Ақпараттық технологияларды пайдалана отырып шет тілін үйрету

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШЕТ ТІЛДЕР ЖӘНЕ ІСКЕРЛІК КАРЬЕРА УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

 

 

БАТЫС ТІЛДЕР КАФЕДРАСЫ

 

 

КУРСТЫҚ  ЖҰМЫС

 

 

Тақырыбы: Ақпараттық технологияларды пайдалана отырып шет тілін үйрету

Студент                   Алденова. А.Ж________/қолы/

 

Ғылыми жетекші  Дабылтаева Р.Е.                   ___ ______/қолы/

 

 

Қорғауға жіберілді   «____»  _______________ 2013ж.

 

Кафедра меңгерушісі  п.ғ.к., доцент    Дабылтаева Р.Е. ________/қолы/

 

«___» __________2013ж.  Жұмыс қорғалды        __________________________

/бағасы/

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы 2013 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Курстық жұмыстың нысаны:

Орта мектептегі шетел  сабағы және қазіргі орта мектептердегі  шеттілі сабағын ақпараттық технологиялар  арқылы түрлендіру.

 

Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының  білім туралы тұжырымдамасы ойлы, өнерлі, білімді тұлғаны қалыптастыруға бағытталған және қазіргі білім  жүйесі оқушылардың танымдық белсенділігін  дамытатын оқытудың дәстүрлі емес, белсенді түрін және әдістерін оқу  үрдісіне  енгізу бағытында құрылуы  тиіс.

Білімді дамыту үшін білім  берудің үйреншікті әдісінен оқыту  процессінде оқушылардың пәнге  деген қызығушылықтарын арттыратын білім берудің жаңа белсенді әдісіне  көшу керек. Бұл тапсырманы оқыту  процессінде тек жаңа технологияларды  қолдану арқылы жүзеге асыруға болады.

Еліміз болашақта көркейіп өркениетті елдер қатарына қосылуы  бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді. Қазіргі білім беру саласындағы  проблема- әлеуметтік-педагогикалық  және ұйымдастыру тұрғысынан білім  мазмұнына жаңалық енгізудің  тиімді, жаңа әдістерін іздестіру, оларды жүзеге асыру. Қазақстан Республикасының  «Орта білім беруді дамыту» тұжырымдамасында: «Әрбір баланың жеке тұлғалық қасиеттерін  ашу, оның мүмкіншілігін, өмірдегі мәнін  көрсету арқылы білімге тереңірек  ұмтылуына, сондай-ақ ізденісіне, бейімділігіне  көмек беру, жағдай туғызу және оған өмір сүру үшін жаңа рухани күш беру- білім берудің түпкілікті мақсаты» екендігі айқындалған. [12, 3 б.].

Қазақстан Республикасының  «Білім туралы» заңында (3 бап) белгіленгендей, білім беру жүйесін ақпараттандыру, мемлекеттік білім саясатының негізгі  қағидаларын жүзеге асырудың маңызды  бір механизмі болып табылады. Ақпараттық ортаны құруға негізделген  білім берудің жаңа жүйесін қалыптастыру және педагогикалық практикаға жаңа ақпараттық құралдарды, сонымен қатар, басқа да жаңа технологияларды енгізу білім жүйесін дамытудағы стратегиялық тапсырма болып саналады.[1]

 

Курстық жұмыстың өзектілігі: менің бұл тақырыпты таңдап алған себебім,шетел тілі сабаған қазіргі талаптарға сай түрлендіріп,өткізу және оны ұйымдастырудың жолдарын қарастыру. Қазіргі кездің өзінде мұғалімдердің көпшілігі шетел тілі сабағында бұрынғы әдіс тәсілдерді қолдануда,сол әдіс тәсілдердің негізінде шетел тілі сабағын осы заманның талап-тілектеріне сай өткізу керек.

Шетел тілі сабағын қазіргі  заманғы талаптарға сай ұйымдастыру  оқушының шығармашлық дағдыларын қалыптастыруда ұтымды жол болып табылады. Сонымен  қатар шетел тілі сабағын қазіргі  заманғы талаптарға сай өткізу оқушыларды жаңа ойларды тудыра білуге, жан-жақты, бір ғана салада емес, әр саладан  білім, ақпарат ала білуге, мәселелердің бір ғана салада емес, әр саладан  білім, ақпарат ала білуге, мәселелердің түйінін бір ғана жолмен шешіп  қана қоймай, бірнеше жолмен таба білуге, сол қабылданған шешімнің салдарын алдын-ала болжай білуге көп ықпалын  тигізеді. Тағы да сабақты ұйымдастыру  үшін мақсаттарын алдын-ала белгілеп алмай тұрып, дұрыс ұйымдастырылған  сабақты өткізу мүмкін емес. Оқытушы  мақсаттарды белгілей отырып, сол  сабақта немесе бірнеше  сабақ  барысында оқушылардың шетел  тіліндегі білімі, іскерліктері мен  дағдыларын дамытуды көздейді.

