Конақ үй сервисінің теориялық аспектілері
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
І Тарау. ҚОНАҚ ҮЙ СЕРВИСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
- Қонақ үй бизнесі: дамуы мен жіктелуі
- Қонақ үй қызметтерінің спецификасы
- Қонақ үй сервисі сапасының элементтері
ІІ Тарау. “КАРАВАН
САРАЙ” ҚОНАҚ ҮЙ-МЕЙРАМХАНАЛЫҚ
2.1 “Караван Сарай” қонақ үй-мейрамханалық кешенінің ерекшеліктері мен ұйымдастыру құрылымы
2.2 Қаржылық қарекетті талдау
2.3 “Караван
Сарай” қонақ үй-мейрамханалық
кешенінің сервистік
ІІІ тарау. ҚОНАҚ ҮЙ САПАЛЫ СЕРВИСІНІҢ БАҒДАРЛАМАСЫН ДАМЫТУ
3.1 Ішкі маркетинг саясатын енгізу және басқару
3.2 Еңбек ресурстарын
тиімді басқару қонақ үй
3.3 Пайдалылықты
өсірудің приоритетті бағыттары
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМША
КІРІСПЕ
Қонақ үй және мейрамхана бизнес ортасы туризмнің жетекші факторы мен базасы болғандықтан, оны “алтын жұмыртқалы тауық” саласы деп атайды. Бірақ біздің елімізде қонақ үй-мейрамханалық және туристік бизнес көптеген себептерден шетелдегідей өріс алып жатқан жоқ, оның экономикалық және басқару негіздерін оқу экономикалық ғылымның жеке саласына әлі айналған жоқ, ал қонақжайлық қызмет көрсету маркетингі мен басқаруын тек кейінгі кезден ғана университеттік деңгейде оқыта бастады. Сондықтан бұл сала дамыған елдің тәжірибесін меңгерген жөн деп көреміз. Америка Құрама Штаттарында қонақ үй-мейрамханалық және туристік бизнесінде клиентке ерекше көңіл бөліп бағдарланумен ерекшеленетіндіктен, біз үлгі етіп американдық мектебін таңдадық. Бұл мектептің көрнекті өкілдері, қонақжайлық қызмет көрсету саласында жұмыс істейтін қызметшілер, олар өз индустриясының басқа кәсіпорын қонағы жағдайында болғанда өздеріне қандай қызмет көрсетуді қалайтын болса, қонақтарға да сондай қызмет көрсетуі тиіс деп айтады.
Темір жол, автокөлік пен әуе көлігінің дамуымен қоғам мобильдене берді. Бұл мобильділік, өз кезегінде, қонақ үй ісінің, тәуелсіз негізде басқарылған, негізінен жеке меншікте болған кішігірім кәсіпорын индустриясынан иелену мен басқарудың түрлі тәсілдері бар – франчайзинг, серіктік, аренда және шарт бойынша басқару – қазіргі кездегі индустрияға транформациясына көмектесті. Қонақ үйлер мен мотельдердің Американдық ассоциациасының мәліметтері бойынша, АҚШ қонақ үй индустриясы 44700 қонақ үйлер мен мотельдерден тұрады. Басқа елдерден ерекше АҚШ-та лауазымды, үкіметпен белгіленген қонақ үй классификациясы жоқ. Бірақ қонақ үйлерді тұрған орны, бағасы мен көрсетілетін қызмет түрлері бойынша жіктейді. Қонақ үйлер бөлмелерінің бағасы бойынша бюджеттік, экономдық, орташа, бірінші дәрежелі, апартаментті және көрікті болып бөлінеді. Өзінің тұрған орнына байланысты қонақ үйлер орталық, курортты, казинодағы, әуе вокзалды, автострадты болады.
