Құқытық-нормалар
Мазмұны
1 Құқықтық норманың түсінігі, мазмұны, құндылығы мен негізгі сипаттары
- Құқықтық норманың түсінігі, мазмұны және құндылығы.....................
........5 - Құқықтық норманың негізгі сипаттары.....................
.............................. .........7 - Құқықтық норманың құрылымы, жүйелері және түрлері.......................
.......9
2 Құқытық қатынастардың түсінігі мен жалпы сипаттамасы
2.1 Құқықтық қатынастың түсінігі
мен мазмұны және оның негізгі
белгілері.....................
2.2 Қоғамдық қатынастар....................
2.3 Құқықтық қатынастардың түрлері.......................
3 Құқықтық қатынастардың субъектілері және объектілері,
субъективті заңды құқығы мен міндеттері.
3.1 Құқықтық қабілеттілік және
әрекеттілік...................
3.2 Құқықтық қатынастардың объектісі.....................
3.3 Субъективтік құқық және заңды
міндеттілік ..............................
3.4 Құқықтық қатынастың құрамының
бөлшектері, заңды және оқиғалы себептер
..............................
Қорытынды....................
Қолданылған әдебиеттер....................
Қосымшалар....................
Құқықтық норма – қоғамдық қатынастарды реттеуге қолданылатын әлеуметтік ережелердің бір түрі. Ол бүкіл халықтың мүддесін қорғаудың, мемлекеттің билігін, саясатын іс жүзінде асырудың құралы. Құқықтық норма қоғам мүшелерінің мінез – құлқын, іс әрекетін арнайы ережелермен реттейді. Құқықтық норма заңда ресмилендірілген нормативтік нұсқау. Ол жалпыға міндетті, мемлекеттің атынан баянды етілген, қоғамдық қатынастарды реттейтін билік. Оған мына белгілер тән. Құқықтық норма ең маңызды қоғам, тұлға үшін өте қажет қоғамдық қатынастарды бейнелейді. Құқықтық нормада қоғам, тұлға үшін пайдалы, қажетті қатынастармен қатар, зиянды қатынастар да бейнеленеді.
Қатынастар
құқықтық сипатты тек сол кезде
алады, егер әңгіме әлеуметтік маңызы
бар актілерді жүргізуге
Тақырыптың өзектілігі. Қоғамдық қатынастар - белгілі бір өндіріс тәсілі негізінде өндірісте және өмірде адамдар арасында қалыптасатын күрделі де сан қилы қатынастар. Философия тарихты материалистік тұрғыдан қоғамдық қатынастарды материалдық және идеологиялық деп екіге жіктеді. Материалдық қоғамдық қатынас объективті, адамдардың санасы мен еркіне байланысты емес. Материалдық қоғамдық қатынас ішіндегі ең бастысы өрі айқындаушысы адамдардың өндірістік қатынастары болып табылады. Өндірістік қатынастар қоғамдық өндіріс процесіндегі адамдар арасындағы материалдық экономикалық қатынастардың жиынтығы. Өндірістік қатынас қоғамдық өндірістің қажетті жағы. Жеке адам материалдық игіліктерді ендіре алмайды. Өндіру үшін адамдар белгілі байланыстар мен қатынастар жасайды, сөйтіп осы қоғамдық байланыстар мен қатынастар арқылы ғана олардың табиғатқа қатынасы болады, өндіріс орын алады.
Идеологиялық қатынастар адамның санасына байланысты болады. Оның ең маңыздылары саяси, құқықтық, моральдық, ұлттық, діни т.б. қатынастар. Құқықтық нормалар арқылы реттелетін қоғамдық қатынастардың барлық жиынтығы өзара заңды байланысқан реттелген бұлжымас бір ізді жүйелігінде.
