Мемлекеттің аймақтық саясаты: мәні, мақсаты, міндеттері
Мазмұны
Кіріспе.......................
І. Мемлекеттің аймақтық саясаты: мәні, мақсаты, міндеттері................3-6
ІІ. Мемлекеттің түрлері
және атқаратын қызметі.......................
ІІІ. Мемлекеттің пайда болуы.........................
Қолданылған әдебиттер.....................
Кіріспе
Мемлекет — белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы. Егемендікке, заңдастырылған зорлықты пайдалануға монополияға ие және қоғамды басқаруды арнайы механизмдер (аппарат) арқылы жүзеге асыратын қоғамдағы саяси билікті ұйымдастырудың еркеше түрі, саяси жүйенің орталық институты. Қазақстандағы аймақтық жоспарлаудың теориялық негіздері.
Мемлекеттің пайда болуы
теориялары мемлекет - көпқырлы құбылыс. Оның пайда
болуы, шығу тегі әртүрлі факторлармен түсіндірі
І. Мемлекеттің аймақтық саясаты: мәні, мақсаты, міндеттері.
Нарықтық қатынастарының дамуы мен қалыптасуы жағдайында радикалды экономикалық реформалардың ғылыми негізделуіне - аймақтық экономика маңызды роль атқарады. Аймақтық экономика - аймақтардағы өндіргіш күштердің орналасу факторларын және аймақтық дамуды зерттейтін ғылым. Академик Н.Н.Некрасовтың анықтамасы бойынша "экономикалық ғылымның саласы ретінде аймақтық экономика елдің экономикалық жүйесінде және әрбір аймақта өндіргіш күштердің дамуы мен әлеуметтік процестердің қалыптасуын анықтайтын экономикалық әлеуметтік факторлар мен жағдайларын жиынтығын зерттейді".
Аймақтық экономика өндіргіш
күштерді аймақтық дамуының стратегиялық
позицияларын өңдейді. Аймақтық өндіргіш
күштердің орналасуы аймақтық экономиканың
негізгі бөлігі ретінде қарастырылады.
Аймақтық экономика экономикалық географиямен
тығыз байланысты, бірақ оған қарағанда
қолданбалы практикалық нәтижелерге бағытталған.
Аймақтық экономика географиямен жақындығына
қарамастан экономиканың құрамдас бөлігі
болып табылады. Сонымен қатар, экономикалық
теория мен макроэкономикалық болжаумен,
салалық экономикамен, статистикамен
тағы да басқа әлеуметтік - экономикалық
ғылымдармен тығыз байланысты. Аймақтық
экономика экономикалық мәселелермен
бірге экологияны әлеуметтік мәселелерді,
демографияны, географияны, этнографияны
тағы да басқа ғылымдарды қарастырады.
Аймақтың экономикалық және
әлеуметтік даму аспектілерін зерттеу
Ресейде ХІХ ғасырда, ал Қазақстанда
ХХ ғасырдың аяғында ғылыми негізде
дами бастады. Батыста аймақтық экономика
"аймақтық ғылым" деп анықталады.
Экономист ғалым Н.Н.
Аймақтық экономикаға теориялық - әдістемелік
зерттеулер жасаған ғалымдар Альфред
Вебер, Аугуст Леш, Вильгелм Кристаллер,
Иоганн Тюнен, Энтони Куклинский, орыс
ғалымдары Н.Барановский, Н.Комосовский
және тағы да басқа АҚШ , Германия, Франция
ғалымдары үлес қосқан. Жоспарлау мен басқарудың аймақық
мәселелері республикадағы экономикалық қатынастарды
қайта құру бойынша іс-шаралар жүйесінде
маңызды орын алады. Мемлекеттің дамуында
аймақтар мен олардың билік органдарының
ролін арттыру әлемдік тенденцияға жатады.