Қазіргі
кезде әлемнің әр түрлі нүктелерінде
қызметтер саласының
Қонақ үй қызметтерінің сапасы өндірістік фирмалардың сапасынан шұғыл ерекшелінеді. Оның ерекшелігі қонақ үй кәсіпорынның өнімі бір уақытта өндіріліп – тұтынылатынында. Зерттеушілер сапаны қонақ үміттерін қанағаттандырып, одан асу мүмкіндігі ретінде анықтайды. Сапаға ұмтылу – шексіз үрдіс, бірақ бүгінгі күн қонақ үй бизнесіндегі барлық бірлестіктер онымен айналысатын уақыт. Қызмет көрсету сапасының моделі танылған бес сатылы модель ретінде кең қолданылады. Ол қызмет көрсетудің сапасын қонақтың үміттерін қанағаттандыру көзқарасынан анықтайды. Модельді жасағандардың айтуынша “қызмет көрсетудің бір қадамы – қонақтардың үміттерін және қызмет көрсету сапасында қандай қиындықтар туу мүмкіндігін білу болып табылады. Басқаша айтқанда, фирма өз қонағының үміттерін білу, және де сол күтулерін үлгілі сапамен іске асыру керек”. Бұл модель маркетингпен тығыз байланысты, өйткені оның негізінде тұтынушы қажеттіліктеріне бағдарлау жатыр.
Осы жағдайлардың барлығын ескере отырып, қонақ үй кәсіпорнында сапаға жауап беретін сервисін ұйымдастыруын зерттеу – бұл жұмысымыздың мақсаты болып отыр. Зерттеудің объектісі ретінде Алматы қаласындағы “Караван Сарай” қонақ үй-мейрамханалық кешені алынуда. Және де мақсатқа жету жолында келесі міндеттерді шешу көзделіп отыр:
- американдық мектеп тәжірибесін пайдалана отырып, сервистің қонақ үй шаруашылық қызметіндегі орнын анықтау;
- жақсы сервис ұйымдастыруын қамтамасыз ететін қызметтің төрт спецификалық белгілерін және қызмет көрсету сапасының бес сатылы моделін қарастыру;
- “Караван Сарай” қонақ үй-мейрамханалық кешенінің сервистік және шаруашылық қызметіне талдау жасау;
- қонақ үй кәсіпорынның сервистік қызметін жетілдіру жолдарын ұсыну.
Бүгінгі күні туристік нарық еңбек нарығы мен табыстар деңгейінің айнасы болып қалыптасып жатыр. Туризм сервистік қызмет арқылы қонақ үй шаруашылық жүйесін қалыптастырады. Сервис элементтері қонақ үй келушілерін бұл жерге оралуға әрдайым дайын болатын эмоционалды жағдайы жоғары клиенттерге айналуға көмектеседі. Қонақ үйдің бірегейлігі – қызметшілері өнім бөлігін құрайтынында. Сондықтан маркетинг мамандары қонақ үй қызметшілердің қонаққа сапалы қызмет көрсетуге ынтасы мен мүмкіндіктері бар екенінде сенімді болу үшін барлық жағдайлар жасауы керек. Туризм қазіргі кездегі интенсивті дамып отырған салалардың бірі және ел экономикасының жетістікті дамуында үлесі зор. Ал, қонақ үй шаруашылығы туризм дамуында маңызды орын алатындықтан, оның қызмет етуінің тиімділігін кепілдейтін жоғары сапалы сервисті ұйымдастыру мәселесі бүгінгі күні өте актуальді деп санаймыз.
І тарау ҚОНАҚ ҮЙ СЕРВИСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Қонақжайлық, немесе қонақ үй мен мейрамхана бизнес ортасын “алтын жұмыртқалы тауық” саласы деп атайды. Бұл қонақжайлық арнасы туризмнің жетекші факторы мен базасы болып табылуымен түсіндіріледі. [В.А. Квартальнов. Туризм. – М: ФиС, 2000-320с. Стр. 76].
