Оптикалық талшық
Қазіргі уақыттағы Қазақстан
Тікелей байланыс желілерін цифрландыру, жоғарғы жылдамдық, арналардың жақсы өтімділік қабілеті мен анық сенімділігіне қол жеткізеді.
Қазақстан Республикасының желілерінде цифрлық тарату жүйесінің (ЦТЖ) енгізілуі басқа таратқыш жүйелерінің арасындағы артықшылығымен түсіндіріледі. Олар келесідей: бөгеуліктерге жоғары тұрақтылығы, қашықтыққа байланыс жолындағы таратқыш жүйесінің дербестігі, ЦТЖ арналарының параметрлерінің тұрақтылығы, дискретті сигналдарды өткізуге арналардың өткізу қабілеттілігінің тиімділігі, жіберілген сигналдардың оңай математикалық жолмен өңделуі, жоғары экономикалық көрсеткіштері.
1.БАЙЛАНЫС ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ТАЛДАУ ЖАСАУ МЕН
ТОТЖ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ.
- ТОТЖ даму перспективалары
ТОТЖ- нің қолданылу мүмкіндігі өте кең – қала мен ауыл байланыс жолдарымен бортты комплекстерден (тікұшақ, ракета, кеме) байланыс жүйелерінің алысқа таратылатын ақпараттары талшықты-оптикалық байланыс жолының негізінде ақпарат таратуда нақты жаңа жүйесі жасалуы мүмкін. ТОТЖ негізінде бірегей көпнысаналы интегралды желі дамиды. Алдағы уақытта оптикалық жүйе кабельді телевидениеде де қолданылуы мүмкін, ол оның сапалы бейнелеуін арттырады және абоненттерге ақпараттық қызмет көрсету мүмкіндігін біршама кеңейтеді. Бұл жағдайда арнайы тапсырыс жүйесі жүзеге асады және абоненттерге газет-журнал беттерін және кітапханалардан анықтамалар, оқу орталықтарынан, арнайы хабар сақтайтын жерлерден өздерінің теледидарларынан көруге болады. Видео-телефон байланысы дамиды, ол кезде абоненттер бір-бірін естіп қана қоймай бір-бірін көре де алады. ТОТЖ келешектегі пайдалану аумағы күшті ЭЕМ арасындағы ең жоғарғы байланыс, ЭЕМ мен терминалдар арасындағы және де жеке ЭЕМ арасындағы бірнеше метр мен ондаған километр қашықтықтағы байланыстар жатады.
ТОТЖ қолданылуы мен қасиеттері төменде көрсетілген. (сурет 1.1). Байланыс жүйесінің көрсеткіштері 1-5 болып саналады, басқарудың автоматты жүйесі мен ЭЕМ көрсеткіші -1,2,3, жедел әрекетті жүйелер ең бірінші мына көрсеткіштердің орындалуын қадағалайды – 1,2,6.
ТОТЖ-сін пайдалану басқару жүйесіндегі өнеркәсіп процесіндегі адамдар денсаулығына зиян келетін жағдайларда (мысалы атом электростанцияларында, химия өнеркәсібінде) пайдаланылуы өте орынды қызығушылық тудырады, сонымен қатар күшті электромагнитті кедергілері бар, ток жүретін кабельдерді қосып, күшті тогы бар релелерді қолданған кезде пайдаланады. Өте жоғары бөгеуліктерге тосқауыл бола алатындығы, хабарлардың астарлығы, салмағының аздығы мен аса үлкен еместігі желілі оптикалық жолдық самолет бортындағы радио-электрондық аппараттарда, кемелерде, сүңгуір қайықтарда қолданылуы өте маңызды орын алады.
Сурет 1.1 ТОТЖ қасиеттері мен қолданылу аумағы.
Бірінші қолданылған ТОТЖ ұзындығы λ=0,8÷0,9 мкм болды және оны көпмодалы талшықтарда жүзеге асырылды. Бірнеше жыл бұрын ұзынырақ толқынға λ=1,35÷1,6 мкм ауысу белгіленген болатын. Бұл жағдайда оптикалық-талшықтың шығындары 0,2-0,5 дБ/км-ге азаяды, бұл қайта өндірудегі байланыс жолының ұзындығын 50-80 км дейін ұзартады. Бұл қалааралық байланысқа оптикалық кабельді қолдануға мүмкіндік жасайды, өйткені бұл сызықтың қайта өндіру жолын қашықтан электрмен қоректендіруді қажет етпейді де кабельдің құрылысын да қарапайым етеді.
