Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын арттыру жолдары
Қазақстан Республикасының Білім жӘне ғылым министрлігі
Т. рұсқұлов атындағы қазақ экономикалық университеті
“Экономика” факультеті
“Экономика” кафедрасы
“Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын арттыру жолдары” тақырыбына жазылған
Күндізгі оқу бөлімі 4 курс студенті
Мамандығы 070842 “Экономика”
Есимов Аскербек Жумагулович
Ғылыми жетекші:
аға оқытушы Жакупова А.А
Рецензент
Жұмыс қорғауға жіберілді
“Экономика” кафедрасының
меңгерушісі, э.ғ.к., профессор
Сейдахметов А.С.
Алматы, 2006 ж.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ....................... .............................. .............................. ..............................
3
НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДА ӨНЕРКӘСІПТІК КӘСІПОРЫННЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН АРТТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
- Өнеркәсіптік кәсіпорында инвес
тицияның мәні, мазмұны және инвестициялық қызмет түсінігі...................... .............................. ................ 7 - Өнеркәсіптік кәсіпорынның инвестициялық қызметін анықтайтын көрсеткіштер..................
.............................. .............................. .................. 18 - Кәсіпорында инвестициялық жобаларды ұйымдастыру...................
...... 25 - «АТАМЕКЕН» АҚ-НЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ТАРТЫМДЫЛЫҒЫН ТАЛДАУ
- «Атамекен» АҚ-ның экономикалық қызметін талдау........................
..... 30 - «Атамекен» АҚ-ның қаржы-экономикалық тұрғыдан талдау жасау..... 38
- Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын бағалау....................... 43
- ӨНЕРКӘСІПТІК КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ТАРТЫМДЫЛЫҒЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
- Қазақстан Республикасында инвестициялық ахуал және инвестициялық саясатты жүйелі түрде пайдалану.....................
.............................. ........... 50 - Өнеркәсіптік кәсіпорынның нивестициялық тартымдылығын арттыру.......................
.............................. .............................. ...................... 62
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ........................
Кіріспе
Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі, президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың 2006 жылдың 1 наурызындағы халыққа жолдауында айтылғандай «елдің дамуын бәсеке қабілетті экономика құру арқылы жүргізу керек», сондай-ақ «Қазақстанның әлемдегі бесекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» болып табылады.
Экономикалық дамуға көптеген факторлар әсер етеді, олар табиғи ресурстардың саны мен сапасы, қолдану мүмкіншілігі, негізгі капиталдың көлемі мен сапасы, технологияның дәрежесі, жаңа техниканы қабылдау жүйесі, еңбек ресурстарынның кәсіптілік дәрежесі, оның ғылыми және мамандану сипаттамасы, өндірілген өнімге сұранысты арттыру және қолдана білу, ұлттық басқаруда бар ресурстарды тиімді қолданып өте көп мөлшерде сапалы өнім өндіре білу.
Әлемдiк тәжiрибенiң дәлелдеуi бойынша, инвестициялар кез-келген елдiң өркендеуiнiң маңызды факторы ретiнде қарастырылады.
Қазақстан халқына ел Президентiнiң жолдаған “Қазақстан-2030” Жолдауында республика экономикасына инвестицияларды тарту маңызды стратегиялық мәселе ретiнде қарастырылған.
Инвестицияларды экономикаға тарту iшкi жинақтардың және қаражаттардың жетiспушiлiгiнен құтылуға, өндiрiстiң өсуiне, экспорттың жоғарылауына, импорттың төмендеуiне, тауарлық тапшылықтың қысқаруына және өндiрiстi ұйымдастырудың тиiмдiлiгiн жоғарылатуға көмектеседi.
Жалпы қазiргi кезде адамдар экономикаға салынған инвестициялардың нақты тиiмiдiлiгiн көруi тиiс, ол жұмыс орындарының көбеюiнен, жаңа өндiрiстердiң пайда болуынан, еңбек өнiмдiлiгi артуы үшiн жағдайдың жақсаруынан танылады. Осыған орай Қазақстанда инвестиция саласын одан әрi жетiлдiру мәселесiнiң маңызы артуда.
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы өз аймағы бойынша саяси-экономикалық маңызды мәселелерді шешуде жетекші орынға ие болып отыр.
