Өнеркәсіптік өнім өндірісіне кеткен шығындардың есебі мен аудиті

Өнеркәсіптік өнім өндірісіне кеткен шығындардың есебі  мен аудиті

 

Мазмұны

Бет.

 

Кіріспе

   3

     

 1   

Өнеркәсіптік  өнім өндірісіне кеткен шығындардың  теориялық  негіздері 

 
 
    1. Шығындардың экономикалық мәні және олардың жіктелімі
    2. Негізгі  өндіріс   шығындарының   есебі
    3. Көмекші   өндірістің   шығындарының  есебі

       

        5

      15

      23

 

2

 

Ақтөбе облысы Алға ауданы Қарабұлақ аулы   Әкімшілігінің   шығындарын  талдау

 

 

 

2.1 «Қарабұлақ аулы Әкімшілігінің»  қаржылық жағдайын есептеу   және талдау

2.2     Қарабұлақ аулы  Әкімшілігінің   шығындары  мен баланысын талдау

 

         29

 

36

3

Өнеркәсіптік өнім өндірісіне  кеткен шығындардың  аудиті

 

 

 

3.1  Өндіріс  шығындарының  төмендеуінің  негізгі бағыттары

3.2 Аудиторлық тексеру және аудиттің мақсаттары, міндеттері және дерек көздері

3.3 Қазіргі ақпараттық  технологияларды қолдану арқылы  шығындардың аудитін жетілдіру жолдары

43

 

53

 

55

Қорытынды

Пайдаланылған  әдебиеттер  тізімі

Қосымшалар

68

70

72

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Қатаң бәсекелестік жағдайы  кәсіпорындардың шығындарды басқару  процесіне, оларды есептеу мен мониторинг жүргізудің жетілдіру жолдарын іздеуге  үлкен қызығушылық тудыруна әкеледі. Кәсіпорында шығындарды басқару  процесін ұйымдастыру шығындардың  жалпы деңгейін төмендетуге көмектеседі. Бұл кәсіпорынға қосымша бәсекелік  артықшылықтарды береді.

Мемлекет экономикасының нарықтық қатынастарға өтуімен бірге  кәсіпорындардың өздігінен жұмыс  істеуі, сонымен қатар олардың  экономикалық және заңгерлік жауапкершіліктері  артуда. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық тұрақтылығының мәні, сонымен  қатар олардың бәсекеге қабілеттілігі  жылдам артады. Шарушылықты тиімді жүргізе білу кәсіпорынның бәсекелестік жағдайында алға шығу шарты болып  табылады.

Шығындарды тиімді басқару  арқылы кәсіпорында үлкен нәтижеге қол жеткізу, пайданы максималдау және өндірістің тиімділігін арттыруға болады. Кәсіпорын қызметінің негізгі қаржылық нәтижесі пайда болып табылады, ол оның келешекте дамуының негізі және қаражат көзі қызметін атқарады. Өндіріс көлемін немесе шығарылатын өнімге бағаны өсіру арқылы пайданы арттыруға болады, бірақ бұл әрдайым мүмкін еме және мақсатқа сай келмейді. Сол себепті кәсіпорынның пайдасын арттырудың негізгі шарты өнім өткізілімі мен өндіріс шығындарын төмендету, сөның ішінде шығарылатын өнімнің өзіндік құнын төмендету болып табылады, осыған орай шығындарды басқару және ұйымдастыру кәсіпорын үшін маңызды мәселе болып табылады [1].

Соңғы жылдары шикізат  құнының, материалдардың, энергияның өсуіне, сонымен қатар, несиені тұтыну үшін пайыздық ставкалардың, жарнамаға деген  шығындардың өсуіне байланысты өндіріс  шығындарының өсуі тенденциясы бақылануда. Нарықтық қатынастардың қалыптастыру халықаралық тәжірибе мен нарықтық экономика кезеңіне өту ерекшеліктерін ескере отырып, өндіріс шығындарын басқару тәжірибесін жетілдіруді  талап етеді. Бұл кәсіпорынға  бәсекелестік жағдайында өмір сүруіне, пайданы максималдау мен шығындарды минималдауға, кәсіпорын қызметінің рентабельділігін қамтамасыз етуге  көмектеседі.

