Ақтөбе обылысының туризм дамытуының жаңа бағыттары

МАЗМҰНЫ 
 

КІРІСПЕ………………………………….............…………………….……..…3

1 АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ  ТУРИСТІК ГЕОГРАФИЯСЫ..............................4

1.1 Географиялық орны, тарихы………………………………………...…......4

1.2 Табиғаты………………………………………………………………….....5

1.3 Аудандар бойынша туристік рекреациялық  мүмкіншілігі……....….…6

2 ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ………………………....10

2.1 Халқы……………………………………………………………..…….......10

2.2 Экономикасы…………………………………………………………….....13

2.3 Облыстың туристік  инфрақұрлымының қазіргі жағдайы……………….16

3 ОБЛЫС ТУРИЗМІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ПОТЕНЦИАЛЫ...........................................................................................……20

3.1 Облыстағы туризм дамытудың проблемалары мен мәселелері…………20

3.2 Ақтөбе обылысының туризм дамытуының жаңа бағыттары……………22

ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………….…31

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……………………………...…32 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

КІРІСПЕ 

      Туризм  – экономиканың, мемлекет пен қоғам дамуының маңызды факторы болып табылады.Туризмді дұрыс жолға қоя білу қыруар пайда табуға жол ашады. Қазақстанның туризмін экономиканың басымдылыққа ие саласы ретінде қарастыруға болады. Республикада туризм мен спортты дамытудың мемлеккеттік бағадарламалары қабылдануда. Шетел тәжірибесінен белгілі болғандай егер мемлекет тарапынан дұрыс және тиімді саясат жүргізілетін болса туризм өзін өзі қамтамасыз ететін және де бұл нарықтың белгілі бір дәрежеде дамуына әкелетін жүйеге айналады. Қазіргі кезде қоғамның рекреациялық іс-әрекетке назары ауып отыр. Бұл құбылыс қызмет көрсету көлемінің кеңеюіне, халықтың білім деңгейінің көтерілуіне және халықтың материалды жағдайының жақсаруына байланысты көптеген дамыған индустриалды мемлекетерде жүріп жатыр. Қазіргі таңдағы еңбек түрінің өзгерісі, адамның жүйке жүйесіне әсер ететін қысымның көбеюі, қоршаған ортаның экологиясының бұзылуы, адамның физикалық және рухани күш-қуатын қалпына келтіруге деген қажеттілігінің өсуі және бос уақыттың болуы жергілікті тұратын жерден тыс рекреациялық іс-әрекетпен айналысатын халықтың санының өсуіне әсерін тигізді. Осыған орай қазіргі кездегі маңызды мәселелердің бірі – халықтың демалуына жағдай жасау болып табылады.

    Туризм  өзінің масштабтарымен, көпшілігімен, халықаралық және әлеуметтік сипатымен  қоғам өмірінің әлеуметтік және экономикалық жағдай-ларына әсер етеді. Туризм саласының қоршаған ортаға, аудандардың экономикасы мен халықтың тұрмыстық жағдайына жағымды қуатты әсері анықталды. Туризмді дамытудың негізгі мақсаты – оның жоғарғы рентабельді индустриясын құра отырып, кіріс беретін салаға айналдыру.

   Осы мақсатта әлемдік деңгейде табиғи-рекреациялық ресурстарды негізге ала отырып, туризмнің көптеген түрлері дамуға ие болады. Көп жағдайда барлық дерлік мемлекеттердің табиғи-ререацияалық әлеуеті бар. Дегенмен, олар оны мақсатты түрде игеріп, орнықты дамыта алмай отыр. Әлемнің барынша дамыған елдерінің туристік бағыттағы жеткен жетістіктері, саланы дамытудағы ерекшеліктері, басты бағыттары мен маңыз беретін тұстарын тану арқылы көптеген жаңа қырларын танимыз.

      Бүкіл дүниежүзілік туристік ұйымының маркетингтік қызметтері зерттеулерінің мәліметтері бойынша Ақтөбе облысында туризмді дамытудың мүмкіндіктері мол. Менің курстық жұмысымның тақырыбы Ақтөбе облысының туристік потенциалы. Ақтөбе облысының туризм жағдайы даму үстінде. Жұмыстың зерртеу нысаны – Ақтөбе облысының туризмінің дамуына үлес қосатын туристік саласы.

    Жұмыстың  мақсаты – Ақтөбе болысының  туристік потенциалын көрсету және облыстағы  туризмнің жағдайы мен даму перспективаларын қарастыру. Ақтөбе облысының туристік инфрақұрылымына сипаттама беру және дамыған туризм түрлерін қарастыру.

