Аппеляциялық өндірістің тарихи және салыстыру-құқықтық талдаулары

 

КІРІСПЕ

 

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, билік үш салаға бөлінеді: заңшығарушы, атқарушы және сот билігі. Сот билігін жүргізу тек қана соттарға жүктелген және олардың өздерінің өкілеттігіне, атқаратын міндеттеріне қарай жиынтығы сот билігінің жүйесін құрайды. Қазақстан Республикасының 2001 жыл 11 шілдедегі Заңымен бекітілген сот шешімдерін шағымдану және наразылык білдіру тәртібі бұрынғы кассациялық және апелляциялық өндірістің жеке элементтерін біріктірді. Яғни, бұл жерде бұл шағымдану, наразылық білдіру тәртібінің жаңадан туылғандығы жөнінде айтуға болады. Апелляция институты Қазақстанның қүқықтық жүйесі үшін бейтаныс болғандыктан, апелляциялық өндіріс туралы ережелердің іс жүзінде қолданылу проблемалары  кім-кімді де қызықтырары анық. Бұл жерде іс жүргізу қызметі субъектілерінің алдында тұрған міндеттердің үлкен маңыздылығын, күрделілігін және айрықшалығын ескере отырып, апелляциялық өндіріске арналған отандық құкықтық әдебиеттердің жоқтың қасы екендігін, ал қазақ тіліндегі ондай әдебиеттердің жоқ екендігін айта кету керек. Бұл жерде азаматтық іс жүргізу қызметі субъектілерінің алдында тұрған міндеттердің үлкен маңыздылығын, күрделілігін және айрықшалығын ескере отырып, апелляциялық өндіріске арналған отандық құкықтық әдебиеттердің жоқтың қасы екендігін, ал қазақ тіліндегі ондай әдебиеттердің жоқ екендігін айта кету керек. Қазакстан Республикасының Конституциясы әрбір адамға өзінің құқыктары мен бостандықтарының соттық корғалуына кепілдік береді. Қылмыстық сот өндірісі және бас сот талқылауы барысында азаматтардың құқықтары шектелуі мүмкін болғандықтан, Қазакстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі қылмыстық істерді объективті және әділ шешілуінің маңызды тәсілдерінің бірі ретінде сот үкімдері мен қаулыларына шағымдану, наразылық білдіру және сот шешімін қайта қарауды тиянақты түрде  көрсеткен. Апелляциялық сатыдағы (инстанциядағы) өндіріс - күшіндегі заңның новелласы болып табылады. Алайда, кылмыстық іс жүргізудің бірде-бір сатысы жана ҚІЖК-сі қабылданған уакыттан бері мұндай өзгертулерге ұшыраған жоқ.

Апелляциялық өндірістің алғашқы варианты заңшығарушы істердің сотта қаралу нәтижелерін тексеру нысанында болды. Істердің апелляциялық тәртіппен кайта қаралу тәртібі, ол кұрылған сәттен бастап көптеген сенімсіздіктер туғызғандығын айта кету керек. ҚІЖК-нін тиісті ережелерінің күшіне енгізілуінің кейінге қалдырылуының себептерінің бірі осы болса керек.

Қазақстан Республикасының 2001 жыл 11 шілдедегі Заңымен бекітілген сот шешімдерін шағымдану және наразылык білдіру тәртібі бұрынғы кассациялық және апелляциялық өндірістің жеке элементтерін біріктірді. Яғни, бұл жерде бұл шағымдану, наразылық білдіру тәртібінің жаңадан туылғандығы жөнінде айтуға болады.

Апелляция институты Қазақстанның қүқықтық жүйесі үшін бейтаныс болғандыктан, апелляциялық өндіріс туралы ережелердің іс жүзінде қолданылу проблемалары  кім-кімді де қызықтырары анық.  Бұл жерде қылмыстық іс жүргізу қызметі субъектілерінің алдында тұрған міндеттердің үлкен маңыздылығын, күрделілігін және айрықшалығын ескере отырып, апелляциялық өндіріске арналған отандық құкықтық әдебиеттердің жоқтың қасы екендігін, ал қазақ тіліндегі ондай әдебиеттердің жоқ екендігін айта кету керек.

