Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау

 

Мазмұны

 

Кіріспе......................................................................................................................... 3

 

1    Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың теориялық негіздері                                                                                                         

1.1    Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдаудың мақсаты.......................... 5                   

1.2 Кәсіпорынның  қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі........................................................................................................................... 11                                                                                         

1.3  Кәсіпорынның қаржылық жағдайды талдау әдістері..................................... 22

2 Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» Акционерлік қоғамының қаржылық жағдайын талдау

2.1 «Қазақфильм» АҚ-ның жалпы сипаттамасы....................................................28

2.2«Қазақфильм» АҚ-ның мүліктік жағдайын және төлем қабілеттілігін талдау......................................................................................................................32

2.3«Қазақфильм» АҚ-ның қаржылық тұрақтылығын, табыстылығын және қызметтерінің іскерлік белсенділігін талдау..........................................................40

3 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жетілдірудің негізгі бағыттары

3.1 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жетілдіруде атқарылып жатқан негізгі іс-шаралар...................................................................................................................59

 

Қорытынды..............................................................................................................66

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі.............................................................................68

 

Қосымшалар.............................................................................................................70

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Диплом жұмысы тақырыбының  өзектілігі - Қазақстан Республикасы экономикалық салаларын дамытудың негізгі бағыттарын анықтай отырып, экономикалық дамытудың жаңа концепциясы және модельдерін таңдады. Экономиканың нарықтық қатынастарға өтуі кезінде кәсіпорындардың тәуелсіздігін, олардың экономикалық және құқықтық жауапкершіліктерін, шаруашылық субъектілерінің қаржылық тұрақтылығы мәнінің өзгерісін негізге алды.

Елімізде өтіп жатқан нарықтық қатынастар тек экономиканы дамыту үшін ғана емес, бүкіл қоғамдық өмір үшін де орасан зор маңызы бар екендігін мемлекеттегі атқарылған жұмыстар көз жеткізе далелдейді. Нарықтық экономика жағдайында экономикалық қызметтің жалпы экономикадағы негізгі буыны кәсіпорын болып табылады.

Кәсіпорын қаржыларының меншік иелерін  ең алдымен меншікті капитал үлесінің өсуі немесе кемуі, кәсіпорын әкімшілігі мен ресурстардың тиімді пайдаланылуы қызықтырады. Кредиторлар мен инвесторлар несиенің ұзартылуының дұрыстығына, несиелендіру шарттарына, ақшалардың қайтарылу кепілдігіне, өз капиталдарын салудың табыстылығына көңіл бөледі. Жеткізушілер мен клиенттер кәсіпорынның төлем қабілеттілігіне, өтімді активтердің бар болуына және т.б. мүдделі.

Қаржылық жағдай-бұл кәсіпорынның сыртқы ортадағы қызметіне маңызды мінездеме. Ол кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін, іскерлік белсенділігін болашағын аңықтайды. Сондықтанда ұсынылатын көрсеткіштер жүйесінің мақсаты, кәсіпорынның қаржылық жай-күйін көрсету болып табылады. Нарықтық қатынастар дамыған сайын оның қаржылық жағдайы туралы мәлімет алғысы келетін тұлғалар көбейе түседі.

Технология, қаржы, өткізілім мен өндірісті жаңарту аймағында тиімді және нәтижелі шешімдер қабылдау үшін басқарушы қызметкерлерге кәсіпорынның ағымдағы жағдайы туралы тұрақты және үздіксіз мониторинг керек. Қаржылық-экономикалық жағдайды талдау шаруашылық жағдайға қас қағымдағы жағдайын бейнелеп, бар ресурстарды пайдаланудың ең күрделі проблемаларын бөлуге, сөйтіп қалыптасқан нарықтың қажеттіліктері мен мүмкіндіктеріне мақсаттар мен ресурстарды ұйымдастыруға сәйкес келтіру күшін азайтуға мүмкіндік береді.

