Айналым қорлары
МАЗМҰНЫ
Кіріспе……………………………………………………………
I.Кәсіпорынның айналым қорларының теориялық негіздері
1.1 Айналыи қорларының түсінігі мен мәні………………..…………………..4
1.2 Айналым қорларының құрылымы……………………………...…………...9
1.3 Ауыспалы айналым қаражаты…………………………………..………….13
II.Кәсіпорында айналым құралдырының пайдалануы
2.1 Кәсіпорында айналым қорларының экономикалық жағдайы……………18
2.2 Кәсіпорынның экономикалық қорлары.....................……
2.3 Кәсіпорында айналым қорларын бағалау………………………………….21
III. «Caspian Beveriage Holding»АҚ айналым
қорларын жетілдіру Жолдары мен мәселелері…………................
Қорытынды……………….........………………
Пайдаланған әдебиеттер тізімі........................
КІРІСПЕ
Курстық жұмыс тақырыбы:Касіпорын айналым құралдары
Нарықтық экономика жағдайында экономикалық қызметтің барлық экономикадағы негізгі буыны - кәсіпорын. Сондықтан да, бұл деңгейде қоғамға қажетті өнім өндіріліп, қызмет көрсетілуі тиіс. Мұнда ресурстарды үнемдеп жұмсау, жоғары өнімді техника мен технологияларды қолдану мәселелері кең түрде шешіледі.
Кез келген кәсіпорынның қаржылық жағдайы, төлем және несие қабілеттілігі оның қажетті айналым капиталымен қамтамасыз етілуімен байланысты.
Айналым активтері кәсіпорынның өндірістік процесіне тікелей қатысып, өндірілген өнімнің өзіндік құнын анықтайтын маңызды элемент болып табылады. Қаржы менеджерлері үшін айналым капиталының кұрамы мен құрылымы, олардың көлемі, активтерді қолданудың тиімділігі негізгі талдау және жоспарлау объектісі болып табылады. Айналым капиталын тиісінше қажетті қаржы көздерімен қамтамасыз ете білу де маңызды болып табылады, түптеп келгенде айналым капиталын қаржыландыруды ұйымдастыру деңгейі олардың тиімді қолданылуының маңызды факторы болып табылады.
Курстық жұмыстың міндеті –Кәсіпорын айналым қорларының жағдайын талдау.Кәсіпорындардың іс-әрекеттерін қамтамасыз етудегі міндетті шарт-қолда бар айналым капиталының болуы. Айналым капиталының мәні - ұдайы өндірістік процестердің қажеттілігін қамтамасыз етудегі экономикалық ролімен анықталады. Айналым капиталын тиімді пайдалану көпшілігінде олардың қажеттілігін анықтау болып табылады.
Түрлі салаларда айналым капиталының үлес салмағы кәсіпорындардың өндіріс қорларының құрамында әр түрлі. Мысалы, ауыр өндіріс кәсіпорындарында жеңіл өндіріс кәсіпорындарына қарағанда ол төмен. Кәсіпорында айналым капиталын ұйымдастыру мыналардан тұрады: айналым капиталының қажеттілігін анықтау, олардың құрамы, құрылымын
қалыптастыру көздерін табу және оларды реттеу, айналым капиталын басқару және т.б.
Зерттеу обьектісі - «Caspian Beveriage Holding»АҚ - ның айналым капиталын басқару саясатының негізгі мақсаты ағымдағы активтердің көлемі мен құрылымын, оларды жабу көздерін және кәсіпорынның ұзақ мерзімді өндірістік және тиімді қаржы қызметін қамтамасыз ететін олардың арасындағы қатынасты анықтау. Бұл факторлардың және нәтижелік көрсеткіштердің байланысы анық. Несигерлер алдындағы міндеттемелерді орыдамау экономикалық байланыстарды үзуге және оның салдарына алып келуі мүмкін.