Ғылыми жаңалығы. Адамдардың және олардың ұйымдарының арасындағы өмірлік қарым-қатынастардың әр түрлі жақтары және сыртқы көріністерінің өзіндік нысандары болады. Олар моральдік, саяси, ұлттық, діни, соған қосымша құқықтың болуы мүмкін. Әрбір қоғамдық қатынастар қиын және көпжақты құбылыстар, оларға әртүрлі қоғамдық мүдделердің бөлімдері және қажеттіліктері қосылуы ықтимал. Кейбіреулері құқықтық реттумен қамтылса, басқалары қамтылмайды. Мысалы, отбасы өмірінде заңды нысандарға көшетін әдеттегідей, материалдық қарым-қатынастар адамдардың дінге, өзіне қатынасы, құқықтық реттеу аясынан сыртта болады. Соған байланысты, қоғамдық қатынастардың бәрі бірдей толық көлемде заңды нысандарға көшпейді. Құқықтық қатынас адамдар арасындағы құқық нормаларымен белгіленген анық қатынастарды көрсетеді. Барлық қоғамдық құбылыстар обьективті түрде заңды бола алмайды. Дипломдық жұмыста құқықтық қатынастар мен нормалардың құндылығы, мазмұны, түсінігі, түрлері, субъектілері, объектілері мен субъективті заңды құқығы мен міндеттері толық айқындалған.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қоғамдық қатынастардың жиынтығынан белгілі бір ізділікті табу, оның ең бастысын, негізін анықтау. Қоғамдық қатынастардың өзара байланысын сипаттайтын зандылықтарды ашу ғылымның зор еңбегі. Қоғамдық өмірде қарым-қатынастар әртүрлі әлеуметтік топтар арасындағы қатынастар ретінде және сол ұжым ішіндегі қатынастар ретінде де өмір сүреді. Қоғамдық қатынастардың жиынтығы адамдар ұжымдары үшін олардың өмір сүретін белгілі бір әлеуметтік ортасы болып табылады. Қоғамдық қатынас антагонистік және антагонистік емес болып екіге бөлінеді.
Антагонистік қоғамдық қатынастар жеке меншікке және адамды қанауға негізделген қоғамдықэкономикалық формацияда болады.
Антагонистік емес қоғамдық қатынастар қанаушылық жоқ қоғамда болады. Мәселен, алғашқы қауымдық қоғам Марксизм болашақ коммунизм қоғамында да болуға тиіс деп түсіндіреді. Қоғамдық қатынастардағы кез келген түбірлі өзгеріс тек өндірістік қатынастардың өзгеруіне байланысты. Қоғамдық қатынастардың басым көпшілігі әлеуметтік нормалар арқылы реттеліп, басқарылып жатады. Қоғамның мүдде-мақсаттары, саясат, мемлекеттік билік т.б. күрделі мәселелер кұқықтық нормалар арқылы реттеліп, басқарылады. Өйткені бұл бағытта қоғамдық қатынастардың ең маңыздысы, ең күрделі түрлері топтасып, мемлекет пен кұқықтың ең жауапты қызметіне айналады –деп заңгер - ғалымдар тұжырымдайды.
Жұмыстың методологиялық негізі. Құқықтық қатынастар адамдардың өзара әлеуметтік байланысы, қарым қатынасы. Адамдар өмір сүру үшін, ұрпақты жалғастыру үшін т.б. себептермен бір-бірімен қарым қатынаста болады. Бұл объективтік процесс. Қоғамның диалектикалық даму процесіне сөйкес қарым-қатынастар да ескіріп, жаңарып жатады. Бұл процесс әртүрлі жолмен дамиды, адамдардың бостандығының, іс-әрекетінің шеңбері кеңиді. Ғылым мен техниканың дамуы қоғамдағы қарым-қатынастардың түрін шексіз көбейтіп, қарқынды деңгейде дамытты. Бірақ бұл қарқынды даму процесі адамды қоршаған ортаның экологиясын нашарлатты, табиғи ресурстарды, байлықтарды азайтты. Сондықтан адамдардың және қоғамның мүдде-мақсаттары тұрғысынан бостандықты дамыта отырып, кейбір қарым-қатынастарға шектеу қойылды.
