Халықаралық қатынастардыжүк тасымалдау кезіндегі элактронды құжатайналымын енгізудің жұмысын ұйымдастыру

МАЗМҰНЫ

 

Мазмұны.................................................................................................................. 1

Реферат ................................................................................................................... 2

Кіріспе...................................................................................................................... 3

1. Мәселені талдау  және оны зерттеу....................................................................7

2. Мәселені шешу жолдарын зерттеу .................................................................. 8

2 Мәселені шешу жолдарын зерттеу Қазақстан Республикасындағы халықаралық тасымалдардың негізі мен халықаралық көлік дәліздері ......... 15

2.2 Көлiктi ақпараттандыру және логистика принциптерiн жүзеге асыру.......................................................................................................................20

2.3 ҰК «Қазақстан темір  жолы» АҚның БЕОда жаңа ақпараттық  технологияларды құру .........................................................................................21

2.4 Қағазсыз технологиясымен  жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру ........29

2.5 Темір жол бағытында JAR-файл  версиялары мен автоматты жүйеде  құжаттарды дайындап,  әзірлеу  жүйесінің қолданбалы модульдерін ендіру.32

2.5.1 Автоматты жүйеде құжаттарды  дайындап, әзірлеу жүйесінде қолданбалы  модулдің кезектегі JAR-файл версияларында  генерацияларын шешу......................................................................................................................33

2.5.2 Жүйені қолданушылардың  қызметі ..........................................................34

2.5.3 Саланың құрылымдық  өзгерткен кездегі стансадағы  жұмыс қызметі...37

3 Тәжірибелік бөлім. Жолдың деңгейін жақсартуда автоматты түрде  тасымалдау үрдісінде шұғыл басқару ...........................................................41

    1. JAR-файл версияларын қолданбалы модульде ендіру арқылы экономикалық тиімділігін анықтау....................................................................49

Қорытынды...........................................................................................................53

Пайдаланылған әдебиеттер..................................................................................55

 

Реферат  

 

Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен 19 тұрады. Жұмыс мәтіні машина жазбасында 56 бет, онда 6 кесте, 8 суреттер сипатталған. 

Кіріспеде орындалатын  жұмыстың маңыздылығы, республикадағы көлік кешені экономика саласында алдыңғы орынды алады, ішкі және сыртқы экономикалық байланыстарды қамтамасыз ете отырып, мемлекет аумағында тұрмыстық-экономиканың дамуы көрсетілген. Сондықтан, тасымалдау үрдісін көлік торабында теориялық негізінде оқытып және экономикалық тиімділігін көрсетеміз.

              Бірінші бөлімде мәселені талдау және оны зерттеу бойынша халықаралық тасымалдар жүргізілетін магистральді темір жол торабын дамытудың негізгі бағыттары қарастырылған. Дипломдық жұмыс бойынша зерттеу бағыттары аталды.

Екінші бөлімде ЦУП құру маңызы мен ол жүйеде құжаттарды дайындап әзірлеуде қолданбалы бағдарламаларды жеткізудің екі амалын қарастырылған, автоматы жүйеде құжаттарды дайындап, әзірлеуде тұтынушылардың жүйемен байланысуы Java Web Start бағдарламасымен қамтамасыз еткенде  JAR-файылы мен сервер жақтағы JAR-файылын қолданушылар версияларымен салыстырылады. 

Үшінші бөлімде  алгоритм құрастырып және «Дельфа» тілінде бағдарлама құрастырамыз, симплекс-әдісі негізінде көп шамадағы шұғыл есептерді шығаруда қолданады.

    Дипломдық  жұмыс тұжырымдалынып, темір жол  көлігінде тасымалдауда автоматты  жұмыс орнын пайдалана отырып, электронды құжат айналымын енгізу  көзделген.

