Бухгалтерлік есептегі құжат айналымы

Бухгалтерлік есептегі құжат айналымы

 

  1. Есеп саясаты туралы түсінік
  2. Есеп саясатының мазмұны 
  3. Есеп саясатын дайындау
  4. Бухгалтерлік қызметтің жұмысын ұйымдастыру
  5. Құжаттау және есептік регистрлер

 

Бухгалтерлік есеп принциптері  бойынша кәсіпорынның есеп саясаты деп ұйымның бухгалтерлік есепті жүргізу әдістері мен тәсілдерінің жиынтығын, яғни алғашқы бақылау, құндық өлшеу, ағымдағы топтау мен шаруашылық (жарғылық және басқа) қызметтің фактілерін жинақтап қорытындылау жолдарын айтады.

Бухгалтерлің есепті  жүргізу  әдістеріне шаруашылық қызмет фактілерін топтау мен бағалау әдістерінің, активтердің құнын есептеу, құжат айналымын қабылдауды ұйымдастыру, түгендеу (инвентаризациялау), бухгалтерлік есепшоттарын қолдану әдістері, бухгалтерлік есептің тіркелім жүйесі, мәліметті өңдеу мен басқа да сәйкес әдістер мен амалдар кіреді.

 Ұйымның өзінің есеп саясатын  өңдеу мүмкіндігі мен қажеттілігі  бухгалтерлік есеп пен басқа  екінші деңгейлі нормативтік  құжаттар бойынша баптарда (стандарттарда)  қарастырылған бухгалтерлік есептің  кез келген мәселелерін шешудің көп түрлілігімен анықталады. «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп  беру туралы» Қазақстан Республикасының заңы мен Бухгалтерлік есеп принциптерінде кәсіпорын өзінің есеп саясатын құруы барысында бұйрық немесе жарлық бойынша қажетті құжаттар тізімін бекітуі керек екендігі көрсетілген. Бұл бекітілетін құжаттардың қатарына мыналар жатады:

  • бухгалтерлік есептің уақтылы және есеп берудің толық тиісті талаптарына сәйкес жүргізілуі;
  • бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізуде қолданылатын синтетикалық және аналитикалық шоттарының жұмыс жоспары;
  • алғашқы есеп құжаттарының типтік нысандары;
  • ұйымның ішкі бухгалтерлік қорытынды есеп құрудағы құжат нысандары;
  • актив пен міндеттемелер түгендеуін (инвентаризациясын) өткізу тәртібі (реті);
  • актив пен міндеттемелерді бағалау әдістері;
  • құжат айналымы ережелері мен есеп ақпараттарын өңдеу технологиясы;
  • шаруашылық операцияларды бақылау тәртібі;
  • бухгалтерлік есепті ұйымдастыруға қажетті басқа шешімдер.

Кәсіпорынның қабылдаған есеп саясаты  сол ұйымдағы бухгалтерлік

есептің маңызды мәселелерінің  бірі.

Ұйымның есеп саясатын таңдауы мен  негіздеуіне келесі негізгі

факторлар әсер етеді:

  • меншік нысаны мен құқықтық-ұйымдастырушылық нысаны (жауапкершілігі шектеулі серіктестік, ашық акционерлік қоғам, жабық акционерлік қоғам, өндірістік кооператив және тағы да басқа);
  • салалық қызметтің түрі (өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік, ауыл шаруашылығы және тағы да басқа);
  • қызметінің көлемі, жұмысшылары мен қызметкерлерінің орташа тізімдік саны және тағы басқа;
  • салық салу жүйесімен арақатынасы (әр түрлі салық түрлері бойынша жеңілдіктер немесе салық төлеуден босату, салық мөлшері және тағы да басқа);
  • қаржы-шаруашылық қызметін дамыту стратегиясы (ұйымның экономикалық дамуының ұзақ мерзімдік перспективасының мақсаттары мен міндеттері, инвестициялардың жұмсалу бағыты, келешектегі (перспективалы) мәселелерді шешудің тактикалық тәсілдері);
  • ұйымның ақпараттық қамсыздандыру жүйесі (оның тиімді әрекетіне қажетті барлық бағыттары бойынша);
  • материалдық базасының болуы (компьютерлік техника мен басқа да оргтехника жабдықтарымен қамсыздандырылуы, бағдарламалық-әдістемелік қамсыздандыру және тағы басқалар);
  • кәсіпорындағы бухгалтер мамандарының (қаржы бөлімі қызметкерлерінің) біліктілігі және басшылардың экономикалық батылдылығы, ынталылығы мен тапқырлық деңгейі;