Тақырыптың зерттеу объектісі. Қоғамдық қатынастар әртүрлі болады: саяси, моральдық, экономикалық, әлеуметтік, ұлттық, діни т.б. байланыстар. Бұл байланыс қатынастар моральдық, әдет-ғұрып, діни, құқықтық нормалармен реттеледі. Мысалы, отбасы қатынастардың көпшілігі дәстүр, діни нормалармен реттеліп жатады.
Қоғамдағы барлық қатынастар құқықтық нормалармен реттелмейді, тек әлеуметтік, қоғамдық мүдде-мақсаттарды қамтитын қатынастарды реттеп, басқарып отырады.
Зерттеу жұымысының мақсаты мен міндеттері. Дипломдық жұмыстың мақсаты қатынастың субъектілерінің екі жақты құқықтары мен міндеттерінің толық көрсетілуі. Бір жағының кұқығы екінші жағының міндеттеріне сәйкес, тең келеді. Субъектілердің бостандығы тең болады. Субъектілер өз еріктерімен, өз мүдде-мақсаттарын іске асыру үшін құқықтық қатынас жасайды. Егер қатынаста нормативтік актінің мазмұны бұзылса немесе субъектілер өз міндеттерін дұрыс, толық орындамаса, мемлекеттің қатынасуымен бұл кемшіліктер түзетіліп, жауапкершіліктің түрін анықтауға тиіс.
Теориялық және практикалық маңыздылығы. Қоғамдағы барлық қатынастар және нормативтік актілер құқықтың жүйе саласына сәйкес бірнеше түрге бөлінеді: мемлекеттік, әкімшілік, азаматтық, қылмыстық, қылмыстық процессуалдық, азаматтық-процессуалдық, т.б. құқықтар. Құқықтық норманың атқаратын ісіне қарай қатынастар екіге бөлінеді: реттеуші және қорғаушы. Реттеуші нормалар қатынастарды реттеп, басқарып, дамытып отырады. Қорғаушы нормалар қарым-қатынастардың дұрыс, заңға сәйкес орындалуын қамтамасыз етеді. Оның теориялық негіздерін заңгер ғалымдар ғылыми тұжырымдамаларымен практикалық мәні бар еңбектері құрайды.
Жұмыстың құрылымы және көлемі. Жұмыс кіріспеден, үш тараудан, он параграфтан, қорытнды мен пайдаланылған әдебиеттерден тұрады. Көлемі алпыс үш беттен тұрады.
1 Құқықтық норманың түсінігі, мазмұны, құндылығы мен негізгі сипаттары
1.1 Құқықтық норманың түсінігі, мазмұны және құндылығы.
Құқықтық норма – қоғамдық қатынастарды реттеуге қолданылатын әлеуметтік ережелердің бір түрі. Ол бүкіл халықтың мүддесін қорғаудың, мемлекеттің билігін, саясатын іс жүзінде асырудың құралы. Құқықтық норма қоғам мүшелерінің мінез – құлқын, іс әрекетін арнайы ережелермен реттейді.
Жеке дара норма немесе
нормалардың бір жүйесі
құқық бола алмайды. Құқық деп
қоғамның билігін, саясатын, мүддесін
іс жүзіне асыруды толық
Заң
нормаларында анықтамалар
Құқықтық норма заңда ресмилендірілген нормативтік нұсқау. Ол – жалпыға міндетті, мемлекеттің атынан баянды етілген, қоғамдық қатынастарды реттейтін билік. Оған мына белгілер тән. Құқықтық норма ең маңызды қоғам, тұлға үшін өте қажет қоғамдық қатынастарды бейнелейді.
