Ақтау қалалық «НГЖ» компьютерлік курстар орталығы туралы ақпарат

 

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым  Министрлігі

Л.Н.Гумилев  атындағы Еуразия ұлттық университі 

                                       
 

Өндірістік  практика бойынша

Есеп  беру

Ақтау қалалық «НГЖ»  компьютерлік курстар  орталығы 
 
 
 

                                                                               
 

                                                                               Орындаған:Оспанова Г.Ж. 

                                                                               Тексерген: Садвакасова Қ.Ж. 
 
 
 

                                                     Астана 2011

Жоспар 

    1. Ақтау қалалық  «НГЖ» компьютерлік курстар орталығы туралы ақпарат....................................................................................................6
    2. Бөлімдер және курстар......................................................................8-9
    3. Бейнені өңдеу бағдарламаларымен танысу...................................9-11
    4. Курсты оқыту жоспары мен тәсілдері.........................................11-13
    5. Қорытынды
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     Ақтау қалалық «НГЖ»  компьютерлік курстар  орталығы туралы ақпарат

           Ақтау қалалық «НГЖ» компьютерлік курстар орталығы 1997  жылы күзде Адамбаев Жангелді атты азаматтың қолдауымен Маңғыстау облысы балалар мен жасөспірімдер кітапханасының жанында құрылды.  Ақпараттық және компьютерлік технологиялардың дамуы, білім саласының алдына жаңа күрделі мақсаттар қойды, оқу бағдарламаларының және курстарының уақыт талабынан қалмауы тиіс еді. Оқушылар мен мұғалімдердің біліктілігін арттыру, білімдерін толықтыру орталықтың басты функциясына айналды.

     1997 жылы қараша айынан бастап Ақтау қалалық «НГЖ» компьютерлік курстар орталығы өз жұмысын бастай бастады. Орталық құрамында алғашқы негізгі білім беретін компьютерлік курстар ашыла бастады. «Компьютер негіздері» курсы бойынша 5 топ құрылды.

     1998 жылдың басында бірнеше жаңадан, кең қамтылған компьютерлік курстар ашылды. Атап айтар болсақ, «Ғаламтормен жұмыс жасау», «Компьютерлік графика», «Информатика», «MS Word бағдарламасының кеңейтілген мүмкіндіктері» және т.б. Алғашқы жылы орталықты әртүрлі курстар бойынша 431  оқушы мен 32 оқытушы сәтті бітіріп шықты.

     Қазіргі таңда орталықта орта мектеп оқушыларымен қатар, студенттер және біліктілігін арттыруға келген мұғалімдерден де басқа, қарапайым жұмыскер азаматтар да білім алуда.

     1999 соңы - 2000 наурыз және сәуір айларында облыстық білім басқармасынының тікелей қолдауымен жыл сайын жетім балаларға арналған екі реттік тегін курстар жүйесі жүргізіле бастады. Маңғыстау облысы білім басқармасының тікелей қолдауымен жүзеге асырылған «Бақытты болашақ» атты қайырымдылық курстары әлі күнге дейін жалғасын табуда.

     Курс  оқушылары мен тыңдаушыларының  бастамасымен 2000 жылдың сәуірінде ғаламтор арқылы тауар алмасу ұйымы құрылды. Аталмыш ұйымда электронды тауар алмасу, электронды ақша жүйелерімен жұмыс жасап үйренген шәкірттер, өзге курс тыңдаушыларына  жақсы бағаға, эксклюзивті тауарлар сатып алуға көмектесіп отырды.

     Курстар компьютердегі басты бағдарламаларды оқытумен жүргізіледі, 2004 жылдан бастап қалалық білім басқармасы мұғалімдерді өздерінің қорынан оқыта бастады.

     «Ұрпақтар» жобасы бойынша Ақтау қалалық «НГЖ» компьютерлік курстар орталығынан қалалық және ауылдық жердегі 98 мұғалім біліктерін арттырды.

