Айналым активтер

 

   Мазмұны 

Кіріспе...................................................................................................................... 3 

1.Кәсіпорынның  айналым активтерінің талдаудың  теориялық негіздері.

1.1.Кәсіпорының  айналым активтерінің мәні мен  мазмұны................................5                                                                                                                            

1.2 Кәсіпорынның  айналым активтерінің мақсаттары мен міндеттері..............9                                                                                           

1.3 Кәсіпорынның  айналым активтерін қаржылық  талдаудің әдістері...............13                                                           

2. «Халлибуртон  Интернэшнл Инк.» компаниясының қаржылық жағдайын талдау және айналым активтері

2.1. «Халлибуртон  Интернэшнл Инк.» компаниясы және  оның айналым активтері....................................................................................................................16

2.2. Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін талдау....................................................20

2.3. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау...........................................23 

3. Кәсіпорынның  активтерінің дамыту перспекивалары.

3.1 “Кәсіпорынның  активтерінің өтімділігі мен төлем қабілеттілігін талдау.....29

3.2 Кәсіпорынның  қаржылық тұрақтылығын, табыстылығын  мен іскерлік белсенділігін   дамыту жолдары...............................................................................31 

Қорытынды................................................................................................................37

Қолданылған әдебиеттер тізімі................................................................................39 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

   Кіріспе. 

   Қазақстан Республикасы кәсіпорындарында, соңғы жылдары еліміздің эко-номикасының нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты бухгалтерлік есептің әдістемесі мен тәжірибесінде түбегейлі өзгерістер болды.     

     Бухгалтерлік есеп стандарттары  мен субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметі шоттары Бас жоспарының 1997 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа ен-гізілуі және қаржылық есеп беру нысандарының халықаралық стандарт талап-тарына сәйкестендірілуі нарықтық экономика жағдайына сай қаржылық талдау-дың жаңа әдістемесін жасауды қажет етті.                                                  

   Есеп  тіркемелерінде шаруашылық операцияларын  жазып көрсетудің дәстүр-лі бухгалтерлік қызметі, көптеген қаржылық ақпаратты  пайдаланушылардың сұрақ-тілектеріне  толығынан жауап бере алмайтындығын тәжірибе көрсетті. Іс-керлік шешімдер қабылдау үшін бұл ақпарат белгілі түрде өзгертілуі және өң-делуі қажет. Қазіргі жағдайда бухгалтер қаржылық нәтиже қалыптастырудың әр түрлі әдістерін білуді, кәсіпорында қабылданған қаржылық стратегияны іс жүзіне асыруды камтамасыз ететін есеп саясатын таңдап алып, соны басшы-лыққа ұсынуы керек, яғни оның қызметінің аясы жай есепшіліктен қаржы жағ-дайын талдау ісі ажырамас бөлігі болып табылатын, қаржы менеджментіне дейін өсіп, айтарлықтай кеңейеді.                                                        

   Қоғамда қаржылық талдау біреудің орынсыз тілегінен  емес, өмірлік аса қа-жеттілік салдарынан туыңдады: салмақ, ұзындық өлшемін  және есептеу жүргіз-бей, шаруашылық субъектінің мүліктік жағдайы мен  оған әсер ететін себептер-ді білмей, табыс пен шығынды өзара салыстырмай, біріншісінің екіншісінен артық болуына қол жеткізбей шаруашылықты ойдағыдай жүргізу мүмкін емес.                                                                                                                              

   Қай уақытта да болмасын бұл өте маңызды. Қазіргі қоғамның әкімшілік -әміршілік жүйеден шығып, нарықтық қатынасқа ену кезеңінде оның мәнділігі одан әрі арта түседі. Басқаша айтқанда, жалпы мемлекеттік («иесіз») меншік жағдайында кеңінен орын алған ұқыпсыздық пен жауапкерсіздікті іскерлік, бас-қарушылық, қатаң орындаушылық тәртіп, ұқыптылық және үнемділікпен ал-мастыру - нарықтық экономиканың өзіне тән ерекшеліктері.                  

   Нарықтық  экономика оған қатысушылардың барлығынан ой жүйесі мен өз-геше іс-әрекетті талап етеді. Ол зауыт қоймалары мен ашық алаңдарда, материалдар мен шикізаттың қисапсыз қорларының көгеріп, тот басып жатуына, яғни миллиондаған теңгенің доғарылып, бекерге ысырап болуына жол бере алмайды.

