Халықаралық қатынастағы адам құқығының мәселелері



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНСТРЛІГІ

 

 

 

 

 

Тақырыбы:

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАҒЫ

АДАМ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ЖОСПАРЫ:

 

КІРІСПЕ  ....................................................................................................... 3

 

I.       Тарау

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТА АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ НЕГІЗІНІҢ ҚҰРЫЛУЫ

1.1       БҰҰ-а мүше мемлекетер және үкіметтік емес ұйымдардың адам құқықтары жөніндегі негіздері............................. ..................................................8

1.2       Халықаралық қатынастағы жалпыға бірдей Адам құқықтары декларациясы ........................................................................................................ 18

1.3       Шығыс пен Батыс ынтымақтастығының адам құқығы саласындағы жетістігі (ЕҚЫҰ қортынды Актісі -1975 ж) ...................................................... 25

 

II.    Тарау

БҰҰ ЖӘНЕ ЕҚЫҰ ШЕҢБЕРІНДЕГІ АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ МӘСЕЛЕСІНДЕГІ КӨПЖАҚТЫ ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР

 

2.1       Халықаралық қатынастағы белді ұйымдардың саяси және азаматтық құқықтар мәселесіндегі шешімдері  ................................................. 31

2.2       Әлеуметтік-экономикалық және мәдени құқықтар мәселесі халықаралық қатынастың маңызды бөлігі  ........................................................ 42

 

III.  Тарау

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ МӘСЕЛЕСІ    

3.1       Халықаралық қатынастағы адам құқығы негізіне Қазақстан Республикасының қосылуы...................................................................................50

3.2       Адам құқығы мәселесінде үкіметтік емес

ұйымдардың қызметі .............................................................................................57

 

ҚОРЫТЫНДЫ..............................................................................................63

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ .....................................67

67

 



КІРІСПЕ

 

Тақырыптың өзектілігі: Бүгінгі таңдағы адамзат баласының құнды қасиеттерінің бірі - ол адам құқықтары мен негізгі еркіндіктері екендігі аян. Адам құқықтары мен негізгі еркіндіктері адамның жан-жақты дамуы үшін, адамгершілік қасиеттерін пайдалануға, ақыл-ойы, дарыны мен ар-ожданы, өзінің рухани және басқа да мүдделерін қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Әр қоғамда әділеттілік, әділдік, адамгершілік және құрметтілік түсінігі өмір сүргені белгілі. Бірақ нақтылы әлеуметтік тұжырымын қамтамасыз ететін жалғыз жол - ол адам құқықтары.

Адамзат дамуының әрбір сатысында жаңа ұрпақ адам құқықтарын қорғай отырып, кейбір жағдайларда өмірін құрбан ету арқылы бостандықтың ауқымын кеңейтіп және оны субьектілердің кең шеңберіне таралуына, сондай-ақ мемлекеттік шенеуліктердің озбырлық қимылдарын шектеуге қолы жетті. Сондықтан да адам құқықтарын қорғау саласы ғасырлар тоғысындағы өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Әр мәселенің шешімін табу үшін оның шыққан көзі мен даму барысын, қалыптасу деңгейін айқындап алу қажет. Яғни осы саланың қалыптасуы барысындағы дипломатиялық қырларын жан-жақты көрсету - адам құқықтары мәселесінің мәнін түсінуге, жас тәуелсіз мемлекеттер үшін үлкен тәжірибе болуы, бүгінгі күн үшін өте өзекті мәселелердің бірі болып табылатыны сөзсіз.

Адам құқықтарын қорғау мәселесінің негізгі халықаралық-құқықтық базасын қалаған халықаралық деңгейдегі құжаттардың оңайшылықпен қабылданбағандығын, оның қалыптасу процесі қалай жүзеге асқандығы көп жағдайда қоғам үшін беймәлім. Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысы, Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясы, Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы Пакт, Азаматтық және саяси құқықтар туралы Пакт және соңғысына қарасты екі Факультативті хаттама, Еуропадағы Қауіпсіздік пен Ынтымақтастык жөніндегі мәжілісінің Хельсинки Қорытынды Актісі, Жаңа Еуропаға арналған Париж Хартиясы, Еуропадағы Қауіпсіздік пен Ынтымақтастық жөніндегі Ұйымның Копенгаген құжаты, Еуропалық қауіпсіздік Хартиясы және тағы басқа да халықаралық деңгейдегі құжаттар, мүше-мемлекеттердің бірлесе отырып келісімге келу барысында, ұзақ уақыт бойғы зор еңбектің нәтижесінде, айтып жеткізуге қиын дипломатиялық талқылаулардан кейін ғана қабылданғаны айқын.

