Кәсіпорынның тұрақты дамуының қажеттілігі мен мәні
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ.......................
1 КӘСІПОРЫННЫҢ ТҰРАҚТЫ
ДАМУЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ. ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ.....................
- Кәсіпорынның тұрақты дамуының қажеттілігі мен мәні..........................
... - Кәсіпорынның тұрақты дамуына әсер ететін факторлар.....................
...... - Кәсіпорынның ______________________________
____________............ - «ШАЛҚАР» БН-А ЖШС ЭКОНОМИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ, ЖАҒДАЙЫ МЕН ТҰРАҚТЫ ДАМУЫНЫҢ КӨРСЕТКІШТЕРІН ТАЛДАУ........................
.............................. .............................. ...................
2.1 Кәсіпорын қызметінің технико-экономикалық сипаттамасы...................
2.2 Кәсіпорынның тұрақты дамуының көрсеткіштерін талдау......................
2.3 Кәсіпорынның экономикалық аспектілері
(көз-қарас)...................
3 КӘСІПОРЫННЫҢ ТҰРАҚТЫ
ДАМУЫН ЖАҚСАРТУ ЖОЛДАРЫ.......................
3.1 Кәсіпорынның ішкі ресурстарын ұтымды
пайдалану.....................
3.2 Озық өнім өндіру технологиясын
енгізу........................
3.3 Қаржылық тұрақтылықтың жағдайын жақсарту......................
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................
КІРІСПЕ
Нарықтық қатынастарға өту – адамның еңбек ететін ортасының экономикада елеулі, терең болуын талап етеді. Бұл жерде өндіріске күшейтуге бетбұрыс жасау керек; әр кәсіпорынды, ұйымды, фирманы экономикалық өсудің сапалық факторларын толық және бірінші кезекте пайдалануына бағыттау керек. Соның арқасында жан-жақты дамыған өндірістік күші мен өндірістік қарым-қатынасы, жақсы қалыптастырылған шаруашылық механизмі бар, жоғары деңгейде ұйымдастырылған және тиімді экономикаға өту қамтамасыз етілуі керек. Қазіргі нарықтық қарым-қатынасында кәсіпорын өзінің тұрақты даму үлесінен орын алуы қажет. Егер кәсіпорын өзінің жұмысын тұрақты түрде ұстап тұра алмаса, ол дағдарыс түрінде жұмысы тежеледі. Ал егерде ол тек дамымай тұрақты түрде ұстап тұрса, онда кәсіпорын бәсекелестері шығарған сапалы өнімдері тағы да өздерін нарықтан ысырып шығарады. Сол үшін үнемі кәсіпорын заман талабына сай өз техника-технологиясын жаңартып, дамытып отыруға міндетті. Кәсіпорын жұысының тұрақтылығын сол үшінде үнемі қадағалап отыруы қажет. Бұлай етпеген жағдайда банкротқа ұшырауы әбден мүмкін. Диплом жұмысым осындай маңызды сұрақтың жауабын ашуға арналады. Және де кәсіпорын үнемі өз тиімді жұмыс істеуін арттырып отыруы қажет. Сонда ғана бұл нарықтан өз тұтынушыларын тауып отырады. Тек тұтынушылардың сұранысын қанағаттандыру ғана емес, сонымен қатар пайда табу мақсатын орындау, пайданың ұлғайып отыратыны кәсіпорынның жұмысын тұрақтандырады.
Нарықтық қарым-қатынастар шарттарында эканомикалық іс-әрекеттер орталығы барлық экономикалық негізіне ауысады, ол – кәсіпорын. Себебі тауарды өндіру, қызмет көрсету секілді негізгі қызметтер нақты осы кәсіпорындарда орындалады. Алға қойылған мақсаттарды шешу үшін және белгіленген мақсаттарға жету үшін өндірістік факторларды қолданады: еңбек ресурстары, техника, табиғи ресурстар, капитал және тағы басқалары. Қазіргі таңда, нарықтық экономика кезінде кәсіпорындардың жұмыс істеуі көптеген жағдайларға, факторларға және қызмет ету нәтижесіне байланысты болып отыр. Кәсіпорын қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыру және пайда табу мақсатында өнім өндіретін және қызмет көрсететін эканомиканың дербес шаруашылық субьектісі болып табылады. Кәсіпорын дербес жүйе ретінде қоғамдық өндірістің бас буыны болып саналады. Онда ұлттық экономиканың негізгі экономикалық бас міндеттерінің шешімдері тікелей жүзеге асырылады. Кәсіпорынның мақсаты өзінің өндіретін өніміне немесе қызмет көрсетуіне дер кезінде тапсырыстар алудағы жүйені нығайту қажет. Осы ретте ескеретін жай, межеленген өнімді өндіру немесе қызмет көрсету үшін барлық қажетті еңбек материалдық және қаржы ресурстармен қамтамасыз етілуі қажет.
