Айналым капиталының экономикалық мәні және қаржыландыру көздері
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
Экономикалық жауапкершілікте, барлық ресурстар түрін тиімді пайдалануды жақсартуда, кәсіпорын басшысы алдына қойған күрделі мәселелерді шешуге үлкен мақсат қоюы керек. Бүгінгі таңда, қоғамдық өндірістің даму бағыты - әлемдік нарықта инновацияға негізделген бәсекеге төтеп беретін өнім шығару. Соның нәтижесінде еліміздің экономикасы алдағы келе жатқан он жылдықта әлемдегі бәсекеге мейлінше қабілетті 30 елдің қатарына кіру жөнінде мақсат қойып отыр.
Мемлекетіміздің аталған экономикалық саясатын іске асыруда кәсіпорындардың атқаратын ролі өте зор, себебі олар қоғамдық өндірістің негізгі буыны болып табылады. Міне, сондықтан да бұл деңгейде қоғамға қажетті өнім өндіріліп, қызмет көрсетілуі тиіс.
Нарықтық экономика жағдайында экономикалық қызметтің барлық экономикадағы негізгі буыны - кәсіпкерлік. Сондықтан да, бұл деңгейде қоғамға қажетті өнім өндіріліп, қызмет көрсетілуі тиіс. Мұнда ресурстарды үнемдеп жұмсау, жоғары өнімді техника мен технологияларды қолдану мәселелері кең түрде шешіледі.
Егемендi ел болып, тәуелсiздiгiмiздi алып нарықтық экономикаға көшкелі бері ел экономикасы түбегейлi өзгерiстерге душар болды. Әсiресе, елiмiздiң экономикалық өмiрiндегi шаруашылық қатынастар жүйесiндегi терең әрi ауқымды өзгерiстер көрiнiп, еркiн бәсеке, бәсеке қабiлеттiлiк, еркiн сауда, жеке меншiк билiгi т.б. осы сияқты ұғымдар ене бастады. Ал, өз кезегiнде ұйымдық-құқықтық формалардың яғни, әртүрлi шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң жұмыс жасауы, қызмет көрсетуi, өнiм өндiруi - бәсеке және бәсеке қабiлеттiлiк ұйымдарын одан әрi өрбiте түстi.
Қаржының табысты іс-әрекет етуі және қоғамдық процестерге белсенді ықпал етуі көбінесе қаржы ресурстарының қозғалысын, шаруашылықты жүргізудің барлық деңгейлерінде ақша қорларын қалыптастырып, бөлуді алдын ала үлгілеуге байланысты болады. Мұндай процесс тәртіпті анықтайтын өзара үйлесілген тапсырмалардың, көрсеткіштердің кешенді жүйесін жасауды, ақша түсімдерін жұмылдырудың прогрессивті нысандарын қолдануды қажет етеді . Кәсіпорындарды айналым қаражаттарымен жеткілікті түрде қамтамасыз ету кәсіпкерлік қызмет айналысатын ке-келген ұйымның өзекті мәселесі, өйткені айналым капиталы меншік иесінің түпкілікті пайда алуының басты кепілі.Бұл тақырыптың өзектілігінің мәні де осында.
Бұл курстық жұмыстың мақсаты - кәсіпорындардың айналым құралдарын басқару тиімділігінің мәнін,айналым капиталын тиімді қолдану көрсеткіштерін ұдайы анықтап отырудың маңызын түсіндіру,оны есептеу жолдарын көрсету,айналым қаражаттарын пайдалану тиімділігін жоғарылату жолдарын анықтау болып табылады.
ТАРАУ 1 Айналым капиталының экономикалық мәні және қаржыландыру көздері
1.1 Айналым капиталының экономикалық мәні
Айналым капиталы- кәсіпорын капиталының өзінің ағымдағы активіне салынған бөлігі.Материялдық-мүліктік белгі бойынша айналым капиталының құрамына:еңбек заттары,кәсіпорын қоймасындағы даяр өнім,қайта сатуға арналган тауар,ақшалай қаражат және есептердегі қаражат енгізіледі.