Кез келген ұйымның қызметін іске асыру үшін таңдап бекіткен есеп саясаты  толықтылық, уақыттылық, сақтық, қарама-қайшылықсыздығы  мен орындылық талаптарына сай  болу қажет.

Көрсетілген талаптардың әрқайсысының мазмұнын қарастырайық.

Толықтылық. Кәсіпорынның таңдап алған есеп саясаты оның объектілерді есептеу жолын толық қамтамасыз етуі керек.

Уақыттылық. Кәспорынның шаруашылық әрекетінің фактілері бухгалтерлік есеп пен бухгалтерлік есеп беруде уақытында көрініс табуы қажет. Ешқандай операциялар бухгалтерлік есеп шоттарында тіркеу барысында кешіктірілмейді немесе орындалмай тұрып есепке алынбайды.

Сақтық. Қолданылатын есеп әдістері бухгалтерлік есепке алынуға тиісті кірістер мен табыстарға қарағанда, жасырын резервтердің жасалуына жол бермей, шығындар мен міндеттемелерді айқын бейнелеуге дайын болуды қамтамасыз ету керек, яғни есепке алынған немесе алуға нақтылы мүмкіндік (кепілдік) бар болатын кірістер алынады.

Қарама-қайшылықсыздығы. Есептің таңдалынған әдістері  – әр айдың соңғы күнтізбелік күніне айналымның талдамалық есебі мен шоттар бойынша қалдықтардың синтетикалық есеп мәліметтерінің теңдігін қамтамасыз етіп отыруы қажет.

Орындылық. Кәсіпорынның есеп саясаты бухгалтерлік есепті орынды және үнемді жүргізуді қамтамасыз етуі керек.

 

2. Есеп саясатының мазмұны 

 

Кәсіпорынның есеп саясаты сол  кәсіпорынның қолданылатын бухгалтерлік есеп жүйесін тұтастығын және оны  құраушы әдістемелік, техникалық, ұйымдастырушылық жақтардың барлығын қамтиды.

Есеп саясатының әдістемелік жағына мына элементтер кіреді: мүлік пен міндеттемелерді бағалау әдістері, мүліктің әрбір түрлері бойынша амортизация (тозу) есептеу әдістері, табысты (түсімді) есептеу әдістері және тағы сол сияқты.

Осылайша белгіленген заңға  сәйкес кез келген заңды тұлға  болып табылатын ұйым өзінің есеп саясатын құрастырған уақытта төменде аталған бухгалтерлік есептің негізгі әдістемелік аспектілерін айқындауы қажет.

  • Негізгі құралдарына амортизациялық аударым сомасын есептеу әдістері.
  • Материалдық емес активтеріне амортизациялық аударым сомасын есептеу және оларды есептен шығару жолдары.
  • Шығындарды топтау мен өндіріс өзіндік құнын есептеу, яғни калькуляциялау жүйесі.
  • Жанама шығындарды анықтау және оларды объектілер арасында тарату әдісі.
  • Дайын өнімдерді кіріске алудың есебі.
  • Аяқталмаған өндірісті анықтау және бағалау жолдары.
  • Материалдық қорларды бағалау әдістері.
  • Негізгі құралдарды жөндеу бойынша шығындар есебін ұйымдастыру.
  • Курстық айырманы есептеу.
  • Тағы да басқалар.