 

Кіріспе

 

Еліміздің экономикалық және әлеуметтік жағдайына айтарлықтай  әсер етуші фактор бұл көліктік –коммуникациялық кешенді және теміржол көлігін дамуы. Қазақстан шын мәнінде коммуникацияның даму дәрежесіне тәуелді. Өнімнің өзіндік құны құрылымында көліктік шығындар үлкен бөлікті алып тұрады және олардың төмендеуі қазақстандық тауардың әлемдік нарықта бәсекелестігін көтереді. Республиканың көліктік саласы белгілі бір қатынаста жеткілікті дамыған және ұзақ мерзімді ілгерілеуге шоғырландырылған өсу стратегиясына ілесуі керек, ол өз кезегінде Қазақстанның көлік және коммуникациялар қызметтерін пайдалану қабілеттілігіне және ұлттық диверсификацияға негізделеді. Бұл стратегия туризмнің, қызмет көрсету жүйесінің, жол құрылысы және ұлттық өнімнің көліктік құраушысының өзіндік құнының төмендеуінің үлкен қарқынмен дамуына септігін тигізеді.

     Қазақстан Республикасы Еуразияның ортасында орналасқан, ішкі теңізге, яғни Каспийге шыға алады, бірақ Әлемдік мұхитқа шығу мүмкіндігі жоқ. Республикамыз солтүстікте, солтүстік-шығыста және солтүстік-батыста – Ресей Федерациясымен, оңтүстікте – Қырғызстанмен, оңтүстік-шығыста – Қытай Халық Республикасымен, оңтүстік-батыста – Түркменстан және Өзбекстанмен шектеседі, сонымен қатар Азербайжан Республикасымен, Иран Ислам Республикасымен, Түркменстан және Ресей Федерациясымен теңіз арқылы шектеседі.

     Индустриалды дамыған Еуропа мен жедел қарқынмен дамып жатқан Азия, әсіресе Оңтүстік-Шығыс және Қытай, объективті түрде тауар және ақпарат алмасу мүмкіндіктерін іздейді.

Технология мен өндірістің одан әрі экономикалық дамуы үшін, сонымен қатар халықаралық қауымдастық үрдісіне белсенді түрде ену үшін Қазақстан өзінің географиялық орналасуы бойынша айқын басымдылығын пайдалану керек және барлық күш-жігерді тасымалдау үрдісінде интенсивті технологияларды құру мен дамытуға, сол арқылы транзиттік жүк тасымалының дамуына бағыттау қажет.

     Осыған  орай, темір жолдағы интеллектуалды сандық басқару жүйелері мен технологиялық байланыстар жүйесі күрделі дамуты талап етеді. 

     Темір жол  көлігінің бүгінгі таңдағы дамуы  автоматтық жүйелерге жедел ауысуымен  сипатталады, ал олар болса байланыс арналарының өткізу мүмкіндіктері мен сапасына аса жоғары талаптар қояды.

Бүгінгі жағдайда біртұтас цифрлік байланыс желісіне біріктірілген, өнімділігі жоғары есептеу орталықтарының жұмысына негізделген аса жаңа ақпараттық жүйелерді пайдаланусыз темір жол көлігі қызметінің экономикалық тиімділігін арттыру мүмкін еместігін аталмыш саланы дамытудың дүниежүзілік тәжірибесі көрсетіп отыр.

Ақпараттандырудың бүгінгі  таңдағы деңгейі темір жол  көлігінің инфрақұрылымын, тасымалдау үрдісін басқару үшін озық ақпараттық технологияларды өндіріске ендіру мүмкіндігін бермейді.

Телекоммуникациялық желі мен басқарудың автоматтандырылған жүйесін дамыту жұмысына – тасымалдау үрдісін басқарудың жаңа, автоматтандырылған жүйесін құру және есептеу кешендерін біртұтас есептеу орталығына біріктіру; басқарудың автоматтандырылған диспетчерлік орталығын, осы заманғы корпоративтік телекоммуникациялық желісін құру; талшықты-оптикалық байланыс желісін салу және т.с.с. жобалар кіреді.

Инвестицияның жоспарланып  отырған көлемі кәсіпорындағы телекоммуникациялық кешеннің – ақпараттарды желілік кәсіпорындарға енгізуден бастап, есептеу орталығында қорытындылау мен талдау жасайтын жүйесінің аяқталған үлгісін қалыптастыру мүмкіндігін береді. Жалпы алғанда аталмыш жоба базистік жаңартпалар санатына жатады.