Айналым қаражаты өзіне тән ерекшелелікпен жоғары жылдамдықпен айналады.Өндіріс процесінде айналым қаражатының атқаратын функционалдық рөлі негізгі капиталдың рөлінен өте ерекшеленеді.Айналым қаражаты өндіріс процесінің үздіксіздігін қамтамасыз етеді.
Айналым капиталының мүліктік элементтері әрбір өндірістік циклде тұтынылады.Ол өзінің табиғи нысанын толықтай жоғалтады сондықтан жасалған өнімнің құнына толықтай енгізіледі.Капиталдың ауыспалы айналымы:дайындау ,өндірістік және өткізу деген үш кезеңді қамтиды.
Кез келген бизнесті бастау үшін қолма-қол ақшаның біраз соммасы қажет,осы сома өндіріске арналған белгіленген ресурстың мөлшеріне айналды.
Айналым капиталы сату сатысында тауарлық нысанынан өндірістік нысанға өтеді.Өндіріс кезеңінде ресурс тауарға,жұмысқа немесе қызметке айналады.Осы сатының нәтижесінде айналым капиталы өндірістік нысаннан тауарлық нысанға өтеді.
Айналым капиталы сату сатысында тауарлық нысаннан ақшалай нысанға қайтадан өтеді.Ақщаның бастапқы соммасы (Д)және өнімді сатудан түскен түсімнің (Д`) мөлшері үйлеспейді.Бизнестің нәтижесі сәйкессіздіктің себебін түсіндіреді. (3-сурет)
1
Д-Т-...П...Т` - Д`
Айналым капиталының элементері шаруашылық операциялары үздіксіз ағынының бөлігі болып табылады.Сатып алу өндірістік запастың және кредиторлық берешектің ұлғаюына әкеп соқтырады.Өндіріс даяр өнімнің артуына жол ашады,сатып алу дебиторлық берешектің ,сондай-ақ кассадағы және есеп айырысу шотындағы ақшалай қаражатың ұлғаюына себеп болады. Осы операциялар циклі көп есе қайталанады және қорытындысында ақшалай түсім және ақшалай төлем түседі.
Ақшалай қаражаттың айналымы жасалатын уақыт кезеңі өндірістік-коммерциялық циклдің ұзақтығы деп аталады .
Аталмыш цикл шикізат пен материялға ақша төлеу және даяр өнім сатудан түсу арасындағы уақыттың бір бөлігінен құралады. Осы циклдің ұзақтығына жеткізушінің кәсіпорынды кредиттеу кезеңі,кәсіпорынның сатып алушыны кредиттеу кезеңі,шикізат пен материял запаста болатын кезең, дайын өнім шығару және оны қоймада сақтау кезеңі ықпал етеді.
Айналым капиталының
элементтері өндіріс саласынан
айналым аясына үздіксіз өтіп
,өндіріске қайтадан оралады. Айналым
капиталының бөлігі өндіріс саласында
,ал басқа бөлігі –айналыс
аясында үнемі болады. Сондықтан
кәсіпорынның айналым капиталының
құрамы мен мқлшері қндірістің
қажеттілігімег ғана емес, айналыс
қажеттілігімен де байланысты .
Шаруашылық
қызметтің сан алуан түрлерімен
айналысатын өндіріс саласы мен
айналыс саласы,тіпті бір саланың
жекелеген кәсіпорны айналым
капиалын әр түрлі қажет етеді. Аталмыш
қажттілік айналым қаражатының
мүліктік мазмұнына және айналымнығ
жылдамдығына,сонымен бре өндірістің
мөлшеріне ,өндіріс технологиясы
мен оны ұйымдастыруға, сондай-ақ
өнімді сату және шикізат пен
материял сатып алуға және
басқа да факторларға байланысты
болады.
