Информациялық жүйе
Тақырып:
- Ақпараттың сандық бағасы
- Сигналдардың математикалық моделі
- Үздіксіз сигналдарды дискреттіге түрлендіру
- Хабар көзінің және байланыс арнасының ақпараттық сипаттамалары
- Бөгелусіз дискретті байланыс арнасы бойынша жіберу кезіндегі ақпараттарды кодылау
- Бөгеуілді дискретті байланыс арнасы бойынша жіберу кезіндегі ақпаратты кодылау
- Сызықты кодтар
- Топты екілік кодты құру
- Табушы кодтар
- Корректілік топтық кодтар
- Айналмалы кодтар
- Қателер пакеттерін табу және түзету үшін айнымалы кодтар
- Айналмалы кодтарды кодылау және декодерлеудің техникалық құралдары
- Орамды (рекуретті) кодтар
Ақпараттың сандық бағасы
«Ақпарат» сөзі латын тілінен аударғанда түсіндіру, баяндау, түсінік деген ұғымды береді. Қазіргі кезде ақпарат адам өміріне, ғылымның əртүрлі салаларына кеңінен енді. Əсіресе ақпарат философия, экономика, физика, математика, информатика жəне т.б. ғылым салаларында кеңінен қолданылуда. Бірақ ақпарат ұғымы əр ғылым саласында əр түрлі мағынада қолданылып жүр.
Ақпарат алу дегеніміз — бізді қоршаған дүниенің құбылыстары мен объектілерінің қасиеттері, құрылымы немесе олардың бір – біріне қатысуы жөнінде нақты мəліметтер мен деректер алу.
Ақпарат — белгілі бір нəрсе (адам, жануар, зат, құбылыс жəне т.б.) туралы таңбалар мен сигналдар түрінде берілетін мəліметтер тобы. Ақпараттар жинақталады, беріледі, сақталады жəне өңделеді. Ақпараттар арқылы орындалатын əрекеттер ақпараттық процестер деп аталады. Адам қабылдайтын ақпараттар таңба жəне образды түрде болуы мүмкін.
Образды ақпарат деп дəм, иіс, сезім сияқты табиғи ақпарат көздерінен алынатын ақпараттарды айтады. Таңба түріндегі ақпараттарға сөз, жазу жəне тағы басқа ақпараттар жатады. Жазба мəтін əртүрлі белгілерден (а, в, ".", "-" ...) тұрады. Сөздер дыбыстық белгілерден — фонемалардан тұрады. Фонемадан сөз жəне сөйлемдер құрастырылады. Сөз жəне жазу бір – біріне ұқсайды. Олар
əріптердің
сөз буындарының
Сандарды құрастыратын алфавиттер көп. Мысалы: екілік, сегіздік, ондық жəне оналтылық. Жүйенің негізі қанша болса, ол жүйеге сонша символ енеді. Мысалы, екілік жүйеге тек екі символ: 0 жөне 1 енеді. Ақпараттар адамның қабылдау мүшесіне белгілі бір физикалық əсер ретінде: дыбыс, электромагниттік (сəуле, толқын жəне т.б.), химиялық, гравитациондық (қысым, тартыныс) түрде қоршаған табиғаттан беріледі. Бұл əсерлерді сигнал деп атайды. Сигнал — адамға немесе белгілі бір құрылғыға — ақпарат қабылдаушыға əсер ететін физикалық процесс. Сигнал — ақпарат тасушы.
