Азаматтық құқық пәні мен әдісі

Кіріспе

 

Азаматтық құқық – Қазақстан Республикасының құқық салаларының бірі болғандықтан күнделікті тыныс-тіршілікпен, сондай-ақ азаматтардың, заңды тұлғалар мен мемлекеттің өзімен, оның әкімшілік – аумақтық бөліністерімен тығыз байланысты.

Азаматтық құқықты зерттемес бұрын азаматтық құқық пәнін анықтап, басқаша айтқанда, мұның пәні не екенін белгілеп алуға тиістіміз. Ал азаматтық құқықтың пәнін анықтаудың өзі оңай шаруа емес. Өйткені, азаматтық құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастар ауқымы өте кең де сан қырлы.

Құқық жүйесі іштей құқық салаларына бөлінетіндігі белгілі. Әдетте құқықтың қандай салаға жататындығын анықтау үшін оның пәні мен құқықтық реттеу әдістемесі қолданылады. Дәл осы пән мен әдістеме арқылы азаматтық құқықты Қазақстан Республикасының басқа құқық салаларынан аражігін айыра отырып, сонымен бірге оның салалық ерекшеліктерін де айқындауға болады.

Қазақстан Республикасы азаматтық құқығының пәнін тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар құрайды.

Азаматтық құқық нормаларының талаптарына сәйкес туындайтын және бұл нормаларға тәуелді болатын жақтар арасындағы қатынастар азаматтық құқық қатынастары деп аталады.

Адамдар өз өмірінде және әрекет үстінде үнемі әрқилы азаматтық құқық қатынастарға араласып жүргенімен, өздерінің әрекеттерінің заң жөніндегі сипатын көбінесе ескере бермейді. Мысалы, қайсыбір затты болсын сатып алуда сатушы мен алушының арасында осындай қатынас туындайды. Азаматтық кодексте көрсетілген сату – сатып алу мәмілесінен туындайтын өте күрделі құқықтық қатынастар пайда болады. Бұл мәміле бойынша сатып алушы белгілі бір сомада ақша төлеуге міндетті, ал сатушы сатқан затты сатып алушының меншігіне беруге немесе сол затында сапасы жағынан бір кемшілігі немесе сан жағынан кемістігі болса, онда оны басқа затпен ауыстыруға, толықтыруға, әйтпесе алған ақшасын қайтарып беруге міндетті.

Заңды тұлғалардың барлық істері де нақ жаңағыдай азаматтық құқық қатынасы ретімен жүзеге асады.

Өндіріс жабдықтарын тапсыру, өнімдерді сату, банк арқылы есеп айыру – осылардың бәрі де құқық қатынасын тудырады, яғни осылардың бәрінің де заң арқылы белгілі салдары болады.

Құқық қатынастарын сөз еткенде, оны талдағанда біз алдымен оның құрамдас элементтерін айқындап алуымыз қажет.

Әрбір құқық қатынастарында қатынастың субъектілері деп аталатын қатысушылары болады.

Азаматтық құқық қатынастарының  субъектілері: жеке тұлға, заңды тұлғалар, әкімшілік – аумақтық бөліністер, сондай-ақ мемлекет болып табылады.

Құқық қатынастарына қатысушылардың арасында белгілі бір байланыс орнайды, сол арқылы осы қатынастардың мазмұнын құрайтын олардың арасында белгілі бір құқықтар мен міндеттер пайда болады.

Сол қатынаста құқықтар мен міндеттер не нәрсеге (мүліктік және жеке мүліктік емес игіліктер) бағытталған болса, сол нәрсе оның объектісі деп аталады

Осылайша, азаматтық құқық деп тараптардың заңдылық теңдігі мүліктік-құңды және жеке мүліктік емес қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар жиынтығын қарастырамыз.

Азаматтық құқық қатынас объектісі түрінде оның субъектілерінің материалдық және жеке материалдық емес игіліктерге бағытталған әрекеттері мен нақты азаматтық құқықты қалыптастырушы жағдайларды жатқызамыз.

Азаматтық мүліктік құқықтық қатынастын спецификасы оның  мүшелері өз әрекеттері мен тек бір-біріне ғана емес, белгілі бір материалдық игіліктерге әсер ете алатындығында.

