Мектеп жасына дейінгі балаларды ертегілер арқылы ұлттық отансүйгіштікке тәрбиелеу

МАЗМҰНЫ

 

Кіріспе..........................................................................................................................3

 

1 Мектеп жасына  дейінгі балаларды  ертегілер  арқылы ұлттық отансүйгіштікке тәрбиелеудің теориялық негіздері........................................9

    1. Мектеп жасына дейінгі балаларды  ертегілер арқылы шығармашылығын қалыптастырудың зерттелуі.................................................................................9

1.2. Қазақ халық ертегілері  арқылы балабақшада тіл мәдениетін  меңгерту.......30

 

2  Мектеп жасына дейінгі балалардың оқу-тәрбие үрдісінде ертегілер арқылы ақыл--ойын  қалыптастыру әдістемесі...............................................36

2.1 Мектепалды даярлық  топта ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде  ертегілерді қолдану.......................................................................................................................36

2.2 Мектепалды даярлық  тобы балаларының ертегілерге  танымдық қызығушылығын қалыптастыру  жолдары..............................................................55

2.3 Тәжірібиелік-эксперименттік  жұмыс................................................................67

 

Қорытынды..............................................................................................................79

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................82

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

   «Білім туралы» Заңның 10-бабында көрсетілгендей жалпы білім беру жүйесі үздіксіздігі қамтамасыз етіліп, білім беру деңгейлері өзара байланыста, сабақтастырыла жүргізілуі тиіс.

Баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуы сәби кезінен басталады.  Ол үшін балаға барлық жағдай жасалуы керек. Өмірге келген  әрбір бала бақытты болуы тиіс[1].

      Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Қазақстан халқына жолдауында: Заманауи білім беру жүйесінің және кадрларды қайта даярлаудың негізгі бағдарында «Балапан» бағдарламасы 2020 жылға дейін ұзартуға шешім қабылданғанын көрсеткен [1].

    Қоғамның алдына  қойған мақсаттарына сәйкес білім  беру жүйесінің алғашқы сатысы  мектепке дейінгі оқыту мен  тәрбиелеуде балаларды мектепке  дайындау мәселесіне ерекше мән  беріледі. Бұл шақта балалар мектепке  дейінгі балалықты аяқтап мектепте  жүйелі оқуға, білім алудың баспалдағында  тұрады.

      Қазақстан  Республикасының «Білім беру  туралы» заңында «Балаларды міндетті  мектепалды даярлау мәселелері»  туралы қаулысына сәйкес тәуелсіз  қоғам азаматын тәрбиелеп өсіру  міндеттері, білім беру саласындағы  мемлекеттік саясат принциптері, білім беру жүйелерінің құрылымы  нақты айқындалып көрсетілген [2].

     Аталған міндетті жүзеге асыру мақсатында  «Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті мектепке дейінгі  оқыту мен тәрбиелеудің стандарты»,«Мектепалды даярлау тұжырымдамасы», «Қазақ балабақшаларындағы үзіліссіз тәрбие тұжырымдамасының», «Біз мектепке барамыз» бағдарламасы жасалды [3,4,5].

     Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Білім және ғылым министрлігінің балалар білімі мен тәрбиесі сапасын көтеруге, олардың еліміздің өткендегі тарихына, мәдени мұрасына шығармашылығын қалыптастыруға байланысты  қойып отырған міндеттерін жүзеге асыруды көздейді. Балабақшада халықтың мәдени мұрасынан, соның ішінде ауызекі шығармашылығынан білімді балалар «Тіл дамыту», «Көркем әдебиет», «Сауат ашу және жазу» ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде меңгереді. Алайда шектеулі жоспармен өтілетін бұл ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде халықтың ауызекі шығармашылығы түгіл, оның бір ғана бағыты – ертеңгіні толығымен меңгертіп шығу мүмкін емес. Бұл мәселені шешуде балалардың шығармашылығына, таңдауына қарай ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті мен ертеңгіліктердің ролі ерекше. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті мен ертеңгіліктерде ертегілерден меңгерген білімін тереңдете түседі: халықтың тұрмыс-қарекеті, өмірге көзқарасы мен дүниетанымы, талап-тілектері, наным-сенімі, салт-дәстүрлері, мінез-құлқы, үлгілі өнегесі сияқты білім негіздерін меңгереді.

    Мұнда көзделген басты мәселелердің бірі – баланың жас және жеке дара,  даму ерекшеліктеріне сай, айрықша қабілетін ескере отырып, мектепке даярлау міндетін жүзеге асыру болып табылады.