Ақпарат қабылдау деген — сигналдардың тізбегін қабылдау. Сигналдар аналогтік (үздіксіз) жəне дискретті (үзілісті) болуы мүмкін. Аналогтік сигналдарға температураны, токты, тартылыс күшін алуға болады, бұлар уақыт мерзімі ішінде өзгеріп отырады. Дискретті сигналдарға ақпараттар сан қатары, алфавит əріптері, нота белгілері, түстің түрлері (палитралар) жəне басқа түрлер жатады. Дискретті сигналдарға кодталған ақпараттарда енеді. Кез – келген аналогтік ақпараттарды жуықтап дискретті түрге келтіруге болады. Мысалы, электр тоғының кернеуін (U) уақытқа (t) тəуелді үздіксіз етіп беруге де, дискретті түрге келтіруге де болады. Аналогті процесті дискретті процеске көшіргенде, сипатталатын процесс уақыты аралығын қанша ұзақ алған сайын, процесті көшіру дəлірек болады. Осы жолмен дискретті процесті аналогтік процеске көшіруге болады. Мұндай өзгерістер енгізудің маңызы өте зор, себебі, адам процесті аналогтік түрде, ал есептеуіш техникалары процесті дискретті түрде кабылдайды.
Ақпарат беру – сигналдар беру деген сөз. Сигналдар əр түрлі текте болуы мүмкін: электрлік, сəулелік, акустикалық, механикалық, графикалық жəне т.б. Сигналда ақпарат оның физикалық параметрлері бойынша кодталады. Есептеуіш техникаларында кез-келген хабардың символдары екілік кодта жазылатыны бізге мəлім. Ендеше, сақталатын, берілетін, өңделетін ақпарат көлемі ондағы екілік белгілер санына тең. Мүндағы ең кіші өлшем 1 бит, яғни бір екілік белгі. Одан үлкенірек өлшем 1 байт, ол 8 битке тең. Практика жүзінде көбінесе үлкен өлшемдер пайдаланылады. Олар:
1 байт = 8 бит;
1 Кбайт (килобайт) = 1024 байт - 1000 байт;
1 Мбайт (мегабайт) = 1024 Кбайт = 1 миллион байт;
1 Гбайт (гигабайт) = 1024 Мбайт ~ 1 миллиард байт.
Мысалы, оқулықта 200 бет бар, бір бетте 38 жол, ал жолда 58 символ бар десек, онда 200x38x58 = 440800 символ болғаны, яғни 440800 байт немесе 441 Кбайт ақпарат бар (суреттер жоқ деп есептедік) деген сөз.
Ақпарат өлшемі белгілі болғаннан кейін, бір секундта канша ақпарат беріледі немесе өңделеді деген сұрақ туады, ал одан есептеуіш техниканың жылдамдығы деген үғым шығады. Ақпараттардың берілу жылдамдығы бит/сек, байт/сек, Кбайт/сек, Мбайт/сек, Гбайт/сек өлшеулерінің бірімен өлшенеді. Ақпараттың негізгі қасиеттері: дəлдігі мен толықтығы, бағалылығы мен қажеттілігі, анықтылығы мен түсініктілігі.
Информатика – ЭЕМ арқылы ақпаратты жинау, сақтау, түрлендіру, тасымалдау жəне оны пайдалану заңдылықтары мен тəсілдерін зерттейтін жаңа ғылыми пəн.
Ақпараттық жүйе – қандай да бір объектіні басқаруға қажетті ақпаратты жинау, өңдеу, іздеу, жаңарту, енгізу және шығарып беру жүйесі.
CASE (Computer Aided Software Engeniering) – бағдарламалық жабдықтауды конструирлеудің инженерлік жүйесі.
Модель – модельдеу мақсаты тұрғысьrнан оқып үйренетiн объектiнiң, құбылыстың кейбiр жақтарын ұқсастырып бейнелейтiн жаңа объект.
Модельдеу – кез – келген құбылыстардың, процестердің немесе объект жүйелерінің қасиеттері мен сипаттамаларын зерттеу үшін олардың үлгісін құру (жасау) және талдау.
Сенімділік функциясы – бұл жүйе қасиеті. Ақпараттың қателіксіз құрылуына жауап береді.
Ақпараттық жүйелердің спецификалық күшіне байланысты, олардың құрамындағы ең бір қажетті қасиеттерінің бірі оның сенімділік қасиеті болып табылады.
Сенімділік функциясы – бұл жүйе қасиеті. Ақпараттың қателіксіз құрылуына жауап береді. Ақпараттық жүйелердің сенімділік функциясы шығатын нәтижеден көрінеді, себебі ол жай қасиеті ғана емес, жеке тұрғыдан үлкен мағынаға ие болып, ақпаратқа қойылған талапқа сай және нақты шығарылуын қамтамасыз етеді.