Шығындарды дұрыс басқару  үшін, біріншіден, оның мәнін сипаттайтын  анықтама беру қажет, екіншіден, оларды нақты белгілері бойынша топтастыру қажет, ол олардың басқару объектісі  бойынша шығын деңгейін белгілеуге көмектеседі және де кәсіпорында  шығындарды басқарудың негізгі әдістерін  зерттеп, жоспарлау, есептеу, бақылау, талдау жүргізу қажет.

Мәселенің  өзектілігі, оның  ғылыми  өңделу  деңгейі, өнеркәсіптік өнім өндірісіне кеткен шығындарды басқару және оны төмендету мәселелері, өндіріс шығындарын басқару стратегиясын жетілдіру сұрақтарын  шешу  қажеттігі  және  мағыналығы  тақырыпты  таңдауға,  дипломдық  зерттеу  міндеті  мен  мақсатын  белгілеуге  жол  ашты.

Дипломдық жұмыстың мақсаты - өнеркәсіптік өнім өндірісіне кеткен шығындарды басқару жүйесінде тиімділікті арттыратын және өндіріс шығындарының оңтайлы деңгейін қамтамасыз етуге ықпалын тигізетін шараларды өңдеу, пайданы максималдау арқылы кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

 Осы мақсатқа сәйкес  келесідей міндеттер қойылды:

  • басқару мақсаты үшін шығындардың экономикалық мәнін ашу және олардың жіктелімін көрсету;
  • кәсіпорынның өнеркәсіптік өнім өндірісіне кеткен шығындарды талдау;
  • кәсіпорынның қаржылық шаруашылық қызметін талдау;
  • Ақтөбе облысы Алға ауданы Қарабұлақ аулы Әкімшілігінің   шығындарына талдау жүргізу;
  • шығындарды басқарудың қазіргі таңдағы әдістерін анықтау;
  • кәсіпорында шығындарды басқарудың тиімділігін арттыру жолдарын қарастыру.

Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы. Кәсіпорындағы өндіріс шығындарын  басқару стратегиясын жетілдіру жолдары бойынша ғылыми тұрғыда белгіленген ұсыныстар жұмыстың ғылыми жаңалығын құрайды.

Зерттеу барысында қол  жеткізген нәтижелер келесідей:

  • кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттыру;
  • басқарудың негізгі функциялары бойынша шығындарды анықтау;
  • Ақтөбе облысы Алға ауданы Қарабұлақ аулы Әкімшілігі   бойынша шығындарды есептеу;
  • өнім бірлігіне (жұмыс, қызмет) - өнімнің өзіндік құнын калькуляциялауға кеткен шығындарды есептеу.

Дипломдық жұмыстың зерттеу  объектісі - Ақтөбе облысы Алға ауданы Қарабұлақ аулы Әкімшілігінің қаржылық-шаруашылық қызметі болып табылады.

Диплом жұмысының барысы үш бөлімнен құрылған.  Бірінші бөлімде жалпы шығындардың экономикалық мәні және олардың жіктелімі, шығындарды алғаш зерттеген ғалымдар, кәсіпорын шығындарын басқару, талдау және шығындарды басқарудың шетелдік тәжірибесі қарастырылған.

Екінші бөлімде Ақтөбе облысы Алға ауданы Қарабұлақ аулы Әкімшілігінің  қызметі барысында қалыптасатын жағдайды және шығындарын талдау, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы мен өтімділігін талдау   толық  қарастырылған.

Үшінші бөлімде қазіргі  таңда кәсіпорын шығындарын басқару  жүйесін жетілдіру, шығындарды есептеу  әдістерін жетілдірудің негізгі  бағыттары, шығындарды басқарудың тиімділігін  жоғарылату бойынша шаралар қарастырылған.