 

 

Зерттеу жұмысының  мақсаты:

–компьютерлік технологияларды  қолдану арқылы шет тіліне үйрету әдісінің тиімділігін (эффектілігін) жоғарылату.

 

Зерттеу жұмысының  міндеттері:

1. Ағылшын тілі сабағында   жаңа ақпараттық технологияларды  қолданудың маңыздылығын суреттеу;

2. Компьютерлік технологиялардың  бар бағдарламаларын ағылшын  тілінде сөйлеуге, түсінуге  үйрету  процессінде қолдану мүмкіндіктерін  көрсету;

3. Видеофильмдер мен мультимедиялық  презентациялар арқылы диалог  және монолог түрінде сөйлеуге  үйретудің жаңа нұсқаларын ұсыну.

 

Зерттеу объектісі:

1. Шет тілін  үйретудің әдісі.

 

Зерттеу құралы: шет тілін үйрету процессіндегі мультимедия мен видеофильмдер.

 

Зерттеу процессінде  келесідей әдістер қолданылды:

Шет тілдерін оқытуға арналған психологиялық-педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерді талдау; ақпараттық технологиялар бағдарламасының мүмкіндіктерін тану; танып, білген мәліметтерді эксперименттік зерттеу жүргізу мақсатында педагогикалық практикада қолдану.

-шетел тілі сабағына  қойылаын талаптарға талдау жасай  отырып,шетел тілі тілі сабағын  ұйымдастыру және қолданылатын  технологилық құралдар.

 

Зерттеу жұмысының  практикалық маңыздылығы:

Видеофильмдер мен мультимедиялық презентациялардың көмегімен  шет тілін тиімді үйрену  үшін жасалған әдіс, сөйлеуге үйрету процессінің тиімділігін арттырады, әрі оқушылардың ынтасы мен қызығушылықтарын оятады және берілген материалды оңай әрі тез арада игеруге мүмкіндік береді;

Зерттеу кезінде алынған нәтижелер, яғни  компьютерлік технологияларды қолдану  үшін жасалған әдістер орта мектептер мен жоғарғы оқу орындарында, білім беру процессінің сапасын жоғарылату мақсатында қолданылады.                                                                                                                                      

 

1.Ақпараттық және коммуникациялық  технология дамуының тарихи аспектісі.

 

Бүгінгі таңда әлемде ақпараттық және коммуникациялық технология кең дамуда. Оқу үрдісінде ақпараттық және коммуникациялық технологияны қолдану ешқандай да күман тудырмайды. Мультиме­диа мен интернеттің қалыптасуы мен дамуы қарым-қатынас, тәрбиелеу, әлемдік бірлестіктегі интеграция  құралы ретінде пайдалануға мүмкіндік туды. Алғашқы ақпараттық технология жер бетінде бірнеше миллион жыл бұрын пайда болды. Адамдар бір-бірімен дыбыс, мимика, әртүрлі қозғалыстар арқылы сөйлесті. Соңғысы сөздің дамуына байланысты 100 мың жыл бұрын, алған ақпараттарын естеріне сақтай білді.

