде дами алған жоқ.

         1935 жылы 5 наурызда КСРО Халық комиссарлар Кеңесінің және ОАК-нің “ Құқықтық білім беруді кеңейту және жақсарту шаралары туралы” қаулысы қабылданды, онда төрт жылдық мерзіммен заң инститтутарын ашу қарастырылды, сондай- ақ аудандарда жұмыс істейтін заңгер қызметкерлерді қайта даярлаудан өткізетін тұрақты курстар құру, бір жылдық құқықтық мектеп ашу, кейін оны екі жылдыққа көшіру жоспарланды. Осы қаулыны одан әрі жетілдіре түсу мақсатында 1938 жылы 28 сәуірде Қазақ КСР Халық комисариатында Кеңес құрылысы институтын Алматы заң институтына айналдыруға шешім шығарды, кейін бұл республикадағы заң білімін беру ісінің нағыз орталығына айналды. Институттың директоры болып доцент Д.В. Кузнецов тағайындалды.

       1938 жылы 15 мамырда Алматы заң институтында 14 адам ұстаздық етті, оның ішінде  2 доцент, 12 оқытушы болды, дәлілерек айтсақ жұмысшылар факультетінде-6, дайындық курсында- 8 ұстаз болды. Ол кезде институтта дәріс беретін небәрі үш- ақ қазақ бар болатын, аты-жөндері айта кетсек, олар Р.А.Әшкеев ( мемлекеттік құқық пәні), А.Қайыргелдин (қазақ тілінен),  және философия маманы доцент У.М.Балқашов.

       1938-39 оқу жылындағы студенттер құрамы мынадай еді, бірінші курста -150, екінші курста-75, үшінші курста-40 адам, ал дайындық курсында 75 адам оқыды. Жасыратыны жоқ, студенттердің ішінде сол кезде қазақтар аз еді (24,6 %). Институтта мынадай жеті кафедра ашылды: марксизим-ленинизм  (кафедра меңгерушісі Л.В.Олейник), саяси экономия  (кафедра меңгерушісі экономика ғылымдарының кандидаты, доцент Кузнецов Д.В), мемлекет пен құқықтың жалпы теориясы ( кафедра меңгерушісі, заң ғылымдарының кандинаты, доцент Н.И.Кондратьева), кеңестік мемлекетік құқық ( кафедра меңгерушісі, заң ғылымдарының кандидаты, доцент А.И. Лепешкин), азаматтық құқық (кафедра меңгерушісі, заң ғылымдарының кандидаты, доцент А.Н.Агеев), қылмыстық құқық ( кафедра меңгерушісі, заң ғылымдарының кандидаты, доцент М.П.Шаламов), тілдер кафедрасы (кафедра меңгерушісі, аға оқытушы Р.Л.Зор).

          Сол кездің өлшемімен қарағанда  Институтқа әкелінген кітап қоры  айтарлықтай еді, бұл орайда Қазан  кеңес құрылысы институтының  үлесі аз болған жоқ[6].

         Жоғарғы заң оқу орны ашылғанға  дейін Қазақстанда құқықтық зерттеу кенде қалып келді, құқықтық проблемалар жалпы тарихи зерттеулер аясында болды[7.4]. Қазақстандық алғашқы құқықтанушылардың арнайы зерттеулері көбіне-көп Қазақстан мемлекеті мен құқығының пайда болуы, оның дамуы тарихына арналды. Мәселен Т.М. Культелеев қазақтардың әдеп-ғұрып құқықтарын зерттеді, М.Т.Шаламов болса өз еңбектерінде Қазақстандағы кеңес адвокатурасының тарихына мән берді, ал А.В.Якущев Қазақстанның Ресейге қосылуына байланысты тақырыптарды қозғады.

       Бұл  жылдарды академик С.З.Зиманов  « шығармашылық мүмкіндігінше сай және шын мәніндегі сұранысқа жауап беретін саланың арнайы кадрларын даярлауда бар күшті жұмылдырған, кадлар даярлау мен ғылыми зерттеу ісінде ізденіске толы кезең болды” деп өте орынды айтқан[8.231].