Кейінгі кезде талшықтық - оптикалық техниканы дамытуда жаңа бір бағыт пайда болды – 2-10 мкм ауқымды инфрақызыл толқынын пайдалану. Бұл ауқымда шығын 0,2 дБ/км –ден аспайды деп күтілуде. Бұл 100 км дейінгі қашықтықтағы қайта өндіру учаскелерімен байланыс жасауға мүмкіндік береді. Фторлы әйнектерді зерттеу, металдар қосындысы бар фтор және де басқа қосындылар, инфрақызыл ауқымындағы толқындардың аса мөлдірлікке ие болуы қайта өндіру учаскесінің ұзындығын ұлғайтуға ықпал жасайды.
Айта кететін бір жай, егер де
бұрын негізінде көпмодалы
Жуық арада бірмодалы
Тапсырыстағы оптикалық
Әртүрлі жиілікте жұмыс істейтін ал қабылдайтын шетінде оптикалық сүзгінің көмегімен сигналдардың бөлінуі болғанда сәуле жолына бірден бірнеше шығару көзінен сәуле жіберіп оптикалық кабельде жиіленіп бөлінген арналардың қолданылуы мүмкін. ТОТЖ-де бұлай бөліну спектрлік тығыздық деп аталады. Оптикалық таратушы 10 нм мен диапазоны 0,8-1,8 мкм арақашықтығы болған кезде негізінде 100 арнаны іске асыруға болады. Спектрлік тығыздық барлық кең оптикалық жолақтың талшықтық сәуле жолын пайдалануға мүмкіндік береді, мысал үшін 2·105 ГГц тең. Спектральді тығыздықтың таратылу жүйесі арнайы сәуле шығарғыштардың жоқтығынан таратылмай жүр. Осындай әр сәуле шығарғыш бірнеше тұрақты сәуле көзінен тұруы тиіс және олар сәуле шығарғыш толқынның ұзындығының қарқындылығы бірдей болуы керек, бірыңғай спектральді интервалмен бөлініп тұруы қажет.
Қазіргі уақытта ТОТЖ көмегімен екі пункттің арасында екіжақты байланыс ұйымдастыру үшін бір кабельде екі талшық қажет. Спектральді тығыздық осындай байланысты бір талшықпен жүзеге асырады.
ТОТЖ абоненттік желілерінің құрылымын
қарағанда дәстүрлі телефон желісінің
радио-торапты түрінің
Талшықты-оптикалық жүйені және байланыс жолын кеңінен қолдану үшін бірнеше тапсырмаларды шешу қажет. Ең алдымен оларға мыналар жатады:
- жүйелі сұрақтарды және техникалық – экономикалық көрсеткіштердің ТОТЖ байланыс жүйесіндегі қолданылуын зерттеу;
- оптикалық кабельдің өшуі мен дисперсия өте аз болатын оптикалық толқындар ауқымын 1,3-1,6 мкм игеру;
- бірмодалы талшықты сәуле жолы мен кабельдерді және оларға оптоэлектрондық құрылғыларды зерттеп, өнеркәсіпте дайындап шығару;
- қашықтыққа байланыс жасауға болатын жаңа инфрақызыл толқындар ауқымын 2-10 мкм және жаңа жабдықтар, мысалы, фторлы сәуле жолын дайындауды игеру;
- элементтердің интеграциясының дәрежесін арттыру және тез қимылдайтын бірегей тораптардың ИКМ арналар жасайтын аппаратураларын интегралды оптиканың элементтерін қолдана отырып арттыру:
- оптикалық қайта өндіргіштерді оптикалық сигналдарды электрлікке айналдырмай жасап шығару;
- байланыс жүйесі үшін таратушы және қабылдағыш оптоэлектронды құрылғыларды жетілдіру;
- аумақтық және магистральді байланыс желілері үшінтиімді әдістері мен электр қоректендірушілердің аралық қайта өндіруді зерттеу;
- желілер бөлігіндегі әртүрлі құрылымдарды оптикалық кабель жүйесінің қолданылу ерекшелігіне байланысты тиімді жағдайға жеткізу (абоненттік желіні қосқанда желідегі берілістерді таратқыш, көпбағдарламалы кабельді телевидение, видеотелефон т.б.);
- оптикалық кабельдің төселуі мен құрудың технологиясын механизацияландыру;
- өнеркәсіпте өндіруге қажетті ТОТЖ кабельдері мен жабдықтарды баптап қолданылуының сыналуын және өлшеуіш аппараттарын зерттеу;
- сәуле жолдары арқылы беріжылін жиілік және уақытша бөліктежылін сигналдар үшін жасалған аппаратурамен әдістерді жетілдіру;
- талшықты сәуле жолдары мен оптикалық кабельдердің өнеркәсіпте өндірудің технологиясын жетілдіру және олардың бағасын төмендету.