Американдықтар қонақ үйлер, мейрамханалар, туристік агенттіктер, ұлттық парктер, мәдениет пен демалу саябақтары және т.б. сияқты арнайы кәсіпорын арқылы саяхаттаушы адамдарға қызмет көрсетуге маманданған экономиканың барлық туыс салаларын осы индустрияға біріктіреді. АҚШ-та бұл индустрия жұмыспен қамтудан маңызы бойынша екінші болып табылады. Көптеген штаттарда – бұл 400 млрд. доллар тауарлар мен қызметтермен қамсыздандыратын экономиканың ең маңызды саласы.
Біздің елде қонақ үй - мейрамханалық және туристік бизнес көптеген себептерден Америкадағыдай өріс алып жатқан жоқ, оның экономикалық және басқару негіздерін оқу экономикалық ғылымның жеке саласына әлі айналған жоқ, ал қонақжайлық қызмет көрсету маркетингі мен басқаруын тек кейінгі кезден ғана университеттік деңгейде оқыта бастады. Осындай жағдайда американдық тәжірибені меңгеру актуальды болып табылады.
Қонақ
үй-мейрамханалық және туристік бизнестің
американдық мектебі клиентке ерекше
көңіл бөліп бағдарланумен
Қонақтардың күткендерін анықтап және оларды қанағаттандыру ғана емес, олардан асу үшін тәсілдерін табу үрдісіне кәсіпорын барлық ұйымдастырушы деңгейлері қатысуы керек.
Қонақжайлық
индустриясы саласында іскер
активтілігінің ең жоғарғы мақсаты,
ең алдымен, клиент қажеттіліктерін
қанағаттандыру болып табылады, және
содан кейін ғана кәсіпорын табыстарын
көтеру болып табылады. [Уокер Дж.
Р. ВВедение в гостепиимство: Учебник
/ Пер. С англ. – М.: ЮНИТИ, 1999-463с].
- Қонақ үй бизнесі: дамуы мен жіктелуі
Солтүстік Америкада алғашқы қонақ үйлер керуен сарайлар және таверналар деп аталады. Олар қазіргі кездегі толықсервисті қонақ үйлерден едәуір ерекшеленеді.
Құрама Штаттағы ең бірінші ашылған қонақ үй Нью-Йоркте Бродвейдегі 70-бөлмелі City Hotel болды. Бұл айрықша мәнді оқиға 1794 жылы болды. Біріншіден кейін басқалары да артын ала болды. Алғашқы нағыз қонақ үй - өзінің коридор қараушысы, регистратурасы, бөлме есіктерінде құлпылары, тіпті қонақтар үшін тегін сабыны болған қонақ үй 1829 жылы Бостонда ашылған 170-бөлмелі Tremont House болды.
Көліктің жаңа түрлерінің пайда болуы қонақ үй индустриясының табиғатын өзгертті. Алдымен, темір жолдар, батысқа жол ашқан, қонақ үй жоспарлаушыларға оларды курорттық қалалар вокзалдарына жақынырақ салуды ойына салды. Кейіннен автомобильдер пайда болды. Автомобилистер үшін алғашқы салынған қонақ үй, мотель, 1925 жылы Клифорния штатындағы Сан-Луис Обиспода калифорниялық архитекторы Артур Хайнемановтың нұсқауымен құрылды. 40-шы, 50-шы және 60-шы жылдары Америка жолдарында қонақ үйлер мен мотельдердің салынуы қарқынды жүріп жатты. Американдықтар жолдарды меңгерді және қонақ үй бизнесі осы қажеттіліктерге жанастырыла бастады. Тура осылай әуе көлігі аэропорт жанында салынған, және де қала қонақ үйлерінің қайта құрылып, дамуының катализаторы болып табылды. Іскер адамдар және демалушылар осы көлік түріне көшуімен бүкіл әлемге үдей түскен ең мықты индустрияға айналдырды.
