Математикадан сыныптан тыс жұмыстарда оқушылардың шығармашылық қызметін дамытудың әдістемелік жолдары
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ
МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
УНИВЕРСИТЕТІ
ФИЗИКА-МАТЕМАТИКА ФАКУЛЬТЕТІ
МАТЕМАТИКАЛЫҚ ТАЛДАУ ЖӘНЕ АЛГЕБРА, ГЕОМЕТРИЯ
КАФЕДРАСЫ
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
Математикадан сыныптан тыс жұмыстарда оқушылардың шығармашылық қызметін дамытудың әдістемелік жолдары
Орындаған: физика-математика
факультетінің 050109- математика
мамандығының бітіруші студенті
Жумақанова Мақпал Жүнісқызы
Ғылыми жетекшісі: п.ғ.к. профессор
__________________Қ.И. Қаңлыбаев
« » ____________ 2013ж.
Қарауға жіберілді.
Математикалық талдау және
Алгебра, геометрия кафедрасының
Меңгерушісі: ф-м.ғ.д. профессор
__________________ Көксалов Қ.К.
Алматы 2013ж.
М А З М Ұ Н Ы
КІРІСПЕ ………………...………………....…………………..……
І. ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ПРАКТИКАСЫНДАҒЫ ҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ДАМЫТУ ПРОБЛЕМАЛАРЫ.....…….....8
- Оқушылардың шығармашылық қызметінің дамуы бойынша психологиялық- педагогикалық және оқу- әдістемелік әдебиеттерге талдау жасау ..............................
.............................. .............................. ..........……………8
1.2 Оқушылардың шығармашылық
қызметінің мәні мен
1.3 Математикадан сыныптан
тыс жұмыстар – оқушылардың
белсенді шығармашылық
ІІ. МАТЕМАТИКАДАН СЫНЫПТАН
ТЫС ЖҰМЫСТАРДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ
ҚЫЗМЕТІН ДАМЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛЕРІ ……………………………………................
2.1 Оқушылардың шығармашылық
қызметінің дамуы бойынша математика-дан
сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру
..............................
2.2 Математикадан сыныптан
тыс жұмысындағы оқушылардың
шығармашы-лық қызметін дамытудың жолдары
……....……….....................
2.3. Оқушылардың шығармашылық
қызметін дамытуға қажетті проблемалар
жүйесі арқылы педагогикалық эксперимент
жүргізу және оның нәтижелері....................
ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚОРЫТЫНДЫЛАР МЕН ҰСЫНЫСТАР…....93
ҚОРЫТЫНДЫЛАР ……………………………………………
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ ………………………………….....101
К І Р І С П Е
Зерттеудің көкейкестілігі. Бүгінгі жалпы білім беретін орта мектеп қоғамының алға қойған міндеттерін орындау үшін баланың табиғи мүмкіндіктерін, қабілетін дамытып кең профильді және дүниежүзілік деңгейдегі жоғары мәдениет пен қажетті білім қорын жинақтаған, өз алдына жауапты шешімдер қабылдай алатын, әр істе белсенді шығармашылық әрекет жасауға қабілетті жас ұрпақты тәрбиелеуі тиіс.
Оқушыларды шығармашылық жолмен оқыту, көптеген ғалымдардың көзқарасы бойынша, алдағы ХХІ ғасырда іске асуға тиісті негізгі - өзекті проблема.
Оқыту процесінде мектеп оқушыларын сыныптан тыс өз бетіндік жұмыстар арқылы ойлануға үйрететін шығармашылық жұмыстар дидакт ғалымдардың (Б.М.Есипов, М.И.Скаткин, И.Т.Огородников, Р.Г.Лемберг, М.Жұмабаев, М.Дулатов, В.П.Добрица, А.Е.Әбілқасымова, А.К.Көбесов, И.Б.Бекбоев, М.И.Махмутов, М.А.Данилов, Т.И.Шамова), сондай-ақ психологтар Л.С.Выготский, С.Л.Рубинштейн, В.В.Давыдов, М.Мұқанов, В.А.Крутецкий, В.А.Понамарев, Т.Тәжібаев және т.б. мазмұнды еңбектерінде кеңінен талданған. Оқушының даму деңгейіне сай білім беріп қана қоймай, сонымен бірге олардың белгілі ғылым саласына қатысты қабілетін дамытуға, өз ортасындағы өзгерістерге сай білімін өз бетінше толықтыруға және оны жаңа жағдайларға шығармашылықпен қолдана білуге дағдылануы қажет. Сондықтан оқушылардың оқу процесіндегі таным қызметінің белсенділігін арттыру математиканы оқытудың ең негізгі бірінші дәрежелі проблемасы ретінде біздің зерттеу жұмысымызда басшылыққа алынды.
