Ә. Бөкейханов - өскен орта
МАЗМҰНЫ
Кіріспе.......................
1. Ә. Бөкейханов
- өскен орта....................
2. Ұлт көсемі – Әлихан Бөкейханов....................
3. Ә. Бөкейхановтың қазақ
жұртшылығына сіңірген еңбегі..
Қорытынды.....................
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі
Бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдағы рөлі орасан зор. Қазір бұрыннан қалыптасып қалған идеологияны бұзып-жарып, жаңа әлеуметтік-саяси көзқарас орнықтырып жатқан заманда ол бұдан да үлкен маңыз ала түскен. Сонымен қатар мемлекеттің өткен тарихына, оның ішінде баспасөз тарихына жаңа тұрғыдан қарау оған түзету енгізуге, қатып қалған идеологиялық схемалардан құтылуға үйретеді. Өткен дәуірдегі таңдаулы публицистердің тәжірибесін зерттей, зерделей қолдана отырып, біздің журналистеріміз жас мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына, қоғамды әрі қарай демократияландыру және адамгершілік ұрығын себуге ықпал ете алады.
Бүгінгі ақпараттар ағымының үздіксіз өсуі, өмірдің алуан ырғағы,адамның жоғары парасаттылық деңгейі пулицистерден де, журналистерден де әлеуметтік ақиқат пен ақыл-ой құбылысын терең зерделеуді, оған мән беріп, жан-жақты жазуды талап етеді.
Сондықтан, біріншіден, кеше де, бүгін де шындықты бетке ұстаған суреткер Ә.Бөкейхановтың публицистік рухани мұраларын саралап-салмақтау кейінгіге үлгі-өнеге, берері мол дәріс.
Міне, осы жәйттерден тақырыптың өзектілігі айқын аңғарылады.
Зерттеу жұмысының нысаны радиодағы тікелей эфир.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері
Зерттеудің негізгі мақсаты - Ә. Бөкейхановтың публицистикасының мәнін ашып көрсету.
Жұмыстың мақсатына қарай төмендегі міндеттер орындалады:
- Ә.Бөкейханов публицистикасының қоғамдық-саяси маңызын ашып, тақырыптың идеясына назар аудару.
- Публицистикасының тілдік байлығын, стильдік ерекшеліктерін ашып көрсету.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
- жазушы шығармашылығын жан-жақты салыстыру мен талдаулар нәтижесінде қаламгер прозасының идеялық-көркемдік ізденістеріне бүгінгі күн тұрғысынан баға беріліп, жазушының туындыларындағы публицистиканың дамуы қарастырылды.
Зерттеу жұмысының практикалық маңызы.
Зерттеу жұмысы жоғары оқу орындарының журналистика, қазақ тілі және әдебиет мамандығының студенттері мен магистрантарына көмекші құрал бола алады.
Зерттеу әдістері
Сипаттама әдісі арқылы жинақталған материалдар даму жолы тұрғысынан баяндалды. Сонымен бірге, зерттеу барысында мақсатқа сай баяндау, талдау, жүйелеу, топтау әдістері қолданылды.
Жұмыстың құрылымы
Бұл жұмыс кіріспеден, 3 тарау, қортынды, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Ә. Бөкейханов - өскен орта
Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан (1866—1937) — XIX ғ. соңы мен XX ғ. басындағы қазақ зиялыларының, қоғам және мемлекет қайраткерлері қатарындағы аса ерекше тұлға. Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт-азаттық және Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы.
1866ж. наурыздың 5 бұрынғы Семей облысы, Қарқаралы уезі, То¬қы-рауын болысының 7-ші ауылында туған. Бұл қазіргі Қарағанды облысының Ақтоғай ауданындағы бұрынғы Қаратал кеңшарының жеріне қарасты, 1992 жылы Ақтоғай аудандық кеңестің шешімімен Ә.Н. Бөкейханов есімі берілді.