Айналым капиталының айналым ұзақтығы көптеген сыртқы және ішкі факторларға байланысты болады. Сыртқы факторларға келесілерді жатқызуға болады:
• Кәсіпорынның салалық ерекшеліктері (мысалы, өнеркәсіп саласының кәсіпорындарындағы ағымды активтердің айналым жылдамдығы қызмет көрсету саласындағы кәсіпорындағы активтердің айналым жылдамдығынан төмен болады);
• Кәсіпорын қызметінің ерекшеліктері (өндірістік, жабдықтаушы, білім саласындағы кәсіпорындар);
• Кәсіпорынның өндірістік қабілеті;
• Тұтынушылар арасындағы қарым-қатынастар, кәсіпорынның өніміне деген сұраныстың болуы).
Айналым капиталын қолданудың тиімділігіне әсер ететін ішкі факторларға келесілер жатады:
• Шығындарды басқару жүйесі (өндіріске қажетті материалдардың тиімді мөлшерін анықтау);
• Кәсіпорынның баға саясаты;
•Тауарлық-материалдық құндылықтарды бағалаудың тиімді әдістерді (өндірістік, орташа салмақталған құн, ФиФО) қолдануды қажет ететін есеп саясаты.
Капиталдың айналымдылығының артуы материалдық құндылықтарды басқару жүйесінің тиімділігінің артқанын және кәсіпорынның өндірістік белсенділігінің өскенін сипаттайды. Активтердің айналымдылығының төмендеуі кәсіпорынның қолында шектен тыс материалдық құндылықтардың, дебиторлық қарыздың, ақша қаражаттарының шоғырланғанын білдіреді
Кәсіпорынның қызмет ерекшеліктеріне байланысты оның ағымды активтердің - құрамында материалдық құндылықтар мен дебиторлық қарыз және ақша қаражаттарынан тұрады. Өздерінің ереқшеліктеріне, айналу жылдамдығына, пайда болу заңдылықтарына байланысты ағымды активтердің бұл элементтерін жоспарлау, болжамдау және алдын-ала есёптеп анықтау өте қиын. Бұл активтерді басқару барысында өзге де әдістерді қолданады. Кәсіпорындар бұл тектес активтердің тиімділігін қолданыстағы қаржыландыру және есеп айырысу әдістерінің көмегімен арттыра алады.
Дебиторлық қарыз шоттарындағы қаражаттар ағымдағы активтердің айналымнан шығып қалған бөлігін қөрсетеді. Бұл өз кезегінде кәсіпорынды қосымша қаражаттарға мұқтаж етеді және оның қаржылық жағдайының қиындауына алып келеді.
Коммерциялық есеп айырысу принципі бойынша жұмыс істейтін кәсіпорындар дебиторлық қарыздың көлемінің барынша аз болғанын қалайды. Себебі бұл олардың жалпы айналым жылдамдығын арттырады, нәтижесінде жалпы ағымды активтердің тиімділігінің өсуіне алып келеді. Мәселен, сатылған тауарлар (көрсетілген қызметтер, атқарылған жұмыстар) бойынша дебиторлық қарыздардың төмендеуі келісім-шарттар бойынша міндеттемелердің, табыстар мен рентабельділік жоспарларының орындалу көрсеткішіне оң әсерін тигізеді. Басқа да шоттардағы айналым қаражаттарының азаюы олардың тиімді қолданылып жатқандығын білдіреді, өйткені олар өндірістік процестен шығып қалмай, тауарлық нысаннан ақшалық нысанға ауысады.