Өндірістік  шығындарды есептеу мен өнімнің  өзіндік құнын есептеу, яғни калькуляциялау жүйесі

Өндірістің технологиялық және ұйымдастырушылық ерекшеліктеріне, өндірістік циклдің ұзақтығына, өнім түріне, оның күрделілігіне, өндірістің түрі мен  сипатына байланысты кәсіпорындар шығындарды есептеу мен өнім құнын калькуляциялаудың  келесі негізгі әдістерін қолдана алады:

  • нормативтік әдіс (нормативный),
  • өндірістік өңдеу сатысы (попередельный),
  • тапсырыстық әдіс (позаказный),

 

Жанама шығындарды калькуляциялау объектілері арасында тарату әдісі

Жанама (қосымша) шығындарды тарату базасы ретінде кәсіпорын мына төменде аталған әдістерді пайдалана алады:

  • нақты немесе нормативті (жоспарланған) өндірістік құн бойынша;
  • тікелей шығындар бойынша;
  • жұмсалынған шығындар шикізаттар мен материалдардың құндары бойынша.

Өнімнің бір ғана түрін өндіретін  кәсіпорындардың бухгалтерлік балансында аяқталмаған өндіріс нақты жұмсалған шығындар бойынша есептелінеді.

 «Бухгалтерлік есеп және  қаржылық есеп беру туралы»  Қазақстан Республикасының заңы  бойынша кәсіпорындардағы бухгалтерлік  есепте қолданылатын тіркелімдердің  мазмұны және бухгалтерлік ішкі есеп мәліметтері коммерциялық құпия болып есептеледі.

 

3. Есеп саясатын дайындау

 

Кәсіпорынның есеп саясаты осы  ұйымның құрылған уақытына дайындалады. Оны дайындаумен кәсіпорынның бас  бухгалтері немесе арнайы есеп (экономикалық) бөлімі айналысады. Дайындалған есеп саясатын кәсіпорынның басшысы өзінің бұйрығымен немесе өкімімен бекітеді.

Бұйрықтың құрамына есеп саясатының есеп беру жылына қабылданған барлық пунктерінің мазмұны толық ашылып жазылады. Сонымен қатар әр пунктке  тоқтала келіп қандай нормативтік құжат бойынша немесе қандай заң негізінде есеп саясатының дайындалғандығы көрсетіледі. Қазақстан Республикасының заңдарымен қатар есеп саясатын дайындауда ұйымның ішкі құжаттары негізге алынған болса (лауазымды тұлғалар туралы, ішкі ережелер, бұйрықтар мен өкімдер тағы да басқа) міндетті түрде ол туралы түсініктеме берілуі қажет.

Кәсіпорынның есеп саясатына енгізілген өзгертулер осы ұйымның басқару  құжаттармен, яғни бұйрық, өкім немесе қаулыларымен ресімделуі қажет. Ұйымның  қабылдап бекіткен есеп саясаты сол кәсіпорынның қызмет атқаруы барысында қолданылады. Оған өзгеріс енгізу мынадай жағдайларда жүргізілуі мүмкін:

  • Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы заңының өзгеруіне сәйкес;
  • бухгалтерлік есеп бойынша нормативтік актілердің өзгеруі салдарынан;
  • жаңа бухгалтерлік есеп стандарттарына көшуге байланысты және тағы да басқа.

Кәсіпорынның бухгалтерлік есепті жүргізу жолдары ұйымның есеп

саясатының дайындалған кезінде  таңдалып алынады. Бұл есеп саясаты  кәсіпорынның барлық құрылымдық бөлімшелерінде олардың орналасқан орындарына қарамастан қолданылады. Ұйымның филиалдарының еншілес және тәуелді серіктестерінің және тағы да басқа бөлімшелерінің өзіндік бухгалтерлік есеп жолдарын жүргізуіне, яғни басқа да есеп саясатын таңдауына құқығы жоқ.

