Аймақтық жұмыспен қамту мәселесі

КІРІСПЕ

 

Курстық жұмыстың өзектілігі. Адам капиталын дамыту үшiн лайықты еңбекке қол жетiмдiлiктi ұлғайтудың ерекше маңызы бар.

Мемлекет басшысы бiрнеше  мәрте атап көрсеткенiндей, жұмыспен қамту саясаты кедейлiктi еңсеру мен адамдардың әл-ауқатын арттыруда ең негізгі құрал болып отыр. Елбасының тапсырмасымен еліміздің еңбек нарығындағы қалыптасқан жағдайды оң шешуге, индустриялық саясатты жүзеге асыру үшін еңбек әлеуетін тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін бұрын - соңды болмаған «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы әзірленді. Жалпы бұл бағдарлама халық арасында жақсы қабылданып, экономиканың өрлеуіне, оң жетістіктерге  жетуіне әсерін тигізуде.

Қазақстан Республикасының  Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 27 қаңтар 2012 жылғы Қазақстан халқына арнаған  «Әлеуметтік –экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты»  атты Жолдауында бірінші басымдық –  Қазақстандықтардың жұмысқа тартылуы болып белгіленді.

Жұмыспен қамтудың белсенді саясатын жүргізу  Қазақстан Республикасының  Үкіметі қызметінің негізгі әлеуметтік басымдықтарының бірі болып табылады.  Жұмыспен лайықты қамтуды қамтамасыз ету – халықты әлеуметтік қорғаудың  негізі, адам ресурстары әлеуетін дамыту және  іске асырудың маңызды шарты, қоғамдық байлықтың артуы мен  өмір сүру сапасын жақсартудың басты  құралы.

Еңбек нарығын реттеудің  әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастырушылық-инфрақұрылымдық  қызмет ету тетіктерін жетілдіру, облыс  тұрғындарын жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғаудың белсенді формасы ретінде  жұмыссыздарды кәсіби даярлау және қайта даярлау,  қоғамдық бағдарлама жасау негізгі өзекті мәселелердің бірі болып отыр, ол өз кезегінде  ғылыми тұрғыдан зерттеуді талап  етеді.

Еліміз күннен-күнге қарыштап дамып, биік арман мақсаттар мен  мұраттарға қол жеткізіп келеді. Алайда, жұмыссыз адамдардың санының көбеюі - басты проблема күйінде қалып  отыр.

Нарықтық қатынастардың  дамуы жұмыс күшіне деген сұраныс  пен ұсынысты реттеу, еңбек қатынастары  жүйесін реформалау мен жұмыс  орындарының сапалық сипаттамаларының артуы, кәсіби білім беру жүйесінің  жаңа экономикалық жағдайға бейімделуімен  байланысты еңбек нарығында туындайтын мәселелерді зерттеуді көздейді.

Курстық жұмыстың мақсаты  мен міндеттері. Курстық жұмыстың мақсаты - еңбек нарығында халықты жұмыспен қамтуды теориялық-әдіснамалық тұрғыда анықтау және оны мемлекеттік реттеуді жетілдіру жолдарын дәлелдеу болып табылады. 

Алға қойған мақсатқа сәйкес төмендегідей міндеттерді шешу қажеттілігі  айқындалады:

- еңбек нарығы, еңбекке  сұраныс пен ұсыныс, жұмыссыздық,  халықты   жұмыспен   қамту   мәселелерінің теориялық-әдістемелік  негіздерін нақтылау;

- өңірдегі өмір сүріп  отырған халық арасында жұмыссыздық себептері,  жұмыспен қамтылу мәселесі туралы көзқарастарын айқындау мақсатымен социологиялық пікір алмасулар жүргізу;

- өңірдегі еңбек нарығын  реттеу үшін маңызды факторларды  анықтау;

- еңбек нарығындағы сұраныс  мен ұсынысты талдай отырып, жүзеге  асыруға  тиісті бағыттар мен атқарылатын іс әрекеттерді тұжырымдау.

Курстық жұмыстың объектісі – нарықтық экономика жағдайында халықты жұмыспен қамту мәселелері.