Аталған ағымдағы активтердің құрамдас бөліктердің қолдану тиімділігін арттыру жолдарына келесілерді жатқызуға болады:
• есеп айырысу жэне төлем тәртібін нығайту;
• өзге кәсіпорындармен, қаржы мекемелерімен, салық мекемелерімен тікелей шаруашылық және қаржылық қатынастарды дамыту;
• келісім шарттар дисциплинасын нығайту және сәйкесінше келісім шарттағы міндеттемелердің мезгілінде және толық орындалуын бақылау;
1.2 Айналым капиталының жіктелуі
Айналым капиталы жоспарлау, есептеу және талдау практикасында келесі белгілер бойынша топтастырылады:
1)Өндіріс процесіндегі
функционалдық рөліне
2)Бақылау,жоспарлау
және басқару практикасына
3)айналым капитал
қалыптасатын көзге байланысты-
4)Өтімділікке байланысты
–абсолютті өтімді қаражат, жылдам
сатылатын айналым қаражаты,
5)Капиталды салу тәуеклінің
дәрежесіне байланысты –салу
тәуекелі шамалы айналым
6)Материялдық-мүліктік
маңызына байланысты-еңбек
Айналым қаражатының өндіріс және айналыс процесінде болатын уақытты жеке есептеп талдау үшін айналым капиталы функционалдық белгі бойынша айналым қорына және айналым қорына және айналыс қорына бөлінеді.
Айналым қаражаты басқарылу дәрежесі бойынша нормаланатын және нормаланбайтын болып бөләнеді.Нормаланатын қаражатқа ,әдетте,барлық өндірістік айналым қоры,сондай-ақ айналыс қорының кәсіпорын қоймасындағы сатылмаған өнімнің қалдығы түріндегі бөлігі жатады.
Нормаланбайтын қаражатқа айналыс қорының қалған элементтері ,яғни тұтынушыларға жіберілген ,алайда әлі төленбеген өнім мен ақшалай қаражатының осы элементтерінің мөлшерлері өз бетімен әрі шексіз өзгеруі мүмкін және олар бақыланбайды деп түсінуге болмайды.Кәсіпорындар арасында есеп айрысудың қолданылатын тәртібінде мемлекет тарапынан төлеудің артуына қарсы қолданылатын экономикалық санкциялар жүйесі қарастырылған.
Нормаланатын айналым қаражаты кәсіпорынның қаржы жоспарында көрсетіледі, ал нормаланбайтын айналым қаражаты іс жүзінде жоспарланбайтын обьект болып табылады.
Айналым қаражатын меншікті және қарыз қаражатқа бөлу кәсіпорынға тұрақты немесе уақытша пайдалануға берілген айналым қаражатының шыққан тегі мен оның нысандарын көрсетеді.
Кәсіпорынның айналымдағы
Кесте 2.Кәсіпорын балансы бойынша айналым капиталының жіктелімі2
Айналым капиталының топтары |
Баланс активінің бөлімдері |
Ақша қаражаты және олардың эквиваленттері |
Кассадағы ақша қаражттары |
есеп айырысу шотындағы қаржаттары | |
Валюталық шоттардағы ақша қаражаттары | |
Басқа да ақша қаражаттары | |
Қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар |
Сатуға арналған бағалы қағаздар |
Өтеуге дейін ұсталатын борыштық бағалы қағаздар | |
Қысқа мерзімді дебиторлық берешек |
Тиелген тауарлар |
Тауарлар мен қызметтер үшін дебиторлар мен есеп айырысу | |
Еншілес кәсіпорындармен есеп айырысу | |
Алынған вексельдер бойынша дебиторлармен есеп айырысу | |
басқа да дебиторлармен есеп айырысу | |
Жабдықтаушылар мен мердігерлермен берілген аванстар | |
Материалды айналым капиталдары (қорлар) |
Өндірістік қорлар |
Өсіріліп жатқан жануарлар | |
Аяқталмаған өндіріс | |
Болашақ кезең шығындары | |
Дайын өнім | |
Тауарлар | |
Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер | |
Өзге де қысқа мерзімді активтер | |
Ағымдағы салықтық активтер | |
Ағымдағы салықтық активтер |
Қосылған құн салығы,корпорациялықтабыс салығы бойынша салық активтері |
Өзге де айналым қаражаттары |
Өзге де қысқа мерзімді активтер, болашақ кезең шығыстары |
4.Айналым капиталының жалпы сомасы |
Кәсіпорын балансында көрсету әдісі бойынша айналым капиталдары келесі топтарға бөлінеді:
Ақша қаражаттары ЕА.Ақша қаражаттары құрамына баланс активінің ІІІ бөлімінің келесі баптары кіреді: касса, есеп айырысу шоты, ваоюталық шот,басқа да ақша қаражаттары, қысқа мерзімд қаржылық салымдар.