Бухгалтерлік есеп стандарттары мен  субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметі шоттары Бас жоспарының 1997 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізілуі және қаржылық есеп беру нысандарының халықаралық стандарт талаптарына сәйкестендірілуі нарықтық экономика жағдайына сай қаржылық талдаудың жаңа әдістемесін жасауды қажет етті.                                                                   

Қоғамда қаржылық талдау біреудің орынсыз  тілегінен емес, өмірлік аса қажеттілік салдарынан туыңдады: салмақ, ұзындық өлшемін және есептеу жүргізбей, шаруашылық субъектінің мүліктік жағдайы мен оған әсер ететін себептерді білмей, табыс пен шығынды өзара салыстырмай, біріншісінің екіншісінен артық болуына қол жеткізбей шаруашылықты ойдағыдай жүргізу мүмкін емес.                                                                                                                              

Кәсіпорын мүлкіне салынған әрбір  теңге жаңа табыс әкелу үшін осы  қорларды қозғалысқа келтіреді. Жасанды  көрсеткіш пен жоспар үшін жұмыс  істеу келмеске кетеді.                                                                                                                            

Қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар кәсіпорындардың шаруашылықты жүргізуші субъект ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып, олардың көптеген өндірістік және қаржылық мәселелерді өз бетінше шешуіне мол мүмкіншілік ашты. Атап айтқанда, ішкі және сыртқы рынокта білікті серікті таңдауға қол жетті, өйткені болашақтағы бірлескен іс-әрекеттің тиімділігі көбінесе осыған байланысты болады. Кәсіпорындар бұрынғыдай жоғарғы жақтың жөн сілтеуімен емес, контрагенттерді (жабдықтаушы, сатып алушы, мердігер, банк және т.б.) қазіргі кезде өз қалауы бойынша алады.

Дипломдық жұмыстың мақсаты-кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау және оны жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

  Осы мақсатқа жету үшін келесідей міндеттерді анықтадым:

  • экономика,қаржы саласында алған білімімді қолдану;
  • өндірістік практикада жинаған тәжірибемді пайдалану;
  • қарастырылып отырған мәселе бойынша статистикалық және                       заңнамалық материалдарды жинақтау және өңдеу;
  • кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау;
  • жүргізілген талдау нәтижелері бойынша  жетіспеушіліктерді анықтау және оларды жою жолдарын ұсыну.

Диплом жұмысының объектісі - Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм»  Акционерлік қоғамы көрсетілген. Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының негізгі қызметі-көркем, деректі және анимациялық фильмдері өндіру, сонымен қатар шетел фильмдерін қазақ тілінде сөйлету.          Диплом жұмысынң пәні - қаржылық жағдайды талдаудың түсінігін ашуға негізделген. Бұл бөлім өзіне қаржылық жағдайды талдаудың мақсаттары, міндеттері және қажеттілігі, қаржылық талдаудың ақпараттық негізі, әдістері мен тәсілдері туралы ақпараттарды біріктіреді.

Дипломдық жұмыс үш тараудан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.     Диплом жұмысының бірінші таруында Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың теориялық негіздері                                                                                                          Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» Акционерлік қоғамының қаржылық жағдайын талдау Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жетілдірудің негізгі бағыттары

 

 

 

 

 

 

      

       1 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың теориялық    негіздері

 

1.1 Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдаудың мақсаты

 

Нарықтық қатынастары  жағдайында кәсіпорыннын қаржылық жағдайын талдаудың маңызы өте зор. Бұл  кәсіпорындардың тәуелсіздікке  ие болуымен, сондай-ақ және де басқа  контрагенттер алдында өзінің өндірістік-кәсіпкерлік  қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты.          

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау жөніндегі сұрақтарды қарастырмас бұрын, "қаржылық жағдай" дегеніміз немесе "қаржылық талдау" дегеніміз не, соны анықтап алған жөн. Соңғы жылдары шығарылған арнайы әдебиеттерде бұл ұғым әр түрлі түсіндіріледі. Профессор А.Д. Шеремет "Кәсіпорынның қаржы (активтер) жағдайы қаржыны тарату, пайдалану және оның қалыптастыру көздерімен (меншіктік капитал және міндеттемелер, яғни пассивтер) сипатталады" деп жазған.                                                                                 

Профессор Н.А Русак  бұл ұғымды былайша анықтайды: «Кәсіпорынның  қаржылық жағдайы қаржы ресурстарын  жасау, тарату және пайдаланумен си-патталады.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайы  кәсіпорынның қалыпты өндірістік, коммерциялық және басқа да қызмет түрлері үшін қажетті қаржы ресурстармен қамтамасыз етілуімен және оларды мақсатқа сай, тиімді тарату және пайдаланумен, сондай-ақ басқа шаруашылық субъектілерімен қаржылық қарым-қатынаста болу, төлеу қабілеттілігі және қаржылық тұрақтылықпен сипатталады.

