Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекеттік басқарудың теориялық негіздері
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ.......................
- АЙМАҚТЫҢ
ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫН МЕМЛЕКЕТТІК
БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ...........
.....................3
- ОҢТҮСТІК
ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ
ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ........................ ...................10
- АЙМАҚТЫҢ
ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫН МЕМЛЕКЕТТІК
БАСҚАРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ...
.............................. ..20
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі........................
КІРІСПЕ
Тәуелсіздік алғалы ел басшылығымен мемлекеттік басқарудың нәтижелі жүйесін құруда қазіргі заманға сай мемлекеттікті және тәуелсіздікті нығайту, нарықтық қатынастарды дамыту сияқты бірқатар қадамдар қатары жасалды.
Экономиканы
басқару жүйесіндегі соңғы
Республикамыздың әрбір аймағы еліміздің шаруашылық кешенінде белгілі бір орынды ала отырып, осыған қоса басқа аймақтармен бүтіндей экономикалық бірлікті құрайды. Сондай-ақ әр аймықтың өзіндік табиғи ресурстары, олардың орналастырудағы ерекшеліктері, экономикалық даму деңгейі, өзіндік шаруашылық құрылымы бар. Соған байланысты аймақтық саясат қалыптастырылып, жүзеге асырылады. Аймақтық саясатты жүзеге асыруда мемлекеттік басқару тиімділігін көтеру міндеті үлкен мәнге ие болуда. Бірақ барлық мемлекеттер қолдану үшін оңтайлы болып табылатын әмбебеп үлгі жоқ, әрбір мемлекет тарихи дамуының белгілі бір кезеңдегі өзінің ұлттық ерекшеліктеріне сай келетін ыңғайлы үлгіні жасақтауы тиісті. Мұның барлығы да өз елімздің және шет мемлекеттердің даму тәжірибелерін тереңірек талдау, ой елегінен өткізу міндеттерін жүктейді.
Қазіргі кезеңде негізгі шаруашылық қызметтің аймақтарда жүзеге асырылатынын ескерсек, оларға әлеуметтік-экономикалық мәселелерді өздігінен шешуге лайықты қаржылық дербестіктің берілуі маңызды болып табылады. Осымен байланысты бүгінгі таңда мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктерді ажырату, бюджетаралық қатынастардың реттеу мәселелері еліміз аймақтарының экономикалық өсуіне мүмкіндік беретін негізгі шарттар ретінде қарастырылуда.
Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекеттің реттеудің негізгі мақсаты-аймақтардың тұрақты экономикалық өсуіне мүмкіндіктер жасау негізінде бүкіл республика экономикасының өркендеуіне жол ашу болып табылады. Көздеген мақсатқа жету – мемлекеттік және аймақтық мүдделердің бірлігін, олардың ұштастырылуын көзейді.
Ұсынылып отырған курстық жұмыстың мақсаты
– аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму
ерекшеліктерін, аймақ саясатының жасақталу
барысын, оның жүзеге асу бағыттарын, аймақтардың
дамуын мемлекеттік реттеудің әдіс, тәсілдерін,
аймақ экономикасын басқарудың бүгінгі
күнгі өзекті мәселелері болып табылады.
Осыған орай курстық жұмыста аймақтардың
қазіргі кезеңдегі даму ерекшеліктеріне,
стратегиялардың, бағдарламалардың жүзеге
асырыу барысын, аймақтың әлеуметтік-экономикасын
басқару механизмін жетілдіруге басты
назар аударылды.
- АЙМАҚТЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫН МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
ҚР «Қазақстан Республикасының әкімшілік - территориялық құрылғысы туралы» заңына сәйкес «аймақ – республика қажеттілігіне құрылған және басқарылатын бірнеше қоныстанған пунктілер қосылған республика территориясының бір бөлігі. Республикалық әкімшілік - территориялық құрылғының негізгі буындары ретінде облыс, аудан және ауылдық округ аймақ болып келеді.