I. Кәсіпорынның айналым қорларының теориялық негіздерi
1.1Айналыи қорларының түсінігі мен мәні
Айналым қаражаттары кәсіпорын мүлкінің бірден бір құрылымдық бөлігі болып табылады. Оларды қолданудың жағдайы мен тиімділігі – кәсіпорынның табысты қызмет істеуінің басты шарты. Нарық қатынастарының дамуы оларды ұйымдастырудың жаңа алғышарттарын анықтайды. Жоғары деңгейдегі инфляция, төлемқабілетсіздік және тағы басқа дағдарыстық көріністер кәсіпорындарды айналым қаражаттарын басқару саясатын өзгертуге, оларды толықтырудың жаңа көздерін іздестіруге, оларды тиімді қолдану мәселесіне жаңа көзқараспен қарауға мәжбүр етеді.
Өндірісті тоқтатпаудың бірден бір шарты – оның материалдық негізін, яғни өндіріс құралдарын үнемі жаңартып отыру. Өз кезегінде, бұл өндіріс құралдардың айналым ретіндегі үздіксіз қозғалуына жағдай жасайды.
Өзінің айналысында
айналым қорлары кезектесе
Өндіріс қорларының материалдық негіздері өндіріс құралдары болып табылады, ал бұлар еңбек заттары мен еңбек құралдарына бөлінеді. Дайын өнім ақша құралдары және есертегі құралдармен бірге айналыс қорларын түзеді.
Кәсіпорын қорларының айналысы шикізат, материалдар, жанар-жағар май, отын және тағы басқа өндіріс құралдарын аванстық құнымен ақшалай нысанда сатып алудан басталады – бұл айналыстың бірінші сатысы. Нәтижесінде ақша құралдары өндірістік құралдар нысанына өзгеріп, айналыс аясынан өндіріс аясына ауысуды сипаттайды. Мұнда құн шығындалмай, тек авансталады, себебі айналс біткеннен кейін ол қайтарылады. Бірінші сатыда тауар ауысу аяқталады, бірақ айналыс аяқталмайды.
Айналыстың екінші сатысы өндіріс процесінде жүргізіледі, мұнда жұмыс күші жаңадан құрылған және әкелінген құны бар жаңа өнім жасап, өндіріс құралдарының өндірістік тұтынуын жүзеге асырады. Аванстық құн қайтадан өзінің нысанын ауыстырады - өндірістік нысаннан ол тауарлыға ауысады.
Айналыстың үшінші сатысы шығарылған дайын өнімді сатып, ақша құралдарын алудан тұрады. Бұл сатыда айналым қаражаттары қайтадан өндіріс аясынан айналыс аясына ауысады. Тоқтатылған тауарлы айналыс жалғастырылып, құн тауарлы нысаннан ақшалай нысанға көшеді. Өнімді шығаруға, сатуға кеткен және шығарылған өнімді сатудан түскен ақша қаражаттары сомасы арасындағы айырма кәсіпорыннң ақшалай қорларын түзеді.
Бір айналысты бітіргеннен кейін айналым қаражаттары жаңа айналысқа түсіп, үздіксіз айналысты құрайды. Тек осы айналым қаражаттарының үздіксіз қозғалысы өндіріс және айналыс процесінің негізін құрайды. Кәсіпорын қорлары айналысының талдауы аванстық құнның кезектесе әртүрлі нысанға ауысып отыруын ғана емес, бірақ әр уақытта белгілі мөлшерде бұл нысандарда болып отыруын көрсетеді. Басқа сөзбен айтқанда, аванстық құн айналыстың әрбір мезетінде әр түрлі жақтармен біруақытта ақшалай да, өндірістік те, тауарлы нысанда да болып отырады.
Кәсіпорын қорларының айналысы тек белгілі бір аванстық құнның ақшалай нысанда болу шартымен ғана жүзеге асырылады. Айналысқа түскенде, ол енді оны жоғалтпайды, тек қана өзінің қызметтік нысандарын ғана өзгертіп отырыды. Көрсетілген ақшалай нысандағы құн кәсіпорынның айналым қарыжаты болып табылады.
Айналым қаражаттары ең алдымен құндық категория ретінде болады. Олар материалдық негіз болып табылады, себебі олардан дайын өнім алуға болмайды. Ақшалай нысанда айналым қаражаттары айналыс процесінде өндірістік қорлар, аяқталмаған ондіріс, дайын өнім нысанына ауысады. Тауарлы-материалдық құндылықтарға қарағанда айналым құралдары шығындалмайды, шығарылмайды, тұтынылмайды тек қана айналыс аяқталғаннан кейін қайтарылып, келесі айналысқа түскенде авансталады.