1950 жылдары экономиканың жандануы азаматтарға саяхаттар мен туризмге көбірек ақша жұмсауға мүмкіндік туғызды. Темір жол, автокөлік пен әуе көлігінің дамуымен қоғам мобильдене берді. Бұл мобильділік, өз кезегінде, қонақ үй ісінің, тәуелсіз негізде басқарылған, негізінен жеке меншікте болған кішігірім кәсіпорындар индустриясынан иелену мен басқарудың түрлі тәсілдері бар – франчайзинг, серіктестік, аренда және шарт бойынша басқару – қазіргі кездегі индустрияға трансформациясына көмектесті.
Франчайзинг.
Франчайзинг шаруашылық жүргізуінің жүйесі ретінде қонақ үй индустриясында кең қолданылады. Оның мәні: серіктік шеттен ақша тартып, сол арқылы, әлде қайда тез дамуында жатыр. Серіктік, лицензиясын сақтай отырып, бұрынғыдай белгілі құқықтарға ие болады, мысалы, өзінің фирмалық белгілерін, өздері шығарып тапқан технологияны, әдістемесін, сақтау жүйесін, пайдаланған маркетингтік процедураларын, жеңілдіктер жүйесін және т.б. қолдану құқықтары. Серіктіктен лицензияны сатып алушы оның қонақ үйдің бөлігін жеке басқару бойынша шартқа қол қойды, лицензия ұстаушымен ақылдасқан шарттарына сәйкес. Франчайзинг, ол арқылы қалыпты дамуына мүмкіндік алатын серіктікке де , ақшасы мен жұмыс істеу құштарлығы бар, бірақ тәжірибесі мен атағы жетіспейтін донорға да пайдалы.
Бұл жүйе қонақ үй индустриясында 1907 жылы Ritz Development Company өзінің нью-йорктік фирмасынан Ritz Carlton аталу құқығын сатып алуынан басталды.
Holiday Inns серіктігі де (қазір ол Holiday Corporation деп аталады және әлемде ең ірі болып саналады) өзінің тез дамуымен франчайзинг борышты. Holiday Corporation жетістігінің басты факторларының бірі олардың орташадан жоғары емес баға көлемі бар нарық үшін күрескен бірінші қонақ үйлік фирма болып табылуда. Негізінде бұндай қонақ үйлер мен мотельдер қала орталығындағы қымбат кварталдардан алшақ, маңызды магистральдардық қиылысы немесе бағалары әлде қайда саналы қала жанында салынды. Жетістігінің екінші бір себебі – олар ұсынған игіліктер болды: тиімді бағаға комфорт, көрнекті қонақ үйлерді ерекшелендірген интерьердегі астарлылықтың болмауы.
Осы уақыт шамасында “бюджетті” (ең арзан) деген мотельдер пайда болды. Калифорниялық серіктік Motel 6, бұлай аталу себебі осындай қонақ үйде тұру ақысы күніне алты доллар болды, Days Inn сияқты (оның иесі бірде Holiday Inns-те демалғанда оның бағалары аса қымбат деп санаған) бүкіл елге тарай бастады. Құрылыс биснесінде тәжірибиесі бар мистер Дэй арзан жер учаскесін сатып алып, оны екі қабатты үйлермен салып толтырды. Бұл қонақ үйлер мен мотельдер ең алдымен жанұйялық демалысқа арналған болатын.
60 жылдары Хилтон мен Шератонның жеңіл қолымен франчайзинг қонақ үйлер мен мотельдердің дамуы мен өсуінің басты стратегиясына айналды. 70-80 жылдары бұл тенденция сақталынды.
Өзінің барлық пайдаларымен қатар франчайзингтің екі проблемасы бар: 1.лицензия иесі сапа стандарттарын қалай сақтай алады. 2.лицензияны пайдалану құқығын сатып алғандардың жағынан қаржы арамдатуынан қалай аман қалуға болады. Бұл мәселеде қиындықтар өте көп. Ең алдымен шартта сапа стандарттарын кепілдейтін барлық өзгешеліктерді көрсету өте қиын. Тек кейінгі кезде ғана франчайзингтік шарттар ғимарат сыртқы келбеті мен қонақтарға қызмет көрсету деңгейін көрсететін талаптарды нақтырақ құрастыратын болды.