Ақпарат сенімділігінің көрсеткіштері
Ақпарат сенімділігі бірнеше тұрғыдан қарастырылуы мүмкін. Сондықтан анықтық үшін дұрыс және мақсатты түрде сенімділік көрсеткіштерін пайдаланамыз.
Біртекті ақпарат сенімділігінің көрсеткіштері:
- Қажетті нақты мәннің ықтималды сенімділігі - - берілген аралықты керекті нақтылықты бұзатын үлкен қателіктердің болмау ықтималдығы.
- Ақпараттың істелінген жұмыс бойынша орташа қателігі – Q=1/P. Ақпаратта пайда болатын математикалық қателіктер мен ақпарат көлемі арасындағы байланыс.
- Ықтималды қателік (қателіктер ағымының параметрлері) - - ақпарат жиынтығындағы кезекті қателіктің болу ықтималдығы.
Ақпараттық жүйелердің сенімділігі – бұл ақпаратта бейнеленетін шын объектілердің қажетті нақтылық мәні. Ақпарат сенімділігі (D) қажетті ықтималды нақтылық бойынша өлшенеді, яғни берілген ақпаратқа жанама параметрлер мен шын мәні арасындағы аралықпен анықталады. €[ ]},
- бұл нақты көрсетілген параметрлер, [ ] – қажетті ықтималды нақтылық аралығы.
Толық түсіну үшін кейбір түсініктерге тоқталайық.
Ақпарат шынайылығы – бұл дұрыс және нақты ақпаратты бейнелей отырып, оның бір жақты қырын көрсету.
Ақпарат сенімділігін қамтамасыз ету – бірден-бір жолы оны бақылау болып табылады. Бақылау – қажетті нәтижеге жету үшін объектіге қойылған талаптарды орындау процеcтеріне бақылау жүргізу. Біздің жағдайымызда бақылау объектісі – ақпарат сенімділігі.
Ақпараттық жүйе ұғымы
Жүйе – әртекті элементтер жиынының қойылған мақсаттарға жету барысында біртоптас және біріктірілген ретінде бір уақыт мезетінде қарастырылатын кез – келген объект түсінігі болады. Жүйелер өзара құрамы бойынша және бастапқы мақсаттар бойынша бір-бірінен айтарлықтай ерекшеленеді. Мысалы, әртүрлі элементтерден тұратын әртүрлі мақсаттарды жүзеге асыруға бағытталған бірнеше жүйелерді қарастырайық.
Кесте 1Әртүрлі элементтерден тұратын жүйелерге сипаттама
Жүйе |
Жүйе элементтері |
Жүйенің бастапқы мақсаты |
Фирма |
Адамдар, жабдықтар, материалдар, ғимараттар және т.б. |
Тауарды өңдеу,өндіру |
Компьютер |
электрондық және электромеханикалық элементтер, байланыс линиясы және т.б. |
Мәліметтерді өңдеу |
Телекомуникациялық жүйе |
Компьютерлер,модемдер, |
Ақпараттарды беру |
Ақпараттық жүйе |
Компьютерлер,компьютерлік желілер, адамдар, ақпараттық және бағдарламалық жасақтама және т.б. |
Кәсіптік ақпаратты өндіру |
Информатикада жүйе түсінігі өте кең таралған және көптеген мағыналы мәндерге ие. Атап айтқанда, ол техникалық құралдармен бағдарламалар жиынында өте жиі қолданылады.
Жүйе деп компьютердің ақпараттық бөлігін айтуымызға болады, нақты қолданбалы есептерді шешуге, құжаттарды жүргізудің қосымша процедураларында және есептеулерді басқаруда қолданылатын көптеген бағдарламаларды алуымызға болады. Жүйе түсінігіне ақпараттық сөзін қосатын болсақ, оның құрылуымен функциялану (іс – қимыл жасауы) мақсаты бейнеленеді. Ақпараттық жүйе – қандай да бір объектіні басқаруға қажетті ақпаратты жинау, өңдеу, іздеу, жаңарту, енгізу және шығарып беру жүйесі.