Нарықтық жағдайдың
қозғаушы күші – бәсеке. Ол өндірісті
ұлғайтуды, сапасын жақсартуды және
өнім бағасын арзандатуды ынталандыр
Өндіріс – бұл қоғамның өмір сүруі мен дамуы қажетті материалдық игіліктерді жасау үдерісі. Өндіріс мазмұнын анықтайтын еңбек әрекеті келесі үш кезеңнен тұрады:
- мақсатқа сәйкес жұмыс немесе еңбектің өзі;
- еңбек заты, яғни адамның тиімді іс-әрекетіне бағытталған нәрсенің барлығы;
- адам еңбек заттарын өңдеп, оларды өз қажетін қанағаттандыруға бейімдейтін еңбек құралдары (машиналар, жабдықтар, құралдар)
Материалдық өндіріс
өнімі – табиғат пен еңбек
заттарының бірігуінен
Кәсіпорын – экономиканың даму сатысының негізгі бір бөлігі болып табылады. Өйткені кәсіпорындарда қоғамға қажетті өнім шығарылады. Және қызметкерлер мен жұмыс құралдарының арасында байланыс орнатылады. Еркін өнеркәсіп кәсіпорны дегеніміз өндірістік-техникалық, ұйымдастыру - әкімшілік және шаруашылық еркіндігі бар өндіріс өнімін шығару үшін, не болмаса, жұмыс атқару үшін, әр түрлі қызметтерді көрсету арқылы қоғамның қажеттілігін қанағаттандыру және пайда табу мақсатында құрылады.
Өндірістік жүйе ретінде кәсіпорынның ішкі және сыртқы ортасы болады.
Сыртқы ортаға – экономикалық саясат, құқықтық жағдай, экономикалық, әлеуметтік, экологиялық және технологиялық жағдайлар жатады.
Ішкі ортаға – еңбек ресурстары, техника және технология, бәсекелестік, маркетинг және т. б. жатады.
Кәсіпорынның нарықтық экономикадағы негізгі мақсаты – бәсекеге қабілетті өнім шығару арқылы неғұрлым көп пайда табу негізінде сұранысқа ие болу.
Өнеркәсіптік кәсіпорынның функциялары мыналар жатады:
- өндірісте және жекелей тұтынылатын өнім шығару;
- тұтынушыға өнімді жеткізу және сату;
- өнімді сатып болғаннан кейін қызметті жалғастыру;
- кәсіпорындағы өндірісті материалдық – техникалық жабдықтау;
- кәсіпорын қызметкерлерінің еңбегін ұйымдастыру және басқару;
- кәсіпорындағы өндіріс көлемін жан-жақты дамытып, ұлғайту;
- кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру;
-салықтарды төлеу, мемлекеттік бюджеттің және басқа да қаржы ұйымдарының міндетті және міндетті емес төлемдерін өтеу;
- мемлекеттік заңдарды, нормативтер мен стандарттарды орындау.
Қазіргі заманғы өндірістің басты мазмұны - өндірісті автоматтандыру арқылы ғылыми-техникалық өзгерістер жағдайында даму.
Әрбір өнеркәсіптік мекеме өзінің қызметкерлерінің және оның отбасы мүшелерінің қажеттерін қанағаттандыруға арналған өндірістік бөлімшелерден: шаруашылықтарға қызмет ету цехтары мен телімдерінен, басқару ұйымдастыру органдарынан тұрады.