    Бұл проблеманың тағылымдық идеясы, тәрбиедегі әлеуеті қазақстандық ғалымдардың іргелі (Қ.Жарықбаев, С.Қалиев, С.Ұзақбаева, М.Балтабаев, К.Қожахметова, Ж.Наурызбай, Р.Төлеубеков, Қ.Бөлеев, т.б.), және қолданбалы (А.Мұхамбаева, Е.Сағындықов, А.Мағауова, Г.Бахтиярова, Б.Мұқанова, т.б.) зерттеулерінде жан-жақты қарастырылады [9, 10]

     Халықтың ауызекі  шығармашылығының мүмкіндіктерін  бала тәрбиесінде пайдалануды  тек бүгінгі күннің проблемасы  деп қарауға болмайды. Ол қайсыбір  кезеңдерде болмасын педагогика  ғылымының зерттеу объектісінен  түскен емес. Оның өнегелі үлгілерін  өскелең ұрпақ тәрбиесінде пайдалану  қажеттігін кезінде көптеген  алыс және жақын шетел педагогтары  балалардың ертегіге деген қызығушылығын  қалыптастыру мәселелері (Я.А.Коменский, Ж.Ж.Руссо, К.Д,Ушинский, Н.А.Добролюбов, В.Г.Белинский, В.А.Сухомлин-ский, А.С.Макаренко), қазақ даласының ойшылдары, (Қорқыт, Әл-Фараби, Баласағұн, Қашқари, Ахмет  Яссауи), ғұлама ағартушылары (Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, М.Жұмабаев, т.б.) өз еңбектерінде айтып, іс-тәжірибелерінде дәлелдеп берген [6, 7, 8]  .

     Халықтың ауызекі шығармашылығы тарихшылар, этнографтар, философтар, өнертанушылардың еңбектерінде (М.О.Әуезов, Ә.Марғұлан, С.Қасқабасов, А.Жұбанов, Б.Қазыханова, т.б.) көрініс тауып отыр [11].

      Сонымен  бірге мектепке дейiнгi тәрбиенің  ғылыми-теориялық және әдiстемелiк  мәселелерiн зерттеген: Р.Аралбаева, Р.М.Жұмағожина, Ф.Жұмабекова, Г.Меңлiбекова, Н.Храпченкова, Т.Иманбеков, А.Е.Манкеш, С.Жиенбаева, Р.Керімбаева, А.Салиева, А.Исқақова, К.Метербаевалар т.б. педагог-ғалымдардың  еңбектерiн атауға болады [12].

     Алайда, жоғарыда  аталған зерттеушілер мектеп  жасына дейінгі балаларды ертегілер  арқылы шығармашылығын  қалыптастырудың  жаңа жүйесін құрудың мәселесін  қарастырмаған. Сондықтан да, нарық  экономикасы жағдайында мектеп  жасына дейінгі балаларға «Қатынас»  білім беру саласында ертегілерді  пайдалану ерекшеліктерін қамтамасыз  ету, балалардың ой-өрісін, дүниетанымын, сауаттылығын, тілін, ойын дамытудың  теориялық, ғылыми-әдістемелік жағынан  шешу қажеттілігі өз дәрежесінде  қолданбау аралығында қарама-қайшылықтың  бар екендігі баршамызға аян.

      Олай болса, айқындалған қарама-қайшылықты ғылыми-педагогикалық  тұрғыдан шешу, мектеп жасына  дейінгі балаларға ертегілерді  оқытып, талдау үстінде оның тәрбиелік  мәніне, халықтық идеясына ерекше  көңіл бөлу мүмкіндіктерін, мазмұндарын, әдіс-тәсілдерін қарастыру, біздің  зерттеу жұмыстарымыздың көкейкестілігін  анықтайды.

Ертегіні оқып-білу балалардың эстетикалық талғамын, құндылық көзқарасын қалыптастырумен бірге, эмоциялық сезімін және адами асыл қасиеттерін жетілдіреді.

      Халықтың  ауызекі шығармашылығының мүмкіндіктерін  бала тәрбиесінде пайдалануды  тек бүгінгі күннің мәселесі  деп қарауға болмайды. Ол қайсібір  кезеңдерде болмасын педагогика  ғылымының зерттеу объектісінен  түскен емес.