Құқықтық нормада қоғам, тұлға үшін пайдалы, қажетті қатынастармен қатар, зиянды қатынастар да бейнеленеді. Заң бұзушылық қоғамға, тұлғаға шексіз зиян келтіруі мүмкін. Құқықтық норма осындай іс - әрекеттерді де қамтиды. Құқықтық норманың екінші белгісі – ол реттелетін қоғамдық қатынастардың үлгісі (моделі) болып саналады. Үлгі – оң және теріс мінез – құлықтың бейнесі болуы мүмкін. Тұлға өзіне жүктелген міндетті қалқысыз орындаса, ол оң үлнгіге жатады. Егер адам заң бұзса, онда ол теріс үлгіге жатады. Құқықтың норманың жалпыға бірдей сипаты бар. Құқықтық нормада нақтылы, жеке субъектілер көрсетілмейді. Ол
реттейтін қоғамдық қатынастарға қатысатындардың барлығы құқықтық норманың талабына бағынуы қажет. Мемлекет, қоғамдық бірлестіктер, жеке адам заң нормасының талабын мүлтіксіз сақтауға, орындауға міндетті. Заң нормасының талабын өз еркімен орындамаса, оны бұзған тұлғаға мемлекет тарапынан мәжбүрлеу шаралары қолданылады. Демек, заң нормасын мемлекет қорғайды.
- құқықтың нормалар
қоғамды реттеп басқарудың
- құқықтың нормалар
қоғамдық құрылыс жүйені
- құқықтың нормалар қоғамның дамуына пайдалы қатынастарды қолдап, қолайсыздарын қысқартып, эканомиканың әлеуметтік жағдайдың жақсаруына мүмкіншілік жасап отырады;
- құқықтық
нормалар қоғамда әділеттікті,
теңдікті, бостандықты және тағы
басқа демократиялық
- құқық нормалар
халықаралық, мемлекетаралық
Құқық – жалпыға бірдей
Адамдардың бостандығын
Біріншісі – адамдардың өздерінің, өз істерін, өз тәртібін жобалау – жоспарлауы (ішкі бостандық);
Екіншісі - өз мүдде – мақсаттарын өздері анықтап, оны өздерінің жүзеге асыруы (сыртқы бостандық).
Қоғамдағы барлық прцесс, барлық қарым – қатынастар құқықтық нормалар арқылы реттеліп, басқарылып жатады. Нормативтік актілер әлеуметтік жеке мемлекеттік ықпал ету қасиеттерін біріктіріп, қоғамның дұрыс, жағымды дамуына, жалпы халықтық тәртіптің нығаюына мүмкіншілік жасап отырады.
1.2 Құқықтық норманың негізгі сипаттары:
1. Норма қоғамға,
адамдарға ең қажетті, керекті
қарым – қатынастарды реттеп,
басқарып отырады. Ол
2. Норма көп қатынастардың мазмұнын, орындалу бағыттарын, әдіс – тәсілдерін алдын ала анықтап, көрсетіп отырады, болашақ қатынастың, оны реттеудің, орындалуының «үлгісінә»жасайды. Міне осы «үлгілерді» зерттеу арқылы ғалымдар мемлекеттердің өткен тарихымен танысып жатады.
3. нормативтік
актілердің көпшілігі өзгермей
қатынастарды көп жылдар дұрыс,
Бұл екі жақты әлеуметтік тұрақты процессті типизация деп атайды. Мұның маңызы өте зор. Заңдылықты нығайтуға, құқықтық тәртіпті сақтауға зор үлес қосады.
4. Нормативтік
актілер жалпы мемлекеттік
Құқықтық нормалардың
1. норма мемлекеттік
органның қабылдаған бекіткен
актісі, оның заңды күші бар.
Мұндай нормалар қоғамдағы
2. Нормада субъектілердің құқығы мен міндеттері, орындалу жолдары толық көрсетіледі. Егер де көрсетілмесе субъектілердің еркінде, тек заңға нышан келтірмеулері керек.
3. Норма ерікті
түрде орындалмаса, еріксіз
4. Құқықтық нормалардың жүзеге асырылуын, орындалуын мемлекет қамтамасыз етеді.
5. Құқықтық норма адамдардың, қоғамның тәртібінің кепілдігі болуы.