Жоғарыда аталған педагог-
Шығармашылық қызмет математиканың сыныптан тыс жұмыстарындағы оқушылардың өз бетіндік жұмыстарымен тығыз байланысты болатыны осы зерттеудің өзекті мәселесі.
Біздіңше, математикадан оқу процесінде оқушылардың шығармашылық қызметін дамыту ғылыми педагогикалық әдебиеттерде жеткілікті қарастырылмаған және математикадан жаңа оқулықтар мен бағдарламалар оған бейімделмеген.
Осы дипломның өзекті мәселелерінің бірі – оқушылардың математикадан сыныптан тыс жұмысына сүйеніп, жеке басының ерекшеліктерін ескере отырып, олардың әртүрлі деңгейдегі шығармашылығын дамыту, сол арқылы ақыл-ойының кемелденуіне мүмкіндіктер тудыру. Осы жағдайда оқушының сыныптан тыс жұмыстарда шығармашылық қызметін дамытудың нақты мүмкіндігі мен оны мектеп практикасында іске асыру деңгейі арасында қарама-қайшылықтар бар екені байқалады. Орта мектеп оқушыларының шығармашылық қызметін сыныптан тыс жұмыстарда дамытудағы осы қайшылықты шешуде теориялық талдаулардың жеткіліксіздігі және жалпы білім беретін орта мектептегі сыныптан тыс жұмыстардың зерттеуге сай бағыты әдістемелік жағынан толықтырылмағандығы анықталды. Осы аталған проблемаларды математиканы оқыту процесінде шешудің теориялық мәні мен практикалық қажеттігі зерттеу тақырыбын "Математикадан сыныптан тыс жұмыстарда оқушылардың шығармашылық қызметін дамытудың әдістемелік жолдары" деп анықтауға мүмкіндік берді.
Зерттеу объектісі – орта мектепте математиканы оқыту процесі.
Зерттеу пәні – математикадан сыныптан тыс жұмыстар барысында оқушылардың шығармашылық қызметін қалыптастыру процесі.
Дипломдық жұмыстың мақсаты – математикадан оқушылардың шығармашылық қызметін қамтамасыз ететін сыныптан тыс жұмыстар өткізудің мазмұнын анықтап, оның әдістемелік жолдарын көрсету.
Әдебиеттерге талдау жасаудың негізінде алдынғы қатарлы озат мұғалімдердің тәжірибесіне және практикадағы іс - тәжірибемізге сүйеніп келесі зерттеу болжамын ұсынамыз.
Зерттеудің ғылыми болжамы. Егер шығармашылық қызмет түсінігі компоненттерін анықтай отыра, математикадан сыныптан тыс жұмыстардың әр кезеңінде оларды оқушылардың бойына оқу мүмкіндіктері мен талаптарына сай қалыптастырып отырса, онда оқушылардың шығармашылық қызметі артуымен қатар математикалық білім сапасы да артады.
Зерттеудің ғылыми - әдістемелік міндеттері.