Аймақ экономикасын басқару және барлық шаруашылық механизмі өзімен территориясында жеке басқару деңгейі бар объектілері орналасқан шаруашылықты басқарудың ұйымдық - экономикалық жүйесін құруы керек.
Кез-келген мемлекетте иерархиясы ұлттық деңгейден төмен территориялық құрылымдардың екі түрі бар болады :
- аралық территориялық құрылым және оларға лайықты өкімет және басқару органдары;
-
төменгі (негізгі) әкімшілік -
территориялық бірліктер және
жергілікті өкімет және
Жергілікті өкімет органдары өз функциясын қалалық немесе ауылдық аудандарда жүзеге асыратын төменгі әкімшілік бірлік болып келеді. Оларға бағынышты аумақтар аралық территориялық құрылымдарға кіреді.
Қазақстан экономикасының нарықтық реформасымен байланысты маңызды проблема - біртұтас халықшаруашылығы кешенінде әрбір аймақ нәтижелі жұмыс жасауы тұрады. Қазіргі заманда аймақтық деңгейде басқарудың функциясы және әдістері экономикалық, әлеуметтік, әкімшілік көзқарасқа негізделген. Нарықтық реттеу әдістері танымал маркетингі жүйелері және мемлекеттің экономикалық тетіктер арқылы реттеуінен шығады. Аймақтық экономиканы аймақ аумағында орналасқан және онымен өзара байланысқан шекаралас барлық экономикалық субъектілердің нәтижелі жұмысын қамтамасыз ету позициясынан қарастыру керек. Жүйе мақсаттары жағынан қарастырғанда аймақтық экономика өз құрылымымен қайшы. Ол ең алдымен барлық республиканың пайдасына дамиды. Сонымен қатар аймақтың экономикалық, әлеуметтік, экологиялық және басқа ерекшеліктерін ескере отырып, аймақтарға қолдау көрсету керек. Осыған байланысты аймақтық экономика тек аймақтық экономикалық субъектілердің назарларын қорғап қана емес, сонымен қатар бөлек аймақтардың назарларын есепке алу механизмінің болуына жағдай жасауы керек. Қазіргі уақытта европалық одақ елдерінде
«территорияны ұйымдастыруда аймақтың дамуын тікелей мемлекеттік реттеудің» орнына аймақтарда «автономиялық механизмдердің» болуын ынталандыру сияқты жаңа әдіс қолданылады және жеке кәсіпкерлікке қолдау көрсетіледі. Бұл механизмнің функциясы - аймақтың ішкі потенциалын ынталандыру.
Қазақстандағы
өткізілетін негізгі
Аймақты басқару жүйесі тек қана шаруашылық етуші субъектілердің өзара қатынастарына сай болып және жеке, корпоративті нарық бөлігіне сәйкес келіп қана емес, сонымен бірге, өз элементарлық әрекеттестігімен экономикалық нәтижелерінің және әлеуметтік аймақтық өндіріс нәтижелілігінің жоғарылауын қамтамасыз ету керек.
Аймақ басқару жүйелерінің кіріс мінездемелері ретінде талдап, қорытындыланған, өткенді шолатын экономикалық және әлеуметтік ақпарат болуы керек. Сонымен қатар заттық - техникалық, еңбектік, қаражаттық қорлардың сандық және сапалық көрсеткіштері, белгілі бір уақыт аралығында басқару процесінде оларды қолдануға кеткен шығын мөлшері. Аймақ сияқты әкімшілік - территориялық құрылымның әлеуметтік - экономикалық дамуы туралы ақпараттың болуы, аймақпен басқару жүйелері элементтінің әрекеттестігін жан-жақтыландырудың қажетті шарты. Ол алдағы ағымдағы, перспективалы және стратегиялық әлеуметтік - экономикалық даму, өндіріс нәтижелілігін талдау, тұтынылу қорларының экономикалық өсу резервтерін анықтауға мүмкіндік береді.