Қонақ үй индустриясында франчайзингпен айналысатын ең ірі серіктік Нью-Джерси штатында Парсиппанидағы Hospitality Franchise System болып табылады (3413 қонақ үй). Одан кейінгі Choice Hotels International (2487 қонақ үй) және де тізімде үшінші орын алатын – Holiday Inn Worldwide болып табылады.
Лицензия сатып алушы үшінде (оның иесі сияқты) франшизаның артықшылықтары мен кемшіліктері бар.
Артықшылықтары:
- Істі бастау үшін жоспарлар мен спецификация пакеті;
- Бүкіл елге жарнама;
-
Брондаудың орталықтанған
-
Жиһаз, жабдықтар сатып
-
Фирма анықтамасында
Кемшіліктері:
- Жоғыры жарна төлеуі;
- Орталықтанған брондау жүйесі тек 17-26% сақталынатын бөлмелерді ғана береді;
-
Лицензияны сатып алуда, оның
иесі белгіленген
- Лицензияны сатып алуда оның иесімен шартынан таймау керек.
Фирма үшін артықшылықтар:
-
Нарықта үлесінің үлкеюі және
де сәйкесінше мәртебесінің
-
Өзінің лицензиясын қолдану
Тәуекелділік:
- Сапа стандарттарын ұстау қиын ;
-
Өз лицензиясын сенімсіз
Серіктік.
Кәсіпорынды қаржыландыруын дамытудың басқа қызықты әдісі Travelodge фирмасымен қолданысқа енді – ол серіктік. Бұл жоспар бойынша мотельдік бизнеске кіргісі келген ер-зайыпты мотель құнының жартысын төледі. Жұбайлар басқарушы ретінде жалақы алып, соған қоса кәсіп орын операциялардан түскен пайда олармен компания арасында тең бөлінді. Travelodge серіктігі (қазір ол Forte Hotels and Motels серіктігінң бөлігі) осы партнерлік келісімдерден пайда табу тәжірибиесін бастап кеңейтті.
Аренда.
Аренда (Лизинг) 1950-60 жылдары көпшілікке белгілі болды, бұл шаруашылық жүргізу әдісін қонақ үй индустриясында әлі де, бірақ сиректеу, қолданып жүр.
Бұл әдіс арендаға алушыға да, компанияға да, нарыққа шығып онда күшеюіне мүмкіндік береді. Қонақ үй сатудан ақылдасқан пайызға арендаға беріледі, негізінде бұл 20-дан 50 пайызға дейін. Мысалы, американдық қонақ үйлердің халықаралық етек алуы Hilton компаниясының Сан – Хуанедағы (Пуэрто-Рико) отельдердің бірін жалға алудан басталды.
Дамушы елдерде мемлекет кәсіпорынды жалға беру аса танылған. Кейбір аймақтарда, ерекше айтқанда Батыс Еуропада, аренда корпорация үшін әрқашанда пайдалы болды.
Капитал жетіспеушілікте ағымды нарықта аренда қайтадан етек алуы мүмкін деген ықтималдық бар. Қонақ үй нарығындағы маклерлер жеткілікті қаржыландырылмаған жобалар үшін жаңашылдық енгізуді бұрыннан ізденушілікте.
Синдикаттау.
Синдикаттау қонақ үйлерді қаржыландырудың әлі күнге дейін танылған формасы болып отыр: инвесторлардың капиталын тарту, олар таныс та, таныс емес те болу мүмкін. Синдикаттау әдетте үлкен меншіктің үлкен инвестицияларымен біріктірілуін қарастыратындықтан, синдикат қатысушылары арысында тәуекелдің үлестірілуін қарастырады.
Келісім шарт бойынша басқару.