Аймақтық басқаруға қойылатын негізігі
міндеттерге:
- Республика мен ТМД елдерінде кәсіпорындардың
дамуы мен жұмыс істеуінде қорықтық қатынастар
мен тауар - ақша, жоспардың арақатынасы;
- өзін-өзі басқару механизміндегі экономикалық
және ұйымдастырушылық - әкімшілік әдістері
мен экономикалық арақатынасы;
- аймақтық басқару процесіндегі орталықтанған
және орталықтан-дырылмаған басқару шешімдерінің
арақатынасы.
Басқарудың экономикалық
механизмінің маңызды элементіне ақша
айналымын үздіксіз нығайту кезінде
жоспарды қаржымен қамтамассыз ету
жатады. Сондықтан да жергілікті шаруашылықтың
аймақтық жүйесінің дамуы мен
қызмет етуіне кешенді әлеуметтік –
экономикалық дамуға қызмет ететін механизм
қажет, ол механизм мыналарды қарастыруға
тиіс:
- аймақтық экономикалық мүмкіндігінің
материалдық өндірістік саласының тиімді
қызмет етуіне байланысты болуы;
- аймақтық жүйенің барлық тармақтарының
тепе – тең болуы;
- аймақтық әлеуметтік – экономикалық
дамуының кешенді жоспарын қаржылай және
материалды – техникалық қамтамасыз ету;
- әлеуметтік саланың дамуының нәтижелілігі
мен аймақтың шаруашылық қызметінің тиімділігін
есепке ала отырып бюджеттік жоспарлауды
қайта құру;
- әрбір өндірушінің жағдайының жақсаруы
әлеуметтік мәселелерді шешуге байланысты
болады.
Аймақтық басқарудың методтары
аймақтың өндірісітік және өндірістік
емес сфералар жиынтығы мен кәсіпорындар
мен ұйымдарға шаруашылық әрекеттің
пайда болуын қамтамассыз етуі тиіс.
Соның ішінде:
- республикалық стратегиялық тұжырымдардың
әлеуметтік – экономикалық даму жағдайына
біртұтас мақсатты бағыттанушылық;
- жергілікті өзін - өзі басқару органдарының саяси және әкімшілік қызметтерінің біртұтастығын сақтау;
- әлеуметтік – экономикалық , құрылыс – инвестициялық және табиғатты қорғау саясатының жылдық жоспарын жан-жақты және біртұтас мамандануын қадағалау;
- аймақтық басқару мен жоспарлаудың тікелей және керсінше иерархиялық жүйе бөліміне біртұтас бюджеттік және қаржы - несиелік негізіне территориялық әкімшілік білім беру.
Аймақтық басқару органдарының
экономикалық компетенциясын кеңейту
барлық сұрақ территорияның әлеуметтк
– экономикалық дамуымен байланысты
болса, аймақтық органдар кәсіпорын
коллективімен бірлесе отырып шешімін
табуы қажет, өйткені жергілікті
әкімшілік құқығы нақты экономикалық
мүмкіндіктермен сәйкестенуі
Аймақтық саясат механизмдерін жүзеге
асыру, соның ішінде әлеуметтік –экономикалық
ұдайы өндірістің қоршаған ортамен тепе
теңдігінің бұзыуына байланысты, экологиялық
қауіпті аймақтарға арнайы мемлекеттік
бағдарламалар жасап нақты аймақтардың
дамуының өзекті проблемалары шешімін
табуы қажет. Шағын және орта қалалардың
өркендеуі екі – үш өндірістік кәсіпорындардың
қызметіне тәуелді болады. Жалпы жағдайдың
экономикалық тоқырауы, инфляцияның күшеюі,
шаруашылық қатынастардың үзілуі, көптеген
шикізат пен өндіріс түрлерінің сұранысының
төмендеуі кәсіпорындардың жұмысын тоқтатуына
алып келді. Бұның әсерінен қала және ауылды
аймақтарда жұмыссыздықтың белең алуына,
жоғары кадрларымыздың басқа елге кетіп
қалуына, жергілікті халықтың тұрмысының
төмендеуіне алып келді.