Курстық жұмыстың теориялық  және әдіснамалық негіздері. Зерттеудің теориялық негізін отандық және шетелдік ғалым-экономистердің зерттеу еңбектері мен Қазақстан Республикасының заңдары, Ел басының әр жылдағы Қазақстан халқына Жолдаулары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары және басқа да ресми деректер пайдаланылды.

Негізгі теориялық тұжырымдарды анықтауда логикалық және тарихи тұтастық қағидасы, жүйелік талдау мен болжау, экономикалық-статистикалық   салыстыру, экономикалық-математикалық  үлгілеу, құрылымдық, әлеуметтік және  т.б. әдістер пайдаланылды.

Курстық жұмыстың құрылымы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды  мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен  тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І. Халықты жұмыспен қамтуды зерттеудің теориялық негіздері

 

1.1 Халықты  жұмыспен   қамтудың  мәні мен мақсаты

 

Жұмыспен қамтамасыз ету  адам әлеуетін сақтау мен дамытудың  негізгі факторлары болып табылады. Сондықтан мемлекеттің жұмыспен қамту саласындағы саясатын өңдеу  мен жүзеге асыру-әсіресе нарықтық экономикада өте маңызды әрі  күрделі мәселе.

Жұмыспен қамту саясатында жұмысбастылықтың әлеуметтік және эконономикалық тұрғыдағы мәнін анықтап алу  керек.

 Әлеуметтік тұрғыдан  жұмысбастылықтың мынадай түрлері  бар: жалпы білім беретін және  арнайы оқу орындарында оқу,  әскер қатарындағы қызметі, үй  шаруашылығы, балаларды тәрбиелеу,  қарттар мен ауруларды бағып  күту, қоғамдық ұйымдардың жұмысына  қатысу.

Экономикалық тұрғыдан жұмысбастылық - тұрғындардың қоғамдық өнімді  немесе ұлттық табысты өндірудегі қызметі, ал қоғамдық өндірісте - жұмыс істеуге  жарамды немесе ынталы адамдарға  жұмыс тауып беру жаппай жұмысбастылыққа  алып келеді.

Жұмыспен қамтудың классикалық  теориясы еңбекке сұраныс және еңбекке  ұсыныс қызметін құруға, оны жетілген бәсеке жағдайында пайдалануды ұсынды.

Сонымен, жұмыспен қамту  жөнінде Д.Кейнс жасаған теория нарықтық экономикада толық жұмыспен қамтуға кепілдік беретін, еңбек  нарығының өзін-өзі реттейтін  механизмнің болмауы, тауардың сұранысы мен ұсынысының тепе-теңдігіне инфляция мен жаппай жұмыссыздықтың айтарлықтай  жоғарғы деңгейінде де қол жеткізу, мемлекет жұмыспен қамтуды қолдау, процент нормасын реттеуге ықпалын  күшейту мақсатында экономикаға  қажет инвестицияны жұмсау, жиынтық  сұранысты оның ішінде жұмыс күшіне сұранысты ынталандыру арқылы белсенді макроэкономикалық саясат өткізу сынды  қағидаларға сүйенеді.   

Жұмыспен қамту мәселелері қолда бар еңбек потенциалын  сақтауды, көбейтуді және тиімді пайдалануды  көздейтін қазақстан экономикасы  үшін өзекті болып отыр. Онсыз Қазақстанның нарықтық реформалау жолымен ары  қарай жылжуы және  оны елдің  бәсекеге қабілеттілігінің негізгі  алғышарты болып, өндірістің нәтижесіне мүдделі және тұрақты жұмыспен қамтылған, жоғары білікті икемді жұмыс күші табылатын, халықаралық экономикалық қатынастар жүйесіне толыққанды интеграциялау (біріктіру)мүмкін емес.

Менің пікірімше, халықты жұмыспен қамту - бұл адамдардың жеке, ұжымдық және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталған және табыс әкелетін қызметі.