     Білімді ақпараттандырудың облыстық бағдарламасына сәйкес 2003 жылы екі оқу курсы аудандарда ашыла бастады. Ондағы оқытушылар облыстық білім басқармасында біліктерін жақсартқан  мұғалімдерден ғана таңдалып алынды. Облыс көлемінле орталық үлкен маңызға ие болып, білім саласында айтарлықтай үлесін қосатын болды.

     Жыл сайын орталық Ақтау қаласындағы  орта мектептер арасында «IT АКТАУ» атты жарыстар ұйымдастырады, жеңімпаздар тегін түрде орталықтың кез келген курсын оқи алады. Жыл сайын аталмыш байқау көлемінде ондаған оқушылар білімдерін арттырады.

     2005 жылдың тамызынан бастап орталық  Маңғыстау облысынының білім гранттарын ұтып ала бастады. Облыс әкімі атынан бірнеше мақтау қағаздары мен марапаттау сертификаттарына ие болды. Кәсіпкерлік қызмет, технологиялық білім, сындық ойлау, ұжымдық жұмыс атты психологиялық тренингтері мұғалімдер арасында жоғары бағаланды.

     Алдағы  уақытта орталық өзінің жеке веб  сайтын қолға алып, жасап жатыр. Болашақта шалғайда тұрып жатқан оқушыларға арналып дистанционды оқыту жүйесі қарастырылуда.

  • 2005 жылы Ақтау қалалық «НГЖ» компьютерлік курстар орталығы Ақтау қаласы Ш.Есенов атындағы Каспий инжиниринг және мұнай университетімен біріге отырып Астрахань, Новосибирск қалаларының белгілі оқытушылары компьютерлік курстар бойынша дәрістер оқыды. Дәрістер екі айдай жүргізілді. Осы аралықта орталықтан үш мыңдай адам білім алып шықты.

     Негізі  қаланғаннан бері орталықты Қуанышова  Лэйла ханым басқарып келеді.  Тыңдаушылармен Маңғыстау облысының белгілі оқытушылары жұмыс жасайды, Ш.Есенов атындағы Каспий инжиниринг және мұнай университеті, Тілдер академиясы, Болашақ академиясының ұстаздары курстарда білім береді. Олардың бәрі дерлік жоғары категорияға ие және мынадай сертификаттарға ие: Microsoft Office Specialist, Microsoft Sertified Professional.

     Орталықтың  басты мақсаттарына мыналар жатады:

  • Негізгі бағдарламалар бойынша іс-шараларды нәтижелі орындау;
  • Ақпараттық жүйелерді пайдалануды басқару жөнінде сенімді                                                                       және сапалы қызметтерді ұсыну;
  • Дүниежүзілік нарықта бәсекеге қабілетті жастарды қалыптастыру;
  • Орталықтың даму жолдарын, жетілдіру тәсілдерін және көрсетілетін қызметтер құндылығын арттыру;
  • Ақпараттық жүйелердегі бағдарламаларда шығармашылық қызметке қатысу;
  • Облыс көлемінде ұстаздар мен шәкірттер арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту;
  • Қазақстан Республикасының заңнамалық базасына және ISO 9001 халықаралық стандарт талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету;
  • Орталық қызметін жүйелік және процестік тәсілдер негізінде жетілдіру және дұрыс ақпараттың негізінде басқару шешімдерін қабылдау;
  • Сапа менеджменті жүйесінің нәтижелілігін тұрақты жақсарту;
  • Орталық қызметінің барлық салаларында мемлекеттік тілді қолдану;
  • Кадрларды кәсіби даярлау жүйесін жетілдіру, персоналды тарту мен сақтау және Орталықтың тиімді қызметін қамтамасыз ету үшін ынталандыру;
  • әр қызметкер Орталықтың стратегиясын, миссиясын, құндылықтарын іске асырудағы ролін ұғынып, оларды түсіндіруге бағытталған бірлескен мәдениетті үнемі жетілдіру.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     Бөлімдер  және курстар

     Ақтау қалалық «НГЖ» компьютерлік курстар  орталығы 7 бөлімнен тұрады. Әр бөлімнің өзіндік атқаратын қызметтері мен  жауапкершіліктері қарастырылған.