        Бұл  қайшылықтардың шешімін табу  мақсатында мектеп жасына дейінгі  балаларға ертегілер арқылы ақыл-ойының  даму жолдарын анықтау біздің  зерттеу проблемамызды айқындауға  және тақырыпты «Мектеп жасына дейінгі балаларды  ертегілер арқылы ұлттық  отансүйгіштікке тәрбиелеу» деп алуымызға негіз болды.

Зерттеу мақсаты. Мектеп жасына дейінгі балаларды ертегілер арқылы отансүйгіштікке  тәрбиелеуді теориялық-әдістемелік тұрғыда негіздеу және әдістемесін жасау.

Зерттеу  нысаны. Мектепке дейінгі ұйымдардың оқу-тәрбие  үрдісі.

Зерттеу пәні. Мектеп жасына дейінгі балаларды ертегілер арқылы отансүйгіштігін қалыптастыру.

Зерттеудің міндеттері:

        - Мектеп  жасына дейінгі балаларды ертегілер  арқылы шығармашылығын  қалыптастырудың  теориялық негізі тұрғысында  қарастыру.

        - Мектепалды  даярлық тобы балаларының ертегілерге  деген шығармашылығын қалыптастырудың  мазмұны мен өзіндік ерекшелігін  анықтау;

        - Қазақ  халық ертегілерінің мектеп жасына дейінгі балаларының шығармашылығын қалыптастырудағы  мүмкіндіктерін негіздеу;

Зерттеудің ғылыми болжамы. Егер, қазақ ертегілер арқылы мектеп жасына дейінгі топ балаларының шығармашылық қабілетін, ой-өрісін, адами қасиеттері мен эстетикалық талғамын дамытуды, оны меңгеруге тұрақты шығармашылығын қалыптастыруды талап етеді. Ал бұл болса, жеке тұлғаның ішкі көзқарасына сыртқы жағдайдың әсері барысында психологиялық заңдылықтарды пайдаланғанда, балаларды тұрақты шығармашылықты туындататын оқу мен тәрбиенің тиімді жолдары, табылғанда ғана жүзеге асады.

Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негіздері. Философтардың, психологтар мен педагогтардың жеке тұлға мен оның дамуындағы іс-әрекеттің ролі туралы білімінің мәнін, мектеп жасына дейінгі балалардың қазақ халық ертегілеріне шығармашылығын қалыптастыру проблемасын зерттеудегі тұлғалық-әрекеттік көзқарасын ашып көрсететін тұжырымдамалар құрайды.

Зерттеу базасы. Тәжірибелік-эксперименттік жұмыс Тараз қаласының №14 балабақшасының мектепалды даярлық топ балаларымен жүргізілді.

Зерттеу көздері. Қазақстан Республикасы Үкіметінің ресми құжаттары, Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы, ҚР Президентінің Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» Қазақстан халқына Жолдауы, Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеудің» стандарты, «Біз мектепке барамыз» бағдарламасы, Білім және ғылым министрлігінің халық педагогикасын, ұлттық мұраны дәріптеуге байланысты тұжырымдамалары, кешенді бағдарламалар, оқу-әдістемелік құралдар, ғалымдардың еңбектері.

Зерттеу әдістері. Зерттеу проблемасы бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық, фольклорлық әдебиеттерге  тақырып бойынша теориялық талдау жасау, мектепалды даярлық тобында жүргізілетін жұмыстарды талдап, қорытындылау, тәрбиешілердің озық тәжірибесін оқып-үйрену, жинақтап қорытындылау, мектеп жасына дейінгіоқу процесін бақылау, сауалнама жүргізу, әңгімелесу, эксперимент нәтижелеріне баға беру, материалдарды математикалық-статистикалық тұрғыда өңдеу.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы:

        - Мектеп  жасына дейінгі балаларды ертегілер  арқылы шығармашылығын  қалыптастырудың  теориялық негізі тұрғысында  айқындалды;

       - Мектепалды  даярлық тобы балаларының ертегілерге  деген шығармашылығын қалыптастырудың  мазмұны мен өзіндік ерекшелігі  анықталды;

- Қазақ халық ертегілерінің  мектепалды даярлық топ балаларының  шығармашылығын қалыптастырудағы  мүмкіндіктері негізделді;

Зерттеудің практикалық мәнділігі. Мектеп жасына дейінгі балаларды ертегілер арқылы шығармашылығын қалыптастырудың педагогикалық негіздері тақырыбындағы жұмысты балабақшада оқу іс–әрекет барысында, болашақ тәрбиешілерді даярлауда жүйелі қолдануға болады.         