 Жалпы азаматтық құқықтың  объектілері мынандай түрлерге  жіктеу арқылы зерттеуге болады:мүлік-зат  сипатындағы, мүліктік емес қатынастар, жұмыс және қызмет, ақпараттар, интелектуалдық  меншік нәтижелері. Мүліктік қатынас  деп мүліктік-құңды қатынастарға  қатысушылар осы қатынастарды  құрған материалдық қажеттіліктер  болып табылатын еңбектің саны  мен сапасын өзара бағалай  алады деп анықтайды.

Жеке мүліктік емес қатынастар өз кезегінде осы қатынастарға қатысатын азаматтардың, тұлғаның дара қасиеттерін өзара бағалау жағдайларын қарастырған.

 

 

 

 

 

 

    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 1 Азаматтық құқықтың негізгі теориялық бастамалары

 

 1.1 Азаматтық құқыққа жалпы сипаттама

 

Құқық теориясынан белгілі болғандай құқық нақты жүйе құрады, оның ең үлкен буындары құқықтың салалары деп аталады.

Құқық салаларын шектеу белгілері ретінде әдетте құқықтық пәні мен әдісін қолданады.

Пән мен әдіс көмегімен азаматтық құқықты қазақстандық құқықтың жүйесінен бөліп алып оқырмандардың азаматтық құқық туралы көзқарасының қалыптасуына әкелетін ерекшеліктерін айқындауға мүмкіндік береді.

Кез келген сала сияқты азаматтық құқықта қоғамдық қатынастарды реттейтін қалыптасатын құқықтық нормалардан тұрады.

Бірақ та азаматтар қатысатын қатынастардың барлығы да азаматтық құқықпен реттелмейді, сонымен қатар азаматтық құқық, азаматтар мүлде қатыспайтын қоғамдық қатынастарға да әсер етеді.

Азаматтық құқық нормалары өңдірілген өнімді сатып алу, оны темір жол, теңіз, өзен немесе әуе жолдары арқылы тасымалдау, осы жүкті сақтандыру, тасымалданған жүк үшін төлемдер алу және қоғамда кездесетін тараптар арасындағы қатынастарды реттейді.

Азаматтық құқық реттейтін қоғамдық қатынастар шеңбері өте кең және әртүрлі, сондықтан оларды толықтай атап өту мүмкін емес. Бұны істеудің қажеті де жоқ, өйткені азаматтық-құқықтық ғылымның пәніне азаматтық құқық реттейтін қоғамдық қатынастардың барлығын нақтылықпен атап өту кірмейді, оған азаматтық құқық деп аталатын саланың бір пәнінде олардың барлығын біріктіруге мүмкіндік беретін жалпы қасиеттерін анықтау жатады.

Азаматтық құқықтың пәні болып мүліктік және мүліктік емес қатынастар табылды.

Азаматтық құқықтың мүліктік қатынастармен айналысатыны бірден көзге түседі. Мүліктік қатынастар деп әдетте түрлі материалдық қажеттіліктер, яғни заттар, жұмыстар, қызметтер және басқа мүліктер жайында туындаған қоғамдық қатынастарды айтады.

 Бірақ азаматтық құқық біздің  қоғамда пайда болатын барлық мүліктік құңды қатынастардың негізгі көлемін тауарлық-ақшалы қатынастары құрады. Біздің қоғамда бар тауарлық-ақшалы қатынастардың өте тез дамуы оларға адекаватты құқықтық нысан қолданған кезде ғана мүмкін бола алады.

Азаматтық заңдылыққа сәйкес азаматтық құқық пәннің екінші бір құрамдас бөлігі жеке мүліктік емес қатынастар қарастырады. Өзіне тәң белгісіне мүліктік және мүліктік емес қатынастар ең аз дегенде екі қасиетке сүйене отырып келесі түрлерде сипатталады.

Біріншісі, көрсетілген қатынастар мүліктік емес қажеттеліктер негізінде көрініс табады мысалы ар намыс іскерлік бедел, азамат аты, авторлық шығарма, өңдірістік үлгі жайында туындайды.