Қазақстан Республикасының
болашақтағы әлеуметтік-
- аймақ - мемлекет экономикасын тікелей және жанама ресурстары, ғылыми- техникалық, қаржы- несиелік, несие және әлеуметтік байланысы дамыған біртұтас бөлігі болуы тиіс;
- бұл жерде ұдайы өндіріс пен еңбек ресурстары, қаржылай айналыммен ұлттық байлықтың жартысы, үйлестіру, айырбастау, тұтынушылар өндірісі іске асады ;
- басқару органдарының біріккен әрекеті, территориялық өндірісітің дамуына орындаушы органдардың бірігуіне әкеледі ;
- аймақтың табиғи құзіретіне жоспарлау , қаржыландыру , несиелеу, ақшалай айналыммен еңбек ресурстарын жетілдіру жатады .
Экономикалық механизмге деген қажеттілік ұдайы өндіріс циклінде әлеуметтік- экономикалық аспектісінің біртұтастығын сақтауын қажет етеді. Сондықтан , экономиканы дамыту саласында қандай да бір басқарудың шешіміне практикалық қызметі халықтың материалды және мәдени тұрмысын қамтамассыз етуімен бағалануы тиіс. Әлеуметтік даму көрсеткіші тұрғын үй проблемасын шешумен халықтың рухани қажеттілігін қамтамассыз ету арқылы еңбек етуіне әсер етеді. Сондықтан, экономикалық- әлеуметтік шаруашылық салаларының тепе – теңдігін ұстау маңызды болады. Ол мемлекет пен демографиялық ұдайы өндіріс арасындағы кәсіпорынмен жергілікті өзін - өзі басқару органдарының экономикалық жүктеулерді тарату арқылы әлеуметтік әділеттілікті тудыруы қажет. Дәл осы кезде өндіріс шығынымен байланысты шыѓындардың толық көрсетілуі қажет . Бұл республиканың демаграфиялық жағдайына еңбек ресурстарын тиімді пайдалануға демеу жасайды және көп еңбек етуді төмендетіп, ғылыми – техникалық прогресстің дамуына жол ашады. Сонымен бірге әлеуметтік бағдарламалар екі маңызды қаржылық ресурстарды қамтиды. Олар: қаржы – несие жүйесі және жергілікті бюджет. Әлеуметтік тұрмыс инфрақұрылымның дамуына кәсіпорын мен бірлестіктердің еңбек ресурстарының төлем ролін күшейтуге тырысады. Эквивалентті байланыстардың барлық экономикалық жүйе түйіндерімен қамтамассыз етуі, нарықтық жүйенің экономикалық механизмде талап етуі болады.
Экономикалық жүйелерді
зерттеуді аймақтық басқару мен
жоспарлау келесідей
- кәсіпорын – аймақтың басты
экономикалық көзі болып табылады. Кәсіпкерлік
қызметнің заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
Осыдан келіп территориялық басқарудың
міндетті шаруашылық және өндіріс-технологиялық
даму шартына араласпауы аймақтық кәсіпорындардың
әлеуметтік- экономикалық кешенді дамуын
ынталандырады.
- облыс, қала, аудандардағы шаруашылық
субъектілердің есеп принціпі мен экономикалық
есептертің эквивалентті негізін басқару
органдары мен жалпы қатынас.
- жергілікті бюджеттің қалыптасуы кәсіпорын
мен ұйымдардың жұмысының тиімділігіне
байланысты .
ІІ. Мемлекеттің түрлері және атқаратын қызметі.
Алғашқы рет мемлекет түрлерін жіктеуді Аристотель жасады. Ол Геродот пен Платонның ілімдерін басшылыққа ала отырып, мемлекетті монархияға (бір адамның үстемдігі), аристократияға (элитаның үстемдігі), политияға (тіке демократия мағынасында халықтық үстемдік) бөлді. Оның ойынша, мемлекеттің бұл үш түрі де халыққа мансапқорлықсыз, пайдакүнемдіксіз қызмет ететін болса, олар заңды болып табылады.