- Байланыс магистралінің сипаттамасы
Қазіргі уақытта Ұржар-Мақаншы учаскесінде К-60, К-60П таратқыштарының аналогты жүйесі жұмыс істейді. Олар симметриялы кабельді жолдарды қолдануға арналған. Сызықтар түрлері мыналар – симметриялы жұпты кабельдер МКС 4х4х1,2; МКПАБ 7х4х1,05; ЗКП (ЗКВ) 1Х4Х11,2; КСПП (КСППБ) 1х4х1,2; КСПП (КСППБ) 1Х4Х0,9 мен мысты талшықтар (НУП аппаратурасындағы К-60П-4 типін қолданумен). Байланыс жүйесі - екікабельді, біржақты.
Соңғы станцияның құралдармен жабдықталуы: СВКО енгізу кабельді жабдығы, СДП қашықтықты қоректендіру тағаны, СЛУК-ОП корректорлермен сызықтық күшейткіштер тағаны, СУГО-1-5 генераторлы құрылғы, СГП топтық түрлендіргіштер тағаны, СИП-60 жеке түрлендіргіш құралы, ССС-7 немесе ССС-8 қызметтік байланыс құралы, СКП-1 бастапқы топтарды ауыстыру тағаны, СТПГ бастапқы топтарының тасымалдау тағаны, телебақылау құралдары, өлшегіш құралдары.
Бағыттау ортасы үшін диаметрі 1,2 мм төрт симметриялы төрттік талшықтары бар МКСАПР 4х4х1,2 кабелі қолданылады.
- Мәселенің қойылуының негізделуі.
Ең алдымен жолдағы трассаны
таңдау бір-бірін байланыстарын
елді мекендердің қалай
- трассаның мүмкіндігінше қысқа болуы;
- құрылыстың құнын көбейтіп, оны қиындататын кедергілердің аз болуы (өзен, карьерлер,т жолдар т.б да кедергілер);
- құрылыста техниканы мүмкіндігінше көп пайдалану;
- жұмысқа пайдаланғандарға мүмкіндігінше жақсы жағдай жасау;
- байланыс жолдарын күшті ток қондырғыларынан және атмосфералық электр токтарынан қорғауда аз шығын шығаруға тырысу.
Осы талаптарға сүйене отырып, кабельді автомобиль жолдарының бойында төсеу тиімді болып табылады. Осылай техника жөндеушілерге НРП және кабель төселген жерлерге кедергісіз жетулеріне мүмкіндік жасаймыз, ал зақымдалған жағдайда тез жөндеулеріне де қиын болмайды.
Трассаның бойында елді мекендердің болуы пайдаланылмаған қайта жөнделуді қажет ететін орындарды орналастыруға және бар құрылыстардағы телекоммуникация тораптарын пайдалануға, құрылыс жұмыстарын біршама азайтып және құрылыс магистральдарына жұмсалатын шығынды түбегейлі азайтуға мүмкіндік жасайды. Суретте 1.2 Ұржар және Ақшоқы ауылдарындағы автомобиль трассасының сұлбасының жобасы берілген.
Сурет 1.2 Ұржар- Мақаншы-Ақшоқы трассасы.