 Келесі кезең жазудың  пайда болуы б.э.б. 5-6 мың жыл  бұрын қоғамда есте сақтау  қалыптасты. Алғаш рет тарихта ақпараттық символика тас дәуірінде тасқа салынған сурет ретінде – пиктографиялық хат деп аталды. Қола дәуірінде ұғымдар жүйесін қайталайтын бейнелер-идеограммалар пайда болды. Бұлар б.э.д. 4 мың жылдықтың соңында суретті ироглифті хатқа айналды. Б.э.д. 3 мың жылдықта Вавилонда қашап жазу пайда болды. Мұнда белгінің орналасуына байланысты оның мәні белгілі болды. Есептеу жүйесінде 60 сандық жүйелік есептеу болды. Ол әлі күнге дейін сақталды, яғни 1сағатта-60мин, 1мин-60сек. Есептеудің вавилондық жүйесі миллионға дейін және одан көп санап, бөліммен жұмыс істеуге мүмкіндік берді. Б.э.д. IV ғасырда ежелгі Грецияда еркін өлшеуге арналған белгілер пайда болды. Ежелгі римдіктер иероглифтерді есептеу белгілерінің негізі ретінде саусақтарды белгіледі. Рим мәдениетінің дамуына байланысты латын әріптеріне ұқсас белгілермен ауысты. Үндістерден есептеу жолын алғаннан кейін арабтар сан белгілері – цифрларды алды. Бұл белгілер қазіргі сандарды рет ретімен жазуды қалыптастырды. Ақпараттық және коммуникациялық технология дамуына әсер еткен келесі саты сазды тақтайшалардағы сызықты буынды хаттардың пайда болуы. Осы уақытта аккадтық (вавилон) тілі халықаралық қатынас пен сауда саттықта ұлттық шекте оған коммуникациялық және термин қалыптастырушы түр берді. Осы жылдағы жаңа кезең IX-Xғ.ғ фин алфавитінің пайда болуы. Еуропада жазу символикасының аяқталуы XV ғ. келеді. Ол қазіргі кездегі пунктуацияның пайда болуымен байланысты. Тілдің жетілуі ежелгі грек ғылыми түсініктердің пайда болуымен, артық ақпараттың жойылуына әкелді. Математикалық символика математикадағы фундаментальді ашылулар мен терең зерттеулерге нәтижесінде дами түсті:

- жетілген алгебралық  символ -XIV-XVII ғасырларда,

- қосу, алу, көбейту әріптің пайда болуы -XV ғасырда,

- тең, шексіздік, алым, түбір, логарифмдер 1718 жылы,

- синус, косинус, тангенс  1748-1753 жылдары пайда болды.

Техникалық графиктердің пайда болуы ерте жазудың нәтижесінде  қалыптасты. Техникалық графикалық құжаттар күрделі обьектілерді салу нәтижесінде  қалыптасты (пирамида, сарай, шахталар), б.э.д 3-2мың жылдықта (ежелгі Египет, Вавилон) және б.э.д 1 мың жылдықтың ортасында алғашқы механизмдер мен алғашқы өлшеу құралдары пайда болды. Техникалық графиктердің жетілуі қайта өрлеу дәуірінде күрделі кинематикалық машиналар, механизмдердің құрылуы мен ірі қалалардың салынуымен байланысты. XVIII ғасырда энергетикалық революция кезеңінде техникалық графика бу қозғалтқыш, автономды жұмыс машиналарын жасауда негізгі аспап болды [3].

Ақпараттық және коммуникациялық технология пайда болуы ақпараттық  технология құралдарының жетілуіне байланысты. Ол адамдарда сөздің пайда болуымен байланысты. Бұл фаза технологиялық өркениет тарихындағы алғашқы ақпараттық жарылыс ретінде есептелінді. Ақпараттық жарылыс дегеніміз - ақпаратты тасымалдайтын құралдарың жетілуі: тастағы жазулар, б.э.д 4 мың жылдықта сазбен тақтайшаларға жазылған мәліметтер. Папирустың б.э.д 3 мың жылдықта ақпарат тасыушының ауқымы кеңейіп, әр түсті қолдануға мүмкіндік болды. Пергаменттің пайда болуы б.э.д ІІІ ғасырда жаңа ақпараттық жарылыс қағазға дейінгі фазаны аяқтады. Енді ақпаратты тасымалдайтын ең тиімді тасымалдаушы - кітаптың пайда болуы б.э.д IV ғасыр.

Ақпараттық және коммуникациялық технология сапалы жаңа сипаттамасы ежелгі Римдегі ірі мемлекеттерінде (Греция, Парсы, Қытай, Рим) мемлекеттік пошталық байланыс қалыптасуы. Жазба ақпараттар атшабарлар арқылы жеткізілді. Ежелгі Грек қала-полистерінің пайда болды. Ондағы кітапханалар папирус орамдарындағы алғашқы ақпараттар берудің орталығына айналды. XV ғасырда Константинополь құлағаннан кейін қашқындармен бірге ежелгі грек және латын кітаптары батыс европаға көшіріледі. Мұнда негізі ақпарат көздері - жинақталған білім көзі болады. Бұл қағаз коммуникациялық технологияның дамуына әсер етті. Ақпараттық коммуникациялық технологияның дамуы X ғасырға келеді.[3]

Жаңа жазба – көне түрік әліппесі – түріктердің арасында VII ғасырдың бірінші жартысында пайда болған. Әліппе алғашында бір-бірінен бөлек жазылатын геометриялық белгілерден құрылып, 37 немесе 38 әріптен тұрған, оның соңғы әліппесінен айырмашылығы ағаш пен тасқа жазумен қолайлылығымен ерекшеленеді [16].

