Кәсіпорынның негізгі қорларының жағдайын, қозғалысын, тиімді қолданылуын талдаудың ролі



Кіріспе

 

 

Ел Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстан-2030 Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» Жолдауында былай делінген: «...біздің еліміздің мұраты: ұлттық біртұтастық, әлеуметтік әділеттілік тән әрі күллі халқының экономикалық әл-ауқаты артқан тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстанды сомдау деп санаймын. Барша Қазақстандықтардың гүлденуі, қауіпсіздігі мен әл-ауқатының артуы - өзіміз орнатсақ дейтін Қазақстанды сипаттайтын өрелі сөздер, міне, осылар. Біздің ілгері жылжуымызға қарай бұл сөздер әрдайым біздің ізашарымыз болып қалуға тиіс» [1, 28].

Осы міндетті ойдағыдай  шешу үшін еңбек өнімділігін арттыру  және ғылыми-техникалық прогресті жеделдету, қолданылып жүрген негізгі құралдарды тиімдірек пайдалану және олардың қуаттарын арттыру, шаруашылыққа салған әрбір теңгенің қайтарымын өсіру жолымен ел экономикасының барлық салаларының тиімділігін жақсарту қажет. Экономикалық білім негіздері- қазіргі экономикалық жүйелер мен шаруашылық жүргізудің әр түрлі әдістері, сонымен бірге қоғам дамуы мен оның мүшелерін ынталандыру, адамзат өркендеуіндегі әлеуметтік қорғау жағдайларына талдау жасайды, зерттеп үйретеді.

Ал жастардың  экономикалық білім негіздерін меңгеруі мыналардың мән-мағынасын түсінуге жәрдемдеседі:

-нарықты экономикада тұтынушы, онымен бірге өндіруші, жұмысшыларды жалдаушы және сол жұмысқа жалданушы қандай міндеттер атқарады.

- нарықты экономикада тұтынушы, сонымен бірге өндіруші, не өндіру керек, қалай өндіру керек, өндіргенді кім пайдаланатыны туралы кім және қандай шешім қабылдайды.

- экономикадағы мемлекеттің атқаратын міндеті, оның экономикалық өмірдегі орны және бұл қатынастың тиімділігі.

- жұмыссыздықтардың пайда болуы мен түрлері, олардың инфляциямен байланысы, экономикалық өрлеудің проблемалары.

Экономикалық  білім негіздері- бұл адам өзі  үшін өзінің от басы және бірлесіп істеп  жүрген жұмыскерлер үшін тапшы, нарықты  экономика деп- экономикалық шешімді  орталықтан емес жергілікті тауар өндірушілердің шешімі қабылдайтын экономиканы айтады. Нарықты экономикалық жұмыс істеу негізі нарық арқылы болады. Нарық туралы әртүрлі түсініктемелер бар, олардың барлығы мына жағдайларға тіреледі: ол шаруашылық жүргізетін субъектілердің өз бетімен дербес шешім қабылдайтын өзара қарым-қатынастары.

Экономикалық білім негіздерін игеру нарықтық экономикадағы адамды қорғайтын құқықтарды біліп, оны игеру, сонымен бірге адам құқықтарының тиімді кепілдемесі, ал бұл өз кезегінде жекеменшік болып табылады. Адам абстракты түрде мүддесін қорғамай нақты адам тұтынушының мүддесін қорғау нарықты экономиканың объективті заңы болып табылады. Сондықтан жастардың экономикалық білімін игеруіне бұл жалпы халықтық бағдарлама, демократия мемлекет құқығы және игеру болып есептеледі.

Өндірістің  экономикалық қатынастары 2 түрлі және көп жақты болады. Экономикалық өмір тіршілігін жандандырып жалғастырады. Сондықтан өндірістің өзіне тән құрылымы бар. Өнім өндіретін мекеме кәсіпорын болып табылады.

Экономиканың тиімділігін  арттыру мемлекеттің осы заманғы  экономикалық стратегиясының басты міндеті болып табылады.

