Бастауыш сыныпта математика сабақтарында экономикалық тәрбие беру
Жоспар
І.Кіріспе:
1. Бастауыш сыныпта математика сабақтарында экономикалық тәрбие беру
ІІ.Негізгі бөлім:
2.1 Бастауыш мектепте математикада экономикалық білім мен тәрбие беруді жүзеге асырудың жолдары
2.2 «Экономикалық математика» таңдау курсы, оның маңызы
ІІІ.Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
І.Кіріспе:
1.
Бастауыш сыныпта математика
сабақтарында экономикалық
Нақты дүниедегі заттар мен құбылыстарды, негізінен алғанда, саны жағынан зерттейтін ғылым болғандықтан, экономикалық білім мен тәрбие беруді жүзеге асыруда математика пәні маңызды орын алады. Өйткені, қоғамдық өмірдегі барлық дерлік экономикалық процестерді нормативті сан көрсеткіштерісіз, әр алуан шамалардың сандық сипаттамаларынсыз және өзара қатынастарынсыз көзге елестетудің өзі қиын. Тіптен, математиканы білмейінше экономика негіздерін оқып - уйрену де мүмкін емес.
Математика
пәнінің, сондай-ақ математикадан сыныптан
тыс жұмыстардың мазмұнына
- Тиімді іс-әрекеттер орындаумен байланысты практикалық мәселелерді шеше білуге оқып-үйрету;
- Ең үлкен немесе ең кіші мәндер табумен байланысты практикалық мазмұнды жаттығуларды орындай білу дағдыларын қалыптастыру;
- Экономикалық мазмұнды жаттығуларды орындай білуге оқып-үйрету;
- Оқушылардың есептеу мәдениетін дамыту.
Енді осылардың әрқайсысына жеке-жеке тоқталайық.
Бастауыш
сыныптарда математиканы оқыту
барысында экономикалық тәрбие
беруді жүзеге асырудың
ІІ.Негізгі бөлім:
2.1 Бастауыш мектепте математикада экономикалық білім мен тәрбие беруді жүзеге асырудың жолдары
Күнделікті жұмыста қандай да бір жағдайлармен байланысты осы сияқты практикалық мазмұндағы мәселелермен жиі ұшырасуға болады. Олардың басты ерекшелігі-айналадағы өмір шындығын бейнелейді және оларды шешу барысында математикалық білімді шын мағынасында қолдану керек болады. Сондықтан олардың қай-қайсысы болмасын бастауыш мектеп оқушысы үшін аса пайдалы болмақ. Әрине, жоғарыдағы мәселені шешу барысында математиканың күрделі формулалары мен аса қиын ережелерін білу талап етілмейді. Сондықтан, бір қарағанда, ол өте оңай және тым қарапайым болып көрінуі мүмкін. Ойы ұшқыр оқушы оны шешу жолын тез тауып кетуі де мүмкін. Бірақ осы сияқты мәселені шешу тіптен де оңай шаруа емес екендігі аңғарылады. Өйткені, оларды шешудің жалпылама, ортақ әдісі жоқ, әр мәселенің өзіне тән құпия сыры бар. Ал ол сырды шыдамды да табанды балалар ғана аша алады.
Жоғарыдағы ұқсас мәселелердің әрбіреуін шешу барысында бала туындап отырған жағдаяттан шығу жолын іздей отырып, әр-алуан іс-әрекеттер, соның ішінде ақыл-ой іс-әрекеттерін (салыстыру, салғастыру, қарама-қарсы қою, бақылау, талдау, қорытындылау,т.б) орындайды. Мәселен, жоғарыдағы келтірілген жаттығу ұсынылғаннан кейін оқушы мына сияқты талқылаулар жасауы мүмкін. Олардың үшеуін бірге сал көтере алмайды, өйткені 41+38+75тең154>100. Сондай-ақ, салға олардың біреуі ғана да отыруы мүмкін емес, себебі салды қайтадан бергі жағаға алып өтетін адам керек. Олай болса, алдымен салға 2 адам отыруы керек. Егер әкелері мен балалардың бірі ғана отырады десек, онда бұл да мүмкін емес, өйткені, 75+41тең116>100 немесе 75+38тең113>100. Ендеше, өзеннен алдымен екі бала өтеді, өйткені олардың екеуін сал көтере алады, яғни 41+38тең79>100. Олардың бірі арғы жағада қалады да, екіншісі қайтадан бергі жағаға өтеді. Келесі кезекте олардың әкелері өтеді (75<100) де, арғы жағада қалған бала салды алып өтеді.
