ҚР салықтық жүйе: қалыптасу кезендері бүгінгі жағдайына сипаттама
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1
ТАРАУ САЛЫҚТАР
ЖӘНЕ САЛЫҚ ЖҮЙЕСІН
ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗІ........................
- Салықтар
ұғымы және олардың әлеуметтік-
экономикалық мәні…………………………………………………………………… .…......4 - ҚР-ғы салық
жүйесін ұйымдастыру ерекшеліктері мен
салық санкциялары…….................
.............................. .............................. ..............11
2
ТАРАУ САЛЫҚТАН
ЖАЛТАРУ ЖӘНЕ САЛЫҚ
ОРГАНДАРЫНЫҢ САЛЫҚТЫҚ
ТҮСІМДЕРДІ БАҚЫЛАУ
ЖӘНЕ САЛЫҚ САНКЦИЯЛАРЫН
САЛУ ҚЫЗМЕТІ …………....................……....
2.1. Салықтан
жалтару себептері және әсері…………………………...............
2.2. ҚР бюджетіне
төленетін салықтар және басқа да
міндетті төлемдерді алуды ұйымдастыру
және салықтан, жалтару тәжірибелерін
талдау……………...................
2.3. Қазақстандағы салықтар, алымдар мен төлемдердің,
алыну ерекшеліктері және
3.
ТАРАУ САЛЫҚТАН
ЖАЛТАРУҒА БАЙЛАНЫСТЫ
САЛЫҚ САНКЦИЯЛАРЫН
ҚОЛДАНУ МЕХАНИЗМІН
ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ.......................
3.1. Салық
санкцияларын пайдалану проблемалары
мен шешу жолдары…………………………………….........
3.2. Салық
саясатындағы салық санкцияларының рөлін
арттыру.....................55
ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………
ҚОЛДАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық экономикалық құрылысы мен салал іс бағытына қарамастан ұлттық мемлекет кірістерінің негізгі көзі - ұлттық табысты қайта бөлудің басты қаржылық инструменті, мемлекеттің кірістерін және бюджеттің кірістерін қалыптастырудың шешуші көзі болып табылады.
Салықтар мемлекетпен бірге пайда болды және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады. Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі әрқашан салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен қаббаттаса жүреді.
Салықтардың экономикалық мәні мемлекеттің заңды және жеке тұлғалармен қалыптасатын ақша қарым-қатынастарымен сипатталады, сондықтан салықтар экономикалық категория ретінде қаралуы мүмкін. Салықтарда мемлекеттің экономикалық мазмұны нақты түрде көрінеді, ал салықтардың әлеуметтік-экономикалық мәні, олардың түрлері мен рөлі қоғамның экономикалық құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады. Белгілі философ Френсис Бэкон салықтарды төлеу әрбір азаматтың қасиетті борышы деген еді. Қазақстан Республикасы Конституциясының 35-бабында: заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады, - деп жазылған.
Бірақ, нарық экономикасының кейбір объективті және субъективті жағдайларына байланысты салықтан жалтару және салық салық санкциялары мәселелері туындалады. Кәзіргі уақытта салықтан жалтару – еліміздің негативті факторы болып саналады. Осы мәселенің маңызы зор болғандықтан және зерттеуге тұратындығынан, таңдаған тақырыптың өзектілігі белгіленеді..
Диплом жұмысының мақсаты – қазіргі бәсеклестік экономикада салықтан жалтарыдың себептерін анықтай отырып, салық санкцияларын салу механизмін жетілдіру жолдарын қарастыру.
Диплом жұмысының міндеттеріне мыналар жатады:
- салықтың әлеуметтік-экономикалық мәнін ашу және қызметтерін көрсету;
- салық салуды ұйымдастыру прициптерін қарастыру;
- салық жүйесінің құрылмын қарастыру;
- салық салуды ұйымдастыру ерекшеліктерін көрсеті;
- ҚР-ға салық ұйымдарының салық салықтан жалтаруды анықтау және салық салу сакцияларын қолдану механизміне баға беру;
- Салық сакцияларын жетілдіру жолдарын қарастыру.
Жұмыстың құрылымы – кіріспе, қорытынды және 3 тараудан тұрады:
І тарау – Салықтар және салық жүйесін ұйымдастырудың теориялық негізі.