Мұнда ерекше рөлді кәсіпорындардың  өндірістік-шаруашылық қызметін басқаруда  маңызды және барлық шаруашылық құралдарының оның ішінде негізгі құралдардың  болуы, жағдайы, қозғалысы мен тиімді пайдалануына қатаң бақылау жасауды жүзеге асыратын кәсіпорынның негізгі қорларын талдау мен басқару атқарады.

Нарықтық экономикаға  көшу жағдайында көптеген кәсіпорындардың  қаржы жағдайы оларды жаңа күрделі  қаржыдан шектеп, қаржыны тек негізгі  құралдардың ең қажетті объектілеріне  бағыттауды талап етеді. Осыдан қолда бар негізгі құралдардың сақталуы мен тиімді пайдаланылуының қатаң талдауы мен басқарудың объективті қажеттілігі туындайды. Осыған орай дипломдық жұмыстың тақырыбы маңызды болып табылады.

Дипломдық жұмыстың мақсаты  кәсіпорынның негізгі қорларына жан-жақты талдау жасау және оларды тиімді пайдалануды басқару жолдарын ұсыну болып табылады.

Осы мақсатқа жету үшін келесідей  міндеттер қойылды:

- кәсіпорынның негізгі  қорларын талдау және басқарудың  экономикалық    маңызы мен  мәнін, жіктелуін, олардың талдау мен бағалау көрсеткіштерін және негізгі қорларды басқарудың кәсіпорын қызметіне әсерін қарастыру;

- кәсіпорынның қызметіне қарай негізгі қорларының қозғалыс және тиімділік көрсеткіштеріне, сонымен қатар амортизациялық аударымдар көрсеткіштеріне талдау жасау;

- кәсіпорындағы негізгі  қорларды басқару мәселелерін  анықтау, оларды шешу жолдарын  қарастыру және негізгі қорларды  басқарудың тиімділігін арттыру  жолдарын ұсыну. 

Дипломдық жұмыстың зерттеу  объектісі «Әділ 2006-НС» Акционерлік қоғамы, ал зерттеу пәні кәсіпорынның негізгі қорлары және оларды басқару жолдары.

Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, 6 суреттен, 6 кестеден, 61 беттен және қорытындыдан тұрады.

Дипломдық жұмысты жазуда әдістемелік негізі ретінде отандық  және шетел авторларының оқулықтары, оқу құралдары мен монографиялары, «Әділ 2006-НС» Акционерлік қоғамның бухгалтерлік балансы мен қаржылық-шаруашылық нәтижесі туралы есеп беру құжаттары қолданылды.

 

1 Кәсіпорының негізгі қорларының экономикалық маңызы мен мәні

 

 

1.1 Негізгі қорлардың түсінігі, олардың жіктелуі

 

Негізгі қорлар еңбек  үдерісінде үлкен рөлді атқарады, сонымен бірге олар бірігіп өндірістік-техникалық базаны құрайды және кәсіпорынның өндірістік қуатын анықтайды.

Ұзақ кезең барысында  негізгі қорлар еңбек құралдары ретінде қолданылады, пайдалану нәтижесінде тозып ескіреді, олардың физикалық сапасын қайта қалпына келтіру негізінде жөндеуден өткізіледі. Өндірістік үдерісте ары қарай қолдануға, мақсатқа сай келмейтін немесе тозығы жеткен құралдар кәсіпорыннан шығарылады.

Кәсіпорынның негізгі  қорларды игеруге, пайдалануға және иеленуге құқығы бар.

Теоретикалық сұрақтарды талдай отырып, негізгі қорлардың  мәні әр әдебиеттерде әртүрлі түсіндірілетіні  байқалды. Мұның негізінде негізгі  қорларды құруға көмектесетін адам еңбегін назарға алсақ, бұдан «негізгі қорлар» мен «еңбек құралы» ұқсас түсініктер деп байқауға болады. Алайда  негізгі қорлар және еңбек құралы – ұқсас емес түсініктер. Еңбек құралдары түсінігі негізгі қорлар түсінігіне қарағанда кеңірек. Негізгі қорлар құрамында адам еңбегімен жасалған заттар қамтылады және олардың өзіндік құны бар. Еңбек құралына сонымен бірге адам еңбегімен жасалмаған объектілер де кіреді. К.Маркс «Өндірістің барлық құралдарында адамның әсерінсіз, яғни табиғаттан берілген заттар да бар. Оларға: жер, жел және кен орындарындағы қазба байлықтарды, ормандағы жас ағаштарды т.с.с айтуға болады» - деп дұрыс айтқан [2,64].