Өндіріс бөлімшелері, кәсіпорынды басқару және қызметкерлерге қызмет көрсету ұйымдарының кешені, олардың саны, өзара байланыс шамасы және орналасқан ауданы, жұмыскерлер саны және өндіріп шығару қабілеті бойынша өзара қатынастары кәсіпорынның (бірлестіктің) жалпы құрылымын құрайды.
Дипломдық жұмыстың объектісі
ретінде отандық нарықта
Дипломдық жұмыстың мақсаты болып кәсіпорынның тұрақты дамуының теориялық негіздерін қарастыру және «Турген» ЖАФ ЖШС-нің тұрақты дамуын талдау және оны жақсарту жолдарын зерттеу.
Диплом жұмыстың мақсатынын шыға отырып, келесідей міндеттер қойылған;
- тұрақты дамудың қажеттілігі мен мәнін қарастыру;
- тұрақты дамуға әсер ететін факторларды қарастыру;
- «Турген» ЖАФ ЖШС-нің жалпы сипаттамасы және технико-экономикалық көрсеткіштеріне талдау жасау;
- кәсіпорынның ішкі ресурстарын тиімді пайдалану;
- озық өнім өндіру технологиясын енгізу;
- қаржылық тұрақтылықтың жағдайын жақсарту;
Диплом жұмыстың ғылыми жаңалығы болып кәсіпорынның тұрақты даму тиімділігін арттыру ұсыныстарын қарастыру табылады. Оған себеп дүние жүзілік дағдарыстың тікелей әсер етуі. Себебі несие жүйесінде өте күрделі, өте үлкен ауқымдағы қаржылық тұрақсыздық жүріп жатқан кезде әр кәсіпорын өз қаржысын мүлтіксіз қадағалап, күзетуі керек. Тіпті зерттеліп жатқан мекеме өзінің несие қабілеттілігін бағаламастан үлкен көлемдегі міндеттемесі бар екенін ескерілді. Несие қайтарымдылығын бағалау қаржылық тұрақтылыққа әсер ететін басты факторлардың бірі болып есептеледі.
Міндетті түрде кәсіпорын өз табысынан міндеттемелерін асырмауы қажет. Егер асатын болса онда тек құлдырауға тап болады.
Ал қазіргі технологиялық заманда озық өнім өндіру техникасын енгізуге болады. Техниканың жетілген заманында оның ең тиімдісін таңдау ғана қажет болады. Казіргі комбайндардың жетілген түрі өте көп. Олар жұмыс жасағанда үлкен ауқымда, өте жоғары жылдамдықпен, бір дәнінде босқа шашпастан жинап алатын техникалар жетіп артылады. Олар ескі техникаларға қарағанда өте тиімді. Мысалы; Neu HOLLANT TS, KSX, CX ; сол секілді; CASE IH ASF 2388, және өте ауқымды; CAT combine harvester, HUGE комбайн техникаларын ұсынуға болады. Мұндай техникалардың маркалары өте көп және сол марканың ішіндегі түрлеріде жетіп артылады. Мұндай техниканы ескірген комбайындарды ауыстыру кезінде есептелген қаржымен қол жеткізу керек. Немесе сол техникаларды сатып алу үшін қаржылық жағдайды реттеп кәсіпорын өзінің негізгі құралдарын жетілдіруі тиіс. Озық технологияға жұмсалған қаржы өзін-өзі ақтап, сонымен қатар көп пайда әкелетіні сөзсіз. Сонда бұрынғы комбайындардың бидайды ысырап қылып, төгіліп-шашылып қалған немесе жинаусыз қалған техника әлсіздіктерінен құтылып, көп шығынсыз аса тиімділікпен істі аяқтайтын еді. Және уақыт жағынанда, жанармай шығыны жағынан да өте дәлдікпен тиімділігін артыратыны күмәнсіз.