Зерттеудің мақсаты мен болжамы келесі мәселелерді тұжырымдауға және оны шешуге мүмкіндік берді:
– оқушылардың шығармашылық қызметі түсінігі мен оның компоненттерін анықтап, жүйелеу;
– шығармашылықтың даму белгілері мен өзіндік ерекшеліктерін анықтау;
– қызығу, ынта, қабілеттілік, шығармашылық ұғымдарының математиканы оқытудағы сипаты мен байланысын, олардың математикадан сыныптан тыс жұмыстарындағы әсерін сипаттау;
– математиканың сыныптан тыс жұмыстарында шығармашылық қызметті тиімді ұйымдастыру мен оны іске асырудың әдістемесін ұсыну;
– ұсынылған әдістеменің тиімділігін педагогикалық эксперимент жүргізу арқылы сәйкес ғылыми-әдістемелік ұсыныстар беру.
Зерттеудің жетекші идеясы оқыту процесінде сыныптан тыс жұмыстардың оқу материалдары оқушылардың ойлау әрекетіне үйлесімді күш түсіру арқылы олардың шығармашылық қызметін дамытады.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негізіне – таным теориясы, жеке тұлға туралы теория мен оқушы қызметін тәрбиелеудің психологиялық- педагогикалық концепциясы қызмет етеді.
Зерттеудің әдістері:
- зерттеу тақырыбына байланысты әдебиеттермен танысып, оларға ғылыми әдістемелік тұрғыдан талдау жасалды;
- Қазақстан Республикасы көлеміндегі мұғалімдердің сыныптан тыс жұмысына байланысты педагогикалық іс-тәжірибесін әңгімелесу,
- мектептерде ұйымдастырылған әр алуан шараларға қатысу арқылы үйреніп, оны талдау және жалпылау;
- мектеп оқушылары және мектепті бітірушілермен жеке және ұжымдық формада әңгімелесу,анкета жүргізу, тест жүргізу, т.б;
- педагог математиктермен, оқу-ағарту жұмысын ұйымдастырушылармен, педагогикалық баспа қызметкерлерімен, мұғалімдер, ғалымдармен әңгімелесіп кеңінен пікір алысу;
- сонымен бірге мектепте бақылап, ойға түйгендеріміз практикалық жағынан іске асырылды. Дипломның тақырыбына байланысты педагогикалық эксперимент жүргізілді.
Зерттеудің кезеңдері.
Бірінші кезеңде (1984-1990 жылдар) зерттеудің тақырыбы анықталып, ұсынылған проблемаға сәйкес психологиялық, педагогикалық еңбектерге талдау жасалды, зерттеудің ғылыми аппараты, орта мектеп оқушыларының шығармашылық қызметінің даму деңгейі анықталды, шығармашылық қызметтің табиғаты зерттеліп, оның құрылымдық моделі жасалды.
Екінші кезеңде (1990-1996 жылдар) орта және жоғары сынып оқушыларының шығармашылық қызметтерінің даму деңгейін анықтайтын арнайы жасалған жұмыс негізінде олардың шығармашылық қызметтерінің бастапқы деңгейі анықталды, шығармашылықты дамытуға арналған әдістемелер бойынша тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар жүргізілді.
Үшінші кезеңде (1996-1999 жылдар) ұсынылған эксперименттік жұмыстың оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға қаншалықты ықпалы бар екені анықталды, орта мектептің математика пәні мұғалімдерімен, әсіресе сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырушыларға арналған әдістемелік ұсыныстар, шығармашылық қызметтің дамуын зор қарқынмен тездететін тапсырмалар, логикалық жаттығулар жүйесі, оқу-әдістемелік құралдар жасалды.
Зерттеу жүргізілген тірек оқу орындары:
Алматы қаласындағы №13,
141 мектептер мен Абай атындағы Алматы
мемлекеттік университетінің
Зерттеу мазмұнына енгізілген ғылыми - әдістемелік жаңалықтар:
-оқушылардың шығармашылық қызметінің мөлшері, даму белгілері анықталып, математикадан сыныптан тыс жұмыстарды жүйелі және мақсатты түрде барлық оқушыларға жүргізу қажеттігі негізделді;
-оқушылардың шығармашылық қызметін дамытуға бағытталған математикадан сыныптан тыс жұмыстар әдістемелік жағынан жетілдірілді, шығармашылық қызметтің табиғатын анықтайтын дидактикалық шарттар ұсынылды.