Әлихан Орта жүз ханы Бөкейдің ұрпағы. Ата тегі: Бөкей - Батыр - Мырзатай - Нұрмұхамед - Әлихан. Жасынан зерек, алғыр өскен Әлиханды әкесі Қарқаралыға алып барып, жергілікті молданың қолына оқуға береді. Бірақ ол молданың қолынан оқуды канағат тұтпай, қаладағы үш сыныпты бастауыш мектепке ауысады. Оны бітіргеннен кейін 1879-1886 жылдары Қарқаралы қаласындағы қазақ балаларына арналған мектепте оқиды. 1886-1890 жылдар аралығында Омбыдағы техникалық училищеде оқып, оны "техник" мамандығы бойынша бітіріп шықты. 1890-1894 жылдар аралығында Санкт-Петербургтегі Орман технологиялық институтының экономика факультетінде оқыды. Мұнда ол студенттік қызу пікірталастарға қатысып, XX ғасырдың босағасын аттағалы тұрған Ресейдің қандай жолмен дамуы тиімді болатындығы туралы қайшылықты пікірлер қақтығысына куә болды, өз ойын да шыңдай түсті.
Ата тегі Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошыдан тарайтын төре тұқымы. Арғы атасы атақты Сұлтан Барақ. Қазақтың соңғы хандарының бірі Бөкей осы Сұлтан Барақтың баласы. Бөкейден Батыр, одан Мырзатай, одан Әлиханның әкесі Нұрмұхамед.
Әлиханды әкесі тоғыз жасында Қарқаралыға апарып, жергілікті молданың қолына оқуға береді. Бірақ зерделі бала молдадан оқығандардан гөрі осындағы мектепте оқып жүргендердің сауаттылығын аңғарып, қаладағы үш кластық бастауыш мектепке өз еркімен ауысып алады.
Бұдан кейін ол Қарқаралы қаласының үш жылдық училищесіне түсіп, оны да «өте жақсы» деген бағамен бітіріп шығады. Осыдан кейін он алты жасар Әлихан 1888 жылы Омбы техникалық училищесіне қабылданады. Төрт жыл бойы үздік оқыған алғыр шәкіртіне риза болған мүмкіндік жасайды.
Сөйтіп ол жиырма жасында Дала генерал губернатор кеңсесінің ұсыныс хаты мен қазақ қауымдастығының 200 сом стипендиясын алып, 1894 жылы Ресей империясының елордасы Санкт-Петерборға барып, Орман шаруашылығы институтының экономика факультетіне түседі. Ол мұнда жүріп күнделікті сабақтарына қоса студенттердің саяси, әдеби, экономикалық және тағы басқа үйірмелердің жұмысына қызу араласып, студенттік толқуларға қатысады. Оны екі ғасырға жуық Ресей империясының қол астында отырған халқының ауыр тағдыры қатты толғандыра бастайды. Қараңғылық пен надандықтың шырмауында отырған халқына білім мен мәдениет керек екенін ұғады, елдің тұрмысын, мәдениетін, білімін көтеруді өзінің алдына мақсат етіп қояды [1, 55-57бб.].
Оқуын бітіріп, Омбыға оралғанда Ә. Бөкейханов Ресей империясының қазақ даласына жүргізген отаршылдық саясатына деген өзіндік көзқарасы қалыптасқан, марксизмнің экономикалық қағидаларымен қаруланған, саяси астыртын күрестің түрлері мен әдістерін үйреніп, білген, күрес тартыстан біршама тәжірибесі бар саяси күрескер болатын. Ол Омбыға келісімен қаланың саяси әлеуметтік, қоғамдық жұмысына белсене араласады.
«Народная свобода» (Халық бостандығы) партиясының қатарына өтіп, өзі қазақ зиялылары мен саяси белсенділерінің арасында осы партияның шағын тобын ұйымдастырады. Әлиханның саяси көзқарасының пісіп, жетілуіне, кейін белгілі саяси, қоғам, мемлекет қайраткері әрі қазақ ұлт азаттық қозғалысының ұйымдастырушысы және көсемі ретінде танылуына, саяси күрескер ретінде шыңдалуына Омбыдағы күндері ерекше ықпал етеді.
