Қоғамның саяси өмірі. Азаматтардың мемлекеттік саясатқа әсер ету нысандары

ҚАЗАҚСТАН   РЕСПУБЛИКАСЫ  БІЛІМ ЖӘНЕ  ҒЫЛЫМ  МИНИСТРЛІГІ

ӘЛ-ФАРАБИ  АТЫНДАҒЫ  ҚАЗАҚ  ҰЛТТЫҚ  УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

 

 

СӨЖ

 

Тақырыбы: Қоғамның саяси өмірі. Азаматтардың мемлекеттік саясатқа әсер ету нысандары.

 

 

 

 

Орындаған:  Сұлтанғазы  Т.Е. (3-топ)

Тексерген:  Жарболова  А.Ж.

 

 

Алматы  2013

Жоспар

Кіріспе

І. Қоғамның  саяси  өмірі 

1.1. Саясаттың   түсінігі   және   белгілері.

1.2. Саяси жүйе және оның элементтері. Саяси жүйенің қызметтері.

1.3. Саяси биліктің түсінігі, негізгі белгілері.

1.4. «Демократия» терминінің мәні, оның белгілері, түрлері.

ІІ. Азаматтардың мемлекеттік саясатқа  әсер  ету  нысандары 

2.1. Азаматтардың мемлекеттік билікке араласу нысандары ретінде сайлаудың мәні.

2.2. Қоғамдық ұйымдар. Саяси партиялар.

Қорытынды

Пайдаланылған   әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

Қоғам – экономикалық және рухани біртұтастықпен, өмір сүру жағдайын ұйымдастырудың тұтастығымен сипатталатын, белгілі бір аумақтағы адамдардың бірлігі.

Саяси жүйе – елдің саяси өміріне қатысатын мемлекет пен мемлекеттік емес қоғамдық құрылымдардың біртұтас кешенде қарастырылуы. Сонымен, қоғамның саяси жүйесі – мемлекетік және қоғамдық ұйымдардың, еңбек ұжымдарының бірігіп, елдің саяси өміріне кірісіп, қоғамды дамытуға, нығайтуға үлес қосуы.

Саяси жүйенің ең күрделі, ең маңызды  элементі – мемлекет. Біріншіден, ол саяси жүйенің билігін, мүдде-мақсатын іске асыратын ең негізгі аппараты. Екіншіден, мемлекет саяси жүйенің барлық элемент-терін біріктіріп, саяси функция арқылы қоғамның игілікті құндылықтарын әділетті болу процесін басқарып отырады. Бұл процесті басқару, бақылап отыру дегеніміз – қоғамдағы қарым-қатынастарды, олардың өзара байланысын реттеп отыру, тұрақты, жақсы дамуын қамтамасыз ету.

Жоғарыда көрсетілген саяси жүйенің элементтерінің даму процесінен қоғамда әр түрлі саяси жүйелер қалыптасады: әкімшілік, жарыстық, әділетті-бірлік жүйелері. Қоғамның жақсы-жаман дамуын осы жүйелер шешеді, соған сәйкес саяси жүйе әр түрлері қалыптасып жатады.

Адам қоғамы дамып, қалыптасып, өмірге келген күннен бастап міндетті түрде оның бағдарламасы, саясаты, биліктің түрі анықталады. Бұл жұмыстармен шұғылданатын қоғамның саяси жүйесі. Ең алдымен қоғамның мүддесі мен мақсаты анықталады. Қоғамдық бағдарламаны жасап, саяси биліктің мазмұнын толықтырып, олардың орындалу бағыттарын, жолдарын анықтап, іске асыру механизмін белгілейді.

Қазақстан Республикасының  Конституциясында елімізде азаматтық  қоғамды қалыптастырып, демократиялық  зайырлы, құқықтық, әлеуметтік мемлекет құру бағыттары көрсетілген. Бұл бағыт мемлекетіміздің ең күрделі, ең жауапты мүдде-мақсаты. Осы мақсаттың жүзеге  асырылуына  мемлекет  азаматтарының да  ықпалы  зор.