-математиканың сыныптан
тыс жұмыстарының тиімді
Зерттеу жұмысының теориялық
мәні математикадан жүргізіліетін
сыныптан тыс жұмыстардың жәрдемімен
оқушының өз бетіндік шығармашылық қызметін
дамытудың қажеттігі
Ғылыми зерттеу жұмысының практикалық мәні
Ұсынып отырған әдістемеміз
мектептерде оқытылып жатқан математика
пәнінің бағдарламасына сәйкес сыныптан
тыс жұмыстарды өткізу барысында
оқушылардың шығармашылық қызметін
дамытуға тікелей әсерін тигізеді және
жалпы математикадан білімді
дұрыс меңгеруіне көмектеседі. Зерттеу
нәтижесінде алынған нәтижелер
мен әдістемелік ұсыныстар
Қорғауға ұсынылатын қағидалар:
- оқушылардың шығармашылық
қызметін дамыта оқытудың
- математикадан сыныптан
тыс өткізілетін жұмыстардың
мазмұнын мектеп
- оқушының пәнге ынтасына,
математикаға қызығушылығын тудыратын
қабілетіне сай сыныптан тыс
жұмыстарда олардың
- ұсынылып отырған әдістемені эксперименттік жұмыс жүргізу арқылы дәлелдеп көрсету.
Зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі және негізділігі.
Зерттеу нәтижелерінің педагогикалық,
психологиялық, әдіснамалық негізде
мазмұндалуымен, зерттеудің ғылыми аппаратына
оның мазмұнының сәйкес болуымен, проблеманы
талдауға қолайлы келетін әдіс-
Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу мен тәжірибеге ендіру.
Зерттеудің ұсынылған қағидалары, нәтижелері орта мектепте оқытудың әр алуан проблеммаларына арналған конференциялар мен мұғалімдер тәжірибесінде баяндалды.
Оқушылардың шығармашылық ойлау
қабілетін сыныптан тыс жұмыстар
арқылы тәрбиелеуді іске асыру мақсатында
иегердің Алматы қаласы мен Алматы
облысындағы мұғалімдер білімін
жетілдіру институттарында және
Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінде
оқылған лекцияларындағы
Диплом кіріспеден, дербес екі тараудан, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
Кіріспеде зерттеу жұмысының көкейкестілігі, мақсаты, міндеті, зерттеу объектісі тағы басқа зерттеу аппараты кеңінен сипатталады
"Оқытудың теориясы
мен практикасындағы
"Математикадан сыныптан тыс жұмыстарда оқушылардың шығармашылық қызметін дамытудың әдістемелері" деген екінші тарауда сыныптан тыс жұмыстар ұйымдастыру негізінде оқушылардың шығармашылық қызметін дамыту жолдары зерттелді және біз талдаған сыныптан тыс жұмыстардың мазмұны мен формасы және оларды өткізуге қойылатын негізгі талаптар келтірілді. Дәстүрлі және қазіргі қоғамның дамуына сай деңгейдегі сыныптан тыс жұмыстардың ерекшеліктеріне жан-жақты талдау жасалды. Оқушылардың шығармашылық қызметін дамытудағы Жас математиктер қоғамының жұмыс істеу әдістерінің мазмұны сипатталды, нәтижелері келтірілді.
Қорытындыда педагогикалық
эксперимент пен тәжірибелік
жұмыстардан алынған нәтижелер,
сыныптан тыс жұмыстар арқылы оқушылардың
шығармашылық қызметін дамыту туралы
ғылми-педагогикалық ұсыныстар
І. ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН
ПРАКТИКАСЫНДАҒЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ
Республика мектептерінің алдына оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға барлық мүмкіндіктер жасау мақсаты алға қойылып отыр. Мектеп – қоғамның талаптарына байланысты өзгеретін және қоғамның барлық мүшелеріне қызмет жасайтын ерекше әлеуметтік құрылым. Мектептің айналысатын мәселесі жөнінде әр дәуірдің адамдарының көзқарасы мен түсінігі түрліше сипатта болды. Әлеуметтік прогресс неғұрлым жоғарылаған сайын осы прогресті қамтамасыз етудегі мектептің орны мен міндеті солғұрлым күштірек болмақ.