 

Тақырыптың өзектілігі мен мақсаты: Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу құқығында алғаш рет азаматтық іс жүргізудің жаңа сатысы, заңды күшіне енбеген сот үкімдері мен қаулыларына шағымдану, наразылық білдіру, яғни апелляциялық сатысын кешенді түрде талдау жасауға талпынысымен анықталады. Жүргізілген зерттеу азаматтық сот өндірісіндегі жаңа саты, апелляциялық сатының мәнін, мазмұнын ашуға, тәжірибеде қолданылуын зерттеуге, тарихи және салыстыру-құқықтық талдаулар жасауға және азаматтық іс жүргізу сатыларының ішінде алатын маңызды орнын ашуға мүмкіндік береді.

Осы жоғарыда айтылғандарды ашу, зерттеу және талдау жасау бітіру жұмысының мақсаты болып табылады және ол мақсаттарды шешу үшін келесі міндеттерді орындау қажет:

- заңды күшіне енбеген сот шешімдері мен үкімдеріне наразылық 
келтіру, шағымданудың түсінігі, мәні және маңызы, апелляциялық өндірістің 
мазмұнын анықтау;

  • апелляциялық шағымдануға қүқықты тұлғаларды, олардың тәжіри- 
    беде қалыптасқан шағымдану, наразылық білдіру әрекеттерін зерттеу;
  • апелляциялық сатыда  істі  қарау  тәртібін  және  оның  бұрынғы кассациялық, апелляциялық сатылардан айырмашылығын ашу;
  • апелляциялық өндірісітің тарихи және салыстыру-құқықтық талдау- 
    ларын шығару.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І-тарау. Заңды күшіне енбеген сот шешімдері мен үкімдеріне наразылық келтіру, шағымданудың түсінігі және тәртібі.

 

Аппеляциялық өндірістің тарихи және салыстыру-құқықтық   талдаулары.

 

Апелляциялық өндірістің тарихи және салыстыру-құқықтық талдауларын  мен үш бөліммен қарастырдым:   1) қазақтардың дәстүрлі  құқығы бойынша шешімдерін қайта қарау институты; 2) кеңестік дәуірде Қазақстан соттарының шешімдерін қайта карау институттары және 3) кассациялық өндірістен апелляциялық өндіріске өту.[17]

1.     Қазақтардың дәстүрлі құқығы бойынша шешімдерді қайта қарау институты

Қазақстанның сот өндірісі кез келген ұлттық құрылым сияқты дәстүрлі құқық негізінде дүниеге келген еді. Қоғамның және оның институттарының дамуына байланысты қазақтардың дәстүрлі кұкығы да дамып, жетілдіріліп отырды. Қазақстан Ресейге косылғаннан кейін оның аумағында азаматтык іс жүргізудің екі түрі колданылды: біріншісі, қазақтардың дауларды, құқық бұзушылықтарды және қабылданған шешімдерге шағымдануды шешуде ұлттық салт-дәстүрге негізделген дәстүрлі құқық бойынша сот өндірісін жүргізу, екіншісі, Қазақстанда тұратын орыстардың мүддесіне қатысты істер бойынша сот өндірісін жүргізу. Сот өндірісінің екінші түрі бойынша іс орыс тілінде және Ресей заңдары негізінде жүргізілді. 1917 жылғы Қазан төңкерісі елдегі биліктің еңбекші тап кеңестерінің қолына көшкендігін әйгілеп берді. Революция жасақтаған кеңестік өкімет органдары Қазақстандағы бұрынғы сотгарды жойып, олардың орнына жаңасын құра бастады. Қазакстандағы сот жүйесінің кұрылуы және оның дамуы Қазақстан заңнамасының өркендеуіне және мемлекеттік мәртебесінің өзгеруіне байланысты бірнеше кезеңдерді қамтыды.