 Екіншіден, жеке мүліктік емес  мүлікпен байланысты қатынастар (мәселен бұған белгілі бір  құқықтар жатқызады). Бұл қатынастарда  азаматтардың немес ұйымдардың  даралығы көрініп, олардың әлеуметтік  қасиеттерге бағалау жүргізіледі.

Пәннің осы екі құрамдас бөліктерінің сыртқы қарама-қайшылығына  қарамастан, мүліктік-құнды және жеке мүліктік емес қатынастарды азаматтық құқық деп аталатын салада біріктіретін жалпы қасиетін анықтау керек.

Мүліктік-құңды қатынастарға қатысушылар осы қатынастарды құрған материалдық қажеттіліктер болып табылатын еңбектің саны мен сапасын өзара бағалай алады деп анықтайды. Жеке мүліктік емес қатынастар өз кезегіне жеке қатынастарға қатысатын азаматтардың, тұлғаның дара қасиеттеріне өзара бағалай алады деп есептейді.

Азаматтық құқық пәнінің түсінігі азаматтық құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастар туралы мәселермен байланысты болса, әдіс түсінігі осы қоғамдық қатынастардың азаматтық құқық нормаларымен қалай реттеу туралы мәселермен байланыс бар. Әдіс құқықтық реттеу пәнінің ерекшеліктерімен қайта анықталады.

 Азаматтық құқық пәнін құрайтын қоғамдық қатынастар өзара бағалау сипатына ие.

Қоғамдық қатынастарға қатысушылардың өзара бағалауы тек қана бағалаушы тараптар тең болғанда ғана қалыптаса алады. Сондықтан мүліктік-құңды және жеке мүліктік емес қатынастар тараптардың теңдік негізінде реттелсе ғана толық дами алады.

Қорытындай келсек азаматтық құқықтың тараптардың заңдық теңдігі әдісі қолданылады. Азаматтық құқықтық диспозивтік қағида деп қарастырады.

Азаматтық құқықта тараптардың теңдігі дегеніміз-екі қатынасқа түсуші тараптың ешқайсы да азаматтық құқықтық қатынастарда өзінің осы құқықтық қатынастарда алатын орын жоғары қоя алмаушылығымен айырықшаланады.

Тараптардың заңдық теңдік әдісін қолдану азаматтық құқықтық қатынастарға қатысушыларға тәуелсіздік қамтамсыз етеді, заңмен рұқат етілген кез келген әрекеттер орындауға мүмкіндік береді.

Бұл нарықтық экономика шарттарында азаматтық айналымның дамуы үшін өте маңызды.

     Сондықтан азаматтық  заңдылықтардың нормаларын түсіну  және қолдану азаматтық құқықтың  жалпы қағидалары ескергенде  ғана жүзеге асырылтуы мүмкін.

 
                            

                            

 

 

 

 

        

                1.2 Азаматтық құқықтың пәні

 

Азаматтық құқықтың да өзіндік реттеу пәні бар. Ол - мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастар. Мүліктік қатынастар дегеніміз - заттарды, заттар мен өзге де материалдық игіліктерге қатысты құқықтар мен міндеттерді иелену және пайдалану жөніндегі қатынастарды мүліктік деп түсінеді.

Басқаша айтқанда, мүліктік қатынастар - материалдық игіліктермен (мүлік,ақша, құнды қағаз, қызмет көрсету) байланысты қоғамдық қатынастар. Әдетте мүліктік қатынастар объектісін ақшамен бағалауға болады.

Мысалы, сату-сатып алу, жалға беру, мұраға қалдыру. Мүліктік емес жеке қатынастар екі топқа бөлінеді - мүліктік қатынастармен тығыз байланысты мүліктік емес жеке қатынастар және мүліктік қатынастармен байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар.

Бірінші топтағы мүліктік қатынастармен тығыз байланысты мүліктік емес жеке қатынастардың тікелей мүліктік сипаты мен ақшалай құны болмайды. Бұл топтың негізін интеллектуалдық меншікпен байланысы бар қатынастар құрайды.

Ғылыми еңбектің авторы немесе өнертапқыш өзінің авторлық құқығын қорғауға байланысты сотқа талап арыз беріп, арыз сот арқылы қанағаттандырылатын болса, онда ғылыми еңбектің авторының немесе өнертапқыштың қаламақы немесе басқалай сыйақы алуға құқығы болады. Бұл жағдайда мүліктік емес жеке қатынастар мүліктік қатынастармен байланыстылық сипат алады.