1905 жылдан бастап Ресей
конституциялық-демократиялық
1905 жылы Әлихан Бөкейханов
Семей облысы қазақтарының
1906 жылы Омбыдан шығатын
кадеттік «Голос степи», «Омич»
және «Иртыш» газеттерінде, 1908 жылы
Санкт-Петерборда жарық көрген
меньшевиктік «Товарищ»,
1909-17 жж. «Дон егіншілік
банкі» бөлімшесінде жұмыс
1911-14 «Қазақ» гәзетін ұйымдастыруда және оның жалпы ұлттық деңгейге көтерілуіне зор еңбек сіңірді [2,18-27бб.].
20 ғасырдың басында қазақ даласында екі ағымның болғаны белгілі. Бірі Бұқар мен Түркістан өлкесіне бет бұрған дәстүршіл, панисламшыл ағым, екіншісі негізінен Батыс өркениетін үлгі тұтқан жаңашыл, пантүркішіл ағым. Осы екінші ағымның басында Әлихан бастаған орыс мектептерінен тәлім тәрбие алған озық ойлы қазақ зиялылары тұрады. Бұл топ саяси ұстамдылық танытып, Ресей империясына қарсы ашық күреске шығудың әлі ерте екенін анық түсінеді. Сондықтан олар, ең алдымен, халықтың сана сезімін оятатын жағдай жасау керек деп білді.
Бар күш қуаттарын осы мақсатқа жұмылдырады. Бірақ олардың ойдағыдай жұмыс істеуіне жандармерия басқармасының жансыздары мүмкіндік бермейді. Солардың көрсетуімен қуғынға түседі, түрмеге қамалады. Бұдан студент кезінде-ақ сенімсіздердің қара тізіміне ілігіп, бақылауда жүрген Әлихан да тыс қалған жоқ, алдымен, Семей түрмесіне қамалып, кейін Самар қаласына жер аударылып, онда тек ғылыми-шығармашылық қызметпен айналысуға ғана мәжбүр болды.
1916 жылы жер аудару
мерзімі бітіп, Самардан
Бүкіл мағыналы өмірін халқының азаттық алып, еркін ел болуына арнаған аяулы азаматтың соңғы демі біткенше сол мақсат жолында жасаған қызметі сан қилы. Ол Ресей жергілікті және қалалық қоғам қайраткерлері съезінің делегаты, Ресейдің I Мемлекеттік думасының және мұсылман халықтары съезінің депутаты, IV Мемлекеттік Думаның мұсылмандар фракциясының Бюро мүшесі болды.
Ол Ақпан төңкерісінен үлкен үміт күтеді. Бірақ ол үміті ақталмайды. Уақытша үкімет, оның ішінде өзі мүшесі болып жүрген кадет партиясының көсемдері қазаққа аутономия беруге қарсы болады. Оның үстіне олармен жер мәселесі жөнінде де ымыраға келе алмайды да, ол бұл партиядан шығып, қазақтан сайланған тоғыз өкілді бастап барып, Томск қаласында Сібір аутономистерінің құрылтайына қатысады. Осында болашақ Сібір республикасының құрамында Қазақ аутономиясы құрылмақ болады.
Құрылтайдан оралысымен Әлихан қазақ тарихындағы тұңғыш саяси ұйым Алаш партиясын ұйымдастыруға кіріседі. Артынша, 1917 ж. желтоқсанында бүкіл қазақтардың құрылтайында Алаш аутономиясы жарияланып, Ә. Бөкейханов сол алғашқы Қазақ республикасының тұңғыш төрағасы (президенті) болып сайланады.
Ә. Бөкейхановтың қуғын-сүргін кезеңінен 2 жыл алдындағы мен ату жазасының күніндегісі.
1919 жылы большевиктер өкіметінің бұрынғы алашордашыларға жасаған кешірімнен кейін Ә. Бөкейханов қалған өмірін ғылыми зерттеушілікке арнады [3, 25-27бб.].