Зерттеліп отырған үшінші мәселе кәсіпорынның ішкі ресурстарын ұтымды пайдалану. Егер кәсіпорын өз ресурстарын ұтымды пайдаланса оның тиімділігі міндетті түрде артады. Мысалы өнімнің өткізілуі бойынша, өнімге сұраныс бойынша егістік алаңын жоспарлап, өны өткізуді дамыту керек. Мысалы жер алқаптарын пайдаланғанда қандай өнім тиімдірек, арпаның орнына жоңышқа өнімін төрт жылда бір рет қана егіліп жылына үш рет өнім алуға болады. Сол мүмкі тиімдірек шығар. Ол міндетті түрде есептелініп жоспарлануы тиіс. Немесе өнімнің түрлерін реттеп оны жетілдіріп отыруы қажет. Мысалы дайын өнім бидай болса оны өткізу үшін басқа мекемелерге тәуелді болмай-ақ бірден оны ұнға айналдыратын, тіпті одан наубайхана ашу деген сияқты күрделендіріп, оған қосымша мекемелер ретінде цех, наубайхана, диірмен секілді өсіре беруге болады.
Кәсіпорынды тиімділігін дамытудың түрлері өте көп. Соның тек негізгі осы үш жолын қарастырдық.
Дипломдық жұмыстың құрылымы үш бөлімнен тұрады.
Дипломдық жұмысты жазу барысында нормативті-құқықтық актілер, отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері, оқу құралдары, статистикалық мәліметтер, мерзімдік басылымдар, «Турген» ЖАФ ЖШС-нің мәліметтері қолданылды.
1 КӘСІПОРЫННЫҢ
ТҰРАҚТЫ ДАМУЫНЫҢ
1.1. Кәсіпорынның тұрақты
дамуының қажеттілігі мен мәні
Нарықтық эканомикаға көшу кәсіпорынның шаруашылық іс-әрекетін біршама мұқият әрі жүйелі түрде талдауды және оның даму стратегиясын құруды талап етті. Осы кешенді талдау жоспарлау алдындағы зерттеулердің негізі болып табылады. Тек талдау қорытындысына сүйене отырып қана кәсіпорынішілік жоспарлау үдерісін тиімді түрде ұйымдастырып, кәсіпорынның даму мақсатына қол жеткізуге болады. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау жалпы жүйелік талдаудың маңызды құраушы бөлігі болып табылады. Қаржылық талдау келесілерден тұрады:
- бастапқы талдау;
- қаржылық тұрақтылықты бағалау;
- теңдестіктің абсалютты өтімділігін талдау;
- қаржылық коэффицентін талдау;
- қаржылық нәтижелерді талдау;
Табыстылық пен іскерлік белсенділігінің коэффициенттерін талдау. Бастапқы талдаудың қорытындысы ретінде кәсіпорынның қаржылық жағдайына баға беріледі және теңдестік құрылымның жарамдылығы мен төлемқабілеттілігі анықталады. Кәсіпорынның қазіргі қаржылық жағдайының себептерін, даму болашағын анықтау үшін кәсіпорын қызметіне тереңінен, жан-жақты және кешенді талдау жасалады. Теңдестіктің жалпы сомасының өзгеруін, пассивтер мен активтер құрылымы, айналмалы капиталды қалыптастыру көздері, қаржылық іс-әрекет нәтижелері және т.б. талдаудан өтеді.
Кәсіпкерліктің қаржы-
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын оның қаржылық тұрақтылығы өтімділігі мен төлем қабілеттілігі, іскерлік белсенділігі және рентабельділік көрсеткіштері арқылы сипаттауға болды.
Қаржылық тұрақтылық – бұл табыстың шығыннан тұрақты дәрежеде артуы. Ол ақша қаражаттарын еркін пайдалануды қамтамасыз етеді және оларды тиімді пайдалану арқылы өнім өндіру және өткізу үрдісінің үздіксіз болуына жағдай жасайды. Сондықтан да қаржылық тұрақтылық барлық өндірістік шаруашылық қызмет үрдісінде қалыптасады және кәсіпорынның жалпы тұрақтылығының негізгі бөлігі болып табылады.