Қазіргі уақытта деректерді табыстау желісінің жағдайы мынадай:

  • 2000 жылы құрылған жылдамдығы төмен АБЕ желісі (бухгалтерлік есепті автоматтандыру) желілік кәсіпорындар бухгалтериясының жекелеген жұмыс орындарын деректерді табыстау желісіне қосуға арналған, яғни, асинхронды біріктіруге арналған болатын. Осыған сәйкес АБЕ ДТЖ қосылу тораптары порттар санына қарай пайдаланушылардың мәлімдеген асинхронды қосылуына есептелген. АБЕ желісінің деректерді табыстау жылдамдығына байланыс арналарының сапасына байланысты 4800 бит/сек-тан 28800 бит/сек-қа дейін түрленеді. Бүгінде АБЕ жүйесінің талаптарын ұлғайту, «ҚТЖ» ҰК» АҚ деректерді табыстау желісіне желілік кәсіпорындардың жергілікті-есептеуіш желілеріне қосу қажет. Желілік кәсіпорындардың жергілікті есептеуіш желілерін қосу қажет. Желілік кәсіпорындардың жергілікті- есептеуіш желісінде бүкіл бухгалтерия, экономистер  қосылуы тиіс. Сөйтіп, желілік кәсіпорындар бухгалтерлік қосылу мәселесі мен АБЕ жүйесіндегі деректерді табыстау жылдамдығының сәйкессіздігі туынайды.
  • Қолданымдағы деректерді табыстау желілерінің бірқатар кемшіліктері бар, олардың ішінен мамандандырудың тарлығын, икемделінген және пайдаланушылар талаптарының өзгерісіне бейімделудің жоқтығын, сондай-ақ желілік қорларды пайдалану тиімділігінің төмендігін атап өту керек.
  • Қолданымдағы деректерді табыстау желісі қазіргі заманғы технология талаптарына сәйкес, ескірген сулетте құрылған, ақпарат алмасу үшін ғана емес, Аймақтық ақпараттық есептеу орталықтарының есептеуіш қорларын бірлесіп пайдалану үшін де өткізу мүмкіндігін қамтамасыз ете алмайды.
  • Қолданымдағы деректерді табыстау желісі жасампаз ақпараттық жүйелерге қажет деректерді  табыстау жылдамдықтарына қамтамасыз етпейді.

Сондықтан жүктердің  жылдам әрі үздіксіз тасымалдануының бір кепілі бұл үздік жаңа электрондық технологиялардың ендірілуі. Осыған орай дипломдық жұмыстың қарастыратын мәселелері: халықаралық қатынастарда жүк тасымалдау кезінде электррнды құжатайналымды ендіру, темір жол бағытында JAR-файл версиялары мен автоматты жүйеде құжаттарды дайындап,  әзірлеу жүйесінің қолданбалы модульдерін ендіру; автоматты жүйеде құжаттарды дайындап, әзірлеу жүйесінде қолданбалы модулдің кезектегі JAR-файл версияларында генерацияларын шешу; мәліметтер беру желісін құру және ақпараттық жүйелерді ендіру; басқарудың диспетчерлік жүйесін ендіру; JAR-файл версияларын қолданбалы модульде ендіру арқылы экономикалық тиімділігін анықтау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 Мәселені талдау және оны зерттеу

 

Республикамыздың көліктік – транзит болашағын дамытуда және Азия-Еуропа арасында трансқұрылық бағыттарда жүк тасымалына арқау болып тұрған  Достық теміржол стансасының экономикалық маңызы зор. Станса арқылы жүк ағымының үздіксіз өсуіне Қытайдағы Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының әлеуметтік-экономикалық өрлеуі күшті әсер етуде.

Автономиялық аудан  үкіметі өткен жылы әлеуметтік және экономикалық дамудың басым бағыттары  ретінде өндіріс өсімін 9 пайызға, негізгі әлеуметтік қорға жұмсалатын инвестицияны 20 пайызға, сыртқы сауданың жалпы көлемін 15 пайызға өсірген, тұрғындардың баға шығынын 2,5 пайыз деңгейінде сақтап тұрғанын атап өтті. Алдағы уақытта Шыңжан өкіметі көмірді электрге айналдыратын көмір-химия, электрқуаты салаларын, отын және химия өнеркәсібі бұйымдарын жан-жақты дамытуды жоспарлауда. Ауданның ауыл шаруашылығын жетілдіруде, былтыр 8,8 млн. тонна астық, 1,8 млн. тонна мақта өндіру көзделген. Экономикасы гүлдеп келе жатқан мұндай аймақпен қоңсылас болу елімізге де жауапкершілік жүгін жүктейді. Сондықтан Достық-Алашаңқай халықаралық шекаралық өткелі арқылы темір жол көлігімен тасымал көлемін тұрақты қамтамасыз ету мақсатында оның өткізу қабілеті барынша ұлғайтуға мүмкіндік беретін шаралардың барлығы іске асырылатын болады. Солардың бірі – Қтай тарапынан Алашаңқай және Үрімші стансаларының терминалдық сыйымдылығын кеңейту және 2011 жылға таман Ақтоғай-Достық телімінің жүк жіберу мүмкіндігін 25 млн. тоннаға дейін жеткізу.