Саясаттың   түсінігі   және   белгілері

Саясат - (гр. politika - мемлекетті басқару өнері) - алғашында мемлекеттік және қоғамдық істер немесе мемлекеттік басқару шеберлігі деген мағынаны білдірген.

Саясаттың  белгілерінің  бірі – оның субъектісі – өз мүдделеріне байланысты саяси өмірге белсене араласып, басқалардың санасына, іс-әрекетіне, жағдайына ықпал ететін, саяси қатынастарға белгілі өзгерістер енгізетін, саясатты жасайтын адам, ұйым не әлеуметтік топты айтады. Саясат субъектісінің құрамы, іс-әрекеттерінің түрлері, тәсілдері, көздеген мақсат-мүдделері және т.б. қоғамның нақты, тарихи жағдайымен айқындалады. Оған азаматтар, әлеуметтік топтар, ұлттар, қоғамдық-саяси ұйымдар, мемлекет жатады. Ал  саясаттың объектісі көп түрлі саясат дүниесі болып табылады, бұған мемлекетті, саяси институттарды, билік нысандарын және олардың қоғамдық жүйедегі рөлін  зерттеуді  жатқызуға болады, бұл оның саяси қозғалыстардың, партиялардың, сайлау жүйелерінің маңызы мен рөлін талдау, сайлаушылардың саяси мінез-құлқының әртүрлі нысандарын және олардың мотивациясын, бұқаралық ақпарат құралдарының рөлін және олардың қоғамдық пікір қалыптастыруға тигізетін әсерін зерттеу.

Саясат заңдылықтары - әлеуметтік заңдылықтар ерекшеліктерімен байланысты, ол қоғамдық қатынастарға қатысушылардың өзара қарым-қатынасы мен түсініктілігін анықтайды. Саясат заңдылықтары көптеген адамдардың мінез-құлқынан көрінеді, сондықтан саясат заңдары үрдіс ретінде әрекет етеді. Саясат заңдары сыртқы және ішкі факторларын, байланыстарды анықтауға жәрдемдеседі.

Сыртқы факторлардың ықпалын көрсететін заңдылықтар қатарында саясат пен экономика байланысын көрсетуге болады. Ол саясаттың қоғамда үстемдік етуші экономикалық қатынастар түріне тәуелділіктен көрініс табады, сонымен бірге саясат экономикаға ықпал етеді.

Саяси өмірдің ішкі байланыстары мен үрдістерінің әрекетін білдіретін заңдылықтар бар. Бұл қазіргі әлемдегі бұқара халықтың саясатқа тартылуымен, саяси белсенділігінің өсуімен байланысты. Сонымен бірге саясат пен басқаруға адамдардың белсенді қатысуын қамтамасыз ететін құрылымдар мен тетіктер көбеюде.

Саяси  жүйе  және  оның  элементтері.  Саяси  жүйенің  қызметтері.

Қоғамның  саяси жүйесі – бұл белгілі бір саяси функцияларды атқарушы мемлекеттік және мемлекеттік емес әлеуметтік институттардың жүйесі. Мұндай институттардың қатарына қоғамдық өмірдің билікке байланысты саласына қатысушы мемлекет, партиялар, кәсіптік одақтар және басқа да ұйымдар мен қозғалыстар жатады. Саяси жүйе сыртқы және ішкі саясаттың жүзеге асуын қамтамасыз етеді, әлеуметтік топтардың мүдделерін қалыптастырады, білдіреді және қорғайды. Оның сипаты, ең алдымен, осы саяси жүйенің пайда болған және  қызмет ететін әлеуметтік ортасы арқылы анықталады:

1) Еңбек нәтижелері саналы түрде мемлекеттік ұйымдасқан адамдардың ерекше тобымен бөлінетін әлеуметтік орта. Мұндай ортада меншіктің мемлекеттік және қоғамдық түрлері орын алады, өзіндік меншікке рұқсат берілуі мүмкін, ал жеке меншік мүлдем болмайды. Мұндай саяси жүйелерде мемлекеттік билік қоғамның экономикалық өміріне тоталитарлы түрде араласады; мемлекет идеологиясынан өзгеше ойлау басып-жаншылып отырады; мемлекеттік идеология, дін, мәдениет, білім, ғылым қалыптасады. Билікте тек бір саяси партия болады.