Диплом  жұмысының құрылымы мен  көлемі. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1  Өнеркәсіптік  өнім өндірісіне кеткен шығындардың  теориялық  негіздері

1.1    Шығындардың  экономикалық  мәні  және олардың  жіктелімі

 


Кәсіпорын – түрлі өндірістердерден және шаруашылықтардың (негізгі, көмекші, қосымша, қосалқы және эксперменттік) тұратын күрделі механизм.

Кәсіпорынның жекеленген өндірістік буындар бойынша жоспарлау  және шығындарды есепке алу мақсатында өндірелетін өнімнің атқарлатын қызметіне қарай барлық өндірістер негізгі және қосымша өндірістер болып екіге бөлінеді. Негізгі  өндіріске кәсіпорын шығаратын  өнімдер, сондай – ақ өнімді сатуға және зауыт ішінде тұтынуға (желілік, ұсталық, престеу – машина жасау  зауыттарында) арналған шалафабрикаттарды  дайындайтын өндірістер жатады.

Көмекші өндіріс негізгі  өндірістен өнім әзірлеуге қатыспайды, бірақ өнім өндіруге, қызмет көрсетуге, жұмыс жасауға тікелей ықпал  етеді (жөндеу миханикалық және аспаптық цехтар, электер – көліктік, су мен  жабдықтау және т.б).

Қосымша цехтар (мақта қалдықтарынан  тазартылған мақта өндіру жөніндегі  цехтар) негізгі өндіріс қалдықтарын  кәдеге  жаратуға септігін тигізеді.

Қосалқы цехтар (ыдыстар  мен буып – тиеу материалдарын дайындаумен айналысатын цехтар) негізгі материалдардан емес, бірақ негізгі және көмекші өндірістерде пайдаланылатын материалдардан өнім өндіреді.

Эксперименттік (тәжірибелік) цехтар тәжірибелік үлгілерді дайындайды және түрлі эксперменттік жұмыстарды атқарады. Бұдан басқа кәсіпорында  қызмет көрсететін өндірістермен кәсіпорын  ұжымның тұрмыстық қажеттілігін қанағаттандыратын шаруашылықтар (тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, машиналар, кір жуатын орындар) болады. Бұл кәсіпорындар өнімді дайындауға, сондай – ақ басқа  да тарапта жұмыстарды атқаруға немесе қызмет көрсетуге өз септігін тигізеді.Өндірістік есепті дұрыс ұйымдастырудың кез  – келген кәсіпорын үшін маңызы зор.

Өндірістік бухгалтерлік есебін ұйымдастыру көбіне өндірістің тұрпатына (типіне) байланысты болады. Өндіріс жеке – дара, сериялық және жаппай өндіріс болып үш топқа (тұрпатқа ) бөлінеді[2].

  Жеке – дара (жекелеген)  өндіріс - өнім жекелеген данадармен  немесе қайталанып отыратын шығын  тапсырыстармен дайындалатын өндіріс. 

Бұл ауыр машина жасауға, кеме жасауға, берген станоктар мен трубиналарды өндіруге тән. Оның мынандай ерекшеліктері  бар: ондағы цехтар нақты бір салаға мамандандырылмайды: субъект мен  цехтардың өндіріс бағдарламасында  бұйымдармен олардың бөлімдерінің көп мөлшерде болуымен ерекшеленеді: дайындық – қорытындылау жұмыстарына  кететін шығындардың деңгейі  салыстырмалы жағыдайда алғанда  бір шама үлкен болады: өндірістің басқа да тұрпаттарына қарағанда өндірістік цикл ұзақ болып келеді. Жеке – дара өндірісте әдетте, шығындарды есепке алу үшін және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау үшін тапсырыстық әдіс қолданылады, бұл орайда шығындар әрбір бұйым (тапсырыс ) бойынша есепке алынады.