Қайта өрлеу заманынан бастап мемлекетті үш түрге бөлу қалып, ол енді монархия және республика деп екі түрге бөлінетін болды. Ал бұл күнде демократияны оған қарама-қарсы автократиядан айырып алуға тура келеді. Бұл жерде демократияның конституциялық мемлекет түрінде кездесетінін ескерсек, парламенттік үкімет пен президенттік басқару жүйесін ажырату да қажет. Қазіргі дүниеде тағы бір ескеретін жай конституциялық мемлекеттер түріне жатпайтын, бір мемлекеттік жүйеге біріктіруге болмайтын толып жатқан плюралистік тұрғыдағы мемлекеттер бар. Мәселен, бұрынғы КСРО-ның пролетариат диктатурасы мемлекеті дегеніміз шын мәнінде коммунистік партия басшылығының олигархиясы болды. Ал үшінші әлемнің көптеген мемлекеттері өздеріне не батыстық, не шығыстық мемлекеттік үлгіні алса да оларда бұрынғы ескі басқарушылық түрі араласып отырды.
Мемлекеттердің түрлеріне келсек, қазір абсолюттік және конституциялық монархия, әскери диктатура, автократия, хунталар, әлеуметтік тап, тайпа басшылығы, отбасылық қауым дегендерді білеміз. Діннен ажыратылған (светтік) мемлекеттер типіне қарсы діни мемлекеттер типі бар. Міне, осының бәрі әлі күнге дейін қазіргі мемлекеттерді дұрыстап жүйеге бөлудің жоқ екендігін көрсетеді. Конституциялық мемлекеттің бірнеше антитиптері бар. Оның бірі бір адамның, не бірнеше адамның үстемдік етуі түрінде көрінеді. Конституциялық мемлекеттің бірнеше антитиптері бар. Оның бірі бір адамның, не бірнеше адамның үстемдік етуі түрінде көрінеді. Автократиялық мемлекеттің өзіндік бір типі – ол авторитарлық пен тоталитарлық түрлер қосылған тоталитарлық мемлекет. Мұның үлгілерін Ленин, Сталин, Гитлер нақты жасап берді. Ол адамды өзінің идеологиясын сөзсіз орындауға пайдаланумен, қоғамдық және жеке адам өмірін саясаттандырумен сипатталады. Сонымен мемлекеттік құрылыстың саналуандығына байланысты да олардың түрлері де әртүрлі болып келеді.
Мемлекеттің типі оның мәнінен, шететін міндеттерінен туындайды. Яғни, мемлекет белгілі бір таптың, не қоғамдық күштің үстемдік ету құралы (механизмінің) әлеуметтік бағыты болып та табылады. Мемлекеттің түрі үстем өндірістік қатынастардың түрімен айқындалады. Сонымен қатар мемлекеттің өтпелі түрі де болады. Осындай күйді қазір Қазақстан басынан кешуде. Қазақстанда құқықтық мемлекет құру міндетін шешу – мемлекетіміздің ұлттық - демократиялық типін жасауға бағыт алуда. 1995 жылдың 30 тамызында қабылданған еліміздің Ата заңы – Конституцияда «Қазақстан Республикасы – демократиялық, зиялы және біртұтас мемлекет», - деп жария етіліп, тәуелсіз мемлекет заңды түрде жарияланды.
Мемлекеттер басқарушылық формасы мен саяси өкіметтің негізгі институттарының құрылысына қарай да әртүрлі болады. Ал басқарушылық формасы дегеніміз өзінің заңдандырылған тәртібімен сипатталатын өкіметті ұйымдастыру болып саналады.
Басқарушылықтың монархиялық формасы - мемлекеттік өкімет билігін жүргізетін бір адам - монарх. Ал мемлекеттің республикалық формасында – заң бойынша өкімет билігін халықтың көпшілігі жүзеге асырады. Өйткені, онда өкімет билігінің көзі халықтан шығады. Басқарушылықтың басқа да түрлері бар. Олар: демократиялық, әміршілдік, т.б.