Жеке мүліктік емес қатынастардың екінші тобын-мүліктік қатынастармен байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар құрайды.

Адам денсаулығына көлік арқылы зиян келтірілді. Денсаулыққа келтірілген зиянның нақты ақшалай құнын анықтауға болмайды. Дегенмен де, азаматтық құқықтың нормалары істің мән-жайына байланысты денсаулыққа келген зиянның орнын толтыруды реттейді (зиян келтірушінің кінәсін, зиян келтіруші мен жәбірленушінің материалдық жағдайын ).

Жеке өмірге, тұрғын үйге, ар-намысқа, іскерлік беделге қолсұқпаушылық екінші топтағы жеке мүліктік емес қатынастарға жатады.        

Реттеудің азаматтық-құқықтық әдісі заңды тараптардың теңдігін, құқық бұзушылық кезіндегі жауапкершіліктің мүліктік және өтемақылық сипатын, сотқа жүгіну арқылы жүзеге асатын құқық қорғаудың айрықша әдісін білдіреді. Бұл әдіс ор деп аталады. Бұл тараптардың теңдігін, әрекеттің тәуелсіздігін, қарым-қатынастың еріктілігін білдіреді.

Дүкен иесі тауар жеткізіп берушілерді өзі анықтайды, тараптар баға мен басқа да шарттар туралы келіседі жене бұл әрекеттерді келісімшарт түрінде рәсімдейді. Аталған келісімшарт бұзылғанда тараптар келісімшарттың күшін жояды, ал бір-біріне қоятын талаптары болса, онда ол мәселелер сот арқылы шешіледі.

Азаматтың құкықтың қағидаларына:

-тараптардың теңдігі;

-шарт еркіндігі және таңдау құкығы;

-еркіндік;

-меншікке қол сұкпаушылык;

-біреудің жеке ісіне келісімсіз араласпауы;

-азаматтык құкықтардың еш кедергісіз жүзеге асырылуы;

-бұзылған құқыктарды калпына келтіруді қамтамасыз ету;

-азаматтық-құқықтык қатынасқа катысушылардың құқықтарын сот арқылы корғау жатады.

Аталған қағидаларды азаматтық құқыктың барлық қатысушылары басшылыққа алуы тиіс, өйткені олар әрбір адам өмірінің негізін қалаушы мәнге ие. Азаматтық құқықтың жүйесі азаматтык құқықты қолдануды жеңілдету үшін оны жалпы және ерекше бөлімдерге бөледі. Азаматтық құқықтың жалпы бөліміне жалпы ережелерді реттейтін нормалар жатады. Олар: келісімшарт, меншік құкығы және міндеттемелік құкығы.

 Ерекше бөлімді, негізінен, нақты катынастарды реттейтін  нормалар құрайды. Олар-айырбас, жалға алу, сатьш алу-сату, интеллектуалдық меншік, авторлық құкык және өсиетнама.

 Азаматтық құқықтың  қайнар көздеріне мыналар жатады-Қазақстан Республикасының Конституциясы.

Конституция меншіктің түрлі нысандарын калыптастыру үшін жеке меншікке байланысты катынастарды, оның ішінде мүліктік катынаспен байланысты жеке мүліктік емес түрлі катынастарды реттеу негізінде енгізілген 6-бапта:

-«Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады жене бірдей қорғалады. Меншік міндет жүктейді, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игілігіне де қызмет етуге тиіс.

- меншік субъектілері мен объектілері, меншік иелерінің өз құқықтарын жүзеге асыру көлемі мен шектері, оларды қорғау кепілдіктері заңмен белгіленеді.

-жер мен оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігінде болады. Жер, сондай-ақ заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде және жеке меншікте де болуы мүмкін» деп жария етілген.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі азаматтық құқықтың негіздері жүйесіндегі ерекше орынға ие. Бұл заңда азаматтық-құқыктық катынастардың негіздері, азаматтық құқыктың негізгі институттары т.б. жағдайлар нақты баяндалған.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі жалпы және ерекше бөлімдерден тұрады. Жалпы бөлім 1994 жылы 27 желтоқсан күні қабылданып, 1995 жылы 1 наурызда заңдық күшіне енген, ал ерекше бөлімі 1999 жылы 1 шілдеде заңдық күшіне енді.