Зерттеудің құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 Мектеп жасына  дейінгі балаларды  ертегілер  арқылы ұлттық отансүйгіштікке  тәрбиелеудің теориялық негіздері

1.1 Мектеп жасына дейінгі балаларды  ертегілер арқылы шығармашылығын қалыптастырудың зерттелуі 

 

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңының негізгі міндеттерінің бірі баланың интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін дамытуды міндеттесе, Қазақстан Республикасының дарынды балаларды анықтап, оларды қолдау көрсетіп дамыту концепциясы шығармашылық қабілетті дамытуға бағытталған білім саласындағы нормативті-құқықтық құжаттары адамның шығармашылығын дамытуды басым бағыттардың бірі ретінде қарастырады. Сондықтан жеке тұлғаның шығармашылық мүмкіндігін, шығармашылық қабілетін, шығармашылық ойлауын әрбір адамның жаңа білімді игеруіне, интеллектісі мен ойлау қызметінің артуына қажетті ықпал ретінде дамыту өзекті мәселелердің біріне айналып отыр [2].

   Өйткені қоғамның  алға қарыштап дамуы шығармашыл  адамдарға қабілеттерін дамыту  негізінде білім беруді көздейді. Бұл мектепке дейінгі кезеңнен  бастап баланың шығармашылық  ойлауын, шығармашылық қиялын дамытуға  көңіл бөлуді міндеттейді.

   В.В.Давыдов «жеке  тұлға негізінде шығармашылық  бастау жатыр: жеке тұлғаның маңызы  оның жасампаздыққа мұқтаждығына  және қабілеттілігіне байланысты»  деп есептеген. Б.Д.Эльконин шығармашылыққа  мынадай анықтама береді: «Шығармашылық  – бұл ерекше тұрғыдағы жасампаздық, жаңадан жасалған нәрсе, бұрынғы  нәрселердің механикалық қайталануы  емес, өзінің соңылығыменен, біртумалығымен  ерекшеленетін болса, өзін-өзі кәуландыратын, дәлелдейтін болса, онда бұл нәрсені  туғызған шығармашылық акт туралы  сөз қозғауға болады» [13].

   Мектепке дейінгі  білім – үздіксіз білім берудің  алғашқы басқышы. Осыған сәйкес  балаға белгілі бір көлемдегі  білім, білік, дағдыларды меңгертумен  бірге табиғат, қоршаған дүние  туралы түсініктерін кеңейте  отырып, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту – бүгінгі күннің басты талабы. Осы талап тұрғысынан алғанда, оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың сан алуан түрлі әдіс-тәсілдерін іздестіру, жаңа технологияларды тиімді пайдаланудың маңызы ерекше.

   Бұл мәселені алудағы  мақсатымыз - мектеп жасына дейінгі  балаларды  ертегілер арқылы тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы баланың кішкентай кезінен дүниеге өзіндік көзқарасының қалыптасуына жол ашу.            Сонымен, балалардың дербес, шығармашылықпен жұмыс істей алу әрекеті мейлінше белсенділікті, ынталықты, ізденімпаздықты, өз еркімен жүйелі жұмыс істеуді талап етеді, оны оңтайландыру, баланың күнделікті рухани қажеттілігіне айналдыру балабақшаның қазіргі кезеңдегі маңызды міндеті.

Әдебиеттің басқа түрлері секілді, ертегілер де адам баласының еңбек-кәсіп ету, тұрмыс-тіршілік құру тәжірибесіне байланысты туған. Барлық елдің ауыз әдебиетінен мол орын алған және халықтық жазу-сызу өнері болмаған кезінде ауызша шығарған күрделі шығарманың бір түрі – ертегілер.

Ертегілер көбінесе, қара сөз ретінде айтылатындықтан, оны халықтың ерте заманда шығарған көркем әңгімесі деп қараймыз. Бертін келе, адам баласының дүниетанымының, ой-өрісінің, сана-сезімінің ұлғайып өсуі жалпы халық шығармаларына, соның ішінде ертегілерге көп әсер еткен. Осы негізде ертегілердің алғашқы үлгілері әр түрлі өзгерістерге ұшырап, жаңа ертегілер туа бастаған. Онда адам баласының арман-мүддесі, ой-санасы, болашақтан күтетін үміт суреттелген. Сондықтан да ертегілерден адам баласының тұрмыс-тіршілігі, өмірі, ісі басты орын алады, қоғамдық мәні бар мәселелер көтеріледі.  Бұлардың бәрін ертегілер көркемдеп суреттеу, образдар арқылы бейнелеген.