Осы сияқты талқылаулар жүргізу барысында оқушылар біртіндеп тиімді іс-әрекеттер орындауға үйренеді. Бұл, бір жағынан, оқушының бойындағы ойлаудың логикалық стилін дамытуға, екінші жағынан математикалық білімді өмірде қолдана білумен байланысты шеберліктің қалыптаса түсуіне себін тигізеді. Мұның бәрі, сайып келгенде, оны қандай да бір дәрежеде өмірге бейімдейді. Ең бастысы, оның қарапайым экономикалық дағдылары қалыптаса түседі.
Математикадан сыныптан тыс жұмыстарда бастауыш сынып оқушыларының қарапайым экономиакалық дағдыларын қалыптастырудың маңызды элементтерінің бірі-олардың ең үлкен және ең кіші мәндер табумен байланысты практикалық мазмұнды жыттығуларды орындай білуге оқып-үйрету болып табылады.
Адам баласының күнделікті тұрмыстың қажетті мәселелеріне байланысты тәжірбиелік мұқтаждықтары мейілінше әр алуан болып келеді. Осы мұқтаждықтарды өтеу барысында оған қандай да бір нәтижеге жету үшін бірнеше тәсілдермен әрекет етуге тура келеді. Көпшілік жағдайда мұндай мәселелер қандай да бір шаманың ең үлкен немесе ең кіші мәнін табуға келіп тіреледі. Мәселен, мына бір есепті қарастырайық:
Есеп Жер бөлісі кезінде ауылдағы отбасылардың әрқайсысына периметрі 80 метрге тең болатындай етіп, тік төртбұрыш пішінді бақшалық жер қоршап алу тапсырылды.Бақшаның ауданы мейілінше үлкен болу үшін оның өлшемдерін қандай етіп алу керек?
Есепті шешу барысын мынадан бастауға болады; тік төртбұрыштың (бақшалық жердің) бір қабырғасының ұзындығы 40 метрден кем болуы керек. Егер 40 метр етіп алсақ, онда оның периметрі 80 метрден асып кетер еді. Сонда мына сияқты кесте шығуы мүмкін;
Периметрі |
80м |
80м |
80м |
80м |
80м |
80м |
... |
80м |
80м |
80м |
Ұзындығы |
39м |
38м |
37м |
36м |
35м |
34м |
... |
22м |
21м |
20м |
Ені |
1м |
2м |
3м |
4м |
5м |
6м |
... |
18м |
19м |
20м |
ауданы |
39м2 |
76м2 |
111м2 |
144м2 |
175м 2 |
204м2 |
396м 2 |
399м2 |
400м2 |
Бұдан бақшалық жерді қоршап алуды әр түрлі 20 тәсілмен жүзеге асыруға болатыны және солардың ішінде қабырғасының ұзындығы 20м етіп, шаршы түрінде қоршап алу ең тиімді болатындығы байқалады. Өйткені, оның ауданы 400 шаршы метрге тең, яғни басқа тік төртбұрыштың кез келгенін ауданынан үлкен.
Осы сияқты тәжірбиелік мәселелермен біз күнделікті тұрмыста қадам басқан сайын істес болып отырамыз десек артық айтпаған болар едік. Әсіресе, қазіргі кезде нарықтық қатынастар жағдайында мұндай есептердің маңызы ерекше артып отыр.
