Бастауыш сынып оқушыларының дидактикалық ойындарды қолдану арқылы іс-әрекет белсенділігін арттыру

Мазмұны

 

Кіріспе

1 Дидактикалық ойындарды  пайдаланып оқытудың теориялық  негіздері - 3

1.1 Математика сабағында  бастауыш сынып оқушыларының  іс-әрекет белсенділігінің теориялық  негіздері

1.2 Дидактикалық ойындарды  қолданудың педагогикалық шарттары

1.3 Дидактикалық ойындарды математика сабағында қолданудың ролі

2 Бастауыш сынып оқушыларының  іс-әрекет белсенділігін арттырудағы  тәжірибелік-эксперименттік жұмыс  нәтижесі

2.1 Кіші мектеп оқушыларының  іс-әрекет белсенділігінің деңгейін  бақылау.

2.2 Кіші мектеп оқушыларына математиканы оқыту үрдісіне ойынды енгізу бойынша тәжірибелік-эксперименнтік жұмыстарды ұйымдастыру

2.3 Педагогикалық іс-тәжірибе  нәтижесі

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Қосымша А «Жаттығулар»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Зерттеудің көкейкестілігі: Оқушылардың оқу пәніне деген қызығушылығын оятуда басқа да әдіс-тәсілдерімен қатар, түрлі дидактикалық материалдарды қолданатын тиімді тәсілдердің бірі дидактикалық ойындар.

Кезінде оқушылардың оқу әрекетіне ойын элементтерін енгізуді К.Д.Ушинский ұсынған еді [1].

Тәжірибе бала үшін оқытудың неғұрлым оңтайлы формасы болып табылатын дидактикалық ойынды құрды. Дегенмен дидактикалық ойындарды өткізу үрдісінде қандай міндеттер шешілетінін және кіші мектеп сатысында жаттығуларды өткізудің ерекшеліктерін айқын елестетсең ғана жақсы нәтижеге жетуге болады. Психологтардың дәлелдеуінше ешбір қызығушылықсыз, өзіндік жағымды қатынасынсыз, көңіл-күйсіз игерілген білімнің пайдасы жоқ.

Кіші мектеп оқушысы жазады, оқиды, сұрақтарға жауап береді, бірақ бұл жұмыс оның ойын ауламайды, қызығушылығын оятпайды. Сөзсіз ол бір нәрсені меңгеруі мүмкін, бірақ еріксіз қабылдау, мықты білімге тірек бола алмайды. Балалар ақпаратты естеріне нашар сақтайды, себебі оқу оларды қызықтырмайды.

Күтпеген жерден сұрақ қойып, проблемалық жағдаят туғызып, сабақтан, сабақты әдеттен тыс өткізу формасымен балаларды  белгілі бір іске жұмылдыруға болады. Өмірде әрқашанда қызықты және еліктіретін нәрсені тауып алуға болады. Оны тек іздеп тауып, балаларға қызықтырып беру керек [2]

Бастауыш мектептің математика сабағына қойылатын негізгі міндет – «бала тұлғасының бастапқы үйлесімді құрылуын қамтамасыз ете отырып, оның математикалық қабілеттерін анықтау және дамыту. Оқыту мен тәрбиені жағымды түрткімен оқу іс-әрекетіндегі дағдыларға (оқу дағдысы, жазу, санау, шығармашылық өзін-өзі шыңдау тәжірибесі) бағдарлау керек». Сондықтанда қазіргі білім беру үрдісі оқушылардың жас және психофизиологиялық ерекшеліктерімен, мүмкіншіліктерімен және қабілеттерімен сәйкес ұйымдастырылу керек. [3]

Дұрыс басқарылған ойын мектебі оқудан гөрі, әлем терезесін берік және кеңірек ашады – бұл сөздерді бала өмірінде ойынның және ұстаз, тәрбиеші, ересектің мүмкін ең жауапты іске кіріскені – Адам тәрбиелеу, баламен бірге болу, ойын кезінде де, тек бала ересекті бақылаушы ретінде емес, өз досын көргендей болып, сол ойынды басқарудың мағыздылығын жақсы білетін К.Фабр айтқан еді.

Сол себептен бұл мәселе қазіргі кезде балалар психологиясы мен педагогикасында көкейкесті мәселеге айналып отыр. Сондықтан біз дипломдық жұмысымызда осы тақырыпты қарастырамыз.