   Кәсіпорын мүлкіне салынған әрбір теңге жаңа табыс әкелу үшін осы қорлар-ды қозғалысқа келтіреді. Жасанды көрсеткіш пен жоспар үшін жұмыс істеу кел-

меске кетеді.                                                                                                                            

   Қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар кәсіпорындардың ша-руашылықты жүргізуші  субъект ретінде құқық жағдайларын  едәуір нығайтып, олардың көптеген өндірістік және қаржылық мәселелерді  өз бетінше шешуіне мол мүмкіншілік  ашты. Атап айтқанда, ішкі және сыртқы рынокта білікті серік-ті таңдауға қол жетті, өйткені болашақтағы бірлескен іс-әрекеттің тиімділігі кө-бінесе осыған байланысты болады. Кәсіпорындар бұрынғыдай жоғарғы жақтың жөн сілтеуімен емес, контрагенттерді (жабдықтаушы, сатып алушы, мердігер, банк және т.б.) қазіргі кезде өз қалауы бойынша алады.

   Нарық жағдайында кәсіпорынның өміршеңдігінің кепілі мен жай-күйінің ор-нықтылығының негізі оның қаржы тұрақтылығы болып  табылады. Ол ақша қа-ражатын еркін  орын алмастыра отырып қолданып, тиімді пайдалану жолымен өнімді өндіру мен сатудың үздіксіз процесін қамтамасыз ете алатын өзінің қар-жы ресурстары жағдайын көрсетеді.                                          

   Кәсіпорынның  қаржы тұрақтылығын бағалау, объективті, ғылыми негіздел-ген үшін оның қаржылық жағдайын талдау қажет. Тек терең және ұқыпты тал-дау негізінде ғана оның қызметін объективті бағалап, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын нығайту немесе жақсарту және оның іскерлік белсеңділігін арт-тыруға бағытталған басқару шешімдерін қабылдау үшін, басшылыққа нақты ұсыныстар беруге болады.                                                                                            

   Отандық талдау әдебиеттерінде кәсіпорынның айналым активтерінің мәселесі аз зерттелген, сондықтан оның прогрессивті әдістері әзірше бізде ойдағыдай қолданыс таба алмай отыр. Ал бұл кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижесі мен экономикалық дамуына, ең ақырында еліміздің экономикалық өсуіне кері әсерін тигізеді.                                                                                                   

     Осы мақсатқа жету үшін келесідей  міндеттерді анықтадым:

-қаржы  менеджменті саласында алған  білімімді қолдану;

-өндірістік  практикада жинаған тәжірибемді  пайдалану;

-қарастырылып  отырған мәселе бойынша статистикалық және заңнамалық ма-териалдарды жинақтау және өңдеу;

-кәсіпорынның  қаржылық жағдайын талдау;

-жүргізілген  талдау нәтижелері бойынша   жетіспеушіліктерді анықтау және  оларды жою жолдарын ұсыну.

   Талдау  объектісі ретінде «Халлибуртон Интернэшнл Инк.» компаниясы алынды.Оның негізгі қызметі  мұнай өндірісі, құрылысы, мұнай газ өңдіру скважиналарын жөңдеу және іске қосуға қажетті құрал жабдықтарды жасау жә-не жабдықтаумен айналысу болып табылады.

   Жұмыстың  теориялық бөлімі қаржылық жағдайды талдаудың түсінігін ашу-ға негізделген. Бұл бөлім өзіне қаржылық жағдайды талдаудың мақсаттары, міндеттері және қажеттілігі, қаржылық талдаудың ақпараттық негізі, әдістері мен тәсілдері туралы ақпараттарды кіріктіреді.

   Жұмыстың  тәжірибелік бөлігі «Халлибуртон Интернэшнл Инк.» компания-сының қаржылық жағдайын талдауға және оның нәтижелері бойынша қоры-тынды жасауға, сонымен қатар кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсарту бойынша іс-шаралар ұсынуға негізделген. 
 
 
 
 

     1.Кәсіпорынның айналым активтерінің талдаудың теориялық негіздері. 

   1.1.Кәсіпорының айналым активтерінің мәні мен мазмұны 

   Нарықтық  қатынастары жағдайында кәсіпорыннын айналым активтерінің талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болуымен, сондай-ақ және де басқа контрагенттер алдында өзінің өндірістік-кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты.          