Бірақ, ұлттық намыстан жұрдай, жалған интернационалист, жадағай белсенділердің көрсетуімен ол 1926 жылы екі рет тұтқындалып, түрме азабын тартты. Әлихан Бөкейханов Мәскеуге жер аударылады, зор беделінен қорыққан большевиктер өкіметі оны Қазақстанға жолатпады. Онда он жыл үй қамауында отырған Әлиханды 1937 жылы тамызында қайыра тұтқындап, бір айдан кейін жалған жаламен 67 жасында Мәскеуде ату жазасына жазасына кеседі.
1989 жылы мамырдың 14 КСРО
Жоғарғы сотының қаулысы
XIX ғасырдың соңында
Омбы орман шаруашылығы
1904 жылы қазақ даласына
қоныс аудару қозғалысын
1911-14 жж. Әлихан Бөкейханов «Жаңа энциклопедиялық сөздіктің» 4-21 томдарына автор ретінде қатысты.
2 Ұлт көсемі –Әлихан Бөкейханов
Бұрынғы Семей облысы, Қарқаралы уезі, Тоқырауын болысында 1866 жылы дүниеге келіп, қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт- азаттық Алаш қозғалысының жетекшісі деңгейіне дейін көтерілген зерек Әлиханды әкесі Қарқаралыға алып барып, жергілікті молданың қолына оқуға береді. Бірақ ол молданың қолынан оқуды қанағат тұтпай, қаладағы үш сыныптық сауат ашатын мектепке ауысады. Оны бітіргеннен кейін 1879-1886ж. Қарқаралы қаласындағы қазақ балаларына арналған мектепте оқыды. 1886-1890ж. Омбыдағы техникалық училищеде оқып, оны «техник» мамандығы бойынша бітіріп шықты. 1890-1894ж. Санкт – Петербургтегі Орман институтының экономика факультетінде оқыды. Студент кезден-ақ оның саяси көзқарасы қалыптасты, кадеттер партиясының мүшесі болды.
Біз бір мақалада Әлекең жайлы бәрін айту мүмкін болмайтындықтан, осы жерде 1917 жылға ауысып кеткенді жөн көріп отырмыз.
Әлекең 1917 жылғы Ақпан төңкерісінен үлкен үміт күтеді. Бірақ ол үміті ақталмайды. Уақытша үкімет, оның ішінде өзі мүшесі болып жүрген кадет партиясының көсемдері қазаққа автономия беруге қарсы болады. Оның үстіне олармен жер мәселесі жөнінде де ымыраға келе алмайды да, ол бұл партиядан шығып, қазақтан сайланған тоғыз өкілді бастап барып, Томск қаласында Сібір автономистерінің құрылтайына қатысады. Осында болашақ Сібір республикасының құрамында Қазақ автономиясы құрылмақ болады. Бірақ, бұл жобаның да іске аспайтыны анықталды [4, 85-107бб.].
Құрылтайдан оралысымен Әлихан қазақ тарихындағы тұңғыш саяси ұйым Алаш партиясын ұйымдастыруға кіріседі.1917 жылы 21-28 шілдеде Бірінші Жалпықазақ съезінде «Алаш» атты партия құрылып, бұл съезде 14 мәселе қаралды. Солардың ішінде мемлекетті билеу түрі; қазақ облыстарында автономия; жер мәселесі; оқу мәселесін ерекше атауға болады. Ал 1917 жылы 24 маусымдағы «Қазақ» газетінде автономиялықтың негізі туралы әртүрлі пікір-ұсыныстар айтылған. Қазақ мемлекеті дербес пе жоқ әлде болашақ Федеративтік Россияның бір автономиялық бөлігі болғаны жөн бе? Қазақтар өз бетімен тәуелсіз ел бола ала ма, әлде тәуелсіздікке басқа халықтармен одақтасқан жағдайда жете ме деген сұрақтар талқыланды. Бірақ, съезд нақты пікірге келе алмады. Күн тәртібінде айрықша мәнге ие болған дін, әйел мәселелері және сот жүйесі болды. Бұрынғы ескі сот жүйесі таратылып, олардың орнына «Қазақ тұрмысына лайық айрықша сот құрылуға» тиіс болды.