Аймақты басқару жүйесінде әрекеттестіктің негізгі элементтері басқару түрлері (ағымдағы, перспективалы және стратегиялық), басқару функциялары (жоспарлау, ұйымдастыру, реттеу, бақылау, есеп және талдау), функцияларды толтырылу мақсатындағы оларға лайықты және бағытталған басқару әрекеттестігіне нақтылы іс-әрекеттер, сонымен қатар әдістер‚ тәсілдер және облыстың әлеуметтік - экономикалық дамуын басқару стратегиялары болу керек.
Бір-бірімен әрекеттесетін аймақтың дамуын басқару жүйесінің ресурстық құраушысы ретінде барлық иерархия деңгейлерінің (олар: функцияларды орындаудың аралық және тікелей процесіне қатысатын; облыстың әлеуметтік - экономикалық дамуын басқарудың барлық түріне арналған негізгі қорлар, материалдық, қаражаттық және ақпараттық қорлар). басқару персоналы шығады.
Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын басқару жүйесі құрастырушысының қорлық әрекеттесуінің екінші нұсқасы, мөлшері анағұрлым аз, тек қана облыс әкімі - әкімшілігі деңгейінде басқаруға қатысушы қорлармен көрсетілуі мүмкін.
Сондықтан
облысты басқару жүйесінің
Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын басқарудың әртүрлі деңгейлерінің қорлық құрастырушылары басқару жүйесінің басқа әрекеттесуші элементтерімен әр түрлі деңгейде, бірақ тығыз байланысқан. Осылай, мысалы, басқарудың әкімшілік - шешуші әдістері аймақты тікелей басқаруы керек. Осы әдісті сипаттайтын кең таралған мазмұнды бөлімдері болып аймақтық және республикалық сипаттағы нормативті – заңдық актілер, бұйрықтар, қаулылар табылады.
Аймақты басқарудың лайықты өлшеммен толықтырылған функцияларының әрбірі (жоспарлау, ұйымдастыру, реттеу, бақылау, есеп және талдау) аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына тура және жанама басқаруға әсер етеді. Барлық қажетті жоспарлау-есептеу негіздемелерінің барлық түрлері аймақтың ауыл шаруашылығының экономикалық және әлеуметтік өсуінің қажетті динамикасы салыстырмалы даму жоспарлылығын сақтауға бағытталған.
Аймақтың әлеуметтік-экономикалық саясат халықтың әл-ауқаттын жоғарылатуға бағытталуы тиіс. Ол елдің тұрақты экономикалық дамуы негізінде барлық аймақтардың талпыныстарын біріктіруі кезінде мүмкін. Аймақтық саясат халық табыстарында, жұмыссыздық деңгейінде, әлеуметтік инфражүйеге, транспорттық жүйеге, коммуникацияларда , қоршаған орта күй-жағдайында және т.б. аймақ аралық ерекшеліктердің дұрыс дамуына тиісті бағытталған болу керек.
Қазіргі кезеңдегі аймақтардың әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктері. Елдің әлуметтік-экономикалық дамуының ұзақ мерзімге арналған стратегиясы табиғи, әлеуметтік-экономикалық және т.б аумақтық факторларды толықтай ескеріліп, оларды мемлекеттік саясаттың барлық бағыттарында нақтылыланғанда ғана ғылыми тұрғыда негізделген және жүзеге асу мүмкіндігі жоғары болады.
Қазіргі уақытта республика кеңістігіндегі әлеуметтік-экономикалық даму жағдайларының біркелкі болмауы мемлекет тарапынан жүргізілетін аймақтық саясат ерекшеліктерін анықтайды. Соған орай мемлекеттің аймақтық саясаттың мақсаттары мен міңдеттері, оларды жүзеге асыру механизмдері анықталады.
Егер мемлекет аймақтармен дұрыс өзара қарым-қатынас орнатпаған болса, немесе халықтың өмір сүруін қамтамасыз ететін ортасы болып табылатын мемлекеттің барлық аумақтарының дамуы үшін жауапкершіліктен бас тартатын болса, онда жүргізіліп жатқан реформалардың оң нәтижеге жетпегендігі анық. Демек, аймақтардың дамуын мемлекеттік реттеу – бұл олардың дамуының қажетті шарты.