Қазақ халқының жас  ұрпаққа  тәрбие берудегі тиімді құралдарының бірі - ертегі. Ертегілердің мазмұнында халықтың тыныс-тіршілігі, әдет-ғұрыптары мен дәстүрлері, бақыт жолындағы күресі, адамдардың өзара қарым-қатынастары мен мінез-құлықтары, адамдардың еңбексүйгіштігі, өз халқына, Отанға, туып-өскен табиғатқа деген сүйіспеншіліктері бейнеленген. Т.Барласұлы ертегінің адам баласына тәлім-тәрбиелік, рухани маңызы жөнінде айта келіп: «Ертегі - рухани тәрбиенің мәні аса зор, көзіміз көріп, құлағымыз ести алмайтын, тек ақылмен ажыратып, жүрекпен ғана түйсіне алатын материалдық әлеммен бірге шегі жоқ рухани әлем болмысының біртұтас түсінікті баян етілген көрінісі», - деп анықтама береді.

Егер халық ертегілеріне педагогикалық-психологиялық тұрғыдан қарайтын болсақ мұның жасөспірімдерге танымдық әсері жоғары. 
Халық ертегілерінің таңдаулы үлгілері ғасырлар бойы жасалған халық шығармашылығы болғандықтан оның ішінен көркем тіл де, терең ой да, тамаша үздік кейіпкерлер де табылады. Оның осы сияқты аса жоғары идеалық көркем қасиетін балалардың санасына жеткізу үшін бұлардың да өзіне лайық оқып үйрену жолдары әдіс амалдары бар, мысалы ертегілерді алатын болсақ, ол ел аузында ғасырлар бойы сақталып айтылып әңгімеленіп келеді. Ал осы ертегілер арқылы бала айналасындағы өмірді, адамдарды кеңірек танып ұстанымдылыққа еңбек сүйгіштікке ие болады. Ертегі бала ойында сақталу үшін түрлі жолдар арқылы жүргізуге болады:

1. Ертегі оқу. Мұнда сол  ертегі кейіпкерлерінің бейнесіне  еніп соның көңіл-күйін образ  арқылы бейнелеп беру.

2. Пантомима ойыны. Ешқандай  сөз айтпай сол кейіпкердің  қимылдарын көрсету.

З. Суретпен жұмыс. Әр түрлі жәндіктер бейнеленген суреттер немесе 
бір ертегідегі барлық қимылдарды суреттер арқылы көрсету. Баланың табиғат туралы білімдерін кеңейтіп табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімдерін оятып, қамқорлыққа алуға тәрбиелеу. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетте үнтаспа, бейнетаспа суреттер көрнекілікті пайдалану әңгімелесу, түсіндіру.

Табиғаттың әсемдігін көріп сезіне білу балалардың өмір тәжірибесін байытып, олардың эстетикалық талғамын дамытады. Туған жерге деген ыстық сүйіспеншілігін күшейтеді. Халық ұғымында табиғат деген сөз Жер – ана, туған жер, атамекен сөздері түрінде көп айтылады. Мектепке дейінгі жастағы балдырғандар шын мағынасындағы оқырмандар емес, олар тек тындаушылар, көрушілер ғана. Оларға арналған шығармалар қысқа да ықшам жазылған суретті кітапшалар түрінде беріледі. Бұл жастағы балаларға арналған әдебиет жанры жағынан көбіне жеңіл сюжетке құрылған шағын шығармалар, хайуанаттар жайында жазылған әңгімелер белгілі оқиға не ойын түрлеріне құрылған өлеңдер, ертегілер болып келеді. Бұл жастағы балдырғандарға арналған шығармалардың тақырыбы көбінесе табиғат әлемінен, өзін қоршаған күнде көріп жүрген оқиғалардан алу керек. Тілі жеңіл, сөзі ойнақы болып келеді.

1) Балалардың психологиясына  зерттеу жасағанда, олардың ойлау  түсіну қаблеттін суреттеліп, отырған  оқиғанның керкем образдың нақтылығын  дәлдігін өз өмірінің айналасынан  алуды қажет етеді.