Осыған итермелеген екі себепті атауға болады. Бір жағынан Қазақстанның бастауыш мектебінде әр түрлі оқыту бағдарламаларының көбеюі, оқушылардың ойын ойнауға, құрдастарымен қарым-қатынас жасауға аз уақыт қалатынына әкеп соқтырады. Екінші жағынан, көбінесе педагогтың ойын басшылығының мазмұнын түсінуі, баланың ойын іс-әрекетінің қатал регламентін ескертіп, оны шығармашылықтан, бастамашылдықтан, қиялдаудан айырады. Шығармашылық анализ бен тәжірибені игерудің бастапқы нысаны ретінде, дидактикалық ойынды таңдау, мынадай жағдайлармен байланысты, тек ойын ғана оқушының танымдық қызығушылығын арттырып, күрделі оқыту үрдісін жеңілдететін қызметін атқара алады.

Сөйтіп, дидактикалық ойындар арқылы кіші мектеп оқушыларының іс-әрекетін белсендіру мәселесі қазіргі таңдағы білім беру жүйесінде маңызды міндет болып табылады.

Қарастырылған тақырып бойынша психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттердің, рефераттық, курстық, дипломдық жұмыстарды талдау нәтижелері көрсеткендей бастауыш сынып мұғалімдерінің дидактикалық ойынды кіші мектеп оқушыларының іс-әрекетін белсендіруде басты құрал ретінде қолдану шарттарын қарастыратын арнайы зерттеудің жоқтығы анықталды.

Жалпы дидактикалық ойындарды зерттеумен О.С.Газман, Е.М.Минскин, Т.К.Жикалкина, П.М.Эрдниев, Н.Е.Харитонова, Б.П.Никитин, Ш.А.Амонашвили, С.Н.Лысенкова, Л.С.Выготский, сонымен қатар Ш.А.Сырбаева, А.А.Бектурова және тағы басқалары айналысқан.

Е.М.Минскин өз еңбегінде балалардың оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыруға бастауыш сынып мұғаліміне көмектесуге мақсат қойған. Ғалымның пікірінше, педагогикалық мақсаттарға жету үшін мұғалім ойынның мазмұнын, оны жүргізу әдістемесін білу керек, және оларды балалардың жас ерекшеліктері мен сабақтың тақырыбына сәйкес іріктеп алу керек. [5]

Аталған жұмыстар белгіленген мәселенің жете зерттелмегенін куәландырады. Бастауыш мектептің математика сабағында дидактикалық ойындар арқылы кіші мектеп оқушыларының іс-әрекетін белсендіру үшін дидактикалық ойындарды қолдану шарттарын жетік білмеуі, осы салада математика мұғалімдерінің дайындық дәрежесінің төмендігі арасында объективті құрылған қарама-қайшылықты шешуге бағдарланған, кешенді шаралар жүйесін жетілдіру және қолдану қажеттілігі туады.

Қазіргі заман мектебінің  талаптарын ескере отырып, ғылыми-педагогикалық әдебиеттерде осы мәселенің жете зерттелмеуі, оның өзектілігін көрсетеді және зерттеу тақырыбын анықтайды:  «Математика сабағында оқушылардың іс-әрекетін белсендіруде дидактикалық ойындардың ролі»

Зерттеу мақсаты: Математика сабағында кіші мектеп оқушыларының іс-әрекетін белсендіруде жетекші тәсіл ретінде дидактикалық ойындарды қолдану шарттарын айқындау.

Зерттеу нысаны: бастауыш сынып оқушыларының іс-әрекетін белсендіру үрдісі.

Зерттеу пәні: бастауыш сыныптың математика сабағында дидактикалық ойындарды қолданудың педагогикалық шарттары.

Зерттеу болжамы: егер бастауыш сыныптың математика сабағында, оқушылардың іс-әрекетін белсендіру үшін қолайлы жағдайлар туғызып, дидактикалық ойындарды қолдану бойынша жүйелі жұмыс ұйымдастырылса, онда кіші мектеп оқушыларының іс-әрекетін белсендіру дәрежесінің жоғарлауы туралы айтуға болады, өйткені бұл жағдайда, оқушылардың математиканы оқуға деген қызығушылығы мен ынтасы күшейе түседі.

Зерттеудің міндеттері:

1. Бастауыш сынып оқушыларының математика сабағында белсенділік деңгейін анықтау.

2. Кіші мектеп оқушыларының  математика сабағында дидактикалық  ойындардың оқыту үрдісіндегі  ролін айқындау.

3. Математика сабағында  дидактикалық ойындар арқылы  бастауыш сынып оқушыларының  белсенділігін арттыру әдіс-тәсілдерін қарастыру.