Айналым капиалының жалпы сомасы – Е
Е=Е3+ЕДҚ+ЕА
Дебиторлық қарыз – ЕДҚ. Дебиторлық қарыз құрамына. тиелген тауарлар, дебиторлармен есеп айырысу (тауарлар, қызмет пен жұмыс үшін алынған вексельдер бойынша, еншілес кәсіпорындармен, бюджетттен басқа да операциялр бойынша ұжыммен, басқа да дебиторлармен), жабдықтаушылар мен мердігерлермен берілген аванстар, басқа да айналым активтері.
Запас түріндегі материалды ақша қаражаттары Е3. Бұл жерге баланс активінің І бөлімінің барлық баптары кіреді. Өндірістік қорлар, аяқталмаған өдіріс, болашақ кезең шығындары, дайын өнім, тауар, басқа да қорлар.
Өтімділік және қаржылық тәуекел бойынша айналым капиталының классификациясы кәсіпорынның айналымдағы құралдарының сапасын сипаттайды. Мұндағы классификациясының міндеті өткізу мүмкіндігі аз мөлшерде болатын ағымдағы активтерді көрсету. Кәсіпорынның айналым капиталдарын тиімді басқару тек қаржыландырудың қосымша көздерін табу мен тартды ғана емес, сонымен қатар оларды кәсіпорын активтеріне, әсіресе ағымдағы активтерге дұрыс орналастыруды қарастырады.
Ағымдағы активтердің өтімділігі айналым қаржаттарына салынған капиталының салымының тәуекел деңгейін анықтайтын басты фактор болып табылады. Ұзақ уақыт кезеңінде қандай да бір айналым қаражатының өткізілімінің жинақталған бағалары бұл активтерге салымның мүмкін тәуекелін анықтауға мүмкіндік береді.3
Кесте 3 Капитал салымының тәуекел деңгейі бойынша айналым капиталының жіктелімі4
Айналым капиталының топтары |
Баланс активінің бөлімдері |
1. Салымның минималды тәуекелімен айналым капиталдары |
1.1. Ақша қаражаттары - касса - есеп айырысу шоттары - валюталық шот - басқа да ақша қаражаттары |
1.2. қысқа мерзімді қаржылық салымдар | |
2. Салымның аз тәуекелімен айналым капиталдары |
2.1. Дебиторлық қарыз |
2.2. Өндірісті запастар | |
2.3. Дайын өнім мен тауарлар | |
3. Салымның орташа тәуеклімен айналым капиталдары |
|
3.2. Аяқталмаған өндіріс | |
3.3. Болашақ шығын кезеңдері | |
4. Салымың жоғары тәуекелімен айналым капиталдары |
4.1. Үмітсіз дебиторлық қарыз |
4.2. Жатып қалған өндірістік запастар | |
4.3. Жоғары нормативті аяқталмаған өн-діріс | |
4.4. Сұранысы жоқ дайын өнім мен Тауарлар |
Тарау 2 Айналым капиталының пайдалану тиімділігін талдау
2.1Айналым капиталын қаржыландыру
Айналым қаражатының
ауыспалы айналымы процесінде
олар қалыптастырылған көздер,
Айналым қаражатын қалыптастыру көзі жөніндегі мәселені екінші маңызды жағынан алып қарастырайық.Нарық жағдаяты үнемі өзгереді, сондықтан да тұрақсыз боладыІс жүзінде осы қажеттілікті тек меншік көздің есебінен өтеу мүмкін емес.Кәсіпорынның меншікті қаражаты есебінен жұмыс істеуі тартымды екені назарға алынбайды.Ал көп жағдайда тәжірибе меншікті қаражатты пайдаланғаннан гөрі қарыз қаражаты пайдалану тиімді екенін растайды.