2)  Әлеуметтік ортаның екінші түрі қоғамның экономикалық өмірінің нарықтық – ақшалық негізіне, еркін кәсіпкерліктің тәжерибесі мен идеологиясына негізделеді. Мұндай саяси жүйелерде мемлекет нарықтық  экономика үшін жағдайларды ұйымдастырушы ретінде көрініс табады, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етеді. Мұндай жүйеде партиялар билікті сайлау компаниларына қатысу арқылы алуға тырысады, құқықтық нысандар саяси мақсаттарға жетудің негізгі құралына айналады.

3)  Әлеуметтік ортаны ұйымдастырудың үшінші түрі – аралас түр, ол конвергенция деген атқа ие болды. Конвергенциялық саяси жүйелер бір әлеуметтік ортадан екінші әлеуметтік ортаға өту кезінде пайда болады. Конвергенциялық саяси жүйелерге әртүрлі мақсаттағы және мазмұндағы көптеген саяси институттардың араласуы тән болып келеді.

Саяси жүйе қоғамның объективтік  даму процесінде қалыптасып, өміреге  келеді. Саяси жүйенің негізгі міндеті экономикалық, рухани, мәдени базисқа сәйкес қоғамдық биліктің мазмұнын анықтап, сол билікті орнату, дамыту, нығайту. Саяси  жүйенің  төрт  функционалдық бағыты болады:

-  институционалдық- мемлекет, саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар бірігіп қоғамның саяси жүйесін  құрайды;

-  реттеуші- құқық, саяси   нормалар, әдет- ғұрып, мораль т.б.;

-  функционалдық –  саяси әрекеттің тәсілдері, саяси  жүйе;

-  идеологиялық- саяси  сана, қоғамдағы үстемдік идеология.

Саяси жүйенің негізгі элементтері: саяси және құқықтық нормалар, саяси құрылыс, саяси іс- әрекет, саяси сана және саяси мәдениет.

Саяси мәдениет  - белгілі бір қоғамға немесе әлеуметтік қауымдастыққа тән саяси сана мен іс-әрекеттердің ұқсастық жиынтығы. Яғни, өкімет пен азаматтардың өзара қатынастарына байланысты тарихи қалыптасқан саяси нұсқаулар, қазыналар, адамның өзін-өзі ұстауы жөніндегі жарлық, қаулылар жүйесі. Ол қоғамдағы саяси өмірдің барлық салаларын қамтиды. Оған ең алдымен саяси сананың мәдениеті, адамдардың, топтардың, ұлттардың өзін-өзі мәдени ұстай білуі, осы жүйенің шеңберінде жүмыс істейтін саяси мекемелердің мәдениеті кіреді.

Саяси сана - өмірдегі саяси қатынастарды бейнелейтін, оларды түсініп-сезінетін, адамдардың бұл саладағы іс-әрекеттеріне бағыт-бағдар беретін әлеуметтік сезімдер, түсініктер, көзқарастар жиынтығы. Яғни, адамдардың саяси өмірді түсініп, сезінуі. Оған ең алдымен қоғамдағы саяси идеяларды, көзқарастарды, мақсат-мүдделерді ұғынуы, саяси билікке қатынасуы жатады. Олар адамның іс-әрекетіне, әр түрлі жағдайда өзін-өзі ұстауына тікелей әсер етеді.

Құқықтық сана - адамдардың қолданылып жүрген және тілек ететін құқыққа көзқарасын білдіретін түсініктер мен сезімдердің, бағалар мен мақсатардың жиынтығы.

 

Саяси  биліктің  түсінігі,  негізгі  белгілері.