Авансталу мезеті айналым қаражаттарының ең маңызды және ерекшелікті мінездемесі болып табылады, себебі ол экономикалық шектеулерді орнатқанда маңызды рөл атқарады. Айналым қаражаттарының уақытша сипаттамасы болып қорларды тоқсандық немесе жылдық көлемі емес, ал бір айналысы ғана табылуы қажет.
Кәсіпорынның іс-әрекеттерін қамтамасыз етудегі міндетті шарт - қолда бар айналым қаражаттарының болуы. Айналым капиталы - бұл өндірістік айналым қорларын құру, пайдалану жэне үздіксіз өндірістік процестер мен өнімді өткізуді қамтамасыз ету үшін авансылаудың ақшалай қаражаттарының жиынтығы. Айналым капиталының мәні - ұдайы өндірістік процестердің қажеттілігін қамтамасыз етудегі экономикалық рөлімен анықталады. Айналым капиталы өндірістік процеске бірнеше рет қатысатын негізгі қорларға қарағандағы айырмашылығы, ол тек бір ғана өндірістік кезеңде қызмет етеді және өндірістік тұтыну тәсіліне тәуелсіз өзінің құнын тікелей дайын өнімге апарады.
Айналым капиталы - бұл кәсіпорындардың, бірлестіктердің, ұйымдардың өндірістік қорларының бір өндірістік айналымда түгел тұтынылып жэне өзінің құнын дайындалатын өнімге толық көшіретін бөлігі. Әдетте, өзінің табиғи нысанын сақтамайды және аяқталғаннан кейін ақшалай нысанда қайтарылады.
Айналым капиталының құрылымы деп барлық жиынтығындағы олардың бөлек элементтерінің арақатынасын айтады. Кәсіпорындардағы айналым капиталының құрылымына талдау жасау және оны жетік білу маңызды мәселелерінің бірі болып саналады. Себебі, белгілі бір шамада қаржы жағдайы кәсіпорын қызметінің не ол, не бұл мезетін сипаттайды.
Кәсіпорында айналым капиталының құрылымы тұрақсыз және көптеген себептердің ықпалымен өзгеріп отырады. Әрбір нақты кәсіпорында айналым қаражатының шамасы, олардың құрамы мен құрылымы, өндірістік сипаты мен күрделілігіне, өндіріс кезеңінің ұзақтығына, оларды жеткізу жағдайына және т.б. байланысты болады.
Айналым капиталы 2 бөлімнен тұрады: өндірістік айналым қорлары;
айналыс қорлары;
Кесте-1 Айналым капиталы
Айналым қорлары |
Айналыс қорлары | |||||
Өндіріс- тік запастар |
Аяқтал- маған өндіріс |
Болашақ кезең шығын- Дары |
Қоймадағы дайын өнімдер |
Жөнелтіл- ген, бірақ ақысы төлен- беген тауарлар |
Есептеу- лердегі ақша құрал- дары |
Ақша ж/е т.б қаражат айналымы |
Нормаланған |
Нормаланбаған | |||||
Өндірістік айналым қорлары - өндірістік процессе бір рет қолданылады және өзіндік құнын толығымен өндірілетін өнімге аударады. Өндірістік айналым қорлары өнеркәсіптегі айналым қорларының ең негізгі бөлігі болып табылады. Олар барлық айналым қорларының өнеркәсіпте 70%, машина өндіру мен металл өңдеуде 80% аса бөлігін құрайды.
Өндірістік айналым қорларына шикізат негізгі және қосымша материалдар, комплекстік бұйымдар, өндірісте аяқталмаған өнім, отын, тара және басқа еңбек құралдары.
Өндірістік айналым қорлары мынадай топтарға бөлінеді:
Өндірістік запастар. Оларға - шикізат, негізгі материалдардың, отынның, қосалқы бөлшектердің қалдығы, бағасы 100 теңгеден кем құнсызданғыш және тозғыш заттар, арнайы құрал-саймандар жатады.
Аяқталмаған өндіріс. Оның ішінде өз ішінде шығарылған жартылай дайын өнімдер.
Болашақ кезеңдердіц шығындары - жаңа өнімдерді әзірлеуге және игеруге еткен шығындар.