1917 жылдың 21 қараша күні «Қазақ»
газетінде Алаш партиясы
Әлихан Бөкейханов пен Ахмет Байтұрсынов бастаған бір топ қайраткерлердің ұсынысымен 1917 жылы 5-13 желтоқсанда Орынбор қаласында қазақ мемлекеттігі туралы мәселе қараған Екінші Жалпықазақ съезі болып өтті. Съездің күн тәртібінде тұрған ең негізгі мәселе – кеңестік билікке қатынас жөнінде баяндаманы Ә.Бөкейханов жасады. Съезд қазақ болыстарын бүліншіліктен сақтау мақсатында уақытша «Ұлт Кеңесін» құрып, оның аты «Алашорда» болсын деген шешім қабылдады. 25 орыннан тұрған бұл үкіметтің төрағасы болып көпшілік дауыспен Бөкейханов сайланды. Съезде автономияны жариялау мерзімі туралы қызу тартыстар бірнеше күнге созылды. Ақыры Алаш автономиясы жарияланып, Ә. Бөкейханов сол алғашқы Қазақ республикасының тұңғыш төрағасы (президенті) болып сайланды.
Съезде Міржақып Дулатов баяндама жасады: қазақ даласында медресе мен мектептердің аздығын, қазақ тілінде оқулықтардың жетіспейтінін, сондықтан міндетті түрде ұлттық мектептерді құру керектігін тілге тиек етті. Осы мәселе бойынша құрамы 5 адамнан тұратын бастауыш және орта мектептерге арналған қазақ тілінде оқулық жазатын комиссия құрылды.
Енді Әлекең жайлы зерттеу ісімен айналысып жүрген ғалым, тарихшыларға сөз берейік.
Жазушы, тарихшы Тұрсын Жұртбаев былай дейді:
Әлихан Бөкейхановтың бес
Үшінші ұстанымы – Бөкейхановтың жобасы бойынша, қазақтың жерінде өндірілген бір уыс жүн сол мемлекеттің азаматтарының үстіне тоқыма болып тоқылып киілуі керек. Яғни мемлекет толықтай экономикалық тәуелсіздікке қол жеткізуге тиіс болған.
Төртінші ұстанымы – қазақ мемлекетінде мемлекет құрушы ұлттың тілі, діні, менталитеті өзге ұлттарға қарағанда үстем болуы керек дегенге сайды. Яғни бұл идеологиялық ұстаным болатын.
Ал бесінші – ең негізгі ұстанымы бойынша ғылымға, соның ішінде тәуелсіз ғылымға, ұлттық дәстүрге негізделген, заңға сүйене отырып, Жапония үлгісіндегі ұлттық демократиялық мемлекет құрылуы керек еді. Алаш қайраткерлерінің бұл ұстанымының дұрыстығына самурайлық дәстүрге негізделген жапон ұлтының бар-жоғы 20 жылдың ішінде біртұтас империяға айналып шыға келуі дәлел болса керек» [5, 75-77бб.].
Мәмбет Қойгелді, тарих ғылым дарының докторы, алаштанушы:
«-Әлихан Бөкейханов кім? Егер Латын Америкасы үшін Симон Боливар қандай болса, Әлихан Бөкейханов қазақ үшін сондай тұлға. Егер Ататүрік қандай болса, Әлиханда қазақтың сондай тұлғасы. Егер Махатма Ганди Үндістан үшін қандай болса, Әлихан қазақ үшін сондай тұлға. Мiне, осындай дүниенi халықтың рухани өмiрiнiң құрамдас бөлiгiне айналдыруға келген кезде қазiргi ұрпақтың бұған интеллектуалдық деңгейi жетпей жатқанын мойындауымыз керек [6, 55-57бб.].