4. Математика сабағында  бастауыш сынып оқушыларының  белсенділігін арттыру тәсілі  ретінде дидактикалық ойындарды  қолданудың педагогикалық шарттарын  зерттеу.

Зерттеу әдістері:

- зерттеу мәселесі бойынша  психологиялық, педагогикалық, философиялық, әдістемелік әдебиеттер, рефераттар, курстық және дипломдық жұмыстар, баспасөз көздері (Бастауыш мектеп, Қазақстан мектебі, Бастауыш білім), Математика оқулықтары, оқыту бағдарламалары мен оқыту әдістемелері, педагогикалық құжаттар негізінде жасалған теориялық талдау жасау.

- бастауыш сатыда математика  сабағында дидактикалық ойындарды  қолдану жұмыстарының озық тәжірибелерін  зерделеу.

- сабақ барысында бастауыш  сынып оқушылары мен мұғалімдердің  іс-әрекетіне педагогикалық бақылау жасау, мұғалімдер және оқушылармен әңгімелесу, сұрақ-жауап, педагогикалық эксперимент, статистикалық әдістер.

Зерттеу базасы: зерттеу мәселесі бойынша тәжірибелік-эксперименттік жұмыс Павлодар қаласының Қалижан Бекқожин атындағы № 12 жалпы орта білім беру мектебінде 2011 жылдың 7-ақпанынан наурыз айының 30 дейін жүргізілді. Экспериментке 2 «Б» және 2 «Б» сыныптары қатысты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 Дидактикалық  ойындарды пайдаланып оқытудың  теориялық негіздері

 

1.1 Математика  сабағында бастауыш сынып оқушыларының іс-әрекет белсенділігінің теориялық негіздері

 

Дидактикада негізгі мәселелердің бірі – оқушының белсенділігін арттыруға бағытталған оқу үрдісін ұтымды ұйымдастыру. Мұндай талап дидактикада оқушыны оқытуда белсенділік күйге келтіретін белсенділік қағидасы.

Белгілі ғалым М.Н.Скаткиннің пікірінше, «оқытудағы сыртқы белсенділік деп оқушы тапсырманы механикалық түрде, бөтен еш нәрсені ойланбай орындауында болса, ішкі белсенділікте оқушының барлық оқу әрекеті материалды үйренуге бағытталады» []. Т.И.Шамова бұл мәселені жалпы түрде қарастырып, белсенділіктің үш баспалдағын:

1) еске түсіретін (репродуцирующий);

2) өзінше түсіндіру (интерпритирующий);

3) шығармашылық деп ажыратып  көрсетеді [].

Оқушының оқу таным қызметінің белсенділігін арттыратын тапсырмалар құрастыру мен ұсыну белсенділіктің мазмұнды жағы болып табылады. Дегенмен, белсенділікті арттырудың маңызды бір жағы – оқушылардың оқу жұмысын жоғары деңгейде белсенді болатындай етіп ұйымдастыру.

Дәстүрлі оқудың дайын түрде, үйреншікті түсіндірілуі  төмендегідей белгілермен сипатталады:

1) жаңа материалды толығымен  мұғалім ауызша түсіндіріп, кей  жағдайда оқушының алдын-ала қажетті  білімі болса, онда әңгімелесу  әдісі пайдаланылуы мүмкін;

2) оқулық, негізінен, үй жұмысында  пайдаланылса, ал оқушы оқулықты  сынып жұмысы барысында мұғалімнің түсіндіргенін қадағалап отырмауы үшін қолданылмайды. Көбінесе оқулық үйде де пайдаланылмайды, оның орнына сабақта мұғалімнің басшылығымен жазылған конспект пайдаланылады;

3) білімді тексеру, негізінен, кейде сабақтың едәуір бөлігін алатын оқу материалын жеке оқушыдан ауызша сұраудың көмегімен және ұзақ уақыт аралығында алынатын кең көлемді бақылау жұмысы арқылы тексеріледі;

4) сабақта әдеттегідей, немесе  басым көпшілік жағдайда жаппай  ұжымдық жұмыс әдісі пайдаланылса, ал өзіндік жұмыстың пайдалану көлемі шамалы болады. Мұндай оқыту жүйесінің айтарлықтай кемшілігі – сабақтағы оқушының енжарлығынан және осының әсері оқу сапасының тиімділігін төмендетеді. Шын мәнінде, дәстүрлі оқыту жүйесінде жеке оқушының белсенділігін арттыру өте төмен дәрежеде болды.