Азаматтық кодекстің құрылымы бөлім, бөлімше, тарау, баптар мен тармақтарға бөлінген. Жалпы азаматтық кодекс 1142 баптан тұрады. Басқа да заң актілері. Бұған азаматтық қатынастарды реттейтін арнайы конституциялық заңдар мен жай заңдар, Қазақстан Республикасы Президентінің конституцияльщ заң күші бар~және жай заң күші бар жарлықтары, парламенттін және оның палаталарының қаулылары, т.б. жатады.

Заңға негізделген нормативтік құқықтық актілерге әр түрлі министрліктер, атқарушы органдар, жергілікті органдардың азаматтық қатынастарды реттеуге арналған нормативтік құқыктьщ актілері жатады. Әдеттегі құқықтар. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 3-бабының 3-тармағында: «Азаматтық қатынастар Қазақстан Республикасы аумағында қолданылып жүрген азаматтық заңдарға қайшы келмесе, солармен реттелуі мүмкін» деп көрсетілген.

Халықаралық шарттар (конвенциялар). Қазақстан тәуелсіз ел ретінде басқа мемлекеттермен әр түрлі шарттар жасасып жатады. Осы шарттардың азаматтық қатынастарды реттеуге қатыстылары азаматтық кұкықтың негіздерінің бірін құрайды.

Халықаралық шарттардың еліміздегі ішкі заңдарға карағанда басымдылығы бар. Сол себепті ішкі заңдар халыкаралық заңдарға қайшы келмеуі керек. Егер қайшылық туып жататын болса, халықаралық шарттардың нормалары колданылады.

 Сонымен, азаматтық құқық дегеніміз-тараптардың бір-біріне тәуелсіздігіне, теңдігіне негізделген тауар-ақша қатынасы, басқа да мүліктік қатынастарға тікелей байланысты жеке қатынастарды реттеуге арналған қүқықтық нормалардың жиынтығы болып табылады.

Қазақстан Республикасының азаматтық құқығының негізгі қайнар көзіне Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі, заңдар, заңға негізделген актілер, әдеттік құқық жатады.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                1.3 Азаматтық құқықтың әдістемесі

 

Құқықтың салаларына сипатама беру үшін оның нысанасын ғана емес, сонымен бірге, азаматтық-құқықтық реттеу әдісін де анықтаудың маңызы зор.

Бұл мәселені “Гражданско-правовой метод регулирования общественных отношений” (Свердловск,1972) деп аталатын іргелі еңбегінде профессор В.Ф.Яковлев барынша терең зерттеген.

Бұлардың көмегімен мемлекет осы қатынастарға қатысушылардың керекті мінез-құлқын қалыптастыра алатын құралдар мен әдістер жүйесін реттеу әдісі деп түсінеді.

Тыйым салу және міндеттеу әдістерінен өзгеше, азаматтық-құқықтық реттеу әдісінің жалпы сипаттамасы жалпыға рұқсат ету ретінде түсіндірілуі мүмкін, яғни азаматтық айналымға қатысушылардың өздері қалайтын кез келген іс-әрекетті жасауына мемлекеттің рұқсат етуі ретінде көрсетілуі мүмкін.

Әдіс, негізінен алғанда нысанаға қарай анықталады. Белгіленген тәртіппен мемлекет тыйым салғаннан басқа іс-әрекеттің бәріне рұқсат етілген.