Саяси тұрақтылық, әлеуметтік-экономикалық рекформалардағы жетістіктер, табиғи және қоғамдық мүмкіншіліктеріміз біздің еліміздің іргетасы болып табылады. Егеменді ел болып жарияланғаннан кейін, шетелдік инвесторларды елдің экономикасына тарту стратегиялық мақсаттардың бірі болған еді. Нарықтық экономиканы тапқырлықпен жүзеге асырған өркенниетті елдердің тәжірибесі көрсеткендей, шетелдік инвестицияның экономиканы дамытуға, халықтың әл-ауқатын көтеруге үлкен септігін тигізетінін айғақтайды. Шетелдік инвестиция тарту жөнінде Қазақстан ТМД мемлекеттері арасында алдыңғы орында тұр. Өзіндік жинақтаған тәжірибесі бар және тәжірибе негізінде бағыт-бағдарын айқындауда. Қазіргі таңда шетелдік инвестицияларды елдің экономикасына жаңа әдіс-тәсілмен тарту мәселесі алға шығуда. Ол-дегеніміз көлемнен сапаға өту саясатын ұстану болып табылады.
Бұл диплом тақырыбының
зерттеудегі маңыздылығы. Қазақстанның
қазіргі кездегі экономикасы
үшін инвестиция өте маңызды рөл
атқарады десек те болады,яғни казіргі
уақыттағы өнеркәсіптік-
ҚР Президентінің халыққа
01.03.2006 жылғы жолдауында былай делінген:
«Біз ндустриалды-инновация
Біз бәсекеге қабілетті және осы бәсекелестікті әлдеқайда жоғарылытатын экономикалық әлеуетке ие басымдықты саланы таңдадық, мұнымен біз Қазақстандық кластерлікті дамыту жүйесінің бастамасын құраймыз деп білеміз.
Еліміздегі кәсіпорындардың экономикасын дамыту үрдісінде инвестициялар тарту саласында мемлекеттiк саясатты жетiлдiру мен оны дәйектi түрде жүзеге асыру үлкен мәнге ие болып отыр. Зерттеуге алынған тақырыптың өзектiлiгi осы жағдайлармен түсiндiрiледi
Қазіргі кезде индустриалды-инновациялық инфрақұрылымның дамуы қалыптастырыла бастады. Мемлекеттік институттардың даму капитализациялары жылдың басында 730 АҚШ долларын құрады, ал инвестициялық болжамалар 1 млд.200 млн АҚШ долларын құрайды.
2004 жылы 204 инвестициялық жобалар іске асырылған, соның ішінде тең жартысы- даму институтының көмегімен жүзеге асқан.
Біздің стратегиялық алға қойған мақсатымыз-
бәсекеге қабілетті елдердің қатарына
қосылу. Сондықтан мемлекет пен жеке
секторлар бір-бірімен екі
Дипломдық жұмыстың зерттеу обьектісі: «Атамекен» АҚ-ы
Зерттеу негізі: кәсіпорында
инвестициялық тартымдылық
Диплом зерттеуіндегі қолданған әдістер:
- әдебиетке аналитикалық шолу;
- инвестициялық үрдіске талдау жасау;
- құрылымдық-функционалды әдіс.
Дипломдық жұмыстың мақсаты-
кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын
арттыру жолдарының теориялық
және әдістемелік негiздерiн
---- кәсіпорынның инвестициялық әрекетінің теориялық және басқарудың әдістік тәсілдерін танып-білу.
----«Атамекен» АҚ-ың
----«Атамекен» кәсіпорынының
Дипломдық жұмыстың теориялық негізінде Қазақстан Республикасы Заңдары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары мен бағдарламалары, отандық және шетелдік ғалым - экономистерінің еңбектері, бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметтері алынды.
Диплом жұмысы кіріспеден, үш тараудан, қорытынды және қолданылған әдебиеттерден тұрады.
1 НАРЫқ ЖАҒДАЙЫНДА ӨнеркӘсіптік кӘсіпорынның Инвеститциялық ҚЫЗМЕТІН АРТТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛыЯҚ негіздері.