Кәсіпорынның қаржылық
тұрақтылығы – бұл
Қаржылық тұрақтылық
көрсеткіштері кәсіпорын
- Меншікті капиталды шоғырландыру коэффициенті (тәуелсіздік коэффициенті) – меншікті капиталдың кәсіпорын капиталына (актифтеріне, баланс валютасы) қатынасымен анықталады. Ол кәсіпорын капиталының (активтерінің) қандай бөлігі меншікті қаражаттары құрайтындығын, яғни, қаржылық тәуелсіздік дәрежесін көрсетеді. Бұл көрсеткіштің мәні не ғұрлым жоғары болса, соғұрлым қаржылай тұрақты және сыртқы қаражат көздеріне тәуелсіздігін көрсетеді. Нарықтақ экономикасы дамыған елде бұл көрсеткіштің шекті мәні – 0,5-0,7 болып белгіленген.
- Қарыздық капиталды шоғырландыру коэффициенті кәсіпорын капиталының (активтерінің) қандай бөлігін қарыздық қаражаттар құрайтындығын көрсетеді. Ол қарыздық қаражаттардың кәсіпорын капиталына (активтеріне) қатынасы арқылы есептеледі.
- Қаржылық тәуекелділік коэффициенті – бұл тәуесіздік коэффициентінің кері көрсеткіші болып табылады. Ол кәсіпорын капиталының (балас валютасы) меншікті капиталға қатынасы арқылы есептеледі.Бұл көрсеткіштің мәні меншікті қаражаттардың 1 теңгесіне кәсіпорын активтерінің қандай сомасы келетінін көрсетеді. Осы көрсеткіштің мәнінің өсуі кәсіпорынды қаржыландыруда қарыздық қаражаттардың үлесінің артқанын көрсетеді. Егер оның мәні 1-ге тең болса, онда кәсіпорынның барлық активтері тек қана меншікті капиталдың есебіне қалыптасқанын көрсетеді. Мәселен, оның мәні 1,5 болса, онда кәсіпорын активтеріне салынған әрбір 1,5 тенгенің 1 тенгесі меншікті, 0,5 теңгесі – қарыздық қаражаттар екенін көрсетеді.
- Ағымдағы берешек коэффициенті. Ол қысқа мерзімді міндеттемелердің кәсіпорын капиталына (активтеріне) қатынасы арқылы анықталады. Бұл көрсеткіш активтердің қандай бөлігі қысқа мерзімді қаржаттар есебінен қалыптасқанын көрсетеді.
- Қарыздарды меншікті капиталмен жабу коэффициенті бұл көрсеткіш меншікті капиталдың қарыздық капиталға қатынасы арқылы есептеледі.Яғни, қарыздық капиталдың 1 теңгесіне меншікті капиталдың қанша теңгесі келетінін көрсетеді.
- Қаржылық лаверидж немесе қаржылық тәуекел коэффициенті қарыздық капиталдың меншікті капиталға қатынасы арқылы есептеледі. Бұл коэффициент қаржылық тұрақтылықтың негізгі индекаторларының бірі болып есептеледі. Оның мәні неғұрлым жоғары болса, бұл кәсіпорынға капитал салу тәуекелі де соғұрлым жоғары болады. Яғни меншікті капиталдың 1 тенгесіне қанша қарыздық қаражат тартылғанын көрсетеді.Бұл коэффициент кәсіпорын активтеріне салынған меншікті қаражаттардың әрбір теңгесіне қанша қарыздық қаражат тартқанын көрсетеді. Оның мәні жоғарылаған сайын мұндай кәсіпорынға капитал салымын жасау тәуекелі жоғары болады. Кәсіпорын активтерін қалыптастыруда меншікті және капиталының үлесі және қаржылық леверидж деңгейі кәсіпорыннің салалық ерекшеліктеріне байланыстары болады. Айналымнан тыс активтердің үлесі жоғары және капитал баяу айналатын салаларда қаржылық леверидж мәні үлкен болмауы керек. Ал, негізгі капиталдың үлесі аз, капитал айналымдылығы жоғары салаларда оның мәні айтарлықтай жоғары болады. Қаржылық леверидж деңгейі тауар және қаржы нарығының конюьктурасына, негізгі қызметтің рентабельділігіне, кәсіпорынның қаржылық сратегиясына және тағы басқаларға байланысты болады.