Құқықтық нормасыз қоғамда ешқандай дәрежелі заңдылық, тәртіп, жоспар, мағыналы, сапалы, қарым – қатынас болуға тиіс емес. Құқықтық норманың мазмұны толық болуы керек. Сонда ғана оны дұрыс орындауға болады. Өмірде мазмұны толық емес нормалар кездеседі. Бір нормада қатынастың мазмұны көрсетіледі, екіншісінде – оны қашан, қандай жағдайда қолдануды көрсетеді, үшіншіде – қолдану нәтижесін көрсетеді. Үшеуін біріктірсе толық норма болып шығады. Мұндай норманың құрылысы өте сирек кездеседі.
Нормалардың басым көпшілігі толық түрде болады. Егер де толық болмаса, жетіспейтін елементтерін сілтеме арқылы тауып алуға болады.
Сонымен, құқықтық норма – қоғамдағы қатынас субъектілерінің құқықтыры мен міндеттерін реттеп, басқарып отыратын жалпыға бірдей мемлекет пен қамтамасыз етілетін ереже – қағида. Құқықтық норма заңда ресмилендірілген нормативтік нұсқау. Ол – жалпыға міндетті, мемлекеттің атынан баянды етілген, қоғамдық қатынастарды реттейтін билік. Оған мына белгілер тән. Құқықтық норма ең маңызды қоғам, тұлға үшін өте қажет қоғамдық қатынастарды бейнелейді.
1.3 Құқықтық норманың құрылымы, жүйелері және түрлері.
Құқықтық нормалардың
Негізгі заңды нормаларда элементтердің мазмұны норманың кіріспесінде немесе бірінші бабында толық көрсетіледі. Мысалы, Қазақстан Республикасының (салық туралы) заңында норманың элементтері 1 – бабында көрсетілген.
Тәртіп ережелерінің
Диспозиция – қатынастың мазмұны мен субъектілердің құқығы мен міндеттерін көрсетеді. Диспозиция норманың дінгегі, құқықтық тәртіптің үлгісі – моделі. Мысалы, КР, АЗК, 482 б. Екі немесе көп жақты мәмілелер мен шарттардағы тұлғалардың міндеттері мен құқықтары айқын көрсетілуі. Диспозицияның үш түрі болады:
- айқын түрі – диспозицияның мазмұны нормада анық көрсетіледі. Мысалы, қылмыстық кодекстің баптарына диспозицияның мазмұны толық көрсетіледі;
- сілтеу түрі – диспозицияның мазмұны туралы басқа нормаға сілтеу жасалады. Мысалы, азаматтық кодекстің бірнеше баптарына сілтеме қолданады.
Гипотеза – диспозиция қашан басталады, қашан аяқталады, нормативтік акті қалай орындалуы керек, осы жағдайларды көрсетеді. Мысалы, бұзақылық үшін жауапқа тартылатын адам қоғамдық тәртіпті бұзуы керек (Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 7 – ші бабы). Гипотезаның үш түрі болады:
- егерде норманың іс - әрекеті бір жағдайдың болуы немесе болмауымен байланысты болса, мұндай гипотезаны жалпылама деп атайды;
- егерде норманың жұмысы бірнеше жағдайдың болуы немесе болмауымен байланысты болса, ондай гипотезаны – күрделі гипотеза деп атайды;
- егер де норманың, іс - әрекеті бірнеше жағдайдың біреуін таңдау арқылы басталса, мұндай гипотезаны алтернативтік гипотеза деп атайды.
Санкция – диспозиция мен гипотеза дұрыс орындалмаса, оның жағымсыз салдары және жауапкершіліктің басталуы мен қолданылуы. Санкцияның үш түрі болады:
- абсалютті айқын санкция; жұмыстан шығару, қызметін төмендету, айып төлеу және тағы басқалар:
- салыстырмалы айқын санкция; минимум мен максимумның арасындағы жауапкершілік (қылмыстық кодекстік баптар);
- альтернативтік санкция. Санкцияның көрсетілген түрлерінің қайсысын қолдану тиісті мекеменің еркін құзырында.