Оптикалық және электрлік жер асты төсеудің 1,2 м су кедергілерінен өтетін кабельді өтпелерін су астымен, көпір үстімен немесе тіреуіштерге іліп өткізуге болады. Бәрінен де сенімдісі су астынан төсеу болып табылады.
Құрылысты ұйымдастыруды жоспарлағанда және финанс сметасын есептегенде, жүктің құрылысқа тасымалданатын жүктің жолын анықтайды, дайын қоймаларды пайдалануға болатынын және жүк түсіретін орынның болуы, жаңадан қоймалар мен алаңдар дайындау заттардың қоймаға жеткізілу жолы, қашықтығы жергілікті жердегі материалдардың бағасы және т.б.
Біз қарастырып отырған жердің картасына қарасақ (сурет 1.2) қандай трассаның тиімді екенін көреміз. Ол нұсқасы кабельді автомобиль жолының бойымен төсеп, Ұржар ауылын Мақаншы ауылымен және Ақшоқы ауылымен қосу.
Магистральдің жалпы ұзындығы 138 км созылады: Ұржар – Мақаншы – 68 км; Мақаншы – Ақшоқы– 70 км; Ұржар – Қарақол – 85 км, Ұржар – Алтыншоқы - 35 км; Трассаның магистралі автомобиль жолының осінен 30-60 м қашықтықта өтеді (кейбір жерлердің жағдайына байланысты).
Өскемен облысының рельефі жазық, сондықтан да ол кабельде негізінде механикалық жолмен төсеуге мүмкіндік береді.
Жоғарыда айтылғандай осы
Сондықтан осы жұмыста келесідей сұрақтарды шешу керек: ТОТЖ өтетін жолды таңдап алу керек; ТОТЖ жұмысындағы байланыс арналарының қажеттілігін анықтау; тарату аппараттарын таңдап алу; оптикалық – талшықтар мен кабельдің маркасын таңдап алу; оптикалық – талшықтардың дисперсиялық қасиетін есептеп, жолдағы сигналдың жоғалуы мен іс жүзіндегі дисперсияны анықтау; осы анықталған есептеулер бойынша қайта өндірілетін учаскелердің ұзындығын анықтап шығару.
2. КАНАЛДАР САНЫН ЕСЕПТЕУ ЖӘНЕ ТАРАТУ ЖҮЙЕСІН ТАҢДАУ
2.1 ТОТЖ классификациясы мен құру принциптері
Қазіргі уақытта ТОТЖ байланыс жүйесі мен кабельді телевидениеде, басқару мен мәліметтерді тарату жүйесінде және борттағы аппаратураларда кеңінен қолданылып жүр.
ТОТЖ қолданылу қашықтығын үш түрлі топқа бөлуге болады: жергілікті (біробьектінің ішіндегі), орта қашықтықты және магистральді.
Жергілікті ТОТЖ өндіріс ішіндегі көрсеткіштерді тарату желілерінде, азаматтық және әскери нысандардағы қозғалғыш обьектілерде, есептеу комплекстерінде қолданылады. Орташа қашықтықтағы ТОТЖ цифрлы интегралды желілерге қызмет көрсету үшін және де әскери нысандардың тактикалық байланысы үшін арналған. Ақырында, магистральді ТОТЖ көпканалды алыстағы магистральдағы байланыс пен ішкі аумақтағы жүйелер мен желілер үшін қолданылады.
Жаңа ТОТЖ-да ақпараттарды тарату үшін уақыттық және желілік каналдардың бөліну әдісін қолданылады. Әртүрлі әдіспен жасалған электрлік сигналдар оптикалық тасымалдаушы оптикалық сәуле шығару көзін модульдейді. Электр тогы фотоқабылдағыш шығысында (фотодиод, лавалық фотодиод) қабылданған сәуле ағысының күшіне пропорционалды болғандықтан, әдетте қарқынды модуляцияның оптикалық тасымалдаушысы қолданылады, өйткені модуляцияланған электр сигналдарының амплитудасы оптикалық көздің сәуле шығару күшін анықтайды.