Ақтоғай-Достық темір  жол желісінің құрылысын мемлекет пен жекеменшіктің әріптестер әдісімен салу жөнінде ұсынылған.

 

 

 

 

1.1 Магистральді темір жол торабын дамытудың негізгі бағыттары

    

     Көлік саласы әрі икемді, әрі тәуелді жүйе болып табылады, оның даму динамикасы толығымен жалғыз мақсатқа - экономиканың шығын деңгейі төмен және тиімділігі жоғары тасымалға деген сұранысын қамтамасыз етуге бағытталған.

     Кеңес дәуіріндегі  темір жол саласының бірқатар  кемшіліктері болған:

     - Қазақстан  темір жол магистралінің тұйықталған  кескін пішіні болған жоқ;

     - Қазақстандағы  негізгі магистральдар арасында  жалғастырғыш желілер   болмаған;

    - Темір жол желісі Қазақстан аумағы бойынша біркелкі таралмаған (желінің орташа тығыздығы 5,3 км/1000 шаршы км бола отырып, кейбір аймақтарда бұл көрсеткіш 4,1-7,5 км/1000 шаршы км болды);

     - Республика  орталығын оның аймақтарымен  немесе экономикалық аймақтарды бір-бірімен қысқа жолмен жалғастыратын темір жол желілерінің саны жеткіліксіз.

     Елімізде  жүргізілген нарықтық түрлендірулер  темір жол көлігін дамыту саласының  алдына да жаңа міндеттер қояды:

     - Магистральдарды  дамытудың артықшылығы бар бағыттарын, соның ішінде халықаралық көлік-транзиттік дәліздерді таңдау;

     - Темір  жолды басқару жүйесін жетілдіру.

     Темір жол  көлігін дамытудың осы заманғы  сатысы дүние жүзілік көлік  жүйесіне интеграциялану қарқынының  өрлеуімен, соған орай, Қазақстан темір жолының халықаралық трансконтинентальдік маршруттарды қалыптастыруға қатысуымен сипатталады. Халықаралық тасымалдау саласындағы күшті бәсекелестік ұлттық темір жол желісінің телімдеріндегі пайдаланымдық жұмыстың сапалық деңгейіне өте жоғары талаптар қояды.

Еліміздің экономикасына  тікелей, әрі жанама әсер ететін, Қазақстан  темір жолының тиімді сұлбасын қалыптастыру жүк тасымалдау қашықтығын қысқарту, жүк пен жолаушыларды жеткізу  жылдамдығын арттыру, еліміздің  транзиттік әлеуетін дамыту, саланың  бәсекелік қабілеттілігін арттыру мүмкіндігін береді.

Пайдаланымдық жағдайын жақсарту мақсатымен көлік желісін  қалпына келтіру және қайта салу, негізгі магистральдарға түсетін  салмақты азайтатын және тасымалдау қашықтығын қысқартатын жаңа, тікелей  желілердің құрылысын жүргізу, тасымалдау сапасы мен жүктің сақтанымдылығын арттыру үшін жылжымалы құрамды жаңарту және көлік кешенін жетілдіру жөніндегі басқа да шаралар республикамыздың транзиттік-көлік әлеуетіне тікелей әсер ететін болады.

Сондықтан, темір жол  көлігін жетілдірудегі негізгі бағыттардың бірі - оның негізгі магистральдарында, ең алдымен - негізгі көлік дәлізіндегі қозғалыс жылдамдығын, тасымалдық мүмкіндігін арттыру үшін темір жол желісін қалпына келтіру мен қайта жаңғырту болып табылады,

     Темір жол  көлігін дамытудың осы заманғы сатысында тасымалдау мен шаруашылықтың ішкі қызметінің сапалық тұрғыдан алғандағы жаңа деңгейін қамтамасыз ететін прогрессивтік ақпараттық технологияларды енгізу — саланың маңызды стратегиялық міндетіне жатады.