Саясаттың негізгі мәселесі билік болғандықтан, саясатта билік  теориясы үлкен орын алады. Билік саясаттың саяси институттар мен барлық саяси әлемнің мінін түсініп-білуге көмектеседі. Ағылшын философы, қоғам қайраткері Бертран Рассель (1872-1970) физикада басты ұғым энергия болса, қоғамдық ғылымдарда негізгі ұғым билік болып табылады деген.

Саяси  биліктің өзіндік қызметтері болады. Олар:

1. Қоғамның саяси жүйесін қалыптастыру.

2. Әр түрлі деңгейдегі қоғам мен мемлекеттің істерін басқару.

4. Үкімет органдары, саяси  емес процестерге басшылық жасау.

5. Саяси  және басқа қатынастарды бақылау.

6. Белгілі бір қоғамға сәйкес басқарудың түрін, саяси тәртіпті және мемлекеттік құрылысты құру.

7. Қоғамдық  тәртіп пен тұрақтылықты қолдау.

8. Дау-дамай, шиеленістерді  ашып, оларға шек қою және дер кезінде шешу.

9. Қоғамдық  келісімге, мәмілеге келу. т.с.с.

Биліктің басқа түрлерімен салыстырғанда саяси биліктің мынадай ерекшеліктері бар оның өктемдік сипаты, оның бүкіл қоғамның атынан билік жүргізуі, басқарумен кәсіби айналысатын адамдардың мүддесін қорғауы, басқа мекемелерге қарағанда билік органдарының тәуелсіздігі, қоғам өмірінің жұмыс тәртібін белгілеуде жеке-дара құқығы, мемлекет шеңберінде ашық күш қолдана алуы, т.с.с.

«Демократия»  терминінің  мәні, оның  белгілері,  түрлері.

Демократия – сөзі (гр. demos – халық және гр. kratos – билік) деген сөздерінен шыққан, яғни “халық билігі” деген мағынаны білдіреді. Әр жерде демократия әртүрлі рең алған. Олар мынандай мемлекетті демократиялық деп түсінген. Халықтың заң жүзінде мемлекеттік билікті басқаруы. Мұнда конституция билік халықтың қолында екендігіне дәлел болады. Халық жоғары билікке өз өкілдерін сайлау арқылы тағайындап, өзгертіп отырады. Демократия теңдік болған жерде ғана болады. Мұнда барлық салада – заң шығару, оны орындауда, т.с.с. теңдік болады. Демократияда әділеттілік, бостандық, еркіндік болуы керек. Сонымен, демократия деп халық билігі, теңдік, құқық, әділдік, еркіндік принциптеріне негізделген мемлекеттік құрылысты айтады.

Демократияның   төмендегідей  түрлері  бар:

Делегативті демократия - гибридті режимдердің негізгі түрлерінің бірі. Бұл ұғым саясаттану ғылымына аргентиналық саясаттанушы                 Г. О'Доннелмен демократия мен авторитаризм белгілерін қамтитын режимді бейнелеу үшін енгізілген.

Идентитарлы демократия - халық еркі мен мемлекет әрекеттерінің теңдігіне негізделген демократия концепциясы. Бұл үлгі жоғарғы билік пен халықтың қарым-қатынасына кедергі келтіретін өкілдіктен бас тартуды (Ж.Ж. Руссо), сондай-ақ, билікті бөлу принципінен де бас тартуды білдіреді (ленинизмнің теориясы мен тәжірибесі).

Тікелей демократия- халықтың жалпы мемлекеттік және жергілікті ауқымда билікті тікелей жүзеге асыруы, халықтың өзінін (көбінесе сайлаушы азаматтармен) жалпы және жергілікті сипаттағы шешім қабылдауы. Мұндай форманың негізгілерінің бірі референдум.

Өкілдік демократия - халықтың билікті өзі таңдаған мемлекеттік органдар арқылы жүргізуі. Халық билігінің негізгі екі түрінің бірі (екінші түрі тікелей демократия). Қазіргі демократиялық қоғамда осы екі түр өзара бірін-бірі толықтырады. Заңды күші тұрғысынан басымдыққа тікелей демократия жолымен қабылданған шешімдер ие болады.