Мұндай есептердің сан алуан үлгілерін келтіруге болады. Өйткені, тиімділік ұғымының өзі күнделікті өмір мен тұрмыстағы әр алуан мұқтаждықтарға байланысты ең үлкен немесе ең кіші мәндерді табумен, анығырақ айтқанда, «ең үлкен аудан», «ең аз уақыт», «ең қысқа қашықтық» және т.с.с. әр түрлі сандық керитерийлермен сипатталады. Бірақ соған қарамастан олардың мазмұны мен құрылымында және шешу жолдарына төмендегідей ортақ ерекшеліктер болатындығы аңғарылады;
- мүмкін болатын шешімдер вариантының көп болуы;
- ең үлкен немесе ең кіші мәнді іздеу талабының болуы;
Көп жылғы іс-тәжірбиелер оқушылардың ең үлкен және ең кіші мәндер табумен байланысты есептерге құштарлығын байқатты. Ал, мұндай есептер мектепке арналған математика оқулықтрында бола бермейді. Осындай есептерді шешу барысында балалар бірнеше шешеімдер варианттары ішінен есеп шартына сәйкес тиімді шешімді таңдап ала білуге үйренеді. Бұл олардың шығармашылықпен ойлай білу қабілеттерін дамтып, танымдық ой-өрісін кеңейте түседі және математиканы оқытудың өмірмен байланысын нығайтуға көмектеседі. Ең негізгісі, олар оқушылардың бойында қарапайым экономикалық дағдыларды қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Мәселенің негізгі түіні де, міне осында.
Математикадан сыныптан тыс жұмыстарда экономикалық мазмұнды есептерді шығартып отырудың маңызы ерекше.
Адам баласының күнделікті тіршілік әректетері, жалпы алғанда, өзі өмір сүріп отырған қоғамның жағдайын жақсарта түсуге, сондай-ақ өзінің әл-ауқатының өсе түсуіне, күннен күнге өз тұрмысының жеңілірек, дастарханның молырақ бола түсуіне бағытталады. Ал, бәріміздің де және жеке-жеке алғанда әрқайсысымыздың да әл-ауқатымыздың өсуінің негізі материалдық игіліктерді тиімді және үнемді пайдалана білуде жатыр. Сондықтан күнделікті тұрмыстағы экономикалық сипаттағы мәселелермен байланысты есептерді қарастырудың зор маңызы бар.
Мынадай мәселені қарастырайық.
Пойыз Алматыдан Үштөбе станциясына дейін 7 сағат жүреді және билеттің бағасы 380теңге тұрады. Үштөбеге 600теңге төлеп, жеңіл машинамен 4 сағатта жетуге де болады. Жолаушы үшін осының қайсысы тиімді болар еді?
Егер «тез жету» тұрғысынан алып қарасақ, жолаушының екінші жағдаймен әрекет еткені тиімді болады. Ал, егер «ақшаны үнемдеу» тұрғысынан алып қарағанда, жолаушыға пойызбен жүру тиімді болатындығы түсінікті.
Әрине, бүл аса күрделі мәселе емес және оны шешу де соншалықты үлкен қиындық тудырмайды. Алайда, шаруашылықтың әр түрлі салаларында, сондай-ақ ғылым мен техникада осыған ұқсас, бірақ бұдан күрделі мәселелермен жиі ұшырасуға болады. Көпшілік жағдайларда шаруашылықты ұйымдастыруды дұрыс жолға қою мәселесі мейілінше аз шығын жұмсай және жоғары еңбек көрсеткішін сақтай отырып, материалдық игіліктерді тиімді пайдаланумен байланысты болады. Мәселен, ракеталардың, спутниктер мен космос корабльдерінің ұшатын жолдарының (траекторияларының) ең тиімдісін алдын ала анықтау оларға ұқсас, бірақ аса күрделі есептерді шешуді талап етеді. Сол сияқты спутникті көздеген орбитаға шығару үшін шығынды (мәселен отынды) мейілінше аз жұмсауға байланысты есептерді алдын ала шешіп алуға тура келеді.
Байқап қарасақ, осындай мазмұндағы қарапайым тәжірбиелік мәселелермен байланысты есептермен күнделікті тұрмыста жиі істес болып отырамыз. Әсіресе, қазіргі нарықтық қатынастар жағдайында мұндай есептер айырықша мәнге ие болып, оларға деген қызығушылық арта түсуде. Оларды шығару оқушылардың бойында ұқыптылық, үнемділік, ақшаны ойластырып жұмсау сияқты қасиеттердің қалыптасына пәрменді әсер етеді. Сонымен бірге математиканың практикалық маңызын, оның күнделікті тұрмыстағы, экономикадағы, ғылым мен техникадағы ролін терең түсіне білуге жәрдемдеседі. Ең маңыздысы, осы сипаттағы есептерді шығару барыснда оқушылардың қарапайым экономикалық дағдыларын қалыптастыруға кең жол ашады.