    Жұмыстың  міндеттері: 

  • Ақтөбе облысының туризм дамуы жайлы толық мәлімет беру;
 
  •  қандай  табиғи ресустарға бай екенін  анықтау;
  • туризм түрлеріне сипаттама беру;

    Зерттеу әдістері:

  • мәліметтерге сәйкес ақпарат көздерін алу;
  • алынған ақпаратқа салыстырма жұмысын жүргізу;
  • соңында түрлі бағыт бойыншы талдаулар жасау;

  Облыстың  туризмі Ақтөбе обылысының әкімшілік тарапынан қолдау табуда. Облыста туризмнің дамуына көптеген мүмкіншіліктер бар. Олар табиғи рекреациялық ресурстар, тарихи-мәдени ескерткіштер. Бүгінгі күні туризмнің инфрақұрылымы, сервис деңгейі нашар дамыған, екінші буындағы білікті туристік кадрлар жетіспейді, автомобиль жолдарының, көптеген мәдениет және тарих ескерткіштерінің қанағаттанғысыз жағдайы, батыстық туристің біздің өлке туралы хабарының аздығы, туризмнің негізгі көрсеткіштерін есептеу әдістемесінің жетілмегендігі, облыстың кейбір аудандарындағы экологиялық жағдайдың қолайсыздығы.

      Шыны керек, туризм индустриясын дамыту сан-салалы жұмыстарды жолға қоюдан басталады. Ең бірінші біз өз өңірімізді шетелдіктерге барлық жағаынан таныстыруымыз керек. Олардың қызығушылығын тудырып, туризмды дамыту туралы жаңа бағыттар ашу керек. Сондықтан біз облыстағы инфроқұрлымды дамытуымыз керек және туристік объектілерді тарихи және мәдени ескерткіштерді, табиғи ресурстарды тиімді пайдалануымыз қажет. Қазіргі таңда Ақтөбе облысында туризімнің қарқынды дамуына бағытталған, тиімді бағдарламалар жасалынып, әрі біртіндеп атқарылуда. Осы бітіру жұмысымда мен Ақтөбе облыстық түризімнің қазіргі  жағдайы және болашағы, оның дамуының ерекшеліктері, мәселелері мен оларды шешу жолдарын қарстырдық.  . Ал Ақтөбе облысы болса қазіргі туристердің барлық сұраныстарын қанағаттандыра алатын, ерекше туристік мүмкіншілігі бар орталық болып дамып, жетіле алады. Өйткені облыстың басқа аймақтармен салыстырғанда төмендегідей өзіндік ерекшелігі бар, олар: Экономика салаларының дамуы; тарихи-мәдени ескертіштердің ерекшеліктері; Мұражайлардың, мәдени-көңіл көтеру орындардың, этнографиялық жүйелердің болуы. Сонымен Ақтөбе облысы қазіргі кезде мықты туризм инфраструктурасын дамытуға арналған барлық ресурстар мен факторларға ие. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

  1 АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ТУРИСТІК ГЕОГРАФИЯСЫ 
 

    1.1 Географиялық орны, тарихы 
 

   Ақтөбе  облысы материктің тереңінде орналасқан, Қазақстанның батысында 300 мың кв. километр бар үлкен аймақты алып жатыр. Солтүстігінен оңтүстігіне  қарай 700 километр алып жатыр, шығысынан батысына қарай 800километрге созылып жатыр, Орал көлінен бастап Арал теңізіне дейін созылған. Оның батыс шекарасы жер шарындағы каспий тұрақтылығының ең соңында жатыр, ал шығысы торғай даласы арқылы өтеді. Облыс алып жатқан территориясы бойынша Қазақстанның тоғыздан бір бөлігін құрайды және үлкен Европа мемлекеттерімен бәсекелесе алады. Рельефне қарай облыс территориясын 5 геоморфологиялық аудандарға бөле аламыз: Мұғалжар таулары, Орал-Ембі алқабы, Торғай жазықтығы, үстірт алқабы, Каспий тұрақтылығы. Мұғалжар таулары бұл кішкене жоталар мен аласа беткейлер тобының меридионалдық тізбесі болып табылады. Мұғалжар таулары Европа мен Азияны бөліп тұрған, белгі ретінде көрінеді. Бұнда Елек пен Ембі, Хобда, Ойыл, Сағыз, Темір өзендері өтеді. Республиканың солтүстік-батыс өңірінде орналасқан Ақтөбе облысы терістігінде - Ресей Федерациясының Орынбор облысымен, оңтүстігінде - Өзбекстан Республикасының құрамындағы Қарақалпақстанмен батысында - Атырау және Батыс Қазақстан, шығысында - Қостанай, оңтүстік-шығысында - Қызылорда облыстарымен шектесіп жатыр. Облыс 12 селолық, қалалық және әкімшілік аудандарға бөлінген. Аумағында 6 қала, 2 қала типті қалашық бар. Әкімшілік орталығы - Ақтөбе қаласы [1].