Азаматтардың  мемлекеттік  билікке  араласу нысандары  ретінде  сайлаудың   мәні

Сайлау жүйесі ұғымы әдетте екі — тар және кең мағынада қолданылады. Кең мағынада сайлау жүйесі дегеніміз — Қазақстан Республикасындағы  сайлауды өткізу мен ұйымдастыруға  байланысты туындайтын қоғамдық қатынастар жүйесі. Оған сайлау комиссияларын  құру мен олардың қызметі, сайлау округтерін, учаскелерін құру, сайлау алдындағы үгіт-насихат, сайлаудың  қорытындыларын анықтау, т. б. жатады. Tap мағынада сайлау жүйесі дегеніміз —  сайлауға қатысқан кандидаттардың немесе саяси партиялардың жеңімпаздарын  анықтау жүйесі. Бүгінгі таңда  әлемде мажоритарлық және пропорционалды сайлау жүйелері кең тараған.

Сайлау  жүйесінің негізгі қағидалары әдетте конституцияда анықталады және арнайы занда нақтыланады. Мұндай құқықтық нормалардың жиынтығын сайлау құқығы дейді. Онын 2 түрі бар: 1) белсенді түрі, 2) бәсең түрі. Белсенді түрі азаматтардың сайлау құқығын білдіреді. Бәсең (енжар) түрі олардың сайлану құқығын қамтиды. Сайлау құқығында солар реттеледі. Сайлау ерекше бекітілген жағдайға келіссе ортақ мемлекеттік билікке тұлғаларды сайлаушы азаматтардың әрекеті болып табылады. Билік органдары сайлау  науқанына қатыспайтындықтан сайлау  жүйесі  азаматтардың  мемлекеттік билікке араласу нысаны  болып табылады. Сайлау құқығы Сайлау және сайлану құқығы Қазақстан Республикасы азаматының ең басты саяси құқығы (ҚР Конституциясы. 33-бап). Сайлауға қатысу әркімнің ерік білдіру бостандығы болып табылады. Сонымен қатар сайлауға қатысу кез келген азаматтың азаматтық борышы. Әрбір мемлекет сайлауға азаматтардың басым көпшілігінің қатысуына жағдай туғызады. Сайлауға қатысу — азаматтардың бейқам бақылаушы емес, өз елі үшін жаны ауыратындығының көрсеткіші. Бейқамдык пен қатыспаушылық жағымсыз құбылыстарға жол ашады. Еліміздің сайлау жүйесіне келсек ҚР-сы азаматтарының мемлекеттік органдар мен жкргілікті өзін-өзі басқару органдарын сайлауға және оларға сайлануға қатысуғақұқығы бар. Сайлау жалпыға бәрдей, тең және сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс жағдайында өткізіледі.

 Жалпыға бәрдей белсенді  сайлау құқығы- ҚР-ның он сегіз  жасқа толған азаматарының тегіне, әлеуметтік, лауазымдық, және мүліктік  жағдайында, жынысына, нәсіліне,ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне немесе кез  келген өзге жағдаяттарға қарамастан, сайлауда дауыс беруге қатыса  алады.

Бәсен сайлау құқығы- Республика азаматтарының Конституцияда белгіленген  шектеулермен Президент, Парламент  және мәслихаттың депутаты немесе жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшесі болып  сайлану құқығы. Мәселен, 1999 жылдың 10 қантарында мажоритарлық ждүйенің абсолютті түрі бойынша Н.Ә. Назарбаев мезгіленген бұрын жетіжылдық мерзімге ҚР-ның Президенті болып сайланады. (Бұған дейін 1990 жылғы сәуірінде Жоғарғы Кеңес Президент етіп сайлаған. 1991 жылдың желтоқсанынан ҚР-ның Президенті. 1995 жылғы референдумда Президенттің өкілеттігі ұзартылған).

 Елімізздің кәсіби  Парламенті тұнғы рет 1994 жылғы  7 наурызда сайланған. Бірақ 1995 жылғы наурызда жаңа Конституия  бойынша екі палаталы  Парламент сайланды. Жоғарғы палата (Сенат) 47 депутаттан тұрды, оның 7 сенаторын Президент тағайындады. Төменгі палата (Мәжіліс) 67 депутаттан тұрды. 1999 жылы Жаңа парламенттік сайлау болды. Парламент мүщелерінің бір бөлігі партиялық тізім бойынша сайланды.