Осы құжаттардың БҰҰ-ның көлеміндегі кездесулерде, сондай-ақ ЕҚЫҰ-ның жоғарғы деңгейдегі кездесуі барысында қабылдануы, күрделі қатынастар мен кейде беделді халықаралық ұйымдарға қатысушы-мемлекеттердің кейбіреуінің ымыраға келгісі келмейтін бағыттарының адам құқықтарына байланысты халықаралық құжаттарды қабылдау барысына елеулі ықпал жасап, маңызды рөл атқаратындығын көрсету де, біз үшін өте өзекті мәселе.

Жаңа үшінші мыңжылдық алдында көптеген халықтар бостандық пен тәуелсіздікке қол жеткізді. Яғни адам құқықтары мен негізгі еркіндіктерінің дәуірі туғандай. Бүгінгі тандағы ең беделді халықаралық ұйым - Біріккен Ұлттар Ұйымы өткен онжылдықты, 1995 жыл мен 2005 жыл аралығын - Әлемдегі адам құқы онжылдығы - деп жариялаған белгілі. Адам құқықтарын қорғау мәселесінің жеке мемлекеттік мәселе болудан қалғанына талай уақыт болды. Ендігі жерде адам құқықтарының негізі болатын жан-жақты халықаралық-құқықтық үлгілердің болуына қажеттілік туды. Бұл деген адам құқықтары мен еркіндіктері нақтылы жеке мемлекеттің ғана ісі болып қоймай, бүкіл халықаралық қоғамдастықтың мәселесіне айналғандығын білдіреді. Осыған орай, әлемде өзінің әлеуметтік құрылымы, экономикалық даму деңгейіне қарай және мемлекеттік билік мәніне сай әр қилы мемлекеттердің болуына байланысты, бірыңғай халықаралық құқықтық ереже құру негізінде барлық мемлекеттер өздерінің ұстаған бағыттарын келісім арқылы, бірыңғай ымыраға келу және өзара ыңғайлы шешімдерге келу арқылы жүзеге асыруға тырысуда. Өз кезегінде бұл өте күрделі де, қиын жол.

Баянды бейбітшілік, демократия, адам құқықтары, кең ауқымды халықаралық ынтымақтастық жолындағы белсенді күрескер, академик А.Д.Сахаров нобельдік дәрістерінде адамзаттың ең көкейкесті, ұлы мақсаттарын айқындай келіп, оның басты үш белгісін айқындап көрсетеді. Олар: Бейбітшілік, Прогресс, Адам құқықтары.

Осының біріншісіне тоқтала келіп ол: "адамзат өзінің тарихының ерекше жауапты, сындарлы кезеңіне аяқ басты. Өйткені ракеталық -ядролық қару санаулы секундтар ішінде жер бетіндегі барлық жанды дүниені жойып жіберуге қабілетті. Сондықтанда, бейбітшілік үшін БҰҰ-ның халықаралық және ұлтаралық топтарды басудағы ролін арттырудағы күрес - барлық мемлекеттердің, тікелей алғанда әр адамның басты міндеті",- деп тұжырым жасаған /2/.

Қазіргі кездегі бір-бірімен өзара тығыз байланысқан және өзара тәуелді дүние халықаралық қатынастағы субъектілердің әлеуметтік-экономикалық жүйесінің қандай екендігіне қарамастан бірінші кезекте мемлекетаралық келісушілік пен қарым-қатынас мәселесін шешуі қажеттігін ұсынып отыр. Мұның негізінде қазіргі дәуірдегі адамзаттың дамуының маңызды шарттарының бірі жалпы адамзаттық құндылықтарды мойындауда жатыр. Яғни, әлемнің жалпы даму өрісі біздің күрделі де көп жақты дүниені өзара тығыз байланысқа итермелеуде. Сол орайда ортақ мәселелерді өкілдік деңгейде жан-жақты талқылап, әртүрлі қарама-қайшылықтағы көзқарастарды әр мемлекеттің, қоғамдастықтың және әрбір ұлттың мүддесін ескере отырып, бір мәмлеге келтіру үшін арнайы бір әдіс-тәсіл тетігін қалыптастыру қажеттілігі туды. Біріккен Ұлттар Ұйымы мен оның жүйесі әлемді қазіргі кездегі барлық халықтардың мүддесіне сай келістірудегі барлык, күштердің қолындағы ең зор құрал болып табылады. Сондықтан да, бүгінгі әлемдегі жүйенің ешқайсы дәл Біріккен Ұлттар Ұйымының табысты қызметінсіз қауіпсіздік пен дамуды ойдағыдай қамтамасыз етуі өте қиынға соғары анық.