   1869 жылы негізі қаланған  Ақтөбе алғашқыда әскери бекініс еді. 1878 жылы Ақтөбеге 28 шаруалар отбасылары келіп, келесі жылы адам саны 488 жетті. 1884  жылы екі училище салынды. Қалада сол кездегі бірден біроқу орны 1907 жылдан бастап ашылған 4 кластық училище еді. 1905-1912 жылдар аралығында салада темір жол училищесі, екі жылдық педагогикалық курстар, қыздар гимназиясы, ep мұғалімдер семинариясы ашылып, жаңа ғимараттар бой көтерді. 1937 жылы қалада екі қатарлы үйлер салына бастады.

    Жер бедерінің сипатына қарай облыстың аумағы 5 геоморфологиялық аудандарға бөлінеді: Мұғалжар таулары, Орал-Жем үстірті, Торғай-Арал маңы жазығы, үстірт беткейі және Каспий сырты ойпаты. Оңтүстік Оралдың жалғасы болып есептелетін Мұғалжар таулары /Орал тауынан Жайық өзенінің аңғарымен бөлінген/ облыстың орталық бөлігінде орналасып, меридиандық бағытта 450 шақырымға, солтүстік ендікте 48 градусқа дейін көлбеген, бұл тау жотасы бір-бірінен тау етегіндегі кең ойпат бөлген солтүстік және оңтүстік бөліктерден тұрады. Шамамен 50 "градустық солтүстік ендікте аяқталатын Солтүстік Мұғалжар Елек пен Ырғыз өзенде арасындағы ені 200 шақырым кеңістікті алып жатқан өркеш төбелі биіктіктер. Солтүстік Мұғалжар Op өзені арқылы батыс және шығыс тармақтарға бөлінген. Солтүстік Мұғалжардың батыс тармағы Орал тауының орталық және cy айрығы бөліктеріндегі, теңіз деңгейінен биіктігі 440-460 м. жалғасы болып жатқан үстірті секілді. Үстірт cy айырығынан батысқа қарай ағынды сулармен тілімденіп, ұсақ шоқыларға айналғаң ал шығысқа қарай Op өзенінің сол жақ салаларымен тарамдалып, төбешікті жазыққа ұласады, оның бастауындағы биіктігі 509 м. Солтүстік Мұғалжардың шығыс қанаты /Op және Ырғыз өзендерінің арасы/ теңіз деңгейінен биіктігі 340 м жететін біркелкі жазық болып келеді де, Op өзеніне таман төмендей түседі. Өзен аңғарының етегінде мүжіліп, бөлшектенген жерлер кездеседі. Оңтүстік Мұғалжар жоталы таулардан тұрады және ол облыстағы ең биік аймақ болып табылады. Оның басты тізбегі - сол Мұғалжар жотасы оған иек артып жатқан Орал-Жем үстіртінен 200-300 м. биікке көтерілген. Оның кейбір неғұрлым сүйрік тұстары теңіз деңгейінен 450-650 м биіктікте. /Бақтыбай тауы 657 м/. Оңтүстік Мұғалжардың шығысы жатықтанып, аласа келеді, оларда биіктігі 20-30 м шамасында сирек төбешіктер тізбектері кездеседі. Теңіз деңгейінен 280-300 м биікте жатқан бұл жайпақ үстірттер Ырғыз өзенінің оң жақ салаларымен енсіз, терең алқаптарға тарамдалған. Орал-Жем үстірті облыстың батыс өңірінің үлкен бөлігін алып, көптеген өзендермен және Ойыл, Сағыз, Жем бассейндерінің yaқытша ағын суларымен жыраланып, бөктерлі-төбешікті жазықтыққа айналған. Олар өзеннің cy айрықтарында теңіз деңгейінен 400-500 м биіктікке жетіп солтүстік-шығыста, өте біркелкі болмаса да батыс пен оңтүстік-батысында әркелкі келіп, 100 м дейін төмендейді. Үстірттің бедеріне тән жағдай - биіктігі 100-150 м болатын Сағыз бен Жем өзендері арасында останцо-эрозиялық бөктерлер, сол сияқты денудация-эрозиялық процестердің үзіліссіз өтіп жатқандығын білдіретін түрлі биіктегі денудациалық-эрозиялық төбешіктер, адырлар, шоқылар. Адырлар арасындағы кең ойпаттарда шағылды және адыр-бұдырлы құмдар, ойыл, сағыз және Жем өзендері алқаптарындағы құмдар немесе сортаңдар жатыр. Сонымен бірге үстірттің осы бөлігінің жоғары жағында бос сулар кездеседі. Торғай-Арал маңы төрткүл жазықтығы (Торғай үстірті) облыстың шығыс бөлігін алып жатыр. Оның биіктіктері батысы мен солтүстік-батысында теңіз деңгейінен Мұғалжар тауының баурайында 320-280 м., оңтүстік-шығыс бөлігінде яғни Торғай, Ырғыз өзендерінің аяғында және Шалқар-Теңіз кеңістігінде небәрі 70-50 м. Үстірттің рельефіне ондаған метр биіктігі бар тік жарлар, кейбір жерлері cy арналарымен тілімденген төрткүл биікгіктер болып келеді. Үстірттің бетінде, әсіресе, Торғай, Ырғыз, Өлкейек өзендерінің аяқтарында және Арал маңының терістігінде бос сулы көл ойпаттар, сортақты құйылыстар мен тақырлар көп. Жазықтың оңтүстік бөлігі – Арал маңы ойпатындағы биіктіктер 80-150 м. аралығында құбылады. Мұндағы алқаптарды көлем, құмдар алып жатыр. Солардың ішінде ең ірілері Ұлықұм, Kіші құм. Өсімдіктер өскен төбе құмдардың  елеулі   бөлігі Үстірттің шыңшоқысы, Шағрайжоны және Ырғыз өзенінің төменгі маңы. Ақтөбе облысының туризм жағдайын бақылап қарастырғаннан кейін біз облыста ішкі туризмге қарағанда сыртқы туризм жақсы дамығанын байқадық. Осы мәселені шешу үшін бізге облыс шеңберіндегі туризмді дамыту қажет [4].  
 