Бас кәсіпорын қаржылық қызметінің бөлімшелерін есеп саясатындағы болған өзгерістер туралы алдын ала қамтамасыз етуі қажет.

Ұйымның түсініктеме жазуларында (пояснительная записка) жыл бойы орындалған жұмыстар бойынша жасалынған қаржылық талдаудың мәтінімен қатар бухгалтерлік қорытынды есеп туралы шығарылған шешім және таза табысты бөлу тәртібі жазылады. Сонымен қатар осы түсініктеме жазуда кәсіпорынның келесі жылға қабылданған есеп саясаты (егер оған, яғни есеп беру жылына өзгерістер енгізілген болса) жазылады.

 

4.Бухгалтерлік қызметтің  жұмысын ұйымдастыру. 

 

Шаруашылық жүргізуші субъектісі өзінің нақты жағдайына, көлеміне қызмет түріне қарап бухгалерлік есепті ұйымдастыруды жүзеге асырады: бухгалтерлік жұмысты ұйымдастыру нысандарын дербес белгілейді; есептік саясатын қалыптастырады; қаржылық пен өндірістік есептері бойынша қызмет ету аясын белгілейді; шаруашылық операцияларына бақылау тәртібін әзірлейді, сондай-ақ бухгалтерлік есепті ұйымдастыру үшін басқа да қажет шешімдерді жасайды.

Субъектіде бухгалтерлік есепті ұйымдастыруға, шаруашылық операцияларын орындаған  кезде оның заңдылығын сақтауға кәсіпорынның басшысы жауапты болып келеді.

Бухгалтерлік есепті жүргізген  кезде субъекті мына жайларды қамтамасыз етуі керек:

  • есеп  беру кезеңінің ішінде міндеттемелер мен активтерді бағалау

мен кейбір шаруашылық операцияларын  көрсету кезінде қабылданған  есеп саясатының  өзгермейтіндігі, 1 БЕС белгілеген ережесімен сәйкес келетіндігі;

  • қаржылық   міндеттемелерімен   мүліктерді   түгендеу   нәтижесін

және есептік кезінде жүзеге асқан барлық шаруашылық операцияларының  есепте толығымен көрініс табуы;

  • тиісті есептік кезеңіне шығыс пен табыстың дұрыс жатқызылуы;
  • әрбір    айдың   басына   синтетикалық   есеп   шоттары   бойынша

қалдығы, аналитикалық есептің айналымымен сәйкестігі сақталуы керек.

Операцияларды құжаттармен рәсімдеу процесі бухгалтерлік есептің алғашқы  сатысы болып саналады, сондықтан  аталған процесті құжаттау деп те атауға болады.

Құжаттырдың арналымы мен мазмұнын дәл және толық түсіну үшін, оларды біршама белгілері бойынша жіктейді: арналымы бойынша, жасау тәсілі бойынша, мазмұны бойынша, жасау орны, сандық поэзиясы, толтыру тәсілі бойынша.

 

  1. Құжаттау және есептік регистрлер

 

Құжаттар арналымы бойынша мына топтарға бөлінеді:

  • тәртіп  орнатылатын (басқара білетін) – жарлықтың мазмұны,

шаруашылық операциясын жасауға  берілген бұйрық болып танылады, бірақ  ол жасалған операцияның фактісін растамайды, сондықтан операцияның ол кезеңі бухгалтерлік есепте көрініс таппайды.