Сериялық өндіріс біркелкі бұйымдарды дайындап шығарудың оқтын - оқтын қайталанып отырумен сипатталады  және оған мынадай ерекшеліктер тән: шығарылатын өнім номенклатурасының  шектеулілігі; жұмыс орындарының  салыстырмалы түрде алғанда кең  мамандануы; мамандандырылған машиналардың, аспаптармен қондырғыларының қолданылуының  шектеулілігі. Сериялық өндіріс машина жасау өнеркәсібінде және металл өңдеуде неғұрлым кең тараған. Бұл  кәсіпорындарда өнімнің шығарылуын есепке алу сериялы бұйымдарға тән  етіп қолданылады, бірақ ол бұйымдарды құрастыратын партияларға қолданылмайды. Сериялардың көлеміне қарай өндірістер мынадай үш түрге бөлінеді сериялық өндіріс (өнім жыл бойы үздіксіз дайындалады) сериялық (мамандану анағұрлым тар, ал өндірістік желілер мен цехтар бойынша және технологиялық жағынан мамандандырылған) ұсақ сериялық өндіріс (жекелеген өндірістен ұсақ сериямен өнім шығаруға арналған).

Сериялық өндірісте шығынды  есепке алудың және өнімнің өзіндік  құнын калькуляциялаудың нормативтік  немесе қайта жасау әдістерін  қолданады.

Жаппай - өндіріс ұзақ уақыт  бойы бірдей өнімді үздіксіз шығаратын  өндіріс тұрпаты (типі). Шығарылатын  өнімдердің ассортименті (түрлері) көп  болғанымен олардың шығарылатын  мөлшері айтарлықтай көп болуы  мүмкін, белгілі бір салаға ыңғайланған  жабдықтардың жоғары деңгейі және өндірістің жұмыс ырғағының жоғары болуы  өндірістің осы тұрпатына тән  белгілер болып табылады. Бұл арада  әдеттегідей өнімнің және оның негізгі  элементтерінің өзіндік құнын есепке алудың және калькуляциялаудың  нормативтік  әдісін қолданылады.

Өндірісті ұйымдастыру типі (тұрпаты) тек шығындарды есепке алуға  және өнімнің өзіндік құнын калкуляциялауға  ғана әсер етіп қоймайды. Сонымен бірге  бастапқы есепті ұйымдастыруға талдамалық есепке де әсер етеді. Мәселен, ірі сериялық және жаппай өндірістерде шығарылатын  өнім мен жалақы ауысым (смена ) ішінде өндірілген өнім рапорттарына ал жеке – дара және ұсақ сериялық өндірістерде – жасалған жұмыстар зарядтарымен үйлесімде көбіне маршруттық парақтарына  жазылады.

Кез келген өнімді өндіру жұмыстарды атқару және қызметті көрсету белгілі бір шығындар мен байланысты, ондай есеп мынаны қамтаматсыз етуі керек: жалпы өнім көлемін, әр бір өнім түрлерінің нақты өзіндік құнын есептеу (калькуляциялау) қызметті көрсету, жұмысты орындау, өндірілген өнімнің нақты шығысын толық дер кезінде және шынайы көрсету, сондай ақ жалпы бизнесті ұйымдастыру және басқарушылық шешімді қабылдау мен жоспарлау үшін ақпараттарды жинау және бақылауды көздейді[3].