Қазақтардың ежелгі дәстүрлі құқық нормаларын жан-жақты зерттеп алмайынша, Қазақстан Республикасындағы апелляциялық өндіріс жайлы толықкқанды әңгіме айту тіпті де мүмкін емес. Өкінішке орай, отандық азаматтық процесс жүйесінде соттың үкімдері мен шешімдерін апелляииялық кайта карау институты соңғы уақыттарда ғана пайда болғандыктан, Қазан төңкерісіне дейінгі қазақ құқықнамасынан бұл тақырыпты дөп басып тауып алудың қиын екені де рас.

Дәстүрлі кұқық туралы сөз қозғау үшін, біріншіден, оның құрамы жағынан біркелкі болмағанын атап өткеніміз жөн. Ол сипаты жағынан әр түрлі нормалар мен институттардың басын біріктірді. Әйтсе де, бұлар өмірде бір-бірінен тым алшақ емес, қайта іштей өзара астасып, біте кайнасып жатқандай еді. Түп тамыры сонау тереңде жатқан кейбір нормалар мен институттардың күні кешегі- XIX ғасырға дейін сақталып келгеніне тарих куә. Бәлкім, сондықтан да болар, казақтың дәстүрлі құқығындағы қайсы бір нормалардың қашан пайда болғанын тап басып айту оңай емес.

Қазактың белгілі ғалымы, заңгер Т.Культелеев те өз кезегінде: «Қазақ құқығында арнайы «қылмыс» деген термин болмаған, оның орнына «жаман іс» немесе «жаман қылық» деген сөздер қолданылған»1 деп ой түйеді. Шын мәнінде. «қылмыс» ұғымы жаман іс-әрекет пен астасып, ол қоғамға келтірілген шығын ретінде емес, жәбірленушінің немесе онын туыстарының наразылығы ретінде бағаланды, Ал, мұндай жағдай, әрине, жәбірленушінің немесе оның туыстарының қарсы жақтан сыйақы төлеуді талап етуімен аяқталатын. Сондықтан, тіпті адам өліміне байланысты іс те екі жақтың келісімімен, құн төлеу арқылы шешімін табатын. Бұл кісі қазасының орнына жатыстырылатын материалдық өтем деп қабылданды. Осы жөнінде А.Крохалев былай дейді: «Қырғыздарда «кұн» деп өлген адамның қаны үшін немесе руластың мезгілсіз киылған өмірі үшін төленетін өтемді айтады. Сондай-ак, дәстүр бойынша құн мүліктік сыйақы ретінде дене жарақаты жәбірленушінің туған-туыстарына да төленеді».2 Мұны сөз жоқ, қоғамның даму ерекшелігімен, әсіресе, алғашқы қауымдастық пен феодалдық құрылым элементтерінің қатар өрілуімен түсіндіруге болар еді. Феодализм тұсында қоғамдық қатынас жеке меншікке негізделгендіктен, құқық та көбіне осыған ыңғайланды. Сол үшін де, жауаптылық жасалынған іс-әрекеттің ауыр, жеңілдігімен емес, ашығын айтқанда, жәбірленуші мен кінәлінің қай қоғамдық топқа жататындықтарымен өлшенді. Ол (уақыттарда қазақ қоғамында қылмыс пен азаматтық тәртіп бұзушылық ұғымдарының арасында нақтылы шектеулер болған жоқ. «Жәбірленуші – талапкер, ал қылмыскер - жауапкер деп аталды. Қылмыстық іс-әрекеттің де, азаматтық құқық бұзушылықтың да нәтижесі келтірілген зиян деп бағаланды».[2]