Мемлекет құрылысы бойынша унитарлық біртұтас мемлекет және федеративтік заң бойынша біршама ерікті мемлекеттер одағы – республикалар, штаттар, контондар, т.б., конфедеративтік мемлекеттік-құқықтық бірлестіктер болып бөлінеді. Әртүрлі мемлекеттердің маңызы оның ішкі саяси құрылысына қарай бағаланады. Саяси құрылысы дегеніміз – бұл мемлекеттік өкімет билігін жүргізу әдістерінің біртұтас жүйесі, жеке адамдардың демократиялық құқы мен бостандығын іске асыру дәрежесі, өкіметтің өз қызыметінің құқылық негіздеріне қатысты, ресми констиуциялық және құқылық нормалардың нақты саяси өмірге сәйкестігі. Осы кездегі адамзат қоғамында демократиялық, авторитарлық, диктаторлық, фашистік т.б. саяси құрылыстар бар. Саяси даму құрылысынан қарағанда агрессивтік, бейбітшіл, бейтарап, консервативтік, либералдық және т.б. мемлекеттерді ажыратуға болады.
Мемлекеттердің негізгі функциялары ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Ішкі функциялары мыналар: өмір сүріп отырған өндіріс тәсілін, экономикалық және әлеуметтік жүйені қорғау, экономиканы басқару, шаруашылық қызметін көрсету, тәртіп пен қоғамдық тыныштықты сақтау, әлеуметтік қатынастарды реттеу, мәдени –тәртіп және идеологиялық қызмет. Ал сыртқы функцияларына - халықаралық қатынас жасағанда өзінің (осы мемлекеттің) мүддесін қорғау, елдің қорғанысын қамтамасыз ету, басқа мемлекеттермен дұрыс қарым-қатынастарды дамыту, жаңа саяси ойлау шеңберінде, бейбіт қатар өмір сүру принциптері негізінде өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту жатады.
Мемлекеттің негізгі белгілері. Мемлекет белгілі бір территория шеңберіне халықты ырықсыз көндіру монополиясына ие, бүкіл қоғам атынан ішкі және сыртқы саясатты жүргізіп отыру құқығына ие, барлық жұртқа міндетті заңдар мн ережелер шығарудың ерекше құқығына, салық салып отыру құқығына ие болатын құрылым.
Мемлекеттің белгілері мынандай:
1) Мемлекеттік өкіметті іске асырушы органдар мен мекемелердің ерекше жүйсінің болуы.
2) Мемлекетте белгіленген белгілі бір нормалар жүйесін нығайтатын құқықтың болуы.
3) Сол мемлекет заңдарының күші жүретін тұтас территорияның болуы.
Мемлекеттің өмір сүруі өндірістік қатынастардың сипатына және тұтастай өндіріс тәсіліне байланысты. Мемлекет базистің қондырмасы. Осы сияқты диалектикалық байланысын, өзара тәуелсіздігін айқындамайынша, мемлекеттің шыққан тегін (генезисін), оның бір тарихи тұрғыдан екінші бір тарихи тұрғыға өту заңдылығын түсіну мүмкін емес. Тарихтың барысында мемлекет бірте-бірте базистен біршама дербестік алды. Оның қоғам өмірінің негізгі салаларына ықпалы өте қомақты және ол қоғамдық қатынастардың дамуына әсер ете алады немесе бөгет болуы да мүмкін. Қоғамның ұйымдастырылуы күрделенген сайын мемлекеттің оған ықпал жасау рөлі арта түседі.
ІІІ. Мемлекеттің пайда болуы.