Көптеген жарлық ретіндегі құжаттыр, операция жасалғаннан кейін барып, ақтаушы құжаттарға айналады;

  • ақтаушы    (атқарушы)   –  жасалған     шаруашылық   операция-

ларының фактісін растайды, яғни жасалған операция ретінде рәсімделеді. Құжаттырдың  бұндай типі шаруашылық операциялары ретінде бухгалтерлік есепте көрсетуга негіз болып табылады;

  • бухгалтерлік рәсімдеу –   тәртіп  орнататын және ақтаушы құжат-

тардың негізінде жасалатын  құжаттар, бірақ олардың дербестік  мағынасы болмайды;

  • қиылыстырған (құрастырылған) –  жоғарыда келтірілген құжат-

тардың бірнеше түріне тән қызметті, бір мезгілде атқаратын құжаттауларды  құрастырылған құжаттау деп атайды; олардың пайдалануын жеңілдетеді, ықшамдайды және есептік құжаттауды аса көрнекті етіп көрсетеді.

Құжаттар жасау бойынша мына топтарға бөлінеді:

  • бір      жолғы   –  жасалған    бір   немесе   бірнеше    шаруашылық

операцияларын рәсімдеу кезінде пайдаланады;

  • жинақтаушы     –      біртектес     шаруашылық      операцияларды

жасап біткеннен кейін, оларды рәсімдеу үшін пайдаланады. Олардың бір жолғыдан айырмашылығы құжаттарды рәсімдеу уақытын және олардың санын қысқартады. Олар есепке тек ең соңғы операциясы жасалғаннан кейін барып көрініс табады және барлық жазулар осы жерде қосылып жинақталады.

Құжаттар мазмұндық көлемі бойынша  мына топтарға бөлінеді:

  • алғашқы   –     шаруашылық    операциялары    жасалған       кезде

тікелей рәсімделеді;

  • жиынтық  –   алғашқы   құжаттардың негізінде   жасалады;  олар

барлық алғашқы құжаттарды біріктіріп және есепке алынған операциялардан қосымша мәлімет алу мақсатында сол мәліметтерді топтастырады.

Құжаттар жасалу орны бойынша мына топтарға бөлінеді:

  • ішкі – кәсіпорынның өзі жасайды;

-    сыртқы    –     басқа    кәсіпорындардан,    ұйымдардан,  жеке  тұлға-

лардан  түседі.

Құжаттар толтырылуы бойынша бөлінеді:

  • типтік     –    халық    шаруашылығының   барлық    салаларында,

өзгеріссіз және қосымшасыз пайдаланады;

  • арнайы   – халық   шаруашылығының кейбір салаларында, нақты

кәсіпорын үшін жеке әзірленген жағдайында пайдаланады.

Шаруашылық операцияларын рәсімдеу үшін қолдан алғашқы құжаттардың  нысаны кәсіпорынның өзінде әзірленіп  бекітіледі, егер де оларға аса  үлкен  талаптар қойылмаса. Алғашқы құжаттар мынадай міндетті реквизиттерден тұрады:

  • құжаттың атауы (нысаны);
  • жасаған күні;
  • субъектінің атауы,   яғни кімнің атынан құжаттардың жасалғанын

білдіреді;

  • шаруашылық  операциялардың   мазмұны   (ақшалай  және заттай

көрсетіледі).

  • қызмет  бабындағы  тұлғаның   атқаратын қызметі, яғни жасалған

операцияға және оныің дұрыс  рәсімделуіне жауапты тұлға;

  • жеке қолдары және олардың аты-жөні, қызметі.

Құқықтық актілердің нормативтік  талабына және операцияның сипатына, сондай-ақ есеп ақпараттарының өңделу тәсіліне  байланысты алғашқы құжаттардың реквизиттері  енгізілуі мүмкін.

Бухгалтерлік құжаттарды жүргізу  әдісіне біршама талаптар қойылады, олардың негіздері болып: құжаттылығы, жазулардың қысқа әрі  түсініктілігі, жазуларды өзара бақылау жасау  мүмкіндігі және т.б. жатады (жазуды корреспонденцияланған шоттары бойынша тексереді).

Құжаттардағы жазулар, цифрлар  бойынша анық, әрі түсінікті  болуы  тиіс. Ондағы мәліметтердің дұрыстығына, оған қол қоятын тұлғалар жауап береді.