    • Орталықтың бөлімдері
    • Басшылық
    • Мультимедиа және интернет жобалар бөлімі
    • Оқу әдістемелік бөлім
    • Бухгалтерлік есептеу бөлімі
    • Техникалық қамсыздандыру бөлімі
    • Ақпараттық аналитикалық бөлім
    • Инновационды педагогикалық технологияларды енгізу бөлімі
    • Ақпараттық әдістемелік бөлім

     Студенттер  мен ересектерге  арналған курстар

 
     Курс      Талап етілетін дайындық
     Ақпараттық  технологиялардың негізгі курсы(Windows, Microsoft Office 2003-2007, Internet, e-mail)      Дайындық  талап етілмейді
 
     Компьютерлік графика (Corel Draw, Adobe Photoshop)
     Windows, MS Word деңгейіндегі жұмыс тәжірибесі
 
     WEB-дизайн
     Windows, MS Word деңгейіндегі жұмыс тәжірибесі
     Microsoft Windows XP      Дайындық  талап етілмейді
      MS Word кеңейтілген мүмкіндіктері      Windows, MS Word деңгейіндегі жұмыс тәжірибесі
 
      MS Excel кеңейтілген мүмкіндіктері
     Windows, MS Word деңгейіндегі жұмыс тәжірибесі
 
     MS Power Point: эффективті презентациялар
     Windows, MS Word деңгейіндегі жұмыс тәжірибесі
 
     MS Access:мәліметтер базасын құру      
     Windows, MS Word деңгейіндегі жұмыс тәжірибесі
 
      Internet желісінде жұмыс Электронды почта
 
     Windows, MS Word деңгейіндегі жұмыс тәжірибесі
 
      Corel Draw графикалық редакторы
     Windows, MS Word деңгейіндегі жұмыс тәжірибесі
 
      Adobe Photoshop графикалық редакторы
     Windows, MS Word деңгейіндегі жұмыс тәжірибесі
 
      Adobe Flash бағдарламасындағы анимация
     Windows, MS Word деңгейіндегі жұмыс тәжірибесі
 
     web-беттерді құру (HTML тілі,  Adobe Dremweawer редакторы)
     Windows, MS Word деңгейіндегі жұмыс тәжірибесі
 
     Бағдарламалау тілдері (таңдау бойынша курстар: Turbo Pascal; С; Delphi)
 
     Windows, MS Word деңгейіндегі жұмыс тәжірибесі
 

     Курстардың  ақысы 15 мың теңгеден басталады. Бағдарламалау тілдері 30 мыңнан жоғары бағаны қамтиды. Курстар жеке түрде де, топ түрінде жүзеге асырылады.

             Егер курстарда көрсетілмеген  басқа да салалық білім қызықтырса  орталық әрдайым ұсыныстарды  қабылдайды, сонымен қатар орталықта  стандартты режим жоқ. Оқушылар  қашанда жеке курсты да таңдай  алады. Курстарды жағдайларға  байланысты оқушы үйінде де  өткізу қарастырылған, барынша  максималды қолайлы жағдай мен  уақытта курстар оқытылады. Орталықтың  басты мақсаты оқушыларға барынша  тиімді пайдалы білім беру  болып саналады.

     Өндiрiстiк  тәжiрибенiң түпкi мақсаты оқумен және тәжiрибенiң аралығында айырмашылықты студенттерге көрсету болып табылады. Басқаруды негiзгi тағайындау - танысуда жүйемен көмектi қолданушыға көрсетсiн және жүйе берiлетiн мүмкiндiктерiнiң зерттеуiн барынша үдету.