Академик С.Зиманов атап өткендей, қазақтың дәстүрлі қүқығы бірнеше жүздеген жылдар бойына кешеуілдеп қалған, тұйық шаруашылық негізінде дамып келді. Бұл әрине, дәстүрлі қүқықтың қайсыбір жекелеген қүқықтық нормаларына өзіндік салқынын тигізді. Мәселен, XIX ғасырдың ортасына дейін дәстүрлі құқық жөніндегі жазбалардан тауар-ақша қатынастарын реттейтін нормаларды кездестіре алмайсыз; сот өндірісін жүргізу ешқандай жазбаша дәлелдемелерді талап етпеді.3 Кінәлі адамнан кек алу, тергеусіз сот жүргізу сияқты көне әдет-ғұрыптар көп уақытқа дейін бұзылған қүқықты қалпына келтіру тәсілі ретінде колданылып келді. Қазақ құқығының тарихында Тәуке хан мен «Жеті жарғы» заңының орны бөлек. Бұл жөнінде ХІХ ғасырдың басында аса  кұнды  еңбектері  үшін  көзінің тірісінде мойындалған орыстың шығыстанушы ғалымы А.Левшин былай деп жазды: “Кіші Орданың зерделі қырғыздары, біздің халық тыныштықта өмір сүрген кезде болған, бізде тәртіп те орнықты болған, бізде заң мен әділ сот та болған дегенді айтады».

Тәуке ханның заңдар жинағында көптеген қылмыстық және азаматтық-құқықтық нормалар және дәстүрлі құқық нормалары болды.  Қазақтың дәстүрлі құқық жүйесін зерделей отырып, онда мынадай элементтердің бар екендігін байқаймыз: а) әдет-ғұрып; ә)билер сотының  іс-тәжірибесі; б) билер құрылтайының ережесі. Бұл үш белгі өзара тығыз байланысты. Билер сотының іс-тәжірибесі немесе сот өнегесі, сондай-ақ, билер құрылтайының ережесі қолданыстағы қүқықтық  дәстүрлерді тұрақты түрде толықтырып, өзгертіп отырды.

Заңдық күші бар әдет-ғұрыптар негізінен арнайы еш жерде жазылмаған, олар қысқа  қайырылған нақыл сөздер, мақал-мәтелдер ретінде ұрпақтан-ұрпаққа ауыз екі жолмен жеткізіліп келген. Міне, хан Тәуке осылардың бәрін  жинап, бір зандар жинағының — «Жеті  жарғының» аясына жүйелеп топтастырған.[5]

Билер  сотының іс-тәжірибесі қазақтың дәстүрлі кұқығын дамытуда маңызды рөл атқарды. Атақты билердің жекелеген нақыл сөздері немесе үкімдері сондай ұқсас істерді қараған кезде үлгі ретінде қолданылды. Сөйтіп, келе-келе олар заңдық күшке ие болды.

XIX ғасырдың екінші жартысына  дейін билердің шешімдері еш  жерде қағазға түсірілмеген. Олар  калайда ауыздан-ауызға таратылып  отырған. Тек XIX ғасырдың екінші жартысынан  кейін ғана билер кітабы енгізілді. Онда билер шығарған   үкімдердің   немесе   шешімдердің   қысқаша   мазмұны жазылды. Кейбір жағдайларда билер сотының үкімдері жазба кұжат ретінде жеке рәсімделді.

         Ежелгі дәстүрлі құқық нормалары  бойынша билерді ақсақалдар сайлаған. Олар би болуға дәулетті және  халықтың заңдық әдет-ғұрпын жақсы  білетін тәжірибелі, білімдар адамдарды  таңдады. Бұл жөнінде 1864 жылы жазылған  “Сібір ведомствасына қарасты  қырғыздардағы сот реформасы  туралы жазбалар” деген еңбегінде (Уәлиханов Ш. Көрсетілген шығарма. 151-бет) Ш.Уәлиханов былай дейді: “Тек  сот әдет-ғұрпы жөніндегі терең  білімін шешендік өнермен ұштастыра  білген қазақтарға ғана би  деген құрметті атақ берілді.