Олар, сонымен қатар, мәселелерді талдауға және жаңа өнімдерді құруға көмектеседі. Яғни, ақпараттық жүйе дегеніміз қойылған мақсаттарға жету барысындағы ақпараттарды сақтау, өңдеу, беру және т.б – лар үшін қолданылатын құралдар, әдістер және персональдің өзара байланысқан жиыны. Қазіргі кезде ақпараттық жүйені дербес компьютердің, ақпаратты өңдеуде қолданылатын негізгі техникалық құралдары ретінде қолданылып ұсынылады. Ірі ұйымдарда ақпараттық жүйенің техникалық қорларына, құрамына дербес компьютерлермен қатар Mainframe (мэйнфрейм) немесе супер Э.Е.М енеді. Ақпараттық жүйенің құрылуы үшін адам рольінің маңызы өте жоғары, яғни өндірілетін ақпараттың алынуымен ұсынылуы адам арқылы жүзеге асырылады. Компьютерлермен ақпараттық жүйелер арасындағы ерекшелікті түсіну өте маңызды болып табылады. Арнайы бағдарламалық жасақтамалармен жабдықталған компьютерлер ақпараттық жүйемен техникалық қорлар үшін негізгі құрал болып саналады.
Мәліметтерді автоматты түрде өндеуге арналған құрылғылардың жиынтығын есептеу техникасы деп атайды. Өзара карым – қатынаста болатын кұрылғылар мен программалар жиынтығын есептеу жүйесі деп атайды. Есептеу жүйесінің негізгі құрылғысы компьютер болып табылады.
Компьютерлер қолданылуына қарай мынандай топтарға бөлінеді: үлкен ЭЕМ (электрондық есептеу машинасы), мини-ЭЕМ, микро-ЭЕМ және дербес компьютерлер.
1999 жылдан бастап дербес компьютерлер үшін халықаралық стандарт — РС99 спецификациясы жұмыс істейді. Жаңа стандарт бойынша дербес компьютерлерді келесідей топтарға бөледі:
• бұқаралык дербес компьютер (Consummer РС);
• іс дербес компьютері (Оffice РС);
• ықшам компьютер (Мobil РС);
• жұмыс бекеті (Workstation РС);
• ойын ДК (Enteraiment РС).
Қазіргі кездегі колданыстағы компьютерлердің көпшілігі бұқаралық дербес компьютерлер тобына жатады. Іс дербес компьютерлерінің графиктік бейнелеу құралдарына қойылатын талаптар шағын болады. Ықшам компьютерлердің кұрамында байланыс кұралдары болуы міндетті түрде талап етіледі. Жұмыс бекетіне жататын компьютерлердің мәліметтерді сақтау құрылғыларына жоғары талаптар қойылады. Компьютерлерді өлшемдері бойынша үстелдік (desktor), ықшам (notebook), қалталық (palmtop) деп бөлуге болады.
Үйлесімділігі бойынша жүйелеу. Әлемде компьютерлердің көптеген түрлері мен типтері бар. Олар түрлі фирмаларда жасалып, түрлі бөлшектерден жинақталып, әр түрлі программалармен жұмыс атқарады. Мұндай жағдайда компьютерлердің үйлесімділігі ең басты мәселе болып табылады. Сан алуан компьютерлерге арналған кұралдардың өзара ауыспалылығы, программалардың бір компьютерден екіншісіне тасымалдану қабілеттілігі, әр типтес компьютерлердің ортақ мәліметтермен бірігіп жұмыс атқару мүмкіндіктері олардың үйлесімділігіне тікелей байланысты.