БҰҰ Жарғысының өзі "Дүниежүзілік Конституция" іспеттес, кемсітушіліктің кез келген нәсілдік, діни немесе саяси түрін қабылдамаған, яғни демократиялық парықтардың нағыз мазмұнын көрсете білген /3/. Ешқандай нәсілшілдікке, жынысқа, тіл мен дінге бөлмей адам құқығы мен жалпыға бірдей негізгі еркіндіктерді дамыту мен кеңейтуге құрметпен қарай отырып халықаралық қатынасты өркендетуде Жарғы БҰҰ өкілеттігімен қамтамасыз етеді. Егер нақтылы айтатын болсақ, адам нәтижелі қорғау тек демократиялық шеңберде ғана мүмкін. Сол себепті адам құқығын қолдаудағы БҰҰ-ның қызметін демократияландыру жолындағы басты мақсаттардан бөліп қарау мүмкін емес. Тіпті, 1995 жылдың 30 тамызында өткен бүкілхалықтық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясында да: «Қазақстан сияқты көпұлтты мемлекетте тыныштық пен тұрақтылық орнатудың кепілі және қоғамымыздың алға қарай еркін дамуы үшін бірден-бір дұрыс жол - азаматтардың ұлтына, дініне, нәсіліне не басқа қандай да әлеуметтік бірлігіне қарамастан – олардың құқығы мен бостандығына кепілдік бере алатын жол - демократия жолы» деп тұжырымдалған /4/.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің       "Ғасырлар тоғысында" атты кітабында былай дейді: Саяси демократияға бірнеше жағдайлар керек. Солардың ішінде қоғамда, әсіресе элиталық қоғамда кең қанат жайған өзара түсінік қана емес, жеткілікті мөлшеде бұқаралық сипатқа ие, мемлекетке экономикалық жағынан тәуелсіз орташа таптың, бұғанасы бекіген құқықтық мемлекеттің мәні зор. Егер осының бәрі жоқ болса немесе жеткілікті дәрежеде дамымаса, демократияның әлеуметтік және институттық негізі берік болмайды" /5/.

Адам құқығын қорғау саласында БҰҰ секілді беделді ұйым – Еуропадағы Қауіпсіздік пен ынтмақтастық жөніндегі ұйымын (ЕҚЫҰ) айтуға болады. 70-ші жылдардың басында құрылған бұл ұйымға Орта Азия мемлекеттерінен тұңғыш рет Қазақстан 2010 жылы төраға болу мүмкіндігіне ие болды. Әлемнің көптеген мемлекеттері мүше ЕҚЫҰ-ның алға қойған негізгі мақсаттары - осы аймақтағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қандайда бір шиеленіске жол бермей, алдын алу. Басты мақсаттары: адам құқықтары мен негізгі еркіндіктерін қорғау, сондай-ақ мүше-мемлекеттерде демократиялық даму жолын тиянақтауға ат салысу. Осы мақсаттарын жүзеге асыруда бұл ұйым маңызды халықаралык кездесулер өткізіп, адам құқықтары мен еркіндіктері жөніндегі халықаралық құжаттар қабылдауда. Бүгінгі күні халықаралық ұйымдардың қызметінсіз осы жүйенің өзінің өмір сүруі мүмкін емес сияқты. Халықаралық қатынаста екі жүздей мемлекет болса, халықаралық ұйымдардың саны екі еседей көп. Осының өзі-ақ мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар арасында жасалынып жатқан келісім шарттардың өсу қарқынын көрсетеді.

Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымы - халықаралық қатынастар тарихында оның ішінде халықаралық ұйымдар тарихында өз кезегінде заманына сай құрылған өте маңызды халықаралық ұйымдар. Сол себепті де осы екі ұйымның адам құқықтарын қорғаудағы қызметінен тәлім-тәрбие алудың маңызы өте зор.

Дипломдық жұмысты жазу барысында Адам құқықтары мен еркіндіктері мәселесінің халықаралық қатынаста алатын орнын көрсетуде, Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Еуропадағы Қауіпсіздік пен Ынтымақтастық ұйымы шеңберінде қабылданған аса маңызды халықаралық құжаттар қабылдау барысындағы мемлекеттердің қарым-қатынасын, саяси көзқарастарын, осы саладағы Қазақстан Республикасының, халықаралық ұйымдар және бейүкіметтік ұйымдар қызметін зерттеу деңгейін үш салаға бөліп қарастыру, сондай-ақ Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ-на басшылық етуінде елімізде демократиялы қоғамның нық көріністері белең алып, адам құқықтары жөнінде ауыз толтырып айтатындай жетістікке жеткеніміз негізге алынды.

Дипломдық жұмыстың зерттелу деңгейі:

Халықаралық қатынаста адам құқықтары мәселесі жөнінде қабылданған маңызды құжаттарды қамтиды. БҰҰ, ЕҚЫҰ және басқа да халықаралық қатынастағы ұйымға мүше мемлекеттер арасындағы адам құқықтары мен бостандықтары туралы құжаттарды қабылдаудағы негізгі басымдықтарды анықтайды. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының осы мәселеде халықаралық  құжаттарға, қауымдастыққа қосылуын зерттеп адам құқықтары жөнінде маңызды  рол атқарып келе жатқан  БҰҰ, ЕҚЫҰ және басқа да мемлекеттік, бейүкіметтік ұйымдардың өзара ынтымақтастығын, жұмысын зерттейді.