Олар қарапайым
экономикалық ұғымдарды меңгерумен
бірге, нақты тәжірбиелік мәселелерді
Бастауыш сынып оқушыларының экономикалық сауаттылығының аса маңызды элементтерінің бірі-олардың есептеу мәдениетін дамыту болып табылады.
Есеп-қисап жүргізіп отырудың адам өміріндегі мәні орасан зор. Бізге дүкенде, базарда, асханада, автобуста, барлық жерде де есеп-қисап жүргізуге тура келеді. Әсіресе, бүгінгі күні нарықтық қатынастардың және осыған орай сауда-саттық ісінің кең қанат жаюы кезінде тұрмыстың барлық салаларында есеп-қисап жүргізу ісінің маңызы одан сайын артып отыр.
Бастауыш сыныптарда
математиканы оқытудың басты және аса
маңызды нәтижелерінің бірі-
Қолданылатын әдісіне қарай есептеулер жүргізудің үш негізгі түрі бар. Олар; ауызша есептеу, жазбаша есептеу және есептегіш құралдарды пайдаланып есептеу.
Жалпы алғанда, бастауыш сыныптар үшін есептеу тәсілдерінің түрлерін іріктеп алу өте оңай шешілетін мәселе емес. Қазіргі әдістемелік ғылымда және мектеп тәжірбиесінде бұлардың алғашқы екеуіне басымырақ мән беріліп жүр. Ал, соңғы мәселе жөнінде ғалымдар арсында ортақ пікір жоқ. Алайда, қазіргі ғылыми-техникалық жетістіктер мен өмір талабы бастауыш сыныптарда есептеулер жүргізу тәсілдерінің ара қатынасын түбегейлі қайта қарауды талап етіп отыр. Біздіңше, бастауыш сынып оқушыларына осылардың қай-қайсысы да болмасын оқып-үйретілуі тиіс. Мұғалім оқу процесінде оларды үйлесімді ара қатынаста пайдалана білуі керек.
Есептеулерді неғұрлым дәл, әрі мінсіз орындау қажырлық пен табандылықты, байыптылықты және тапқырлықты қажет ететін аса қиын жұмыстардың бірі болып табылады. Әрине, қазіргі ғылыми-техникалық прогресс заманында есептеу жұмыстарын жеңілдету электронды - есептеу техникасын пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Алайда, әрдайым микрокалькуляторды қолдану мүмкіндігі бола бермейтіндігі белгілі. Оларға шектен тыс сеніп кету, дау жоқ, оқушының есептеу мәдениетін дамытуға кері әсерін тигізуі де мүмкін.
Бүгінгі күні ол біздің бәрімізге де анығырақ көрініп отырған ақиқат. Көпшілік жағдайда, есеп-қисап жұмыстарын кейде басқа бір жұмыстар кезінде немесе қысылтаяң уақытта микрокалькуляторсыз тез және тура орындауға да тура келеді. Мұндай жағдайда ауызша немесе жазбаша есептеудің тиімді, қолайлы тәсілдеріне жүгініп, сол арқылы есеп-қисапты жылдам орындауға болады. Бұл тәсілдерді меңгеру әрбір оқушы үшін қажетті іс болып табылады. Сондықтан құралда қосымша ретінде есептеулердің жылдам орындаудың кейбір тәсілдері көрсетіліп, олар нақтылы мысалдар арқылы түсіндірілген.
Сонымен, қорыта айтқанда, математикадан сыныптан тыс жұмыстарда осы бағыттар бойынша топтастырылған жаттығулар жүйесін орындату барысында бастауыш сыныптарда экономикалық тәрбие беруді жүзеге асыру тұрғысынан объективті жағдайлар жасалады.