Алаш деген сөз – ұлт-азаттық қозғалысы және идеясы деген сөз. Яғни, бұл тар топтың әрекетi, тiршiлiгi емес, бұл – жалпыұлттық қозғалыс. Кез-келген саяси қозғалыстың алдына қоятын бiрiншi мақсаты – мемлекеттiң тәуелсiздiгi, дербестiгi. Сол мемлекеттiк тәуелсiздiк пен құрылым арқылы жердi сақтау, жер арқылы елдiң тәуелсiздiгiн, болашағын сақтау. Сондықтан, Алаш идеясы – мәңгi идея. Қазақ халқы, қазақ ұлты тiрi болатын болса, онда Алаш идеясы да тiрi болады.
Қазiргi қоғам Алаш идеясын 1917 – 1918 жылдарда қабылдағандай нелiктен сiңiре алмай отыр? Әрине, түсiнедi, құрметтейдi. Бiрақ, мұның бiр нәзiк қыры бар. Жетпiс жыл өмiр сүрген кеңестiк жүйе Алаш идеясын мүлде басқа бағытта насихаттады, басқа мағынада көрсеттi. Кеңестiк идеология «Алаш – ұлттық идея емес» деген ұстанымда болды. Яғни, Алашты ұлттық идеяға, ұлттың ұстанымына қарсы қойды.
… Әлекең «біздің, Ахаң екеуіміздің пікіріміз, мынау» дейді. «Кеңес үкіметіне қарағанда патша үкіметі жақсы екен, бізге жұмыс істеуге мүмкіндік берді» дейді. Ал, кеңес үкіметі олардың басын жұтты.
Алашорданың барлық өкілдерімен бірге Әлихан Бөкейханов та Мәскеудегі Бутырка түрмесіне жабылып, көп ұзамай, атылды. Марқұмның бүгінге дейін қайда жерленгені белгісіз. Тарихшылар патша үкіметінен бастап, кеңес билігіне дейін осы «Қыр баласынан» тірі кезінде қаншалықты қорықса, өлгеннен кейін де соншалықты үрейленген дейді. Тек тәуелсіз ел атансақ та, Алаш арысын төбемізге көтере алмағанымыз өкінішті. Алаш Орда иедеясын насихаттау нашар. Кезінде кеңестік билік не істеді, көше атының бәрін большевиктерге берді. Коммунистерге ескерткіш қойды. Идеология солай жүргізілді. Ал енді қазір дербес мемлекет болған кезде, неге біз сондай әрекеттерге бармаймыз»?
М.Қойгелді Әлекеңнің қайда жерленгені белгісіз десе де, ол белгілі болды. Бұл жайында Алаш арыстарының ісін сәл де болса жалғастырушы, Әлекең мұрындық болған «Қазақ» газетін қайта тірілтуші әрі бас редакторы, жазушы Қоғабай Сәрсекеев былай дейді:
«Алаш арыстары Әлихан Бөкейханов пен Нығмет Нұрмақов тағдырдың жазмышымен 1937 жылдың 27 қыркүйегінде екеуі бір күнде, бір статьямен Москвада атылғанын біреу білсе, біреу біле бермейді. Бірақ қайда жерленді? Мұны бұрын ешкім дөп басып айта бермейтін. Сол жәйт енді белгілі болып отыр. Жерленген жері Москва түбіндегі атақты монастырь ауданы аталатын байырғы «Дон зираты» («Донское кладбище») екен [7, 78-85бб.].
Қызыл империяның қатал заңы сол тұста былай дейді: «Тело расстрелянного никому выдаче не подлежит, предается (земле) без всяких формальностей и ритуала, в полном одеянии, в коем был расстрелян, на месте приведения приговора или в каком-либо другом пустынном месте, таким образом, чтобы не было следа могилы, или отправляется в погребальный морг».