2) Әңгімеленіп отырған  оқиғаның барысында мерзімі болуы  шарт. Баланың ішкі дүниесіне  ой-санасына бірден әсер ететін  күшті де мағыналы бейнелер  алу керек. Балаларды өмірдің  жақсы болашағына қанағатандырып, шарықтатып отыру қажет.

3) Балалар әдебетінде  оқиғаны және адам характерін  суреттеу, әдістерінің динамикасы  ерекше болады.

4) Балалар жаратылысының  көркем көріністерін, пейзажды шебер  суреттеуді ұнатады, оған сүйсіне  қарайды, соны айналасынан іздейді.

5) Балалар әдебеті шығармаларының  мазмұны идеясы оларды еңбекке, ғылымға әр қилы мамандықтарды  игеруіне үлес қосады.

Ертегілердің танымдық-тағлымдық рөлі К.Ушинский, Д.Макаренко, В.Сухомлинский еңбектерінде ерекше көрініс тапқан. Аса көрнекті педагог В.Сухомлинский өзінің педагогикалық қызметінің өн бойында мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу және дамыту мәселелерімен шұғылданды. Ол ертегілерсіз творчествасыз, қиялсыз толық мәнінде тәрбие жүзге аспайды деп саналады [14, 15,16].

А.Байтұрсынов «ертегінің  қадірі  қанша  деп  сұрағанда, керегіне  қарай  жауап  беріледі» деп  ой  қорытады. Ертегі  халықтың  қиялынан  пайда  болған. Сондықтан  оның  авторы  халық. Бертін  келе  ауыздан–ауызға  тарап, келешек  ұрпаққа  жетіп  отырған. Ертек  айтушыларды – ертекшілер  деп  атаған. Ертегі  туралы  анықтаманы  М.Әуезов былай  деген:  Ертегі деп баяғы  замандағы  елдің  дүниеге  көзқарасын  білдіретін, я сол  көзқарастың  белгілі  ізін  көрсететін, онан  соң елдің  белгілі  салтын  білдіретін, арнаулы  үлгі  айтатын, жамандықты  жерлеп, жақсылықты  көтеріп  айтқан, ойдан  шығарған  көтерме  әңгімені  айтады. Бұл  анықтамада  шыншыл  ертегі жайында  еш  сөз  айтылмаған. Ертедегі  көзқарас  деп  көрсеткен [17,18].

Ертегілердің негізгі тарихы адам баласының сөйлеу тілі, ойлау қабілеті пайда  болғаннан  басталады.  Алғашқы  уақытта  өте  ақылға  сыймайтын  ертегілер  пайда  болды.   Онда  көбінесе  жан–жануарлар   тіршіліктің  барлығында  сөйлейді, ұғады  деген  адамдарда  пікір  қалыптасқан. Бұл  ертегінің  қиял  ғажайып  түрі. Одан  кейін XV- ғасырларда  қазақ  хандығында  құрылуымен  тұспа–тұс  келеді. Ертегілер  батырлар  мен  небір  шешен, ел  билеген  көсемдер  жайлы  өрбейді.  Олардың  халыққа  еткен  еңбектері, қанаушы  топ  шонжарлар мен  байлардың  тепкісіне  шыдамай  қарсы  әрекеттері, айламен  түрлі  тәсілдермен  сабасына  келтіріп  отырған  көріністері  бейнеленеді .

Ертегілердің  ең  алғаш  зерттелуі  қазақ  ауыз  әдебиеті  үлгілерін  жинаушы, әрі  оны  өзге  халықтарға  танытушы  Ә.Диваевтың  есімімен  тікелей  байланысты. Ең  алғаш  Әулиеата  уезі  болды. Кейін  ол  қызметіне  байланысты  ел  аралап, Шымкент, Сыр бойында  болып,  көне құлақ  қарттардан  ертегілер  жинайды.

Ә.Диваев  әңгімелер мен  ертегілерді  жазып  алып, хат  арқылы  сұрап  отырған.  Ертекшілер  мен  орындаушылармен  кездесіп, фольклорлық  мұралар  жазып  алып  отырған. Ол  ерекше  әдіс  қолданған:  бір  ертегіні  бірнеше  елді  мекеннен, бірнеше  кісінің  аузынан  тыңдауды  әдетке  айландырып, сол  шығарманың  нағыз  халықтық  нұсқасын  айқындауды  мақсат  еткен. Ең соңында  нұсқаның  толығырақ  айтылған  түрін  баспа  бетіне  бірнеше  рет құрастырып  жазып  алады да,  соның  толымды  нұсқасын жасайды. Сөйтіп  барып ол  аңыз–ертегі  жайлы  ойын қорытындылайды.