Кәсіпорынның негізгі  қорлары құрамында ұзақ уақыт  бойы материалдық өндіріс аумағы, сонымен бірге өндірістік емес аумақта  еңбек құралдары ретінде пайдаланылатын материалды-заттық құндылықтардың жиынтығын қамтиды. Айналым ұзақтығын бағалау өлшемі негізінде материалдық өндірістің жалғасу үрдісі бір жылға тең деп қабылданды. Осы өлшем негізінде теорияда және тәжрибеде бір жылдан жоғары айналатын еңбек құралдары - негізгі қорларға, бір жылға дейін айналатын еңбек құралдары -айналым құралдарына жатады деп анықталды.

Негізгі қорлар – бұл  материалдық өндіріс саласында  да, өндірістік емес салада да ұзақ мерзім (бір жылдан астам) бойы әрекет ететін материалдық активтер. Олар өзінің натуральдық-заттық түрі мен бөлшектерін өзгертпей-ақ көптеген өндірістік циклдарға қатысады, жаңадан жасалынған өнімге өз құнын ауыстырады.

Негізгі қорларды ажыратуда  түрі, өндірістік процестердегі ролі, құрылымдық ерекшеліктері, тегі және басқа белгілері орын алады. Негізгі қорлардың түрлері, олардың жұмыс істеу ұзақтығы және көпшіліктің қолданылуы орталықтан бекітілген бүтіндей натуралдық-заттық жіктеуді қажет етеді. Негізгі қорлардың жіктеу бірлігі болып, белгілі бір қызметтерді атқаруға арналған, құрылымдық ерекшеленген заты ретінде түсіндірілетін инвентарлық объект, немесе жекеленген заттардың белгілі бір жұмысты орындайтын ерекшеленген жиынтығы табылады.

Қазіргі кезеңдегі негізгі  қорлардың типтік жіктелуі:

- жер - өндірістің материалдық жағдайының бірі бола отырып, негізгі қорлар құрамына кіретін жер учаскелеріне салынатын капиталдық салымдар;

- ғимараттар – еңбек  етуге, тұруға, тұрғындарға әлеуметтік  мәдени қызмет көрсетуге, материалдық  құндылықтарды сақтауға жағдай жасайтын архитектуралық объектілер;

  • құрылыстар – еңбек құралының өзгеруіне байланысты емес, техникалық қызметтерді орындау арқылы өндіріс процесін жүзеге асыру үшін жағдай туғызатын, инженерлік-құрылыстық объектлер;
  • объектіден объектіге жылу мен механикалық, электрлік энергия беруге жағдай жасайтын тасымалдаушы құрылғылар;
  • энергия, материалдар және информацияны түрлендіретін машиналар мен қондырғылар;
  • энергияны бір түрден екінші түрге ауыстыратын күш беретін машиналар;
  • еңбек затына тікелей әсер ететін немесе өнім өндірудегі технологиялық процестерге қатысатын жұмысшы машиналары және қондырғылар;
  • өлшеуіш және түзетуші приборлар, құрылғылар және лабораториялық жабдықтар;
  • есептегіш техника;
  • транспорттық құралдар – адам және жүк тасымалдауға арналған құралдар;
  • жалпы пайдалануға арналған құралдар – бір жылдан аса қолданылатын және жүз минималдық жалақыдан асатын механикаландырылған және механикаландырылмаған қол еңбегінің құралдары;
  • өндірістік және шаруашылық инвентарь – еңбекті қорғау, өндірістік операцияларды жеңілдету және материалдарды сақтауға арналған құралдар;
  • жұмысшы және өнім беретін мал (жұмыс малы – аттар, өгіздер, түйелер және басқалары, өнім беретін малдар – сиырлар және т.б.);
  • көп жылдық егістер – жасына байланысты емес көп жылдық егістер;
  • басқа негізгі қорлар – жоғарыдағы топтардың біреуіне де кірмеген кітапхана қорлары, мұражай құндылықтары, зоопарктердегі жануарлар әлемі экспонаттары.