Аппараттық үйлесімділік. Аппараттық үйлесімділігі бойынша компьютерлер аппараттық платформаларға бөлінеді. Дербес компьютерлер саласында кең тараған екі негізгі аппараттық платформа бар: ІВМ РС және Арріе Масhintosh. Бұлардан басқа кейбір жеке алған региондар мен салаларда ғана қолданыс тапқан аппараттық платформалар да бар. Компьютерлердің бір аппараттық платформаға жатуы олардың үйлесімділігін күшейтеді.
Аппараттық үйлесімділіктен басқа операциялық жүйе деңгейіндегі үйлесімділік, программалық үйлесімділік, мәліметтер деңгейіндегі үйлесімділіктер де бар.
Бұл оқу құралы ІВМ РС платформасына жататын дербес компьютерлерді, олардың аппараттық және программалық жасақтамаларын окып үйренуге арналған.
Есептеу жүйесінің құрамын оның конфигурациясы деп атайды. Есептеу жүйесінің аппараттық және программалық кұралдары әрқайсысы өз алдына жеке қарастырылатындықтан, сәйкесінше есептеу жүйесінің аппараттық конфигурациясы мен программалық конфигурациясы да жеке жеке қарастырылады.
Аппараттық жасақтамаға есептеу техникасының аппараттық конфигурациясын құрайтын құрылғылары жатады. Қазіргі заманғы компьютерлер мен есептеу кешендері блокгы-модульді құрылымнан тұрады, яғни олар нақты бір жұмыс түрін атқаруға ыңғайландырылып дайын түйіндер мен блоктардан жиыстырылатындай аппараттық конфигурациядан тұрады.
Орталық процессорға қатысты алғанда құрылғылар ішкі және сыртқы болып екіге бөлінеді. Енгізу-шығару құрылғыларының көбі және ақпаратты ұзақ уакыт сақтауға арналған құрылғылар сыртқы құрылғыларға жатады.
Жеке түйіндер мен блоктар арасындағы үндестік аппараттың интерфейс деп аталатын аппараттық-логикалық құрылғылардың көмегімен орындалады. Есептеу техникасындағы аппараттық интерфейс стандарттары хаттама деп аталады.
Программалық жасақтама. Программа деп реттелген командалар тізбегін айтады. Кез – келген компьютерлік программаның негізгі аткаратын қызметі — аппараттық кұралдарды басқару. Аппараттық және программалық жасақтама үнемі өзара тығыз байланыста болады.
Программалық жасақтама бірнеше сатылардан тұрады: негізгі, жүйелік, қызметтік және колданбалы.
Негізгі программалық жасақтама аппараттық құралдармен өзара байланыста болады.
Жүйелік программалар компьютерлік жүйенің аппараттық жасақтамасымен, программалық жасақтамасымен өзара қарым-қатынасын камтамасыз етеді. Нақты бір құрылғымен байланысты жүзеге асыратын программа драйвер деп аталады. Жүйелік сатыға енетін программалардың екінші бір тобы қолданушымен өзара қарым-қатынасты орнатады. Мұндай программалық кұралдар қолданушы интерфейсін қамтамасыз ету құралдары деп аталады.
Қызметтік программалық жасақтама. Ол негізгі сатыдағы программалармен де, жүйелік сатыдағы программалармен де тығыз байланыста болады. Қызметтік программалар компьютерлік жүйені тексеру, баптау және жөндеу жұмыстарын автоматтандырады. Сонымен қатар олар жүйелік программалардың қызметін жақсарту мен кеңейту үшін қолданылады.
Қолданбалы программалық жасақтама. Қолданбалы программалардың көмегімен өндірістік, шығармашылық, оқыту және т.б. мақсатта нақты жұмыстар атқарылады.
Қолданбалы программалық құралдарға мәтіндік редакторлар, мәтіндік процессорлар, графиктік редакторлар, электрондық кестелер, мәліметтер базасын басқару жүйелері, автоматтандырылған жобалау жүйелері, баспахана жүйелері, Web-редакторлар, броузерлер және т.б. жатады.