Билер сотында қаралатын істердің бір ерекшелігі сол, мұнда, әдетте, азаматтық істер тараптардың бастамашылығымен козғалады. Ал, дауды қарау процесі қарапайым және жұрттың бәріне түсінікті жүргізілді. Істі қарау барысында билер негізінен екі жақты татуластыруға тырысты. Шығарған шешімдерінің түпкілікті, әрі талапкерді де, жауапкерді де қанағаттандыруын көздеді.

Билер соты процестің бәсекелестігіне негізделді. Екі жақ дауды шешу үшін өздерінің қалаулары бойынша сөздерін бір биге немесе бірнеше биге арнады. Талапкерге шағымға қатысты дәлелдемелерді тапсыру міндетғелді. Жауапкерге өзін ақтайтын барлық дәлелдемелерін ұсынуға мүмкіндік берілді. Бұдан басқа, егер тараптар арасында келісім орнаса, қылмыстық процесті  кез келген сатыда токтатуға рүқсат етілді. Соттық тергеу ісі   басынан аяғына дейін ешқандай жазбасыз, ауызша жүргізілді.

Қазактардың дәстүрлі құқығы билер соты шығарған шешімдерге тарптардың шағымдану мүмкіндігін қарастырғанын атап өткеніміз жөн. Бұл институттың өзіне тән ерекшеліктері де болды.[7]

Шағымдану құқығына ешқандай шек койылмады. Билер сотының шешімі жөнінде басқа бір биге немесе хан сотына шағымдануға ерік берілді. Шешім жарияланғаннан кейінгі шағымдану мерзіміне де шек белгіленбеді. Шағымданушы өзінің қалауы бойынша, өзі сенім білдІрген кез келген биге өтініш білдіруге құқылы болды. Би талапкердің, сондай-ақ, екі жақтың тілегіне сүйеніп, істІ өндірісіне қабылдады. Істі қараған хан (би) шығарылған шешімнің әділдігіне көзін жеткізсе, бұл жөнінде арызданушыны хабардар етті. Егер хан (би) алдыңғы шешімді костап бекітсе, шағымданушы судьяға жабушы ретінде айыпталып, тиісінше жазаланды. Ал, егер шағым орынды деп табылса, хан (би) шешіміне шағым түскен биге келіп, екеуі кінәлаушымен жәбірленушінің көз алдында істі қайтадан қарады. Шешімнің әділетсіздігі дәлелденген жағдайда, хан (би) жаңадан шешу үшін істі әлгі биге кері тапсырды. Сол жерде, егер шешім қабылдаған бидің біржақгылығы әшкереленсе. онда хан (би) істі басқа биге өткізді

2. Кеңестік дәуірде  Қазақстан соттарының шешімдерін  қайта қарау институттары.

1917 жылдың 25 қазанында Ресейде жаңа өкімет - Кеңестер өкіметі 
жарияланды. Осы  кезеңде сот жүйесіндегі  институттар,  сондай-ақ сот 
шешімдерін қайта карау мәселелері шешімін қалай тапты дегенге келер 
болсақ, Кенес өкіметі өзінің сот құрылысы және сот өндірісі саласындағы 
жұмысын, ең алдымен ескі сот аппаратын жойып, жаңа өкіметтің талабы мен 
мұратына сай келетін жаңа сот жүйесін кұруға бағыттағанын атап өткеніміз жөн. Осы бағытга жасалған алғашқы қадам 1917 жылы «Сот туралы» №1 
декреттің кабылдануымен басталды. Міне, осы декрет арқылы революцияға 
дейінгі қолданыста болған ескі сот жүйесін таратудың негізі қаланған еді. 
Сондай-ақ, осы және кейін қабылданған сот туралы №2 және №3 декреттер арқылы сот шешімдерін  қайта  қараудың жалғыз нысаны  — кассация белгіленді.