Негізгі қорлар топтастыру әдістемесі көмегімен кешенді экономикалық категория ретінде жан-жақты сипатталынады [3,106].

Негізгі қорлардың өндіріс  процесіндегі қызметін сипаттау процесінде оларды активтік және пассивтік деп  бөлудің маңызы жоғары. Активтік қорларға жұмысшы және күш беретін машиналар, жабдықтар және өндіріс процесін бақылаушы, еңбек құралына әсер етуші кез-келген еңбек құралы - өлшеуіш және түзетуші құрылғылар мен приборлар, өндіріс құрал-жабдықтары, транспорттық құралдар, құрылыстың бөлек түрлері (мысалы, элеваторлар, туризмде қонақ үйлер) жатады.

Өндірістің  экономикалық қатынастары екі түрлі  және көп жақты болады. Экономикалық өмір тіршілігін жандандырып жалғастырады. Сондықтан өндірістің өзіне тән құрылымы бар. Өнім өндіретін мекеме кәсіпорын болып табылады. Олар шаруашылық салалары: өнеркәсіп, транспорт, құрылыс, машина жасау т.б. Өндірістің әдепкі буыны кәсіпорын, ол әрбір қоғамның өсу әдістеріне сай келетін кәсіпорын болып табылады. Оны ұйымдастырған өндіріс факторлары мен қамтамасыз ету халық шаруашылығының құрамдас бөлігі. Қоғамдық өндіргіш күштермен экономикалық қатынастардың бірлігімен бейнелетін әлеуметтік экономикалық категория. Кәсіпорын экономикалық қызмет көрсететін заңды категория, олар халыққа қажетті тауар өндірумен айналысады. 

Дүниежүзілік практикада  кәсіпорындардың әр қилы ұйымдық және құқықтық формалары пайдаланылады, оны елдің ұлттық заң шығарушы органдары анықтайды. Соның негізінде  оларға заңды статус беріледі. Осы мүмкіндігіне орай міндеттемелеріне сәйкес жауапкершіліктері  болады. Кәсіпорындар азаматтық процестерде, сотта, шаруашылық сатысында және аралық сотта өз мүдделерін қорғайды. Қазақстанда қолданылып жүрген заңдарға сәйкес кәсіпорындардың мынадай ұйымдық, құқылық, формалары бар:

  1. мемлекеттік кәсіпорын;
  2. серіктестік .

Еңбек етуге жағдай жасайтын, бірақ оның нәтижесіне белсенді әсер етпейтін негізгі қорлар пассивтік  бөлікке жатады (ғимараттар, құрылыстар т.б.).

Негізгі қорлардың активтік бөлігі үлесінің жалпы көлемде ұлғаюы өндіріс потенциялының қарқындауын  көрсетеді.

Түрлі министрліктердің, әкімшіліктердің және тұтас халық  шаруашылығы бойынша есепке алу  мен есеп беруде негізгі құралдардың (негізгі қорлардың) бірегей топтарының негізгі шарты оларды ғылыми негізделген жіктеу болып табылады.

Осыған байланысты негізгі  құралдар тағы мынадай белгілері  бойынша жіктеледі: халық шаруашылығының салалары; функционалдық қажеттілігі; қайда жататындығы; пайдалану бойынша.

Халық шаруашылығының салалары бойынша негізгі құралдар он тоғыз  топқа бөлінеді: өнеркәсіп; ауылшаруашылығы; құрылыс; көлік; сауда; орман шаруашылығы  және т.б. [4,5].

Функционалдық қажеттілігі  бойынша негізгі құралдар: өнеркәсіптік өндірістік; басқа салалардың өндірістік негізгі құралдары; өндірістік емес негізгі құралдар болып бөлінеді.