Кәсіби білімді ақпараттық және коммуникациялық технологиямен  қамтамасыз етуді жүйелі зерттеудің 30 жылдық тарихы бар. Осы кезеңде АҚШ, Франции, Жапония, Ресей және басқа елдердің оқу мекемелерінде есептегіш машиналардың әр түріне бағытталған. XX ғасырдың 90 жылдарының басында Ресей мен ТМД елдерінде есептегіш машиналармен жұмыс істеу бойынша курстар ашылды. Жалпы білім беру мен кәсіби дайындықтың екінші кезеңінде адам әрекетінің барлық салаларында (ғылым, білім, техника, экономика) компьютермен қамтылды. 80 жылдардың басында білім саласында – интелектуалды оқыту жүйелері деген жаңа бағыт қарқынды дами түсті. Оның жан-жақтылығы сандық жүйені әр түрлі шолып байқау арқылы анықталып, оқудың жаңа мүмкіндіктері пайда болды [23].

Ақпараттық және коммуникациялық  технологиялар арқылы студенттер мәтінмен жұмыс істеуге, графикалық обьектілер құруға, электронды кестелер құруға үйренеді. Студенттер ақпарат жинаудың жаңа тәсілдерімен танысып дүниетанымы кеңейіп, өздік  жұмысының тиімділігі артады. Ақпараттық және коммуникациялық технологияны сабақта қолдану барысында оқуға  деген қызығушылығы қалыптасып көзқарасы  кеңейеді. Ақпараттық және коммуникациялық  технологиялар мен бірге білім  саласында, оқу әрекетінде және шығармашылық жұмыста жаңа мүмкіндіктер ашылады. Ақпараттық және коммуникациялық технологияны пайдалану арқылы тұлғаның-танымдық, адамгершілік-құлықтылық, шығармашылық және эстетикалық потенцияларды  жүзеге асыруға тырысады. Бұл потенциалды  жоғары деңгейде жүзеге асыру үшін педагогикалық құзыреттілікпен  қамтамасыз ету қажет. Ал құзіреттілікті дамыту үшін студенттерді жоғары оқу  орындарында бастау керек. Ғылыми техникалық прогресс халық шаруашылығының техникалық қайта жаңғыруы мен әр түрлі салаларда  теника мен технологияның қолданлуымен ерекшеленді. Қазіргі уақытқа тән  құбылыс өндірісте жаңа технологияның  және жаңа құралдардың пайда болуы  мен ғылымның соңғы жетістіктерін  пайдалану. Ғылыми-техникалық прогрестің өзгеруінің барысында өндірісте  жаңа машиналар мен технологияны пайдалану интелектуалды еңбек  өнімділігін арттырып, жұмысшылардың  кәсіби жылдамдығы мен шығармашылығының жоғары болуы,  студенттердің білім, икемділік, дағды жүйесінің қайта  жаңғыруына әсер етуде.

Ақпараттық және коммуникациялық  технология электрондық есептеуіш  техникасымен жұмыс істеуге, оқу  барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту  бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық  байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.

Ақпараттық және коммуникациялық  технологиялардың келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іскер  әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол.

Шетел  тілін  жаңаша  оқыту  соңғы  жылдары  жоғары  қарқынға  ие болды. Ұстаздардардың сабақты  жобалаудағы   жауапкершілігі   студенттердің  шетел  тілінде  нәтижелі  тілдік  қарым-қатынас  жасауына  мүмкіншіліктер  туғызады . Олар  аз  уақытта  жаңа технология  жәрдемінде үлкен  жетістіктерге  жете  алады .  Оқудың  дәстүрлі   үрдісіне  инновациялық технологияны  ендіру, оқытушылар  мен  студенттерге дәстүрлі  формаларды  және әдістерді  жетілдіруге  мүмкіндік береді, сонымен  қатар  жаңаларды  да, атап  айтқанда : тренингтер, дөңгелек үстелдер, пресс-конференциялар  және  т б .  Оқытушылардың  біліктілігі  олардың  педогогикалық  қарым- қатынаста  жағдаят  жасауда  көрінеді, онда оқытушылар  да, студенттер  де таңдау және  бақлау мүмкіншілігіне  ие  болады.   Инновация  дегеніміз  тек ғана жаңалық енгізу емес, сонымен  қатар жаңаны дәстүрлі  оқу- тәрбие  үрдісіне  қолдана  білу.