1.1 Өнеркәсіптік
кәсіпорындарда инвестицияның
Экономика дамуының құрылымдық
өзгерiстерiн табысты iске асырудың,
жаңа ғылыми-техникалық негiзде өндiрiстiк
әлеуетті құрудың әлемдiк нарықта
бәсекелестiк позицияны
Нарықтық қарым-қатынастар жағдайында республикадағы өнеркәсiптiк өндiрiстiң дамуына инвестициялардың әсерiн анықтау үшiн, алдымен, “инвестициялар” категориясының әлеуметтiк-экономикалық мәнiн анықтап алу қажет.
Инвестициялар – бұл, нарықтық экономикаға өту кезеңiнде пайда болған, Қазақстандық экономика үшiн бiршама жаңа термин. Орталықтандырылған жоспарлы жүйеде негiзгi қорларды қайта өндiруге, оларды жөндеуге жұмсалатын шығыстардың барлығын қосатын “жалпы күрделi салымдар” түсiнiгi қолданылады.
“Инвестиция” терминi (латын тiлiнiң investio- киiндiремiн) ғылыми және публисцистикалық әдебиеттерде кең қолданылады. Ғылыми әдебиеттерде инвестицияны анықтауда көптеген пiкiрлер бар. Пол Самуэльсон: “Таза инвестициялау” немесе капиталды құру деп, бiз қоғамның нақты капиталының (ғимараттар, құрал-жабдықтар, материалды-өндiрiстiк қорлар және т.б.) таза өсiмiн айтамыз. Тұрғын адам “инвестициялау” деп, өзiнiң жер учаскесiн, айналымда жүрген бағалы қағаздарды немесе басқа да меншiк объектiсiн сатып алғанын айтады. Бiрақ таза инвестициялау тек қана жаңа нақты капитал құрылған кезде ғана орын алады деп жазған.
Әйгiлi “Экономикстiң” авторлары инвестиция түсiнiгiн кең түрде түсiндiрдi. Олардың анықтамалары бойынша инвестиция- “өндiрiс шығындары және өндiрiс құралдарын жинақтау және материалды қорларды ұлғайту”, яғни өндiрiс шығындарының және жинақтардың барлық жиынтығы.
Инвестиция көзi болып, жинақ қаражаттары табылатыны белгiлi. Бiрақ жинақтар бiр шаруашылық агентпен iске асырылады, ол инвестициялауды тiптi басқа адамдар тобы немесе шаруашылық субъектiлерi iске асыруы мүмкiн. Сондықтан ғалымдар тобы түсiнiктi анықтау кезiнде инвестицияның мәнiне ғана емес, оның мақсатты бағытталуына да көңiл аударады. В.Бочаров инвестицияны тұтынуға қолданылмайтын табыстың бiр бөлiгi деп түсiндiредi. Инвестициялық қорлар инвестициялық iс-әрекеттiң белгiлi объектiлерiне жұмсалады. Мұнда капиталдық құнның өсiмi табыс түрiнде немесе әлеуметтiк эффект түрiнде болады.
В. Фельзенбаум, инвестиция түсiнiгiн мағынасы бойынша “күрделi салымдар” және “қаржылық” (портфельдi) инвестициялар түсiнiктерiне, яғни меншiктен табыс алуға құқық беретiн акцияларға, облигацияларға және басқа да бағалы қағаздарға салынған салымдарға жақын келетiн нақты инвестицияларды қамтиды деп атап өткен.
Инвестицияға анықтама бергенде, инвестицияның тек қана мазмұндылық сипаттамасына ғана емес, сонымен қатар олардың мақсатты бағытталуына да аса назар аудару қажет. Осы көзқарастан қарайтын болсақ, инвестиция жалпы ұлттық өнiмдi өндiруге жұмсалынатын табыстардың маңызды бөлiгiн құрайды, яғни капитал құрумен, физикалық капиталды кеңейтумен байланысты өндiрiстi кеңейтуге және жаңартуға кеткен шығындар болып саналады.
lс-тәжiрибеде әр түрлi зерттеушiлер инвестиция түсiнiгiне әр түрлi мағына бередi. Жалпы тұрмыстық сана-сезiм деңгейiнде инвестицияны жер сатып алуға, қозғалмайтын мүлiк, акциялар сатып алуға, құрылысқа, техникаға, пайдалы қазбалары бар кен орындарына және т.б. қаржылық салымдарды салу деп түсiндiредi.