Шарт жүргізудің шарттық әдістің кең таралуының арқасында қонақ үй индустриясы 1970 жылда нағыз бумды басынан кешірді. Өзінің әйгілігімен бұл әдіс акционерлік капиталдың шамалы ғана қатысуын қажет етуіне борышты. Тіпті егер корпорация қонақ үй құрылысына қатысып жатса да, меншік әдетте үлкен сақтандыру компаниясымен қайтарылады. Осылай Калифорнияда La Jolla қонақ үймен болды, оны Marriott Hotel корпорациясы салды. Корпорация қонақ үйді 34 млн. доллар шамасында салып, Paine Webber банктік фирмасына 52 млн. долларға сатқан болатын.
Контракт әдетте меншікті 5,10 және 20 жылға басқаруды қарастырады. Бұл үшін компанияға жалпы және таза эксплуатациялық табыстан белгілі пайыз күйінде төлемақы төленеді, әдетте ол 2-ден 4,5%-ке дейін. Қазіргі кезде бұл көбінесе минималды 2 %-дық төлем ақы және бұған қоса мадақтау төлем ақы (поощрительное вознограждение) төленеді. Кейбір шарттар бірінші жылы 2 %, екіншіде 2,5%, үшінші және одан кейінгі жылдары 3,5% қарастырады. Қонақ үй фирмалары олардың меншіктерін басқару шарты әдісін таңдайды. Бұл компанияға ішкі де сыртқы нарықта тезірек кеңеюіне мүмкіндік береді.
Басқару
фирмалары жүйе өзінің меншігін басқарғысы
келмейтін және де басқара алмайтын
меншік иелерімен өзара пайдалы
мәмілелерді жасайды. Соңғы кезде
басқару шарттары басқару фирмалардың
акционерлік капиталға
Қонақ үйлердің жіктелуі.
Қонақ
үйлер мен мотельдердің Американдық
ассоциациасының мәліметтері
Комфорттылығы бойынша олар әдетте 5 категорияға бөлінеді. Америкада ең жоғарғы мәртебе 2 мекемемен беріледі: American Automobile Association (ААА) өзінің жүлдесін “бес бриллиант” деп атайды, ал Mobile Travel Guide – “5 жұлдыз”. 21 000 жоғарғы деңгейлі қонақ үйлердің ішінен тек 25 қонақ үй 2 жоғары жүлделерге ие.
Қонақ үйлерді сонымен қатар тұрған орны, бағасымен көрсететін қызмет түрлері бойынша да жіктеуге болады.
Қонақ үйлер бөлмелерінің бағасы бойынша бюджеттік (25-35 доллар), экономдық (35-55 доллар), орташа (55-95 доллар), бірінші дәрежелі (95-195 доллар), апартаменті (65-125 доллар), көрікті (фишенебельді) (125-425доллар).
Өзінің тұрған орнына байланысты қонақ үйлер орталық (қала орталығында орналасқан), курортты (курорттық жерде), казино (ойын (игорлық) бизнестың орталықтарының бірінде), әуе вокзалды (әуежай ауданында), автострадты (автосрадада). Жіктелудің басқа да критерийлері бар, мысалы, қолдану шарттары: тайлинер, ұзақ тұруға арналған, конференцияларды өткізуге арналған және т.б.
Орталық қонақ үйлер.
Барлық орталық қонақ үйлер өзінің тұрған орны қала орталығының болуының арқасында іскер келгендер үшін де, демалып клгендер үшін де қолайлы. Олар көрікті орташа, экономды, апартаментті – қысқа мерзімді тұруға да ұзақ мерзімдік тұруға да арналған, болуы мүмкін. Олар неше түрлі тұру жағдайлар мен қызметтерді ұсынады. Көрікті қонақ үйлер тек өзінің интерьері ғана емес, сонымен қатар өте жоғары сапалы, сәулетті, қызмет көрсетуімен ерекшеленеді: қақпашылар вестибюльде және қабаттарда, сән салондары, спортзал, шомылу бассейні, теннис корты, билет кассасы,автокөлікті жалға алу агентсвосы және т.б. Бөлмеде қызмет көрсету тек официантпен ғана емес, сонымен қатар хатшы, жеке дәрігер, медбике, бөлмеде компьютерді қолдану, факс және т.б. Әдетте қонақ үйде фирма мейрамханасы, дәмхана, бар, демалуға арналған холлдар, конференц-залдар, танц-залдар болады.