Тұрақты қаржыландыру коэффициенті – баланстың активтерінің қандай бөлігі тұрақты көздер есебіне қалыптасқанын сипаттайды. Ол меншікті капиталмен ұзақ мерзімді міндеттемелердің жалпы капиталға (баланс, валютасы) қатынасымен анақталады. Егер кәсіпорын ұзақ мерзімді несиелермен зайымдарды пайдаланбайтын болса, онда оның мәні қаржылық тәуелсіздік коэффициентінің мәнімен сәйкес келеді.
Белгілі бір кезең ішінде теңдестік жалпы сомасының азаюы – бұл, негізінен, өндіріс көлемі төмендеуінің нәтижесі болады. Ол төлемқабілетсіздіктің басты себептерінің бірі болып саналады.
Қаржылық тұрақтылық түріне және оны өзгерту бағытына қарай кәсіпорынның төлемқабілеттілік тұрғысынан сенімділігі жайлы баға беруге болады. Қаржылық тұрақтылықты талдау оның осы жайлы мәнін бейнелейтін көрсеткіштерден басталады. Ұзақ – және орта мерзімді несиелердің негізінен өндірісті дамытуға, қайта жаңғырту мен техникалық қайта жарақтауға жұмсалатынын ескеретін болсақ, төлемқабілеттілік шартын орындау үшін запастар мен шығындарды меншікті айналмалы капиталдың көлеміне сәйкес келетіндей етіп шектеуді қажет етеді.
Теңдестік өтімділігін талдау кәсіпорынның несиеқабілеттілігін, яғни оның өз міндеттемелерін орындай алатындығын бағалауға мүмкіндік береді. Өтімділік кәсіпорынның активтерін ақшаға айналдыру уақыты міндеттемелерін өтеу мерзіміне сәйкес келіп, өз активтері мен міндеттемелерді өтеуімен анықталады. Демек, едәуір өтімді активтер (ақша және құнды қағаздар) көлемі ең қауірт міндеттемелерге тең немесе одан артық болуы; баяу іске асырылатын активтер (дебиторлық қарыз және басқада активтер) қысқа мерзімді пассивтерге (қысқа мерзімді несиелер мен қарыз қаражаттары) тең немесе артық болуы; баяу іске асырылатын активтер (келешек кезеңге арналған шығындарды есептемегенде, басқа запастар мен шығындар) – ұзақ мерзімді пассивтерге тең немесе артық болуы; іске асырылуы қиын активтер (материалдық емес активтер негізгі капитал, аяқталмаған капиталдық салымдар) тұрақты пассивтерге (меншікті капитал көздеріне) сәйкес болуы тиіс. Осы аталған шарттар орындалған жағдайда теңдестік өтімділігі абсолютті деп саналады. Егер бір немесе бірнеше шарт орындалмайтын болса, онда теңдестік өтімділігі белгілі бір дәрежеде абсолютті өтімділігінен ауытқуы мүмкін. Теңдестік өтімділігіне кешенді түрде баға беру үшін жалпы өтімділік көрсеткішін келесі формуламен есептеп шығаруға болады:
ƒл =(ЕӨА + 0,5ЖІАА+0,3БІАА)/(ҚМ+0,5ҚМП+0,
мұнда:ЕӨА – едәуір өтімділікті активтер;
ЖІАА – жылдам іске асырылатын активтер;
БІАА – баяу іске асырылатын активтер;
ҚМ – қауыр міндеттемелер;
ҚМП – қысқа мерзімді пассивтер;
ҰМП – ұзақ мерзімді пассивтер.
Қазіргі таңда көптеген кәсіпорындардың қаржылық жағдайы қиын күйде қалып отыр (өндіріске қажетті капиталдың тапшылығы несиелік мөлшерлемелердің тым жоғары болуы төлемдердің дер кезінде өтелмеуі және т.б.), сол себепті дәл қазір кәсіпорының қаржылық күйін нығайту басты міндет болып табылады. Қаржы коэффициентін талдау кәсіпорын жағдайының орнықтылығы жайлы өзгерістерін зерттеу мақсатымен немесе бірнеше бәсекелес кәсіпорындарды салыстыру үшін жасалады.