Ә.Диваевтің  тағы  бір  ерекшелігі,  ол  ертегілерді  жинауда  сөзге  мұқият  қарап, баспа  сөз  бетінде  жариялауда  кейбір  түсініксіз  сөздерге  коминтарийлер  жазып,  әрі  сол  ертегі, дастанның  қанша  варианты  бар  екендігінен  мәлімет  те  беріп,  отырған  және  ол  материалдарды  екі  тілде  яғни  орыс,  қазақ  тілдерінде  жариялауды  принципке  алған [21].

Ертегілердің ел арасынан жиналып, хатқа түсуі, баспа жүзіне шығуы ХІХ ғасырдың екінші жартысынан басталады деуге болады. Бұл ретте Ш.Уәлиханов, Г.Н.Потанин, В.В.Радлов, Ә.Диваевтің басқа бірнеше адамдардың айрықша еңбек сіңіргені байқалады. Олар А.Е.Алекторов, А.Васильев, Н.Пантусов, Б.Дауылбаев және т.б. [13].

Сондай-ақ, ертегілерді ғылыми тұрғыдан зерттеу ісінде М.Әуезовтің еңбегін атауға болады. Ол ертегілердің идеялық-көркемдік ерекшеліктерін, тарихи даму жолдарын зерттеді, ертегілердің әдебиет тарихынан алатын орнын анықтайды. Кейіннен ол ертегілерді зерттеу ісіне қайта оралады да, «Ертегілер» атты ғылыми еңбегін жазады. Онда ертегілерді жан-жақты алып тексереді, мазмұнына қарай тақырыпқа бөледі, көркемдік ерекшеліктерін анықтайды [18-63б]. 

Сондықтан да, есте жоқ көне заманнан бастап халықтың ауыз әдебиетінде ең көп дамыған көркем шығарма түрі – ертегі. Ертегіні оқу – баланы ғажайып қиялға бөлеп, шым-шытырық оқиғаға араластырып жеті қат жер астына, ғарышқа самғатады. Ертегілердің түрлері мен тақырыбы өте көп. Балабақшадағы ертегілердің көбі бағдарлама ауқымына негізделген. Негізінен, жан-жануарлар, аң-құстар, табиғат туралы, адамгершілік туралы ертегілер берілген. Сондай-ақ, ертегілердің көбі аударма ертегілер.

Қандай ертегінің түрі болмасын, оның ең басты кейіпкерлері – жағымды. Олардың мақсаты адамға жақсылық істеу, қол ұшын беру, жақсыны үйретіп, жаманнан жирендіру. Ертегінің тілі шұрайлы, уақиғасы қызық. Сондықтан шағын ертегіні бала әлі оқу мен жазуға төселмей тұрған алғашқы аптадан бастап-ақ тәрбиешілер әсерлі оқып беріп, әңгімелеп беріп, ертегіні үйдегі ата-анасының, аға-әпкелерінің оқып беруіне сілтеме жасайды.

Сонымен қатар, баланың кез-келген көркем туындыны келістіре оқуы – үлкен өнер. Сол өнерге үйрететін үлгі көрсететін – тәрбиеші.

Сонымен ертегінің негізгі айтпағы, балаларға ой салар тұсы – оның мақсатшылдығы, алған бетінен қайтпауы, жасымай, азып – тозбай, бір сәт те туған жерін, ата-анасын есінен шығармай құтылудың жолын іздестіруі – ақылдылығы, тапқырлығы.

Адамзат өзінің сонау балаң кезінде, сол табиғаттың сиқырлы алуан жұмбақтарын шешсем, оны өз игілігіме жаратсам, бағындырсам деген арманын өзінің ауыз әдебиетінде бейнелеген.

Ертегілерді академик М.Әуезов үш жікке бөледі: қиял - ғажайып ертегілер, хайуанаттар жайлы ертегілер, шыншыл ертегілер. Солардың ішіндегі ең көнесі, әрі ертегілердің мол саласы – қиял - ғажайып ертегілері [14].

Қиял - ғажайып ертегілеріндегі мекен жайлар да сиқырлы, жұмбақ әлемі. Адам тек түсінде ғана көрерлік қиял сарайлары. Олар таңғажайып жихазға толы. Соларды мекендеген тіршіліктерде жер пендесі шошыр, жан түршігер үрейлі қорқынышты бейнелер.