Кәсіпорынның уақтылы төлеу  мүмкіндігі оның қаржылық жағдайының жақсылығын көрсетеді.                                                                                        

В.М. Радионова мен М.А. Федотова кәсіпорынның қаржылық жағдайы "қаржы ресурстарының калаптасуымен, таратылуы және пайдалануымен көрсетіледі" деп жазады.                                                                                                                                          

М. Н. Крейнина, А.И. Ковалев және В.П. Привалов қаржылық жағдай ұғымын былайша түсіндіреді: ''Қаржылық жағдай - бұл қаржы ресурстарының қолда барын, үлестіріліп таратылуы және пайдалануын сипаттайтын көрсеткіштер жиынтығы".                                                                                           

Профессор И.Т. Балабанов "Шаруашылық субъектісінің қаржылық жағдайы, бұл  оның қаржы бәсекелестік қабілеттілігінің сипаттамасын (яғни төлем қабілеттілігі, несие қабілеттілігі) қаржы ресурстары мен капиталды пайдалану, мемлекет алдында және басқа да шаруашылық субъектілерінің алдында өз міндеттемелерін орындау. Шаруашылық субъектісінің қаржылық жағдайын талдаудың келесі түрлерін жүргізеді: табыстылық пен рентабельділік; қаржылық тұрақтылық; несие қабілеттілігі; капиталды пайдалану; валюталық өзін-өзі өтеу" - деп жазады [1] .                                                                                              

С.А. Стуков осы ұғым бойынша өзінің көзқарасын келесі сөздермен баян-дайды: "Кәсіпорынның қаржылық жағдайы - бұл бірқатар көрсеткіштермен си-патталатын оның саулығы мен өмір сүру қабілеттілігін кешенді түрде бағалау".                                                                                                                                   

Жоғарыда берілген анықтамалар  қарастырылып отырған ұғым мәнін  жеткілікті дәрежеде ашпайды, бірақ  олардың әрқайсысында бұл ұғымды дәлірек анықтауға мүмкіндік  беретін ұтымды тұжырымдар бар. Бірқатар түрлі әдістермен есептелетін бірыңғай көрсеткіштерге қарағанда (мысалы, еңбек өнімділігі, қор қайтарымдылығы, өзіндік құн, жалпы табыс, тиімділік) қаржылық жағдай түрлі көрсеткіштерді есептеу нәтижесінде және олардың жалпы бағалауға тигізетін әсерін зерттеу негізінде анықталатыны анық.

Біздің көзқарасымыз бойынша, сенімділік кәсіпорын жұмысының үздіксіздігін және оның төлеу қабілеттілігін көрсетеді.                                                                                                

Осы берілген түсініктерге сүйене отырып, бұл ұғымды былай анықтауға болады:                                                                                                                                    

Кәсіпорынның қаржы жағдайы  осы кәсіпорынның белгілі бір  кезеңдегі қаржылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуі мен өзінің қарыз міндеттемелерін уақтылы өтеуі үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуін көрсетеді.                                                                                              

Ал кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы нені білдіреді? Бұл сұрақ та арнайы оқулықтарда түрліше түсіндіріледі. Бір авторлар қаржылық тұрақтылықты "өз қаражаттарын шебер пайдалану қабілеттілігі, жұмыс процессінде үздіксіздігін қамтамасыз ететін қаржының жеткілікті болуы" деп түсіндіреді. Қаржылық тұрақтылық - меншікті және қарыз қаражаттарының байланысы деп жазады. Енді біреулер "өз қаражаттары есебінен активтерге (негізгі қорлар, материалдық емес активтер, айналым қаражаттары) жіберілген қаражаттарды жабатын, сондай-ақ өтелмеген дебиторлық және кредиторлық қарыздарға жол бермейтін және де өз міндеттемелерін уақтысында қайтаратын шаруашылық субъектілері қаржылық тұрақты болып табылады" деп жазады.                                                                                                                                                   

Бұл ұғымды А.Д. Шеремет пен Р.С. Сайфуллин өте ықшам түрде  анықтай-ды. Олардың ойынша "Қаржылық тұрақтылық-бұл әрдайым төлем қабілеттілігін кепілдендіретін кәсіпорынның белгілі бір шоттар жағдайы".                                    