Шешімді қабылдау үшін ақпараттарды жинаған кезде белгілі бір шешім типтерін қабылдау үшін белгілі бір шығын түрлері маңызды болуы, ал кейбіреулері үшін сол шығындар ескерілмеуі мүмкін. Шын мәнінде, өндірістік шығындар көптеген белгілері бойынша жіктелуі мүмкін:

- шығындардың туындайтын (пайда болатын) орындары (өндірістер, цехтар, учаскелер) бойынша: өндіріс тізбесі (соның ішінде өңдеуі) бойынша, ал олар шығындарды есепке алу мен жоспарлау кезінде субъектінің есеп саясатында анықталғандай етіп бөлінеді:

- Қызметтер, жұмыстар және өнім түрлері бойынша; өндіріс шығындары жекелеген өнім түрлерінің өзіндік құнына немесе бір тектес өнім топтарына енеді;

-  шығындар өнімнің өзіндік құнына ену тәсілі бойьнша; тікелей өнімнің өзіндік құнына тікелей жатқызылатын, яғни жекелеген өнім түрлерін өндірумен байланысты болып; жанама өнімнің өзіндік кұнына таратылып бөлінетін яғни бірнеше өнім түрлерін өндірумен байланысты болып бөлінеді. Өндіріс шығындары өнімнің көлеміне қатысты екіге бөлінеді: Айнымалы -шығарылған өнімнің көлемі өзгеруімен шығынның да өсуі немесе азаюы мүмкін (негізгі материалдар мен шикі заттың шығысы. Технологиялық энергия мен отын, өндіріс жұмысшыларының жалақысы және т.б.); тұрақты - өнімнің шығару көлемі өзгерген кезде, деңгейі өзгермейтін шығындар (өндіріс ғимараттарын жарықтандыру мен жылытуға кеткен шығыстар, негізгі құралдардың амортизациясы);

Коммерциялық және әкімшілік шығыстар кезең шығыстарына жатады, ал олар өндірістік калькуляциялауды есептеудің негізі болып табылады. олардың сызбасын (схемасын) мынадай етіп 1-ші суретте  салуға болады:


 








 

 

 


 



 

 

Сурет  1.   Өндірістік өзіндік құны

Келтірілген сызбадан байқағанымыз өзіне активтердің азаюын енгізетін  шығындар (материалдар, ақша қаражаты және т.б.) немесе міндеттемелердің өсуіне (көбінесе кредиторлық қарыздар) әкелетін шығындар жаңа активтерді жүзеге асырады, ал ол ресурс ретінде анықталып, өткен  оқиғалардың нәтижесі ретінде одан болашақта табыс алынатын болып  күтіледі.

Сонымен, кәсіпорын  қызметінің  негізгі  көрсеткіштерінің  бірі  болып өнімнің  өзіндік  құны  саналады, ол өндірістегі  өнім өткізілуінің  ақшалай  нысандағы  шығындар  жиынтығын  құрайды және  барлық  өндіріс  тиімділігін  анықтайды.

Өзіндік  құнның  экономикалық  міндеті - жұмсалған шығындардың  орнын  толтыру  және  соның   негізінде  өндірістің  барлық  элементтерін  қайта  өндіру: өндірістік  қорлар  және  жұмыс  күші.  
Осы  жерде  кәсіпорынның   өзіндік  құнның   негізгі  элементі  болып  амортизация, яғни  шығындалған  материалдық  ресурстар  құны, еңбекақы - ол  шығындардың  бөлімдері  болып  табылады.  Сонымен  қатар  кәсіпорында  басқа  да шығындарды  жүзеге  асырады: өз  жұмысшыларына  
сыйақылар төлейді, банк  несиелеріне  пайыз  төлейді, әлеуметтік  объектілерді  ұстайды,  бюджеттік  емес  қорларға  аудрымдар  жүргізеді - бұл шығыстар  кәсіпорынның  қосымша  шығыстарын  құрайды.

Шығыстар түрі бойынша (баптары  және элементтері бойынша); экономикалық элементтер бойынша шығыңдарға: материалдық шығындар, еңбекақы шығындары, еңбек ақыдан айдарылатын аударымдар, негізгі кұралдардың амортизациясы (тозуы); басқа да шығыстар кіреді.

Шығындар басқару қызметі (функциясы) бойынша:

- өндірістік (өндіріс процесінің  барысында пайда болады);

- коммерциялық (сатумен байланысты);

- әкімшілік (баскару процесімен байланысты).