Тіпті болмағанда (атылған күнгі реестрге қарап отырып) қорым ішінде арыстарымызға белгі қойылса, Мәскеудегі Ә.Бөкейханов пен Н.Нұрмақов тұрған үйге тақта орнатса артық емес. Үкімет, Ресейдегі Қазақстан елшілігі ойласса болады. Біз келтіріп отырған деректер Москвада шыққан «Мемориал» қоғамының («Звенья» баспасы) «1935-1953 жылдар аралығында атылғандар тізімі» кітабында толық келтіріледі. Аталмыш жинақтағы «Москва–Центр» 1-я категория» деген тізімде 111 адамның аты-жөні келтірілген. Солардың қатарында 15-ші болып Әлихан Бөкейханов, ал 76-шы болып Нығмет Нұрмақовтың есімдері анық жазылған. Әрі 27 қыркүйек күнгі атылған тұтқындардың өртелмегені, жерге көмілгені айтылады. Демек, монастырьдің жерлеу мекемесінің өліктерді тіркеу жорналында шейіт болғандардың реттік анықтамалары бар деген сөз. Яғни, орны көрсетілуге тиісті»
Алаш қайраткерлерiнiң қазақ мемлекеттiгiнiң мүддесi жолындағы әр еңбегi, әр қадамы, өкiнiшке орай, бүгiнде толық деңгейде бағаланбай келедi. Кез-келген істе ұлттық мүдде тұруы керек деген Әлихан Нұрмұхамедұлы Шәкәрімнің шежіресін жоғары бағалады, «Алаш» қалмақтың емес, қазақтың сөзі деп тұңғыш дәлелдеп шықты. Әлихан өзінен кейінгілерге оқулық жазуды тапсырып, 1922 жылы Мағжан Жұмабаев «Педагогиканы», 1923 жылы Жүсіпбек Аймауытов «Психологияны», Міржақып «Есеп құралын» жазды. Ең таңқаларлығы Әлиханда «Біз істемегенде кім істейді?» деген қағида болған. Қазақтың қай тұсы кенже қалып жатыр, сол бағытта жұмыс атқарған және бұл саяси көсем бола тұра жасалынған дүниелер. Әлиханды түсіну үшін қазақты сүйетін жүрек керек.
Қазақтың ұлттық, экономикалық-шаруашылық тарихының басында Әлихан Бөкейханұлы тұр. Петербордағы орман шаруашылығы университетiн үздiк бiтiрген ғалым ретiнде де Әлекең шаруашылық ғылымдарының да, қоғамдық және саяси ғылымдардың да басында тұрды және соны iс жүзiнде қалыптастырды. Және мақалалары мен баяндамаларын, екi тiлде бiрдей жазған еңбектерi болса-дағы оның саясаттанушы ретiндегi бiр қыры. Бұл қыры әлi бағасын алған жоқ» [6, 58-62бб.].
1921-1922-інші жылдары
аштықтан 1 миллионға жуық қазақ
қырылды. Ашаршылық әсіресе,
Осындай адамнан қорықпағанда
Сталин үкіметі кімнен қорқады? Осындай
адамды 1922 жылдан Мәскеуде 1937 жылға
дейін үйқамақта
Енді Әлекең айтқан ой-пікірлерге құлақ түрейікші.
«Біздің қазақ ұлтының автономиясы жерге байлаулы автономия болмақ.
Бостандыққа апаратын жалғыз жол – ұлттық ынтымақ қана.
Басшы әділ болмай – жұрт ісі оңға баспайды.
Болыс болу да қасиет болып па?!
Қазақ-ау! Түзуің бірігіп жұрт үшін қам ойлайтын кез келген жоқ па?!
Жұрт ісін түс көрмей, жаяу жүріп іздеу – мақсат.
Ақылды сөз қылмақ қиын, ақылды сөзді ақылды іс қылмақ одан да қиын.
Ұлтына, жұртына қызмет ету – білімнен емес, мінезден. Білімнен мақсат шықпайды.
Жалпақ жұрттың көкірегінде жақсылық болмаса – жұрт жұрт болып тіршілік құра алмақ емес.
Жігіттігі бар жігітті жүдетіп, меселін қайтармаған жөн.
Жұрт пайдасына таза жолмен тура бастайтын ер табылса – қазақ халқы соңынан ерер еді».