 
 

  1.2 Табиғаты 

   Климаты. Облыс құрылқтан шалғай, мұхиттар мен биік таулы жүйелерден алыста жатыр. Қыста аумақ Сібір антициклонының ықпалында болса, жазда жылы, шөл даланың құрғақ субтропикалық ауасы кедергісіз, еркін жетеді. Облыстың климатына құрғақ континенталдық сипат тән.

   Aуаның температурасы. Облыстың аумағында ауаның орташа жылдық температурасы солтүстікте /Родников кенті/ 2,8 градустан оңтүстікте /Ақтұмсық/ 7,8 градусқа дейін құбылады. Жыл ішіндегі aya температурасының барысы қыста тұрақты аязды күндермен көктемгі қысқы күндерден кейін жеделдеп, ыстық жазға жалғасуымен сипатталады. Ауаның айлық неғұрлым төменгі орта температурасы -12°, -18° қаңтар және ақпан айларында. Температураның ең төменгі абсолюттік шамасы кейбір жылдары - 48 градусқа дейін түсіп кетеді. Жылдың, ең жылы айы шілде, бұл айда ауаның орташа температурасы 26,4 градусқа. Ең жоғары абсолюттік температура 44 градус /Ақтұм-сықта, 5.8.1955 ж./ тіркелді. Ауаның орташа тәуліктік температурасының 0 градустан ауысуы көктемде әдетте 25-31 наурызда оңтүстікте және солтүстікте 6-10 сәуірге келеді; күзде тиісінше 1-10 қараша мен 29-31 қазанда. Орта тәуліктік температурасы 0 градустан артық болатын күндер саны 200-ге жуық. Аязсыз кезең облыстың солтүстігінде 130-140 күнге, оңтүстігінде 150-160 күнге созылады.

   Атмосфералық  жауын - шашын. Облыс аумағында орташа жылдық ылғал мөлшері 160 мм-ден 360 мм-ге дейін құбылып, ең аз ылғал Үстірт жазығына түседі. Кейбір жылдары жауын-шашын жылдық орташа мөлшерден елеулі түрде ауытқып тұрады. Жыл бойы ылғал тегіс түспейді. Оның негізгі мөлшері жылы мерзімге келіп, салқын кезде жауын шашынның жылдық мөлшерінің шамамен 30 - 40% ғана түседі. Ылғалдың айлық мөлшерінің ең молы маусым немесе шілде айларына келеді: жауынның айтарлықтай тағы бір көп мөлшері-қазан айында. Ылғалдың ең азы - ақпан айы [44].