Жоғарыда айтқанымыздай, ұзақ уақыттан бері Кеңес дидактикасындағы маңызды мәселелердің бірі – сабақта оқушының белсенділігін қалай арттыруға болатыны қарастырылып келді. Мұндай зерттеулер негізінен оқулықты жәй оқумен және жаттығу жұмыстарын орындаудан тұрғанын айтады [].

Оқушылардың белсенділік іс-әрекетін дамыту арқылы білім сапасын көтеру қазіргі таңда да негізгі өзекті мәселе болып табылады. Оқушының темпераменті, мінез-құлқы оның іс-әрекетінде көрініс береді. Сондықтан да, әр педагог оқушының темпераментін, оның жеке бас қасиетіне негіздей отырып оқу-тәрбие үрдісін жүргізе білсе, нәтижеге жетеміз.

Қазіргі таңда да мектеп мұғалімдері оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауына бағытталған жаңа әдістерді оқу-тәрбие үрдісінде кеңінен пайдалануда. Солардың бірі – оқытудың белсенді әдістері.

Бірақ, белсенділік ұғымына әлі де болса нақты түсінік берілмеген. Ал, бұл белсенділік туралы біртұтас тұжырымдамалар құруға және бірқатар тәсілдер жүйесін түсінуге кедергі келтіреді. Көптеген ресейлік, қазақстандық ғалымдар белсенділікке әр түрлі анықтамалар береді. Солардың ішінде, біздің зерттеу жұмысымызда негізге алатынымыз мына анықтама: «Белсенділік – білімді меңгеруде, біліктілік пен дағдыны қалыптастыруда, оларды тәжірибе жүзінде қолдануда оқушылардың қызығушылығын оятып, белсенділік, шығармашылық, өз бетіншілік қабілеттерін шыңдауда оқытудың мазмұнын, түрлерін, әдістерін, тәсілдерін және құралдарын жүзеге асыруға бағытталған іс-әрекеті» []. Білім оқушының өзін-өзі басқарудағы іс-әрекеті, ал, белсенділік осы іс-әрекеттің құралы болғандықтан, оқу іс-әрекетін белсендіру белсенділікті басқару, яғни, оның уәждемесін және оңтайлы деңгейге көтеру, сол деңгейде ұстап тұруы болып табылады.

Оқытуды басқарудың оңтайлы өлшемдерін таңдау міндеті туындайды, олар мынадай қатынастарды қанағаттандырады: басқару өлшемі төменірек оқушының іс-әрекетіндегі өз бетіншілік деңгейі биігірек болады.

Алайда, белсендіру мәселесін басқаруды төмендету өлшеміне әкеліп соқтыру қате қорытынды жасауға мәжбүр етеді: оқытушының жетекшілік рөлі аз болған сайын, оқушының белсенділігі арта түседі. Мұндағы ең басты ескеретін жағдай – оқушылардың іс-әрекеттерінің мотивациясы. Жоғары дәрежедегі түрткі мотив басқару өлшемдерінің төмендеуі сәйкес белсенділіктің жоғарылауына әкеледі; төменгі дәрежедегі мотивацияда пайда болатын қиыншылықтар оқушының пәнге деген қызығушылығын одан сайын төмендетеді және тіпті оның мақсатты бағыттылықтан ауытқып кетуіне де әкеліп соғады. Оқытудағы белсенділік туралы сөз еткенде, негізінде ол оқушылардың ойлау белсенділігі жөнінде болады.

Бастауыш мектептің көптеген мұғалімдері іс-әрекет белсенділігінің нақты белгілерін анықтауға қиналғандықтан, интуитивті түрде әрекет жасайды. Олар көбінесе оқушылардың жақсы үлгерімін іс-әрекет белсенділігінің жоғары деңгейі деп біледі, бірақ бұл әрқашан дұрыс болмайды. Үлгерім іс-әрекет белсенділігінің көп белгілерінің біреуі ғана. Бастауыш сынып оқушысы жақсы оқуы мүмкін, ал іс-әрекет белсенділігінің деңгейі төмен болатын жағдайлар кездеседі. Оның барлығы оқушының қандай ішкі түрткілері оны танымға итермелейтіндігіне байланысты (жаңаны білуге ұмтылу, бірдеңеге қызығу). Сонымен қатар кейбір мұғалімдер бастауыш сынып оқушысының сабақтағы сыртқы белсенділігін (жолдастарының жауаптарына кимелеп кірісу, үнемі жауап беруге ұмтылу) оның ойының бағыттылығы деп түсінеді. Сондықтан мұғалім бұл жастағы балалардың қозғалғыш, жылдам, қозу процесінің тежелу процесінен басым болатынын естен шығармауы керек.