     Жүйенiң  қолданушыларына талаптар (тiркеушiлерге  және iс жүргiзушiлерге) қолданушыларына  ең алдымен осы басқаруы жаңа бастап жүрген жүйенi меңгеруге жiберген. Әйтсе  де, жұмыс iстейтiн жүйемен қолданушылар құжат анықтама оқу құрал ретiнде  мәлiметтi пайдалана алады. Microsoft Office Word, Excel, Adobe Acrobat Readerдiң кеңсе қосымшаларымен қолданушы Microsoft Windowsтiң басқару жүйесiнде компьютерге жұмыстың негiзгi дағдыларымен ие болатынын есептейдi, сонымен бiрге электрондық түрге құжаттардың сүзiп шығуы үшiн сканермен. Бұдан басқа, қолданушыға құжаттары ұйымдағы құжаттармен жұмыс регламент белгiлейтiн iс жүргiзулер негiз бiлуге керек.

     Негiзгi идея iстестiк және хабар алмасуының мүмкiндiктерiнiң қамтамасыз етуi үшiн  қолайлы программалық қамтамасыз етудi өңдеуде болды. Қолданушылардың  көпшiлiгi сол кезде үстiнде бұл  әлi ойланып қалуға жеткiлiксiз болады және компьютерлердiң қолдануына мүдде  бұл мақсат үшiн тарттырмады

         Шетелдік тәжірибе көрсеткендей, ақпараттық жүйелер,ғылыми-техникалық потенциал- кез-келген мемлекеттің өркендеуінің кепілі. Экономикалық дамудың, мемлекет көркеюінің негізгі жолы- ғылыми техникалық және инновациялық салада лидер болу. Инновациялар және жаңалықтар экономиканың құлдырауына төтеп беріп, ғылыми-техникалық прогрестің белсенді түрде дамуына жағдай жасап, ұлтық экономиканың тиімділігі мен бәсекеге қабіліеттігін жоғарылатады.

     Мен бұл практикадан өте отырып, өзімнің  нақты бағыттағы білімімді шыңдадым деп айта аламын. Және жеке жүйенің  құрылымын толықтай біле отырып, басқа  да жүйелерге деген көзөарастарға  көз жеткіздім деуге болады.

     Дербес  компьютерлерге керекті операциондық жүйелерді, драйверлерді, антивирустық бағдарламаларды, утилиттерді және қосымшаларды, қолданбалы программаларды орнаттым. Деректер қорымен  жұмыс  жасадым. Сонымен бірге ұжымда жұмыс  жасауды, сыртқы ведомстволармен, министрліктермен, фирмалармен, компаниялармен келісімшарттарды жасауды үйрендім.

     Қазіргі заманғы білімнің дамуына байланысты студенттердің осы алған білімдерін тек теориялық түрде ғана дамытпай, сонымен қатар оны тәжірибеде де қолдана білуі тиіс. Жоғарғы  оқу процесінің міндетті бөлігі болып  өндірістік тәжірибе табылады. Өндірістік тәжірибе өту процесі кезінде, студент  теориялық білімін қолдана отырып оны  дамытуға мүмкіндік алады. Менің  өндірістік тәжірибеден өтудегі  негізгі мақсатым – білім алу  орынындағы алған білімімді одан әрі тереңдету мен берік бекіту және банк мекемесінен қажетті тәжірибені жинақтау, сонымен қатар өзімнің  жеке тәжірибелік мүмкіндіктерімді тек кәсіби ортада емес, сондай-ақ ұжымның  бейімделу ортасында да дамыту.

     Әрине ең бастысы ақпараттық жүйелер мамандығының өндірісте қандай рөлі бар екенін көріп, оқу мен жұмыс арасындағы айырмашылықтарды айырып және теориялық  білімді пайдалануды үйрендім. Тәжірибеден  өткеннен кейін соңғы курста өз қабілетіме және мүмкіндігіме қарай қажетті  пәндерді дұрыс та нақты таңдай алатын мүмкіндікке жеттім.

     Сондай-ақ ресми құжаттардың толтырылу  формаларымен танысып, олардың арнайы стандарттарға, белгілі бір заңға, тұжырымдамаларға сәйкес болатынын  анықтадым. Соған орай техникалық ерекшеліктерді құрастыруды үйрендім. Ақпараттық қауіпсіздік  Тұжырымдамасын даярлауға ат салыстым. Тұжырымдаманың жүзеге асу үрдісін  қарастырып, оның ескерілуі кез келген ақпараттармен жұмыс істеу барысында  өте маңызды екендігіне көз жеткіздім.