Модуляцияның екі негізгі тәсілі бар – ішкі және сыртқы. Ішкі модуляция оптикалық сәуле шығару көзіне тікелей әсер ету арқылы жүзеге асырылады. Осылай қарқынды модуляцияға қол жеткізіледі. Сыртқы модуляция – арнайы құрылғының көмегімен модуляцияламайтын сәуле шығару параметрлерін өзгертуге мүмкіндік береді. Осы жағдайда тек модуляция қарқындылығына қол жеткізіп қана қоймай, басқа да модуляция түрлеріне, жиіліктің ауысуына негізделген, оптикалық тасымалдаушының фазасы мен полярлығына, кейбір жағдайларға байланысты практикада кеңінен қолданылмай жүрген басқада модуляция түрлерін жүзеге асыруға болады.
Сурет 2.1 Цифрлы ТОТЖ типтік құрылымдық сұлбасы.
Жаңа ТОТЖ әдетте цифрлық болып келеді, көбіне импульсті-кодты модуляция қарқындылығын (ИКМИ) пайдаланады, өйткені бұл жағдайда амплитудалық сипаттаманың сызықтылығына және қабылдағыштардың оптикалық сәуле шығару көзіне талаптар біршама азаяды.
Цифрлы ТОТЖ типтік құрылымдық сұлбасы сурет 2.1 берілген. Жүйенің негізгі элементтері оптикалық сызықты тракт ақырғы құрылғы – таратушы және қабылдаушы станциялар болып табылады.
Таратушы N станциясындағы алғашқы цифрлы электрлі сигналдар ( НЦК (ОЦК) негізгі цифрлық каналдары) 64 кбит/с жылдамдықтағы ақпаратты тарату типтік көпканалды тарату жүйесінің (КТЖ (МСП)) ақырғы аппаратына келіп түседі. КТЖ шыққанда N каналды электр сигналдар тобы түйіндес құрылымға (кодер) жіберіледі, бұл жерде ол сызықтық жолмен таратылуға лайықты формаға келтіріледі. Содан кейін оптикалық тасымалдаушының модуляциясы жолымен оптикалық таратушыда электрлік сигнал оптикалық сигналға айналып ОТ сызықтық жолымен таратылады.
Қабылдаушы станцияда N қабылданған оптикалық сигнал қайтадан бастапқы цифрлы электр сигналына айналдыру жүзеге асады. Ол үшін біртіндеп оптикалық қабылдағыш, түйіндес құрылым (декодер) және ақырғы КТЖ типті аппаратура қолданылады.
ОТ бойынша таратылатын
Сурет 2.2 Қайта тарату құрылғысының сұлбасы: а-сызықтық генератор, б-оптикалық күшейткіш.
Сызықтық қайта өндіру (регенератор) (сурет 2.2, а) оптикалық сигналдың алғашқы формасын қалыпқа келтіреді. Өйткені қазіргі кездегі элементтік базада өшу компенсациясы мен бұрмалануды түзетуді электр сигналдарымен жүргізген тиімді, сызықтық қайта өндіру оптикалық қабылдағыштан, электронды қайта өндіргіштен және оптикалық таратқыштан тұрады. Кірген оптикалық сигнал алдымен электрондық формаға ауысады, күшейтіледі және түзетіледі, ал содан кейін қайтадан оптикалық сигналға ауыстырылады.
Оптикалық күшейткіш (сурет 2.2, б) қайта өндіргішке қарағанда оптоэлектронды түрлендіруді жүзеге асыра алмайды да тікелей оптикалық сигналды күшейтеді. Бұл жағдайда сигналдың бастапқы формасы қайта жасалмайды, осы оптикалық күшейткіштің бір кемшілігі болып табылады. Бірақ та кейбір жағдайларда іс жүзіндегі оптикалық күшейткіштің қолданылуы өте әсерлі болады.
Кабельді телевидениенің желісін құрғанда аналогты ТОТЖ қолданылады, онда оптикалық таратқыш кеңжолақты аналогты сигналды аналогты оптикалық сигналға түрлендіреді, ал оптикалық қабылдағыш кері түрлендіреді. Бұл жағдайда ақырғы құрылғының амплитудалық сипаттамасы жоғары сызықтыққа ие болуы керек, ал аналогты қайта тарату құрылғысы, негізінде күшейткіш функциясын орындайды, ол қажетті сигнал мен қоса кіретін шуды да күшейтеді.