   Кәсіпорынның  айналым активтерінің талдау жөніндегі сұрақтарды қарастыр-мас бұрын, "қаржылық жағдай" дегеніміз немесе "қаржылық жай-күй" дегеніміз не, соны анықтап алған жөн. Соңғы жылдары шығарылған арнайы әдебиеттерде бұл ұғым әр түрлі түсіндіріледі. Профессор А.Д. Шеремет "Кәсіпорынның қаржы (активтер) жағдайы қаржыны тарату, пайдалану және оның қалыптастыру көздерімен (меншіктік капитал және міндеттемелер, яғни пассивтер) сипатталады" деп жазған.                                                                                 

   Профессор Н.А Русак [3] бұл ұғымды былайша  анықтайды: «Кәсіпорынның қаржылық жағдайы қаржы ресурстарын жасау, тарату және пайдаланумен сипатталады.

   Кәсіпорынның  қаржылық жағдайы кәсіпорынның қалыпты  өндірістік, ком-мерциялық және басқа  да қызмет түрлері үшін қажетті қаржы  ресурстармен қамтамасыз етілуімен  және оларды мақсатқа сай, тиімді тарату және пайдалану-мен, сондай-ақ басқа шаруашылық субъектілерімен қаржылық қарым- қатынас-та болу, төлеу қабілеттілігі және қаржылық тұрақтылықпен сипатталады.

   Кәсіпорынның  уақтылы төлеу мүмкіндігі оның қаржылық жағдайының жақ-сылығын көрсетеді.                                                                                        

   В.М. Радионова мен М.А. Федотова кәсіпорынның қаржылық жағдайы "қаржы ресурстарының  калаптасуымен, таратылуы және пайдалануымен  көрсетіледі" деп жазады.                                                                                                                                          

   М. Н. Крейнина [5], А.И. Ковалев және В.П. Привалов [6] қаржылық жағдай ұғымын былайша  түсіндіреді: ''Қаржылық жағдай - бұл  қаржы ресурстарының қолда барын, үлестіріліп таратылуы және пайдалануын сипаттайтын көрсеткіш-тер жиынтығы".                                                                                           

   Профессор И.Т. Балабанов "Шаруашылық субъектісінің  қаржылық жағдайы, бұл оның қаржы  бәсекелестік қабілеттілігінің сипаттамасын (яғни төлем қабі-леттілігі, несие қабілеттілігі) қаржы ресурстары мен капиталды пайдалану, мем-лекет алдында және басқа да шаруашылық субъектілерінің алдында өз міндет-темелерін орындау. Шаруашылық субъектісінің қаржылық жағдайын талдау-дың келесі түрлерін жүргізеді: табыстылық пен рентабельділік; қаржылық тұ-рақтылық; несие қабілеттілігі; капиталды пайдалану; валюталық өзін-өзі өтеу" - деп жазады [7].                                                                                              

   Э.А.Маркарьян  мен Г.П.Герасименко да дәл осындай  көзқараста [10]. "Кәсіпорынның өз міндеттемелері бойынша есептесу мүмкіндігі" [4] немесе "Сауда, несие және басқа  да төлем сипатындағы операциялардың нәтижесінде пайда болатын кәсіпорынның төлем міндеттемелерін уақтылы және толық орындау мүмкіндігін көрсететін телем қабілеттілігі, қаржылық тұрақтылықтың сыртқы көрінісі болып табылады"1. Кәсіпорынның жұмысы нарық жағдайына өтумен бірге оның қаржылық жағдайы және оны сауықтыру жолдарын іздеу жөніндегі сұрақтар да шиелінісе түсті. 

     Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылық  жағдайына көптеген факторлар  әсер етеді, оларды В.М. Радионова  және М.А.Федотова келесідей түрлерге  жіктейді:                                                                                                                                    1) пайда болу орнына байланысты - ішкі және сыртқы;                                              

2) нәтижесінің  маңыздылығына байланысты-негізгі  және негізгі емес;    

3) құрылысы  бойынша - қарапайым және күрделі;                                                           

4) әрекет  ету  уақыты  бойынша-тұрақты   және уақытша.                                 

   Ішкі  факторлар кәсіпорынның өзінің жұмысын  ұйымдастыруына байланыс-ты болады, ал сыртқы факторлар кәсіпорын еркіне бағынышты емес.                                            

   Негізгі ішкі факторларды қарастырайық. Кәсіпорынның тұрақтылығы ең бірінші өндіріс  шығындарымен үздіксіз байланысқан  өндірілген өнім мен көр-сетілген қызметтің  құрамы мен құрылымына тәуелді. Сондай-ақ, тұрақты және айнымалы шығындар арасындағы қатынас маңызды болып табылады.     