1.2 Кәсіпорынның тұрақты дамуына әсер ететін факторлар
Кәсіпорын өзінің жұмысын жүргізуде оның тұрақтылығына бірнеше факторлар әсер етеді. Ішкі фактор мен сыртқы факторлар, сондай-ақ кері әсер ететін факторлар келтіріледі. Негізгі кәсіпорын таза табысы тұрақты болған кезде ғана оның қызметін тұрақты деп айтуға болады.
Тұрақты дамуға
әсер ететін негізгі
- кәсіпорынның ішкі ресурстарын ұтымды пайдалану
- озық өнім өндіру технологиясын енгізу
- қаржылық тұрақтылықты жақсартуды жатқызуға болады
Аталған факторларға
димломның негізгі бөлімін
- өнімге (қызметке) қанағаттандырылмаған (тұрақсыз) сұраныстың болуы.
- өнім өндірісін ұйымдастыру үшін қажетті ресурстардың жетіспеушілігі
- кәсіорынның табысынан көрі шығыны мен міндеттемелерінің көп болуы
- несиелік қарыздарының шамадан тыс өсіп кетуі немесе төлем қабілетсіздігі.
- кәсіпорын қаржы сратегиясының дұрыс емес жоспарлануы
- еңбекақы қорының жетіспеушілігінің әсерінен жұмысшылардың жалақысы дұрыс (уақытында) төленбеуі
- амортизация дұрыс есептелмеу жағдайынан техникалардың моральдық немесе физикалық тозып кетуі
- білікті мамандардың жетіспеушілігі
Және сол секілді көптеген факторлардың әсерінен бонкротқа ұшырап жұмыстары тежеледі.
Пассивтер құрылымын талдау кезінде әдетте келесі бағыттар қаралады:
- кәсіпорынның меншікті және несиеге алған қаражаттарының ара-қатынасы (несиеге алған капиталдың меншікті үлесінің жоғары болуы кәсіпорын іс-әрекетінің тәуекелді екенін көрсетеді, демек ол төлем қабілетсіз болуы да мүмкін деген сөз) және меншікті қаржыландыру көздерінің арақатынасы анықталады;
- кәсіпорын шығындары мен зопастардың меншікті капитал көздерімен қамтамасыз етілуі, сонымен қатар алынған несиелік ресурс ескеріле отырып, анықталады. Бұл сараптама қорлармен қамтылу жөнінде толық түсінік береді;
- несиелік қарыздардың пайда болу себептері қаралады, оның меншікті үлесі, өзгерту бағыты, құрылымы, мерзімі өтелмеген қарыздардың үлесі де ескеріледі.
Запастар мен қаржының меншікті және несиеге алған қаражаттар көздерімен қамтамасыз етілуіне қарай қаржылық тұрақтылықтың келесі түрлері болады:
- кәсіпорынның абсолютты қаржылық тұрақтылығы (меншікті капиталы өндірістік зопастар мен шығындардың көлемін қамтамасыз етеді);
- қалыпты орнықты қаржылық жағдайы (зопастар мен шығындар көлемі меншікті айналмалы капиталымен және ұзақ мерзімде қамтамасыз етіледі);
- дағдарыстық жағдайы (зопастар мен шығындар қаражат көздерімен қамтамасыз етілмеген, яғни кәсіпорын банкротқа ұшырау шегінде тұр деген сөз).
Кәсіпорының қаржысын тұрақтандырудың негізгі жолдары пайдаланымдағы ақша қаражаттарын оңтайландырумен және олардың тапшылығын жоюмен байланысты қаржылық жұмыстарды жетілдірудің басты бағыттары келесі болып саналады:
- Кәсіпорынның іс-әрекетін ұдайы әрі жүйелі түрде талдау.
- Кәсіпорынның стратегиялық қаржы саясатын әзірлеу және мұны іске асыру.
- Кәсіпорында қаржылық жоспарлаудың тиімді жүйесін ұйымдастыру.
- Кәсіпорынның мүліктік құрылымын және олардың құралу көздерін оңтайландыру арқылы нәтижесі төмен теңдестік құрылымының орын алуына жол беру .
- Пайданы пайдалануда оңтайландыру және неғұрлым тиімді дивиденд саясатын таңдау.
- Бухгалтерлік есеп жүйесін қаржыны басқару міндеттеріне қарай бейімдейді.