ІІ
тарау – Салықтан жалтару және
салық органдарының салықтық түсімдерді
бақылауы. ІІІ тарау – Салықтан
жалтаруға байланысты салық сакцияларын
салу механизмін механизмін жетілдіру.
1
ТАРАУ. САЛЫҚТАР
ЖӘНЕ САЛЫҚ ЖҮЙЕСІН
ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗІ
1.1.
Салықтар ұғымы
және олардың әлеуметтік-
Салық және салық салу түсініктерін айыра білген жөн. Салық бұл – экономикалық және қаржылық категория, ал салық салу бұл – экономикалық - хұқықтық механизмді пайдалана отырып жүзеге асырылатын алым алу үрдісі.
Салықтар – бұл мемлекеттің белгілі бір мөлшерде және белгілі бір уақытта салатын міндетті төлемдері.
Салықтардың экономикалық мәні мемлекеттің өз функциялары мен мақсаттарын жүзеге асыру үшін жарамды ұлттық табысының бір бөлігін құрайтындығында.
Салықтар қаржының бастапқы категориясы болып табылады.
Салықтар
мемлекеттің қалыптасу кезінде
пайда болып, оның өмір сүруінің негізі
болып табылады. Адамзат дамуының
тарихында салықтардың
Салық ауыртпалығын бөлудің тарихи қалыптасқан 2 қағидаты бар:
- Түсірілген пайда қағидаты (алынған, игіліктердің).
- Қайырымдылық қағидаты (төлем төлеу қабілетіне).
Алғашқы қағидат бойынша әр субъектіге салық оның мемлекет қызметінен күтетін пайдасына пропорционал көлемде салынуға тиіс: үкіметтің ұсынатын тауарларынан игіліктер мен қызметтерді ең көп алатындар сол тауарлар мен қызметтерді қаржыландыру үшін қажетті салықтарды төлеуге міндетті. Мысалы, жолды жөндеу қорын қалыптастыратын көлік жолдарын пайдаланушылардың төлемдері және басқа да төлемдер.
Бұл қағидаттың қолданылуы қорғаныс, қоғамдық қауіпсіздік, білім жүйесі сияқты және тағы басқа игіліктерге қатысты тиімсіз болып табылады. Тұрмыстық жағдайы нашарлар мен жұмыссыздарға төленетін қайырымдылық жәрдемақыларын қаржыландыру кезінде бұл қағидатты қолдану мүмкін емес.
Екінші қағидатқа сәйкес субъектілерге салық салу оларға “қайырымдылық” тиімді болатындай етіп салынуы керек, яғни салық ауыртпалығы таза табыс пен жетілген жағдай деңгейіне тәуелділікте болуы керек. Бұл қағидат бойынша жоғары табыс табатын жеке тұлғалар, кәсіпкерлер мен кәсіпорындар табысты аз мөлшерде табатындарға қарағанда салықтарды жоғары көлемде төлеуге міндетті.
Бұл қағидаттың мәні – табыстың әрбір қосымша бөлігі қанағаттандырылудың өсімінің азаюына әкеледі, өйткені шаруашылық субъектілері ақша қаражаттарын бірдей көлемде жұмсамайды. Түскен табыстың бір бөлігі кез-келген уақытта күнделікті қажеттіліктегі тауарлар мен қызметтерге, яғни неғұрлым пайдалы тауарлар мен қызметтерге жұмсалады. Қалған бөлігі басқа да тауарлар мен қызметтерге жұмсалады. Демек, жағдайы нашар адамнан алынатын ақша ауқатты адамнан алынатын ақшаға қарағанда үлкен қиындықпен (құрбандықпен) беріледі. Сондықтан да түскен табыстан салыққа кететін шығындарды баланстау үшін салықты түсетін табыс мөлшеріне сәйкес салу керек.
Төлем төлеу мүмкіншілігі мен алынған игіліктерге салық салу қағидаттары салық мөлшерін белгілеу мен оның табыс мөлшеріне байланысты өзгерісіне алып келеді.