       Өсімдігі. Түр-тұқымына қарағанда облыста өсімдік ѳте-мөте әртүрлі. Мұнда тамырлы өсімдіктің 417 тегіне, 92 тұқымдасына жататын 1057 шамасында түрі шығады. Шөп биіктігі негізінен екі түрмен сипатталды: далалықта - дақылдық, қуаң далада - жусанды өсімдіктер. Облыстың солтүстік құрға далалығында болғандықтан, негізінен дақылды әртүрлі /бетеге-ақселеулі/ шөп өседі. Оның сортаң жерлері-кәдімгі бетеге, ақ және қара жусанды. Мұғалжардың тастақты беткейлерінде сирек кездесетін бұталар мол. Таудың өзенді аңғарлары мен қойнауларында көктерек, қайың өскен. Op, Жем және Елек өзендерінің cy айырық жерлерінде қайың шоғырлары бұлақ суларымен қоректенетін батпақты жерлерді жиектеген. Шөлейт өңірде жусанды-дақылды шөптер өседі.

      Аң-құстары. Географиялык орналасуы мен ландшафты-климат жағдайының әртүрліліг себепті облыста аң-құстар түрі де сан-алуан.   Өңірде   сүт қоректерінің 62, құстардың 214 және балықтың 24 түрі кездесіп, сүт қоректілердің 10 және қүстың 35 түрі ҚР "Қызыл Кітабына" енгізілген. Сүт қоректілерден кездесетіні - Елек, Қарғалы, Қобда өзендері мен олардың салалары бойындағы, сол сияқты Қарғалы, Мәртөк, Қобда аудандарындағы орманды жерлерде мекендейтін бұлан. Оның саны көп емес. Бұлан мекендеген аймақта еліктер де тіршілік етеді, бірақ олардың саны көп емес, 252 шамасында [6]. 

  1.3 Аудандар бойынша туристік рекреациялық мүмкіншілігі 

   Облыстың аудандары. Ақтөбе облысы 12 ауданнан тұрады. Әрбір аудан геологиялық ерекшеліктерімен, тарихи түбірлерімен, мәдени мұраларымен ерекшеленеді. Ежелден Ақтөбе жері көшпенділердің шаруашылық ісімен байланысты болған. Мыңжылдық тәжірибелері қазіргі уақытқа дейін табиғатын ғасырдан-ғасырға сақтауға көмектесті.  Қазіргі туризімнің инфрақұрлымын құра отырып, барлық қатысушылар қоршаған ортаны сақтаудың міндеттерін, тарихи-мәдени және табиғый объектілерге қамқорлық қатынастарын, ұлттық дәстүрлер мен салттарды сақтауды шешу керек.

       Әйтеке би ауданы Ырғыз өзеннің жағалауында орналасқан. 1997жылы салыстырмалы жас Комсомол және ежелгі қарабұтақ аудандарын қосқанда пайда болды. Бұл кескіндеме Айке, Сұлу көл сияқты өзендер бар далалық аудан. Толыбай және басқа да тарихи-мәдени көз тартарлықтары бар: халыққа белгілі Былшық бидің отаны, жазушы Қуандық Шаңғытаевтың, Раймбергеновтар әулетінің отаны. Ұлттық аңшылықты дамыту үшін және спорт түризмі үшін үлкен мүмкіндіктер бар. Жасалып жатқан темір жол көлік проблемасын шешеді.

       Алға ауданы Елек өзеннің жағасында орналасқан. Алға қаласының аудан орталығы 1933жылы Орынбор-Тәшкент темір жолының станциясы ретінде құрылған. Бестамақ ауылында қазақ мемлекетінің құрылуына үлкен күш қосқан. 17ғ-дың соңы мен 18ғ-дың ортасындағы кіші жүздегі мемлекеттің және әскери қызметтер Көкіұлы Есет батырдың мемориалдың кешені орналасқан. Аудан сауықтыру туризмін дамыту үшін ынғайлы: Ақтөбе қаласының маңайында жолдық инфрақұрлым бар, туризм инфрақұрлым объектілерін жыл бойы салу үшін мүмкіндік бар, демалыстың қысқы түрлерін дамыту мүмкін.