     Темір жол  көлігі үшін әзірленген ақпараттандыру бағдарламасы сала қызметінің барлық: тасымалдау, маркетинг, экономика, қаржы, еңбек ресурстары бөлімдеріне басқарудың ақпараттық жүйелерін енгізуді қарастырады.

     Функционалдық  қызметі тұрғысынан өндіріске  ендірілетін ақпараттық технологияларды төрт негізгі кешенге біріктіруге болады, олар:

    - тасымалдау үрдісін басқару;

     - инфрақұрылымдарды  басқару;

     - маркетингті, экономика мен қаржыны басқару;

     - өндірістік  емес саланы басқару.

     Темір жол  көлігін реформалау жағдайында оны мемлекеттік тұрғыдан реттеуді жетілдіру мәселесінің маңызы аса зор.

Қазақстан темір жолдарында реформа жүргізу кезіндегі қаржыландыру мәселесі саланың тұрақтылығына  тікелей байланысты.

Қазақстан өзінің инвестициялық  тартымдылығы тұрғысынан ТМД елдерінің алдында келеді және ол шетелдік инвестиция көлемі жағынан бірінші орында. Алайда, темір жол көлігіне салынатын тікелей инвестициялардың үлесі өте аз. Үлкен күрделі салымдарды талап ететін, пайда деңгейі реттеліп отыратын, инвестициялардың қайтарымдық мерзімінің ұзақтығымен ерекшеленетін темір жол саласы инвесторлар үшін аса тартымды емес.

Екінші жағынан, инвестициялармен қамтамасыз етілмеген, ел экономикасының өсуі мен басқа көлік түрлері  тарапынан бәсекелестіктің болмауы  жағдайында, ұзақ жылдар бойы тасымалдауға деген сұраныстың өсуімен сипатталатын темір жол саласы, тиісті технологиялары бар инвесторлар үшін аса тартымды болады.

Тиімді көлік жүйесі өнім құнындағы көлік шығынының  үлесін төмендетеді, ол - оның бәсеке қабілеттілігін қамтамасыз етуінің басты кепілі.

Еліміздің экономикасындағы алдыңғы қатарлы салалардың бірі мұнай-газ саласы, оның дамуы, сондай-ақ, Қазақстан аймақтарының әлеуметтік-экономикалық дамуының деңгейі белгілі дәрежеде көліктік инфрақұрылымның жағдайына  тәуелді. Бұл темір жолдың тиімді ұлттық жүйесін қалыптастыру жұмыстарының ауқымын бағалауға мүмкіндік береді.

     Қазақстандағы  мұнай мен газ кен орындарының  таралу географиясы айтарлықтай  кең. Дегенмен, анықталған ресурстардың  басым көпшілігі Батыс Қазақстанда, құрлықтық және қайраңдық (шельфтік) аймақтарда орналасқан, оларды 2005-2015 жылдары өндіру жоспарланып отыр, сонымен қатар, өнімдер жаңа мұнай тасымалдау жүйелері арқылы дүние жүзілік нарыққа шығарылады. Осы аймақтарда барлық ірі мұнай өндіру кәсіпорындары шоғырланған деп айтуға болады, олар шығаратын өнімдер айтарлықтай дәрежеде экспорттауға  негізделген.

Республика экономикасының нық қалыптасуы мұнай өндіруші өнеркәсіптің даму қарқынына тығыз байланысты болады. Көлік саласын дамытудың  болжамдық көрсеткіштері 1-кестеде келтірілген.

 

1-кесте. Көлік дамуының болашаққа арналған болжамдык  көрсеткіштері

     Көрсеткіш  атауы

2000ж.

2005ж.

2010ж.

2015ж.