Осы үш элементтер толық болса ғана нормативтік акті өз міндетін, өз ролін дұрыс, уақытында, жақсы орындай алады. Егер де нормада бір екі элементтері жоқ болса, сілтеме арқылы оларды тауып алу керек.
Нормативтік актілердің жеке
баптарында норманың
Құқықтық нормалардың
1. Тікелей норманың
үш элементін (гипотез,
2. Сілтеме тәсіл
норманың жетіспейтін элементі
туралы осы заңның басқа
3. Бланкеттік тәсіл – норманың жетіспейтін элементі туралы басқа заңға қаулыға сілтеме жасау.
Сонымен құқықтық норма,
Оларды міндетті түрде іздестіріп табу қажет.
Құқықтық нормалар бірнеше
1. Қоғамның әр
саласына қарай өндірістік, ауыл
– шаруашылық құрылыс,
2. Құқықтың саласына қарай мемлекеттік, әкімшілік, қаржы, еңбек, жанұя, азаматтық, қылмыстық, азаматтық – пролцессуалдық, қылмыстық – процессуалдық тағы басқа салалардағы нормалар.
3. Атқаратын жұмысына қарай нормалар екіге бөлінеді: реттеуші нормалар; қорғаушы нормалар.
4. Мазмұнына қарай нормалар үшке бөлінеді: міндеттеуші нормалар; тыйым салуша нормалар; ерік беруші нормалар.
5. Норма элементтерінің
құрылымына қарай нормативтік
актілер үшке бөлінеді: нақты
белгілі нормалар – мазмұны
толық анық жазылған
6. Субъектілеріне қарай нормалар екіге бөлінеді: жалпылама нормалар, арнаулы нормалар.
7. Мамандандырылған
құқықтық нормалар – қоғамның
мамандық салаларының қарым –
қатынасын реттеп, басқратын нормалар.
Мысалы, азаматтық, қылмыстық,
Міне осы көрсетілген бағыттар бойынша құқық өзінің күнделікті қоғам өмірін реттеп, басқарып отырады. Мазмұны жағынан құқық нормалары заңдылық пен құқық тәртібі, азаматтардың құқығы мен міндеттері, заңдарды өзгерту, жетілдіру, толықтыру жөніндегі пікеірлер мен көз қарастарды жинақтап құқықтың қоғамдағы міндеттерін орындаудағы жұмысын дамытып, жақсартып отырады. Құқықтық нормалардың мүлтіксіз орындалуы азаматтарды тәрбиелеу, бақылау әдістері мен қатар әкімшіліә немесе соттық жауапқа тарту арқылы қамтамасыз етіледі.
Құқықтық норма – қоғамдық қатынастарды реттеуге қолданылатын әлеуметтік ережелердің ең күрделі түрі.
2 Құқықтық қатынастардың түсінігі мен жалпы сипаттамасы.
2.1 Құқықтық қатынастардың түсінігі мен мазмұны және оның негізгі белгілері.
Құқықтық қатынас –тек құқық нормаларымен белгіленген қоғамдық қатынастардың бір жағы ғана, оның арнайы көріну нысаны. Н.М. Коркунов айтқандай, ғылыми зеттеулер үшін ең маңыздысы, жалпы заңдылық нысанындағы бір жақты қатынастарды әр түрлі мазмұндарынан айыру. Сол мақсат үшін, заңгерлер ой күйінде, заңды қатынастарды құрайды, тек олар түгелімен, қалтарыссыз бір ғана құқық нормаларымен белгіленуі қажет.
Құқықтық қатынас жалпы құқықтық нормалардағы бағдарламаларды (обьективтік құқық) белгілі (субьективтік) құқыққа және қоғамдық қатынастарға қатынасушылардың міндетіне айналдыратын құрал болып табылады. Құқық обьективтік мәнінде құқық нормаларының жиынтығы, құқықтың мазмұнын, жекеленіп белгіленбеген субьектілер ортасының міндетін белгілейді. Онда құқық нормаларының аясындағы көп адамдарға қатынасы бар бағдарламалар бар.