Мемлекеттің пайда болуы теориялары мемлек
Мемлекеттің пайда болуы қоғамның ұйымдық құрылымды объективті түрде қажет ететін ішкі эволюциясымен байланысты. Мемлекеттің пайда болуының бірнеше түсіндірмелері бар. Ең алдымен –тологиялық теория ол мемлекеттің пайда болуын құдайдың құдіретімен байланыстырады. Бұл теорияның негізгі идеология Августин (554-450) және Фома Аквинский (1225-1274жж) болып табылады. Оның негізгі мынандай постулаттық бар, мемлекеттің айнымайтындығы және қасиеттілігі, барлық билік құдайшылық бастаушылардан шықты, оны ешкім де шайқала алмады. Осы теорияға сәйкес барлық мемлекеттер басшылары өздерінің биліктерін құдайдың ерік-жігерін орындаушылар ретінде жүзеге асырады. Патриархалық теориялар мемлекет отбасының өсіп -өркендеуінің пайда болады да түсіндіріледі. Оның өкілдерінде ежелгі грек философы Аристотель б.д.д. 384-322 жж сонымен бірге оырс социологы Михайловский (1842-1904жж) жатады. Мемлекеттілік құрылысының орнына келеді. Алғашқы қауымдық теңдік пен шешеннің қоғамдық формасы өз-өңірін ескереді де қашан әлеуметтік қабаттарда бөліне бастайды. Ұжымдық өндірістік қатынастар қалыптан тыс шығады. Оның еңбек бөлінісі келеді, тайпалық құрлым қиындай түседі. Модан келіп әлеуметтік құрылымдарды бөлу дами бастады. Мемлекетт қоғамының ұйымдық құрылымды объективті қажет ететін ішкі эволюцияда мемлекет қоғамды басқару үшін қажет ұйым ретінде, билік ету механизмі ретінде жұмыс жүргізді. Мемлекеттік биліктің өзіндік белгілері жалпыға бірдейлік және (барлық) әмбебаттық болып табылады. Жалпыға бірдейлік бар аумақтық және бар тұрғындарға таратылудан , ал әмбебаптық ортқ мүдделерді қорының кез келген мәселелерді шешу мүмкіндігінен көрінеді. Бұқаралық билік мемлекеттік орындарды жүзеге асады және мемлекеттік билік ретінде іс-әрекет жүргізіді. Оны мен аппаратын құрайтын адамдардың ерекше санына жүргізе арттырады.
Құқық мемлекет сияқты қоғам дамуының белгілі бір кезеңдегі өнімі болып табылады. Жалпыға бірдей міндетті әлеуметтік нормалардың пайда болуы бір әлеуметтік топ үшін нысардарға иелік ету және пайдалану белгілі бір әлеуметтік топ үшін нысандарға иелік ету және пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз ету қажеттілігімен байланысты. Жалпылардың көмегі арқылы аталған әлеуметтік әлеуметтік топтың сұраныстары қанағаттандырылып, мүделері жүзеге асырылады. Құқықтың дамуы мемлекеттің дамуымен нағыз байланысты. Мемлекет белгілі бір кезеңде осы маңызды әлеуметтік нормаларды, оларды құқықтық нормаларға айналдыра отырып, қамтамасыз етеді. Сонымен, бірге құқықтық жаңа нормаларын анықтау бойынша жұмыс жүргізеді. Құқық нормасы мемлекетпен рұхсат етілмей немесе белгіленеге жеке тұлғаның мүддесін жүзеге асыру барысындағы міндетті немесе мүмкін құран ретінде шартты түрде бекітемінжалпыға бірдей міндетті мінез-құлықтардың ережесі. Құқықтық қатынастар – құқық нормаларымен реттелген, құрамында өз ара алмастырып отыратын құқықтар және міндеттермен айшыққан құқық субъектілері арасында заңдық байланысы бар қоғамдық қатынастар. Құқықты қатынастардың субъектілері (қатысушылары) құқық қаблеттілігі бар нақты және заңды тұлғалар бола алады.