 Тасымалдау көлемі, млн.т

1211,8

1700-1767

2066-2253

2514-2874

Жүк айналымы, млрд. т/км

202,5

282-291

341-369

415-469

 Жолаушылар айналымы, млрд. жолаушы/км

68,5

73,3-75,4

81,0-82,8

91,5-93,2




    

Жоспарланып отырған  Каспий маңы аймағында мұнайгаз өндіру және өңдеу салаларын жедел дамыту мен аталмыш аймақтағы елдердің интеграциясы Каспий теңізі маңында  тиімді темір жол желісін қалыптастыру міндетін күн тәртібіне қояды.

Қазақстан Республикасының кедендiк  органдары тәуелсiз мемлекеттiң  дербес қызметi ретiнде  бұрынғы  КСРО-ның Қазақстан Республикасы  аумағында орналасқан кедендiк  органдарының негiзiнде  құрылған.

Қазақстанда 23 халықаралық кедендiк рәсiмдеу бекетi бар.

 

 

 

 

 

 

 

 

2-кесте. Қазақстан Республикасының  халықаралық кеден бекеттерi 

 

Өткiзу бекеттерi

                        Орналасқан жерi

Қазақстан Республикасының  Қытай Халық Республикасымен  шекара-

Сындағы өткiзу  бекеттерi:

А. Халықаралық:

Бахты

Хоргис

Достық

Құлжат

Шығыс Қазақстан облысы

Алматы облысы

Алматы облысы

Алматы облысы

Б. Екiжақты автомобиль  қатынасына ашық:

Майқапшағай

Нарынқол

Алексеевка

Шығыс Қазақстан облысы

Алматы облысы

Шығыс Қазақстан облысы

Қазақстан Республикасының  ТМД елдерiмен шекарасындағы өткiзу  бекет-

терi:

Кеген

Ғани Мұратбаев

Жiбек жолы

Қордай

Меркi

Ганюшкино

Желаево

Мартөк

Қайрақ

Чистое

Қарақоға

Принкинтинское

Шарбақты

Қызыл ауыл

Жаңаөзен

Қапланбек

Алматы облысы

Оңтүстiк Қазақстан облысы

Оңтүстiк Қазақстан  облысы

Жамбыл облысы

Жамбыл облысы

Атырау облысы

Батыс Қазақстан облысы

Ақтөбе облысы

Қостанай облысы

Солтүстiк Қазақстан  облысы

Солтүстiк Қазақстан  облысы

Павлодар облысы

Павлодар облысы

Шығыс Қазақстан облысы

Атырау облысы

Оңтүстiк Қазақстан  облысы


 

     2006-2015 жылдар шегінде темір жол көлігі саласында келесі шараларды жүзеге асыру жоспарлануда:

      - көліктік-экономикалық  сыртқы байланыстар мен транзиттік 
тасымалдарды кеңейту (Достық стансасын дамыту, Саяқ-Мойынты темір жол телімін күшейту);

      - тасымалды  арзандату және экологиялық жағдайды  жақсарту (Шу-Алматы, Павлодар - Екібастұз  телімдерін электрлендіру);

      - пайдаланымдық  сипаттамаларын жақсарту, транзит  тасымалдарын кеңейту, қозғалыс  қауіпсіздігін арттыру (Бейнеу-Маңғыстау теміржол желісін күшейту, темір жол дәліздеріндегі жолдарды жөндеу);

      - Алматы-Астана  телімінде жоғары жылдамдықты  пойыздар қозғалысын ұйымдастыру;

      - Индербор-Александров-Гай,  Қазтал-Александров-Гай темір жол  желілерінің 1-ші кезегінің құрылысын жүргізу;

      - Ақтоғай-Достық  телімінде диспетчерлік орталықтандыру  орнын салу;

      - шекаралық Достық  стансасын жұмыс орындарын кешенді  түрде автоматтандыра отырып, орталықтандырудың  релелі-процессорлы жүйесіне ауыстыру.

    - Республикамыздан Иран желісіне шығатын ең қысқа жолды 
(Ералиев-Түркменбашы) салу;

      - Шар-Өскемен  аймақаралық көлік-экономикалық  байланыс желісін жақсарту;

      - Краснооктябрь-Донское  темір жол желісінің құрылысын 
жалғастыру;

      - Достық-Алматы телімінде екінші жол желісінің құрылысын жүргізу;

      - Бейнеу - Маңғыстау  темір жол желісін күшейту  және Достық стансасын дамыта  отырып, Ақтоғай-Достық телімінің  II кезегін салу.