Бұл жүйеге енетін жаттығулар белгілі бір талаптарды қанағаттандыруы керек. Біздіңше ол талаптар мыналарды қамтиды;
-жаттығулар сәйкес сыныптағы математика бағдарламасына сай құрастырылуы және математиканың бағдарламалық материалдарының баяндалуы жүйесіне қайшы келмеуі тиіс;
-жаттығулар
оқушыға таныс, нақты
-жаттығулардың
мазмұнында айналадағы өмір
-Жаттығулардың
шарты сол арналған сынып
-жаттығулар
әр алуан сипаттағы
-жаттығуларда сандық мәліметтер өмір шындығынан алынуы және ресми деректерге қайшы келмейтіндей болуы тиіс.
Осы талаптар орындалғанда ғана жоғарыда атап көрсетілген бағыттар бойынша ұйымдастырылатын жұмыстар бастауыш сынып оқушыларының бойында қарапайым экономикалық дағдылардың қалыптасуына себепші болады, сөйтіп, бастауыш сыныптарда экономикалық тәрбие берудің кейбір мәселелерін шешу мүмкіндігін туғызады.
2.2 «Экономикалық математика» таңдау курсы,оның маңызы
Қазіргі заманда әрбір адам мемлекеттің тағдыры жас ұрпақтың экономикалық, құқықтық, саяси және адамгершілік сауаттылығына байланысты екенін түсінеді.Сондықтан жалпы білім беретін мектептің негізгі міндеттерінің бірі - оқушыларды экономика негіздеріне оқыту.
«Экономикалық математика» таңдау курсы бастауыш сыныптың
1-4 - сынып оқушыларына арналған.
Оқу мен тәрбие
егіз жүргенде жас
«Экономикалық математика» таңдау курсын бастауыш сыныпта оқыту барысында мұғалім дәстүрлі әдіс-тәсілдермен бірге (түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу, баяндау, пікір – талас, сурет салу) жаңа технологиямен оқытудың тиімді жолдарын да қарастырады. Бастауыш сынып оқушылары өз бетінше оқуға, ізденуге, жеке тапсырма орындауға, ұжымдық жұмыстарға үйренеді.Білім мазмұнын ашуда оқытудың барлық әдіс-тәсілдері пайдаланылады:
- Балалардың оқу-танымдық әрекеттерін ұйымдастыру және оны іске асыру әдістері;
- Оқу-танымдық әрекетіне қажеттілік тудыру, әсер ету әдістері;
- Ойын элементтерін қолдану арқылы түсіндіру әдістері.
Бағдарламада берілген материалдар мен тапсырмалар бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшелігіне негізделіп құрылған. Бағдарламаға қазақ халқының Алаш ұранды қайраткері Міржақып Дулатұлының «Есеп құралы» деген алғашқы қазақ тіліндегі математика оқулығындағы ел экономикасына қатысты есептері енгізілді. «Мал басының саны», «жайылымдық жер ауданы мен аумағы», «заттардың салмағына» сол заманғы нақты қазақ халқының тұрмыс-тіршілігіне байланысты ұғымдармен танысады.