Бұл асыл сөздердің ешқайсысының бүгінгі күнге дейін өміршеңдігі жойылмағандығы, тіпті ешқашан жойылмайтындығы көзге ұрып көрініп тұрған жоқ па?!
Тарихшы, жазушы, ғалымдарымыз айтқандай Әлекең өз бағасын әлі ала алмай келе жатқаны анық шындық. Сонда да болса ол кісінің орны қандай екенін қылышынан қан тамған сол кезеңде де көрсетуге тырысқан ел азаматтары болған.
Мысалы, жазушы-драматург, жиырмасыншы ғасыр басындағы көрнекті қоғам қайраткері Қошмұхаммед (Қошке) Кемеңгерұлы өзінің «Қазақ тарихынан» атты тарихи очеркінде Әлекең туралы былай деп жазды: «Үкіметтің қара қуғын жасаған күндерінде, айдауына да, абақтысына да шыдап, ел үшін басын құрбан қылған ат төбеліндей ғана азамат тобы болды, бұл топты баулыған – Әлихан. Оның қазаққа істеген тарихи қызметі әдеби тіл тууына себеп болды. Өзіне ерген топты діни фанатизмге қарсы тәрбиеледі. Бұдан барып татардан іргесін аулақ салған қазақ ұлты туды».
-Ешкімнің Әлиханға бар ма сөзі,
Демейді қандай қазақ оны оң көзі.
Семей тұрсын, жеті облыс – бар қазақтан,
Талассыз жеке-дара тұр ғой өзі, –
деп С.Торайғыров айтқандай, Әлекең әрқашан да қазақ жүрегінде жеке-дара тұлға болып қала бермек. Нағыз Әлихан Бөкейханов дәуірі енді ғана басталып келеді! [7, 44-57бб.].
3 Әлихан Бөкейхановтың қазақ жұртшылығына сіңірген еңбегі
XX ғасырдың басында қазақ даласында екі ағымның болғаны белгілі. Бірі Бұхара мен Түркістанға бет бұрған дәстүршіл, панисламшыл ағым, екіншісі негізінен Батыс өркениетін үлгі тұтқан жаңашыл, пантүркішіл ағым. Осы екінші ағымның басында Әлихан бастаған орыс мектептерінен тәлім тәрбие алған озық ойлы қазақ зиялылары тұрады. Бұл топ саяси ұстамдылық танытып, Ресей империясына қарсы ашық күреске шығудың әлі ерте екенін анық түсінеді. Сондықтан олар, ең алдымен, халықтың сана-сезімін оятатын жағдай жасау керек деп білді. Бар күш-қуаттарын осы мақсатқа жұмылдырады. Бірақ олардың ойдағыдай жұмыс істеуіне жандармерия басқармасының жансыздары мүмкіндік бермейді. Солардың көрсетуімен қуғынға түседі, түрмеге қамалады. Бұдан студент кезінде ақ сенімсіздердің қара тізіміне ілігіп, бақылауда жүрген Әлихан да тыс қалған жоқ, алдымен, Семей түрмесіне қамалып, кейін Самар қаласына жер аударылады.

- Әбу Наср Әл-Фарабидің философиялық көзқарасын
- Әдебиетке шолу
- Әдебиеттік шолу
- Әдеби шолу
- Әдеби шолу- жұмсақ ірімшік техникалық деңгейі мен сапасын бағалау үшін міндет көрсеткіштерінің номенклатурасын таңдау
- Әйел адамды басқарушы ретінде қарастыру
- Әкiмшiлiк депapтaментi
- АЭРОПОРТЫ И ВОЗДУШНЫЕ ЛИНИИ
- Аэростазы животноводческих ферм
- Аэротенки. Классификация, материалы, расчёты по предельным состояниям
- Аэротүсіріске тапсырманы есептеу
- Аэротүсірістер
- АЭУ АЭС с ВВЭР. Влияние эксплуатационных факторов на работу конденсатора
- Аяқталмаған қылмыстар үшін жауаптылық