Ақпараттық жүйенің негізгі қасиеттері:
- Талданады және жүйені тұрғызу принцпінің негізінде тұрғызылады және басқарылады;
- Ақпараттық жүйелер динамикалық және дамымалы болып табылады;
- Ақпараттық жүйені тұрғызу барысында жүйелік тұрғыны қолдану қажет етіледі;
- Ақпараттық жүйенің өнімі болып шешімін негіз қабылдау құрайтын ақпарат табылады;
- Ақпараттық жүйені ақпаратты өңдейтін адам – компьютерлік жүйе ретінде қабылдау керек.
Қазіргі кездегі ақпараттық жүйе туралы түсінік компьютерлік техниканың көмегімен жүзеге асатын жүйе түсінігі ретінде қалыптасып келеді. Жалпы жағдайда ақпараттық жүйені компьютерлік нұсқада да түсінуге болады. Ақпараттық жүйенің жұмысын түсіну үшін алдымен оның шешетін мәселесінің мәнін содан кейін жүзеге асырылатын ұйымдастырылған үрдістерді түсіну қажет. Мысалы, шешім қабылдауды сүйемелдеу үшін компьютерлік ақпараттық жүйе мүмкіндіктерін анықтау барысында келесі қадамдарды ескеру керек.
- Шешілетін басқару есептерінің құрылымдылығы;
- Шешім қабылданатын фирма басқарылуының иерархия деңгейінің болуы;
- Бизнестің кез-келген функциялық саласына жататын есептердің шешілуі;
- Қолданылатын ақпараттық технологияның түрі.
Ақпараттық жүйенің жіктелуі
Ақпараттық жүйеде элементтер арасындағы байланыс ақпарат арқылы, яғни осы жүйеге қатысы бар мәліметтерден қандай да бір оқиғалар туралы белгілер арқылы жүзеге асады. Әрбір ақпараттық жүйені ақпараттық объектілердің бірігуін қамтитын қандайда бір ақпараттық кеңістікті бейнелейтін пәндік саланы иемденеді. Ақпараттық жүйелерді келесі топтарға бөлеміз:
1) Ақпараттық-анықтамалық
жүйелер. Олар ақпаратты жинап
оны пайдаланушылардың
2) Ақпаратты – іздеу. Бұл қажетті ақпараттарды алу үшін желі арқылы ізденіс жүйесі. Мысалы: интернет жүйесі;
3) Ақпараттық – кеңес беретін жүйелер. Олар обьектінің күйі мен жұмыс тәртібі туралы ақпаратты беріп нақты жағдай үшін қажетті пікірлерді ұсынады. Мысалы: эксперттік, интеллектуалдылық жүйелер;
4) Ақпараттық – басқару жүйелер. Мекеменің дамуын жоспарлау және жүзеге асыру жұмыстарын жеделдетіп тиімдеу жүйелері. Мысалы: дайын өнімдерін есептеп талдау, сату жұмыстарын автоматтандыру;
5) Ақпаратты
есептеуіш жүйелер.
Ақпараттық
жүйелерді құру барысында еңбек
шығынының негізгі үлесі қолдан
Ақпараттық жүйе құрылымын бағыныңқы жүйелер деп атайды. Бағыныңқы жүйе – бұл қандай да бір белгімен ерекшеленген жүйенің бір бөлігі. Бағыныңқы ақпараттық жүйенің жалпы құрылымын қолданылу сферасынан тәуелсіз бағыныңқы жүйелер жиыны ретінде қарастыруға болады. Бұл жағдайда классификациялау құрылымдық белгісі ретінде сипаттаймыз. Осылайша кез-келген ақпараттық жүйенің құрылымын қамтамасыз етуші бағыныңқы жүйелер жиыны ретінде ұсынуға болады.