Әлбетте, жалпы ережеге көнбейтін ерекше жайлар да кездеседі, бірақ олар жалпы жүйені бұзбастан, кейбір жеке мәселерге қатысты болып келеді. Жиынтығының азаматтық-құқықтық реттеу әдісін түзетін жекелеген әдістерді былайша нақтырақ көрсетуге болады:

-мемлекет құқықтық қатынастарға қатысушыларға өз еркін күштеп таңбайтындықтан, азаматтық құқық императивтік (тегеруінді) емес, диспозивтік нормаларды кеңінен пайдаланады, императивтік нормаларға тараптардың еркін қалыптастыратын емес, толықтыра түсетін маңыз беріледі;

- мемлекет құқықтық қатынастардың пайда болуы (өзгеруі, тоқталуы), сондай-ақ олардың мазмұны жөнінде міндеттейтін реттеу әдісін емес, жалпыға рұқсат ететін реттеу әдісін қолданатықтан, тараптар да заң тұрғысынан алғанда өзара тәуелсіз болады, олар өздерінің еркімен ғана құқықтық қатынастарға түсіп, олардың мазмұнын өздері жасасқан шартта көрсетілгендей, өзара ерікті келісімдері арқылы анықтай алады.Сондықтан қатысушылардың бастамасы азаматтық құқықтық қатынастарға түсудің жетекші себебі болады, ал ерікті шарт оларды реттеудің негізі әдісі қызметін атқарады;

-азаматтық қатынастарды реттей отырып, мемлекет оларға қатысушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзылған жай-күйін қалпына келтіру жолымен немесе құқық бұзушылық нәтижесінде келтірілген залалды мүліктік өтемақы төлеу арқылы қорғауды қамтамасыз етеді. Мұнда мүмкін болатын қорғану құрадарын және олардың қолданылуын таңдау құқық  бұзушылықтан зардап шеккен субъектінің еркіне байланысты;

-азаматтық құқық жария мүддені емес, жеке мүддені қорғауды қамтамасыз ететіндіктен, оны қорғау әдісі құқық бұзушының жеке басына емес, оның мүлкіне қарай бағытталған;

-тараптар бір-біріне немесе өздерінен жоғары тұрған жалпы мемлекеттік құрылымға бағынбайтындықтан, ал міндеттерді орындау, құқық бұзушылық үшін жауапкершілік секілді, мәжбүрлеу арқылы, негізінен алғанда, сот арқылы қорғалуы тиіс.

Құқықтың әрбір негізгі саласының өзіне тән құқықтық реттеу әдістемесі болады. Ал оның жеке қырлары субъектілердің құқылық жағдайында  (статусында), құқық қатынастарын қалыптастыру негіздерінде, олардың мазмұның айқындау әдістерінде және заң санкциялардың топтастырыла көрсетілген.

Мүліктік және мүліктік емес қатынастардың азаматтық-құқықтық реттеу әдістемесі бірқатар өзіндік белгілерге ие:

а) азаматтық құқықтық қатынастарға қатысушылардың жалпы құқықтық жағдайы олардың тауар-ақша және басқа қатынастарына негізделген заңды түрдегі теңдігімен сипатталады (АК-тің 1 және 2-бабының 1-тармағы). К.Маркс “Капиталда” былай деп жазды: “Бұл заттар бір-біріне тауар ретінде қатысуы үшін тауар иелері бір-біріне адам ретінде, бұл заттарды еркімен билейтін адам ретінде қатысуға тиіс: сонымен, бір тауар иесі тек екіншінің еркі бойынша, демек олардың әрқайсысы екеуіне ортақ ерікті акт арқылы, өз тауарын басқаға бере отырып, өзге тауарды өзі иемденеді.

Демек, олар бірін-бірі жекеменікші деп білуге тиіс’’. Азаматтық-құқықтық қатынастарға қатысушылардың заң жүзіндегі тендігіне келсек, олардың азаматтық айналымда тең құқыты, тәуелсіз субъектілер екендігін көреміз, әрі оның әрқайсысы мүліктік оқшаулыққа ие болады, сондай-ақ бір-бірімен қарым-қатынаста тең дәрежеде әрекет етеді.

Бұл азаматтық құқық субъектілерінің бірде-бірі азаматтық құқық қатынасында екінші жаққа біржақты міндет жүктеуінеболмайды деген сөз. Сонымен қатар құқықтық қатынастағы жақтардың араларында дау туындаған жағдайда, екініш жақ үшін міндетті болып табылатын шешімді қабыдай алмайды;

 ә) азаматтар мен заңды тұлғалар өздерінің азаматтық құықтарына өз еркімен және өз мүддесін көздей отырып ие болады және оларды жүзеге асырады. Олар шарт негізінде өздерінің құқықтары мен міндеттерін анықтауда және шарттың заңдарға қайшы келмейтін кез келген жағдайларын белгілеуде ерікті. (АК-тің 2-бабының 2-тармағы). Демек, азаматтық-құқықтық қатынастардың қатысушылары өзінің қалауынша және мүддесіне сай келетін жағдайлары таңдауына мол мүмкіндік жасалады;

б)тараптар азаматтық құқықтық қатынастарда тең дәрежеде қорғану құқығына ие және қорғанудың белгілі бір мүмкіндігін тандауға ерікті (теңдік және тұлғалардың өз құқықтарына  толық пайдалану мүмкіндігі).