     Сонымен  қатар, болашақта Астана-Қандыағаш  темір жол желісінің құрылысы жүргізілуі мүмкін, оның арқасында Барнаул-Павлодар-Астана-Қандыағаш- Атырау-Астрахань темір жол магистралі кең ауқымдық бағыты бар Орталық Қазақстан темір жол магистраліне айналуы мүмкін. ОҚД (ЦКМ) республика ішіндегі тасымалдармен қатар, Қиыр Шығыстан, Корей түбегінен, солтүстік-шыгыс Қытайдан, Монғолия мен Сібірден Еуропа елдеріне апаратын транзиттік тасымалдарды жүзеге асырады. ОҚД-ын Шұбаркөл-Арқалық теліміне қосу Сары теңіз жағалауынан Орталық Қытай, ШҰАО (СУАР) (Алашанькоу-Достық- Ақтоғай-Балқаш-Жезқазған-ОҚД-Қандыағаш-Орал-Самара) арқылы Еуропаға шығуды және кері қайтуды қамтамасыз ете алады.

Яғни еліміздің экономикасы  тікелей темір жол саласына байланысты. Ал темір жол саласын дамыту еліміздің  транзиттік тасымалдарға аса көңіл  болгенін қалайды. Ол үшін темір жолдың барлық құрылымдары мен олардың элементтерінің дүниежүзілік стандартқай сай болуын талап етеді. Яғни темңр жолдың алдына жаңа интенсивтік технологиялардың ендіруін талап етеді Сондықтан қарастырылып отырған тақыры өте орнықты. Осыған орай дипломдық жұмыста келесі сұрақтар қарастырылады.

Жүк және коммерциялық жұмыстағы  қағазсыз технологияның басты принципі жүк темір жол тасымалдауға тапсырылғаннан оны жүк қабылдаушыға тапсырғанша  тасымалдау барысында жүкке қатысты  барлық ақпарат біртұтас мағлұматтар базасында болады. Тасымалдау барысында жүкке қажетті мағлұматтар синхронды түрде электрондық базада қажетті станцияларға түсіп отырады. Осыған орай көлік материал ағыны басқаратын ақпараттық-логистикалық орталықтың құрылымдық моделі тұрғызылады.

Бұл дипломдық жұмыста халықаралық тасымалдағы тасымалдау құжаттарының мағлұматтарын электронды түрде аударып отыру мәселесі мен Қазақстан Республикасында электрондық наклонды ендіру мәселесі қарастырылады.

 

 

 

 

 

 

 

2 Мәселені шешу жолдарын зерттеу Қазақстан Республикасындағы халықаралық тасымалдардың негізі мен халықаралық көлік дәліздері

 

     Республиканың транзиттік потенциалын екі түрде қарастыруға болады – аймақтық және трансконтинентальдік. Бұл әрқайсысының өзінің спецификасы бар сыртқы нарықтың географиялық орналасуына негізделеді.

     Қазіргі  кезде көліктік жүйенің потенциалы, соның ішінде Қазақстан территориясы  арқылы халықаралық транзиттің  мүмкіндіктері толық пайдаланылмауда.  Транзиттік тасымалдаулардың өсуі  «Қазақстан темір жолы» АҚ  ҰК-ның тасымалдау мүмкіндіктерінің резервтерін пайдаланудың тиімділігін арттырады, инфрақұрылымның қайта өңдеуі мен дамуына жағдай туғызады және компанияның бюджеттік кірістері мен пайдасының өсуіне әкеп соғады. Транзиттің маңыздылығын ескере отырып, тасымалдардың дамуына барлық жағдайлар жасалуда.

     Аймақтық  транзитті екі бағытқа бөлуге  болады: Солтүстіктен Оңтүстікке  және Шығыстан Батысқа. Егер  Солтүстік-Оңтүстік бағыты жеткілікті  дәрежеде үйреншікті болса, ал  Шығыс-Батыс желісі әлі де дамып  жатыр.

     Қазақстандағы аймақтық транзиттің көліктік инфрақұрылымының жеткілікті жақсы қамтамасызданған басты бағыты – мередиалды (Солтүстік-Оңтүстік). Бұл бағытта тасымалдаулар Бейнеу-Аксарайская, Шеңгелді-Озинки, Шеңгелді-Локоть, Шеңгелді-Никельтау, Луговая-Озинки, Луговая-Локоть телімдері арқылы жүргізіледі. Негізінен бұл Ресей мен ТМД-ның Орта Азия мемлекеттері арасындағы Қазақстан арқылы өтетін тасымалдаулар.