Өндіріс шығындарын есепке алу үшін шоттардың кешенді жүйесі пайдаланады. Оған 8100 – «Негізгі өндіріс»,  8300 – «көмекші өндіріс », 8400 – «үстеме шығындар », бөлімшелерінің  шоттары кіреді.

Шығындарды және өнімнің  шығарылуын есепке алумен бақылау жасауды  қамтаматсыз ету үшін мынадай  есеп регистрлері пайдаланылады.

«Цехтар бойынша шығындар»  ведомосы, онда 8100, 8300, 8400 бөлімшелер шоттары бойынша шығындар есепке алынады. 8100, 8300, 8400 шоттарының есебі компютерлендірілген кезде олар бойынша тиісті  машинограмм қолданылады. Ай соңында бухгалтерия өндіріс шығындарын жинақтауды жүзеге асырады.

«Цехтар бойынша шығындар»  ведомосына  жазу үшін мыналар негіз  болып табылады:

«Материал (жалақы) шығындарын бөлу (тарату) » кестесін әзірлеу, онда шикізат, материалдар, сатып алынған  шалафабрикаттар және өндірістің  басқада материалдық запастары  көрсетіледі (8111– «материалдар »  бөлімшесі шоттарының кредиті ); өндіріс  персоналдарын төлеген еңбек  ақы шығыстары (8212-«персоналдармен еңбекақы бойынша есеп айырысу» шотының кредиті); еңбек ақыдан аударылатын аударымдар (8213- «басқа да» шоттың «әлеументтік салық » субшотының кредиті);

«Негізгі құрал – жабдықтар  амортизациясының (тозуының) есебі» кестесін әзірлеу, онда өндіріс шығындарына  енгізілуге тиісті негізгі құрал  –жабдықтар амортизациясының сомасы көрсетіледі (2420 - «Негізгі құрал – жабдықтардың тозуы »бөлімшесі шоттарының кредиті);

«Материалдық емес активтер амортизациясының есебін» кестесін әзірлеу, онда өндіріс шығындарына  енгізілуге жататын амортизацияның сомасы көрсетіледі (2740-2746-«материалдық емес активтердің амортизациясы» бөлімшесі шоттарының креиті );

«Көмекші (қызмет көрсетуші) өндірістер мен шаруашылықтардың көрсеткен  қызметтердің бөлу» кестесін әзірлеу  онда өндірістер мен шаруашылықтардың өнім өндіруге жұмыстарға және көрсетілген  қызметтерге жұмсалған шығындары  көрсетіледі (8300-«Көмекші өндірістер»)

Өндіріс шығындарының бухгалтерлік есебін ұйымдастырудың схемасы төменде 2-ші суретте келтірілген.



 

 



 

 

 



 


 



 

 

 

 


 



 

 

 Сурет  2.  Өндіріс шығындарының бухгалтерлік есебін ұйымдастыру

 

Өндіріске жұмсалған шығындарды олардың құжаттары бойынша қандай калькуляциялау объектісіне жататындығын белгілеу үшін есеп объектілерін шығьын баптарын кодтайды және үстеме шығыстарын ажыратады. ал бұл үстеме бойынша  дұрыс топтастыру мүмкіндік береді[4].

Орташа және ірі кәсіпорындарда өндіріс шығындарын есепке алу және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау үшін кәсіпорының бухгалтериясы  құрамында біртұтас болып келетін  екі бухгалтерия яғни қаржылық және басқару бухгалтериясы болуы  мүмкін.

Өндіріс шығындарының талдамалық (аналитикалық) есебі калькуляция (есеп) объектілерінің және цехтар мен өндірістер бойынша шығын баптарының белгіленген  номенклатурасы бойынша калькуляциялық (көп жазбалық)  карточкаларда  немесе ведмостарда жүргізіледі.

Қаржылық бухгалтерия  шоттардың бас жоспарын бөлімшелеріне  енетін шоттарын жүргізіп есептің бас  кітабын кәсіпорынның балансын және қаржылық есеп беруін жасайды.