       Байғанин ауданы Облыстың ең көне аудандарының бірі. Аймақта қазақ рулары туратын етноним бойынша аталатын тарихи Адай-Табын болысы ретінде белгілі. Ресми түрде 1920жылы құрлылған. Облыстың оңтүстік батыс бөлгінде орналасқан. 1940жылы қазақтың белгілі жыршысы, ақын Нүрпейіс Байғаниннің атымен аталады. Тарихи ерекшеліктер ретінде ауданда көптеген тарихи ескерткіштер бар: Асан-Қожа, Даумшар. Қарасақал, Сүндет күмбез және тағы басқа көптеген өзен – көлдерімен әйгілі. Ғалым Сақтаған  Байшевтың, жазушы Тобық Жармағанбетов пен Қажығали Мұқамбетқалиевтің, ақын Сағи Жиенбаевтың, Бәкір Тәжібаевтің, Есенбай Дүйсенбайдың, Өтежан Нұрғалиевтің отаны. Аудан ішкі және көшпелі туризм үшін таптырмас мекен.

       Ырғыз ауданы Облыстың белгілі тарихи аймағы, ресми түрде 1933жылы облыстың шығы бөлігінде құрылыған. 1879жылы бірінші мектепті ғалым-ағартушы Ыбрай Алтынсарин ашты. 1903 жылы ауданда 30 дан аса мектеп жұмыс істеді. Бұл Ырғызды 20ғ басындағы ағартушы және білім беруші аймақ орталығы ретінде танытады. Аудан орталығы 1845жылы әскери бекініс ретінде құрылды. 1867 жылы қала-уездік орталық болды. Ырғыз 1870жылдың 19-шы қазанында ашылған жәрменкесімен белгілі. Жәрменке маусым айында өтеді. Жылына екі рет мамырда және қыркүйекте, жарменкеде Орынбордың, Маскваның, төменгі Новгородтың саудагерлері мен Бұхардың, Сырдаряның, Сары-Арқа аймақтарының байлары қатысты. 18-31жас аралығындағы қазақ жастары тыл жұмыстарына алу туралы патша әмірімен байланысты 1916жылы батыр Амангелді Имановтың көтерлісін қолдаған аймақтардың бірі [14].

       Ауданда Торғай мемлекеттік табиғи – зоологиялық қорығы орналасқан. Жазушы Өтебай Қанахиннің, ауыл Мейрхан Ақдәулетұлының мемлеккеттік қайраткер Темірбек Жүргеновтың,  ғалым Телжан Шойыновтың, ауыл Дүйсенбйдікң туған жері. Аудан туризм үшін өте қажет. Онда халқаралық Самара-Шымкент автотрассасы өтеді, ерекше табиғи объектілер, тарихи ескерткіштер және ерекше ұлттық бейне бар.

       Қарғалы ауданы Өте жас аудан, 1921 жылы құрылған облыстың солтүстігінде орналасқан. Атауын район территориясы бойынша ағып өтетін Қарғалы - өзенні бойынша алды. Көмір, кобальт, никель өнімдерін алуды дамыту мен байланысты Кеңес уақытында белгілі болды. Ауданның әдемі жерлері демалыстың қайсы бір белсенді түрлерін қызықтырады: жылдың барлық уақытында көп күндік сапарға бағыт бойынша бола алады. Тәжірибелі адамдар, туристер, оқушылар, үлкендер шаңғымен, спелеомен, рафтингпен, жаяу демала алады.

      Мәртөк ауданы  1935жылы құрылған,  Мартук ауданының аудан орталығы Орынбор – Ташкент жолының станциясы ретінде құрылған. Облыстың солтүстік шығысында орналасқан, Елек өзенінің жағалауында орналасқан. Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық аспаптар оркестірін құрушылардың бірі, белгілі мәдениет қайраткері, күйлерді орындаушы Қамбар Медетовтың туған жері. Ауданның жақсы табиғи ресурстары: облыс орталығына жақындығы, Орынбор – Ақтөбе халық аралық автобекеті, басқада артықшылықтары ауданға сауықтыру, танымдық, экологиялық, спорттық және туризімнің басқа түрлерін дамытуға мүмкіндік береді.

      Мұғалжар ауданы 1997 жыл ежелгі Мугаджар мен жас Октябрь аудандарынның қосылуынан құрылған. Облыстың оңтүстігінде, Елек өзеннінің жағалауында орналасқан. Аудан орталығы Қандыағаш. Белгілі мәдени әулет Жұбановтардың туған жері. Олардың атына үлкен мемориалдық кешен салынған. Ауданның географиялық орналасуы ыңғайлы. Территориясы арқылы Мұғалжар таулары өтеді. Әртүрлі ландшафтылығы мен көз тартады. Көлдер мен өзендер, балықтардың түрлері, өсімдіктер мен жануарлардың байлығы, аққайың алаңдары, әртүрлі емдік қасиеті бар шөптер өседі. Аудан аң аулау мен балық аулауға, экстремал туризм үшін, емдік-сауықтыру, экологиялық, таным туризмін дамыту үшін ынғайлы.