Қиял – ғажайып ертегілерде адамға қаскөй сұм, аяр жауыздық иелері – мыстан кемпір, жезтырнақ, айдаһар, жалғыз көзді жалмауыз, дию сияқты талай басқа да сиқырлы күштер бар. Солармен қатар адамдарға дос, қиын қыстау кезде жол табар, ажал аузынан алып қалар, адамның қаскөй күштерді жеңуіне көмектесер жанды тіршіліктер. Мұнда жансыз заттар да мол кездеседі.

Қазақ фольклоры Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, А. Байтұрсынов сондай-ақ М.Әуезов, С.Сейфуллин еңбектерінен де мол орын алғаны бар. Кейінгі кезде қазақ ертегілерін зерттеуге М.Әуезов, Қ.Жұмашев, Е.Ысмайыловтар белсене араласты. Қазақ ертегілерін тақырыбына қарай бірнеше топқа бөлуге болады. Олар а) мифологиялық, (қиял-ғажайып) ертегілер; ә) хайуанаттар (жан-жануар) жайындағы ертегілер; б) тұрмыс – салт ертегілері [22].

Қиял-ғажайып ертегілер тым ерте замандарда адам табиғат сырын толық түсініп болмаған кезде туған. Мұнда өмір көрінісі аздау болады. Мифологиялық ойлау адамдардың топ-топ болып орман, тау-тас үңгірлерін мекендеп жүрген кезеңінен бастап туса да ғажап емес. Күн, ай, от судың жойқын күштерінің сырына түсінбеген алғашқы қауым адамдары табиғатқа сиынып, табынған: бірінен қорықса, бірін қастерлеген. Оларды адамша ойлап, әрекет жасайтын құбылыстар деп ұққан.  Кейбір елдерде киелі аңдарға сиыну дәстүрі де болған. Қиял–ғажайып ертегілердің сюжетінде адам иланбайтын, көңіл сенбейтін сан түрлі қызық-қызық оқиғалар болатыны рас, бірақ бұған қарап халықтың ертедегі творчествалық күштерінде бей-берекет жалған көріністер басым болды деп ойлауға болмайды. Мейлі, көз көріп, құлақ естімеген неше түрлі суреттер бола берсін, ол халықтың сергек санасын, этика, эстетикалық көзқарастырын бүркемелей алмайды. Бұл тектес ертегілер қазақ халқының өмір тарихымен бірте қос өрім қатар жасасып келеді, мұнда халықтың бесіктегі бала, бозбала, жігіт ағасы кездері айқын бейнеленген.

Фольклордың өзіне тән табиғаты бар. Соның ішінде қиял-ғажайып ертегілердің өз заңы, өз тәсілдері бар. Мәселен, әйелдердің көпшілігі «ай десе аузы, күн десе көзі» бар шетінен сұлу болып келеді. Олардың тұрған жері мұз тауының ар жағында, оң тауының бер жағында. Аспандағы жұлдыздай алыстағы аруды алып келуге кәдімгі қарапайым шаруаның өзі атанады. Сол жолаушы жалғыз өзі не көрмеді: жыландар елі, аждаһа, айдаһарлар ордасы. Ол неге осыншама қауіпті жолға шықты? Әлбетте, сұлуды сүймекке.  
Қиял-ғажайып ертегілердің басты бір ерекшеліктері - өмір үнемі қозғалыста көрінеді. Бір орында тұрған зат болмайды: от тауы, мұз тауы, ұшқан құс, жүгірген аң, сұлулар еліне жол тартқан жолаушы бәрі бір нүктеден шығып, екінші бағытқа бет алып бара жатады. Аң адамға, адам аңдарға кездеседі. Олардың арасында жамандық пен жақсылық үшін күрес бір сәтке тоқтамайды. Өте ерте дәуірде пайда болған ертегілерде адамның сұлуы, құстың әдемісі, сән-салтанаттың сарайы бұлар көбінесе перілер елінде деп бейнеленеді. Олардың мекені көбінесе жер асты, не су асты болып келеді. Соған орай тоғыз қабат жердің, тоғыз түрлі теңіздің астына перінің сұлу қызын іздеп, жер үстінен біреу аттанады. Оның да жолы тым ауыр. Сондай жұмбақ елді тауып, ақыры арманына жететін тағы да шаруаның бейнетшіл баласы болып көрсетіледі.

Мектеп жасына дейінгі балаларды ертегілер арқылы ұлттық отансүйгіштікке тәрбиелеу