Орталық қонақ үйлер құрылысы біркелкі жүрген жоқ: әдетте инвесторлар қонақ үй ісін дамытуын ынталандыруға бағытталған үкімет қаулыларының кезекті толқынынан кейін ғана қаражаттарын сала бастаған. Мысалы, қалаларды қайта құру жобаларын инвестициялауға салықтық жеңілдіктер, 60 жылдары көптеген қалаларда жаңа орталық қонақ үйлерді салуы үшін жағымды экономикалық жағдайды туғызды. Соңғы кезде салынған нью-йорктік орталық қонақ үйлердің ішінен, көрікті St. Regis Hotel, орташа Ramada Hotel, экономды Days Inn, апартаментті Embassy Suits атап көрсетуге болады.
Курортты қонақ үйлер.
Темір жол көлігінің дамуымен курортты қонақ үйлер саңырау құлақтар тәріздес өсе бастады. Демалыс кезеңі кезінде экзотикалық аймақтарға ұмтылған қала тұрғындарының саны барған сайын көбее берді. 1900 жылдардың соңында курортты жерлерде темір жол арқылы келген демалушыларға арналып қонақ үйлер салына бастады.
Рахат үшін саяхаттар мұхит жағалауларына немесе тамаша таулы аймақтарға жасалынған болатын. Алдымен, бұл курорттар мезгілдік сипатта болды. Бірақ, автомобильдер мен ұшақтар ең шалғайдағы жерлерді әбден қолайлы етіп және де саяхаттар адасдардың көбірек санының қалтасына шақ бола бастаған кезде көптеген курорттар жыл бойы қызмет ете бастады. Курорттарға Палм-Спрингетен Палм Бичке дейін созылып жатқан “күн белдеуі” аса бай. Жылдар бойы кебір курорттатрдың тоқырап қалу байқалды, себебі адамдардың демалыспен байланысты әдеттері өзгере берді. Дәстүрлі бір айлық демалыстың орнына қазір жыл бойы 4-7 күнге дейін созылатын демалыс алуды ұнатады. Ескі курорттарда үлкен ұрпақ өкілдері демалады, ал жастар мобильді автотурист демалысын және жаңа курорттардың еркін атмосферасын қалайды.
Жаңа қалыптасқан жағдайда қызметін қалыпты жалғастыра беру үшін, көптеген курортты қонақ үйлер әртүрлі қонақтардың көңілін таба отырып көбірек икемделеді.
Егер біреулер кезеңнің нағыз қызған кезінде балалары бар қонақтарды қабылдамай демалуға келген балалар шуын жақтырмайтын басқа қонақтар көңілдеріне қарайтын болса, керісінше кейбір қонақүйлер балалары бар жанұялар үшін толық қолайлы жағдай жасауға тырысады. Ал кейбір қонақүйлер өз бөлмелерін конференция, съездер және әртүрлі кеңестер үшін жалға беріп, осы арқылы өз бөлмелерінің қалыпты толтырылуын қамтамасыз етеді.
Әуевокзалды қонақүйлер.
Көптеген әуевокзалды қонақүйлер бөлмелер толтырылуына наразылық білдірмейді, өйткені ірі әуежайлардан көптеген жолаушылар өтеді: командировкаға жіберілгендер мен демалушылар – жеке және топ ішінде. Біреулер осындай қонақ үйлерде өйткені өте кеш немесе өте ерте рейспен келгендіктен тоқтаса, енді біреулер өйткені басқа көлікке ауысатындықтан тоқтайды.
Әуевокзалды қонақүйлер, әдетте 200-600 бөлмелері барлар, толық сервисті болып табылады. Бәсекелестіктің өсуіне байланысты кейбір қонақүйлер өз бөлмелерін кеңестер мен конференцияға арнайы жабдықтай бастады, бұл уақытты үнемдейтін іскер адамдар үшін жасалынады.