Айналыс қорлары - запастағы дайын өнімдер, әлі бағасы төленбеген, бірақ жөнелтілген тауарлар, есептеу құралдары және кассадағы ақша қорлары.
Сонымен, айналым қорлары - бұл өндірістік айналым қорлары мен айналыс қорларын құруға арналған, қәсіпорынның ақша қорлары.
Кәсіпорынның айналым капиталы құрылымын білу өте маңызды, өйткені ол белгілі бір мөлшерде, сол уақыттағы немесе басқа уақыттағы кәсіпорын жұмысының қаржылық жағдайын көрсетеді. Мысалы, дебиторлық қарыздың шектен тыс өсуі, қоймадағы дайын өнімнің, аяқталмаған өндірістің өсуі кәсіпорынның қаржылық жағдайынын, төмендеуін көрсетеді. Дебиторлық қарыз айналымнан құралдарды алып, оны өз айналымында қарыз дебиторлар қолданады. Аяқталмаған өндіріс көлемінің, қоймадағы дайын өнім көлемінің ұлғаюы айналымнан құралдардың алынғанын, сату көлемінің төмендегенін көрсетеді.
Кәсіпорынның айналым капиталының құрылымы әр түрлі себептерге байланысты үнемі өзгеріп отырады.
Мысал: Кен өндіру өнекәсібінің айналым капиталының құрылымы
Кесте 2 Айналым капиталының элементтері
№ |
Айналым капиталының элементтері |
Олардың үлестері % |
1 |
Өндірістік запастар |
57 |
2 |
Аяқталмаған өндіріс
және өзіндік өндірістегі |
17 |
3 |
Болашақ кезеңдер шығындары Айналым қорлары (п. 1+п. 2+п. 3) |
8 |
4 |
Қоймадағы дайын өнімдер |
82 |
5 |
Жөнелтілген, бірақ ақысы төленбеген тауарлар |
7 |
6 |
Есептеулердегі ақша құралдары |
4 |
7 |
Банк мекемелеріндегі шот есептеріндегі және кассалардағы ақша қорлары Айналыс қорлары (п. 4+п. 5+п. 6+п. 7) Айналым капиталы |
2
18
100 |
* Мейірбеков А.Қ. Кәсіпорын экономикасы.-Алматы.2009
Әр түрлі саладағы кәсіпорындардың айналым капиталы құрылымы манадай жәйттерді бірдей қажет етпейді:
Кәсіпорын спецификасы. Өндірістік циклы ұзақ кәсіпорындарда аяқталмаған өндірістің көлемі айтарлықтай жоғары болуы мүмкін; тау-кен өнеркәсібінде болашақ кезең шығындары. Өндіріс процесі тез кәсіпорындардың қоймадағы тауарлар запасының үлес салмағы жоғары болады;
Ғылыми-техникалық прогрессті жеделдету. Бұл фактор айналым құралдарының құрылымына барлық элементтері бойынша әсер етеді. Егер, кәсіпорынға отынды аз жұмсайтын қондырғы қондырса, қалдықсыз жұмыс жасайтын болса, онда айналым құралдары құрылымында өндірістік запастар көлемі күрт азаяды;
Айналым капиталы құрылымына басқада факторлар әсер етеді. Бірақ факторлар ұзақ уақытты және қысқа уақытты болатындығын білген маржан.
Айналым қорларының құрамы мен құрылымын 4 белгісі бойынша анықтайды:
Айналым сферасы;
Элементтері;
Норма ауытқуы;
Қаржыландыру көздері;
Айналым сферасына байланысты айналым қорлары өндірістік айналым қорлары (өндіріс сферасы), айналыс қорлары (айналыс сферасы) болып бөлінеді. Айналым қорлары айналыс сферасында да, өндірістік сферасында да бір мезгілде, айналымның үш стадиясынан өте, қызмет етеді: жабдықтау, өндіру, өткізу.
Кәсіпорын жұмысында айналым капиталы үш сатыдан өтеді:
1. Ақша сатысы. Мұнда ақша өндірістік запастарға айналады. Яғни, кәсіпорын өз ақшасына шикізат немесе материалдар сатып алады. Жабдықтаушылардың счеттарын төлейді және жабады.
2. Өндірістік сатысы. Өндірістік запастар бірінші аяқталмаған өндіріске айналады, одан кейін дайын өнімге айналады.