Азаматтық құқықты қорғау сотпен (төрелік сотпен немес аралық сотпен) жүзеге асады, бұл орайда Азаматтық кодекстің 9-бабына сәйкес, қорғанудың азаматтық істерді жүргізу заңдарының ерекше ережерін сақтай отырып, ашық әдістері қолданылады.

Егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, бұзылған құқықты қорғау үшін өкімет билігі немесе басқару органына өтініш жасау құқық қорғау туралы талап-арызбен сотқа шағымдануға кедергі жасамайды. Былайша айтқанда, сот бұзылған немесе дауға түскен құқықтарды қорғауға тиіс.

Егер қандай да бір құқық әкімшілік жолмен қорғалса, онда ол заңға тікелей сүйенуі керек.

Мұндай жағдайда құқыққа байланыста дау сотқа бірден жіберлмей, алдымен әкімшіліктің шешімен күтеді. Әкімшілік шешім қабылдағаннан кейін ғана сотқа беруге болады.

Азаматтық кодекстің 9-бабының 1-тармағына мемлекеттік басқару органның немесе жергілікті өкілді атқарушы органның заңларға сәйкескелмейтін құжатын жарамсыз немесе орындауға жатпайды деп тану туралы азаматтық құқықтарды қорғаудың жаңа тәсілі енгізілген.

Азаматтық кодекс қабылдағанға дейін көптеген құқық қолданушы органдар заңға сүйеніп жасаған құжаттардың сол заңға сәйкес келмегенімен іс жүзінде оның қолданылып келгеніне әрі мұндай заңсыз құжаттарды ешкімнің де теріске шығармағанына талай мәрте көз жеткізген болатын ал осындай келеңсіздік көп қиындық келтіреді;

в) азаматтық-құқықтық жауапкершілік өзіндік сипатымен, атап айтқанда, мүліктік және өтем түрінде айқындалады; сондай-ақ оған келтірілген залалды толықтай өтеу талабы да жатады; заң құжаттарында өзгеше көзделмеген жағдайда, бұл заң бұзушының кінәсінің қандай екендігіне де байланысты болады.

Осы айтылғандарға сүйене отырып, мынадай тұжырым жасауға болады: азаматтық құқық- құқықтың бір саласы, ол тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделенген өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты немесе (байланысы жоқ) мүліктік емес жеке қатынастарын реттейтін нормалардың жиынтығы болып табылады.

Азаматтық-құқықтық реттеу әдісінің элементтері, міне, осындай.

Азаматтық құқықтың нысанасын және әдісі ұғымдарына сүйене отырып, оның мынадай анықтамасын тұжырымдауға болады: құқықтың бір саласы- азаматтық құқық дегеніміз-бұл заң тұрғысынан алғанда, бір-бірінен бағынбайтыны мүліктік оқшауланған субъектілер арасындағы мүліктік және оған жақын мүліктік емес өзіндік қатынастарды жалпыға рұқсат етілген әдіспен реттейтін заң нормаларының жиынтығы.

 

 

 

 

 

 

 

2  Азаматтық   құқықтарды  жүзеге асырудың  түсінігі,  шектері.

 

2.1  Азаматтық  құқық  қатынастарының  элементтері

 

Құқық қатынастарын сөз  еткенде,  оны  талдағанда  біз  алдымен  құрамдас  элементтерін  айқындап  алуымыз  қажет.  Әрбір  құқық  қатынастарында   қатынастың  субьектілері деп  аталатын  қатысушылар  болып  табылады.  Азаматтық  құқықтық  қатынастарының  субьектілері:  жеке  тұлға,  заңды  тұлғалар,  әкімшілік-  аумақтық   бөліністер,  сондай-ақ  мемлекет  болып  табылады.