Салықтарды рационалды түрде (дұрыс) ұйымдастырудың классикалық қағидатын А.Смитт ұсынған еді. Бұл қағидат бойынша:
а) Салық әрбір салық төлеушінің табысына сәйкес мөлшерде салынуы керек (әділеттік қағидаты).
б)
Салық мөлшері мен төлем
в) Салық салық төлеушіге ыңғайлы уақытта және ыңғайлы тәсілмен алыну керек (ыңғайлылық қағидаты).
г) Салық алу шығындары минималды мөлшерде болуы керек (үнемдеу қағидаты).
Бұл
қағидаттың қолданылуы салық салу үрдісіне
белгілі бір тәртіп енгізіп, А.Смитт
бұдан мынадай қорытындыға
- Салық салудың әділеттілік қағидаты 2 аспектте қарастырылады:
а) “көлденең
теңдікке” қол жеткізу “
б) Қоғамдық
жағдай мен табыс деңгейі әртүрлі
салық төлеушілер міндеттері бойынша
заң алдында төлеушілер міндеттері
бойынша заң алдында “
Демек,
ауқатты адамдардың табыстарының бір
бөлігінің салықты аз мөлшерде немесе
мүлдем төлемеуге тиіс тұрмыс жағдайы
нашарларға қайта бөлу үшін жеке тұлғаларға
салық прогрессивтік шкала
2. Қарапайымдылық қағидаты.
Бұл қағидат бойынша салықтың мәні мен қызметі, қолдану сферасы мен жүзеге асу механизмі, салық туралы заң салық төлеушіге түсінікті әрі қарапайым болуы керек. Салық салу нысанын анықтаған кезде техникалық жағынан қарапайым нысандарына көңіл бөлу керек, өйткені салық төлеушілердің көп бөлігі салық төлеуден бас тарту үшін өз табыстарын төмендетеді. Сызықтық пропорционалды салықтарды қолданудың прогрессивті салықтарға қарағанда артықшылығы бар. Тұтынуға салынатын сызықтық салықты қосылған құнға салынатын салық, қызметкерлер мен жұмысшылардың табысымен біртұтас сызықтық салық, пайдаға салынатын біртұтас сызықтық салық түрінде салған жөн. Мұндай салықтың мөлшерлемесі салық төлеуші кәсіпорынның нысанына қарамастан бәріне бірдей болуы керек.
3.
Салықтардың анықтылығы - алдын ала
белгіленген шарттар мен
4.
Кейбір ерекше жағдайлардан
Әлеуметтік саясат, денсаулық сақтау, мәдениеттің дамуы үшін мемлекеттік қаржыландыру қажет, бірақ бұған қажетті қаржыны салықтық мөлшерлемені өзгерту, манипуляциялау арқылы алуға болмайды. Саяси билік жеке топтардан қысым көрмеуге тиіс.
Бұл қағидат нарықтық экономика көзқарасымен де маңызды болып табылады. Нақты бағаларсыз нарықтың болуы да мүмкін емес. Кез-келген салықтық жеңілдіктер баға жүйесіне әсер етіп, әрбір өнімнің нақты құнын көрсете алмайды.
Қазақстанның салықтар мен басқа да бюджетке төленетін міндетті төлемдер туралы заңында салық салудың міндетті болуы, салық жүйесінің біртұтастығы, салық заңының күші сияқты қағидаттары да атап көрсетілген.
Мемлекетке түсетін салықтық түсімдердің өзіне тән ерекшелігі бұл – олардың әртүрлі қоғам қажеттіліктеріне ырықсыз жұмсалуы болып табылады. Салықтар осы ерекшелігімен мемлекет және басқа да билік органдары белгілейтін міндетті мақсатты салымдардан, әртүрлі төлем түрлерінен ерекшеленеді. Бұл төлемдерге әлеуметтік сақтандырудың мақсатты төлемдері, салымдар, арнайы қорларға қаржы-қаражат аудару, сондай-ақ, өнімнің өзіндік құнынан, қызметтерден, табыстардан, еңбекке ақы төлеу фонды, амортизациядан белгілі бір ұзақ мерзімде аударылатын бюджеттен тыс төлемдер жатады.