Соңғы жылдары Республикамызда оқушылардың оқу-таным әрекеттерін белсендіру, проблемалық оқыту, оны ұйымдастыру, әдіс-тәсілдерін жетілдіру жайында И.Н.Нұғыманов, Ж.А.Қараев, Р.Әлімқұлова, Г.К.Нұрғалиева, А.Е.Әбілқасымова, Т.С.Сабыров, Қ.Қадашева, Қ.Жақсылықова, Ж.Сүлейменова, Г.Е.Алимухамбетова, З.Ибрагимова, Р.М.Құсайынов, А.Тамаев, А.Е.Дайырбаева және басқалар зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді [].

Жалпы алғанда, өркениеттің прогрессивті дамуының негізгі қозғаушы күші шығармашыл тұлға екені белгілі. Сондықтан, оқушылардың оқу үрдісінде білім алу кезіндегі белсенділігі, өз беттерімен білімді игеру дәрежелері дидактика мен мектеп практикасында үнемі басты проблемалардың бірі болып қала береді. Себебі, оқытушының әрекеті оқушыларына сүйенбей іске асуы мүмкін емес. Заман ағымымен тығыз байланыста болатын білім беру үрдісі қай кезде де әрбір адамның жалпы дамуының кең ауқымдылығын қамтамасыз етуі шарт. Бұның негізі – терең білім мен тәрбие. Негізінен, тек мұғалім түсіндіріп, оқушылар тыңдап, сұрағына жауап беріп, жоспар бойынша орындалатын оқу формасына қалыптасып алған жағдайымыз тағы бар. Бұндай формада жүргізілген сабақ, әрине, баланың ойлануына, ой жүйесінің дамуына көп мүмкіндік бермейді.

Қоғамымызда болып жатқан әлеуметтік–экономикалық және саяси өзгерістер білім беру сапасын жетілдіруді және ең алдымен, білім мазмұнын жаңартуды, оны қазіргі заман талаптарына сәйкестендіруді, соның негізінде білім алушыларды қоғамның дамуына өз үлестерін қоса алатындай жеке тұлға ретінде қалыптастыруды  қажет етіп отыр.

Адамның тұлға ретінде қалыптасуы іс-әрекет негізінде жүзеге асырылады. Іс-әрекет адам санасынан бөлек қарастырылмайтын, белсенді мақсатты үрдіс, өйткені, іс-әрекеттің өзіндік қоғамдық сипаты, мақсаты, жоспары, жүйесі бар. Іс-әрекет әрқашанда белгілі бір бағытқа құрылып, алға қойған мақсатқа жетуді көздейді. Іске кіріспес бұрын адам ойша іс-әрекет жоспарын белгілейді, оның түпкі нәтижелерін болжайды, оған жетудің әр түрлі құралдарын пайдалану жолдарын ойластырады. Іс-әрекетті жүзеге асыруға бағытталған еңбегінің барысын бақылап, өзіне-өзі іштей есеп беріп отырады.

Адамның дамуы әр кезең талабына сәйкес атқарылатын іс-әрекеттердің алмасуымен, күрделеніп өсуімен қатар жүретіндігі белгілі. Адамның сәбилік кезеңдегі жетекші іс-әрекеті - ойын болса, мектеп жасында іс-әрекет етудің жетекші түрі оқу, үйрену. Оқу іс-әрекеті адамның одан кейінгі саналы өмір сатысындағы басты әрекет – еңбекке даярлаудың алғашқы кезеңі ретінде қарастырылады. Сондықтан да оқу іс-әрекетінің қоғамдық талаптарға сай ұйымдастырылуы, өз мәнінде жүзеге асырылуы маңызды. Оқу іс-әрекеті жеке тұлғаны тәрбиелеудің басты шарттарының бірі.

«Оқу іс-әрекеті» ұғымының қолданысқа енуі білім сапасына сипаттама беруге байланысты тұтас оқу әрекетін қарастыру қажеттігінен туындаған. Оқу іс-әрекеті күрделі құбылыс. Оқу іс-әрекетінде оқу міндеттері шешіліп, мақсаткерлік, мотив, танымдық үрдіс ақпаратты қабылдаудан бастап, күрделі шығармашылық үрдістің қалыптасуымен аяқталатын түрлі сезімдік көріністермен сипатталады. Оқу іс-әрекетінің пәні – оқушының әлеуметтік тәжірибені меңгеру жолындағы өзіндік тәжірибесі. Оқу іс-әрекетінің өнімі – оқушының өзі, яғни, оның қабілеті, оның дамуының көрсеткіштері.