Қоғамдық  ұйымдар.  Саяси партиялар.

Саяси қоғамдық ұйымдарға   халықтың белгілі бір тобының мүддесін білдіріп, қорғайтын, алдына қойған әлеуметтік мақсатқа жету үшін ерікті түрде мүшелікке кірген, оған материялдық көмек көрсететін, өзін-өзі басқаратын адамдардың бірлестігі жатады.

Саяси қозғалыстар сияқты қоғамдық ұйымдар да адамдардың мүдделерін іске асырудың құралы ретінде пайда болады. Қоғамдық ұйымдар қоғамның саяси өміріне қатысушы адамдардың мақсаттары мен қарым-қатынастарының әр алуандылығын білдіреді.

Қоғамдық  ұйымдар бірлесе амал, әрекет жасау үшін халықаралық, жалпымемлекеттік, аймақтық, ұлттық, жергілікті көлемде ресми және бейресми сипаттағы одақтарға, халықаралық ұйымдарға бірігуі мүмкін.

Қоғамдық ұйымдар әр түрлі  келеді. Оған партиялар, кәсіподақтар, жастар ұйымдары, кооперативтік бірлестіктер, шығармашылық (творчествалық) одақтар,әр түрлі ерікті қоғамдар (ғылыми,ғылыми-техникалық, мәдени –ағарту, спорттық,қорғаныс және т.б) жатады. Қоғамдық ұйымдар арқылы миллиондаған адамдар өзін-өзі басқаруға белсенді қатысып, өмір мектебінен өтеді.

Қоғамдық  ұйымдар мынадай түрлерге бөлінеді:

Қоғамдық –саяси мүдделеріне сай құрылған ұйымдар. Бұған алдына саяси мақсаттар қойған ұйымдар жатады.

Экономикалық  мүддесіне қарай құрылған ұйымдар.

Таптық белгісіне сай ұйымдар (кәсіподақтар, шаруалар одағы).

Қызмет  түріне қарай құрылған ұйымдар (ғылыми-техникалық, оқу-ағарту, денсаулық сақтау, ұлттық-мәдени, спорттық, қорғаныс, діни, т.б).

Саяси партия – мемлекеттік билікті қолға алуға немесе билік жүргізуге қатынасуға бағытталған, ортақ мүдде, бір идеология негізінде құрылған адамдардың ерікті одағы; қандай да бір таптың немесе оның қабатының мүдделерін көрсететін, белсенді  және  ұйымдастырылған бөлігі.

Алғашқы саяси партиялар Ежелгі Грекияда пайда болған. Ал қазіргі біздің түсінігіміздегі саяси партиялар Еуропада XIX ғ. II жартысында пайда бола бастаған. Бірақ саяси партиялар бірден көпшілік, бұқаралық партия бола калған жоқ. Мысалы, неміс ойшылы М.Вебер саяси партиялардың дамуында келесі кезеңдерді атап көрсеткен:

1) аристократиялық үйірмелер;

2) саяси клубтар;

3) көпшілік партиялар.

Саяси партия қызметтері – саяси партиялардың негізгі міндеттерінің бірі - қоғамдық мүдделерді жинақтау мен оларды саяси шешімдерді қабылдау жүйесі шеңберіне ұйымдасқан және бағытталған түрде енгізу. Саяси партиялар билік үшін бәсекелестік күресте қоғамдық қолдауды жұмылдырушы құрал ретінде қызмет жасайды. Партиялық жұмылдыру арқылы азаматтар қазіргі заманның саяси үрдісінің белсенді мүшесіне айналады, яғни іріктеу қызметін атқарады. Партиялар қоғамдық мүдделерді қалыптастыруда да белгілі рөл атқарады.

Саяси партиялардың жіктелуі - М.Дюверже сайлаушылар мен белсенділер санына байланысты:

а) маманданған;

ә) бұқаралық деп жіктейді.