Жұмыспен қамтудың мемлекеттік  қызметі халықты жұмыспен қамту  мәселелерін шешуді, үйлестіруді, жұмыс  күшіне ұсыныс пен сұранысты реттеуді қаматамасыз етуге бағтталған, жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыруға ықпал етуге,олардың кәсіби даярлығын ұйымдастыру және жұмыссыздарға әлеуметтік көмек көрсетуге бағытталған ерекше мемлекеттік органдардың құрылымы болып табылады.Жұмыспен қамту қызметі заңмен тікелей көрсетілген жария биліктің мекемесі ретінде жұмыс істейді,және жұмыс іздеушілерге мемлекеттік қызметтің әмбебап жеткізушісі ретінде қарастырылады.

Нарықтық экономика жүйесінде  еңбек нарығы анықтамасына ерекше көніл  бөлініп келеді. Еңбек нарығы мәселелеріне теориялық көзқарастардың болуы  өте маңызды.

Менің ойымша, «еңбек нарығы» - еңбек қызметін ұйымдастыру саласы және нарықтық экономиканың еңбекке сұраныс және еңбекке ұсыныс  заңдары негiзiнде қызмет етуiн қамтамасыз етедi.

Еңбек нарығы мен оның мәні төмендегідей тұжырымдар жасауға мүмкіндік  береді:

-  еңбек нарығы жұмыс күшінің ұсынысы мен сұранысының тиімді тенгерімділігі мен еңбекті тиімді пайдалануды  қамтамасыз ететін әлеуметтік-экономикалық қоғамдық қатынастардың жиынтығы;

-   еңбек қатынастарының нарықтық қағидаларына көшуі нақты болып келеді, себебі еңбек сипатының  өзгеруі әкімшілік құқықтық мәжбүрлеу шараларымен емес, экономикалық мүдделермен байланысты болып келеді. Меншік қатынасының өзгеруі мен оның жекелеген нысандарын бекіту жағдайында әрбір тұлғаның  еңбек күші меншік ретінде қарастырылады;

- еңбек нарығының арқасында адамдардың қоғамдық мүдделерді ескере отырып, олардың қалауы мен мүмкіндіктеріне сәйкес кәсіп тандауға, қызмет саласы мен жұмыс жасау орнын тандауға мүмкіндік болады.

- еңбек нарығы жеке кірістерді, олардың жұмысшылардың жетіспеушілігі мен біліктілігін ескере отырып, қажетті деңгейін реттейтін нарықтық тетік болып табылады. 

Мемлекет, жұмыспен қамту  саласында түрлі шешімдер қабылдау және әр түрлі заңдар әзірлеу арқылы әлеуметтік-экономикалық және демографиялық  саясатты жүргізе отырып, тиімді түрде  халықты жұмыспен қамтуды басқаруға  тырысуда. Халықты жұмыспен қамтуды басқару, бір жағынан, маңызды мәселе- еңбек құқығын жүзеге асыруда мақсатты бағытталған болса, екінші жағынан, әлеуметтік-еңбек қатынастары жүйесін қамтамасыз етуде кешенді бағытталған болуы тиіс.  

Халықты жұмыспен қамтуды  басқарудың мынадай әдістері бар:

  • экономикалық әдістер (несиелеу және салық салу жеңілдіктері, кәсіпкерлікті ынталандырудың бюджеттік саясаты жұмыс орындарын құру және сақтау, кадрларды қайта оқыту);
  • ұйымдастырушы әдістер (жұмысқа тұрғызу және жұмысбастылық қызметін құру, ақпараттық жүйелер, кадрларды даярлау және қайта даярлау);

-  әкімшілік- заңдық әдістер (еңбек келісім-шарттарын рәсімдеу шарттары, жұмыс уақытының ұзақтығы, еңбек өмірін реттеу).

Нарықтық экономика жағдайында мемлекет еңбек нарығын басқаруды  жүзеге асырады. Мемлекеттің еңбек  нарығын басқару органдарына: «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты  әлеуметтік қорғау министрлігі», еңбек  биржасы, жергілікті жердегі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, жұмыспен қамту орталықтары жатқызылады.

 

1.2 Халықты жұмыспен қамтудың   әдістемелері

 

Жұмыссыздық  проблемаларын  шешуде  еңбек  биржалары тұрғындарды  жұмыспен  қамту  қызметі айтарлықтай орын алады. Нарық қатынастары дамыған елдерде еңбек биржасы алғашқыда жұмыссыздарға жәрдем беру мақсатында адамгершілік институттары ретінде пайда болды.