Салықтардың мәні олардың функцияларында көрінеді. Жалпы, қаржы категориясы тұрғысынан қарағанда, салықтар субкатегория болып табылады. Сондықтан да, салық функцияларын қаржыға қатысты қарастыратын болсақ, оларды қаржының бөлу функциясын құрайтын қосымша функциялар деп қарастыру қажет.
- Тарихи алғашқы функция болып фискалды функция табылады. Бұл функция мемлекеттік бюджетке қаржы-қаражаттардың түсімін қамтамасыз етеді. Фискалды функция мемлекетке ақшалай табыстардың түсім көлемінің өсімін өндірістің ақша-тауар қатынастарының дамуына байланысты анықтайды.
- Салықтардың қайта бөлу функциясының қызметі бұл - әртүрлі субъектілердің табысының бір бөлігін мемлекет пайдасына қайта бөліп беру. Бұл функциядағы өлшемдер (масштабтар) салықтардың ЖҰӨ - дегі үлесіне байланысты анықталады. Үлес ҰТ-тың мемлекеттен деңгейін көрсетеді, ол 2004 ж. – 19,7%, 2005. ж. - 16,6%, 2006 ж. - 17,4% болды.
- Үшінші функция – реттеуші функция – мемлекеттің экономикалық қызметінің кеңеюіне байланысты пайда болады. Ол ұлттық шаруашылықтың дамуына қабылданатын бағдарламаларға сәйкес мақсатты түрде әсер етеді. Бұл жерде салық түрін таңдау, олардың мөлшерлемесін өзгерту, алу тәсілдері, жеңілдіктер қолданылады. Бұл реттеуіштер қоғамдық өндірістің құрылымы мен пропорциясына, шоғырлану мен тұтыну көлеміне әсер етеді. Сөйтіп, соңғы жылдар Қазақстанға салықтық төлемдердің қажетті мөлшерден төмен деңгейде болуы тән болып отыр. Ол салықтардың жеткіліксіз түрде жиналуымен – салық бас тартушылықпен түсіндіріледі.
Мемлекет салық саясатын – салық аясындағы жүргізілетін шаралар жиынтығын - қоғамның дамуының әрбір нақты кезеңінің алдына қойылған мақсаттары мен тапсырмаларына байланысты, қалыптасқан экономикалық саясатқа сәйкес жүзеге асырады.
Нарықтық қатынастардың қалыптасу жағдайында салық саясатының негізгі бағыты бұл - өзін ақтамаған жергілікті халықтың нақты табысының маңызды бөлігін тұтынушылардың орталықтандырылған қоғамдық қорлар арқылы құрастыру принципінің қалдығы. Бұл еңбектің күшеюін көздейтін мотивациялық-экономикалық механизм арқылы еңбекке жарамды халықтың табысын біршама ұлғайтуға алып келеді. Соның жүйесі арқылы қоғамның жұмысқа жарамсыз бөлігін әлеуметтік қорғаудың неғұрлым сенімді және нәтижелі түрі қамтамасыз етіледі.
Салықтар – мемлекет белгілейтін, белгілі бір мөлшерде және бір мерзімде алынатын міндетті төлемдер.
Салықтардың экономикалық мәні өз қызметін жүзеге асыру үшін мемлекетте жинақталатын ұлттық табыстың бір бөлігін білдіреді.
Салықтар қаржының маңызды категорияларының бірі болып табылады.
Салықтар мемлекетпен бірге пайда болды, оның өмір сүруінің негізі болып табылады. Адамзат дамуының барлық тарихында салық нысандары мен әдістері мемлекет сұранысына және қажеттіктеріне қарай өзгеріп, жаңартылады. Салықтар өзінің ең үлкен дамуына тауар–ақша қатынастарының жүйесінде жетілді.