Қарастырылып отырған сұлбаның құрылымы бір ОТ бағыты бойынша бір сигналды таратуға арналған, ол екі сымды электр желісінің аналогы болып табылады. Қарсы таратылым үшін тағы бір топ ақырғы сызықтық құрылғы мен екінші ОТ қажет. Әдетте екі жақтың сигналы да бір оптикалы диапазонда таратылады (жабдықтың бір типтілігіне қол жеткізіледі), ал ОТ бір ОК-ға біріктіріледі, өйткені екеуінің арасындағы бір-біріне әсері болмайды. Сонымен ТОТЖ бір жолақты және бір кабельді болады.
Сурет 2.3 Электрлік сигналдарды уақыттық мультиплексирлеу сұлбасы.
Жіберілетін хабарлардың ауқымының үлкеюіне байланысты (хабар ауқымдылығы) ТОТЖ негізінде бір принциппен жүзеге асырылады. Бұл ең алдымен әрбір тарату бағытына ОТ санының көбеюі. Қаралып отырған сұлба бойынша әрбір көпталшықты ОК-ға ТОТЖ N каналды бірнеше сызықты жолы ұйымдастырылады және әрбір жеке бағытқа ОТ-ның жартысы қолданылады (резервті қосқанда). ОК-ның өткізгіштік қабілетін арттырудың бұл жедел тәсілі әдетте ТОТЖ орташа және аз ұзақтығында, салыстырмалы түрдегі төменгі жылдамдықтағы ақпараттарды тарату кезінде (секундына ондаған мегабайт) қолданылады.
Магистральді ТОТЖ өткізгіштік қабілетін арттыру тек қана көпталшықты ОК қолданудан емес, сонымен қатар әртүрлі әдіспен хабарды мультиплекстеп, тарату жылдамдығын арттыру (N каналдарының саны). Мультиплекстеуді басқаша айтқанда бірнеше таратқыштардың сигналын бір топқа біріктіруді электрлік сигналдарды оптикалық сигналдарға айналдырғанға дейін не болмаса айналдырып болғаннан кейін іске асыруға болады.
Электрлік сигналдарды уақытша мультиплекстеудің ең қарапайым принципті сұлбасы сурет 2.3 берілген. А мен В кірісінен түсетін (М болуы мүмкін) импульстің екі сериясы мультиплексордің көмегімен топтық сигналдың ауысуына байланысты бірігеді. Топтық сигнал оптикалық сигналда оптикалық тасымалдаушыны модульдейді, содан кейін қайта жасалған жарық ағыны ОТ пен жүріп өтеді де, оптикалық таратқышта қайтадан электр сигналына айналады. Бұл сигнал демультиплексормен екі импульсті серияға бөлінеді, А´ мен В´ -дан шығысына түсетін кіріс.
Оптикалық сигналдың уақытша
Сурет 2.4 Оптикалық сигналдарды уақыттық мультиплексирлеу сұлбасы.
Сурет 2.5 Оптикалық сигналдарды толқындық мультиплексирлеу сұлбасы.
Оптикалық сигналдардың толқындық (спектральді) мультиплексиясында (сурет 2.5) қарапайым жағдайда электр импульсінің екі сериясы А мен В кірісінен оптикалық таратқышқа келеді, ол жерде ол ұзындықтары λ1 және λ2 толқынды оптикалық тасымалдаушымен модуляцияланады. Оптикалық мультиплексор монохроматикалық сәуле ағысын топтық ағысқа біріктіреді де олар ОТ бойымен өтеді. Оптикалық демультиплексор топтық ағысты екі монохроматикалық сәуле ағысына бөледі, ал оптикалық қабылдағыш оларды электр импульстерінің екі сериясына айналдырады.
ОТ толқындылығын
мультиплексиялаудың өзіндік
Бұл жүйенің негізгі ерекшелігі
қарсы сигналдардың арасындағы символаралық
бұрмалануының болуы, олар ОТ кері таралуынан
және құрылыс ұзындығындағы
Толқынды мультиплексияда оптикалық күштің салыстырмалы түрдегі жоғарғы тығыздығы аз да болсын сызықтық емес әсер қалдырады. Осының нәтижесінде оптикалық күшейткіштерді қолданғанда одан әрі күшейіп кететін монохроматикалық сәуле ағыстарының бір-біріне әсері пайда болады.