Уақыт  өте  келе  және  еңбек  қатынастардың  дамуына  сәйкес,  оның 

мақсатымен  және  атқаратын  қызметтері  өзгереді.Еңбек  биржасы бұл  еңбекті  жалдау  барысында  жұмыскерлер  мен  кәсіпкерлердің 

арасында  делдалдық  келісім  жасалатын,  тұрақты  жұмыс  істейтін  мекеме.          Еңбек  биржаларының  негізгі  атқаратын  қызметтері  мыналар:  еңбек нарығындағы  сұраным  мен  ұсынымды  анықтау;  жұмыссыздарды  есепке

алу  және  бос  жұмыс  орындарын  тіркеу;  жұмысын  ауыстыруға  және 

жұмысқа  тұруға  тілек  білдіретін  адамдарға  ақпараттар  беру; жұмыс  іздеп 

жүрген  кадрларды  оқыту  мен  қайта  дайындауды  ұйымдастыру;  жастар 

арасында  кәсіптік  бағдар  беру  жұмысын  жүргізу;  адамдарды  жұмысқа

орналастыру  үшін  делдалдық  қызымет  көрсету  және  жұмыссыздыққа 

байланысты  жәрдемақы  тағайындау.  Мемлекет  кәсіпорындар  мен 

ұйымдардың  мүдделерін  есепке  ала  отырып,  биржалар  арқылы  еңбек

нарығына  әсер   етеді.Еңбек биржасы беретін жұмысқа жолдама  кәсіпкерлер  үшін  міндетті  болмайды,  ол  тек  қана  ұсынымдылық  сипаты  болады,  себебі  олардың  жұмыскерлерді  еркін  түрде  таңдауға  хұқы  бар  және  оны  өздерінің  кадр  бөлімі  арқылы  жүзеге  асыруға  тырысады. 
       Қазіргі  еңбек  биржасында,  жұмыс  күшіне  сұраным  мен  ұсыным  туралы  мағұлматтар  банкісі  болуы  қажет.  Осы  бағытта  өнеркәсібі  дамыған 

Батыс  елдердің  тәжірибесін  қолдануға  болады. АҚШ мысалы,  аймақты  және  жергілікті  деңгейде  жұмыс  күшінің  электронды 

банкілері  құрылған.  Онда  жұмысқа  орналасқан  кезде  жоғары  сапалы 

консультациялық  көмек  көрсетіледі.  Нәтижесінде  барлық  мамандық 

топтарындағы  жұмыссыздардың  40  проценті  бір  айдың  ішінде  жұмысқа  орналасады. Әсіресе,  Вашингтон  штатында  федералдық  үкімет  тиісті білімжұмыс  тәжірибесі   бар  және  өз  ісінің  маманы  болғысы  келген  400 жұмыссыз  адамға  белгілі  бір  уақытқа  дейін  мүмкіндік  беріп,  алдын – ала  жәрдемақы  төлейді.  Бұның  өзі,  олардың  жұмыс  жобасының 

экономикалық  дәлелі  бар,  әдейі  курстарды  өткен,  сондай – ақ  жаңа  істі  консультант  көмегімен  бастаған  жұмыссыздарға  беріледі.        

 Мемлекет басшысы өз жолдауында Халықты жұмыспен қамтудың түбегейлі жаңа стратегиясын әзірлеу міндетін жүктеді.        

 Ағымдағы жылғы 15 ақпанда  өткен Үкімет отырысында Жұмыспен  қамту 2020 бағдарламасының жобасы  мақұлданды. Бағдарламаны және бағдарлама  міндеттерінен туындайтын барлық  қажетті нормативтік құқықтық  актілерді 2011 жылғы 1 мамырға дейін  қабылдау жоспарланған. Бағдарлама 2011 жылғы 1 шілдеден бастап іске асырылады.  

Бағдарламаның мақсаты-  жұмыспен тұрақты және нәтижелі қамтуға жәрдемдесу арқылы халықтың табысын арттыру.