      Темір ауданы  Облыстың ежелгі аймағы, 1869 жылы 17 болысы бар Темір уезі ретінде белгілі болды. Уезд құрамында қазіргі Темір, Ойыл, Байғанин, Мұғалжар аудандары болды. Аудан орталығы Шұбарқұдық, қазіргі аудан 1972 жылы құрлыды. Темір қаласы бастапқы аты Қарақамыс, 1870жылы әскери бекініс ретінде құрылды. 19ғ соңы мен 20ғ басындағы үлкен сауда орталығы болды. Онда жылына екі рет өтетін жәрменкеге Ташкенттен, Бұхардан, Уфадан, Орынбор мен Орскден келген саудагерлер қатысты. Темір қаласында бірінші мектептер 1870жылы ашылды. Қайта жаңартудан Ахмет Халфенің мешті сақталған. Ғалым Әбу Такенов, әскери қызыметкер Жансен Кереевтің туған жері. Бұл аудан аң аулау, балық аулау үшін, туризмнің экологиялық, емдік-сауықтыру және қызықты түрлері үшін жақсы мүмкіншіліктері бар.

      Ойыл ауданы  1921 жылы 14 болыстың құрамында құрылған Ойыл өзеннің оң жақ жағалауында, облыстың батысында орналасқан. Тары өсіру бойынша дүниежүзілік рекорд орнатқан Шығанақ Берсиевтің туған жері. Аудан орталығы Ойыл бастапқы атауы Көкжар. Жарменкесі Батыс Қазақстанда жыл сайын көктеммен күзде өтеді. Қайта өңделген жәрменкенің сауда қатарлары әлі де сақталған. Ең бірінші мешіт 1893жылы салынған. 1869 жылы әскери бекініс ретінде Шиповский поселкесі болып құрылған. 1917-1919 жылдарындағы азамат соғысы уақытында Батыстың Алаш Орда үкіметінің орталығы ретінде белгілі болған. Ауданда емдеу-сауықтыру түризмін дамыту үшін тарихи объектілер мен әртүрлі туризм объектілері бар.

      Хобда ауданы 1933жыл құрылған. Облыстың солтүстік батысында орналасқан. Оның құрамына тарихи Исатай ауданы кіреді. Ауданда белгілі Абат – Байтақтың мемориялдық кешені орналасқан. Ауыл Амантай Өтегеновтың, Кеңес одағының батыры, қазақ халқының батыр қызы Әлия Молдағұлованың туған жері. Аудан ішкі және сыртқы туризмді дамыту үшін қызықты: аң аулау және балық аулау, демалу және танымдық бағыты үшін қолайлы. Жылдың әр мезгіліне арналған демалыс орындары, геологиялық табиғи объектілер бар. Ауданда спорттық туризм мен айналысатындар көп, мысалы, ат туризмін, шанғы туризмін, вело туризмін дамытуға қолайлы.

      Шалқар ауданы 1921жылы құрылды, облыстың оңтүстігінде орналасқан. Тарихи ерекшеліктері ретінде тарихи ескерткіштерімен белгілі. Есет Дәрібайдың, Монке би Айтұлының күмбезі бар. Әнші Жанар Айжанованың, Жазушы сатирик Төрежан Меңдібаевтің, халық жазушысы Тахауи Ақтановтың туған жері. Ішкі және сыртқы туризімді дамыту үшін көз тартарлық аудан.

      Абат-Байтақ 14-15 ғасыр Бұл мавзолей бұрынғы Сары – Хобда өзенінің аумағында орналасқан. Бұрынғы заманда бұл мавзалей ошақ алтын түсті бояуларымен мұсылмандық мәдениет және архитектуралық дәстүрдің классикалық түстерімен жарқыраған деген тұжырым бар. Уақыттың ол сыртқы түрін жоғалтқан. Кірпіштердің арасынан қазырде кей жерлерде көгілдір әшекейлер байқалады. Мавзолей бір жыл, бір мезгілде салынбаған құрлыста тек жегілікті жердің кірпіштері ғана пайдаланылған. 18-19 ғасырларда ескерткіш маңында өте үлкен зират пайда болған. Оның үстінде керемен құлпытастар ансанбльі құрылды. Олардың арасында тас кесу өнерінің ерекше үлгілері бар. Мавзалейден 15-20 км. қашықтықта қорғандар бар. Қорғандарды қазу барысында Алтын орда заманындағы шамамен 13 ғ. екінші жартысындағы сирек кездесетін зираттар табылған. Сол жерден орта ғасырлық отырықшы жер шаруашылығымен айналысатын, дамыған жоғанры мәдениетті мекен табылған. Атақты ақындар домбырасының әуенін естігенде, сол әуенде балқынп, уақыт жоғалып, жаныңа қанат бітіп, тек жүрек әлем тынысын еститын мәнгілік қана қалады. Осындай дара тұлғалар осы жерде дүниеге келді. Олар халық жадысында мәнгілікке қалып, оларға танымдық бағыт – бағдар болады. Атақты батырлармен отанды қорғаушылар, музыканттармен философтар, суретшілермен космонавтар Ақтөбе жерінің және Қазақстанның атын шығарды [8]. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    1. ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ
 