Дипломдық жұмыстың мақсат міндетттері:

Адам құқықтары мен еркіндіктерінің тарихи түп-тамырын анықтау және адам құқықтары мен негізгі еркіндіктері жөніндегі құжаттардың қабылдау дәстүрі мен талдау барысын қамтып отырған мәселелер ауқымын сараптай отырып, адам құқықтары мен еркіндіктері жөніндегі құжаттардың халықаралық қатынастағы маңыздылығын ашу, тәуелсіз Қазақстан Республикасының даму сатысындағы құқықтық демократиялық мемлекет орнату бағытында маңыздылығын анықтау.

Біріккен Ұлттар Ұйымының бүкіләлемдік мемлекетарлық қарым-қатынастағы маңызды ролін, БҰҰ-шеңберінде   қабылданған Адам құқықтары туралы халықаралық билльдің мәні мен мақсатын, Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымы деңгейіндегі көпжақты кездесулердегі Адам құқықтары мәселесінің алатын орнын, тәуелсіз Қазақстанның халықаралық қатынаста адам  құқықтары мен еркіндіктері жөніндегі халықаралық құжаттарға қосылуының мәні мен қажеттігін ашып көрсету. Қазақстандағы  адам  құқықтары     жөніндегі   бейүкіметтік ұйымдардың қызметі мен олардың мемлекеттік мекемелермен ортақ мақсатқа жетудегі байланысын жан-жақты ашу және 2010 жылы Қазақстан Республикасының ЕҚЫҰ-на төраға етуідегі басты жетістігін зерттеу болып табылады.

Дипломдық жұмыстың деректік негізі:

Дипломдық жұмысының алдына қойған мақсаты мен міндетін орындауда негіз болған деректердің қайнар көздеріне қарай оларды бірнеше топтарға бөліп қарастырылған. Ең алғашқылардың қатарында тұрғаны және ең маңыздысына - заң актілері мен қаулылары жатады. БҰҰ-ның Жарғысы - осы халықаралық ұйымға мүше мемлекеттердің адам құқықтары мен негізгі еркіндіктерін баршаның тарапынан құрметтеу мақсатына негіздеп жасаған алғашқы халықаралық келісім шарты. 1975 жылы Хельеинкиде қол қойылған Қорытынды акті - Шығыс пен Батыс мемлекеттері халықтарының арасындағы қатынастың Хартиясы мен Кодексі.

Тәуелсіз Қазақстан бүкіл әлем алдында адам құқықтары мен негізгі еркіндіктерін сақтаудағы сүйенетін негізгі құжаты – Қазақстан Республикасының (1995- жылғы қабылданған) Конституциясы.

Деректердің келесі бір тобына мемлекеттік қайраткерлердің сұхбаттары мен еңбектері. Нақтылы айтқанда: Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңде халықаралық құқықтың субьектісі ретінде, халықаралық ұйымдарға мүше болу, осы ұйым шеңберінде қабылданған адам құқықтары мен негізгі еркіндіктерін қорғауға және сақтауға арналған құжаттарға Қазақстанның да қосылып, ел қатарлы алға қарай дамуы қажет    екендігі    жайлы    жазған    Қазақстан    Рсепубликасының Президенті Н.Ә.Назарбавтың еңбектері басшылыққа алынды.

Сонымсн қатар, Қазақстан Республикасының сыртқы саясатта жан-жақты берік нығая түсуіне бар күш-жігерін жұмсаған, халықаралық қатынаста еліміздің өз орнын тауып, басқа елдермен адам құқықтары мен негізгі еркіндіктері мәселесіндегі ынтымақтастығын нығайта түсуге, ат салысқан бұрынғы Қазақстан Республикасының Сыртқы Істер министрі, Үкімет басшысы Қ.К.Тоқаевтің, қазіргі сыртқы істер мининстрі М. Тәжиннің еңбектері пайдаланылды. Біріккен Ұлттар Ұйымының бұрынғы бас хатшысы болған Бутрос Бутрос-Галидің және Кофи Аннанның адам құқықтары мен демократиялық процестерді уағыздайтын жалынды сөздері мен істері жөніндегі еңбектері де назардан тыс калмады.

Зерттеу жұмысының тақырыбын ашуда аталған тақырыпта қалам тартқан ғалымдардың ішінен әсіресе А.Н. Талалаевтың В.А. Карташкиннің және И.И.Яковлевтің, Б.А.Мазоштың, Р.Л. Бобровтың, С.А. Малининнің, А.Я. Островскийдің, В. Морансцкийдің,   Е.А. Шибаеваның, М.А. Сәрсембаевтың еңбектерін атаған жөн. Г.С. Остапенконың, О.Г. Зайцеваның, Б. Г. Мановтың, Г.М.Ефимовтың монографиялық еңбектері мен мақалалары маңызды рөл атқарды.                   