Міндеттері:

1.      Өз бетінше жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыздарды және табысы аз адамдарды жұмыспен қамтудың белсенді бағдарламаларына тарту;

2.     Индустриализациялау бағдарламасын іске асыру үшін кадр әлеуетін дамыту;

3.     Атаулы әлеуметтік көмек көрсету жүйесін жетілдіру. 

Бағдарламаны іске асыру бірінші  кезекте оқытуға, жұмысқа орналастыруға, тұрғылықты жері бойынша  өзінің жеке ісін ашуды ұйымдастыруға жәрдемдесуге, ал мұндай мүмкіндіктер болмаған жағдайда, экономикалық өсу орталықтарына өз еркімен көшуіне жәрдемдесуге бағытталған. 

Бағдарламаны іске асыру мынадай  үш бағытта жүзеге асырылатын болады: 

1.     Өз бетінше жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыздарды және табысы аз адамдарды оқыту және еңбек нарығында олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу. 

2.     Ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу. 

3.     Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру.          

            Бағдарламаны үш кезеңде   іске асыру ұсынылады:          

 Бірінші кезең: 2011 жыл пилоттық  жыл болады, бұл Бағдарламаны   іске асыру механизмдері мен оны құқықтық қамтамасыз етуді пысықтауға мүмкіндік туғызады.         

Екінші кезең: 2012-2015 жылдар және үшінші кезең 2016 жылдан бастап 2020 жылға дейін.           

 Бағдарламаны іске асыру  мақсатында Қазақстан Республикасының  Еңбек және халықты әлеуметтік  қорғау министрлігі нормативтік  құқықтық базаны жетілдіру бойынша  жұмыс жүргізуде. Бағдарламаға қатысушылардың өзара міндеттемелері әлеуметтік келісімшарттармен бекітіледі.         

 Индустрияландыру картасы жобалары  мен Бизнестің жол картасы  - 2020 бағдарламасында бар және  құрылатын жұмыс орындарын нақты  пайдалану үшін ағымдағы және перспективалық жұмыс орындарының автоматтандырылған дерекқоры жұмыс істейді.      

   Бағдарламаның бірінші бағыты азаматтардың тұрғылықты жері бойынша жұмысқа орналасуына жәрдемдесу арқылы олардың жұмыспен тұрақты және нәтижелі қамтылуын қамтамасыз етуді көздейді және өз бетінше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар және табысы аз адамдарды қамтитын болады. Бағдарламаға қатысудың басым мүмкіндіктері ауыл жастарына беріледі.Бірінші бағытқа қатысушыларға мемлекеттік қолдаудың мынадай түрлері көрсетілетін болады:

- тегін кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарына жолдау;

- оқу және тұру орнына дейін жолақысын төлеуге субсидия беру;                            

- лайықты бос жұмыс орындарын іздеу және жұмысқа, оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарына орналасуға жәрдемдесу;

-   психологиялық бейімдеу. 

Іске асыру механизмі:

Бағдарламаның әлеуетті қатысушылары құжаттардың қажетті тізбесін ұсына  отырып, Бағдарламаға қатысу туралы өтінішпен жергілікті жұмыспен қамту органдарына өтініш білдіреді. Жергілікті жұмыспен қамту органдары берілген өтініштердің негізінде әлеуетті қатысушылардың тізімін қалыптастырады.Қалыптастырылған тізімдер мен әлеуетті қатысушылар туралы мәліметтер аудандық (қалалық) комиссияның қарауына жіберіледі. 

Ұсынылған құжаттарды қарау нәтижесі бойынша Комиссия мүшелеріөтініш берушілерді  Бағдарламаға қатысушылар қатарына қосу не өтініш беруші Бағдарламаның  бірінші бағытына қатысу критерийлеріне сәйкес келмеген жағдайда, одан бас тарту туралы шешім қабылдайды. Аудандық комиссия отырыстары хаттамаларының көшірмелері жергілікті жұмыспен қамту органдарына жіберіледі.Бағдарламаның әлеуетті қатысушыларын анықтау мен өтініш иесін   Бағдарламаға қосу жөнінде шешім аудандық (қалалық) деңгейде қабылданатын болады.Бағдарламаның әрбір қатысушысымен жұмысқа орналасуды қоса алғанда, өзара міндеттемелер туралы шарт болып табылатын әлеуметтік келісімшарт жасалады.Егер Бағдарламаға қатысушы кәсіптік оқуды аяқтағаннан кейін жұмысқа орналаса алмаса, оған Бағдарламаның екінші немесе үшінші бағыттарына қатысу ұсынылады.