Бухгалтерияға келіп түсетін құжаттардың  көпшілігі тек шаруашылық операцияларының натуралды өлшеуіштерінен ғана тұрады. Бухгалтерияда құжаттар тексеріледі (таксировка жасалынады) және соған сәйкес қорытындылар есептелініп шығарылады.

Құжаттардағы қателерді түзету дегеніміз – арифметикалық және мән-мағынасы бойынша түзетулер нәтижесінде анықталған қателер бухгалтерлік есептің талаптарына сәйкес түзету деген сөз. құжаттардағы анықталған олқылықтар оны құрастырушы жауапты адамдарға кері қайтарылады.

Бухгалтерлік есеп құжаттарының қатесін  жөндеудің бірнеше әдісі  бар.

Корректуралық (түзету) тәсілі - текстегі немесе сомадағы қатенің үстінен бір сызықпен сызып, қасына дұрыс мәліметті жазып қоюдан тұрады және оған осы құжатқа қол қойған тұлға қол қойып, жаңылысып кеткені туралы айтылады. Бірақ бұл тәсіл банкі мен касса құжаттарында пайдаланбайды.

«Қызыл жазу»  тәсілін, шоттар корреспонденциясында жіберілген қателерді түзету үшін пайдаланады. Бұл әдісте жіберілген қатені қызыл сиямен жазады. Нәтижесінде жіберілген қате жазбасы жойылады, демек қызылмен түскен жазулар шегеріледі. Содан кейін шоттар корреспонденциясының дұрыс жазулары жасалады, ол әдеттегі сиямен (жазумен) жазылады.

Қосымша жазу (проводка) әдісі дұрыс шоттар корреспонденциясы жасалған кезде қате сомасы болған жағдайда пайдаланады. Шоттар корреспонденциясын әдеттегі сиямен (жазумен) жазу арқылы қатені түзейді.

Есептік регистрлер. Қажетті ақпараттарды алу үшін кәсіпорынның қызметін баяндайтын барлық шаруашылық операциялар бухгалтерлік құжаттарға жазылады, ол мәліметтерді тексергеннен кейін, олар экономикалық мазмұны бойынша топтастырылып өңделеді, содан кейін оларды бегілі бір жүйелілігі бойынша тіркейді. Бұндай тіркеу есептік регистрлері арқылы жүзеге асады.

Есептік регистрлер – есептік жазбаларға арналған, белгілі бір графалары  бар қағаз парақтары, демек құжаттардан  алынған есептік ақпараттардың регистрлерге жазылуын тіркеу деп аталады.

Бухгалтерлік есепте регистрлер арналымы бойынша, мазмұндылығы немесе мазмұнының көлемі бойынша, сыртқы түрі мен сызықтық жолы бойынша жіктеледі.

 

 

Есептік регистрлердің  жітемесі

 

 

Есептік  регистрлер  өз арналымы бойынша мына топтарға бөлінеді:

- хронологиялық –  шаруашылық операцияларының жүзеге асуына қарап тіркеледі (бухгалтерияға келіп түсетін жүктерді есепке алу журналы бойынша). Мұндай регистрлерге касса кітабы, келіп түсетін жүктерді есепке алу журналы және т.б.;

- жүйелі регистрлерінде – шаруашылық  операциялары экономикалық мазмұны бойынша топтастырылып тіркеледі. Мысалға, Бас кітапты, журнал-ордерлерді атауға болады;

- құрастырмалы – бұл хронологиялық және жүйелі жазбалары бір мезгілді өзара үйлесім табатын регисторлар. Бұлар неғұрлым оңтайлы нысана ретінде бағалы, сол себепті де ол кеңінен қолданылады. Құрастырмалы регистрлерге журнал-ордерлер және ведомостер жатады. Құрастырмалы регистрлер – есептік регистрлдердің неғұрлым қолайлы экономикалық нысаны болып табылады. Оларды қолдану синтетикалық және аналитикалық есеп аралығындағы мәліметтердің жазбаларын салыстыруға көп уақыт жұмсауға деген қажеттіліктен арылады; есептеудің дұрыстығы мен көрнектілігі арта түседі. Бұған журнал-ордерлер мен машинограммалардың көп бөлігі жатады.