3. Тауарлық сатысы. Дайын өнім сатылады, нәтижесінде айналым қорлары өндіріс саласынан айналыс аясына, қайтадан ақшалай нысанына келеді. Бұл қаржылар жаңадан еңбек кұралдарын алуға жұмсалып, жаңа ауыспалы айналымға шығады.
Айналым қорларының әр бөлігі әр түрлі мағынаға ие және өндірістік шаруашылық қызметінде әр түрлі қолданысқа ие, сондықтан олар мынадай элементтерге сыныпталады:
Өндірістік запастар
(шикізат, негізгі материалдар, сатып
алынған жартылайфабрикаттар,
Аяқталмаған өндіріс және жеке өндіріс жартылайфабрикаттары.
Болашақ кезеңдер шығындары.
Айналым қорлары (п. 1+п.2+п.З).
Қоймадағы дайын өнімдер.
Жөнелтілген, бірақ ақысы төленбеген тауарлар.
Есептеулердегі ақша құралдары.
Банк мекемелеріндегі шот есептеріндегі және кассалардағы ақша қорлары.
Айналыс қорлары (п.4+п.5+п.6+п.7).
Әуелі кәсіпорын құрылғанда айналым қаражаттары жарғылық қордың бір бөлігі ретінде қалыптасады. Олар тауарлық өнімдерді өндіруге байланысты өндірістік қосалқы қорларды сатып алу үшін жұмсалады. Дайын өнім қоймаға түседі, содан соң тұтынушыларға жіберіледі. Оның төлеуге дейінгі мезетінде өндіруші ақша қаражаты мұқтажынан жоқшылық көреді. Мұқтаждың бүл деңгейі салынған қаражаттың көлеміне байланысты, ол жыл ішінде түрлі себептермен тұрақсызданады. Сондықтан да кәсіпорын айналым қаражатын қалыптастыруда басқа да қиындық көздеріне ұшырайды-орнықты орнықты пассивтер, несиегерлік берешек, банк несиесі және басқа да несиегерлер. Өндірістік бағдарламаның өсу мүмкіндігіне байланысты айналым қаржыларына мұқтаждық артады, осыған орай, қаражатының өсуіне тиісті қаржыландыруды қажет етеді. Бұл жағдайда оларды толықтыру көзі кәсіпорынның таза пайдасы болып саналады. Айналым қаражаты ретінде кәсіпорын орнықты пассивтерді пайдаланады. Олар жеке көздеріне теңестіріледі, себебі кәсіпорынның айналымында түпкілікті болып, оның іс-әрекетін қаржыландыру үшін қолданылады. Орнықты пассивтер:
- Айналым қорларының құрылымы
Нарықтық экономикаға көшу еліміздің қаржы жүйесіне елеулі өзгерістерді әкелгені анық. Елде меншіктің түрлі нысанында қызмет атқаратын шаруашылық субъектілері пайда бола бастады. Жылдар өткен сайын олардың қызметіне деген қызығушылық тек олардың басшылары мен инвесторларда ғана емес, жалпы мемлекетте де туындады. Себебі мемлекеттің қаржы жүйесінің елеулі элементі болып кәсіпорын қаржысы табылады. Кәсіпорын деңгейіндегі қаржыларды тиімді басқаруға кез келген субъект тырысады.
Кәсіпорынның өзінің қызметін ұдайы, әрі тиімді жүзеге асуына белгілі бір орта қажет. Ал оған кәсіпорынның айналымнан тыс капиталымен қамтамасыз етілуін жатқызуға болады. Себебі капитал кез келген шаруашылық субъектінің қаржылық қызметін басқарудың маңызды объектісі болып табылады.
Айналымнан тыс немесе қаржылық емес активтерге көңіл көп бөлінеді. Себебі олардың есебінен кәсіпорын қызметінің ұдайы жүруә қамтамасыз етіледі.
Кәсіпорынның айналымнан тыс активтеріне негізгі қорлар мен материалды емес активтер жатады.