Құқық субьективтік жағынан алғанда, жекелеген құқық, ондағы жалпы заңды құқықтар және міндеттер белгілі адамдарға арналған, сондықтан оны құқықтық қатынас арасына көшіреді.
Құқықтық қатынас мемлекетпен қорғалатын жақтардың арасындағы пайда болатын, заңдылық құқыққа және міндеттілікке сай біріккен қоғамдық қатынастар. Құқықтық қатынас сыртқы еркіндіктің өлшемі, оның қатынасушыларына құқық нормалары арқылы беріледі.
Біріншіден, құқықтық
қатынас құқық нормаларының
Дегенмен, өмірлік қатынастардың барлығы бірдей, құқық нормаларының көмегімен реттелмейтіндігін ескеруіміз қажет. Олардың көбісі моральдік, қоғамдық ұйымдардың ғұрып нормаларымен реттелетін қатынастар.
Құқық нормаларымен құқықтық қатынастардың қарым-қатынасы не десек? Құқық нормаларында адамдардың жалпы заңды құқықтары мен міндеттері бекісе, құқықтың ұйғарымына сай адамдардың мүмкіндігі, не болмаса міндеттеріне айналған қоғамдық қатынастардың кейіптік үлгісі белгіленеді. Олар белгілі адамдармен құқықтың талаптарына сай орындалса іске асады, яғни құқықтық қатынастарға кірсе. Құқықтық қатынастардың жақтары белгілі заңдылық құқықтарымен және міндеттерімен құқық нормаларында бекітілген жалпы нысанда қамтамасыз етіледі. Соған байланысты құқықтық қатынастар арқылы, құқықтық нормалардың талабы нақтылы түрде іске асырылады .
Екіншіден, құқықтық
қатынастардың, қатынасушылары
Үшіншіден, құқықтық қатынас сапалы ерікті сипатта болады. Жеке адамдардың еркінен тәуелсіз обьективті пайда болатын эканомикалық қатынастардан айырмашылығы, құқықтық қатынас әр уақытта жеке-ерікті сипатта болады. Сапалы – еріктегі құқықтық қатынастың мазмұны, бір-біріне аралас екі бағыттан тұрады. Бір жағынан, олар құқық нормаларының негізінде пайда болған сапалы еріктегі адамдардың қызметі (құқықтық творчестводағы органдар). Екінші жағынан, құқықтық қатынастардың субьектілері құықтық нормалармен белгіленген заңдылық құқықты және міндеттерді өздерінің ерікті, саналы қимылдарымен іске асырады.
Төртіншіден, құқықтық
қатынас мемлекет кепілдігіне
алынады және қажет болған
кездерде оның күшімен

- Құрметті мемлекеттік аттестаттау комиссияның төрағасы
- Құрылыс алаңының жобалық сипаттамасы
- Құрылыс өндірісінің технологиясы мен ұйымдастырылуы
- Құрылыс ұйымдарында есеп пен аудитті ұйымдастыру
- "Қыз Жібек" жыры және оның поэтикасы
- Қылмыc саралау
- Қылмыс құрамының субъективтік жағын талдау
- ҚР қылмыстық құқық негізінде жаза белгілеудің ерекшеліктері
- ҚР-ң бюджет жүйесінің әлеуметтік экономикалық мазмұны мен құрылымы
- ҚР президенті Н.Ә. Назарбаевтың публицистикасындағы ғылым, білім, мәдениет және ақпараттық саясат мәселелері
- ҚР салықтық жүйе: қалыптасу кезендері бүгінгі жағдайына сипаттама
- ҚР төлем жүйесі және оның даму тенденциялары
- Қр ұлттық банкі: оның экономикаға ықпал ету механизмдері мен құралдары
- Құқықтық норма