Білім  беру үрдісінде  жаңа ақпараттық технологияларды қолдану  мәселесі өзектімәселелердің қатарынан  орын алуда. Шетел тілін оқытудың мақсаты субьектінің мәдениетаралық  қарым-қатынас  біліктілігін қалыптастыру  десек, онда  сол шетел  тілін  оқытуда жаңа ақпараттық технологияларды  қолдану шетел тілін оқытудың мақсатынан туындап отырған қажеттілік болмақ.

Білім беру үрдісін ақпараттандыруда  төмендегідей әдістемелік, педагогикалық  міндеттерді шешуге болады:

білім беруде көлемді ақпаратқа  қол жеткізе алу; білім алуға  мотивацияның жоғарылауы; өз бетінше  жұмыс істеу; өзін-өзі бақылау  және  т. б.

жеке тұлғаны жетілдіру ( түлғаның ой-өрісі, эстетикалық тәрбие, зерттеу жұмысымен  шұғылдану  іскерлігін дамыту, ақпараттық  мәдениетін қалыптастыру және  т. б.

әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру (компьютерлік біліктілікті қалыптастыру, белгілі бір сала бойынша маман  дайындау және  т. б.)

оқу-тәрбие жүмысын жетілдіру (білім берудің сапасы мен тиімділігін  арттыру, танымдық әрекеттің мотивін  қамтамасыз ету, пәнаралық байланыстарды  тереңдету  және т. б.

Сөз арқауы компьютерлік технологияны  пайдалана отырып, шетел тілі сабағында  интернет жүйесін қолдану мәселесі болмақ. Жаһанданған  интернет жүйесін  қолдану негізінде,тіл үйренушілердің сөз әрекетінің төрт түрінде де біліктілігін қалыптастыруға болады,жүйе  материалдарын қолдану арқылы олардың оқу, жазу іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыруға , сөздік қорын байытуға мүмкіндік туады .  Интернет жүйесін пайдалана отырып, тілін үйренуші елдің өкілдерімен байланысқа түсе алады.

Студенттердің шетел тілін  үйренуге  деген  ынтасын  арттыру  олардың төмендегі шараларға  қатысуы негізінде жасалынады: диспуттар, байқаулар, олимпиядалар және т. б.

«Интернет» деген термин ағылшынның «international net» деген сөзінен, аудармасында «халықаралық байланыс»  деген ұғымды береді.  Интернет жүйесі арқылы тіл үйренуші тіл өкілімен тура, тікелей байланысқа түсе алады, шетел тілі сабағында Интернетке қосылу арқылы шынайы қарым-қатынас  үлгісін жасауға болады. Табиғи тілдік ортада тілді қарым-қатынас құралы ретінде қолдана отырып, тіл үйренушілер  айтылымдарға спонтанды  түрде, түрлі  тілдік формулаларды қолдана отырып, жылдам жауап беруге дағдыланады.

Шетел тілі сабағында компьютермен жұмыс жасай отырып, студенттер психологиялық  тұрғыдан да жеңілдіктерге ие болады.  Атап айтқанда, студенттердің жасаған  әрбір жұмысына берілетін бағаның,олардың  жасаған қатесін қайталаулар  негізінде көрсете отырып, яғни жұмыс  нәтижесін мақұлдап немесе белгілі  бір дәрежеде қоштамай, өз пікірін  білдіріп отыратын оқытушының тікелей  қатыспауы, студенттерге өз бетінше  жұмыс жасап, өзіне сенімділік болуын қамтамасыз етеді.  Бұдан оқытушының  шетел тілі сабағындағы  орнын  жоққа шығару деген түсінік туындамауы керек.

Керісінше, оқытушы тіл  үйренушілердің жеке тұлға  ретінде  өз тапсырмаларын орындап, жұмыс  қортындысын белгілейтін әлеуметтік-психологиялық  жағдай туындата алатын, олардың жүмысына бағыт-бағдар беретін бірден-бір  субъект.

Білім беру үрдісінде ұстазда, шәкіртте жеке тұлға болып қарастырылатын болды. Жеке тұлғаға жету үшін әр оқушының қабілетін танып, біліп, дамытып, шыңдап, жөн сілтеп, адам дәрежесіне келтіру  керек. Демек, оқытудың жаңа технологияларын  пайдалана отырып, білім сапасын  арттыру, мазмұнын байыту, оқу үрдісін  жетілдіру, жан-жақты дамыған, рухани дүниесі бай жас ұрпақты тәрбиелеу  – кезек күттірмейтін мәселелердің бірі. Бұның өзі оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау, даму, тәрбиелеу, әр баланың қабілетін, дарынын ашу  мұғалімдер қауымына зор міндеттер  жүктейді.