«Логика» пәні енгізілгеннен бері он жылдан артық уақыт бастауыш сынып мұғалімдері Семей мемлекеттік педагогикалық институтымен оның ішінде математика және математиканы оқыту әдістемесі кафедрасымен тығыз байланыс жасап келеміз. Оқу-тәрбие үрдісінде ұстаздардың шығармашылығын дамытуда әдістемелік кеңес беріп, іс-тәжірибесімен көмектескен Семей мемлекеттік педагогикалық институтының физика-математика факультетінің математика және математиканы оқыту әдістемесі кафедрасының профессоры Нұрсұлтанов Қажи Нұрсұлтанұлы.Бағдарламаны жасауда бізге негіз болған Қажи Нұрсұлтанұлының «Ертегі есептер», «Жүлдегерлік жүз есеп» деген еңбектері көп көмегін тигізді. Бұл математикалық экономика сабағының басты мақсаты - бастауыш сынып оқушыларын жаңа нарықтық-экономикалық жағдайдағы өмірге бейімдеу болып табылады. Сабақ жоспарының тақырыптарын құруда оқушылардың жас ерекшелігі және түсініктеріне сай негізгі экономикалық принциптер мен заңдылықтар негізге алынды. Пәннің негізгі міндеті - төменгі сынып оқушыларының жаңа нарықтық заманда экономикалық ойлау қабілеттерін қалыптастыру болып табылады. Осы пәнді оқи отырып, оқушы ақша дегеннің не екенін, отбасы бюджеті неден құралатынын, тауардың құнын, байлық неден құралатынын және оның негізгі көздерін біледі. Осы сабақтан алған білімдері арқылы бастауыш сынып оқушылары отбасының экономикалық өміріне қатыса алады. Алғашқы «Есеп құралы» («Математика») оқулығының авторы Міржақып Дулатұлының ел экономикасына қатысты есептерін (мал шаруасына, еңбекті тұрмысқа, әлеумет мекемелері, алым-салықтар туралы) шығарту арқылы сол замандағы қазақ халқының тұрмысымен таныстырып қана қоймай, экономикаға қатысты ұғымдарды да меңгерту. Алаш ұранды қайраткер Міржақып Дулатұлының математикалық еңбегі «Есеп құралы» кітабынан ел экономикасына қатысты «мал басының саны», «жайылымдық жер ауданы мен аумағы», «заттардың салмағы» т.с.с. есептер қарастырылған.
Міржақып Дулатұлының «Есеп
Шәкәрім Құдайбердіұлының «Бәйш
Мақсаты:
Бастауыш сынып оқушыларының нарықтық қоғамдағы экономикалық ойлау қабілеті мен мәдени тәртібін тәрбиелеуді қалыптастыру.
Экономикалық білім негіздерін қалыптастыру.
(Экономика туралы
қарапайым мәліметтер беру, күнделікті
тұрмыста кездесетін
Осы жастағы балалардың жас ерекшеліктеріне сай айналадағы отбасында, қалада, елде кезігетін негізгі экономикалық принциптер мен заңдылықтардың адам өмірінде, өзара қарым-қатынастарда кездесетін байланыстары мен шектеуліктердің себептерін түсіндіру.
Нарықтық қоғамдағы тұтынушы ретінде алғашқы практикалық дағдыларын үйрету.
Жоғары сыныптарда экономиканы
оқып-үйренуде терең негіз
Міндеті:
Логика («Математикалық экономика») таңдау курсы екі аптада бір рет өткізіледі. Оқу жылындағы сағат саны – 17.
1- сынып бойынша заттарды топтастыру, нақты белгілерін табу, берілген белгілері бойынша затты анықтау, заттар мен құбылыстарды салыстыру, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табу сияқты тақырыптар қарастырылады. Сонымен қатар әр түрлі логикалық қызықты сөзжұмбақтар мен ребустар шешкізіледі.
2 – сынып бойынша экономикаға қатысты қажеттілік, мүмкінділік, тауарлар, айырбас, бартер ұғымдарына анықтама беріліп, мысалдар келтіру арқылы өмірдегі әр түрлі жағдайлардан шығуға тырысады.
3 – сыныпта қарастырылатын мәселелер ақша, шығу тарихы, Қазақстан ақша бірлігінің шығу тарихы, байлық, шығыс, кіріс, негізгі көздері, отбасы бюджеті маңызды болып табылады. Осы сыныпта Міжақып Дулатұлының ел экономикасына қатысты есептері берілген. Мал шаруасына, еңбекті тұрмысқа, әлеумет мекемелері, алым – салықтарға байланысты есептер шығартылу жоспарланған.
4 – сыныпта аймақтың ресурстары, өнеркәсіп, тауар, кәсіпкерлік, меншік, банк пен банк иеленушілер, жеке кәсіпорын, бағалы қағаздар, кедендік баж, салықтар туралы білім беріледі.