- Қаржы ресурстары көздерін оңтайландыру мақсатында несие берушілер мен инвесторларымен қарым-қатынасты дамыту.
8. Кәсіпорынның шығындарын оңтайландыру.
Кәсіпорынның іс-әрекетін
кешенді түрде жан-жақты
Еңбек қарқындылығы мәселесін зерттеу оның деңгейінің өзгеруіне әсер ететін факторларды анықтауды қамтиды. Еңбек қарқындылығына ықпал ететін факторлардың топталуы еңбек қарқындылығының деңгейін белгілеуге ғана емес, сонымен бірге оның себептерін түсінуге мүмкіндік береді және ол өндіріспен еңбек тиімділігін арттыруға бағытталып пайдаланылады. Ықпал ету олардың әрекет етуіне қажетті шығындардың деңгейі бойынша жекелеген факторлардың ерекше айырмашылықтарын анықтауға мүмкіндік береді.
Еңбек қарқындылығын тұрақтандыратын факторлардың неғұрлым жалпыланған саралануы үш негізгі топтан тұрады және келесідей болады.
- Табиғи – биологиялық факторлар.
- Әлеуметтік – экономикалық факторлар.
- Техникалық - ұйымдастырушылық факторлар.
Табиғи – биологиялық факторларға жынысы, жасы, денсаулық жағдайы, физикалық дамуы, дене шынықтыру және ақыл-ой деңгейі, шыдамдылығы және жұмысқа қабілеттілігі жатады.Әлеуметтік - экономикалық факторлар екі топтан тұрады: әлеуметтік - тұрмыстық және әлеуметтік - экономикалық еңбек жағдайы. Әлеуметтік тұрмыстық факторлар жұмыскерлердің өмір сүру деңгейлерімен қалпын, денсаулық сақтау деңгейін, сондай-ақ аурудың алдын алудың, медициналық қызмет көрсету деңгейін, тұрғын үй мен және тұрмыстық инфрақұрылымның басқа да элементтерімен, көлікпен қамтамасыз етілу деңгейін қамтиды (тұрғын үйдің жұмыс орнынан алыс болуы).
Әлеуметтік - эканомикалық
еңбек жағдайына еңбек
Техникалық – эканомикалық
факторлар ғылым және техниканың
жетістіктерін өндірісте
Кәсіпорын іс-әрекеттерінің маңызды көрсеткіштерінің бірі табыстылық болып саналады.
Кәсіпорынды тұрақтылығына әсер ететін басты фактор ол – табыстылық. Ол неғұлым көп әрі шығындары төмен болған сайын кәсіпорын да тұрақты болады.
Табыстылық – өндіріс кәсіпорын жұмысының сапасын сипаттайтын жалпы көрсеткіш. Себебі тапқан пайданың көлеміне қарай, кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметінің толық салалық бағасын тек табыстылықтың деңгейі ғана көрсете алады. Ол пайданың өндіріс қорына немесе өнімнің өзіндік құнына қатынасын білдіреді. Табыстылықтың көресткіші өндіріске кеткен шығын мен табысты салыстыра отырып, өндірістің тиімділігін бағалайды.

- Кәсіпорын өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру
- Кәсіпорын-өнімінің-бәсекеге-қабілеттілігін-арттыру
- Кәсіпорын өнімінің өзіндік құнын төмендету жолдары
- Кәсіпорын өнімінің өзіндік құнын төмендету жолдары
- Кәсіпорын өнімінің өзіндік құнын төмендету жолдары
- Кәсіпорын өнімінің өзіндік құнын төмендету жолдары
- Кәсіпорын шығындарын басқару
- Кәсіпорынның негізгі қорларын талдау
- Кәсіпорынның негізгі қорларының жағдайын, қозғалысын, тиімді қолданылуын талдаудың ролі
- Кәсіпорынның неізгі капиталын пайдалану
- Кәсіпорынның неізгі капиталын пайдалану
- Кәсіпорынның өзіндік мәні және несиелік капиталын қалыптастыру және қолдану жолдары
- Кәсіпорынның өндірістік шаруашылық қызметінің тиімділігін арттыру жолдары
- Кәсіпорынның персоналдарын басқару жүйесі