Салық салу қағидаларына мыналар жатады:
- әділдік қағидасы екі тұрғыда қарастырылады:
- горизонталды әділдік – салық төлеушілердің табысына салық бірдей шарттарда, бір түрде салынуы тиіс;
- вертикалды әділдікті сақтау салық табыстың бөлігін қайта бөлу үшін дифференциалды ставкаларды пайдаланып, прогрессивтік шкаламен салынуы тиіс;
- қарапайымдылық қағидасы. Салық механизмі салық төлеушіге түсінікті әрі қарапайым болуы керек;
- жеңілдіктердің минималды мөлшері. Жеңілдіктер құндық пропорцияларды бұрмалап және біле тұра салық салу субъектілерін тең емес жағдайларға қояды;
- салық салудың экономикалық бейтараптығы. Салықтар экономика мен инвестицияның өсуіне, жұмыс істеуінің жақсаруына кедергі келтірмеуі керек;
- салық ставкалараның осы елдің экономикалық ынтымақтастық жөніндегі елдер салықтарымен негізгі түрлері бойынша салыстырмалылығы;
Салық түрлерінің мемлекеттегі ерекшелігі болып әр түрлі қоғамдық қажеттіліктері үшін бейнесіз пайдалануы табылады.
Салықтардың мәні функциясында көрініс табады:
1) мемлекеттік бюджетке түсімді қамтамасыз ететін тарихи бірінші қызметі салықтың фиксалдық қызметі болып табылады;
2) салықтардың қайта бөлу қызметі мемлекет пайдасына әр түрлі шаруашылық жүргізуші субъектілер табыстарының бөлігін қайта бөлу болып табылады. Бұл салада қызмет ету масштабы жалпы ұлттық өнімдегі салықтардың үлесімен анықталады: ол ұлттық табыстың мемлекеттендіру деңгейін көрсетеді: бұл үлес 1997 жылы – 79,7%; 1998 жылы – 16,6%; 1999 жылы – 17,4%; 2000 жылы – 20,2% - ды құрады;
3)
салықтардың үшінші реттеуші
қызметі – мемлекеттің
Мемлекет
салық саласындағы шаралар
Мемлекетке алынатын барлық салық түрлерінің жиынтығы, олардың құрылуының әдістері мен нысандары, салық қызметі органдары мемлекеттің салық жүйесін құрайды.
Салық жүйесі – көптеген салық түрлері, салық төлеушілер, салық жинау әдістері, салық жеңілдіктерінің болуына байланысты күрделі модель болып келеді.
Салықтарды әр түрлі принциптер бойынша бөлуге болады:
- мемлекет пен төлеушінің қарым –қатынастары және салық салу объектісіне байланысты; пайдалануы бойынша; салық жинаушы органы, экономикалық сипаты бойынша.
Бірінші сипаты бойынша салықтар тікелей және жанама болып бөлінеді.
Тікелей салықтар табыс немесе мүлікке ғана (табысқа, пайдаға, мүлікке және жерге салынатын салық) салынады.
Тікелей салықтар өз кезегінде нақты және жеке болып бөлінеді.
Нақты салық мүліктің пайдалану тиімділігіне емес, сыртқы сипатына байланысты салынады; нақты тікелей салықтарға жер, мүлік, ақша капиталына салынатын салықтар жатады.
Жеке салықтарда табыс қана емес, төлеушінің қаржылық жағдайы да ескеріледі, мысалы, отбасы жағдайы. Оған мыналар жатады: табысқа салынатын салық, сый мен мұраға салынатын салық, жан басына және т.б. салықтар.
Жанама салықтар – тауар, қызметтер бағалары арқылы (қосылған құнға салынатын салық, акциздер, кедендік баждар) алынады. Салық сомаларының иесі тауар және қызметтерді өткізгесін мемлекетке тапсырылады.
Пайдалану сипаты бойынша салықтар жалпы және арнайы болып бөлінеді. Жалпы салықтар мемлекетке түсіп, белгілі бір пайдалану барысында тұлғасыздандырады. Арнайы салықтар белгілі бір мақсатқа ие болып келеді (мысалы: әлеуметтік салық, зейнетақы төлемдері үшін пайдаланылады).
Салықты жинайтын және оны билейтін органына байланысты орталық (жалпымемлекеттік) және жергілікті салықтар болып бөлінеді.
Объектінің экономикалық сипаты бойынша салықтар табысқа және тұтынуға салынатын салықтар болып бөлінеді: біріншісі – салық төлеушінің кез келген объектіден алған табысына салық салу, екінші жағдайда – бұл тауарлар мен қызметтерді тұтынғанда төленетін шығындарға салынатын салық.
Салық салу объектісін есепке алу және бағалануы бойынша салық алудың төрт тәсілі бар: кадастрлық, декларация бойынша, төлем көзіне байланысты, патент бойынша.