   Кәсіпорынның  өндірілетін өнім және өндіріс технологиясымен  тығыз байла-нысқан қаржылық тұрақтылығының маңызды факторларының бірі –  активтер-дің тиімді құрамы мен құрылымы, сондай-ақ кәсіпорынның басқару стратегия-сын дұрыс таңдап алуы болып табылады. Ағымдағы активтерді басқару өнері - кәсіпорын шотында оның ағымдағы жедел қызметі үшін қажет болатын қаржы-ның ең төменгі сомасын ұстаудан тұрады. [1]                                                   

   Қаржылық  тұрақтылықтың ішкі, маңызды факторларының  бірі - бұл қаржы ресурстарының  құрамы (мен құрлымы, оларды басқару  стратегиясы мен такти-касының  дұрыс таңдалып алынуы. Кәсіпорынның өз қаржы ресурсы, соның ішінде таза табысы қаншалықты көп болса, соншалықты ол өзін жайлы сезіне алады.                                                                                                                  

   Сонымен бірге тек таза табыстың көлемі ғана емес, сонымен қатар оны тара-ту құрылымы, әсіресе өндірісті дамытуға бағытталған бөлігі де өте маңызды бо-лып табылады.                                                                                     

   Кәсіпорынның  қаржылық тұрақтылығына қарыздық капиталдар нарығында-ғы қосымша жұмылдырушы (мобилизацияланушы) қаражаттар үлкен әсерін ти-гізеді.

   Жоғарыда  айтылғандарды қорыта келе, кәсіпорынның қаржылық тұрақты-лығына әсер ететін мынадай  ішкі факторларды атап көрсетуге  болады:                                                                                                                                    

•кәсіпорынның салалық топқа жатуы;                                                                            

•шығарылатын  өнімнің (жұмыс, қызмет) құрылымы және оның жалпы төлем қабілеттілігі бар сұраныстағы үлесі;                                                             

•төленген жарғылық капиталдьщ мөлшері;                                                                            

•шығындардың  көлемі, олардың ақшалай табыспен салыстырғандағы динами-касы;                                                                                                                           

• қорлар мен резервтерді, олардың құрамы мен құрылымын қоса алғандағы  мү-лік пен қаржы ресурстарының жағдайы;                                                                    

•кәсіпорындарды басқару тиімділігі.                                                                                               

   Сыртқы  факторларға шаруашылық жүргізудің экономикалық жағдайының әсері, қоғамда үстемдік етуші техника мен технология, төлеу қабілеті бар сұра-ныс және тұтынушылар табысының деңгейі, ҚР үкіметінің салық және несие саясаты, кәсіпорынның қызметін бақылау жөніндегі заң актілері, сыртқы эконо-микалық байланыс және тағы басқалар жатады. [2]                           

   Кәсіпорынның  тұрақты қаржылық жағдайын қалыптастыруда оның өз кон-трагенттерімен (салық органдары, банктер, жабдықтаушылар, сатып алушылар, акционерлер және тағы басқалар) өзара  қарым-қатынасы үлкен әсер етеді. Сон-дықтан да серіктестермен реттелген іскерлік қатынаста болу - жақсы қаржылық жағдайдың бірден-бір шарты болып табылады. Әрине, акционерлер өз жинақ қорларын тұрақты тиімділікке ие және дивиденттерді ұқыпты төлейтін қаржы-лық тұрақты "кәсіпорындарға салады. Инвестициялық тартымдылығы болуы үшін, тек бүгінгі күні ғана емес, болашақта да кәсіпорынның қаржылық жағ-дайы көршісіне қарағанда жақсы болуы тиіс. Сондай-ақ, бұл жыл сайын өз об-лигациясы бойынша белгілі бір пайызбен алғысы келетін, ал заем мерзімі біт-кен   уақытта-облигация құнын толық өтеуді талап ететін облигация иелеріне де қатысты. Кез келген коммерциялық кәсіпорын сияқты банктер де өз несиелері-мен тәуекел ете отырып несие алушының өз қарызын уақытында және толық өтеуін қалайды, сондықтан оны беру туралы шешім қабылдай отырып, кез кел-ген банк өз клиентінің қаржылық жағдайын және бұл қарыздың қамтамасыз еті-луін тексереді. Басқаша айтқанда, кәсіпорынның қаржылық жағдайы банктер осы кәсіпорынға несие беру орынды ма, жоқ па, ал бұл сұрақты дұрыс шешкен жағдайда - қандай пайызбен және қанша мерзімге деген сұрақтарды шешудегі негізгі белгі болып табылады. Жабдықтаушылар мен тұтынушылар сенімді жә-не төлем қабілеттілігі жоғары кәсіпорындармен келісім-шартқа үлкен ықылас-пен отырады. Тіпті қаржы органдары, әсіресе салық инспекциясы кәсіпорын-ның жағдайы тұрақты болғанын қалайды, себебі тек осындай кәсіпорын ғана салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді уакытылы және толық төлей алады.                                        