Екінші бағыттың мақсаты жеке ісін ұйымдастыру арқылы азаматтардың экономикалық белсенділігін арттыру болып табылады. Жеке ісін ұйымдастыруды қалайтын және оған мүмкіндігі бар азаматтар Бағдарламаның қатысушылары бола алады. Жеке ісін ауылда ұйымдастыруды қалайтындарға басымдық беріледі. Осы бағыт бойынша мемлекеттік қолдаудың мынадай түрлері көрсетілетін болады: 

- консультациялық қызмет көрсету;

- кәсіпкерлік негіздерін оқыту;

- шағын несие беру; 

- жетіспейтін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдарды дамыту және жайластыру.

Шағын несие қайтарымдылық негізінде 3 млн. теңге сомасында 5 жылдан аспайтын мерзімге беріледі.Шағын несие жеке ісін ұйымдастыру немесе кеңейту  үшін беріледі, бұл ретте, ол тұтынушылық  мақсаттарға, басқа кредиттерді  өтеуге және  жылжымайтын тұрғын үй алуға берілмейді.

Соңғы қарыз алушыға кредит бойынша  пайыздарды төлеу және негізгі қарызды  өтеу бойынша он сегіз айға дейінгі  мерзімге жеңілдікті кезең ұсынылады.Микроқаржы ұйымдарын  іріктеуді конкурстық негізде нақты жергілікті атқарушы органдар арқылы уәкілетті орган жүргізеді.

Соңғы қарыз алушы үшін Шағын  несие бойынша жылдық тиімді пайыздық ставканы өңірлік комиссиямен келісе отырып, уәкілетті өңірлік ұйым  белгілейді.Шағын несие беру механизмі:

1) Қазақстан Республикасының Еңбек  және халықты әлеуметтік қорғау  министрлігі жергілікті атқарушы  органға бюджеттік кредит береді.    

2) Жергілікті атқарушы орган Шағын несие беруді ұйымдастыру жөніндегі уәкілетті өңірлік ұйымды өзі айқындайды.

3) Уәкілетті өңірлік ұйым микроқаржы  ұйымдарына кредит берудің белгіленген  ережесіне сәйкес Бағдарламаға  қатысу үшін микроқаржы ұйымдарын    іріктеу бойынша ашық конкурс өткізеді.

4) Уәкілетті өңірлік ұйым мен  микроқаржы ұйымдары  арасында кредит беру туралы шарт жасалады.  

5) Бағдарламаның әлеуетті қатысушысы  жергілікті жұмыспен қамту органының  жолдауы бойынша Шағын несие беру туралы өтініммен   Бағдарламаға қатысушы микроқаржы ұйымына өтініш білдіреді. 

6) Микроқаржы ұйымы жобаға бағалау жүргізеді және қаржыландыру мүмкіндігі (немесе мүмкін емес екені) туралы шешім қабылдайды.   

7) Оң баға алған жобалар бойынша  қаржыландыру осы Бағдарламада көзделген   шарттарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен микроқаржы ұйымдарына кредит беру ережесіне сәйкес жүзеге асырылады.

Ауылдағы кәсіпкерлік объектілеріне  қолданылып жүрген инфрақұрылымдарына (яғни, телефон және электр жүйелерінің  құбырлары, жылу және сумен жабдықтау) қосымша инженерлік-коммуникациялық  инфрақұрылымды жүргізу қажет болған жағдайда, бұл шығыстарды егер ол елді мекенді салу жоспарына сәйкес болса, мемлекет өзіне ала алады.

Оның құны бизнес жобаның құнынан  аспауы керек. 

 Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның  дамытылуын қамтамасыз ету механизмі:

1) Жергілікті атқарушы орган  инфрақұрылымды дамыту жөніндегі уәкілетті органды өзі айқындайды. 

2)Бағдарламаға қатысушылар жергілікті жұмыспен қамту органына  қажеттілігі негіздемесімен қоса, жобаны инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету туралы өтініммен өтініш береді.    

3)Жергілікті жұмыспен қамту органы қалыптастырған өтінімдердің тізімін аудандық (қалалық) комиссиялардың қарауына енгізеді (болған жағдайда).  

4)Аудандық (қалалық) комиссия (немесе инфрақұрылымды дамыту жөніндегі уәкілетті орган) инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды салуды немесе реконструкциялауды қаржыландыру мүмкіндігі (немесе мүмкін емес екені) туралы шешім қабылдайды және оны жергілікті жұмыспен қамту органдарына және инфрақұрылымды дамыту жөніндегі уәкілетті органға жібереді. 

5)Оң қорытынды алған жобалар бойынша өтініш беруші мен инфрақұрылымды дамыту жөніндегі уәкілетті органның арасында тиісті шарт жасалады.  

6)Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды салу немесе реконструкциялау қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады. 

7)Шартта көзделген инфрақұрылымдық жобаның іске асырылуына мониторинг жүргізу инфрақұрылымды дамыту жөніндегі уәкілетті органға жүктеледі. 

Үшінші бағыт  Бағдарламаға қатысушылардың жоғарыда айтылған екі бағыттан өткен соң жалдамалы еңбекпен немесе жеке іспен айналысуға нақты мүмкіндігі болмаған жағдайға арналған.Экономикалық әлеуеті төмен елді мекендерден экономикалық өсу орталықтарына өз еркімен көшуге жәрдемдесу: 

        - бір ауданның ішінде; 

        - бір облыс шегіндегі бір ауданнан басқа ауданға жүзеге асырылуы     мүмкін.

Мұндай жағдайда мынадай  қолдау түрлері ұсынылады:

        - қоныс аударуға субсидия беру; 

- сатып алу мүмкіндігімен, үлгілік жалға берілетін тұрғын үй беру;

        - осы бағдарлама шеңберінде жаңа тұрғылықты жерінде қайта даярлау курстарынан өту;

       - психологиялық бейімдеу.

Барлық бағыттар бойынша мемлекеттік  қолдау түрлерін ұсыну тәртібі қазіргі  уақытта Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әзірлеп жатқан Ережеде  толық бейнеленетін болады.Жалға берілетін үлгілік тұрғын үй және әлеуметтік инфрақұрылым құрылысымен тікелей жергілікті атқарушы органдар айналысатын болады.Өңірлер әкімдерінің ұсыныстарын ескере отырып, ертеректе басталған немесе бос тұрған нысандардарды жөндеуді аяқтау мүмкіндігі қарастырылды.

Нақты көшкеннен кейін аталған  бағыттың қатысушысы Бағдарламаның  бірінші немесе екінші бағыттарына қатыса алады.

Іске асыру механизмі:

1. Егер адамдар экономикалық  әлеуеті төмен елді мекенде  тұратын болса немесе  Бағдарламаға қатысушыны Бағдарламаның бірінші және екінші бағыттары шеңберінде жұмыспен қамтамасыз ету мүмкіндігі болмаса, ол жергілікті жұмыспен қамту органына Ережеде белгіленген құжаттар тізбесін қоса  отырып,  қоныс аударуға өтініш бере алады. 

2. Жергілікті жұмыспен қамту  органы Бағдарламаның үшінші  бағытына қатысуға берілген құжаттарды  іріктеу өлшеміне сәйкес қарайды, қоныс аударудың ықтимал жолдарын өтініш берушімен келіседі және көшетін жеріне байланысты құжаттарды өңірлік немесе аудандық (қалалық) комиссияға жолдайды. 

3. Өңірлік немесе аудандық (қалалық)  комиссия өтініш білдірушілерді Бағдарламаға қатысушылардың тізіміне енгізу туралы шешім қабылдайды не  енгізуден бас тартады және шешімді жергілікті жұмыспен қамту органына  жібереді.