«Сот туралы» № 1 декрет революцияға дейінгі сот институттарын, соның ішінде апелляцияны да жоюмен қатар жаңа сот жүйесІн бекітті. Ол жергілікті соттар және революциялық трибуналдардан қүралды.

1918 жылдың 7 наурызында жарияланған «Сот туралы» №2 декретте 
аппеляциялық өндіріске рұксат етілмейтіндігі және сот шешімдерін қайта 
қараудың жалғыз нысаны кассация екендігі нақтылана түсіп, бірінші рет 
үкімнің күшін жоюға негіз болатын жайт-таратып көрсетілді.

1918 жылдың 20 шілдесінде қабылданған  «Сот туралы» №3 декрет негізінен  «Сот туралы» № 1 және №2 декреттердің ережелерін толықтырып, кассациялық өндіріске қатысты нормаларды нактылап берді. Осы декретке сәйкес сот шешімінде 500 рубльге дейін ақшалай өтем алуға және 7 күнге дейін бостандығынан айыруға жаза тағайындалған істер бойынша кассацияға рұқсат етілмеді.[10]

1922  жылы   сот реформасын  жүргізудің нәтижесінде «РСФСР-дың  сот құрылысы туралы ереже»  қабылданды. Осы ережеге байланысты  РСФСР аумағындағы екі тармақты  сот жүйесі (халық соттары және  революциялық трибуналдар) қолданылуын  тоқтатты. Кассациялық инстанция  ретіндегі алты халық судьясы  қатыстырылатын халык соттары, губерниялық  революциялық трибуналдар. Халық  судьяларының кеңесі таратылып, олардың уәкілеттігі губерниялық  сотқа берілді. Ол бірінші инстанциядағы  сот ретінде аса маңызды кылмыстык  және азаматгык істерді қарады  және халық соттары қарайтын  істер үшін кассациялық соттың  міндетін атқарды.

Сонымен, 1959 жылғы сот қүрылысы туралы заң бойынша Қазақ КСР-інде сот әділдігі республиканың Жогареы соты,  облыстық соттары, аудандық (қалалық) халық соттары арқылы жүзсге асырылды.

Міне. сол уақыттан бастап,  біздің  мемлекетіміздің  азаматтық іс жүргізуінде сот шешімдерін қайта қарау институтының мүлдем жаңа тарихы басталды.

3. Кассациялық  өндірістен апелляциялық өндіріске  өту'

 Қазақстан Республикасының  Конституциясы  мемлекеттің ең  тиімді құрылысы билікті үш  тармаққа бөлу қағидасын бекітті. Олар - заң шығарушылық атқарушылық  және сот билігі. Осылардың ішіндегі  сот билігін жүргізу тек бірыңғай  соттарға жүктелген.

Апелляция институты Қазақстанның құқықтық жүйесі үшін бейтаныс болғандықтан, апелляциялық  өндіріс  туралы  ережелердің   іс  жүзінде қолданылу проблемалары кім-кімді де қызықтырары анық. Бұл мәселені зерттеуді ең алдымен апелляциялық өндіріс туралы заңнамаларды талдаудан бастағанымыз жөн сияқты.

 

 

1.2. Занды күшіне енбеген сот шешімдері мен үкімдеріне наразылық келтіру, шағымданудыц түсінігі, мәні және маңызы.

 

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, билік үш салаға бөлінеді: заң шығарушы, аткарушы және сот билігі. Сот билігін жүргізу тек қана соттарға жүктелген және олардың өздерінің өкілеттігіне, атқаратын міндеттеріне қарай жиынтығы сот билігінің жүйесін кұрайды.