Сурет 1 Қамтамасыз
ету бағыныңқы жүйелерінің
Ақпарат ұғымы
Ақпаратты шындығында да ғылыми ұғым ретінде қарастыруға болады. Өйткені бұған дейін ақпараттың кұрылымы мен қасиеттері барлық ғылым салаларында зерттелінді. Мысалы, физика - ақпарат таситын сигналдардың қасиеттерін зерттейді. Табиғаттағы көптеген құбылыстардың сигнал шығаратыны белгілі. Ал тіркелінген сигналдар белгілі бір мәліметтерді құрайды. Мәліметтер түрленіп, тасымалданып, әдістердің көмегімен қолданыс табады. Мәліметтер мен әдістердін өзара әсерлесуінен ақпарат түзіледі. Өлі табиғаттағы процестер үздіксіз энергия алмасу түрінде өтеді. Энергия алмасумен қатар тірі табиғатта бағытталған зат алмасу процесі жүреді. Зат алмасу мен энергия алмасу процестерінің арасындағы өзара байланыс ақпарат алмасу турінде өтеді немесе оны ақпараттық процесс деп атайды.
Сонымен ақпарат — бұл ақпараттық процесс барысында түзілетін қозғалыстағы объект. Ақпараттың қасиеттері мәліметтердің қасиеттеріне де, әдістердің қасиеттеріне де тікелей тәуелді.
Мәліметтердің негізгі құрылымы
Мәліметтер – ақпараттың құрамдас бөлігі. Тіркелу әдісіне сәйкес мәліметтер әртүрлі тасуыштарда сақталады және тасымалданады. Ең кең тараған мәліметтерді тасуыш кағаз болып табылады. Заттың оптикалық қасиеттерінің өзгерісі лазерлік сәулелердің көмегімен жазылатын тасуыштар СD-ROM-да қолданылады. Магниттік касиеттердің өзгерісін колданатын тасуыштар ретінде магниттік таспалар мен дискілерді алуға болады.
Мәліметтерге қолданылатын амалдар
Ақпараттық процесс барысында мәліметтер әдістердің көмегімен бір түрден екінші түрге өзгереді. Мәліметтерді өңдеу көптеген амалдардың жиынтығынан тұрады: мәліметтерді жинау;
• мәліметтерді қалыптастыру;
• мәліметтерді сүзгілеу;
• мәліметтерді сұрыптау;
• мәліметтерді топтастыру;
• мәліметтерді архивтеу;
• мәліметтерді қорғау;
• мәліметтерді тасымалдау;
• мәліметтерді түрлендіру.
Жоғарыдағы мәліметтерге қолданылатын амалдар тізімі толық емес. Бүкіл әлемде миллиондаған адамдар мәліметтерді кұру, өңдеу, түрлендіру және тасымалдаумен айналысады, әрбір жұмыс үстелінде әлеуметтік, экономикалық, ғылыми және мәдени процестерді басқару үшін қажет арнайы амалдар орындалып отырады. Барлық мүмкін болатын амалдардың толық тізімін құрастыру мүмкін емес және оның қажеті де жоқ. Бұдан ақпаратпен жұмыс істеуге көп уақыт кетеді, сондықтан оны автоматтандыру қажет деген қорытындыға келеміз.
Егер мәліметтер
реттелген, яғни қандай да бір берілген
құрылымға сәйкестендірілген
Мәліметтердің сызықтық құрылымы дегеніміз әрбір элементтің адресі мен нөмірі бір мәнді анықталған реттелген құрылым. Сызықтық құрылымға мысал ретінде тізімдерді алуға болады.
Кестелік құрылымды мәліметтермен танысу үшін біз көбейту кестесі еске түсірсек жеткілікті. Кестелік құрылымдардағы элементтер ұяшық адрестерімен анықталады. Ұяшық адресі кестенің қиылысқан жолдар мен бағандарының нөмірімен анықталады.
Файлдық кұрылым
Мәліметтерді сақтаудың бірлігі ретінде файл деп аталатын объект қабылданған.