          Қазақстан нарығында ең жылдам  дамушылардың бірі ақпарттық  технология болып табылады. Жылдам  дамуының бірден бір себебі, мемлекеттік  басқару секторына ақпараттық  технологияны тиімді және қарқынды  орантылуы.

     Ол  – басқару технологиясы бойынша, АТ-экономика салаларында бойынша, бизнес-инжинер бойынша, теміржол транспорты салалары бойынша маман болып табылады, сомен қатар бірнеше ғылыми еңбектердің авторы болып келеді. 

     Өндірістік  практика тәжірибе базасының өндірісімен, технологиясымен және қызметінің негізгі  бағыттарымен жалпы танысудан басталады. Кәсіпорындағы практика  басшысы  кіріспе нұсқамалар жүргізіп, барлық бөлімшелері бойынша саяхат ұйымдастырады. Содан кейін мен мекеменің  жарғысымен, басқару бөлімдерінің жағдайымен және оның қызметін реттеп отыратын өзге де нормативтік құжаттарымен таныстым.

       Кәсіпорынмен танысу материалдарында   оның ұжымдық құрылымының сызбасы  жасалады. Практика жетекшісімен  бірігіп  техникалық бөлімде  практиканы өту жоспары құрылды.

     Практиканың бірінші күнінде компанияның  жұмысымен, мақсаттарымен, жоспарларымен, қазіргі жағдайы, қызметкерлері, және олардың лауазымдарымен, міндеттерімен  таныстым. Кәсіпорындағы практика өтетін орталықпен, оған кіретін департаменттердің  жұмыс орнымен таныстым. Практика барысында іс-жүргізумен танысып, қажетті  құрылғыларды желілік принтер, ксерокс, сканер сияқты құрылғылармен ақпараттық-программалық қамтамасыз ету мінездемесімен таныс  болдым

     Компьютерлерге  жаңадан операциялық жүйе  орнатуды үйрендім, оның түрлерімен таныстым, мысалы; Windows XP SP3, Windows XP SP2 ,  Windows XP Zver, Windows NT,  Windows 7. 
 
 
 
 

                    Бейнені өңдеу бағдарламаларымен танысу

     Бейнені өңдеу бағдарламаларына бар графикалық пакеттерді жатқызамыз. Олардың басты айырмашылығы – фотографиялық бейнелерді өңдеуге бағыттылығы. Сондықтан, оларды дизайнерлер мен суретшілер, кәсіби фотографтар және жарнама ісіндегі мамандар кеңінен қолданылады. Дәл осы пакеттер суретші-ретушердің жұмысын қызықты шығармашыл жұмысқа айналдырды. Фотографияның пайда болу кезінен бастап ретуштің мақсаты суреттегі дефекті облыстарды алып тастау болса, дербес компьютердің және сәйкесті программалық қамтамалардың пайда болуы ретуштің сапалық жағынан жаңа деңгейі – композициялқ ретушке өтуге мүмкіндік жасады. 
             Жоғарыда сипатталып өткен программалық қамтамалардың қолданысы бойынша кеңінен қолданылатыны, әрі ерекше орынға ие Adobe Photoshop программасы. 2002 жылы шыққан 7.0 версиясы мамандарды жаңа қасиеттермен түрлендіре түсті. Бұл ерекшелік– қабаттармен, каналдар мен контурлармен жұмыс істеуде, облыстарды бөліп қарау және оларды автоматты өңдеуде, сандық бейнелердің және графикалық файлдар форматтарының көбісін қолдауында, түстерді бөліп қараудың жоғары дәрежелілігінде айқын байқалады. Айтып өткен, сондай-ақ пакеттің одан басқа да көптеген қасиеттері бейнелерді ретуштауға (кең мағынада) арналған айнымас құрал деп танытуға мүмкіндік жасайды .  
          Adobe Photoshop(АР) программасы графикалық объектілерді өңдеу, өзгерту, сақтауда қолданылатын пакеттердің бірі. (АР) – палитрамен жұмыс істеу, калибровка жасау, сканерлеу, импорттау және экспорттау, облыстарды, контурларды бөлу, салу/өзгерту, түстерді, қабаттарды, каналдар және маскаларды, таңдау және тағы басқа мүмкіндіктерді ұсынады.          