        Осы  кезде сырттай заң білімін  беру ісін дамытуға да айтарлықтай  көңіл бөлінді. Мәселен, 1937 жылы Алматыда Бүкілодақтық сырттай оқитын заң институтының консультативтік бөлімі құрылды. 1938 жылы 8 наурызда КСРО Әділет Халық Комиссиратынің бұйрығымен Қазақ консультативтік бөлімі Бүкілодақтық заң институтының Қазақ филиалы болып қайта құрылды, ал 1940 жылы қаңтарда аталған институттың Алматы филиалы деп атауы өзгертілді, ол 1951 жылдың 13қыркүйегіне дейін жұмыс істеді. Осы филилалдың негізінде Алматы заң институтының сырттай оқитын бөлімі ашылды. 1957 жылдан бастап сырттай бөлімімен қатар заң факультетінің кешкі бөлімі жұмыс істей бастады.

        Ұлы  отан соғысының басталуы инститтутың  алға қойған міндеттері мен  қызметін үлкен өзгеріске түсірді. Соғыс жылдарында Мәскеу, Ленинград  және Украинадағы бірқатар заң  жоғарғы оқу орындары Қазақстанға  көшірілді. Айталық, Ленинград заң  институты Жамбыл қаласында ( қазіргі  Тараз) орналысты, Украинаның Киев  және басқа университетері Украина  университтері деген атпен ( ішінде  заң факультеті де бар) Қызылордаға  көшіп келді. 1941 жылы Мәскеу және Алматы институттарны біріктіру жолымен КСРО Әділет халық комиссариатының Бірінші мемлекетттік заң институты деген атпен Алматыда жоғарғы оқу орны құрылды[9.522]. Оның директоры болып Б.Я. Арсьенев тағайындалды. Бұл институт 1943 жылдың 14 тамызына дейін ғана жұмыс істеді.

          Осы кезде Қазақстанда С.И.Аскназий, В.М.Догадов, Б.С.Мартынов, С.С.Кравчук, А.А.Пионтковский, М.К.Чельцов, С.А.Фукс, Б.Я. Арсеньев, И.С.Перетерский, С.В.Юшков  және басқа Мәскеу, Ленинград, Киевтен  келген көрнекті кеңестік ғалымдар еңбек етті. Ресейлік және Украиналық жоғарғы оқу орындарынан келген заңгерлер ұжымы оқу сапасын арттыруға, ғылыми жұмыспен жан-жақты айналысуға айтарлықтай жәрдемін тигізді.

         Соғыс жылдарында ғалымдар тарапынан  Қазақстанның мемлекет және құқық  тарихын зерттеуге деген ынта-ықылас  күшейді. Осы жылдары заң институты қабырғасында тұңғыш рет професор С.Л. Фукустың бастамасымен Қазақстанның революцаға дейінгі мемлекет және құқық тарихы туралы курс сабағы оқылды.

          УКСР Ғылым академиясының мүше-кореспондеті  С.В. Юшков пен заң ғылымдарының  докторы А.А. Пионтковскийдің бастамасымен  1942 жылы 8 мамырда Бірінші мемлекеттік заң институның басшылығы КСРО Ғылым академиясының Қазақ филилалы құрамында Мемлекет және құқық бөлімін құру жөнінде мәселе көтерді. КСРО Ғылым академиясының Қазақ филиалының атына жазылған хатта “…филиал құрамына Бөлімді енгізу филиалдың басқа бөлімдерімен мемлекет және құқық теориясы мәселері тәрізді ғылыми тақырыптарды тереңірек зерттеуге жол ашатындығына күмән келтіруге болмайды... тарихи, экономикалық, философиялық бірқатар тақырыптарды талдау үшін қажет болып табылады”[10] деп көрсетіледі. 1942 жылы 10 шілдеде жазылған екінші хатта былай делінген: “... біз бұл арада философтардың, экономистердің, тарихшылардың жұмысын заңгерлер жұмысымен бір арнаға тоғыстыруды мақсат етіп отырмыз. Бұл сөз жоқ, пайдалы болар еді. Қазақстанның мемлекет және құқық тарихы әлі күнге бір ізге түскен жоқ, сондықтан да бұл өз алдына зерттеуді талап етеді, демек Қазақстан тарихын немесе экономикасын зерттеп жүрген тарихшы немесе экономист тарапынан заңгерге достық тұрғыдан ғылыми қолдау көрсетілмесе, ол қиындыққа тап бола бермек. Сонымен қатар өз кезегінде заңгердің ақыл-кеңесі де тарихшылар немесе экономистерге талдауы терең жүргізуге жәрдемдеседі деп ойлаймыз”[11].