Файл дегеніміз өзіне ғана тән аты бар, еркінше алынған байттар жиынынан тұратын тізбек. Файлдар байтпен өлшенеді. Бір байт сегіз биттен тұрады. Бит деп 0 мен 1 мәндерінін біреуін ғана қабылдай алатын ақпарат өлшемінің ең кіші бірлігін айтады. Әрбір файл қандай да бір типке жататын мәліметтерді сақтауға арналған. Бұл жағдайда мәліметтер типі файлдың типін анықтайды. Файлдың аты қайталанбайтын, тек осы файлға ғана тән болуы кажет, және арасына нүкте койылған екі бөліктен тұрады; атауы мен кеңейтуі. Файлдың аты кез-келген шектелген ұзындықты әріптердің, символдардың тіркесінен тұрады. Ал екінші бөлігі файл атауын кенейту деп аталады. Ол үш әріптен аспайтын тіркестен тұрады. Мысалы:
Мәтін.dос - Word редакторында жазылған мәтіндік файл;
Кесте.xls - Excel процессорында дайындалған файл;
Сурет.bmp—графиктік файл;
Мәліметтер.mbd — Ассеss мәліметтер базасында әзірленген файл.
Файлдарды сақтау иерархиялық құрылым бойынша жүргізіледі. Бұл жағдайда оны файлдық құрылым деп атайды. Құрылымның төбесі ретінде тасуыштын (дискінің) аты алынады. Бұдан әрі файлдар каталоггарға (қаптамаларға) топтастырылады, олардың ішінде бағыныңқы каталогтар орналастыруға болады.
Ақпарат, ақпарат түрі, формасы және қасиеттері
Жалпы түрде ақпарат дегеніміз – ол нақты өмірді белгілермен немесе сигналдардың көмегімен бейнелену. Жеке жағдайда ақпарат деп адамның қоршаған ортадан алатын мәліметтерін айтамыз.
Ақпарат термині латынның informatio – түсіндіру, баяндау деген сөзінен шыққан.
Бізді қоршаған ортадағы сан алуан ақпаратты әр түрлі белгілерге байланысты топтауға болады.
Ақпарат шығу облысына байланысты былай бөлінеді:
- Қарапайым – бұл жансыз табиғатта болып жатқан құбылыстар мен процестерді бейнелейді.
- Биологиялық – өсімдіктер мен жануарлар әлеміндегі процестерді бейнелейді.
- Әлеуметтік – қоғамдағы адам туралы процесті бейнелейді. Ол адамның практикалық өмір тіршілігімен тығыз байланысты, сондықтан адамның қанша тіршілік түрі болса, сонша әлеуметтік ақпараттық түрі мен типін ажыратуға болады. мысалы, қоғамға байланысты ақпаратты көпшілік, арнайы және жеке деп жіктеуге болады.
Ақпаратты беру және қабылдау әдістеріне байланысты келесідей ажыратады:
- визуальды – көрнекі бейнелер мен арнайы белгілер арқылы таратылады;
- аудиальды – дыбыс арқылы таратылады;
- тактильді – сезім арқылы;
- органо-лептикалық – иіс және дәм арқылы;
- машиналық – есептеу техникасының көмегімен таратылады.
Информатикада ақпараттың екі түрін қарастырады.
- аналогтік, яғни кез-келген уақытта және кез-келген өлшемге өзгере алатын үздіксіз процесті сипаттайтын ақпарат ( мысалы, адам денесінің қызғаны, музыкалық шығармалар.)
- үзілісті, яғни дискретті процесті сипаттайтын арнаулы уақытта және алдын-ала белгіленген мәндерін қабылдап өзгеруі мүмкін сигнал. Дискретті процесті сипаттайтын ақпарат (мысалы, жыл мезгілдері, Морзе әліппесіндегі нүкте және тире).

- Информация необходимая для составления бизнес-плана
- Информация о товаре: понятие, задачи и требования
- Информация о товаре, товароведная характеристика и экспертиза качества мяса домашней птицы
- Информация о ходе работ по переводу в автономные учреждении культуры РТ
- Информация: понятие, свойства, классификация
- Информация по проблеме табакокурения
- Информация по сегментам организации
- Информация как объект гражданского права
- Информация как объект гражданского права
- Информация как объект гражданского права
- Информация как объект изучения
- Информация как объект правовых отношений
- Информация как стратегический фактор
- Информация, как сырье и как товар: абсолютная, относительная и аналитическая информация. Данные, информация, знания