     Панелдер және палитралар 
              Сандық праметрлерді енгізу немесе кейбір өлшемдер, қаріптер, түстер сияқты атрибуттарды таңдау мақсаты тұрған кезде, сіз арнайы диалогты терезелер – панелдер және палитраларды қолданасыз. 
Құралдар панелі 
              Құралдар панелінің көмегімен біз сурет саламыз, бояймыз, бейненің керекті облыстарын бөліп аламыз, оларды жылжытып өзгертеміз, тексті енгіземіз және т.б. операцияларды орындаймыз. Төменгі жақта редактор терезесінің қалпын өзгертетін 3 батырма орналысқан.  
Ағымдағы форма облыстарын бөліп алуда қолданылатын құралдар  
Тікбұрышты облыс (Rectangular Marquee), Shift+M; 
Эллипс типті облыс (Elliptical Marquee), Shift+M; 
Жалғыз жол (Single Row Marquee), Shift+M; 
Жалғыз баған (Single Column Marquee), Shift+M. 
Облыстарды бөліп алуда қолданылатын құралдар 
Лассо (Lasso), Shift+L; 
Көпбұрышты лассо (Polygonal Lasso), Shift+L; 
Магнитті лассо (Magnetic Lasso), Shift+L. 
Шеттер бойынша қиып алу құралдары  
 
Кадрлау (Crop), Shift+C. 
Ретуш операциясына қажетті құралдар: 
Қайта келтіру кисть (Healing Brush), Shift+J; 
Заплата (Patch), Shift+J. 
Бейне бөліктерін көшіру құралдары 
Клондаушы штамп (Clone Stamp), Shift+S; 
Өрнек штампы (Pattern Stamp), Shift+S. 
Өшіруге арналған құралдар: 
Өшіргіш (Eraser), Shift+E; 
Фонды өшіргіш (Background Eraser), Shift+E; 
Сиқырлы өшіргіш (Magic Eraser), Shift+E. 
Дәлдікті басқару құралдары 
Жуу (Blur), Shift+R; 
Дәлдік (Sharpen), Shift+R; 
Саусақ (Smudge), Shift+R. 
Векторлық контурларды бөліп алу құралдары 
Контурды бөліп алу (Path Selection), Shift+A; 
Тік бөліп алу (Direct Selection), Shift+A; 
Векторлық контурларды салу және өңдеу үшін құралдар 
Перо (Pen), Shift+P; 
Бос форма(Freeform Pen), Shift+P; 
Тіректі нүктені қою (Add Anchor Point), Shift++; 
Тіректі нүстені жою (Delete Anchor Point), Shift+-; 
Нүктені түрлендіру (Convert Point). 
Комментарий құруға арналған құралдар 
Комментарий (Notes), Shift+N; 
Аудиоаннотация (Audio annotation), Shift+N. 
Қол (Hand) терезесінде бейнелердің орнын ауыстыру үшін құралдар, Shift+H. 
Активті түстерді басқару үшін қолданылатын құралдар 
Өңдеудің стандартты режимін қосып қою құралы. (Edit in stardart Mode), Shift+Q. 
Image Ready программасына өту құралы (Jump to), Shift+Ctrl+M. 
Бөлінген облыстардың орнын ауыстыру (Move) үшін қолданылатын құралдар, Shift+V. 
Бір түсті облыстарды бөліп алуда қолданылатын құрал (Magic Wand), Shift+W. 
Бейнені фрагментке кесуде қолданылатын құралдар 
Фрагмент (Slice), Shift+K; 
Фрагментті бөліп алу (Slice Select), Shift+K. 
Сурет салуда қолданылатын құралдар 
Кисть (Brush), Shift+B; 
Карандаш (Pencil), Shift+B. 
Бейнелердің алдында болған жағдайына келтіретін құралдар Қалпына келтіретін кисть (History Brush), Shift+Y; 
Бөлініп алынған облыстарды бояу құралдары 
Градиент (Gradient), Shift+G; 
Бояуы бар шелек (Paint Bucket), Shift+G. 
Жарықтылықты басқару құралдары 
Жарықтағыш (Dodge), Shift+O; 
Қараңғылатқыш (Burn), Shift+O; 
Губка (Sponge), Shift+O. 
Мәтін енгізу үшін қолданылатын құралдар 
Горизонтальды мәтін (Horizontal type), Shift+T; 
Вертикалды мәтін (Vertical Type), Shift+T; 
Горизонталды мәтін маскасы ( Horizontal Type Mask), Shift+T; 
Вертикалды мәтін маскасы (Vertical Type Mask), Shift+T. 
Векторлық фигураларды салуда қолданылатын құралдар Тікбұрыш (Rectangle), Shift+U; 
Дөңгелектенген тікбұрыш (Rounded Rectangle), Shift+U; 
Эллипс (ellipse), Shift+U; 
Көпбұрыш (Polygon), Shift+U; 
Түзу (Line), Shift+U; 
Қолданушы формасы (Custom Shape), Shift+U. 
Қашықтық пен бұрыштарды өлшеуде, түстерді өлшеу және көшірмесін алатын құралдар Пипетка (Eyedropper), Shift+I; 
Түстік пробалар (Color Sampler), Shift+I; 
Өлшеуіш (Measure), Shift+I. 
Бейнені әртүрлі масштабта қарап шығу құралы Лупа (Zoom), Shift+Z. 
Жылдам маскілеу режимінде редакторлайтын батырманы қосу (edit in quick Mask Mode), Shift+Q 
Программа терезесінің сыртқы келбетін басқаратын құралдар
 