Қазір Республикамыздың мектептері өтпелі кезеңде тұр, ол дүние жүзінің алдыңғы қатарлы мектептерінің озық тәжірибесінен үйреніп оқытуды ұйымдастыру түрі жөнінен де, білім беру сапасы жөнінен де жаңа жоғары кезеңге көтеріліп келеді, ол ескі әдіс-тәсілдермен бұдан былай оқыта алмайды.
Оқушылардың оқу саласындағы шығармашылық қызметі жөнінде (ТМД көлемінде) А.Е.Әбілқасымованың (1), М.Ахметовтың (2), Г.Д.Балктың (3), И.И.Дырченконың (4), И.К.Қадыровтың (5), В.Н.Сергеевтың (6), Г.А.Тонянның (7), М.И.Махмутовтың (8) т.б. мазмұнды еңбектері бар. Сонымен бірге математиканы оқыту әдістемесінде және әсіресе сыныптан тыс жұмыстарға байланысты оқушылардың шығармашылық қызметі туралы түсініктің өзі осы күнге дейін әртүрлі сипатта түсіндіріліп келеді.
Сондықтан да зерттеуге алған тақырыптың І тарауын математикадан сыныптан тыс жұмыстарда оқушылардың шығармашылық қызметінің дамуының психологиялық-педагогикалық негіздеріне арнадық. Біз бұл тарауда Республикамыздың және ТМД көлеміндегі психология мен дидактика ғылымының жетістіктеріне сүйеніп және Республика мектептерінің іс-тәжірибесіне, сондай-ақ зерттеліп отырған мәселе жөніндегі әдебиеттерге талдау жасаудың (жалпы түрде болса да) негізінде алға қойылып отырған мәселенің мәнін ашуға ұмтылдық.
- Оқушылардың шығармашылық қызметінің дамуы бойынша психологиялық-педагогикалық және оқу-әдістемелік әдебиеттерге талдау жасау
Оқушылардың шығармашылық қызметі
туралы мәселе көне заманнан бастау алады.
Сократтың өзі-ақ оқыту барысында
оқушылардың танымдық белсенділігі
мен ізденімпаздық
Математикалық шығармашылық қызмет туралы белгілі француз математигі А.Пуанкаре өзінің терең ойларын қалдырды. “Ғылым және Әдіс” деген кітабында шығармашылық кезіндегі «математиктің ойында” болып жататын күрделі процестер мен құбылыстарды психологиялық тұрғыдан түсіндіруге әрекеттенеді.
Математиканы оқытудың психологиясы мен педагогикасы жайында көптеген шетел авторларының еңбектері бар, олардың ішінде Д.Пойа (10), Дж.Брунер, А.Фуше, Ж.Адамар, Г.Биргкоф еңбектерінің мәні зор (11). Математикалық шығармашылықтың заңдарын ашу туралы мәселені алға қойған американың математигі Д.Пойа математикалық ашылыстарда бақылау, жалпылау, болжам, эксперимент, дәлелдеу сияқты кезеңдердің болатынын атап көрсетті. Математикалық шығармашылықта қолданылатын зерттеу әдістері басқа жаратылыстану ғылымындағы эксперименттік әдістермен бірдей екенін Д.Пойа дәлелдеді.