Инвестицияларды нақты (капитал құрушы) – жаңа кәсiпорын құруға, iс-әрекеттегi кәсiпорынды қайта құруға немесе техникалық жарақтандыруға бағытталған салымдар және қаржылық (портфельдi) – мемлекеттiң, әртүрлi кәсiпорындардың, инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары мен акцияларын сатып алуға жұмсалған салымдар деп бөлуге болады. Бiрiншi жағдайда қаржы салымдарын жасайтын салымдар деп бөлуге болады. Бiрiншi жағдайда қаржы салымдарын жасайтын кәсiпорын-инвестор, өзiнiң өндiрiстiк өзiнiң өндiрiстiк капиталын – негiзгi өндiрiстiк қорларды және олардың жұмыс iстеуiне қажеттi айнымалы бағалы қағаздардан табыс-дивидендтер алу арқылы ұлғайтады. Мұнда өндiрiстi құруға ақша қаражаттары салымдарын, инвестициялық жобаларды iске асыруға қаржы құралдарын тарту үшiн акцияларды шығарған басқа кәсiпорындар мен ұйымдар жасайды.
Жаңа өндiрiстi құруға бағытталған инвестиция-лар |
Өндiрiстi кеңейтуге бағытталған инвес-тициялар |
Тиiмдiлiктi арттыруға бағытталған инвес-тициялар |
Мемлекеттiк басқару органдарының талаптарын
орындауға бағытталған |
Тәуекелдiлiктiң жоғары Тәуекелдiлiктiң төмен
дегейi деңгейi
1-сурет-Инвестиция түрi мен тәуекелдiлiк деңгейi арасындағы байланыс.
Сонымен қатар, тiкелей және жанама инвестициялар болады. “Тiкелей инвестицияларды мемлекеттiк қолдау туралы” Қазақстан Республикасының Заңында тiкелей инвестициялар – бұл Қазақстан Республикасының кепiлдiктерiне байланысты және Қазақстан Республикасына берiлетiн ресми техникалық көмек немесе гранттар шеңберiне кiретiн инвестицияларды қоспағанда, инвестициялардың барлық түрi. Ал жанама инвестициялар – бұл бағалы қағаздар немесе мүлiктiк құнды заттар жиынтығына жасалған салымдар, деп көрсетiлген.
Инвестициялардың барлық түрлерiнiң кәсiпорынның тiршiлiкке қабiлеттiлiгiн сақтауда және оның дамуында маңызы зор.
Нақты активтерге инвестициялауды дайындау және талдау, инвестициялардың түрлерiне, яғни олар арқылы кәсiпорын алдында, тұрған қандай мәселелердi шешу қажет екендiгiне байланысты. Осы позициядан инвестициялардың барлық мүмкiн түрлерiн келесi негiзгi топтарға топтастыруға болады:
1) Тиiмдiлiктi арттыруға бағытталған инвестициялар. Олардың мақсаты ең алдымен құрал-жабдықтарды ауыстыру, персоналды оқыту немесе өндiрiстiк қуатты, өндiрiс жағдайлары тиiмдi аймақтарға ауыстыру арқылы фирманың шығындарын төмендету болып табылады;
2) Өндiрiстi кеңейтуге бағытталған инвестициялар. Мұндай инвестициялардың мақсаты – iс-әрекеттегi өндiрiстер шеңберiнде ертеректе құрылған нарықтар үшiн тауар өндiру мүмкiндiктерiн кеңейту;
3) Жаңа өндiрiстердi құруға
4) Мемлекеттiк басқару
Инвестициялардың осылай топтастырылу себебi, олармен байланысты тәуекелдiлiктiң деңгейiнiң әртүрлiлiгi болып табылады. Инвестиция түрi мен тәуекелдiлiк деңгейiнiң арасындағы тәуелдiлiктi келесi сурет түрiнде көрсетуге болады .