Сурет 2.6 Бір ОТ бойынша екібағыттағы (дуплексті) тарату жүйесі.
- Қажетті каналдың санының есебі мен тарату жылдамдығы.
Ұржар-Ақшоқы елді мекендерін байланыстыратын каналдардың саны мен жергілікті желілердің байланыс орны негізінен осы елді мекендердегі халықтың санына және жеке топтағы адамдардың өзара байланысқа қызығушылығына байланысты.
Қандай да болмасын бір елді мекендегі халықтың санын статистикалық тізім бойынша анықтап алуға болады.
Әдетте халықтың тізімі әрбір бес жылда өтеді, сондықтан да келешекте жоба жасағанда халықтың өсуін еске ұстау қажет.
Белгілі бір орында және оған қарасты айналысындағы жерлерде халықтың санын орташа есеппен алғандағы өсімін мына формуламен анықтаймыз:
(2.1)
мұндағы Н0- халықтың тізімге алынған уақыттағы саны, адам;
DН- осы жердегі халықтың орта есеппен алғандағы жылдық өсімі, 2-3 % деп алынады; t-белгіленген уақыттағы келешектегі жұмыс пен халықты тізімге алған жылдың айырмасы.
Ағымдағы жылмен салыстырғанда келешектегі жұмыстағы жыл 5-10 жылға алдын ала 5 жыл алынса, онда:
t=5+(tn-to),
мұндағы tn- жоба құрылған жыл, 2008 жыл;
to- Но берілген жылға жатады, 2007 жыл.
(2.1) және (2.2) формулаларын қолданып магистральдағы жол бойындағы елді мекендегі халық санын есептеп шығарамыз.
Ұржар:
t=5+(2005-2003)=5+1=7 жыл;
Ht = 9∙103 × [1 + ]7 = 10338 адам.
Мақаншы:
t=5+(2005-2003)=5+1=7 жыл;
Ht = 8,5∙103 × [1 + ]7 = 9764 адам.
Ақшоқы:
t=5+(2005-2003)=5+1=7 жыл;
Ht = 9,6∙103 × [1 + ]7 = 11027 адам.
Қарақол:
t=5+(2005-2003)=5+1=7 жыл;
Ht = 7,4∙103 × [1 + ]7 = 8500 адам.
Алтыншоқы:
t=5+(2005-2003)=5+1=7 жыл;
Ht = 4,5∙103 × [1 + ]7 = 5169 адам.
Көктерек:
t=5+(2005-2003)=5+1=7 жыл;
Ht = 6,8∙103 × [1 + ]7 = 7811 адам.
Ақырғы және аралықтағы мекендердің арасындағы байланыс статистикалық тізім бойынша байланыс бөлімдерінің алдыңғы жылдардағы жұмысы бойынша анықталады. Тәжірибе жүзінде бұл байланыстар тартылыс коэффициенті КТ арқылы көрсетіледі, зерттеулердің көрсеткеніндей ол кең көлемде тербеледі 0,1 % тен 12 % дейін. Жұмыста KT = 7 % деп аламыз немесе KT = 0,07.

- Оптикалық электронды құрал-жабдықтар
- Оптимазация налогообложения на примере ИП Белова
- Оптимальное рабочее место программиста
- Оптимальное управление запасами угля Змиевской ТЭС
- Оптимальные итерационные методы
- Оптимальный вариант взаимодействия университета - автономного учреждения с малыми наукоемкими фирмами
- Оптимизационные модели и алгоритмы автоматизированного рабочего места экономиста аналитика
- Определение содержания тяжелых металлов в прудовой рыбе, выращенной в различных районах Липецкой области
- Определение стиля текста инструкции, основанное на связи особенностей текста и специфики его перевода
- Определение, сущность и роль бизнес-плана в развитии современного предприятия
- Определение технологической эффективности ГРП на объекте Усть-Балыкского месторождения пласт БС
- Определение уровня финансовой устойчивости предприятия
- Определение этиологии бронхопневмонии телят
- О признании курсовой разницы в налоговом учете