       Мәскеу заң институты еліне кері қайтқан соң, 1943 жылы Алматы мемлекеттік институты дербес жоғарғы оқу орнына қайта айналды. Институтта Л.С.Фукс, С.Я.Булатов, П.И.Покарлис, М.И.Шац тәрізді профессорлар, А.Т.Бажанов, Г.М.Маслов, В.А.Хван, П.И.Гавзе, Л.В.Ююков, В.Н.Маркелов,А.Н.Агеев, Л.В.Оленин, М.Г.Левин сияқты доценттер еңбек етті[12].

         Соғыстан кейін Қазақстанда заң білімін беру 1946 жылы 5 қазанда СОКП ОК-нің “Елде заң білімін беруді кеңейту және жақсарту туралы” қаулысы қабылданған соң өзіндік серпін алды. Бұл қаулы студенттердің санын көбейтуге, жаңа оқу жоспарлары мен бағдармаларын жасауға, құқық ғылымының деңгейін көтеру мен ғылыми-зерттеу ісін жандандыруға үлкен септігін тигізді.

            1947-49 оқу жылында Алматы мемлекетік заң институты аспирантура ашып, оған аспиранттарды қабылдануын бастады. Институт құрылған 1938 жылдан бастап жұмыс істейтіндердің ішінен оң адам кандидаттық диссертация қорғады, оның ішінде М.К.Ермағамбетов, Л.В.Дюков, М.С.Сапарғалиев, В.А.Хван, М.Б.Зусман және т.б. бар. Сондай-ақ он екі адамға доцент атағы берілді. Орталық жоғарғы оқу орындарының аспирантурасы мен институттарынан түлектерді жіберу тәжірбиесі де жалғасып, ол өзінен-өзі ақтағанын да айтпасқа болмаса керек.

        1955 жылы мамырда Алматы мемлекеттік заң институтын ҚазМу-дің бес жыл мерзіммен оқитын заң факульетіне айналдыру жөнінде шешім қабылданды. Мұндай қайта құру бұрынғы құрылым бойынша мамандандырудың тар шеңберде жүретіндігіне әрі оның өзі түлектер үшін тиімсіз екендігіне сүйенеді, сонымен қатар университте заң факультеттінің болмауы оның білім беру ісін ақсатып тастағандай еді.

          Заң факультеті өзінің зерттеу тақырыптарын айтарлықтай кеңейтті. Ғылыми-зерттеу тақырыптарында Қазақстанның мемлекет және құқық тарихы, мемлекеттік аппаратты жетілдіру, заңдылықты нығайту мәселелері үлкен орын алды.

          Осы жылдары С.С.Сартаев, А.Ж.Жақыпова, К.А.Шайбеков, К.С.Үргенішбаева, Ю.Г.Басин, К.А.Абжанов, С.Н. Савицкий, Г.Ф Поленов, Ш.М. Мәжитов, Н.А.Жангелдин, К.Жоламанов және басқалалары кандидатық диссертацияларын қорғады.

       Тұңғыш  заң ғылымдарының докторы елімізде  С.З. Зиманов болды, ол Алматы заң  институты ҚазМу-дің заі факультетіне  айналмас бұрын оның директоры  лауазымен иеленген еді.

        Қазіргі  кезде университеттің заң факультеті  Құқық және экономика институтына  айналып, заңгер кадрлар даярлаудағы  бірегей жоғарғы оқу орындарының  бірінен саналды.

       1961 жылы ҚазМу-дің заң факультетінде бірінші рет қазақ бөлімі ашылып, көп ұзамай қайта жабылып қалды[13.262].

         Қазақстан тәуелсіздігін алғанан кейін ұлттық заң білімін дамытуды дербес қолға алды, мемлекеттік заң оқу орындарымен қатар коммерциялық заң білімін беру жүйесі де белсенді түрде дами бастады. Республикада заңгер кадрларға деген сұранысты қанағаттандыру және құқықтық реформаны жүзеге асыру мақсатында 1994 жылы 14 наурызда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә:назарбаевтың арнайы Жарлығымен Қазақ мемлекетік заң университетінің құрылуы егеменді еліміздегі айтулы оқиға болды. Бұл университет қазір заң білімін беру жүйесінде шоқтығы биік, жоғарғы оқу орны болып табылады.