Кез келген шаруашылық субъектінің
қаржылық қызметін басқарудың маңызды
объектісі болып капитал
Кәсіпорынды құру кезеңінде бастап капиталдың негізгі көзі болып алғашқы меншікті капитал табылады. Ал ол өз кезегінше кәсіпорынның жарғылық қорын қалыптастырады , яғни құрылтайшылардың кәсіпорын мүлкіне құрылтайшы құжаттарымен анықталатын мөлшердегі салымдарының жиынтық құныдық көрінісін қалыптастырады.
Акционерлік қоғамдарда
жарғылық капитал болып бүкіл
шығарылған акциялардың номиналдық
құны табылады, ал мемлекеттік кәсіпорындарда
-кәсіпорын иелігіндегі
Әдетте, қызмет ету (функциялау) процесінде кәсіпорынның капиталы өседі, ал оның кеңеюінің көздері болып меншікті және оларға теңестірілген қаражаттар (жинақталған капитал да қосылады), тартылған және қарызға алынған қаражаттар шығады (1-сурет).
1-сурет. Кәсіпорынның капиталының көздерінің құрылымы.
Кәсіпорынның капиталын классификациялаудың (жіктеудің) критерийлері түрлі болуы мүмкін. Осындай критерийлерің бірі болып капиталды негізгі және айнымалыға бөлу табылады. Бұл курстық жұмыста оның бір ғана элементі қарастырылады –негізгі капитал (оны іске қосуға инвестицияларды қоса).
Кәсіпорынның негізгі капиталы ұзақ мерзімді активтерге пайда табу мақсатында оларды ұзақ мерзім бойы қолдану мақсатымен жұмсалған ақша қаражаттарын білдіреді. Негізгі капиталдың экономикалық мазмұны оның келесі қасиеттері арқылы айқындалады:
Салымдар ұзақ мерзімді сипатқа ие, яғни негізгі капиталды пайдалану уақыты бір жылдан кем емес;
Қаражаттар активтердің үнемі мобильсіз, төменгі ликвидті бөлігіне салынады да, шаруашылық айналымнан алынып тасталынады;
Қаражаттар пайда алу мақсатында салынады, өйткені тек осы жағдайда аұщалар капитал болып қайтарылады.
Негізгі капиталға негізгі қорлар, материалды емес активтер және басқа да айналымнан тыс активтер жатады.
Негізгі қорлар кәсіпорын активінің элементі болып өзінің экономикалық мазмұны бойынша шаруашылық қызметте көп рет қолданылатын, өздерінің бастапқы натуралды-заттық нысанын жоғалтпайтын, ұзақ мерзім бойы қызмет ететін және өздерінің құнын дайын өнімге амотизациялық аударымдар түрінде бөліктеп ауыстыратын еңбек қаражаттары ретінде көрініс табады.
Мақсаттық мағынасы, өндірістік процестегі ролі мен атқаратын қызметтеріне байланысты негізгі қорлар белгілі бір топтар бойынша жіктеледі (кесте -3).
Кесте-3. Негізгі қорлардың бөлек қасиеттері бойынша жіктелуі.
Жіктелу қасиеттері |
Негізгі қорлардың топтары |
1 |
2 |
|
Меншік құқығы негізіндегі иеліктегі (жалға берілгендерін қоса) Оперативті басқару немесе шаруашылық жүргізуде қолданыстағы 1.2. Жалға алынғандар |
|
2.1. Орнатылған 2.2. Орнатылмаған |
|
3.1. қолданыстағы 3.2. қолданылмайтындар |
|
4.1. Өндірістік 4.2. Өндірістік емес |
|
5.1. Активті 5.2. Пассивті |
* Шеремет А.Д., Сайфулин Р.С. Методика финансового анализа. - М., 2006
Оларға мыналар жатады: патенттер, лицензиялар, тауарлық белгілер және тауарлық белгілер, өндірістік ақпараттарды қолдану бойынша басқа да құқықтар, жер және табиғи ресурстарды қолдану құқығы, ЭЕМ-ге арналған программалық өнімдер, интеллектуалдық меншікке құқықтар (ноу-хау) және басқалар.
Негізгі қорлар –бұл еңбек
қаражаттарына жататын
Бизнес жүйе ретінде бұрын салынған капиталдар , соның ішінде негізгі қаражаттарға, нәтижесінде қызмет етеді және дамиды.
Капитал салымдарының пропорциялары жөнінде дұрыс шешімдерді қабылдау нәтижесінде пайда табуға мүмкіндік туады.