Дипломдық жұмыстың методологиялық негіздері:

Диплом тақырыбын зерттеуде көптеген зерттеу әдістері қолданылды. Әр оқиғалар мен құбылыстардың себебі, алғышарттары мен салдары зерттеуде тарихи-танымдық қағида, кез-келген екіжақты және көпжақты қарым-қатынастың салалар бойынша қалыптасуы мен даму дәрежесін нақтылап анықтауда жүйелік қағида, халықаралық қатынастар жүйесінде жеке мемлекеттердің ұсыныстары мен тілектерін жан-жақты сұрыптаудан өткізіліп, заманына сай қабылданған халықаралық құжаттарды талқылауда салыстырмалы-сараптамалық қағидалар қолданылды.

Сонымен қатар, жүйелік, салыстырмалы, құрылымдық-функционалдық тәсілдер, диалектикалық қағидалар, нақты тарихи себеп-салдарлы байланыстар, сондай-ақ саяси процестер ықпалымен еліміздегі адам құқығы сипаты туралы ғылыми ұстаныстарды болжау түріндегі әдістер қоладанылды.

Жұмыстың зерттелуі барысында эмперикалық базасына халықаралық келісімдер мәтіні, Қазақстан Республикасының құжаттары, Қазақстандық талдау қызметтерінің әлеуметтік және саяси зерттеулері, қазақстандық және шет елдік ақпарат құралдарының жарияланымдары негіз болды.

Дипломдық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, үш тараудан, қорытынды және пайдалынылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

67

 



I.       Халықаралық қатынаста адам құқықтары негізінің құрылуы

 

1.1       БҰҰ-а мүше мемлекетер және үкіметтік емес ұйымдардың адам құқықтары жөніндегі негіздері

БҰҰ-ның бейбітшілікті қамтамасыз етудегі немесе басқа да халықаралық деңгейдегі науқандарының ең түпкі мақсаттары - адам құқықтары мен еркіндіктерін қорғау болып табылатыны сөзсіз. Біріккен Ұлттар Ұйымының адам құқықтары саласындағы жүйесі үш жыл көлемінде қалыптасқан еді (1945-1948 жж.). БҰҰ-ның Жарғысы бекітілгеннен кейін, институциональды деңгейде адам құқықтары саласындағы мәселелерге байланысты негізгі мекемелер мен арнайы агенттіктер құрылған болатын. Осы мекемелердің адам құқықтары мен еркіндіктерін қорғауды қалыпты қамтамасыз етуі үшін, адам құқықтары жөніндегі қосымша конвенциялар арқылы толықтыру көзделді. 1945 жылдың 26 маусымында Сан-Францискіде (АҚШ) қол қойылған. БҰҰ-ның Жарғысы - адам құқықтары мен еркіндіктерін баршаның тарапынан құрметтеу мақсатына негізделіп жасалынған алғашқы халықаралық келісім шарт. Халықаралық ұйым жағынан адам құқықтарын халықаралық деңгейде қорғау идеясы, бірнеше ғасырлар бұрын, әлемнің әр түкпірінде пайда болғаны әлеуметтік және саяси қозғалыстар мен әртүрлі заңдық тұжырымдар негізінде белгілі. Алайда, көптеген себеп-салдарларға байланысты ұзақ уақыт бойы қарапайым декларацияның үндеулермен шектеліп келді. Осыған қарағанда БҰҰ-ның Жарғысы өзінің үшінші тармағының бірінші бабында және 55-бапта "нәсіліне, жынысына, тіліне және діни сеніміне қарамастан, баршаның адам құқықтары мен еркіндіктерін құрметтеу, осы құрметті өзінің мақсатына жетудің негізі деп білу" ұйымның міндеті деп бекітеді /6/. Жарғының инновациялық қалпы мақсаттарды қарапайым жариялаумен шектелген жоқ. Бұйрық рай күйіндс жазылған 55-бап. "адам құқықтарын жалпының құрметтеуі мен сақтауын" қамтамасыз етуге БҰҰ міндетті деп көрсетеді. Осы міндетті орындау мүмкіндігі үшін Жарғы тарапынан БҰҰ-на нақтылы билік пен әдіс-тәсілдерін айқындап көрсетеді. Мұны негізінен үш тұжырыммен белгілеуге болады: "зерттеу", "тексеру", "ұсыныс". Сайып келгенде, БҰҰ осы билік пен әдіс-тәсілдер негізінде, ұйым шеңберінде жобаланған адам құқықтары жөніндегі халықаралық келісім шарттарды, мүше мемлекеттердің бекітуіне ұсыныс жасау мүмкіндігіне ие болады. Осыған орай адам құқықтары саласында ұсыныс жасау - БҰҰ-ның басты құралы. Ұсыныстардың нақтылы келісім шарттардан айырмашылығы, олар мүше мемлекеттер үшін занды міндеттеме күшіне ие емес. Жарғының 56-бабын ескеретін болсақ, онда ұсыныстарды міндетті түрде жан-жақты әділ тексеруден өткізіп, оларға оң көзбен қарауды құптайды /7/. Бұл бап адам құқықтары саласындағы мақсаттарға да жету үшін мемлекетерді бірігіп немесе жеке түрде БҰҰ-мен ынтымақтасуға іс-әрекеттер жасауға міндеттейді. Керісінше жағдайда, БҰҰ-ның ұсыныстарын орындамау, 56-бапқа қайшы деген бас келісім жасалынған. Бұл бап апартеидтік жүйені қолдамау жөніндегі БҰҰ-ның қаулы-қарарлары кей жағдайда жеке мемлекеттер жағынан қолдау таппауының нәтижесінде жасалынған болатын. Адам құқықтары жөніндегі БҰҰ-ның ұсыныс күйінде берілген нақтылы міндеттемелерінің өсуі қарапайым халықаралық заңдарды күшейте түскендігін атап өту кажет. Мұны 1948 жылы дүниеге келген     "Адам құқықтарының жалпыға бірдсй декларациясының" бірнеше тармақтарынан көруге болады.