К.Д.Ушинский еңбектерінде оқушылардың шығармашылық ойлау қабілетін дамытатын оқыту әдістері айтарлықтай жетілдірілген. Алайда, С.Т.Шацкий мен М.Н.Скаткиннің (13) зерттеулері көрсеткеніндей, бұқаралық мектеп 50-жылдарға дейін догматизмнің үлесі басым болған көрнекі құралдармен түсіндіріп, оқытылған. Елуінші жылдардан бастап, ғылыми-техникалық революция табыстары мен мектептің өмірімен байланысының нығаюы сияқты факторлардың т.б. ықпалымен дидакттар мен әдіскерлердің шығармашылық ізденімпаздықты дамыту теориясына деген ықыласы қайтадан күшейе түседі. Болашақ маманның шығармашылық тұлғасының негіздері ретінде оқушылардың танымдық ізденімпаздығын қалыптастыру міндеттерін шешуді авторлар олардың танымдық іс-әрекетін нысаналы түрде ұйымдастыруда деп біледі. Оның үстіне шығармашылық ізденімпаздық ұғымының мазмұнына авторлар түрлі мағына береді. Біреулері шығармашылық ізденімпаздықты “оқушының ақыл-парасат қабілеті және оның өз бетінше ізденіп оқуына мүмкіндік беретін бейімділігі” ретінде қарастырады (8), екінші біреулері шығармашылық ізденімпаздықтың мәні мектеп оқушысының білімді игеруде өз күшімен талпынуына дайын екендігінде, яғни қабілеті мен ұмтылысында деп біледі, үшінші біреулері шығармашылық ізденімпаздық ұғымын білім мен іс-әрекет тәсілдерін өз күшімен игеруге ұмтылысынан көрініс табатын жеке тұлғаның қасиеті ретінде айқындайды (13). Шығармашылық ізденімпаздықты дара тұлға өзінің танымдық іс-әрекетін өз күшімен ұйымдастыруы және оны жаңа танымдық проблеманы шешу үшін қолдана білуі сияқты жеке адамның сапасы ретінде оқушылардың білім мен іс-әрекет тәсілдерін игеруді қажетсінуі және бейімделуі, танымдық міндеттерді бөгде біреулердің тікелей көмегінсіз шешу қабілеті іс-әрекет мақсатын айқындауға және оған түзету жасауға бейімділігі ретінде қарастыруды көздейді (14).
Зерттеулердің түрлі авторлары
оқушылардың оқудағы
Шығармашылық іс- әрекеттің табиғаты жөнінен дербес екенін білдіретін өз бетіндік жұмысты ұйымдастыру мен оқу міндеттерін іріктеп шешу арқылы (15,16,13);
Шығармашылық іс-әрекеттің тәсілдерін қалыптастыру арқылы;
Іс-әрекеттің бағдарланушылық негізін құрайтын жалпылама білімдерді енгізу арқылы (17);
Оқытуға әдістемелік білімдер элементтерін енгізу арқылы; Оқу іс- әрекетін өздігінше бақылауды дамыту арқылы;
Бір авторлар шығармашылық ізденімпаздықты оқып-үйренуші бөгде адамның көмегінсіз жүзеге асыратын кез-келген әрекетпен салыстыратынын (18,19 т.б.), екінші біреулері тек шығармашылық әрекетпен ғана салыстыратынын да (20, 21, 22) айта кетеміз.
Жоғарыдағы шолудан айқын көрініп отырғанындай, шығармашылықтың мазмұнын бір аяда (әрекет, дайындық, бейімділік т.б.) ғана ашуға болмайтын күрделі ұғым болып табылады. Тегінде, жеке тұлғаның бұл біріккен қасиеті талдау жасау негізінде жүйелі түсіндіруді талап ететін көп қырлы қасиет болса керек.
60-шы жылдарға дейінгі
кезеңде шығармашылық
Т.И.Шамова шығармашылық ізденімпаздықты жеке адамның білім мен іс-әрекет тәсілдерін бөгде біреудің көмегінсіз игеруге, қоршаған өмір шындығын одан әрі өзгерту және жетілдіру мақсатымен танымдық міндеттерді шешуге ұмтылысымен және бейімділігімен сипатталатын қызметі ретінде қарастырады. Белсенділікті әрекет сапасына жатқызу, яғни, белсенділікті әрекеттің кейбір деңгейі ретінде қарау Т.И.Шамованың (12) еңбектерінде кездеседі, оның еңбегінде белсенділік, ізденімпаздық, шығармашылық ұғымдары бірге қарастырылады. Шынында да, егер танымдық ізденімпаздық білім мен әрекет тәсілдерін игеруге ұмтылушылықпен және бейімділікпен сипатталып жеке адамның қасиеті болса, онда осыдан келіп белсенділікті,-деп көрсетеді Т.И.Шамова (12) біз оқушының әрекетшілдігі деп қарамаймыз, қайта осы әрекеттің сапасы деп қараймыз, бұл сапада оқушының дара тұлғасы, оның әрекет мазмұнына, сипатына көзқарасы және өзінің ерік-жігерін оқу-танымдық мақсаттарға қол жеткізуге жұмылдыруға ұмтылуы көрініс табады. Белсенділікті танымдық ізденімпаздық ретінде қарастырып отырғанын, яғни ізденімпаздық дегеніміз белсенділіктің сипаттамасы екенін аңғару қиын емес. Қаралып отырған қағидадан танымдық белсенділік пен танымдық ізденімпаздық диалектикалық тұрғыда өзара байланысты және оқу танымдық процесте ажырағысыз деген қорытынды шығаруға болады.