Өнеркәсіптік-өндірістік негізгі құралдар өзінің атынан көрініп  тұрғанындай өнеркәсіптік өнімдерді  шығару мақсатында материалдық өндіріс саласында жұмыс атқаруға арналады. Оған өндірістік тұрақжайлар, ғимараттар,  машиналар, жабдықтар, көлік, саймандар және т.б. жатады.

Басқа салалардың өндірістік негізгі құралдарына құрылыстың, ауыл шаруашылығының, сауда мен қоғамдық тамақтандырудың, көліктің, дайындау, жабдықтау және басқа ұйымдардың негізгі құралдары жатады.

Өндірістік емес негізгі  құралдар – бұл халыққа медициналық, тұрғын үй-коммуналдық және мәдени-тұрмыстық  қызмет көрсетуге арналған тұтыну қажеттілігінің құралдары. Оларға денсаулық сақтау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, мәдениет және өнер, тұрмыстық қызмет, білім беру және т.б. салалардың негізгі құралдары жатады.

Игілігіне байланысты негізгі  құралдар: өзіндік, жалданған болып  бөлінеді.

Өзіндік негізгі құралдар – сол кәсіпорын ие болатын және баланстық есепте ескерілетін негізгі құралдар.

Жалданған негізгі құралдар – бұл басқа ұйым немесе кәсіпорын  ие болып, басқа бір ұйымда жалға  алу шарты бойынша уақытша  пайдаланып жүрген негізгі құралдар. Бұл құралдар жалға алушыда баланстан  тыс есепте ескеріледі.

Пайдалану сипаты бойынша  негізгі құралдар: қолданылып жүрген, босалқы, жұмыс істемей тұрғандар  болып бөлінеді.

Қолданылып жүргендерге  кәсіпорын өнім өндіруге немесе жұмыстар орындау және қызмет көрсету үшін пайдаланып жүрген негізгі құралдар жатады.

Жабдықтарды ауыстыру және т.б үшін қолданылатын, күрделі жөндеуге, тозуына байланысты шығарылған негізгі  құралдар босалқы құралдарға жатады.

Кәсіпорында толық жинақталмауына немесе артық болуына байланысты пайдаланылмайтын, сондай-ақ сақтауда тұрған негізгі құралдар жұмыс істемей тұрғандарға жатады.

Негізгі қорлардың мәнін  анықтауда негізгі қорлар тұтынушылық  құн және құн иелене отырып, тауар  қасиетін сақтап, тауар бола алатындығы байқалады. Негізгі қорлар тауар  ретінде экономикалық айналымға қосылады. Заттың сыртқы формасы да, оны жасаған материал да өз бетінше негізгі қорлардың құрылымдық элементіндегі затқа айнала алмайды. Негізгі қорлардың негізгі артықшылық ерекшеліктері: біріншіден, негізгі қорлардың еңбек құралдары ретінде жұмыс істеуі, өндіріс және айналыс циклдары қатарында көп дүркін пайдаланылуы; екіншіден, дайындалған өнімдерге олардың құнын ауыстырудың ерекше сипаты; үшіншіден, негізгі қорлардың заттық формада өндіріс және тауар айналысы үдерісін жүзеге асыруға тікелей қатысуы болып табылады. Негізгі қорларсыз нарықта тауар айналысы үдерісінің жүрілуі К.Маркстің сөзімен айтқанда, «...немесе мүлдем мүмкін емес, немесе тек жетілдірілмеген түрде жүрілуі мүмкін» деп айтуға болады [5,215].

Олардың тауарға ауыстырылған құн бөлігі тауармен бірге өткізіледі және тауар айналысына қосылады. Негізгі қорлар құн айналысында тек олардың құрамына қатысатын ерекше еңбек құралдарын қамтиды. Негізгі қорлардың құн айналысы, яғни оның ақшалай формаға ауысуы біртіндеп оларға ұдайы өндірістік үдерістердің көп дүркіндік қызмет көрсету үдерісі негізінде және құнды дайын өнімдерге бөлшектеп ауыстыру (амортизациялық аударымдар нормасы бойынша) негізінде жүріледі.