Экономиканы мемлекеттік реттеудің ерекше бағыты ретінде қарастырылатын аймақтық саясаттың қазіргі ерекшеліктерін қарастыру оның тиімді жүзеге асуына ықпалын тигізетін негізгі мәселелерінің бірі болып табылады. Сондықтан да аймақтар дамуындағы қазіргі қалыптасып отырған жағдайды саралау және соған орай аймақтық саясаттың бағыттарын айқындау өзекті мәселеге айналады. Осы мақсатта аймақтық саясаттың қалыптасуына әсерін тигіетін негізгі жағдайларды сараптайық.
Нарықтық қатынастарды қалыптастыру барысында жүргізілген реформалар аймақаралық саралауды тым «күшейтіп» жіберді. Нәтижесінде жан басына шаққандағы жалпы аймақтық өнім (ЖАӨ) өндіру көлемі бойынша республика халқының айырмашылығы он есеге дейін жетті. Ал АҚШ-та ең «алдыңғы» және ең «артта» қалған штаттардың арасындағы айырмащылық – 1,8 есе ғана.
Мұндай тым саралау, әрине, миграцияның күшеюіне, дағдарысты және кедей ареалдарының кеңеюіне, аймақтардың экономикалық өзара әрекет ету механизмінің әлсіреуне және аймақаралық қарама-қайшылықтардың өсуіне алып келеді. Бұл өз кезегінде біртұтас әлеуметтік-экономикалық саясатты жүргізуде қиыншылықтарды туындатады. Сол себепті Қазақстан үшін әлеуметтік-экономикалық даму қарқынын тегістеуге бағытталған мемлекеттік аймақтық саясатты жүргізу стртатегиялық тұрғыдан маңызды болып табылады. Ұлттық экономиканың тұрақты өсуі елдің проблемалық аймақтарындағы өмір сүру жағдайын жақсартпайынша мүмкін емес. Республикалық қазіргі экономикалық ерекше проблемалармен сипатталатын әр түрлі аумақтарды қамтиды. Осы тұрғыдан алғанда және аймақтардың мамандандырылу қағидасына сәйкес республика аймақтарын төрт топқа бөлуге болады:
- шаруашылық құрылымы экспортқа бағытталған
- индустриялық дамыған
- агроөнеркәсіптік
- дағдарыстық
Бірінші топ – стратегиялық сипаттағы минералды ресурстардың айтарлықтай қорларын иеленетін және ғылыми-өндірістік әлеуетінің қарқынды дамуына жеткілікті мүмкіндігі бар, бірақ ауылдық аумақтарының экономикалық-әлеуметтік артта қалуымен, экологиялық жағдайларының нашар болуымен ерекшеленетін аймақтар. Бұл аймақтарға Қазақстан экономикасын дағдарыстан шығару және тұрақтандырудың рөлі беріледі. Осы аймақтар топтары үшін төменгідей проблемалар кешенін шешу қажет деп атап көрсетуге болады:
- минералдық шикізат және көмірсутек шикізаттарын кешенді өндіру мен өңдеудің жаңа технологияларын енгізу негізінде стратегиялық шикізат түрлеріне бай жерлерді интнесивті игеру.
- отандық және шетелдік инвесторлар үшін қолайлы инвестициялық климатты анықтайтын және әлемдік стандартқа жауап беретін жоғары дамыған өндірістік, әлеуметтік және нарықтық инфрақұрылымдарды құру.
- ауылдық аумақтарының дамуындағы проблемаларды шешу.
Екінші топқа – ауыр индустрия салаларына нақты маманданған, жоғары технологиялық ғылымды қажетсінетін өндіріс құру үшін қолайлы экономикалық жағдайлары және жоғары ғылыми-өндірістік әлеуеті бар, негізінен қаржылық ресурстармен өзін-өзі қамтамасыз ете алатын аймақтар жатады.