Оқу іс-әрекетін зерттеген белгілі психолог ғалымдардың  еңбектерінде (Л.С. Выготский, В.В.Давыдов, А.Н.Леонтьев, Л.С.Рубинштейн,  Д.Б. Эльконин және т.б.) бұл ұғымға  жан-жақты сипаттама берілген. Жалпы айтқанда, оқу іс-әрекеті - субъектінің өзінің мазмұны жалпыланған ғылыми ұғымдарды игеру саласындағы істері мен іс-әрекет тәсілдері, яғни ол оқыту үрдісінде ойлаудың қарқынды дамуына ықпал ететін, теориялық білімді меңгеруге бағытталған оқушылардың әрекетінің бір түрі. Оқу іс-әрекеті кең және тар мағынада қарастырылады. Кең мағынада ол үйрену, оқу сөздеріне синоним ретінде қарастырылса, тар мағынада (В.В. Давыдов, Д.Б. Эльконин, А.К. Маркова және басқа ғалымдардың пікірінше) – оқу іс-әрекетінің өзіндік мазмұны, мәні бар әрекет ретінде қарастырылады. Оқу іс-әрекетінің өзге іс-әрекет түрлерінен ең басты өзгешелігі оқушының «жаңа дүниеге енуімен», әрбір жаңа әрекеттік компоненттерді игерумен, әрдайым оның бірінен екіншісіне ауысып отырумен сипатталады.

Оқу іс-әрекетінің  ерекшеліктері: оқу іс-әрекетінің мазмұны оқу тапсырмалары түрінде құрылуында; оқу іс-әрекеті бұрын танылған білімді, білікті игеруге бағытталуында; оқу іс-әрекетінің негізгі мақсаты − білім беру, үйрету болып табылатындығында; оқу іс-әрекетінде нақты нәтижемен қатар, нәтижеге жету барысы ескерілетіндігінде; оқу іс-әрекетінде жаңалық ғылым үшін емес оқушылар үшін жаңа болуында; оқу іс-әрекетінде дербестілік негізінің қалануында; оқу іс-әрекетінде тексерудің тұтас үрдісінің қамтылуында;  оқу іс-әрекетінің - мөлшерлі әрекет  болуында.

Оқу іс-әрекетінің мазмұнын  құрайтындар:

1. Заңдылықтар  мен ережелерді түсіну әрекеттері.

2. Практикалық  міндеттерді шешуге бағытталған  ойлаудың жалпы амал-тәсілдерін меңгеру әрекеттері.

Оқу іс-әрекетінің негізгі құрылымы (Д.Б. Эльконин, В.В. Давыдов, В.В. Репкин) келесідей компоненттерден тұрады: мотивациялық (себепкерлік), мазмұндық, амал-әрекеттік (операциялық). Оқушылардың іс-әрекет белсенділігі оқу үрдісінде қалыптасады. Белсенділік жеке басқа тән, маңызды бір қасиет болып саналады. Бұл қасиетсіз адамның  қандай да болсын жұмысы нәтижелі болуы мүмкін емес.

Жеке оқушының белсенділігіне жасалған талдау негізінде белсенділікті жеке тұлғаның сипаты деп айқындауға негіз беретінін атап өтеміз, ол адамның әрекетке қатынасынан көрініс табады, бұл әрекет етуге дайын болушылық, ұмтылушылық, оны жүзеге асыру сапасы, алға қойылған мақсаттарға жету үшін оңтайлы жолдарды таңдау. Жеке адамды білім алуға қол жеткізген білімін тереңдетуді, қоғамдық рухани мәдениетін ұғынуды, өз қабілетін көрсетуді қажетсінуі танымдық белсенділіктің қайнар көзі болып табылады.

Оқудағы белсенділік оқып-үйренетін тақырыпқа, пайда болған мәселеге, міндетке тұрақты ынтаның пайда болуымен, назар мен ой-сана операциясының бағыттылығымен (талдау мен синтез, салыстыру мен салмақтау, т.б.) оқып жатқан материалды түсінумен бейімделінеді.