     Курсты  оқыту жоспары  мен тәсілдері

     Өндірістік  практика тәжірибе базасының өндірісімен, технологиясымен және қызметінің негізгі  бағыттарымен жалпы танысудан басталады. Кәсіпорындағы практика  басшысы  кіріспе нұсқамалар жүргізіп, барлық бөлімшелері бойынша саяхат ұйымдастырады. Содан кейін мен мекеменің  жарғысымен, басқару бөлімдерінің жағдайымен және оның қызметін реттеп отыратын өзге де нормативтік құжаттарымен таныстым.

                Кәсіпорынмен танысу материалдарында  оның ұжымдық құрылымының сызбасы жасалады. Практика жетекшісімен бірігіп  техникалық бөлімде практиканы өту жоспары құрылды.

     Adobe Photoshop курсын оқытудың жоспары:

  • Photoshop  жұмысына бастама
  • Adobe Photoshop CS5  бағдарламасының құралдар сайманы
  • Photoshop бағдарламасындағы мәтін (Type)
  • Adobe Photoshop қисықтарды қолдану
  • Photoshop бағдарламасындағы каналдар түсінігі
  • Adobe Photoshop каналдармен жұмыс жасау
  • Деңгейлердің көмегімен тондарды реттеу
  • Photoshop  бағдарламасында қабаттармен жұмыс
  • Adobe Photoshop маскалары
  • Photoshop бағдарламасындағы қабаттар
  • Жөндеуші қабаттар
  • Қабат стилін пайдалану(1 бөлім)
  • Қабат стилін пайдалану(2 бөлім)
  • Қабат стилін пайдалану(3 бөлім)
  • Объектті қию
  • Объектті қию (№2 тәсіл)
  • Photoshop бағдарламасында сапаны белгілеу
  • Артқы бейнеден мәтінді қию
  • Суреттің өлшемін өзгерту
  • Сапаны жоғалтпай суретті үлкейту жолдары
  • Фотошопта баннер жасау сабағы
  • Анимацияланған gif баннер жасау
  • Photoshop  бағдарламасында қылқаламдар дайындау
  • Әрекеттерді автоматтандыру тәсілдері
  • Түсті жақсартудың бес қадамы
  • Портретті ретушьтаудың қарапайым әдісі
  • Суретті ғаламторға арнайы бейімдеу
  • Ақ қара суреттерді тустіге айналдыру
  • Суреттерді қалпына келтіру
  • Қабырғалық граффити салып үйрену
  • Коллаж құру
  • Мүмкіндіктерді арттыру тәсілдері

     Сонымен қатар бағдарламаның мүмкіндіктерін пайдалана отырып, мынадай үй жұмыстары  беріліп отырады.