Қазакстандық сот жүйесінің негізін, мәнін анықтайтын құқықтық актілер Қазақстан Республикасының Конституциясы және "Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы" Конституциялық заң болып табылады. Бұл құқықтық актілерге сәйкес, соттар инстанцияларға бөлінеді. Бірінші инстанциялы сот - істі мәні бойынша қарайтын сот. Екінші инстанциядағы сот - заңды күшіне енбеген сот шешімдері мен үкімдеріне наразылық және шағым негізінде істерді аппеляциялық тәртіпте қайта қарайтын сот. Үшінші инстанция - занды күшіне енген сот шешімдері мен үкімдерін қадағалау тәртібінде кайта қарайтын сот.

Жоғарыда аталған соңғы екі инстанциядағы соттар өздеріне заң  жүктеген тәртіпте I инстанциялы және одан кейінгі соттардың үкімдерінін, шешімдерінің, қаулыларының негізділігін және заңдылығын тексереді. Тексеру сатысының ең басында аппеляциялык тұрады.4

Істі бірінші сатыда толық және әділ қарауға кепілдік орнату, ең алдымен әділ үкім шығаруды қамтамасыз ету мен сотты кездейсоқ қателесуден корғау міндеттерін алдыға тартады. Сол себепті де сот шешімдерін қайта карау институты осы талаптарға сай негізделеді, яғни сот шешімі немесе үкімі соттық тексеруге жатқызылады.[12]

Сот өндірісінің осындай нысандарының бірі аппеляция болып табылады. Оның шығу тарихы сонау көне римдік құқықтан бастау алады. Ол заңды күшіне енбеген сот шешімдерін айта қарау сатысы ретінде жақсы таныс.5 С.И. Ожегов орыс тілді сөздігінде бұл терминге мынадай анықтама береді: Аппеляция  - істі қайта қарау максатымен жоғары сатыдағы сотқа сот шешімі жөнінде шағымдану"6 деп түсіндіріледі. И.Фойницкий өзінің “Азаматтық сот өндірісінің курсы" деген енбегінде аппеляцияны толық күшіне енбеген төменгі сатыдағы соттың шағым түскен шешімнің нақты және заңдық негізде (арызда көрсетілген көлемде) жоғары инстанцияның қайта қарауы деп түсіндіреді (Фойницкий И.Я. Курс уголовного судопроизводства. (533-бет). Аппеляция сот өндірісінің басқа да нысандары сиякты әр уақытга дұрыс көзқараспен қабылданып, түрлі жолдармен дамытылып отырған.

Сонымен, заңды күшіне енбеген сот үкімдері мен шешімдерін қайта қарау дегеніміз - басты мақсаты азамат пен қоғамды сот қателерінен қорғау, азаматтық-құқықтық қатынастардың барлық қатысушылардың заң нормаларын сақтауды камтамасыз ету, сот төрелігін әділ, ізгіліктІ және демократиялы жүргізілуіне кепілдІк туғызу болып табылатын азаматтық процестің ерекше сатысы.7

Іс жүргізу әрекеттеріне,  сот шешіміне,  сот өндірісіне  шағымдану еркіндігінің конституциялық ұстанымын орындау мақсатында заң тараптардың жарыспалылығы мен тең құқықтылығы негізінде айыптауға және қорғауға шағымдану,   наразылық  білдіру   үшін   бірдей   құқық  береді.   Тараптар жасалынған  шағымдарға,  наразылықтарға  қатысты  өз ойларын  айтуға, өздерінің қарсылықтарын білдіруге, іс кұжаттарын бірінші сатыдағы сотта қаралмаған қосымша материалдармен толықтыруға мүмкіндік алды. Егер шағымдану, наразылық білдіру мерзімдері дәлелді себептермен өтіп кетсе, оларды қалпына келтіруге кепілдік берілді.

Апелляциялық инстанция — тараптар үкІм  туралы,  оның негізіне алынған  дәлелдемелер туралы өзінің ой-пікірін жеткізетін сот.

 

 

 

 

 

    1. 3. Аппеляциялық шағым беру, наразылық білдіру құқығы және       тәртібі.