4. Қоныс аудару бір облыс шегінде  бір ауданнан басқа ауданға  жүзеге асырылатын жағдайда, аудандық  комиссия әлеуетті қатысушылардың  тізімін Бағдарламаға қатысушылардың жалпы тізімін келісу және қалыптастыру үшін өңірлік комиссияға жолдайды.Өңірлік комиссия азаматтар мен оралмандарды бағдарламаның аталған бағыттарына қатысушылар қатарына қосу жөнінде түпкілікті шешім шығарады және тиісті ақпаратты аудандық комиссиялары мен жергілікті жұмыспен қамту органдарына жібереді.Бағдарламаны іске асыруды басқару жоғарыдан төмен басқару құрылымына ие болады, оның құрамына Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы  ведомствоаралық комиссия мен облыстық және аудандық деңгейдегі  комиссиялар кіреді.Бағдарламаны тиімді іске асыру үшін аудандық (қалалық) деңгейде Халықты жұмыспен қамту орталықтарын құру жоспарлануда.

 

 

 

 

 

 

II. Муниципалдық құрылымдарда халықты жұмыспен қамтудың қазіргі жағдайына талдау жасау

 

2.1 Аймақтық жұмыспен қамтудың қазіргі жағдайына талдау жүргізу

( Қызылорда облысы  мысалында )

Қазіргі кезде әлемдік қаржы  дағдарысының Қазақстан экономикасына  тигізе бастаған әсері халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуді  өзекті мәселелердің  біріне  шығарып  отыр. Осыған орай, елімізде еңбек нарығының  қалыптасуы мен дамуын қарастыру  маңызды болып табылады. 

Мәліметтерге келсек, 2011 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны 16,4 млн адамға жетсе, оның 48 пайыздан астамы еңбекпен қамтылған. Соның ішінде жалпы халық санындағы жалдамалы  жұмысшылардың үлесі - 31,7 пайызды, өзін-өзі  жұмыспен қамтығандар - 16,5 пайызды құрайды. 2015 жылға қарай аталған бағдарламамен 1,5 млн халықты қамту жоспарланған. Соның арқасында еліміздегі кедейшілік деңгейін 6 пайызға төмендетіп, жұмыссыздық  көрсеткішін 5,5 пайыздан асырмау міндеті  қойылып отыр. ҚР Статистика агенттігінің мәліметі бойынша, республикадағы жұмыссыздықтың қазіргі деңгейі де 5,5 пайыздың шамасында.

2011 жылғы IV тоқсанда 15 және одан  жоғары жастағы экономикалық  тұрғыдан белсенді халықтың саны 8,9 млн. адамды құрады, бұл 2010 жылғы  тиісті кезеңге қарағанда 3,4%-ға  көп. Республика экономикасында 8,4 млн. адам жұмыспен қамтылды  немесе 15 және одан жоғары жастағы  халықтың 67,9%.  Өткен жылғы IV тоқсанмен  салыстырғанда олардың саны 287,7 мың  адамға (3,5%-ға) артты.

Егер 1996-199жылдар аралығында жұмыспен қамтылғандар санының 1,8%  -ға төмендеу қарқынының баяулағаны байқалса, ал 2000 жылдан бастап –жұмыспен қамтудың қамтудың ұдай артып келе жатқандығы байқалды. 2007 жылы 15 және одан жоғары жастағы  халықтың экономикалық белсенділігінің  деңгейі (2001ж.-62,9%)  70,4% -ды құрады.Жұмыспен қамтылғандардың арасында ерлер 3922,8мың  адамды  (51,4%), әйелдер – 3708,3 мың  адамды  (48,6%) құрады. Соңғы жылдары  құрылыста, білім беруде, мемлекеттік  басқаруда, денсаулық сақтау мен  әлеуметтік қызмет көрсетуде, тау-кен  өнеркәсібінде жұмыс істейтіндердің санының жылдам өсуіне байланысты халықтың экономикалық қызмет түрлері бойынша  жұмыспен қамтылуда. Жұмыспен қамтылған  халықтың жартысы халыққа қызмет көрсетумен айналысады.  

Аймақтық жұмыспен қамту мәселесі