Автострададағы қонақүйлер мен мотельдер.
50-ші және 60-шы жылдары қонақүйлер мен мотельдер автостраданың көзге түсерлік атрибуты болып қалыптасты. Американдықтар нағыз автомобилистер болды, оларға тек түн уақытында тоқтап демалатын әжептеуір арзан баспана керек болған. Жылдар бойы бұл қонақүйлердің ыңғайлылығы жетілдірілді: мейрамханалар, шомылу бассейндері, ойындарға арналған бөлмелер және т.б. қосылды. Бірақ басты қолайлылығы тіркелу қарапайымдылығы мен автомобилін терезе астына қою мүмкіндігі болып қалды.
Казинодағы қонақ үйлер.
Қазіргі кезде заңдандырылған ойын бизнесі қарқынды ұлғайып жатыр. Ал әдеттегі отельдермен салыстырғында казино-отельдері ақша-қаражаттың қуатты ағымы мен пайдалылықтың жоғары деңгейін кепілдейді. өзінің спецификасының арқасында олар жоғары толтырылуымен сипатталады.
Қазір казинолар қонақтарды қонақ үй бөлмесінің төмен бағасымен, мейрамханалардың арзандылығымен және тамаша сауық құруымен тартады. Ойын үстелінен түскен табыстар арқасында Лас-Вегас отельдері өз қонақтарына елеулі жоғары сапалы қызмет көрсете алады. Лас-Вегастың казино-қонақ үйлері курорттардағыдай көрікті және үйдегідей жайлы.
Excalibur
қонақ үйдің 4000 бөлмелері өзінің
қарапайым бағаларының
Қазіргі кезде ойын бизнесінде жаңа тенденция байқалып жатыр: біріктірілген кәсіпорындар мен стратегиялық серіктік. Мысалы, New-York – New-York деп аталатын жаңа казино-қонақ үйді құру мақсатымен MGM Grand Primadonna Resorts-пен қосылды.
Толықсервисті қонақ үйлер.
Қонақ үйлерді жіктеудің басқа әдісі – олардың көрсететін сервис тиегі бойынша: толықсервисті, экономды, ұзақ мерзім тұру қонақ үйлері мен апартаменттер. Толықсервисті қонақ үйлер комфорт пен ыңғайлылықтың, қызметтердің толық ассортиментін ұсынады, олар әдетте көрікті қонақ үйлер сипаттамасында айтылады.
АҚШ-тың көптеген басты қалаларында әйгілі қонақ үй жүйелері Doubletree, Four Seasons, Hilton, Holiday Inn, Hyatt, Marriott, Omni, Ramada, Ritz Carlton, Le Meridian, Sheraten сияқты корпорациялары болып табылады.

- Конвейер ленточный крутонаклонлонный (угол наклона 600)
- Конвенция ООН по морскому праву 1982 года
- Кондитерлік өнімдердің технологиясы
- Кондитерлік өнімдер технологиясы
- Кондитерских изделий
- Конечно-элементное моделирование, проектирование конструкции лотка ПЛ-750, статические нагрузки, программный комплекс Ansysworkbench
- Конкурентная позиция кредитной организации
- Компьютерные технологии как средство развития музыкального кругозора у учащихся 4 классов на уроке музыки
- Компьютерные технологии на уроках ОБЖ как средство повышения качества знаний учащихся
- Комп’ютерне моделювання оптимальної виробничої програми підприємства
- Комп'ютерні системи керування документообігом у сфері охорони здоров'я (на прикладі відділу охорони здоров'я м. Краматорська)
- Комп'ютерні системи керування документообігом у сфері охорони здоров'я (на прикладі відділу охорони здоров'я м. Краматорська)
- Комунікації в ЗЕД
- Комунікаційні можливості Інтернету і їх застосування в інформаційному суспільстві