Инвестиция түрi мен тәуекелдiлiк деңгейiнiң арасындағы мұндай тәуекелдiлiк логикасы айқын: ол инвестициялау аяқталғаннан кейiн фирма жұмысының нәтижелерiнiң өзгеруiне нарықтың мүмкiн реакциясын дұрыс болжай алмау қаупi деңгейiмен анықталмайды. Мақсаты нарыққа белгiсiз өнiм шығару болып табылатын жаңа өндiрiстi ұйымдастыру жоғары дәрежелi белгiсiздiкпен байланысты, ал нарықпен қабылдалынған тауар өндiрiсiнiң тиiмдiлiгiн жоғарылату (шыныдарды төмендету), инвестициялау нәтижесiнiң минималды қауiп әкелетiндiгi түсiнiктi. Осы сияқты, мемлекеттiк басқару мекемелерiнiң талаптарын қанағаттандыру мақсатымен жасалған инвестициялар да тәуекелдiлiктiң төмен деңгейiмен байланысты.
Толық ғылыми-техникалық өндiрiстiк циклдi инвестициялауға болады немесе оның элементтерiн (сатыларын) - ғылыми зерттеулер, жобалық – конструкторлық жұмыстар, iс-әрекеттегi өндiрiстi кеңейту немесе қайта құру, жаңа өндiрiстi ұйымдастыру немесе жаңа өнiмдi шығару және т.б. iс-әрекеттердi инвестициялауға болады.
Өндiрiстiк-экономикалық потенциалды сақтау және дамыту – кәсiпорынның өндiрiстiк – шаруашылық iс-әрекеттiң маңызды бөлiгi болып табылады. Осы бағыттағы кәсiпорынның iс-әрекетi инвестициялық iс-әрекет деп аталады. “Тiкелей инвестицияларды мемлекеттiк қолдау туралы” Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, инвестициялық iс-әрекет деп, инвестициялауды iске асыру үрдісімен байланысты кәсiпкерлiк iс-әрекеттi айтамыз.
Инвесторлар (инвестициялық iс-әрекеттi iәске асырушы немесе заңды тұлғалар), тапсырыс берушiлер, жұмысты орындаушылар, инвестициялық iс-әрекет объектiлерiн пайдаланушылар, жабдықтаушылар, инвестициялық қорлар) және инвестициялық процестiң басқа да қатысушылары – инвестициялық iс-әрекет субъектiлерi болып табылады. Тапсырыс берушiлер ретiнде инвесторлар немесе инвестициялық жобаны iске асыру жөнiнде инвестордан алған жеке және заңды тұлғалар болуы мүмкiн.
Инвестициялық iс-әрекеттiң субъектiлерi ретiнде жеке және заңды тұлғалар, соның iшiнде, шетелдiк тұлғалар, мемлекеттер және халықаралық ұйымдар болуы мүмкiн.
Инвестициялық iс-әрекеттiң объектiлерiн пайдаланушылар ретiнде инвесторлар және басқа да жеке және заңды тұлғалар, мемлекеттiк және жергiлiктi мекемелер, шет мемлекеттер және халықаралық ұйымдар болуы орта құрылмына мыналар кiредi:
- күрделi құрылыс ортасы, мұнда салалардың негiзгi және айнымалы өндiрiстiк қорларға инвестиция салу жүргiзiледi;
- инновациялық орта, мұнда ғылыми-техникалық өнiм және интеллектуады потенциал iске асырылады;
- қаржылық капитал айналымы ортасы (әртүрлi түрдегi ақшалай, қаржылық және қарыздық мiндеттемелер).
Нақты инвестицияларды қаржыландыру көздерiн жалпы барлық экономика деңгейiнде (макродейңгей) және шаруашылық (микродеңгей) қарастыру қажет. Макродеңгейде мұндай қаржыландыру көзi ретiнде жалпы жинақтар, яғни тұрғындардың жеке жинақтары, бизнес жинақтары және мемлекеттiк бюджеттiң сальдосы қарастырылады.
Нарықтық экономика жағдайында негiзгi инвестициялық шешiмдер шаруашылық субъект деңгейiнде қабылданады. Кәсiпорында қаржы салымдарын жасау үшiн бiрнешесе альтернативтi қаржыландыру мүмкiндiктерi бар. Бiр-бiрiне ұқсамайтын бұл қаржыландыру көздерi бiрге қолдануы мүмкiн. Тәжiрибеде солай жиi болады.