Соған қарамастан, осы міндеттемелер БҰҰ-ның ұсыныстарына тек оң көзбен қарау керек дегенмен шектеліп қалмайды. Бұл міндеттемелер әр елдің өз әдіс-тәсіліне, ерекшелігінс сай адам құқықтары мен еркіндіктеріне байланысты ұлттық зандарды сөз жүзіндс ғана емес, іс жүзінде де БҰҰ-ның басшылығынсыз-ақ дамыта түсуге міндеттейді. 56-бап адам құқықтары саласында халықаралық ынтымақтастықты кеңейте түсу үшін, мемлекеттердің біріге жұмыс жасауын қолдайды. Осыған орай бірқатар негізгі аймақтық ұйымдардың, яғни Еуропалық Кеңестің, Американдық Штаттар ұйымы және Африкандық Одақ ұйымы қызметтері адам құқықтары мен еркіндіктерін қорғауға және қамтамасыз етуге арналған. Адам құқықтарына байланысты БҰҰ-ның заңды шаралар қабылдау мүмкіндігін Жарғы жоққа шығармайды. Мұндай шаралар әлемге қауіп төнген жағдайда Қауіпсіздік Кеңесінің де қаулы-қарарларында көрініс табуы мүмкін. Кең көлемде адам құқықтары бұзылған сәтте, соның салдарынан бейбітшілікке қауіп төнетін болса, Қауіпсіздік Кеңесі қандайда бір шешім қабылдайды. Жарғының 94-бабына сәйкес Халықаралық соттың да шешімі адам құқықтары мен еркіндіктерін қорғауға арналуы мүмкін /8/.

Жарғының осы инновациялық қамтамасыз етілуі, Сан-Францискі мәжілісіне қатысқан барлық мемлекеттердің ықыласымен қабылданып, сонымен қатар кейбір мемлекеттік өкілдер ішінде ақыл-кеңесші ретінде болған бейүкіметтік ұйымдардың өкілдері жағынан қолдау тапқан болатын. Осының нәтижесінде Жарғының 71-бабын қабылдауға мүмкіндік туды. Бұл бап бойынша толық құқылы бейүкіметтік ұйымдар Экономикалық және әлеуметтік кеңестің, Адам құқықтары жөніндегі комиссиясының және т.б. ұйымдардың жұмысына Кеңес жағынан кеңесші дәрежесін алғаннан кейін қатысу мүмкіндігіне ие болған /9/. Әлбетте, Жарғы - құрастырған үкіметтер, жаңа ұйымдар күштерін екі жақты бекітуге, яғни ұлттық егемендік және мемлекетаралық достық қарым-қатынас пен ынтымақтастық арқылы ұмтылды. Басты мақсаты, оның ішінде адам құқықтарын қорғауды орындауда, мемлекеттердің іс-әрекетінде БҰҰ орталық үйлестіруші болып табылатындығы баршамызға мәлім. БҰҰ-ның ережесі - шектелген жүйені болдырмауға бағытталған. Жарғыда көрсетілген ережелер әр елдің ішкі зандылығына араласпауды қадағалайды. 1948 жылдан халықаралық жағдайдың шиеленісе түсуі, әсіресе «қырғи-қабақ» соғыстың кең етек жая бастауы, БҰҰ қабырғасында адам қеқықтары мәселесін талдауды саясаттану деңгейіне әкелді. Бұл кездегі отарлық жүйеге қарсы халықаралық күрестер және әр ұлттың өз мемлекеттік құрылысын өзі таңдауға бет алуы осы саладағы жүйені елеулі либералдандыруға жетеледі. БҰҰ адам құкықтары саласындағы міндеттемелерін де кеңейте түсіп, біршама ережелер көлемін қарады. Жарғыда көрсетілген парықтарды бір жағынан құрметтей келе, екіншіден оны толық көлемде пайдалана отырып, БҰҰ халықаралық әрекет ету құрал жүйесін: үкіметтік баяндамалар, жеке байланыстар, арнайы баяндамаларды жете зерттеу барысында олардың келісім шарттары арқасында қаулы-қарар қабылдау жүйесін құрды. Осы айла-шарттардың міндетті еместік табиғаты өзінің тиімділігін жоғалтпайтындығына көз жеткізуге болады.