Айналым қаражатын қалыптастыру көзінің құрылымы:
1)Меншікті көзді
2)Қарыз көзін
3)Қосымша тартылған көзді қамтиды;
Әдетте кәсіпорынның айналым қаражатына барынша аз қажеттілігі келесі меншікті көздің;пайданың,жарғылық капиталдың,резервтегі капитадың,жинақтау және мақсатты қаржыландыру қор есебіне жабылады. Алайда бірқатар обьективті себептерден кәсіпорынға уақытша қосымша болады.Бұл жағдайда шпруашылық қызметі қаржымен қамтамасыз ету үшін қарыз көзі:Банк және коммерциялық кредит,қарыз,инвестициялық салық кредиті,кәсіпорын қызметкерлерінің инвестициялық жарнасы,облигациялық қарыз тартылады
Кесте-4 Айналым қаражат көзінің құрамы мен құрылымы
| ||
меншікті |
Қарыз |
Қосымша тартылған |
1.Жарғылық капитал 2.Устеме капитал 3.Резервтік капитал 4.Бөлінбеген таза кіріс 5.жинақтау қоры 6.Мақсатты қаржыландыру, |
1.Банкінің ұзақ мерзімді кредиті 2.Ұзақ мерзімді қарыз 3.Банкінің қысқа мерзімді кредиті 4.Қысқа мерзімді қарыздар 5.Коммерциялық кредиті 6.Инвестициялық салық кредиті |
1.кредиторлық берешек; -жеткізушілер мен мердігерлер -еңбекакы толеу бойынша -сақтандыру бойынша -бюджетпен -өзге кредиторлармен 2.Тұтыну қоры 3.Алдағы шығыс пен төлемнің резерві 4.Күмәнді борыш бойынша резерв |
Жарғылық капитал-кез келген ұйыдастыру-құқықтық формасындағы өндірістік-шаруашылық әрекеттерімен айналысатын субьектінің негізі болып саналады.Жарғылық капитал ұйымның меншігіне ие болып және басқаруға заңды мүмкіндік беріп қана қоймайды,сонымен қатар оның өндіріс-шаруашылық қызметінің қаржылық негізі болып табылады.Жарғылық капиталдың сомасы ұйым тіркелген кезде,мекеменің жпарғысымен бекітіледі.
Жарғылық капиталдың көбеюі немесе азаюы жаңа қатысушылардың қосылуы және олардың шығуына байланысты.Ондай жағдайда жарғылық капиталды міндетті түрде қайта тіркеуден өткізу қажет.
Жарғылық капиталдың мөлшері ,акцияның бағасы, жай және артықшылығы бар акциялардын ара қатынасы акционерлер жиналысынасының шешімі бойынша анықталады.Одан кейін жарғылық капиталдың кез келген өзгерісі акционерлердің жалпы жиналысында бекітіліп,әділет органдарында және басқа да тиісті мемлекеттік органдарда тіркеуден өтеді.
Жарғылық капиталды құқықтық тұрңыдан реттеу,оның негізгі функциясына байланыстыжәне ол басты үш категорияға бөлінеді:
1)Жарғылық капиталға салынған
жарналар кәсіпорынды құрып,
2)Кепілдік сипатына
3)Ұйымдағы әрбір акционердің немесе қатысушының (үлесін) аныктап,бекіту.