Басқару бухгалтериясы шоттардың  бас жоспарының 8100 -бөлімшелеріне  енетін шоттарды пайдаланады. Ол өндіріс шығындары туралы ақпаратты қорытып, өзіндік құнды калькулкциялайды. Өндіріс шығындарымын нормалары мен нормативтерін талдап және одардың орындалуын бақылайды, өндірістегі шалафабрикаттардың қозғалысын есепке алады, есептің бүкіл көлемінің нормативтік, жоспардың, және талдамалық жұмыстарын атқарады. Басқару бухгалтериясы жабық (құпия) болып келеді. Бұл өз билігінде қандай да болмасын бір «ноу-хауды» және өндірісті басқарудың озық деңгейін ұйымдастыруды, «жаңалыкқтарды» өз бәсекелестері өздерінен бұрын пайдаланып кетпеуін қамтамасыз етеді.

Сондықтан басқару бухталтериясы  ақпаратының сыртқы тұтынушылар  үшін ғана емес. Сонымен бірге осы кәсіпорынның қызметкерлері үшін де «жабық» болуы мүмкін.

Қаржылық және басқару  бухгалтериясының арасындағы өзара  қарым-қатынастар мына төмендегі 6-сызбада  көрсетілген.

Кәсіпорынның қаржылық бухгалтериясында аяқталмаған өндірісті есептеу  үшін 8100 – «негізгі өндіріс», 1340 «Өзінде  өндірілген  шалафабрикаттары» 

8300 - «Көмекші өндіріс» 8340  «Басқа да» шоттары пайдаланылады. Бұл шоттардағы топтастыру транзиттік, болып табылады, онда бір-екі күнде аякталмаған өндіріс қалдығы есептеліп яғни есептік кезеңнің соңында өндірістік бухгалтериядан қаржылық бухгалтерияға беріледі (демек, 1340- шоттары дебеттеліп, 8100,8300,8400 шоттары креаиттеледі. Содан соң келесі жылдың    басында    қайтадан    қаржылық    бухгадтериядан    өндіріс бухгалтериясына беріледі (демек, 8100,8300,8400 шоттары дебеттеліп, 1340 -1340 шоттары кредиттеледі).

Сонымен, 1340 - шоттар «бір күндік шоттар» болып табыдады және оның қалдықтары осы шоттар бойынша кәсіпорынның қаржылық есеп беруіне енгізу үшін арналған.

Құрал-жабдықтарды пайдалану  мен күтіп-ұстауға кеткен нақты  шығындарды таратқан кезде. Оның сол тиесілі бөлігіне жататын ақаудың өзіндік құнын ескеру) керек.

Бұл шығыстар ақаудың өзіндік құнына сметалық (нормативтік) мөлшерлемені анықтаған кезде есептелінген нормативтік қатынас бойынша өндіріс жұмысшыларының жалақысына пропорционалды енгізіледі. Ақауды жөндеумен айналысатын жұмысшының жалақысы 18 теңге болса, ал оның сметалық нормативтік мөлшерлемесі 7,5 теңге құраған, бұл соңғы құрал-жабдықтың күтіп ұстау шығысына ақаудың тәсілі сомасы арқылы анықталған. Қаржылық және өндірістік (басқару) бухгалтериясының арасындағы өзара қарым – қатынастары 3-ші суретте көрсетілген.


 







 





 



 



 


 

 

Сурет  3.   Қаржылық және өндірістік (басқару) бухгалтериясының арасындағы өзара қарым – қатынастары

 

Өндіріске кеткен шығындарды есептеуге арналған шоттардың бөлімшесі  бір шолушы және бірнеше «транзиттік  » шоттардан тұрады, онда олардың  мазмұны, пайда болған орындары және басқада белгілері бойынша шығындар топтастырылады.