В.М. Родионова мен М.А. Федотова бұл ұғымды келесідей түсіндіреді: "Кәсіпорында тұрақты қалыптасқан  табыстың шығыннан артуының өзіне тән  айнасы - қаржылық тұрақтылық болып  табылады. Ол ақша қаражаттарын еркін  пайдаланып, оларды тиімді қолдану арқылы өндіру мен өнімді өткізу процесінің үздіксіздігін қамтамасыз ететін, сондай-ақ қәсіпорынды кеңейтуге және жаңартуға қажетті шығындарын қаржыландыратын кәсіпорынның қаржы ресурстық жағдайын сипаттайды. Қаржылық тұрақтылық кәсіпорынның жалпы тұрақтылығының негізгі бөлігі болып табылады". Осы еңбегінде бұл авторлар одан әрі мына анықтаманы келтіреді.                                                                      

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы - бұл тәуекелділіктің мүмкін болатын деңгейінде төлем қабілеттілігі мен несие қабілеттілігін сақтай отырып, табысты өсіру негізінде қаржыны тарату мен пайдалану арқылы кәсіпорынның дамуын көрсететін қаржы ресурсының жағдайы".                                                                                 

В.Г. Артеменко мен М.В. Беллендир  бұл ұғымды былай түсіндіреді: "Қар-жылық  тұрақтылық - бұл табыстың шығыннан тұрақты дәрежеде артуы. Ол ақша қаражаттарын еркін пайдалануды қамтамасыз етеді  және оларды тиімді пайдалану арқылы өндіру және өнімді сату процесінің үздіксіз болуына жағдай жасайды.

Сондықтан да қаржылық тұрақтылық барлық өндіріс-шаруашылық қызметі процесінде қалыптасады және кәсіпорынның жалпы  тұрақтылығының негізгі бөлігі болып табылады". Ал кәсіпорынның жалпы қаржылық тұрақтылығы, ол ең алдымен әрдайым табыстың шығыннан артуын қамтамасыз ететін ақша ағымының қозғалысын көрсетеді. Нарық жағдайында ол ең бірінші өнімді (жұмыс, қызмет) өткізуден түсетін табыстың тұрақтылығын талап етеді және оның мөлшері мемлекетпен, жабдықтаушылармен, несие берушілермен, жұмысшылармен және тағы басқалармен есеп айырысу үшін жеткілікті дәрежеде болуы тиіс. Сонымен қатар кәсіпорынның одан әрі дамуы үшін барлық есеп айырысулар мен барлық міндеттемелерді орындағаннан кейін, осы кәсіпорында өндірісті дамытуға, оның материалдық-техникалық базасын жаңартуға және де әлеуметтік климатты жақсартуға және басқаларға мүмкіндік беретіндей дәрежеде табыс қалуы қажет.                                                                                                                             

Айта біз олардын кейінгі  шешімдерімен келісе алмаймыз. "Қаржылық тұрақтылықтың мәні - қаржы ресурстарын  тиімді қалыптастыру, тарату және пайдаланумен анықталады" - деп жазады В.Т.Артеменко  мен М.В.Беллендир.                       

Біздің ойымызша бұл ұғымды А.Д.Шеремет  мен В.С.Сайфуллин дәлірек және анығырақ түсіндіреді. Олар қаржылық тұрақтылықтың  мәні - бұл қорлар мен шығындардың қалыптасу көздерінен қамтамасыз етілуі - деп түсіндіреді.                                                                                                                     

Э.А.Маркарьян мен Г.П.Герасименко  да дәл осындай көзқараста. "Кәсіпорынның өз міндеттемелері бойынша есептесу мүмкіндігі" немесе "Сауда, несие және басқа да төлем сипатындағы операциялардың нәтижесінде пайда болатын кәсіпорынның төлем міндеттемелерін уақтылы және толық орындау мүмкіндігін көрсететін телем қабілеттілігі, қаржылық тұрақтылықтың сыртқы көрінісі болып табылады". Кәсіпорынның жұмысы нарық жағдайына өтумен бірге оның қаржылық жағдайы және оны сауықтыру жолдарын іздеу жөніндегі сұрақтар да шиелінісе түсті. 

 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылық  жағдайына көптеген факторлар  әсер етеді, оларды В.М. Радионова  және М.А.Федотова келесідей түрлерге  жіктейді:                                                                                                                                                                                               1) пайда болу орнына байланысты - ішкі және сыртқы;                                              

2) нәтижесінің маңыздылығына  байланысты-негізгі және негізгі  емес;    

3) құрылысы бойынша  - қарапайым және күрделі;                                                           

4) әрекет  ету  уақыты  бойынша-тұрақты   және уақытша.                                 