Регистрлер мазмұндылық көлемі бойынша аналитикалық, синтетикалық болып бөлінеді.

- аналитикалық регистрлер жекелеген талдау есептері (карточка, кітаптар, тізімдеулер) бойынша есеп жүргізуге арналған.

- синтетикалық регистрлер – бұл шаруашылық қаражаттарын және олардың көздерін жалпылама түрде анықтауға арналған регистрлер. Синтетикалық регистрлерге Бас кітап және синтетикалық есептері бойынша жазбалары жазылатын айналым ведомосы жатады.

Есеп регистрлері сыртқы түрі бойынша  мына топтарға бөлінеді:

- карточкалар  бұл аналитикалық есептің бірдей форматтағы регистрі, олардың арнайы сызба жолдары болады. Ол әртүрлі объектінің есебін ұйымдастыруға арналған;

- кітаптар  бұл да аналитикалық есептің нөмірленген арнайы сызба жолдары бар регистр. Олар касса ктабы мен Бас кітап ретінде көп таралған;

- бос парақтар – жекелеген парақтарда әзірленетін регистрлер және онда есептік жазулар (жазбалар) үшін арналған, олардың сызба жолдары мен нысаны парақтардың арналымына байланысты болып келеді;

- машинограммалар (басылған  қағаздар) бухгалтерлік есептің іс жүзінде қолданатын бағдарламасы бойынша әзірленген аналитикалық және синтетикалық есеп регистрлері, оны толтыру (рәсімдеу) тапсырыс берушінің мүддесіне және берілген карточканың, журнал-ордердің параметрлеріне (көрсеткіштеріне) тәуелді болып келеді.

Кітаптарда аналитикалық есебін жүргізер кезде жазбалар жазбай тұрып, оның барлық беттерін беттеу керек, сосын оған мөр  басып, бас бухгалтерлер қол қояды.

Регистрлерді ашқан кезде оларға регистрлерден өткен айдың бастапқы қалдықтары, ал қажетті жерлерде –  аналитикалық есептің баптары бойынша  жыл басынан бергі кезеңдегі  айналымдар көшіріледі. Ай сайынғы  операцияны регистрге жазу кезінде  оның мазмұны, мерзімі және құжат нөмірі көрсетіледі. Операцияның сомасы өзінің сәйкес келетін есептеулердің графасына жазылады. Жалпылама сипаттағы операцияларды алдын ала дайындалған кестелерде (жинақтық ведомостілерінде) жинақтады. Айдың соңында кестедегі мәліметтердің жиынтығы аналитикалық және синтетикалық есептің  регистрлеріне жазылады.

Ай біткен соң барлық аналитикалық және синтетикалық шоттар бойынша дебеттік және кредиттік жиынтық есептелінеді.

Ай соңындағы жиынтық айналымы айналым ведомосын жасау үшін және ағымдағы бақылау үшін пайдаланады.

Есеп регистрларының мәліметтері  салыстырылады. Бұл үшін шоттар корреспонденциясы  бойынша жазбалар жасалады, ал бұл  балансты жасағанға дейін қатені табуды және түзетуді және олардың  дұрыстығын қамтамасыз етеді. Бухгалтерлік есептің регистрлеріндегі мәліметтер топтастырылған түрінде қаржылық есеп беруге көшіріліп жазылады.

Бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың әдістемелік негізін әдістер  мен тәсілдер жүйесі құрайды. Олар құжаттау, түгендеу, бухгалтерлік балама асау, екіжақты жазу әдісін қолданп жинақтамалы және талдамалы шоттар жүйесін, мүліктер мен міндеттемелерді бағалау, калькуляциялау мен кәсіпорынның есеп беруі арқл жұзеге асырылады.