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында: « … жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында  алынған терең білімнің, кәсіби дағдының негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру»,- деп атап көрсеткен. [6, 3 б.]. Біздер ұстаздар осы заң бойынша жаңа технологияларға көп көңіл бөлуіміз керек.

Еліміз болашақта көркейіп өркениетті елдер қатарына қосылуы  бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді. Қазіргі білім беру саласындағы  проблема- әлеуметтік-педагогикалық  және ұйымдастыру тұрғысынан білім  мазмұнына жаңалық енгізудің  тиімді, жаңа әдістерін іздестіру, оларды жүзеге асыру. Қазақстан Республикасының  «Орта білім беруді дамыту» тұжырымдамасында: «Әрбір баланың жеке тұлғалық қасиеттерін  ашу, оның мүмкіншілігін, өмірдегі мәнін  көрсету арқылы білімге тереңірек  ұмтылуына, сондай-ақ ізденісіне, бейімділігіне  көмек беру, жағдай туғызу және оған өмір сүру үшін жаңа рухани күш беру- білім берудің түпкілікті мақсаты» екендігі айқындалған. [12, 100 б.].

Осы орайда, Елбасы Назарбаевтің: «… Бізге бұрынғы қай кездегіден де білім мен ғылымның баға жеткіліксіз  қорын барынша арттыру, оны қазіргі заманға сай ету қажет» [2, 1б.] деген сөзі егеменді елімізде білім мәселесіне мемлекет тарапынан қаншалықты көңіл бөлініп отырғанын дәлелдейді.

Тіл дамыту жұмысын мектептерде  белгілі бір жүйемен жүргізу  қажеттілігіне, балалардың ойын ауызша, жазбаша білдіруге үйретудің  маңыздылығына ағарту ісінің көптеген қайраткерлері ( Ф.И. Буслаев, К,Д, Ушинский, Н.А. Корф, В.И. Водовозов және т.б. ) аса  мән берген.

Тіл дамыту жұмысының теориялық  және практикалық мәселерін атақты әдіскерлер ( К.Б. Бархин, Н.М. Соколов, М.А. Рыбникова, Е.И. Тихеев және т.б. ) өз зерттеу  еңбектерінің арқауы етті.

Тіл дамыту проблемасы белгілі  психологтар ( П.П. Блонский, С.А. Рубинштейн, Б.Г. Ананьев, Н.И. Жинкин және т.б. ) еңбектерінде қарастырылды.

Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамыту мәселері М. Жұбанова, С. Рахметова, К. Бозжанова, Б. Баймұратова, Р. Әміров, Т. Әбдікәрімов, Г. Уәйісов  т.б. ғылыми-әдістемелік еңбектерінде арнайы зерттелді. [15,216].

Бүгінгі мектеп алдындағы  басты міндет – ана тілі сабағында  сын тұрғысынан ойлау жобасын  басшылыққа ала отыра, оқушылардың  тілін дамытуға жағдай жасау. Оқу-тәрбие жұмыстары мазмұнының біршама өзгергенін есептемегеннің өзінде, жаңа технологиялар  арқылы тіл дамыту әдістемесін арнайы зерттеу мақсаты алға қойылмаған. Сондықтан бастауыш мектеп оқыту  жүйесінде мынандай қайшылықтар  бар екендігі анық байқалады:

- Қазақстан Республикасының  жаңадан қабылданған «Бастауыш  білім беру тұжырымдамасына»  сәйкес бастауыш сыныптарда меңгерілетін  білім, білік, дағдылардың деңгейіне  қойылатын мемлекеттік стандарт  талабы мен бұрынғы оқу бағдарламаларының  арасында;

- ана тілі сабағында  оқушылардың тілін дамыту жұмыстарын  тиімді әдістемемен қамтамасыз  ету қажеттігі мен оның іс  жүзілік тұрғыда жасалмауы арасында;

- оқушылардың тілін дамытуда  сын тұрғысынан ойлау жобасын  қолданудың тиімділігі және ғылыми-педагогикалық  тұрғыда негізделген төл тіліміздегі  әдістемелердің жоқтығы арасында  қайшылықтар туындап отыр.

Сол себептен, қайшылықтардың шешімін табуда біздің ғылыми –  зерттеу жұмысымыздың мәселесі ана  тілі сабағында оқушылардың тілін  дамытудың ғылыми — әдістемелік  және теориялық жолдарын қарастыру  болып табылады. Аталған мәселенің  бүгінгі күнге дейін өз деңгейінде қарастырылмауы зерттеу жұмысымыздың тақырыбын: « Ана тілі сабағында  сын тұрғысынан ойлау жобасын  қолдану арқылы оқушылардың тілін  дамыту» деп таңдауымызға себеп  болды. Осы қайшылақтардың шешімін  табуда мынандай мақсат пен міндеттерді  айқындадық.