Ішкі факторлар кәсіпорынның өзінің жұмысын ұйымдастыруына байланысты болады, ал сыртқы факторлар кәсіпорын  еркіне бағынышты емес.                                            

Негізгі ішкі факторларды қарастырайық. Кәсіпорынның тұрақтылығы ең бірінші өндіріс шығындарымен үздіксіз байланысқан өндірілген өнім мен көрсетілген қызметтің құрамы мен құрылымына тәуелді. Сондай-ақ, тұрақты және айнымалы шығындар арасындағы қатынас маңызды болып табылады.     

Кәсіпорынның өндірілетін өнім және өндіріс технологиясымен тығыз байланысқан қаржылық тұрақтылығының маңызды факторларының бірі -активтердің тиімді құрамы мен құрылымы, сондай-ақ кәсіпорынның басқару стратегиясын дұрыс таңдап алуы болып табылады. Ағымдағы активтерді басқару өнері - кәсіпорын шотында оның ағымдағы жедел қызметі үшін қажет болатын қаржының ең төменгі сомасын ұстаудан тұрады.                                                

Қаржылық тұрақтылықтың ішкі, маңызды  факторларының бірі - бұл қаржы  ресурстарының құрамы мен құрлымы, оларды басқару стратегиясы мен тактикасының дұрыс таңдалып алынуы. Кәсіпорынның өз қаржы ресурсы, соның ішінде таза табысы қаншалықты көп болса, соншалықты ол өзін жайлы сезіне алады.                                                                                                                  

Сонымен бірге тек таза табыстың көлемі ғана емес, сонымен қатар  оны тарату құрылымы, әсіресе өндірісті  дамытуға бағытталған бөлігі де өте  маңызды болып табылады.                                                                                     

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына  қарыздық капиталдар нарығындағы қосымша жұмылдырушы (мобилизацияланушы) қаражаттар үлкен әсерін тигізеді.

Кәсіпорын ақша қаражаттарын қаншалықты көп тартатын болса, оның қаржылық мүмкіндіктері де соншалықты жоғары болады, алайда, сонымен бірге қаржылық тәуекелділік те өседі - яғни кәсіпорын өз кредиторларымен уақытында есептесе ала ма, жоқ па? - деген қауіп туады. Және де бұл жерде кәсіпорынның төлеу қабілеттілігінің қаржылық кепілінің бір түрі ретінде резервтерге үлкен роль берілген.                                                                    

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына әсер ететін мынадай ішкі факторларды атап көрсетуге болады:                                                                                                                                    

  • кәсіпорынның салалық топқа жатуы;                                                                            
  • шығарылатын өнімнің (жұмыс, қызмет) құрылымы және оның жалпы төлем қабілеттілігі бар сұраныстағы үлесі;                                                             
  • төленген жарғылық капиталдьщ мөлшері;                                                                            
  • шығындардың көлемі, олардың ақшалай табыспен салыстырғандағы динамикасы;                                                                                                                           
  • қорлар мен резервтерді, олардың құрамы мен құрылымын қоса алғандағы мүлік пен қаржы ресурстарының жағдайы;                                                                    
  • кәсіпорындарды басқару тиімділігі.                                                                                               

Сыртқы факторларға  шаруашылық жүргізудің экономикалық жағдайының әсері, қоғамда үстемдік етуші техника мен технология, төлеу қабілеті бар сұраныс және тұтынушылар табысының деңгейі, ҚР үкіметінің салық және несие саясаты, кәсіпорынның қызметін бақылау жөніндегі заң актілері, сыртқы экономикалық байланыс және тағы басқалар жатады.                       