Бұл аймақтарды дамытуда шешуді талап ететін проблемалар:
- шетел инвестицияларын тарту жолымен экспроттық әлеуетті қалыптастыру.
- жаңа ғылымды қажетсінетін өнімдер шығаруды ұйымдастыру, жаңа технологиялар негізінде құрал-жабдықтар мен машиналар, электроника құралдары, автомобиль құрылысы, жаңа материалдар, лазер технологиясын дамыту.
Үшінші топқа – ауыл шаруашылығына маманданған агроөнеркәсіптік кешенді аймақтар. Бұл топтағы аймақтар үшін халықтың жұмысбастылығын қамтамасыз ету және жаңа жұмыс орындарын ашу мақсатында ауыл шаруашылғы мен оған сабақтаса дамитын салаларда шағын және орта бизнесті дамыту қажет.
Олардың әлеуметтік – экономикалық дамуын тұрақтандыру үшін келесідей мәселелер өз шешімін табуы тиіс;
- ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру үшін тиімді мамандандыруды жүзеге асыру.
- ауыл шаруашылық өнімінің жоғарғы сапалығын және экспроттық әлеуетінің өсуін қамтамасыз ететіндей өндірістік үрдістерге жаңа технологияны енгізу және пайдалану.
- тұтыну нарығын тепе-тең түрде дамыту мақсатында, тұтыну заттарын өндіретін ауыл шаруашылығының және өнеркәсіп салаларының материалдық-техникалық базасын нығайту, міндетті түрде өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымдарды құру.
Төртінші топқа – қысылшаң табиғи-климаттық, әлеуметтік-экономикалық және техника-технологиялық жағдайдағы, шаруашылықтың салалық құрылымы ұтымды емес дағдарыстық аймақтар, сонымен қатар экологиялық дағдарысқа ұшыраған аймақтар жатады. Аймақтардың проблемаларына:
- экологиялық дағдарыстың тереңдеу үдерісінің алдын алу.
- осы аймақтарда тұратын халықтардың өмір сүру сапасын және деңгейін көтеру үшін материалдық негіз құру жөнінде нақты шаралар қабылдау.
- қоршаған табиғи ортасы адамдардың денсаулығына өте қауіпті ауылдық аймақтардан, кіші және шағын қалалардан және басқа да тұрғылықты жерлерден республикамыздың басқа аймақтарында орын ауыстырғысы келетін халықтар үшін жағдай жасау.
- шетілдік техникалық және гуманитарлық көмектерді тарту және оларды тиімді пайдалану.
Республика аймақтарын мұндай топтастыру басқарудың аймақтық мәселелерін тиімді шешуге және жергілікті шаруашылықтарды қарқынды дамытуға мүмкіндік береді.
Проблемалық аймақтардың қатарына бірқатар себептердің салдарынан экономикалық әлеуеті орташа республикалық көрсеткіштерден бірнеше есе төмен, ал экономикасы өнеркәсіптің аз әртараптандырылған құрылымымен, нашар дамыған инфрақұрылымымен сипатталатын аймақтар жатады. Мұндай аумақтар олардың дамуын ынтыландыратын мемлекеттің көмегіне мұқтаж. Сондықтан да экономикалық ғаламдану үрдісіне қадам басып отырған Қазақстан үшін шешілуі тиіс басты міндет – аймақтар үшін жағымсыз салдарларды бейтараптандыра отырып, олардың дамуы үшін қажет жағдайларды қалыптастыру негізінде тиімді нәтижені ұлғайту.
Аймақтардың дағдарыстығының басты белгілері болып табылатындар:
- өндіріс қарқынының төмендеуі
- халықтың өмір сүру деңгейінің төмендеуі
- жұмысбастылыққа қатысты жағымсыз тенденциялардың өрістеуі
- демографиялық, экологиялық, әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы проблемалардың күшеюі және т.б.