Резервтік капитал-Ұйымдар алдағы кезеңде түрлі себептермен қаржылық тапшылығы туындаған кезде пайдалану үшін резер жасайды.Шаруашылық қажеттілікеріне байланысты жасалатын резервтер мен жарғылық капиталды көбейту немесе пайда мөлшері жеткіліксіз болған жағдай да пайдаланатын резервтердің айырмашылығын білу керек. Резервті ұйым есепті жыл аяқталғаннан кейін,бөлінбеген пайданың есебінен жасайды.Резервті жасау жіне қолдану тәртібі акционерлік қоғамның есеп саясаты мен құрылтай құжаттарында қаралуға тиіс.
Қарыз айналым қаражыты банк және банк емес кредиторлық берешек және өзге де көз нысанында қалыптастырылады. Ол кәсіпорынға уақытша пайдалануға беріледі. Қарыз айналым қаражатының бір бөлігі ақылы,екінші бөлігі тегін болады.Кәсіпрынның қарыз айнылы қаражатына қажеттілігіде жоспарланады және бизнес жоспарда көрсетіледі.
Түрлі мемлекеттерде меншікті және қарыз капитал арасындағы әр түрлі арақатынас пайдаланылады.Ресейде 50/50,АКШ-та 60/40, ал Жапонияда-30/70 арақатынас қолданылады.
Капиталдың ауыспалы
айналым процесінде айналым
Айналым қаажатын ұтымды қалыптастыру және пайдалану өндіріс барысына,кәсіпорын қаржысының нәтижелері мен оның қаржысының жай-күйін жан-жакты әсер етеді,онымен бірге осы жағдайда ең аз мөлшердегі айналым капиталының мөлшерімен табысқа жетуге мүмкіндік береді.5
Банк кредиті
инвестициялық кредит немесе қысқа мерзімді
несие нысанында беріледі.Банк кредиті
негізгі және ағымдағы активті сатып алуен
байланысты шығынды қаржыландыру,сондай-ақ
кәсіпорынның маусым кезіндегі қажеттілігін,тауарлық-
Қысқа мерзімді несиені-үкіметтік мекеме, қаржы компаниясы, коммерциялық банк, факторингтік компания беруі мүмкін.
Инвестициялық кредитті-үкіметтік мекеме, сақтантыру компаниясы, коммерциялық банк, андеррайтер, жеке инвестор беруі мүмкін.
Айналым қаражатын
қаржыландыру көзіне банк
Инвестициялық салық кредиті кәсіпорынға мемлекеттік билік органы кәсіпорынның салық төлемінің уақытын уақытша ұзарту түрінде береді.Кәсіпорын инвестициялық салық кредитін алу үшін өзі тіркелген жердегі салық органымен кредит келісімін жасасады.
Қызметкердің инвестициялық жарнасы - қызметкердің экономикалық субьектінің дамуына белгіленген пайызбен салатын ақшалай жарнасы.Тараптың мүддесі шартпен немесе инвестициялық салым туралы ережемен ресімделеді.
Кәсіпорынның айналым қаражатына
қажеттілігі айналысқа борыштық бағалы
қағаз немесе облигация шығару есебінен
де жабылуы мүмкін.Облигация ұстаушы мен
құжатты айналысқа шығрушы тұлғаның арасындағы
қатынастарды растайды.Қарыз мерзімі
бойынша облигация қысқа мерзімдіге (1-3
жыл) ,орташа мерзімдіге(3-7жыл),ұзақ мерзімдіге(7-30жыл)жіктеледі.
Облигация мерзімді,қайтарымды,сондай-ақ белгіленген,құрылмалы немесе біркелкі ұлғаятын купондық ставкасы бар ақылы,сондай-ақ нөлдік купонды болады. Пайызсыз облигация бойынша кіріс құнды қағазды өтеу бағасы бойынша өтегенде бір рет төленеді.6
2.2 Корпорациялық айналым капиталына қажеттілігін анықтау
Айналым қаражатын қалыптастыру және пайдалану механизмі өндірістік және қаржы жоспарыниорындауға жан-жақты ықпал етеді.