Оқыту белсенділігі – оқушылардың неғұрлым көбірек білім алуға деген құштарлығы мен ұмтылысы; мақсатқа ұмтылулары; жоғары жұмыс қабілеттілігінің болуы.

Зерттеуші С.Қоянбекова белсенді оқытудың негізгі әдісі ойын деп санайды. Рөлдерді ойнап көрсету, белгілі жағдайды талдау, бағдарламаны белсенді оқыту, ойындарды жобалау, мәселені дәрістер, талқылаулар, тәжірибе алмасу – белсенділік туғызатын негізгі амалдар.

Белсенділікті тұлғаның әлеуметтік сапасы деп қарасақ, оны әрекеттің сипаттамасы ретінде қарастырған дұрыс. Әрекет бұл адамның қоршаған әлемді меңгеруінің және белсенді құруының бір түрі. Жеке тұлға әрекет барысында қалыптасады, дамиды. Тұлғаның әрекетке қарым-қатынасына байланысты, әрекет мақсатқа жете алуы бойынша әр түрлі болуы мүмкін. Белсенділік болмыстың қоғамдық формаларын құруға және адамның қоғамдық мәнін жүзеге асыруға бағытталған әрекет болып табылады.

Педагогикалық аспектідегі белсенділік мәселесін зерттеу берілген түрлі түсіндірумен байланысты:

- белсенділік баланың  таным әрекетіне (мақсатқа жетудің  тиімді жолдарын таңдау, талпыныс, дайындық жүзеге асыру) деген  қатынасын сипаттайтын тұлғаның  бір белгісі ретінде түсіндіріледі;

- белсенділік субъектінің  іс-әрекетке қатынасын (қажеттілік, мотив, ерік күші, эмоция) көрсететін негізгі белгілермен қатар тұлғаның сипаттамасы ретінде түсіндіріледі.   

 Белсенділік - (қарқындылық,беріктік,төзімділік) білім алушының іс- әрекет пәнімен  тікелей араласу дәрежесін анықтайды. Балалардың таным белсенділігін басқару дәстүрлі түрде белсендіру деп аталады. Белсендіру - бұл оқытушының белгілі мақсатқа бағытталған әрекеті, мазмұнды, көлемді оқу қолданылатын және қызығушылығын тудыратын, таным белсенділігін, шығармашылығын арттыратын, білімді меңгерудегі баланың өзіндік үйренуі, дағды мен шеберліктің қалыптасуы, оларды тәжірбиеде қолдану әрекеті.

          Бұл ой еңбегінің тоқтап қалуын және құлдырауын, енжар және көшірме әрекеттен құтылу үшін, жігерлі, мақсатты оқуға бағытталған тұрақты күнделікті ағымдағы процесс.

           Белсенділіктің негізгі мақсаты - балалардың таным белсенділігін қалыптастыру, оқу тәрбиенің сапасын көтеру. Егер белсенділік пен іс- әрекетті ұқсас құбылыс пен ұғым ретінде қарастыратын болсақ, онда бұндай жағдайда мәселе өзінен-өзі шешіледі, яғни, балалардың кез-келген іс-әрекеті белсенді іс-әрекет болып табылады, бірақ бұл олай емес. т.б. Белсенділікпен қатар балалардың оқуға деген қызығушылығының тағы бір маңызды қыры ашылады, яғни олардың мұғалімдер мен үлкендердің көмегінсіз объектіні, құралды анықтауға байланысты іс әрекетті жүзеге асырудағы дербестігі. Балалардың танымдық іс-әрекетін белсендіруде оқытудың әдістері мен құралдарын іздестіру проблемасы терең ғасырларға кетеді.

        Балалардың іс-әрекет белсенділігін арттырудың жаңа формаларын шеберлікпен пайдалана отырып, ұстаздардың белсендіру әсерін жүзеге асырады, онда балалар: өз пікірінде тұра алуы; пікір таластар мен талқылауларға қатысуы; жолдастарына және мұғаліміне сұрақ қоя білу; жолдастарының жауаптарын түзету; жолдастарының жауаптары мен жазба жұмыстарын бағалай білу; артта қалған балаларды оқытуы; үлгерімі нашар балаларға түсініксіз жерлерді түсіндіруі; өз бетінше шамасы келетін тапсырмаларды таңдауы; танымдық міндетті шешудің бірнеше түрін табуы; өзін-өзі тексеру үшін, өзіндік танымдық және тәжірбиелік әрекеттерін талдау үшін ойластыруы; танымдық міндеттердің шешімін өзіне белгілі тәсілдерін жинақтап  қолдануы жүзеге асырылады.