Құқық қаблеттілігі деген құқыққа
және міндетке не болу қаблеттілігі, ал
әскет қаблеттілігі деген олар жүзеге
асыру қаблеттілігі. Құқықтық қатынастардың
пайда болуы, өзгерілуі және нақтылануы
заңдық жағдайлармен заңдық маңызы бар
нақтылы мән-жайлармен байланысты, олармен
құқық нормасы құқық субъектілерінің
құқықтары мен міндеттерінің пайда болуы.
өзгерілуі және тоқтатылуын байланыстырады.
Мемлекет қоғамның көп салалы, көп жүйелі
құбылыстарына сәйкес дамып, өмірге келген
бірлестік. Оның себептерін қоғамдағы
болып жатқан объективтік факторлар құрастырады:
биологиялық, психологиялық, экономикалық,
әлеуметтік, діни, ұлттық т.б. құбылыстар.
Сондықтан бір теорияның көлемінде мемлекет
пен құқықтың пайда болуын ғылыми тұрғыдан
толық түсінуге болмайды. Қоғамның тарихи
даму процесінде адамдардың ара қатынасында
кайшылықтар басталды. Сондықтан қоғамда
бостандықты, еділеттілікті, тендікті
сақтау үшін адамдар өзара шарт жасап
мемлекетті құрды. Бұл шарттың мазмұны
көп елдің Конституциясына кірді деп түсіндіреді.
Психологиялық теория — XIX ғ. бұл теорияны уағыздаған: Ч.Тард, Л.И. Петражицкий. Коғам мен мемлекетті бұл теория адамдардың психологиялық біріккен көзқарасы, іс-әрекеті, мінезі, тәртібі — бәрі келісіп ұжымдық түрде басқаруы. Коғам мен мемлекет адамдардың табиғи психологиялық даму заңдылық процесінің нәтижесінде пайда болды деп түсіндіреді.
Күштеу теориясы — XIX ғ. қалыптаскдн пікір. Өкілдері: Л. Гум-плович, К. Каутский, Е.. Дюринг т.б. Мазмұны: күшті рулар, тайпалар өздерімен шектес әлсіз руларды, тайпаларды күштеп, зорлық озбырлық жасап өзіне бағындырып, бақылауды жақсарту үшін мемлекет құрады — деп түсіндіреді.
Материалистік теория — мемлекет
пен құқықтың пайда болуын экономикалық
тұрғыдан түсіндіреді, себептері: қоғамдық
еңбектің бөлінуі, қосымша өнімнің, жеке
меншіктің пайда болуы, қоғамның қарама-қарсы
екі тапқа бөлінуі, қайшылық күресінің
басталуы. Мемлекет пен қққықтың мазмұнының
тарихи өзгеріп отыруы қоғамдық мүдде-мақсатты
қорғауы.
Мемлекет қоғамның көп салалы, көп жүйелі
құбылыстарына сәйкес дамып, өмірге келген
бірлестік. Оның себептерін қоғамдағы
болып жатқан объективтік факторлар құрастырады:
биологиялық, психологиялық, экономикалық,
әлеуметтік, діни, ұлттық т.б. құбылыстар.
Сондықтан бір теорияның көлемінде мемлекет
пен құқықтың пайда болуын ғылыми тұрғыдан
толық түсінуге болмайды.
Жоғарыда көрсетілген
Кемшілігі — мемлекет пен құқықгы
тек экономикалық базис пен шектеуі,
жалпы теорияның атқаратын
Бүгінгі тандағы мемлекеттің басты ерекшелігі
айматтарды мемлекеттік және коғамдық
істерге нақтылы қатыстыруды қамтамасыз
ететін, шын мәніндегі, демократиялық
қоғам құру болып табылатындығында. Республика
Конституциясының 3-бабында: "Мемлекеттік
биліктің бірден-бір бастауы — халық"
деп көрсетілсе, 1-бабында "Қазақстан
Республикасы өзін демок-ратиялық, зайырлы,
құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде
орнықтырады" деп атап көрсетілген.