         Қазіргі кездегі кәсіби деңгей  аталған Университетке ( 2000 жылдың 14 ақпанынан Академия) заңгерлердің жаңа толқынын дайындауда төрт факультет ашуға мүмкіндік берді, атап айтқанда, ол- халықаралық құқық және мемлекеттік қызмет, кәсіпкерлік құқық, сот-прокурорлық және тергеу-криминалистика факультеттері болып табылады. Академия өзінің құрылғанынан бергі жылдар ішінде Республикада заңгер кадрларды даярлауда ірі де беделді орталыққа айналып үлгерді. Бұл Академияда академик С.З:Зимановты ұлттық Академияның мүше-корреспондеттері М.К.Сүлейменов, Б.И.Көмеков Ғылым доктырлары профессорлар Ю.Г. Басин, Г.А.Шәйкенов, К.А.Жиреншин, Ө.С.Жекебаев, М.С.Нөрікбаев, Г.Б:Хван, Г.Г. Ақмамбетов, А.Г.Диденко және тағы басқа да Қазақстан юриспруденциясының марсқалары дәріс берді.

          Академияның кафедраларында 200-ден аса оқутышы еңбек етеді, бұл жоғарғы оқу орнының өзінің аспирантурасы магистратасы мен доктурантарасы бар. Жеке құқық, салыстырмалары құқықтану, ислам құқығы орталығы, қыпшақтану тәрізді ғылыми Орталықтар құрылған.

         Академияда 20-дан астам үйірме, арнаулы салалық лаборатиялар бар, сондай-ақ студенттік клуб, театр студиясы жұмыс істейді. Оқытушылар мен студенттер өздерінің ғылыми еңбектерін “Мемлекетік және Құқық” журналына жариялай алады. Көптеген студенттер мен ұстаздар Сорос-Қазақстан, Фулбрайт, Айрекс және т.б. қорлардан гранттар мен стипеяндасын алады. Өзара ынтықтамастық келісім шарты және “ Болашақ” бағдарламасы бойынша суденттер АҚШ, Англия, Франция және т.б. елдерге оқуға барды. Университеттің ғылымдары заң шығару ісіне белсене араласып, олар ҚР Конституциясы, қылмыстық, азаматтық кодекстер және басқа да көптеген орталықтармен тығыз байланыс орнатқан, атап айтқанда, оның ішінде Құқықтың халықаралық институты (АҚШ, Вашингтон): Университтердің халықаралық Ассоциясы ( Ұлыбритания, Лондон), РФ Үкіметті жанындағы заң және салыстырмалы құқықтану инстиуты, ғылыми ынтамастық институтты (Германия) және тағы басқа халықаралық заң орталықтары бар.

        Егемендік  алған жас мемлекетіміздің білім  беру жүйесінде жоғарғы заң  білімін беру маңызды саланың  бірінен аналады.

        Сонымен  бірге заң білімін одан әрі  дамыта түсуде шешімін күтетін  бірқатар проблемалар бар екендігін  де айтуға тиіспіз.

       Қазақстанның тәуелсіздігінің қалыптасу үрдісі, әртүрлі билік тармақтарының өкілеттігін кеңейту және олардың қызметін жетілдіру, заңдарды түбегейлі жаңарту, сот реформасы және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сотпен қорғауды күшейту, тиімді нарықты экономика құру, Қазақстандық кәсіпкерлерді қорғау, қылмыспен күресу, осының бәрі сайып келгенде заңымызды кәсіби деңгейге көтеруді талап етеді.

        Бүгінде  заңгерлікке әлеуметтік тұрғыдан  өзгеше маңыз берілуіне байланысты  ол беделді мамандыққа айналды. Оған күнделікті өмірде әркім  де көз жеткізгіндіктен, талдап, түсіндіріп жатуды артық деп  ойлаймыз. Елімізде жүзеге асып  жатқан заң жүйесіндегі игі  өзгерістерге заң тәжірбиесін  қайта қарауды талап етеді. Өкінішке  орай, құқықтық жүйедегі алғашқы  қадамдар тағдыры- білім беру  сапасына, кадрларды кәсіби дарлау  деңгейіне қатысты екендігін  естен шығарып алатынымызды жасыруға  болмас.

       Ашығын  айтсақ, заңгердің кәсіби дайындығын ұштау бұрынан бар пәндерге жай ақпараттық толықтыру арқылы жүзеге асады, тіпті кей жағдайда іс жүзінде тәжірбие көлденең тартқан мәселелрді “қуып жетуге” тырысушылық байқалады. Рас, “ тәжірбиеден бастау алатын” заң білімі қалыптасқан құқықтық қоғам үшін тиімді болуы мүмкін, бірақ бұл белсенді түрде реформа жасалып жатқан мемлекет үшін қолайлы әдіс емес.

Азаматтық құқықтық реттеудің пәні және әдістемесі