«Транзиттік» шоттарда көрсетілген  ақпараттар нақты жасалған  шығындар туралы белгілі бір ақпараттардың  бөлігін көрсетеді, оны шолып (белгіленген  қағидалар мен ережелерді пайдалана  отырып ), шығарылған өнімнің нақты өндірістік өзіндік құны туралы мәліметтерді алуға болады, сондай –ақ өнім бірлігі де есептелінеді. Әрбір бөлімше өз кезегі бойынша үш категорияға бөлінеді:

  • Шығындарға кеткен тікелей материалдар;
  • Шығындарға кеткен тікелей жұмыс күші;
  • Үстеме шығындар.

Тікелей шығыстарға кеткен материалдар соңғы өнімнің құрамына (яғни, оның құнына) басқа да шығындарымен қатар қосылады. Мысалға. автомобиль өндірісі, үшін болат немесе жиһаз өндірісі үшін ағаш негізгі материалдар болып табылады[5].

Жұмыс күшіне жұмсалған тікелей шығындар бұл өнімді әзірлеуге тікеден қатысқан өндіріс жұмысшыларына есептелген еңбек ақысы (еңбек ақыдан аударылатын аударымдарды қоса есептегенде) болып табылады.

Мысалы, толассыз өндірісте  жұмыс істейтін оператордың немесе металл өңдеуші станокта істейтін жұмысшының еңбек ақысы т.б. осы сияқты тікелей еңбек ақылары жатады.

Қызмет көрсететін цех жұмысшыларының еңбек ақысы тікелей еңбек ақы болып табылмайды, ал олар үстеме шығысқа жатқызылады.

Үстеме шығыстар өндіріске  кеткен барлық шығындардан тікелей шығындарды (тікелей материалдар шығындары мен өндіріс жұмысшыларының еңбек ақысы) шегеріп тастағаннан шығады.

Одан басқа, үстеме шығыстардың  қатарына: амортизация шығыстары, жал ақысы, сақтандыру жарнасы, тұрғын -үй қызметі, жарықтандыру және басқа да себептердің салдарынан өндірістік уақытша тоқтап қалуының шығыстары т.б, жатады.

Жалпы алғанда, өндіріс есебін төрт негізгі кезеңге бөлуге болады:

- өндіріс түрлері бойынша «транзиттік» шоттарда субъекттің есепті кезеңнің барысында тікелей шығыстар туралы ақпараттарға шолу жасалады (негізгі, көмекіші т.б. өндірістері бойынша);

- «Үстеме шығыстардың»  шоттары бойынша субъектік үстеме  шығыстары жинақталып, олардың жалпы деңгейі туралы ақпараттар беріледі;

-  үстеме шығыстарын  белгіленген тәсіл (шаруашылық жүргізуші субъекттің есептік саясатында қаралған әдісі) бойынша негізгі, көмекші өндірістерге таратады;

-  «Транзиттік» шоттардағы жинақталған шығыстарды дайын өнім шотына есептен шығарып, дайын өнімнің нақты өзіндік құны қалыптасады, сондай-ақ аяқталмаған өндірістің де үлесі анықталып тиесілі саласына жатқызылады.

Үстеме шығыстарға өндіріске  қызмет көрсетумен және негізі және көмекші цехтардың жұмыс ұйымдастыруымен байланысты шығыстары жатады, оларды тікелей дайын өнім түрлеріне (бірлігіне) жатқызуға болмайды[6].

Үстеме шығыстар, әдетте, біршама жалпы сипатқа ие болады:

- кешендік сипаты - шығыстар құрамында барлық зкономикалық элементтер шығындары көрініс табады;

- екі және одан да  көп бұйымдар шығарған кезде бұл шығыстарды тікелей белгілі бір бұйымға жатқызу қиынға түседі, демек олар дайын өнімнің арасына таратылады және аяқталмаған өндіріске де жатқызылады. Шығындарды жіктеу төмендегі 1-ші кестеде көрсетілген.

Өнеркәсіптік өнім өндірісіне кеткен шығындардың есебі мен аудиті