- кесте - Қаржыландыру көздерiн топтастыру.
Қаржы ресурстары |
Кәсiпорындағы инвестициялау көзi |
1 |
2 |
1. Жеке
|
Өткiзуден түскен түсiм (өзiндiк құн)
Өткiзуден түскен табыс Басқа да өткiзулерден түскен табыс
Өткiзуден тыс табыстар
Жалпы табыс
Таза табыс |
2. Тартылған қаражаттар. 2.1. Ағымадағы инвестициялық қызметтегi үлестiк қатысу қаражаттары. 2.2. Бағалы қағаздарды
эмиссиялаудан түскен қаражатта 2.3. Еңбек ұжымының мүшелерiнiң жеке және заңды тұлғалардың табыстық және басқа да жарналары. 2.4. Сақтандыру төлемдерi. 2.5. Франчайзинг, селенг, аренда бойынша төлемдердiң түсуi 2.6. Басқалары |
Сәйкес инвесторлардың қорлары |
3. Бюджеттiк қаржы бөлiнулер |
Бюджеттiк қаржыландыру қаражаттары |
4. Бюджеттiк емес қорлардан түскен түсiмдер |
Бюджеттiк емес қорлардың қаражаттары. |
5. Қарыздық қаражаттар. 5.1. Банк несиесi 5.2. Басқа да қаржылық институттардың несиелерi 5.3. Бюджеттiк несие 5.4. Коммерциялық несие 5.6. Басқалары |
Несие берушiлердiң қорлары |
6. Тартылған қаражатар 6.1. Аығмадағы инвестициялық қызметтегi үлестiк қатысу қаражаттары. 6.2.Бағалы қағаздарды эмиссиялаудан түскен қаражаттар. 6.3. Еңбек ұжымының мүшелерiнiң жеке және заңды тұлғалардың пайдалық және басқа да жанрлары. 6.4. Сақтандыру төлемдерi. 6.5. Франчайзинг, селенг, аренда бойынша төлемдердiң түсуi. 6.6. Басқалары |
Сәйкес инвесторлардың қорлары |
7. Бюджеттiк қаржы бөлiнулер. |
Бюджеттiк қаржыландыру қаражаттары |
8. Бюджеттiк емес қорлардан түскен тұсiмдер. |
Бюджеттiк емес қорлардың қаражаттары |
Кәсiпорынның меншiктi қаржы қорлары өзiне құрылтайшылардың бастапқы жарналарын және капиталды салымдарды қаржыландыруға кеткен шаруашылық iс-әрекет нәтижелерi есебiнен жиналған жинақтарды қосады.
Кәсiпорында инвестицияларды
Табыстан төленетiн салықтар мен басқа да төлемдер төленгеннен кейiн кәсiпорында таза табыс қалады. Оның бiр бөлiгiн өндiрiстiк және әлеуметтiк сипатты капиталдық салымдар ретiнде қолдануы мүмкiн.
Несиелiк қаражаттар несие берушiлер есебiнен құралады. Қазiргi кезде инвесторлар тез эффект беретiн кәсiпкерлiк iс-әрекет беретiн кәсiпкерлiк iс-әрекет салаларын несиелеуге тырысады.
Инвестициялаудың бағыттарының бiрi ретiнде лизингтi айтуға болады. Лизинг деп машиналардың, құрал-жабдықтардың, көлiк құралдарының және де өндiрiстiк мағынасы бар ғимараттардың ұзақ мерзiмдi арендасын айтамыз. Осында айта кету керек, дамыған нарықтық қатынастар жағдайында лизингтiң құрал-жабдықтарды инвестициялаудағы үлесi 25% құрайды.
Бюджеттiк қаржы бөлiністері
– бұл бюджеттiк қаржыландыру
қаражаттары. Қазақстан Республикасының
бюджетiнен қайтарымсыз
Инвестициялаудың әр түрлi түрлерiн тарту және қолдану мақсатында мемлекеттiң және мемлекеттiк реттеудiң рөлi тiкелей бақылау мен реттеуге (мемлекеттiк кәсiпорындарды басқаруға беру, халықаралық несие үшiн), және экономикалық тетіктер арқылы жанама әсер етуге (халықаралық кәсiпкерлiктiң тiкелей және портфельдi әдiстерi) саяды.