Кәсіпорынның салымдарының тиімділігін бағалауда , оларды іске қосу мен жаңартуды талдауда келесідей мәселелерді қарастыру керек:
Негізгі қорлардың қызметтік пайдалылығы бірнеше жылдар бойы сақталады, сондықтан оларды иемдену мен іске қосу бойынша шығындар уақыт аралығына бөлінген;
. Сол себепті оларды
пайдалану тиімділігі тек қана
экономикалық факторлармен емес
, әлеуметтік, экономикалық және
басқа да факторлармен
Кәсіпорынның негізгі капиталына салымдар капиталды салымдар деп аталады, ал шығындар –инвестициялық.
Капиталды салымдар деп жалпы ішкі өнімнің бөлігі және де негізгі қорларды жаңарту мен жасауға, айналым қаражаттарын өсіруге бағытталатын шетел инвестициялары қарастырылады.
Капиталды салым салу жөнінде сұрақ әдетте, кез келген кәсіпорын үшін қиын болып келеді. Себебі айналымнан ақша қаражаттарының үлкен бөлігі алынады, ал инвестициялық шығындар пайданы тек болашақта әкеледі.
Сондықтан негізгі капиталға инвестициялардың мақсаттылығы жөнінде сұрақтарды шешкенде капиталды салымдарды пайдаланудың әр бір нақты бағыттарының экономикалық тиімділігін бағалау керек.
Ол салынған капиталға шығындар мен мүмкін табыстарды салыстыруда көрініс табады.
Соңғы жылдары республикада техникалық қайта жарақтану мен өндірісті жөндеуге көңіл бөлінеді. Әдеттегідей бұл шаралардың тиімділігі жаңа құрылыстар салу мен кеңейтуден гөрі тиімдірек келеді. Бұл капиталды салымдардың бір бөлігін үнемдеп қалуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар жаңа құрылысты жүргізуді кәсіпорын өндіріс күштерінің жаңартылған және толығымен қолданып жатса, бірақ өндіріс көлемін қосымша ұлғайту қажет болса бастау керек.
Мемлекет деңгейіндегі капиталды салымдарды қаржыландырудың материалдық негізі болып жалпы ішкі өнім табылады. Нақтырақ айтсақ, ұлттық табыстың ағымдық тұтынуы көзделмеген бөлігі болып табылады. Жинақтауға қолданылатын ұлттық табыс негізгі капиталды кеңейтілген жаңартуды қаржыландырудың басты көзін білдіреді.
Оны қалпына келтіруде (реновацияда) маңызды рольды амортизациялық аударымдар атқарады. Олар біріншіден, негізгі қорларды жаңартудың міндеттерімен шартталған мақсатты ресурс болып табылады;
Екіншіден ,капиталды салымдардың тұрақты көзі болып табылады, себебі олардың мөлшері кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижелерінен байланысты емес.
Осыдан басқа кеңейтілген жаңартудың көзі болып шетел қарыздары мен инвестициялар да шыға алады.
Аталған ішкі көздер алғашқы
болып келеді. Қаржылық –несиелік
жүйе арқылы ақшалай қаражаттар бөлінеді,
қайта бөлінеді және қаржылық ресурстардың
орталықтандырылған және орталықтандырылмаған
қорлары түрінде көрініс табады
Ұлттық табыстың бөлігі
қаржылық ресурстардың орталықтандырылған
қорларын қалыптастырудың шешуші көзі
болып табылады. Оның қалған бөлігі
материалдық өндіріс саласына қаржы
ресурстарының

- Айналымнан тыс активтер
- Айналымнан тыс активтер
- Айналымнан тыс активтер
- Айналымнан тыс активтер
- Айналымнан тыс активтер есебі
- Айналымнан тыс активтер есебі
- Айран дайындау технологиясы, санитариясы және ВСС
- Айналым капиталы
- Айналым капиталы курсты
- Айналым капиталының экономикалық мәні және қаржыландыру көздері
- Айналым куралдар
- Айналым қаражаттарының кәсіпорындағы құрамы мен құрлымын оптимизациялау
- Айналым қаражаттарының кәсіпорындағы құрамы мен құрлымын оптимизациялау
- Айналым қаражаты