Бастауыш сыныптардың логикасы мектептің негізгі сатысындағы математика курсының ажырамас бөлігі болып табылады. Осыған сәйкес бастауыш мектепте логиканы оқыту мынадай жалпы мақсаттарға жетуді көздейді:
- «Логика» пәнінің мазмұны арқылы танымдық және коммуникативтік іс-әрекетке, өздігінен білім алуға және еңбекке бейімдеу, сондай-ақ ата-дәстүр, әдет-ғұрып, салт-сана, халықтық және ұлттық болмысты жалпы адамзаттың мәдени мұралармен үндестіру арқылы баланы тұлға ретінде қалыптастыру;
- Оқушының ақыл-ойының логикалық стилін, интеллектуалдық және ерік пен сезімге қатысты сапаларын дамыту;
- Логиканың өмірде болып жатқан нақты құбылыстарды жалпылауға және қоршаған болмысты танып-білуге көмектесетін ғылым болып табылатыны туралы түсініктердің қалыптасуына ықпал ету;
- Оқушының өмір сүруіне және мектептің келесі сатысында оқуын жалғастыруы үшін қажетті білім, білік және дағдыларды қалыптастыру;
Қоғамның қазіргі даму
Ұсынып отырған бағдарламаның мазмұны:
- Төменгі сынып оқушыларын оқыту, тәрбиелеу және дамыту талаптары мен мақсатына сәйкес
; - Төменгі сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне және мүмкіндік өрісіне сай;
- Қоршаған ортаның, математикалық экономиканың әдет-ғұрып элементтерін пайдалануға мүмкіндіктерін береді.
- Есептер мен оларды шешудің әдістері: жай есептерге сәйкес амалды анықтау және оны негіздеп беру; құрама есептің жоспарын құру; экономикалық есептерді әр түрлі әдіспен шешу; логикалық есепті арифметикалық жіне алгебралық тәсілдермен шығару
Берілген тапсырмалардың
міндеті – оқушылардың ой-
Сонымен қатар сабақтағы
Таңдау курсының соңында
Өзектілігі: Бастауыш сыныпта логикалық, математикалық ұғымдар түйсіну арқылы қалыптасады. Математика (логика) пәні логикалық ойлау жүйесін қалыптастырады, дұрыс шешім қабылдауға дағдыландырады. Логикалық есептерді шығарту арқылы оқушылардың танымдық іс-әректетін, белсенділіктерін, қызығушылықтарын арттырып, топпен жұмыс істеуге үйренеді. Осы пәнді оқыта отырып, есте сақтаудың түрлерін, қиял мен зейінді қалыптастырып дамытады.
Бастауыш сынып
оқушылары оқу икемі мен
Жаңалығы:
Логика (экономикалық математика) пәнінің бағдарламасында нарық заманы және ел экономикасына қатысты ұғымдар мен заңдылықтары түсінікті және жүйелі түрде берілген.
Алғашқы қазақ тілінде басылып шыққан математика оқулығын «Есеп құралы» деген атпен М.Дулатұлы шығарған. М.Дулатұлының «Есеп құралы» оқулығындағы ел экономикасына қатысты (мал шаруасы, еңбекті тұрмыс, әлеуметтік мекемелер, алым-салықтар) есептерін шығарту арқылы оқушылардың таным қабілетін арттырып, логикалық ойлауларын дамытамыз.

- Батурин- Гетьманська столиця
- Батырлар институты
- Батыс Қазақстан облысы Орал ауылшаруашылық тәжірибе станциясы жағдайында жаздық арпа сорттарының өнімділігін зерттеу
- Батьківство в умовах сучасних соціокультурних змін українського суспільства
- Бджільницький інвентар
- БД "Продукция-поставки"
- Бег как средство развития выносливости у детей старшего дошкольного возраста
- Бастауыш сынып оқушыларының ауызша тілін дамыту
- Бастауыш сынып оқушыларының дидактикалық ойындарды қолдану арқылы іс-әрекет белсенділігін арттыру
- Бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлауын дамытуға шығармашылық тапсырмаларды қолдану жолдары
- Бастауыш сынып оқушыларының оқу іс-әрекеті барысында мінез-құлықтың қалыптасуы
- Бастауыш сынып оқушыларының өзіндік жұмыс үрдісіндегі дамыта оқытудың теориялық және тәжірибелік негіздері
- Бастауыш сынып оқушыларының психикалық даму ерекшеоіктері
- Бастауыш сынып оқушылары үлгермеушілігінің алдын алу