 Құқық қатынастарын  қатысушылардың  арасында  белгілі  бір  байланыс  орнайды,  сол  себепті  бұлардың  арасында  қатынастарының  мазмұнын  құрайтын     белгілі  бір  құқықтар  мен  міндеттер  пайда  болады.

Сол  қатынаста   құқықтар  мен  міндеттер  не нәрсеге  (мүліктік  және  жеке  мүліктік  емес  игіліктер)   бағытталған  болса,  сол нәрсе  оның  обьектісі  деп  аталады.

Сөйтіп,  құқық  қатынастарына  төмендегідей   элементтер  тән   болады:  субьектілер  (қатысушылар),  мазмұны (құқықтар  мен  міндеттер)   және  обьектілер  (құқықтар  мен  міндеттердің  қатынасы  бар  мүліктік   және   мүліктік  емес  игіліктер).

Осыған орай  құқықтың  жалпы  теориясының  бір  мәселесіне  тоқтала  кеткеннің   еш артықтығы  жоқ.  Әдетте  “құқық”   сөзі  бір-бірімен  тығыз  байланысты,  бірақ  шын  мәнінде   мүлдем  бөлек екі  мағына  білдіретіндігін  айтпасқа  болмайды.   Оның  біріншісін  “Азаматтық құқық”   “құқық  нормалары”  дегенге  қолданамыз.  Бұл  сөз  тіркесіндегі  “құқық”   дегеніміз  мемлекетке   қалыптасқан  құқықтық  рәсімдер  жүесі,  жиынтығы.  Қажет  болған  жағдайда  оның  жүзеге  асырылуы   мемлекетткүшіне сүйенеді.  Осы  мағынада   қолданылатын  “құқықтың обьективті  мағынасындағықұқық” деп  немесе  “обьективті  құқық”  деп  атайды.

Бұл  күнделікті  өмірде  “менің  меншік  құқығым  бар”,  “сіз бұлай  істеуге құқығыңыз  жоқ”, “оның  зейнетақы  алуға  құқығы  бар”   тәрізді  сөздерді  жиі  айтамыз,   ал  бұл  орайда кедесетін “құқық”   сөзі   заң  дегенді  емес,  тұлғаның,  нақті адамның  белгілі    бір  мүддесін  ғана білдіреді.  Бұл  жағдайларда “құқық”   туралы  субьективтік  мағынада  немесе  басқаша айтқанда,  құқықтық  нормалардың   құқық тұлғаларына  берген  құқықтық  мүмкіндіктер  болып есептелінеді.   Құқық  қатынастарының  элементті ретінде  атқанымыз,біз  субьективік   құқық  туралы   да  айтамыз “құқтық”   деген  сөзге  беретін  екінші  мағына .

        Әрбір  құқық  қатынасында  қатысушының  бірінің   субьективтіқұқығына  екіншісінің  заңдық     міндеттілігі  сәйкестендіріледі,   яғни  біреуінің  екіншісі  алдындаы  міндеттілік   аясы  айқындалады.    Мысалы,  үйді  сатып алу-  сату    шартына   сәйкес  сатушы  мен  сатып  алушы   үйді  алуға  құқылы   да,   сатушы  оны  беруге  міндетті.

       3.  Заңдылық  фактісінің   түсінігі.  Азаматтық    құқық  нормалары    өздігінен     азаматттық  құқық  қатынастарын  тудырмайды.   Қандай да болсын  нақтылы    азаматтық  құқық  қатынастары  белгілі   бір  жағдай  болғанда   ғана  пайда  болады.  Мұның  мазмұнының  өзгеруі  немесе  оның  қысқартылуы  да  белгілі  бір  жағдайға   байланысты.   Осындай  құқық  қатынастарының  пайда  болуына,   өзгеруіне  немесе  оның  қысқартылуына  себепкер  болатын  жағдайларды  заңдылық  фактілер  деп  атайды.   Мысалы,  баланың   тууы,  мәміленің  бүлінуі   т.б.  заңдылық  фактілер  болып  табылады.

Азаматтық құқық пәні мен әдісі