Құжаттау – шаруашылық операцияларын  құжаттардың көмегімен олар жасалған сәтте және сол жерде бастапқы тіркеу.

Құжат бухгалтерлік жазбалар үшін міндетті негіз болып саналады. Әрбір шаруашылық операциясына ол жасалған сәтте құжат  жасалады, онда құжаттың атауы, операцияның  мазмұны, оның жасалған күні, өлшем  бірлігі, операцияның жасалуына  жауапты адамдардың қойған қолдары көрсетіледі.

Түгендеу – мүліктің нақты қолда  барын бухгалтерлік есептің деректері  бойынша заттай сәйкестігін тексерудің әдісі. Ол бухгалтерлік есеп деректерінің растығы пен кәсіпорын меншігінің сақталуын қамтамасыз ету мақатымен жүргізіледі.

Бағалау – бұл натуралды көрсеткіштерді ақшалай көреткіштерге аударудың  әдісі. Мұның өзі шаруашылық қорлар мен олардың қорлану көздері  туралы жалпылама деректерді алу  үшін бухгалтерлік есепте ақшалай көрсеткіштерді міндетті түрде пайдаланумен байланысты болып отыр. Кәсіпорынның мүлкі мен оның көздерін бағалаудың шынайлығы мен дұрыстығы бухгалтерлік есептің барлық жұйесін құру кезінде маңызды болмақ. Бағалаудың принциптері нормативтік актілермен реттелінеді.  Калькуляция – шығындарды топтастыру мен сатып алынған материалдық құндылықтардың әзірленген өнімдір мен атқарылған жұмыстардың өзіндік құнын анықтау әдісі. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау нормативтік құжаттармен реттелінеді.

Шоттар екіжақты жазу.

Бухгалтерлік есептің шоттары  біртектес шаруашылық операцияларын топтастыруға және ағымдағы есебін жүргізуге арналған. Қорлардың әрбір түрі мен олардың көздерне жеке шот ашылады.

   Екіжақты жазу – шаруашылық  операцияларын бухгалтерлік есептің  шоттарында тіркеудің әдісі. Бұл  әдістің мәні - әрбір шаруашылық операциясы екі рет тең сомамен бір шоттың дебетінде және басқа шоттың кредитінде жазылады.  

4. Кәсіпорынның шаруашылық құралдары экономикалық мағынасына сәйкес:

  • құрамы (функционалдық рөлі) бойынша;
  • олардың пайда болу көздері бойынша жіктеледі.

Құрамы бойынша шаруашылық құралдары өндіріс саласындағы  құралдарға және айналым саласындағы  құралдарға бөлінеді. Өндіріс саласындағы  құралдар өз кезегіндегі еңбек құралдарына, материалдық емес активтерге және еңбек  затына бөлінеді.  

Еңбек құралы – бұл еңбектің құрал-сайманы, соның көмегімен адам өндіріс процесінде белгілі бір өнім өндіріп шығару үшін еңбек затына әсер етеді.

Материалдық емес активтер – бұл құндық бағасы бар, бірақ  заттай құндылық болып табылмайтын  ұзақ мерзімді (бір жылдан астам) салымның объектісі. Оған табиғи ресурстарды, жер учаскелерін пайдалану құқы, патенттер, лицензиялар, ноу-хау, тауар таңбалары және т.с.с. жатады.

Материалдық емес актвитер негізгі құралдар сияқты өзінің бастапқы құнын нормативтік қызмет мерзімі ішінде тозуды есептеу жолымен өндіріс шығындарына көшіреді.  

Еңбек заттары – адам еңбек процесінде еңбек құралдарының көмегімен әсер ететін заттар. Олар бр рет қана қатысады, толығымен  тұтынылады және өздерінің құнын  өнім құнына көшіреді.  Өндірістің бір кезегінде оған шикізат пен материалдар, жартылай фабрикаттар, отындар, қайталама ресурстар және т.б. жатады.