Аймақ дамуының кез-келген аясындағы дағдарысты жою, бір жағынан алғанда, экономикалық белсенділік деңгейімен байланысты. Әлеуметтік даму салыстырмалы түрде дербестікке ие бола отырып, айтарлықтай дәрежеде ресурстық мүмкіндіктермен анықталады, олар өз кезегінде экономикалық даму деңгейіне байланысты. Мемлекеттік реттеудің әлеуметтік және экономикалық құраушыларының тепе-теңдігі қажет. Экономикалық және әлеуметтік құраушыларды тепе-теңдікте дамыта отырып, аймақ дамуындағы әр түрлі бағыттағы олқылықтардың орнын толықтыруға және халықтың тұрмыс жағдайының деңгейін көруге болады және бұл мемлекеттің аймақтық саясаттың табысты жүргізілуін анықтайтын негізгі шарттардың бірі болып табылады.
Аймақтық саясаттың мәні мен міндеттері және оларды жүзеге асырудың өзіндік механизмдері бар (1 сурет). Макроэкономикалық саясаттың құрамдас бөлігі бола отырып, аймақтық саясат әрбір аймақтың экономикасының тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру арқылы экономиканың тиімділігін көтеруді өзінің басты мақсаты етіп қояды. Қойылған мақсатқа жету үшін, әрине, міндеттердің қойылу шарт. Олардың қатарына: мемлекет пен жекелеген аумақтардың мүдделерін үйлестіру, аумақтық дамудың әрекетті механизмін жасақтау, сонымен қатар аймақтың ресурстық, ғылыми, еңбек әлеуетін барынша пайдалану жатады. Осы суреттен көрініп тұрғандай, аймақтық саясаттың мақсаты, міндеттері мен жүзеге асыру әдістері мемлекеттік реттеудің басқа бағыттарымен тығыз байланыста жүзеге асырылады.
Сонымен қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасының мемлекеттік аймақтың саясаты ең алдымен шектен тыс аумақтық теңсіздіктерге жол бермеу және оларды «тегістеу» саясаты болуы тиісті. Бұл жағдайда орталықтандыру мен орталықсыздандырудың тепе-теңдігі қажет. Осыған орай аймақтық дамудың шешілуін әлеуметтік, экономикалық, саяси, құқықтық, мәдени, демографиялық және т.б. шаралар жүйесін санқырлы проблема ретінде қарастыруға болады.
Нарықтық экономикаға өту барысындағы аймақтық саясат біршама өзгермелі болып келеді. Әрбір аймақтың ерекшеліктеріне қарай, кейбір аймақта мемлекет тарапынан нарықтық экономиканың қалыптасуы үшін жалпы құқықтық режимді қолдау жеткілікті болса, басқасында экономикалық белменділікті ынталандыру қажет, келесі біреуінде, аймақтық экономикалық және әкімшілік әсер ету әдістері қажет т.б.
Экономикалық
саясат, еліміздің және оның жекелеген
аймақтарының экономикалық жағдайын қамтамасыз
етуге және қойылған мақсаттарға жетуді
көздейтін мәселелерді шешуге бағытталуы
тиіс. Ал, аймақтық саясаттың мәні жалпы
ұлттық мақсаттарға жету үшін аймақтық
дамуды басқару болып табылады. [26]
1
сурет Аймақты басқару жүйесі
және оның мемлекеттік реттеу
жүйесінің орны. [26]
- ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ
Бүгінде
Оңтүстік Қазақсан облысы транспорттық-экономикалық,
еңбек ресурстарына бай, заманауи телекоммуникациялық
жүйемен қамтамасыз етілген, көрші
мемлекеттерге жақындығымен танылған,
сонымен бірге шетелдік және отандық
инвестицияларды салуға өзінің бизнеске
қолайлылығымен танымал аймақ болып табылады.