Психология ғылымында
математикалық қабілеттілік проблемалардың
комплексі ретінде
Логикалық ойлау математиалық
ой қорытудың негізін құрайды, осы
тұрғыдан алғанда есептер шешу процесі
бұрыннан белгілі проблемаларға
жаңа салдарлар жасау болып
Осы сияқты қорытындыларға
оқушыларда логикалық амалдарды
қалыптастыру мәселесімен айналысқан
орыс психологтары да келді. Олардың
зерттеген жұмысының
Профессор Н.А.Менчинская (25) есептерді өз бетінше шешу кезіндегі оқушыларды ойлау техникасына үйрету негізіне арифметикалық есептерді шешетін білім берудің әр түрлі байланыстарын сапалы түрде орнату екенін атап көрсетеді.
Н.А.Менчинская есеп шешудің
жолын іздеуге оқушыларды белсенділікпен
қатыстыру мәселесін көтереді. Оның
басшылығымен оқушылардың математикалық-
З.И.Калмыкова есеп-проблемада шешуші белгілі мен ізделіндінің арасында “ойлаудың барынша жіктелген аналитикалық-синтетикалық жұмысының нәтижесінде” қажетті байланысты орнатуы мүмкін. Ол талдаудың жалпы бағдарлы талдау, берілгенді талдау, функционалдық байланыстарды талдау, ой қорытуды талдау, бұл өз кезегінде көптеген ақыл-ой әрекетін арнайы талдайтын, есептің берілгендері мен ізделінділері арасындағы арнайы байланыстар мен қатынастарды ашуға бағытталған талдауларды бір-бірінен ажыратып көрсетеді.
Е.Н.Кабанова-Меллер, И.С.Якиманская зерттеулерінде геометрия есептерін шешудегі арнайы ойлау тәсілдері көрсетеледі, олар:
геометриялық фигураларды мәнді және мәнді емес белгілерін ажырату;
геометрияның элементтерін әр түрлі көзқараста қарастыру.
кеңістіктегі геометриялық фигура элементтерінің арасындағы қатыстарды орнату.
А.П.Шеварев математикалық ой қорытудың логикалық құрылымын зерттей отырып, негізі басқа есептер болып табылатын қиын алгебралық есептерді шешкенде оқушылар оның ережелеріне түсінбейтіндігіне мұғалімдердің назарын аударды.
Білімді меңгерудегі оқушылардың
жеке ерекшеліктері оның ойлау тәсіліне
байланыстылығын психологтар
Ғалым-математиктер мен педагогтар,
әдіскерлердің оқушылардың

- Математикалық модельдеу
- Математика сабағында оқушылардың білімін бақылау және оны жетілдіру жолдары
- Математикфвыаа в дщревнем павпы
- Математические игры как средство развития познавательного интереса учащихся
- Математические методы исследования банковской системы
- Математические слова и предложения. Развитие логического мышления при изучение элементов алгебры и математической логики
- Математическое моделирование
- Маркетинг як засіб стимулювання продаж
- Марков тізбегі
- Масляная система дизеля
- Массовые беспорядки. Организация работы ОВД в условиях массовых беспорядков
- Массовые формы политического поведения российских граждан
- Масс-спектральное исследование термодинамических характеристик карбоксилатов металлов
- Мастерская по ремонту пылесосов