Мұның мәні неде? Оның мәні бәрінен бұрын
ізгілік іргетасынын, қалануында, яғни
азаматтың, жеке адамның бостандығы, ар-ожданы,
ар-намысы. Бұл—халықтың, қоғам мен мемлекеттің
өмірінде заңның үстем болуы арқылы қол
жеткізілетін нәрсе. Од адамнын құқығы
мен бостандығын, бейбітшіл азаматтық
коғам құруды және ұлтаралық татулықты,
сондай-ақ адамның өзі және өз ұрпақтары
үшін лайықты өмір сүруін қамтамасыз етеді.
Кеңестік дәуірді де, қазіргі
кезенде де мемлекетгің функциясын
дамытуға көп көңіл бөлінеді. Өйткені
функцияның мазмұның терең түсініп, білу
тек мемлекеттің бүгінгі жұмысын, қызметін
жақсарту ғана емес, сонымен бірге қоғамның,
мемлекеттің тарихи даму процесін зерттеп,
дұрыс түсінуге көп үлес қосуы. Функция
мемлекетпен, қоғаммен бірге дамып, бірге
өмір сүріп келеді. Бұл объективтік процесс.
Қазіргі заманда Қазақстан Республикасының
функциясы күрт өзгеріп, дамуда, негізгі
бағыты нарықты экономиканы қалыптастыру,
либерал-демократиялық мемлекетгі орнату.
Мемлекеттің функциясы туралы әр түрлі
ой-пікірлер бар. Солардың бірі — функция
көп өзгеріске ұшырамайтын деп, бірнеше
үрлерін келтіреді: жалпы қоғамдық, әлеуметтік,
таптық, ұлттық, ғылыми-техникалық, экологиялық,
интернационалдық функциялар. Функцияны
жүйелеудің келесі түрі: тұрақты және
уақытша функциялар; негізгі және негізсіз
функциялар; заңды қабылдау, орындау, қорғау
функциялары. Мемлекеттердің көпшілігі
функ-цияны ішкі және сыртқы функциялар
деп екіге бөледі. Осы пікірді қазіргі
заманда мемлекеттер дұрыс деп қолдануда.
Интернационализм — барлық ұлттар мен ұлыстардың өзінің саяси, шаруашылык және мөдени дамуындағы заң жүзіндегі және іс жүзіндегі тендікті тану және оны қүқықпен қамтама-сыз ету болып түсініледі. Республикамызда нәсіліне, үлтына, тіліне және т.б. жағдаятгарға қарамастан қүкық пен бостан-дықтендігіне кепілдік беріледі. Еліміздегі Қазақстан халыкта-ры Ассамблеясы интернационалдык үйым.
Мемлекет қызметінің орындалу әдістері: жеке тұлғалар ерікті, ерексіз түрде орындайды; мемлекеттік органдар, бірлестіктер, ұйымдар өздерінің кұзыретінің шеңберіне сәйкес орындайды. Егер дұрыс орындалмаса, еріксіз түрде орындау қамтамасыз етіледі. Құқықтың саясатпен және экономикамен арақатынасын білудің құқықтың мәнін сипаттаудағы маңызы зор. Құқық пен саясаттың мазмұны қоғамдағы өндірістік қатынастармен айқындалады. Мемлекеттің саяси шараларының басты аспектілері қүқықта бейнеленіп көрсетіледі.

- Мемлекеттің қаржылық қызметі
- Менделеев Дмитрий Иванович
- Менджмент предприятия
- Менджмент промышленного производства
- Менеджер в роли рукововдителя
- Менеджер в системе управления
- Менеджер в системе управления
- Мемлекет және құқық теориясының пәні мен әдісі
- Мемлекет және құқық теориясы түсінігі
- Мемлекет құрылуы
- Мемлекет пен құқықтың пайда болуы мен дамуы
- Мемлекеттік органдар
- Мемлекеттік саясат: түсінігі, мәні, тұжырымдамалары
- Мемлекеттік ұйымдардың ревизиясы мен бақылауы