Негізгі қорлардың ерекшеліктерін зерттеу бізге негізгі қорлар түсінігін анықтап білуге және оларға төмендегідей анықтама беруге мүмкіндік берді.

Кәсіпорынның негізгі  қорлары – бұл ұзақ уақыт бойы өзінің заттық формасын сақтай отырып, үнемі тозу негізінде өз құнын  амортизациялық қатынастар түрінде  дайын өнімге бөлшектеп ауыстыратын  еңбек құралдары ретінде қоғамдық ұдайы өндіріс саласына қатысатын қоғамдық еңбекпен құрылған материалдық-заттық құндылықтардың жиынтығы [6,210].

Негізгі қорлардың шығындалған  құн бөлігі амортизациялық аударымдар мөлшерінде тауарға өндіріс және айналыс шығындары арқылы ауысады. Бұл жоғарыдағы келтірілген анықтамадан негізгі қорларды – экономикалық категория деп түсінуге болады.

 

 

1.2 Негізгі  қорларды бағалау және талдау  көрсеткіштері

 

 

Жоғарыда айтылған негізгі  құралдардың ерекшелігіне байланысты негізгі құралдардың құны тұрақты түрде ішінара өндіріс пен айналым шығындарына енгізіледі. Негізгі құралдар бухгалтерлік есеп пен есеп беруде «Негізгі құралдардың есебі» бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес түскен сәтінен бастап баланстан шыққанша бастапқы құны бойынша көрсетіледі. Бастапқы құн – бұл негізгі құралдарды сатып алу немесе сату бойынша нақты жұмсалған шығынның құны, бұған төленген, өтелмеген салықтар мен алымдар, сондай-ақ активтерді мақсатқа сай пайдалану үшін жұмыстың күйіне келтіруге байланысты жеткізу, монтаждау, қондыру, іске қосу шығындары және кез-келген өзге де шығындар енгізіледі. Күрделі қаржы есебінен салынған (тұрғызылған) немесе сатып алынған негізгі құралдар үшін бастапқы құны мүлік құны болып табылады. Ол мыналардан тұрады:

  • ғимараттар мен құрылыстар үшін объектілерді тұрғызу жөніндегі құрылыс және монтаж жұмыстарының шығындары, жобалау-іздестіру жұмыстары, сондай-ақ объектілердің мүліктік құнына бекітілген тәртіпке енгізуге жататын басқа шығындар;
  • монтаждауды талап ететін жабдықтар үшін – жеткізу шығындарын қоса отырып сатып алу шығындары.

Негізгі құралдардың  бастапқы құны мына жағдайларда өзгеруі  мүмкін:

  • үкіметтің өкімі бойынша негізгі құралдар қайта бағаланып, әр объектінің инфляцияны ескере отырып белгіленеді;
  • күрделі қаржы қаражаты есебінен жаңартылғанда, қайта құрылғанда, кеңейтілгенде немесе қайта жарақталғанда. Жабдықтың алғашқы құны жаңарту, тиісті жұмыс орындау және тозған тораптарды ауыстыру үшін детальдар сатып алу жұмыстарды күрделі жөндеу орнына жүргізілгенде де өзгертіледі;
  • объектіні сатып алу немесе пайдалануға беру сәтінде алғашқы құнды анықтауда бұрын жіберілген қателіктерді түзету нәтижесінде [4,7].

Белгілі күнге қолданылып жүрген нарықтық баға бойынша негізгі  құралдардың құны ағымдағы құны деп  аталады. Негізгі құралдардың ағымдағы құны бұдан әрі құрылыс пен өндірістің құны өзгеруі негізінде, еңбек өнімділігінің артуына байланысты инфляцияға және басқа факторларға байланысты бағаның өзгеруі негізінде белгіленуі мүмкін.