Бұл даму - көптеген саяси және әлеуметтік себептердің нәтижесі: яғни, бұл қоғамның адам құқықтары жөніндегі беймазалануының өсе түсуі, демократиялану, отарлық жүйені жою және өзара байланыстағы алға басу, бейүкіметтік ұйымдардың ролінің өсуі мен мемлекетаралық жарыстар. Сонымсн бірге, БҰҰ тарапынан адам құқықтарын қорғау мүддесіне арналған ұлттық жоспарларды дайындау және жүзеге асыруы кезеңіндегі ықпалы; ұлттық құқық қорғау институттарын құру және нығайту; ұлттық заңдар мен саясаттағы адам құқықтарын қорғау саласындағы дайындықта халықаралық үлгімен бірлестіріп жүйелеу әдістеріне қатысты ұсыныстар; әділеттілік жүйесін нығайту; немесе әрқилы кәсіптік топтарды адам құқықтары мәселесінде дайындауды ұйымдастыру жөніндегі көмектері жатады.

Ұлттар Лигасының жалғасы болып табылатын БҰҰ-ның одан басты айырмашылығы да, осы адам құқықтарын қорғау мәселесіндегі құрылысынан да ерекше көрінеді. Әсіресе өте маңызды ерекшелігі – көпжақтағы мен БҰҰ жүйесінің табиғи қозғалмалығы. Бірікксн Ұлттар Ұйымының Жарғысы осы халықаралық ұйымның көптеген институттары мен мекемелеріне адам құқықтары міселесінің әр түрлі астарларын қарау құқықтарымен қоса кең көлемде өкілдік береді. БҰҰ-ның барлық негізгі мекемелері адам құқықтары саласында тікелей немесе қосымша ролге ие болуда. Осы негізгі мекемелерге қосымша ретінде тек адам құқықтары міселесіне қатысты арнайы мекемлер құрылған. Әлбетте, адам құқықтары мен негізгі еркіндіктері жөніндегі мекемелер мен институттардың көптігіне қарай күрделене түсуі - адам құқықтары мәселесінің жан-жақтылығынан туған қажеттілік.

Осы беделді халықаралық ұйымның құрылымына тоқталатын болсақ, адам құқықтары мәселесін естен бір сәт шығармайтын мекемелерінің ішіндегі ең бастысы да беделдісі - БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы (БА) екендігін бәріміз де білеміз. Ал "қандай да болмасын мәселені қарап талқылауда" ол қашанда Жарғының 10 бабына сүйенеді. Жарғының 13-бабының 1-тармағына сәйкес, баршаның нәсіліне, жынысына, тіліне және дініне қарамастан бірдей адам құқықтары мен еркіндіктерін іске асыруды Бас Ассамблея жан-жақты зерттей отырып, ұсыныс жасауға мүмкіндігі бар /10/.