Қазіргі кезде жаңа білім  жүйесі интернеттің пайда болуының арқасында дамығанын барлығы  мойындайды. Көптеген әдіскерлер видеофильм, электрондық пошта (e-mail), мультимедиялық презентация, анимациялық суреттер және т.б. көмегімен шетел тілінде  монолог және диалог түрінде сөйлеу қабілетін қалыптастыратын жаттығуларды құрастырумен айналысып жатыр. Ал шетелде  болмай-ақ, сол елдің тілінде сөйлей алу қабілетіне ие болу оңай емес. Сондықтан, мұғалімнің маңызды тапсырмасының  бірі шет тілі сабағында жаңа технологиялардың түрлі амалдарын қолдана отырып, сөйлеудің шын ситуацияларын  құру болып табылады. Шет тілін  үйрету процессінде компьютер технологияларын  қолдану сабақты қызықты жолмен өткізуге көмектеседі. Мысалы, анимациялық  суреттер, видео-көріністер, презентациялар және т.б. әртүрлі дыбыстар арқылы көрсетіледі. Компьютер мониторындағы көріністер оқушының іс-қимылының арқасында  өзгеріп отырады. Бұл динамикалық  және оқушының бар ойын өзіне бағыттайды, сонымен қатар, оқу процессінде  оқушының белсенділігі оянады.  Нәтижесінде, оқушы ақпаратты оңай әрі тез  қабылдайды және оқушының ынтасы мен қызығушылығы жоғарылайды.[4.30]

ХХI ғасырды қоғамдық ақпараттандыру ғасыры деп жай атамаған. Компьютер - адам іс-әрекетінің барлық салаларында  қолданылады. Дүниежүзілік қоғамдастықта  қоғамдық өмірдің барлық саласын  глобальді ақпараттандыру процессі дамытылуда. Экономикалық жағдай, адам өмірінің сапасы, ұлттық қауіпсіздік және мемлекеттің дүниежүзілік қоғамдастықтағы рөлі ақпараттық-технологиялық дамудың және оның даму қарқынының даму дәрежесіне байланысты. Барлық экономикалық дамыған елдерде және көптеген дамушы елдерде білім беру жүйесін ақпараттандырудың қарқынды процессі жүріп жатыр. Жалпы білімді жоғарылату жолдары жасалып жатыр және оқыту процессіне жаңа ақпараттық технологияларды енгізуге көп қаражат бөлінуде.

Дегенмен, оқыту процессіне компьютерлік технологиялардың қарқынды енгізілуіне қарамастан, арнайы мультимедиялық оқулықтар және оларды қолдану техникасы  туралы әдістеменің болмауы себепті  шет тілін үйрету процессінде  компьютерлендіру жеткілікті дамымаған. Сонымен, ағылшын тілін оқыту  әдістемесінің жеткіліксіз жасалуы, ағылшын тіліне оқытуды компьютер  арқылы ұйымдастыру жолдарын жүзеге асыруды және ізденісті қажет  ететін, осы зерттеу жұмысының  маңызды мәселесі (проблемасы) болып  табылады. Бұл мәселе зерттеу жұмысының  тақырыбын таңдауға себеп болды: «Шет тілін оқытуда компьютерлік технологияларды қолдану ерекшелігі».

 

1.1Ағылшын тілі пәнінің білім саласын арттырудағы ақпараттық -коммуникативтік технологиясының рөлі.

 

Еліміз жылдар бойы аңсаған  тәуелсіздікке қол жеткізісімен, шет тілі де мемлекетаралық тіл мәртебесіне  ие болды. Ендігі кезекте шет тілінің  қолданылу аясын кеңейту кезек  күттірмес мәселенің бірі болды. Осы орайда мектептерде ағылшын  тілі пәніне көңіл де, ықылас та жылдан жылға артып, оны оқытудың тиімді әдіс- тәсілдері, технологиялары бойынша  зерттеу жұмыстары, оларды тәжірибеге енгізу шаралары қолға алынды.[20.76]

Ағылшын тілін саналы меңгерту, оны өз деңгейінде қажеттілікке айналдыру, бір жылғы мәселе емес, сондықтан  ағылшын тілін оқыту ісімен шұғылданатын мамандар арасында туындайтын бір сұрақ: ағылшын тілінде өз ойын ауызша және жазбаша еркін жеткізе алуға  қалай үйрету керек? Оқушыны ынталандыру  үшін қандай әдіс-тәсілдерді, технологияларды  қолданған жөн?