Нарықтық экономикаға  көшу жағдайында және бухгалтерлік есептің  халықаралық тәжірибесінде кәсіпорындар активтерді нақты бағалауға ұмтылады, сондықтан негізгі құралдарды қайта бағалау, ағымдағы бағалауды белгілеу нарықтық конъюктура өзгеруіне байланысты жиірек жүргізіледі. Ол негізгі құралдарды дұрыс бағалау және олардың тозуының негізделген нормасын анықтау, сондай-ақ тауардың қызметтер мен жұмыстардың өзіндік құнын анықтау үшін өте маңызды.

Пайдалану үдерісінде негізгі  құралдар тозады. Олардың жинақталған  амортизация сомасын шегергеннен  кейінгі бастапқы немесе ағымдық  құны баланстық құнды құрайды, сол бойынша актив есепте және есеп беруде көрсетіледі. Бұл құралдың өндірістік өнімге ауыспаған бөлігін сипаттайды.

Заңды және жеке тұлғалардың  сыйлығы немесе үкімет субсидиясы түрінде  қайтарымсыз берілген негізгі құралдар кәсіби бағалаушылардың қатысуымен тәуелсіз комиссия арқылы бағаланады. Комиссия объектінің ағымдағы құны мен оның беру сәтіндегі тозуын белгілейді.

Дайын өнім дегеніміз - ол толық техникалық өндірістен, сапасы бағалаудан өткен және буылып қоймаға  тпсырылған өнім. Өндіріс процесі тоқтаусыз жүретін болғандықтан дайындықтың әртүрлі деңгейінде кездесетін өндрсте айналым қорларының анықталған бөлігі нақты қызмет етеді. Жалпы айналым қорларын келесі топтарға бөлуге болады:

  • өндірістік запастар айналым қорларының негізі. Оның құрамына шикізат және көмекші материалдар, отын оның түрлері негізгі қорды өндіретін запастар, бөлшектер және тағы басқалар жатады;
  • аяқталмаған өнім, яғни өндірісте аяқталмаған еңбек заты түрінде және кәсіпорынның жартылай фабрикаты түрінде көрсетіледі;
  • боашақ кезеңінің шығындары заттық емес түрде кездесетін айналым қорының элементі бұл шығындарды берілген уаұытта өндіріп оларды болашақ кезеңнің, өндірілетін өнімнің өзіндік құнына қосатын шығын арқылы өтейді.

 

    Айналым қорының осы топтағы  байланысы оның жалпы құнының құрылымын көрсетеді. Айналым құралдары ақша қаражатының үзіліссіз айналуын қамтамасыз ететін айналым қоры және өндірістік айналым қорын құру үшін, авансталған ақша құралдарының жиынтығы. Сонымен қатар айналым құралдары шаруашылыққа келіп түсетін кіріс пен шығыстардан айналымға кететін құралдарды айтамыз. Мысалы: жанар, жағар май, тыңайтқыш, кассадағы ақша және тағы басқалар.

Сонымен қатар, негізгі  құралдардың сату және жою құны болады.

Сату құны – бұл жақсы құлақтанған  және мәміле жасауға дайын тәуелсіз тараптар арасындағы негізгі құралдардың айырбастау мүмкіндігінің бағасы.

Жою құны – бұл негізгі құралдарды пайдалы қызметінің соңында пайда  болатын босалқы бөлшектердің, тетіктердің, қалдықтардың жорамал құны, бұдан  шығарып тастау жөнінде күтілетін шығындар шығарып тасталады.

Негізгі құралдарды осы заманғы  құны бойынша бірегей бағалау  мақсатында олар тұрақты түрде қайта  бағаланады. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1997 жылғы 24 шілдедегі  «Қазақстан Республикасының Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылады деп тану туралы» қаулысына сәйкес негізгі құралдарды индексациялау мәселелері бойынша бұрын қабылданған барлық қаулылардың күші жойылған деп танылады, ал шаруашылық субъектлеріне негізгі қорларды (құралдарды) индексациялаудың тәртібі мен ережелері туралы шешімді заңға сәйкес дербес қабылдауы ұсынылады. Нәтижесінде, олардың баланстық құнын сол мезеттегі қолданылатын индексацияға, бағалар мен оларды қалпына келтіру шарттарына сәйкестендіру, яғни ағымдағы құнына қайта есептеу жүргізіледі. Қайта бағалау нәтижесінде негізгі құралдар ағымдағы құны бойынша есептер мен есеп берулерде ескеріледі [7,140].