Ал БҰҰ-ның келесі негізгі мекемесі Қауіпсіздік Кеңесінің де Жарғының 24-бабына сәйкес басты өкілеттілігі халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету болғандықтан осы мақсатта жалпылай кең көлемде адам құқықтарын қорғау мәселесімен қиылысыл жатады. Осындай жағдайдың алдын алу қажет болған жағдайда, БҰҰ жағынан күш қолдану шараларын пайдалануда Қауіпсіздік Кеңесі Жарғының 39-бабына сүйенеді /11/. Жарғыға сәйкес, Бас Ассамблеяға бағынышты мемлекетаралық мекеме ретінде құрылған Экономикалық және әлеуметтік кеңесте адам құқықтары мәселесімен айналысып, мүше мемлекетгерге ұсыныстар жасауға құқылы. Сонымен бірге жеке мекемелер мен арнайы агенттіктердің жұмысын барлық салада үйлестіруге жауапты. Кеңес пен оның көмекші мекемелері кеңесші органдарда бейүкіметтік ұйымдардың қатысуын қамтамасыз етеді. 1946-1948 жылдары Кеңес адам құқықтарына қатысты бірнеше түйінді институционалды шешімдер қабылдаған. Соның бірі - Жарғының    68-бабы    негізіндке   Адам    құқықтары  жөніндегі Комиссияны құру. Бұл Комиссияның ең алғашқы табысы адам кұқықтары туралы халықаралық билльді дайындау болды. Сол жылғы әйелдер құқықтары мен дәрежесіне қатысты мәселелерді қараған субкомиссиялар жұмысына да Кеңес жауапты еді. Сайып келгенде Экономикалық және әлеуметтік комиссия әртүрлі адам құқықтарына қатысты мәселелерді, соның ішінде геноцид, нәсілдік жікшілдік, аз ұлтты халықтар мәселесін, еркін ақпарат мәжілістері мен жыл сайын адам құқықтары жөніндегі кітап шығаруды бекіту, Халықаралық еңбек ұйымымен ынтымақтаса отырып күштеп жұмыс жасатуға жол бермеу және еңбек құқықтарын қорғауда кәсіподақтар құру мәселелерін қарайды.

БҰҰ-ның Жарғысының 75-бабына сәйкес міндетінде ешқандай нәсіліне, жынысына, тілі мен дініне қарамастан баршаның құкықтары мен еркіндіктерін құрметтеуге арналған Халықаралық қамқор жүйесі құрылды /12/. Сондай-ақ бұл жүйе де экономикалық және әлеуметтік теңдікті қамтамасыз етуге бағытталған.

Жарғы негізінде (34-бап, 1-тармақ) бекітілген Халықаралық әділеттік сотының көмегі арқасында адам құқықтары мен еркіндіктері жөніндегі екі халықаралық келісім де заңдық күшіне ие болды. 15 тәуелсіз соттардан тұратын БҰҰ-ның бұл мекемесі адам құқықтарына қатысты тек біраз жағдайда ғана шешім қабылдағанымен, оның әр шешімдері түбірлі парықтардың негізін қалады. Адам құқықтарын қорғау мәселесінде сот жағынан дүркін-дүркін шешімдер қабылданған. Бұл мәселелерді соттың қарауы, оның шсшімдері адам құқықтарына қатысты халықаралық зандылықтарды айқындауда аса зор маңызға ие болып отыр.

БҰҰ-ның Жарғысы Хатшылықтың міндетін де қарастырған, оған басшылық етуге Бас Хатшы бекітілген. Бас хатшы ұйымның әкімшілік жетекшісі ретінде Бас Ассамблеяның, Қауіпсіздік кеңесінің, Экономикалық және әлеуметтік Кеңестің және Қамқорлық Кеңесінің барлық мәжілістерінде осы мекемелерге байланысты өзіне берілген міндет көлемінде қызметін атқарады. Бас Хатшы ұйымның алғашқы кезеңінде адам құқықтарын құрметтеуге қатысты ақпараттарды және құқықтық қорғауды қамтамасыз етумен айналысатын әкімшілдік құрылымды бекіткен. Кейінгі көптеген жылдар бойы Хатшылық осы мәселеде өзінің басқаруын қалады. Адам құқықтары саласындағы ілгерілеу барысында Адам құқықтары жөніндегі БҰҰ-ның Жоғарғы Комиссиясын құрған болатын. Сайып келгенде БҰҰ-ның Жарғысында көрсетілген 68-бап, Экономикалық және әлеуметтік кеңеске бірнеше салада, оның ішінде адам құқықтары саласында да арнайы комиссиялар құруға өкілеттілік береді /13/.

Сондықтан да, Кеңес өзінің бірінші сессиясында-ақ адам құқықтары жөніндегі комиссияны құруды алға қойды. Осы кезеңнен бастап бұл "орталық комиссия" деп аталып, құрамы әрқайсысының өз жеке міндеті бар 9 мүшеден тұратын болды. Орталық комиссия Кеңеске жіберген өзінің баяндамасында комиссияның барлық мүшелері бейүкіметтік өкілдер ретінде әрекет етуін ұсынғанымен, Кеңес жағынан қолдау таппайды. Кеңес өзінің екінші сессиясында Адам құқықтары жөніндегі комиссия құрамында Кеңес сайлаған БҰҰ-на мүше 18 мемлекеттің әрқайсысынан бір өкіл болуға тиіс деп шешеді. 1946 жылғы Экономикалық және әлеуметтік Кеңестің бірінші және екінші сессиясының шешімі бойынша Комиссия :

а) халықаралық құқықтық билльге;

ә) азаматтық еркіндіктерге, әйелдер статусына, ақпарат еркіндігіне;

б) аз ұлттарды қорғауға;

Халықаралық қатынастағы адам құқығының мәселелері