Кадастрлық әдіске сәйкес салық салу және есепке алу қамтамасыз ету объектілерінің тізімі негізінде, оның табыс әкелу нормасын (әсер мүліктік) көрсете отырып, нақты табысын ескермей жүзеге асады.
Салық төлеуші декларацияда табыс көлемін, керекті жеңілдіктерді, шегерімдерді ескере отырып, салық сомасын есептейді.
Төлем
көзіне байланысты салықты табысты
алған жердегі бухгалтерия
Патент негізінде салық әр түрлі қызметтен табыс алуға байланысты бөлінеді. Бұл бойынша салық төлемін анықтау және ескеру өте қиын.
Салықтық
есептің екі әдісі
Қазақстандағы салықтар, төлемдер мен алымдардың тізімі:
- Салықтар
- корпоративтік табысқа салынатын салық;
- жеке табыс салығы;
- қосылған құнға салынатын салық;
- акциздер;
- жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы төлемдері мен салығы (қол қойылған бонус, коммерциялық табу бонусы, роялти, үстем пайда салығы);
- әлеуметтік салық;
- жер салығы;
- көлік құралдарына салық;
- мүлікке салынатын салық.
Жекелеген
салық төлеушілер топтары үшін арнайы
салық режимі қарастырылған. Оларға
жататындар: шағын бизнес субъектілері,
шаруа қожалықтары, ауылшаруашылық
өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар,
кәсіпкерлік қызметтің
- Алымдар
- заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені үшін;
- жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін;
- жылжымайтын мүлік және ол бойынша құқықтарын мемлекеттік тіркегені үшін;
- радиоэлектронды құралдар мен жоғары жоғары жиілікті құралдарды мемлекеттік тіркегені үшін;
- көлік құралдарын және тіркемелерді мемлекеттік тіркегені үшін;
- теңіз, өзен және аз өлшемді кемелерді мемлекеттік тіркегені үшін алымдар;
- азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу үшін;
- дәрі –дәрмек құралдарын мемлекеттік тіркеу үшін алымдар;
- Қазақстан Республикасы аумағынан автокөлік құралдарын өткізу үшін;
- аукциондардан алынатын алым;
- елтаңбалық алым;
- белгілі бір қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін алынатын лизензиялық алым;
- радио – теледидар ұйымдарына берілетін радиожиілік спектрін пайдалану рұқсаты үшін.
- Төлемдер
- жер учаскелерін пайдалун үшін;
- су ресурстарын (жер үсті көздерінен) пайдалану үшін;
- қоршаған ортаны ластағаны үшін;
- аңдар әлемін пайдланғаны үшін;
- орманды пайдаланғаны үшін;
- ерекше күзетілетін табиғи территорияларды пайдаланғаны үшін;
- радиожиілік спекторды пайдаланғаны үшін;
- кеме жүретін су жолдарын пайдаланғаны үшін;
- сыртқы (визуальды) жарнаманы пайдалану үшін.
- Мемлекеттік баждар
- Кедендік баждар
- кедендік баждар;
- кедендік алымдар.

- ҚР төлем жүйесі және оның даму тенденциялары
- Қр ұлттық банкі: оның экономикаға ықпал ету механизмдері мен құралдары
- Құқықтық норма
- Құқытық-нормалар
- Құрметті мемлекеттік аттестаттау комиссияның төрағасы
- Құрылыс алаңының жобалық сипаттамасы
- Құрылыс өндірісінің технологиясы мен ұйымдастырылуы
- ҚР 2015 жылға білім беруді дамыту тұжырымдамасы
- ҚР – дағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту проблемалары
- ҚР-да инвестициялық саясаттың проблемалары мен жетілдіру көздері және даму перспективалары
- ҚР Жер заңдары
- ҚР қылмыстық құқық негізінде жаза белгілеудің ерекшеліктері
- ҚР-ң бюджет жүйесінің әлеуметтік экономикалық мазмұны мен құрылымы
- ҚР президенті Н.Ә. Назарбаевтың публицистикасындағы ғылым, білім, мәдениет және ақпараттық саясат мәселелері