 

     2.1 Халқы

 

   1932 жылдың 22 ақпанында құрылып 10 наурызында БОАК-де бекітілген облыстың жер көлемі 552089 шаршы километрді алып жатты, оған 18 аудан кірді. Халқының саны 724,5 мың адам болды. Оның 59,1% қазақтар. Халықтың тығыздығы 1 шаршы км-ге 1,3 адамнан келген. 1999 жылғы халық санағының қорытындысы бойынша облыста 682558 адам түрады. Оның 383,7 мыңы қала, 298,9 мыңы ауыл түрғындары. Олар 91 ұлттар мен ұлыстардың өкілдері. Халықтың саны облыста 1959 жылмен салыстырғанда 279,1 мыңға өскен. Оның ішінде қала тұрғындары 42,9%-тен 56,2%-ке дейін өскен, ауыл тұрғындары 57,1%-тен 43,8%-ке кеміген. /1- кесте/. Облыста 1999 жылы 1989 жылмен салыстырғанда қала халқы 54,1%-тен 56,2%-ке өссе, село халқы 45,9%-тен 43,8% азайған. Облыс тұрғындарының ұлттық құрамында да елеулі өзгерістер болды. Қазір қазақтар облыс тұрғындарының 70,66%-і. Қазақтар 407222 адамнан 482285 ке көбейіп, 118,4%-ке өскен [5]. 

Кесте 1 Облыс тұрғындарының өсу динамикасы [9] 

 
Жылдар 
Тұрғындар санының барлығы /мың адам/     Соның ішінде Тұрғындар жалпы санына % есебімен
Қалалық тұрғындар Ауылдық тұрғындар Қалалық тұрғындар Ауылдық тұрғындар
    1940     338,200     88,800     149,400     26,3     73,7
    1950     301,000     115,400     184,700     38,5     61,5
    1959     399,5     171,4     228,1     42,9     57,1
    1970     551,8     245,4     306,4     44,5     . 55,5
    1995     630,4     295,5     334,9     46,9     53,1
    2000     732,7     396,4     336,3     54,1     45,9
    2004     692,6     383,7     298,9     56,2     43,8
    2009     672,6     375,4     297,2     55,8     44,2
 

    1970 жылмен салыстырғанда орыстар, украиндер, немістер, татарлар, өзбектер, белорустар, т.б. ұлттар саны кеміген. Оны кейбір әлеуметтік, экономикалық жағдайларға және тарихи отандарына оралуына байланысты алыс, жақын мемлекеттерге көшумен түсіндіруге болады. 1999 жылы 1989 жылмен салыстырғанда облыс бойынша және барлық аудандарда тұрғындар саны азайды. Бұл әсіресе, Қобда, Қарғалы, Шалқар, Мәртөк ауд. орын алды.

    Облыс халқының саны 2007 жылдың 1 қаңтарының алдын  ала есеп мәліметтері бойынша 695,3 мың адам құрап, соның ішінде 386,7 мың адам (55,6%) - қала тұрғындары және 308,6 мың адам (44,4%) - ауыл тұрғындары. Облыс халқының саны 2006 жылдың 1 қаңтарымен салыстырғанда 8,6 мың адамға өсті, осының ішінде 6,9 мың адамға - табиғи өсім есесінен 1,7 мың адамға халық көші-қонының есесінен [22]. 

Кесте 2 Халық санының өзгеруі [9] 

    Халық саны     2007 жыл     2006 жыл
    Облыс бойынша барлығы     695344     686698
    Ақтөбе  қ.     299517     292095
    Алға     41161     40143
    Әйтеке  би     31864     32196
    Байғанин     23917     23908
    Қарғалы     18302     18496
    Қобда     23651     24068
    Мәртөк     31378     31380
    Мұғалжар     65481     64688
    Ойыл     19998     20004
    Темір     36506     36407
    Хромтау     42021     41984
    Шалқар     46044     45891
    Ырғыз     15504     15438
Ақтөбе обылысының туризм дамытуының жаңа бағыттары