Реттеу дәрежесi инвестиция объектiлiгiмен анықталады және мысалы, несиелiк инвестиция объектiсі кәсіпорындар немесе мемлекет болып табылатындықтан, ол несиенi аралық иемдену құқығына ие, сондықтан да инвестицияның тiкелей қолданылуын бақылау жасауға мiндеттi. Инвестициялаудың коммерциялық түрiнде мемлекет тiкелей бақыламайды, оның рөлi тек жанама түрде ғана болады, негiзiнен заң механизмi (салық жүйесi және т.б.) және қаржы-экономикалық саясат арқылы реттейдi.
Инвестициялық саясаттағы
мемлекеттiң маңызын нарықтық экономиканың
iшкi тұрақсыздығы туралы алғышартты негiздей
отырып, экономикалық саясаттың Кейсиандық
теориясы анықтайды. Мүндай тұрақсыздық
өндiрiс факторларын
Басқаша айтқанда Кейнс бойынша инвестициялық сұраныс динамикасы экономиканың дамуының циклдiгiнiң басты себебi болып табылады. Өз кезегiнде бұл сұраныс динамикасы салынған капиталдың өсiм ақысы (пайыздық мөлшер) деңгейiне байланысты болады. Осыдан келiп баға динамикасы мен өсiм ақы дңгейiне әсер ету мемлекеттiң ақша несие саясатының өзара байланысын келесiдей тiзбек арқылы көрсетуге болады: ақша массасы – пайыз мөлшерi – инвестиция – жапы iшкi өнiм. Мүндай схема Батыстың көптеген елдерiнде 50-60-ыншы жылдары тиiмдi жұмыс iстедi.
Елде ақша-несие саясатын қалыптастыра отырып, мемлекет (Ұлттық банк) ұлттық ақша және өсiм ақының валюталық құнын анықтайды. Мемлекет (Ұлттық банк) өсiм ақыны құрудың мұндай факторлар қатынасын нарықтық күштер және мемлекеттiк реттеу арқылы анықтайды.
Шетел капиталын тарту
мақсатындағы өсiм ақыны реттеу тек
дамушы елдерде ғана емес, сонымен
қатар экономикасы дамыған
Бiрақ мұндай саясат бiр қарағанға қарапайым емес. өсiм ақыны төмендетуден экономикалық белсендiлiктiң төмендеуi және халықтың жұмыс бастылық жағдайының нашарлауы және т.б. қолайсыз жағдайлар туады. Мұндай саясат құнсыздануды күшейтуге қабiлеттi, себебi несиенiң қымбаттауы өнiм құнының өсуiне әкеледi. Сондықтан өсiм ақы сферасында мемлекеттiң көбi курсты жасанды көтермелеуге қарағанда нарық факторына сүйенедi.
Мемлекеттiк реттеу проблемасы мына себептер бойынша реттеудiң бiр факторлы моделi ретiнде қарастырылмайды, бiрiншiден, өсiм ақының өзi көп факторлы, күрделi нарықтық категория болып табылады. Екiншiден, өсiм ақы (реттеушi ретiнде, бiрақ инфляция жағдайында емес) несие ағынына үлкен дәрежеде әсер етедi.