- экономикалық дамудың индикаторы - өнімнің өсу қарқыны мен көлемі, өндірістік шығындардың құрылымы (материалдық, еңбекақы төлемі т.б.) пайдалылығы, салық салу ауырлығы, инвестициялық белсенділік;
- әлеуметтік индикаторлар - өнім шығармайтын саланың дамуы деңгейі мен бастау көздерінің динамикасы, жұмыссыздық деңгейін бағалау мен жұмыспен қамту, халықтың нақты және номиналдық табысы және шығындардың құрылымы, халықты әлеуметтік қолдау көрсеткіштері;
- жалпы көрсеткіштер - инфляция факторы мен деңгейін бағалау, шаруашылық субъектілерінің шығындары мен кірістері (тұрғын халық, материалдық қызметтерге жатпайтын сала тауар өндірушілер, аймақтың бюджеттік емес қордың бюджеті, федералдық бюджет), аймақтың әлеуметтік-экономикалық үдерісін экономикалық реттеудің маңызды параметрлері.
Аймақтық басқарудың көрсеткіштері деп мыналарды айтуға болады:
- жалпы аймақтық өнімнің ақшалай қорға қарым-қатынасы;
- ақшалай қордың материалдық құндылықтарды есептемегенде кәсіпорындардың айналымдық қаражатқа қарым-қатынасы;
- бір жұмысшыға өндірім және басқарудағы бір жұмысшыға келетін таза активтердің көлеміне қарым-қатынасы;
- аймақтағы басқаруға кететін шығын үлесі.
Аймақтың экономикалық
көрсеткіштерін талдау. Ауыл шаруашылығы.
Жалпы өнім көлемінде 100 пайыз мал шаруашылығына
тиесілі. Мал шаруашылығында ет, сүт және
жұмыртқа өндіру негізгі орынды алады.
2010 жылдың қаңтар-шілдесінде ауыл шаруа-шылығының
жалпы өнім көлемі, қолданыстағы бағада,
52,8 млрд. теңгені құрады, бұл өткен жылдың
сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,6%-ға
артық.
Облыстың ауылшаруашылық тауар өндірушілері
89,8 мың тонна - мал және құс етін (тірі салмақта),
немесе 2009 жылдың тиісті кезеңінің деңгейіне
– 101,8%, сүт – 391,5 мың тонна, немесе 104,5%,
жұмыртқа – 166 млн. дана, немесе 113,3% өндірді.
2010 жылдың 1-тамызына жағдай бойынша, облыстағы
шаруашылықтардың барлық санаттарындағы
ірі қара мал саны – 896,6 мың басты, немесе
өткен жылдың сәйкес кезеңіне – 103,1%, қой
– 3861,2 мың бас, немесе 104,6%, ешкі – 497,4 мың
бас, немесе 96,4%, жылқы – 174,9 мың бас, немесе
104,2%, түйе – 18,8 мың бас, немесе 105,7%, шошқа
– 38,3 мың бас, немесе 92,6%, құс саны – 2622,9
мың бас, немесе 98,5% құрады.
Ауыл шаруашылығы өнімінің (қызметінің)
жалпы көлем 2010 жылдың 1 тамызына мал
мен құс санының едәуір өсу қарқыны (шартты
мал басына есептегенде) 2009 жылдың тиісті
кезеңімен салыстырғанда Отырар ауданында
(16,6%-ға), Сайрам (10,9%), Мақтаарал (4,7%) және
Созақ ауданында (4,0%-ға) байқалды.

- Аймақтың әлеуметтік экономикалық ерекшкліктері
- Айналым активтер
- Айналым активтері
- АЙналым активтері мен түрлері
- Айналым капиталдары
- Айналым капиталы
- Айналым капиталы курсты
- Аймақтық жұмыспен қамту мәселесі
- Аймақтық интеграциялық урдістері мен Қазақстан
- Аймақтық саясат мемлекеттің жалпы саясатының құрамдас бөлігі
- Аймақтық саясатты жүргізуде қолданылатын механизмдер
- Аймақтық туризм
- Аймақтық экономика
- Аймақтық экономика түрлері