Оқыту тілі өзге тілде жүргізілетін мектептерде тіл үйрету туралы жазылған әдістемелік және ғылыми материалдарды  зерделей келе, ақпараттық технологияларды  пайдалану туралы мәселеге тоқталуды  жөн деп санап, осы тақырыпта  жинақтаған іс-тәжірибемді ортаға салмақпын.

Білім беру саласында түрлі  технологиялар енгізілуде, бірақ  олардың ішінен қажеттісін таңдап, сабақтың әр кезеңінде тиімді қолдану  басты талап. Мәселе технологияларды  кеңінен пайдалану емес, мәселе - тұлғаны нәтижеге бағыттай білім беруде. Қазіргі таңда айтар болсақ, көрнекілік әдісі мен техникалық құралдарды қолдану әдісін ақпараттық-коммуникативтік технологияның бір өзі атқара алады.

Ақпараттық технология –  ақпараттарды жинау, сақтау және өңдеу  үшін бір технологиялық тізбекте біріктірілген әдістер мен өндірістік және бағдарламалық-технологиялық  құралдардың жиынтығы. Қазіргі кезде  сабақта ақпараттық технологияларды  бәріміз кеңінен қолданамыз. Қазақ  әдебиетінің классигі, ұлы атамыз Абай Құнанбайұлы: «Шәкірттерің жақсы  оқу үшін, оның оқуға деген ынтасы және қызығушылығы зор болу керек», - деген. Расында да, тек ғана жігерлі, әр нәрсені үнемі білгісі келген, табандылығын, шыдамдылығын көрсеткен  адам ғана мақсатына жетеді.

Ағылшын тілді оқытуда  жаңа технологияларды, техникалық құралдарды сабақта жан-жақты қолдану, мұғалімнің көптеген қиындаған қызметтерін  жеңілдетіп, осы іскерліктің ұстанымды  жаңа тәсілдерінің пайда болуына  мүмкіндік туғызады. Осындай жаңа жолдардың біріне ақпараттық оқыту  жүйесіндегі компьютерлік бағдарламалардың түрлері арқылы тіл үйретуді жатқызуға  болады. [5,172 б]

Ағылшын тілі сабақтарында өзім қолданып жүрген компьютерлік бағдарламамен  жұмыс істеу түрлерін атап өтер болсам:

Лексиканы меңгерту.

Мәтіндік лексиканың кіріспесінде және онымен жұмыс істеуде, мысалы, азық түлік, сауда, киім, т.б.

Сөйлеу жұмыстары :

Көптеген бағдарламаларда  микрофонмен жұмыс істеуді қарастырады. Сөздер мен сөз тіркестері тыңдалғаннан кейін, оқушы оны қайталайды. Бұдан  соң диктордың сөзді айту, яғни дыбыстау ерекшелігін тыңдай отырып, жеткіліксіз жақтарын аңғарып, оқушы  оны түзетуге мүмкіндік алады.

Оқушылардың сөйлеу тілін  дамытуда диалогтың да берері мол. Диалог – сөйлесудің ең негізгі түрі болып  саналады. Адамдар арасындағы қарым-қатынас  амандасудан басталады. Мұғалім  сабаққа кіргеннен оқушылармен  диалогта болады. Оқушыларға белгілі  бір тақырыпта тапсырмалар беру арқылы сұхбаттар құрылады. Диалогтік  сөйлесуді естіп-тыңдаумен біртұтас та, жекелей де пайдалануға болады. Мақсатты ұйымдастырылған жағдаяттар арқылы ауызекі сөйлесуге үйрету - оқушыларды қызықтырады. Диалогтік  сөйлеу коммуникативтік оқытудың негізгі  ұстанымына сәйкес келеді.

Коммуникативтіліктің жауап  алынған жағдайда ғана жүзеге асуы оның ұстанымы болып есептеледі. Ауызекі  сөйлесу – жауаптасу арқылы жүзеге асады, ал жауаптасуға дейінгі дайындық кезеңдерін былайша сараланады:

І кезең: диалогпен танысу;

ІІ кезең: диалогті жаттау;

ІІІ кезең: диалогті қойылымға  айналдыру, яғни сөйлесім іс-әркетін  қойылым іс-әрекетімен ұштастыру;

Жазуды оқыту.

Ақпараттық технологияларды пайдалана отырып шет тілін үйрету