Шетел капиталымен жұмыс iстеуде, оны екi кезеңге бөлiп көрсеткен жөн:
- Шетелдiк капиталды тарту кезеңi;
- Тартылған капиталды қолдану кезеңi;
Кәсіпорындарға шетелдiк капиталмен жұмыс iстеудiң әр кезiнде мемлекет қызметтерi мен реттеу принциптерi ерекшеленедi. Мемлекеттiк несиелеу және акционерлiк емес кәсiпкерлiк түрiнiң сфералары жеке шетелдiк капиталды халықаралық кәсiпкерлiк (тiкелей және портфельдi шетелдiк инвестиция) түрiнде тарату және қолдану сферасына қарағанда мемлекет тарапынан көбiрек реттеудi талап етедi. Мемлекеттiк қазыналық мiндеттемелер маңызы артады. Осы ерекшелiкке байланысты шетелдiк капитал аумағындағы заңдылықтар сыртқа заем беру және шетелдiк инвестиция заңдылықтарына бөлiнген. Шетелдiк капиталды тарту және қолдану кезiндегi мемлекеттiк реттеу қызметтеру көрсетiлген. Реттеу әдiстерi сондай-ақ шетелдiк капитал және инвестиция түрiне байланысты жiтеледi. Халықаралық мемлекеттiк және банктiк несие беру. Бұл жағдайда реттеу дәрежесi мемлекет халықаралық несиенiң аралық заемщигi болып табылумен анықталады. Мемлекет несиелiк келiсiмге қол қояды, үкiметтiк кепiлдiк берумен оның жабылуын қамтамасыз етедi. Мемлекет несиенi заемге берушi ретiнде бiрнеше қызметердi атқарады. Бұл жағдайда мемлекет ролi мынамен анықталады:
- ол кредитор, донор, гарант және заем берушi рөлiн атқара отырып, халықаралық несиелiк қатынастың белсендi қатысушысы болып табылады;
- мемлекеттiк несие беру бюджет құралдарын жинақтау жолдарымен жүзеге асырылады;
- көптеген елдерде мемлекеттiк бюджет есебiнен кәсіпорындар мен банктерге экспорттық несиелер берiледi;
- әлемдiк нарыққа сай қызмет көрсету үшiн жеке банктiк экспорттық несиелерiне кепiлдiк беретiн сыртқы саудалық операцияларды несиеге беру және сақтандыруды көздейтiн мемлекеттiк немесе жартылай мемлекеттiк кәсіпорындар құруы мүмкін.
Кәсіпорындарға жағымды инвестициялық климат қалыптастыру үшін елдің саяси тұрақтылығы өте маңызды шарт болып табылатыны анық.
Жалпы жинақтар – бұл тұтынуға жұмсалмаған (тұтынуға мемлекеттiк шығындар да жатады) барлық қоғамның ағымдағы табысының бiр бөлiгi және бұл инвестициялаудың қаржылық негiзiн құрайды.
Жалпы мемлекет көлемiнде жалпы
инвестициялар мен жинақтар бiрдей
деуге болады. Жалпы жинақтар мен
инвестициялардың бiрдейлiлiлiгi, бөлек
экономика секторларында
1.2 Өнеркәсіптік
кәсіпорындардың инвестициялық
қызметін анықтайтын
Әрбір кәсіпорын өзінің
инвестициялық саясатын жүргізу
керек, ол үшін оның тактикасы болу
керек. Біз оны стратегялық
Инвестициялық саясат дегеніміз – инвестицияның жиынтық көрсеткішін іске асыру және сол іске асырудын механизмі.
Табыс алу мақсатында көлемді кұрлымды белгілейтін шаруашылық шешімдердің жүйесі және инвестицияны шаруашылық объект бағытында (кәсіпорын, фирма, компания) жүргізетін негіз – кәіпорынның инвестициялық саясатын құрайды. Осының арқасында көптеген мәселелер шешіледі. Мысалы: өңдірістің құрлымын жетілдіру,даму қарқын жылдамдату және т.б. Ерекше орын алатын – жұмысшылардың кәсіби деңгейін, білімдерін және тәжірибесін жоғарлату.
Басқарудың экономикалық
әдісін кең қолдану жағдайында кредиттік
жағдайды кешіру және нарыктық қатнастарға
өтуде перспективаға

- Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын жетілдіру жолдары
- Кәсіпорынның инновациялық стратегиясының мәні мен мазмұны
- Кәсіпорынның ішкі аудиті
- Кәсіпорынның каржылық жағдайын талдау
- Кәсіпорынның қаржылық есебін қалыптастырудағы бухгалтерлік есеп және аудит
- Кәсіпорынның қаржылық жағдайы
- Кәсіпорынның қаржылық жағдайы
- Кәсіпорынның ақшалай қаражаттарын басқарудың теориялық негіздері
- Кәсіпорынның баға саясатын талдау
- Кәсіпорынның бизнес -жоспар ұйымдастыру
- Кәсіпорынның және фирманың қаржылық тұрақтылығын талдау
- Кәсіпорынның инвестициялық саясаты
- Кәсіпорынның инвестициялық саясаты
- Кәсіпорынның инвестициялық саясаты