Айналым қаражаты өндіріс көлемін және өнімді сатуды кеңейтуді жаңа өткізу нарықтарын яғни кәсіпорын капиталы айналатын саланы басып алуды жоспарлы түрде жіне барынша ұтымды сондай-ақ үнемді басқаша айтқанда,айналым қаражатының ең аз мөлшерімен қамтамасыз етуі тиіс.
Айналым қаражатын тиімді пайдалануды жоспарлау және ұйымдастыру үшін жауапты менеджерлердің ең негізгі міндеті болып табылады.
Айналым қаражаты оның екі саласындағы ауыспалы айналымға :өндіріс саласы мен айналыс аясына қатысады.Сондықтан айналым қаражаты өндірістік айналым қоры мен айналыс аясындағы қорға бөлінеді.
Айналым қаражаты өндіріс процесінің үздіксіздігін қамтамасыз етуі тиіс.Сондықтан кәсіпорынның айналым қаражатына қажеттілігінің құрамы мен көлемі өндіріс қажеттілігі не ғана емес ,айналыс қажеттілігіне де орай анықталады.
Кәсіпорынның айналым қаражатына қажеттілігі мына факторларға байланысты;
- өндіріс пен сату мөлшеріне;
- бизнестің түріне
- қызмет ауқымына
- өндірістік кезеңнің ұзақтығына;
- кәсіпорын капиталының құрылымына;
- кәсіпорынның есептік саясатына және есеп айрысу жұйесіне;
- кәсіпорынның шаруашылық қызметін крелиттеу шарттары мен практикасына;
- материялдық-техникалық жабдықтау деңгейіне;
- тұтынылатын шикізаттың түрі мен құрылымына;
- өндірістік және кәсіпорын өнімнің сату мөлшерінің өсу қарқынына;
- менеджерлер мен бухгалтерлердің және шеберлігіне;
Кәсіпорынның айналым қаражатына қажеттілігін дәл еептеуді айналым қаражатының жоғарыда атап өтңлген факторларға байланысты өндіріс саласында және айналыс аяында болатын уақытын есептеуден бастау қажет.
Айналым қаражатының өндірісте болатын уақыты-өндірістің айналым қаражаты тікелей жұмыс істеу процесінде болатын уақытты,өндіріс процесінде жұмыс күшінің шығынын қажет етпейтін үзіліс уақытын,өндірістің айналым қаражаты запаста болатын уақытты қамтиды.
Айналым қаражаты
айналыс аясында болатын уақыт- айналым
қаражатының сатылмаған өнім
қалдығы,кәсіпорын кассасындағы,банкідегі
және шаруашылық жүргізуші субьектілерімен
есеп айрысуда шоттардағы ақшалай қаражат
түрінде болатын уақытты қамтиды.
Айналым қаражаты айналымның жалпы уақыты-өндіріс саласында және айналыс аясында болатын уақыттан құралады.Ол айналым қаражатын тиімді пайдалануға,кәсіпорын қаржысының жай-күйіне ықпал ететін аса маңызды сипаттама болып табылады.
Айналым қаражаты айналымның жылдамдығы айналым қаражатын өндірісте пйдалану деңгейін сипаттайды.Айналым жылдамдығы неғұрлым жоғары болса,кәсіпорыға айналым қаражаты аз қажет болады.Бұған өнім сату процесін жеделдету арқылы да,сондай-ақ өндіріс шығынын кеміту және өнімнің өзіндік құнын томендету арқылыда қол жеткізуге болады.

- Айналым куралдар
- Айналым қаражаттарының кәсіпорындағы құрамы мен құрлымын оптимизациялау
- Айналым қаражаттарының кәсіпорындағы құрамы мен құрлымын оптимизациялау
- Айналым қаражаты
- Айналым қорлары
- Айналымнан тыс активтер
- Айналымнан тыс активтер
- Аймақтың әлеуметтік экономикалық ерекшкліктері
- Айналым активтер
- Айналым активтері
- АЙналым активтері мен түрлері
- Айналым капиталдары
- Айналым капиталы
- Айналым капиталы курсты