Маманданған деп қатарында  сайлаушылардың 10%-дан кемі ғана болатын, мүше саны аз партияны айтады. Бірақ  ол ұйымдастырылуымен және тәртібімен көзге түседі. Бұқаралық партияда оны үнемі жақтап дауыс беретін сайлаушылары, мүшелері, белсенділері көп болады. Бірақ олардың ресми мүшелері болмайды.

Саяси жүйедегі рөлі мен  іштей ұйымдасуына байланысты саяси  партияларды  4 түрге бөледі:

1) авангардтық  партиялар. Олардың ұйымы жоғары орталықтанумен сипатталады, өзінің барлық мүшелерінің партияның жүмысына белсенді қатынасуын талап етеді;

2) сайлаушылар партиясы. Олардың негізгі мақсаты үміткерлердің  сайлау науқанын ұйымдастыру: қаржы жинау, үгіт жүргізу және т.б.;

3) парламенттік партия. Ол  негізгі екі қызметті атқарады: сайлауға дайындалу және  парламентке бақылау жасау;

4) қауымдастық партия. Ол  адамдарды белгілі бір саяси  жолды ұстанғандығына қарай емес, ортақ көзқарас, ұқсас мүдделеріне  орай, маңызды мәселелерді ортақ  талқылау үшін біріктіреді.

Партияларды таптық негізде  жіктеу: жүмысшылар, шаруалар, буржуазиялық. Саяси жүйедегі рөліне байланысты: парламенттік, сайлаулық, жетекші және мақсаттық деп жіктелуі.

ҚОРЫТЫНДЫ

Қоғамның саяси жүйесі - бұл белгілі бір саяси функцияларды атқарушы мемлекеттік және мемлекеттік емес әлеуметтік институттардың жүйесі.

Саяси жүйенің ең күрделі, ең маңызды элементі - мемлекет. Саяси  жүйенің қоғамды басқарудағы ең орталық буыны - мемлекет. Қазіргі таңда біздің мемлекетіміз, жалпы қоғамымыз өз дамуының түбегейлі жаңа сатысының алдында тұр. Мемлекеттігіміздің, тәуелсіздігіміздің негізін қалап, қуатты нарықтық экономика құрған соң алдымызға өмір сапасы жоғары, бәсекеге лайықты ең дамыған елдер қатарына қосылу міндетін қойып отырмыз. Осы орайда демократияның маңызы  зор. Демократия - әлемнің өркениетті елдерінің таңдауы, яғни біздің де таңдауымыз. Тепе-тең әрі демократиялық саяси жүйе ғана Қазақстанды модернизациялау жөніндегі ұлығаусар міндеттерді еңсере алады.

Қазіргі кездегі негізгі мәселе — республикамызда тәу¬елсіз әлеуметтік бағыт алған, демократиялық, құқықтық.мемлекет құру. Барлық партия оған келіседі, тек қандай тәсіл-әдістер, құралдар  қолдану керек.

Республикадағы барлық партиялар  өздерінің бағдарламаларында демократиялык құндылықтарды жақтайтындығын, нарықтық-экономикаға тырысатындығын білдіріп, азаматтық келісім мен тұрақтылық болғанын қалайтындықтарын  білдіреді.

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН   ӘДЕБИЕТТЕР

1. Ашитов З.О.  Қазақстан Республикасының құқық негіздері: Оқу құралы.: Жеті жарғы, 2003.- 296 б.

2. Қ.Д.Жоламан. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, ҚазМЗУ –дың баспа-полиграфия орталығы.-1999

3. Тепе-тең әрі демократиялық саяси жүйе ғана Қазақстанды модернизациялау міндеттерін еңсере алады //Астана. 12 қазан. "Қазақстан Бүгін"

4.   www.akorda.kz

5. Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.

6. Демократия  / Под ред. С. В. Сироткина. — М.: Звенья, 2001.

 


Қоғамның саяси өмірі. Азаматтардың мемлекеттік саясатқа әсер ету нысандары