   Осылайша, қаржылық жағдай кәсіпорынның бәсекелестік қабілетін және оның іскерлік қарым-қатынастағы  потенциалын анықтайды, кәсіпорынның өзі-нің және оның серіктестерінің  қаржылық және басқа қатынастар тұрғысындағы экокомикалық қызығушылықтары қаншалықты дәрежеде кепілдендірілгенін ба-ғалайды. [2]                           

     Нарықтық экономика жағдайында  жұмыс істеуші кәсіпорындардың  қаржы-лық жағдайын талдаудың  басты мақсаты (міндеті) келесілер  болып табылады:                                                                                                                               •қаржылық жағдайға баға беру және оның есеп беру мерзіміндегі өзгерісі;           

•активтер мен олардың қалыптасу көздері  арасындағы сәйкестікті, оларды тара-тудағы рационалды және пайдаланудағы тиімділікті зерттеу;                        

•айналым  капиталының көлемін, оның өсуін (кемуін) және ағымдағы міндетте-мелермен арақатынасын анықтау;                                                                        

•қаржы-есептік және несие ережесін сақтау;                                                                     

•кәсіпорын  активтері және оның міндеттемелерінің  құрылымын зерттеу;                     

•ағымдағы активтердің айналымдылық есебі, оның ішінде дебиторлық борыш

және  қорлар есебі;                                                                                                                            

•баланстың  өтімділігін, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының және төлеу қабілеттілігінің абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштерін анықтау;                                                                                                                                 

• кәсіпорын  табыстылығын бағалау;                                                                                       

• кәсіпорын  табысының салыстырмалы көрсеткіштерін, сондай-ақ олардың дең-гейінің өзгеруіне  әсер етуші факторларды есептеп  шығару;                                                                                                         

• кәсіпорынның іскерлік белсенділігін анықтау;                                                               

• кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын ұзақ және қысқа мерзім-ді болжау, яғни оның қаржылық стратегиясын анықтау.                  

   Қаржылық  жағдайды талдау кәсіпорынның, шаруашылық  қызметін талдау-дың қор ытындылаушы  кезеңі болып табылады. Және ол 3 сатыны қамтиды:

жабдықтау, өндіріс және өткізу; бұлардың жиынтығы коммерциялық, өндірістік және қаржылық қызметті құрайды. Кәсіпорынның қаржылық қызметі – бұл оның осы қызмет нәтижесінде меншікті және тартылған капиталдың көлемі мен құрамына өзгеріс әкелетін қызметі болып табылады. Ол қаржы ресурстарының жүйелі түрде түсуі мен тиімді пайдаланылуына, есеп және несие тәртібін сақ-тауға, меншікті және қарыз қаражаттарының арасындағы арақатынастың рацио-налдылығына, сондай-ақ кәсіпорынның тиімді қызмет етуі мақсатында қаржы-лық тұрақтылыққа қол жеткізуге бағытталуы тиіс. Кәсіпорын қызметінің қар-жылық, өндірістік және коммерциялық жақтары арасында тығыз байланыс пен өзара тәуелділік бар. Осылайша қаржылық қызметінің жетістігі, көбінесе оның өндірістік-сату көрсеткіштерімен анықталады. Кәсіпорынның өзі алатын төлем-дерді және ақша қаражаттарын алуы оның өнімді сатуына, алдын ала қарасты-рылған сұрыпталымды ұстап тұруына, өнім сапасының қажетті деңгейге сәй-кестігіне және оны бір қалыпты өндіруге және төлеуге байланысты болады. [3]                                                                                                                                                  