        Жеке  адамның дамуы үшін оның ұйымдастырылған іс-әрекет белсенділігінің бағыт бағдар сипаты да біршама маңызға ие. Ұйымдастырылған іс әрекет барысында әрдайым балалардың белсенділігіне жол бере отырып, оларда сол қызметке деген ұнамды жеке шынайы адамгершілік қатынас қалыптастыру қажет.

Белсенділік адамға өте маңызды және күрделі құрылым ретінде өзінің психологиялық анықтамаларында көптеген тұжырымдамаларға ие. Іс-әрекетті белсендіру мәселесіне байланысты әр еңбектерде белсенділікке анықтама беріледі, оның құрамды белгілері бөлшектеніп, мазмұны мен көлемі анықталады. Іс-әрекет белсенділігінің мәселесі – педагогикалық зерттеулердің терең негізі екенін атап өту керек. Бұл мәселені зерттеуге үлес қосқандар: М.Н.Скаткин, И.Ф.Харламов, М.А.Данилов, И.Л.Лернер, М.И.Махмутов, Т.Ш.Шамова, Г.И.Щукина және т.б. Маңызды әлеуметтік күшіне байланысты бұл қазіргі диалектикада, білім беру тәжірибесі мен тәрбиеде негізгі болып саналып отыр. Педагогикалық-психологиялық  әдебиеттерге   белсенділіктің    төмендегідей   анықтамалары   бар:

- Адам – зейіні таным  белсенділігінің таңдаулы бағыттылығы  (Н.Ф.Добрынин, Т.Рибо).

- Таным субъектісінің  ақыл-ой қабілеттерінің көрінуі (С.Л.Рубинштейн).

- Әртүрлі сезімдерді  белсендіргіш (Д.Фрейер).

- Адамның   іс- әрекеті  мен   санасының  деңгейін   жоғарлататын  эмоционалды-еріктің  және   ақыл-ой   процесінің  ерекше  қорытпасы   (А.Г.Ковалев).

- Білімді қарқынды меңгеруге  әзірлік, яғни қабілет пен ұмтылыс (Н.А.Половинков).

- Субъектінің қоршаған  заттар мен құбылыстарға қатысты  қайта құрылу әрекетінің көрінуі (Л.П.Аристова).

- Тұлғаның күшейтілген  танымдық жұмысымен сипатталған еріктік жағдай   (Р.А.Низамов).

- Баланың өмірлік күшінің  әсерлілігі (Г.И.Щукина).

- Таным мақсатына жетудегі  құлықтық-еріктік әрекеттерді жиюға  ұмтылумен   және білім беру  сипатына, мазмұнынына қатысты тәрбиелеуші  тұлғасының   айқындалуы, әрекет сапасы  (Т.И.Шамова).

Іс-әрекет белсенділігі көп тұлғалық қатынастардың қалыптасуымен тығыз байланысты.. Сонымен бірге, адамның барлық жоғарғы таным процестерін өзінің даму деңгейінен белсендіруге іс-әрекет белсенділігі тұлғаның шындықты қайта құру әрекеті нәтижесінде ұдайы ізденіске жетелейді. Балалардың жеке тұлғасында белсенділігінің дамуы 6-8 жас аралығында қарқынды келеді. Бұл әсіресе баланың логикалық тапсырмаларды белсенді орындауы, жауабын ширақ табуы, білуге оқу іс-әрекетінің міндеттерін шешуде айқын көрінеді.

Жалпы іс-әрекет белсенділгінің мазмұнын ашуға ерте кезден бастап-ақ көптеген ғалым – зерттеушілер ат салысты. Мысалы, Б.П.Есипов: «Белсенділік шәкірт ақыл-ойының ізденімпаздығының белгілі бір дәрежесін көрсетеді», - дейді []. Біз іс-әрекет белсенділігін оқушының ақыл-ой және дене қуатын жәй ғана жұмылдыруына жатқызбаймыз, қайта оның жеке тұлға әрекетінің сапасы ретінде қарастырамыз. Бұл сапа оқушы іс-әрекетінің мазмұны мен процеске көзқарасында, оның білім мен іс-әрекет тәсілдерін қысқа мерзімде тиімді меңгеруге ұмтылуында, мінез-құлық, ерік-жігерін оқу-танымдық мақсаттарға жұмылдыруынан көрініс табады.

Бастауыш сынып оқушыларының дидактикалық ойындарды қолдану арқылы іс-әрекет белсенділігін арттыру