     Шығыс-Батыс  аймақтық транзитінің екінші  бағыты Қытай мен ТМД мемлекеттері  арасындағы тауар ағынын қамтамасыз етеді. Қазақстан арқылы ол Локоть-Достық, Тобыл-Достық, Петропавл-Достық, Шеңгелді-Достық, Луговая-Достық, Ақтау-Достық, Аксарайская-Достық, Озинки-Достық телімдері арқылы жүргізіледі

     Тасымалдардың  артуына оңтайлы жағдайлар сақталса, аймақтық транзиттің екі бағыттағы көлемі 2014 жылға қарай 16 млн. тоннаны құрайды. Бірақ атап айту керек, альтернативті дәліздердің дамуы (Иран, Кавказ, Солтүстік-Оңтүстік, Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан арқылы маршруттар) аймақтық транзиттің сандық көрсеткіштеріне кері әсерін тигізу мүмкін.

     Трансконтинентальдік  тасымалдаулар негізінен Өзбекстан-Еуропа, Өзбекстан-Корея, Ресей-Иран, Ресей-Афганистан, Тәжікстан-Еуропа, Оңтүстік Америка-Өзбекстан,  АҚШ-Өзбекстан, Тәжікстан қатынастарындағы  тасымалдаулармен ұсынылған.

     Мұндай тасымалдардың азаюына Өзбекстан мен Түркменстанның бұрын жүргізілген солтүстік маршруттардың Прибалтика мен Қиыр Шығыс порттары арқылы оңтүстік маршруттарға жүкағынының ауысуы себеп болды.

     Қатаң халықаралық  бәсекелестік жағдайында жұмыс  істеу трансконтинентальдік транзиттің ерекшелігі болып табылады.

     Аймақтық  транзит сияқты трансконтинентальдік  транзит Солтүстік-Оңтүстік және  Шығыс-Батыс арқылы екі бағытта  орындалады. Солтүстік-Оңтүстік желісі арқылы тасымалдаулар Еуропа, ТМД елдерінен Таяу Шығыс елдеріне және керісінше, ал Шығыс-Батыс бағытында тасымалдаулар Еуропадан Қытайға және Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне, сонымен қатар ТМД елдерінен Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне де жүргізіледі.

     Қазақстан  арқылы трансконтинентальдік транзиттің  стратегиялық бағыты – Шығыс-Батыс. Бұл транзиттің дамуы Қытай-Ресей Федерациясы, Қытай-Орта Азия, Ресей Федерациясы-Оңтүстік Азия мемлекеттері бағытындағы аймақтық транзиттің дамуына да септігін тигізетіні көрініп тұр.

     Сонымен,  Қазақстанның көліктік потенциалының жүзеге асуы республика территориясы арқылы өтетін көліктік дәліздердің және олардың тармақтарының дамуына тәуелді.

Қазіргі заманғы даму кезеңінде Қазақстанның транзиттік мүмкіндіктерін пайдаланудың тиімділігін  көтеруге қолайлы жағдайлар қалыптасты. Соның бірі Еуропа мен Азия мемлекеттері арасындағы үлкен қарқынмен дамып жатқан сауда-өнеркәсіптік айырбас. Еуразия құрлығының Батыс және Оңтүстік-Шығыс аудандары арасындағы сауда-экономикалық байланыстар бүгінгі таңда әлемдік саудада басымдылыққа ие болып отыр және үлкен даму потенциалы бар. Халықаралық трансконтинентальдік теміржол маршруттарын құрастыру жақын арадағы ілгерілеудің басты мәселесі болып табылады.

Отандық теміржол желісі кең және мередиалды бағыттарда                            республикаларды Ресей арқылы Еуропамен, Қытай мен Орталық Шығыс арқылы, Өзбекстан мен Түркменстан арқылы Оңтүстік-Шығыс Азиямен байланыстыратын республика территориясымен қиылысатын магистральді желіні құрайды.

Халықаралық қатынастардыжүк тасымалдау кезіндегі элактронды құжатайналымын енгізудің жұмысын ұйымдастыру