   Жоғары  сапалы өнімді үздіксіз өндіру және өткізу кәсіпорынның қаржылық ресурстарының  қалыптасуына оң әсерін тигізеді. Өндіріс  процесінде өнім сапа-сының төмендеуі  және оны сатудың қиындықтары  кәсіпорын шотына ақша қа-ражаттарының келіп түсуіне кедергі жасайды, нәтижесінде кәсіпорынның төлеу қабілеті төмендейді. Кері байланыс та бар, ол ақша қаражаттарының болмауы материалдық ресурстардың келіп түсуінің іркілісіне, демек өндіріс процесінің тоқтауына әкеліп соқтыруы мүмкін.                                                      

   Шығындар  көлемі өндіріс процесінің тиімділік  деңгейімен анықталады. Олардың тиімділігі қаншалықты көп болса, кәсіпорын  өнімді өткізу көлемін сақтай отырып ресурстарды, соның ішінде қаржылық ресурстарды соншалықты аз жұмсайды. Және керісінше, шикізат пен материалдар шығындарының норма-сының өсуі, еңбек өнімділігі деңгейінің төмендеуі, басқа да ресурстардың мөл-шерден тыс жұмсалуы және өндірістік емес шығындар қосымша қаржы қара-жаттарының қажеттілігіне себепші болады. Еңбек және материалдық ресурстар шығыны ең алдымен өнімнің өзіндік құнында, содан соң табыста талдап қоры-тылады.

   Соңғы айтылған көрсеткіштің көлемі кәсіпорының  өзіндік қаражаттарының көлемін  өзгерте отырып, оның жалпы қаржылық жағдайында елеулі көрініс та-бады.  

   Кәсіпорынның  қаржылық айналым активтердің жағдайды талдауға мыналар жатады:                                                                                        

• кәсіпорын  активтерінің құрылымдық және құрамдық динамикасын талдау;                                                                                                           • кәсіпорын активтерінің қалыптасу көздерінің құрамдық және құрылымдық ди-намикасын талдау;                                                                                                                                    

• кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының  абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштерін талдау;         

• баланс өтімділігін талдау;                                                                                                                      

• кәсіпорынның  төлем  қабілеттілігін  және   несие қабілеттілігін талдау. 

     1.2. Кәсіпорынның  айналым активтерінің мақсаттары мен міндеттері 

     ҚР  Президентінің 1995 жылғы 26 желтоқсандағы №2732 "Бухгалтерлік есеп туралы" заң күші бар Жарлығына сәйкес, 1998 жылдан бастап қаржылық есеп беруге мыналар жатады:                                                                                               

1) бухгалтерлік  баланс;                                                                                                               

2) қаржы-шаруашылық  қызметінің нәтижесі туралы есеп;                                                  

3) ақша  қаражаттарының қозғалысы туралы есеп.                                                                                                                                                                         

     Баланс - есепті жылдың басындағы  және соңындағы кәсіпорынның  қаржы-лық жағдайын сипаттайды және маңызды қызметтер атқарады. Біріншіден, ба-ланс меншік иелерін шаруашылық субъектісінің мүліктік жағдайымен таныс-тырады. Осы арқылы олар бұл субъекті нені иеленеді, материалдық құралдар-дың сандық және сапалық қорлары қандай, кәсіпорын жақын арада үшінші жақ алдындағы өз міндеттемелерін ақтай ала ма, соны білдіреді. Екіншіден, басшы-лар кәсіпорынның басқа ұқсас кәсіпорындар жүйесіндегі өз орны, таңдап алын-ған стратегиялық бағытының дұрыстығы туралы, ресурстарды пайдалану тиім-ділігінің салыстырмалы сипаты және кәсіпорынды басқару бойынша әр түрлі сұрақтарға шешімдер қабылдау туралы түсінік алады. Үшіншіден, баланстың мазмұны, оны ішкі қолданушылары сияқты сыртқы қолданушыларға да пайда-лануға мүмкіндік береді. Мысалы, аудиторлар жұмыс процесінде дұрыс шешім қабылдау үшін өз тексеріс жұмысын жоспарлауда, сондай-ақ клиенттің сыртқы есеп берудегі есеп жүйесінде мүмкін болатын, әдейі жасалынған және әдейі жасалынбаған қателіктер аумағындағы әлсіз жақтарын шығару үшін көмек ала-ды, ал талдаушылар қаржылық талдаудың бағытын анықтайды. [2]                                                                                                                                       

Айналым активтер