Кәсіпорынның тұрақты қаржылық жағдайын қалыптастыруда оның өз контрагенттерімен (салық органдары, банктер, жабдықтаушылар, сатып алушылар, акционерлер және тағы басқалар) өзара қарым-қатынасы үлкен әсер етеді. Сондықтан да серіктестермен реттелген іскерлік қатынаста болу - жақсы қаржылық жағдайдың бірден-бір шарты болып табылады. Әрине, акционерлер өз жинақ қорларын тұрақты тиімділікке ие және дивиденттерді ұқыпты төлейтін қаржылық тұрақты кәсіпорындарға салады. Инвестициялық тартымдылығы болуы үшін, тек бүгінгі күні ғана емес, болашақта да кәсіпорынның қаржылық жағдайы көршісіне қарағанда жақсы болуы тиіс. Сондай-ақ, бұл жыл сайын өз облигациясы бойынша белгілі бір пайызбен алғысы келетін, ал заем мерзімі біткен   уақытта-облигация құнын толық өтеуді талап ететін облигация иелеріне де қатысты. Кез келген коммерциялық кәсіпорын сияқты банктер де өз несиелерімен тәуекел ете отырып несие алушының өз қарызын уақытында және толық өтеуін қалайды, сондықтан оны беру туралы шешім қабылдай отырып, кез келген банк өз клиентінің қаржылық жағдайын және бұл қарыздың қамтамасыз етілуін тексереді. Басқаша айтқанда, кәсіпорынның қаржылық жағдайы банктер осы кәсіпорынға несие беру орынды ма, жоқ па, ал бұл сұрақты дұрыс шешкен жағдайда - қандай пайызбен және қанша мерзімге деген сұрақтарды шешудегі негізгі белгі болып табылады. Жабдықтаушылар мен тұтынушылар сенімді және төлем қабілеттілігі жоғары кәсіпорындармен келісім-шартқа үлкен ықыласпен отырады. Тіпті қаржы органдары, әсіресе салық инспекциясы кәсіпорынның жағдайы тұрақты болғанын қалайды, себебі тек осындай кәсіпорын ғана салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді уакытылы және толық төлей алады.                                        

Осылайша, қаржылық жағдай кәсіпорынның бәсекелестік қабілетін және оның іскерлік қарым-қатынастағы потенциалын анықтайды, кәсіпорынның өзінің және оның серіктестерінің қаржылық және басқа қатынастар тұрғысындағы экокомикалық қызығушылықтары қаншалықты дәрежеде кепілдендірілгенін бағалайды.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайының объективті дұрыс бағасын алудың ең жақсы тәсілі, бұл - талдау, ол кәсіпорынның даму бағытын бақылауға, оның шаруашылық қызметіне кешенді түрде баға беруге мүмкіндік береді және осындай жолмен басқарушылық шешімдерді өңдеумен кәспорынның өзінің өндірістік кәсіпкерлік қызметі арасында байланыстырушы қызмет атқарады.     

Кәсіпорын осы мерзімге дейінгі уақытта қаржы ресурстарын  қаншалықты дұрыс басқарды деген  сұраққа жауап береді: кәсіпорын  осы мерзімге дейінгі уақытта қаржы ресурстарын қаншалықты дұрыс басқарды. Қаржы ресурстары жағдайының нарық талаптарына сай болуы және де кәсіпорынның дамуына байланысты қажеттіліктерге жауап бере алуы өте маңызды болып табылады, себебі қаржылық тұрақтылықтың жетіспеушілігі кәсіпорынның төлеу қабілетінің жоқтығына және оның дамуына қажетті қаражатының болмауына, ал көп болуы дамуға кедергі жасап, басы артық қорлармен және резервтермен кәсіпорын шығындарын көбейтуіне әкеліп соқтыруы мүмкін.                                                                                                 

 Нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуші кәсіпорындардың қаржылық жағдайын талдаудың басты мақсаты (міндеті) келесілер болып табылады:

  •   қаржылық жағдайға баға беру және оның есеп беру мерзіміндегі өзгерісі;           
  •   активтер мен олардың қалыптасу көздері арасындағы сәйкестікті, оларды таратудағы рационалды және пайдаланудағы тиімділікті зерттеу;                        
  •   айналым капиталының көлемін, оның өсуін (кемуін) және ағымдағы міндеттемелермен арақатынасын анықтау;                                                                        
  •   қаржы-есептік және несие ережесін сақтау;                                                                     
  •   кәсіпорын активтері және оның міндеттемелерінің құрылымын зерттеу;                     
  •   ағымдағы активтердің айналымдылық есебі, оның ішінде дебиторлық борыш және қорлар есебі;                                                                                                                            
  •   баланстың өтімділігін, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының және төлеу қабілеттілігінің абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштерін анықтау;                                                                                                                                 
  • кәсіпорын табыстылығын бағалау;                                                                                       
  •   кәсіпорын табысының салыстырмалы көрсеткіштерін, сондай-ақ олардың деңгейінің өзгеруіне әсер етуші факторларды есептеп шығару;                                                                                                         
  •   кәсіпорынның іскерлік белсенділігін анықтау;                                                              
  •   кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын ұзақ және қысқа мерзімді болжау, яғни оның қаржылық стратегиясын анықтау.