Кәсіпорынның негізгі қорларын талдауда келесідей көрсеткіштер қолданылады: негізгі қорлардың қозғалыс және техникалық жағдайын талдау көрсеткіштері; негізгі қорларды пайдаланудың тиімділігін арттыру көрсеткіштері; амортизация нормасы және т.б.   

Негізгі қорлардың қозғалыс көрсеткіштерін талдауда алдымен кәсіпорынның негізгі  қорларға салған капиталының көлемін, динамикасын, құрылымын бағалау қажет. Берілген тенденциялардың динамикалық өзгерісі өндірістік қорлардың озық деңгейін көрсетеді. Осы мақсатта негізгі қорлардың жыл соңындағы жағдайы бойынша құрылымына талдау жасалады.

Кәсіпорынның негізгі қорларының қозғалыс және техникалық жағдайын талдау үшін келесідей көрсеткіштер есептеледі:

1) Негізгі өндіріс қорларының  жаңару коэффициенті келесі формуламен анықталады [8,33]:

Кж= Ғк.т / Ғж.с,                                                                                                     (1)

мұндағы Кж - жаңару коэффициенті;

                Ғк.т - келіп түскен негізгі қорлар құны; 

                Ғж.с - жыл соңындағы негізгі қорлар құны.

2) Негізгі өндіріс  қорларының шығу коэффициенті  келесі формуламен анықталады:

Кш= Ғш / Ғж.б,                                                                                                     (2)

мұндағы Кш - негізгі өндіріс қорларының шығу коэффициенті;

                Ғш - шығарылған өндіріс қорлары;

                Ғж.б -  жыл басындағы негізгі қорлар құны.

       3) Негізгі өндіріс қорларының тозу коэффициенті келесі формуламен анықталады:

Ктозу= Ғтозу / Ғб.қ,                                                                                                (3)

мұндағы Ктозу - тозу коэффициенті;

               Ғтозу - негізгі қорлардың тозу сомасы;

               Ғб.қ - негізгі қорлардың бастапқы құны.

4) Негізгі өндірістік  қорлардың техникалық жарамдылық  коэффициенті келесі формуламен  анықталады:     

                                     

Кжар= Ғқал / Ғалғ,                                                                                                   (4)

 

мұндағы Кжар - жарамдылық коэффициенті;

               Ғқал - негізгі қорлардың қалдық құны;

                Ғалғ - негізгі қорлардың алғашқы сомасы.

 

5) Негізгі өндіріс қорларының  тұрақтылық коэффициенті келесі  формуламен анықталады: 

 

     Ктұр= Ғж.б – Ғш / Ғж.б,                                                                                      (5)

 

мұндағы Ктұр - тұрақтылық коэффициенті;

                Ғж.б - жыл басындағы негізгі өндірістік қорлар құны;

                Ғш - шығарылған негізгі өндірістік қорлар құны;

                Ғж.б -  жыл басындағы негізгі қорлар құны.  

 

Негізгі өндіріс қорларды пайдаланудың тиімділігін анықтау  үшін келесідей көрсеткіштер қолданылады:

- қор қайтарымдылығы (Ққ) (өндірілген өнім құнының  негізгі өндірістік қорлардың  орташа жылдық құнына қатынасы);

- қор сыйымдылығы (Қс) (негізгі өндірістік қорлардың  орташа жылдық құнының өткен  жылдағы өндірілген өнім құнына қатынасы);

- негізгі қорлардың  активті бөлігінің қор қайтарымдылығы (Ққ.ак.б.) (өндірілген өнім құнының  негізгі қорлардың активті бөлігінің  орташа жылдық құнына қатынасы);

Кәсіпорынның негізгі қорларының жағдайын, қозғалысын, тиімді қолданылуын талдаудың ролі