  • Фотошопта шөп текстуралы сурет жасау
  • Суреттерді өңдеу (өз таңдауларына сәйкес)
  • Фокустарды өзгертиу мысалдары
  • Тас тері эффектісін қайталау        

     Тыңдаушылар мен оқушылар курсты бітірген кезде  білетін болады: 
- Жұмыста стандарттық бағдарламаларды пайдалануды үйрену.  
- Бір уақытта бірнеше бағдарламалармен жұмыс істеу, бірнеше терезеден өзара іс-қимылды жүзеге асыру.  
- Windows XP анықтамалық жүйесін пайдалану.  
- Файлдар мен папкаларды құру, жою, орнына келтіру, басқа ат беру.  
- Компьютерді ақпаратты іздеуді жүзеге асырады. 
- Құрылған объектілерді көшіру және орналастыру.  Paint, PowerPoint графикалық редактордың көмегімен бояулы суретті құрады. Дискілерде ақпаратты сақтайды.  
- Жиі пайдаланылатын файлдар үшін ярлыктарды құрады. Ақпаратты мұрағаттау және мұрағаттарды орнына келтіреді. Жергілікті желіде жұмыс істеу. Желіге қосылған ДК ресурстарына қол жеткізуді реттеу. Жергілікті желіде электрондық поштаны еркін пайдалану.  
- Word бағдарламасының көмегімен құжаттарды құру. Суреттердің, рамалардың, құю және түрінің және WordArt объектілерінің көмегімен құжаттарды әдемі рәсімдеу.Құжаттарда кестені құру және рәсімдеу.Колонтитулдардың көмегімен басып шығарылатын құжаттарды рәсімдеу.Құжаттарды қағазға басып шығару.  
- Excel бағдарламасының көмегімен электрондық кестені құру. Кестені деректерімен тез толтыру. Формулалардың көмегімен есептерді тиімді жүргізу.Деректерді өсу, кему және алфавит бойынша іріктеу. Кестенің негізінде графиктер мен диаграммаларды құру. Кестені әдемі рәсімдеу, колонтитулды қосу және қағазға басып шығару.  PowerPoint бағдарламасының көмегімен презентацияны құру және демонстрациялау.   
- Internet Explorer браузерін тиімді пайдалану. Электронды поштамен кәсіптік жұмыс істеу, пошталық клиенттің жәнеWeb-поштаның жұмыстарының қағидаттарын, негізгі айырмасы мен ерекшелігін білу.Әр түрлі іздеу жүйелерінің сұранымдарының тілін сауатты пайдалану.

       Бейнені өңдеу бағдарламаларымен танысу, олардың ішінде таңдаған біреуін толық үйрену. Кәсіби біліктілікті арттыру. Ғаламтор жүйесінде маркетинг саласын меңгеру. 
 
 

     Қорытынды

                  Практика барысында мен өз  біліктілігімді арттыратын көптеген  бағдарламалармен   танысып, қызметтер  атқардым. Курстардан алған  алған  теориялық білімімді практика  жүзінде барынша байланыстыруға  тырыстым. Компьютерлік курстар  орталығы көптеген  компьютерлік  және техникамен қамсыздандыру,  оқыту жұмыстарын атқарады. Пікірталастарды, арнайы отырыстарды  және басқа да өзекті мәселелерді талқылауға бағытталған, жалпы шараларды өткізуді ұйымдастыру және қатысу, ғылым, білім, өндіріске кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсету салаларында өз көмегімді көрсеттім.  

Ақтау қалалық «НГЖ» компьютерлік курстар орталығы туралы ақпарат