 

Еліміздің ұлттық заңы аппеляциялық өндірісті қозғауды тараптардың еркіне жүктейді. Тараптар аппеляциялық тәртіппен шағымдануы және наразылық білдіруі мүмкін.  Шешімге шағымдану құқығы жауапкерге, ақталушыға, олардың қорғаушылары мен заңды өкілдеріне, жәбірленушіге және онын өкіліне тиесілі. Азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер немесе олардың өкілдері үкімге, оның азаматтық талапқа қатысты бөлігінде шағым жасауға құқылы.

Аппеляциялық шағымның немесе наразылықтың болмауы, заңды күшіне енбеген сот каулыларың, үкімдерін қарайтын алпелядиялық өндірістің жоқ болуына  әкеп соғады.8

Шағымдау  және   наразылық  келтіру  -  аппеляциялық  қайта  қарау сатысының   бастамасының    жалғыз    ғана    шарты    болып    табылады.

Аппеляциялық өндіріс соттың бастамасымен басталуына заңмен тыйым салынған. Тараптардың аппеляциялық өндірісті қозғау құқығын түсіндіру үкім шығарған сотқа жүктелген. Заңшығарушы I инстанциялы соттағы төрағалық етушіге сотталушыға және басқа да қатысушыларға мынаны түсіндіруді міндеттейді:

  • төрағалық етуші сотталушыға (ақталушыға), процестің басқа да . 
    қатысушыларына  үкімге  шағым  жасаудың  тәртібі  мен  мерзімІн, сот отыры 
    сының хаттмасымен танысу және оған ескертулер жасау құқығын, 
    сондай-ақ істі аппеляциялық қарауға қатысу туралы өтініш беру кұкығын түсіндіреді;
  • ақталушыға оның заңсыз ұсталумен, айыпкер ретінде тартумен, 
    бұлтратпау шараларын қолданумен, сотқа заңсыз тартумен келтірілген 
    зиянның орнын толтыруға деген қүқығы, сондай-ақ осы кұкықты жүзеге 
    асыру тәртібі түсіндірілуге тиіс;

- егер сотталушы ерекше жаза турі - өлім жазасына кесілген болса 
төрағалық  етуші  оған  кешірім  жасау  туралы  өтініш  беру  куқығьн түсіндіреді.

Заң аппеляциялық шағымға, наразылыққа ерекше талаптар қояды. ҚР ҚІЖК-нің 407-бабына сәйкес, аппеляциялық шағымда:

  1. шағым. наразылық жолдап отырған согтың атауы;
  2. Іс жүргізілгендегі жағдайы, тұрғылықты жері немесе жүрген жері 
    көрсетіле отырып, шағым жасаған немесе наразылық келтірген адам 
    туралы деректер;

4) шағым жасалып, наразылық  келтіріліп отырған үкім немесе  қаулы және осы шешімді шығарған  соттың атауы;

5) үкімге, қаулыға толық  немесе оның бір бөлігіне шағым  жасалып, наразылық келтіріліп отырғанын  көрсету;

6) шағым,  наразылық  келтірген  адамның  пікірінше сот     үкімнің, қаулысының дұрыс емесгігі  неде екендігі жөнінде дәлелдері  және оның өтінішінің мәні;

7) арыз беруші  өз талаптарына  негіз ететін,  соның  ішінде  бірінші сатыдағы сот зерттемеген  дәлелдемелер;

8) шағымға, наразылыкқа қоса  тіркеліп отырған материалдардың  тізбесі;

9) шағым, наразылық келтірген  күн және шағым, наразылық келтірген

адамның қолы болуға тиіс.

Жасалған   шағым,   келтірілген   наразылық   осы   талаптарға   сәйкес келмеген жағдайда,  олар берілген деп есептеледі, бірақ аяғына дейін рәсімдеу үшІн мерзімі көрсетіліп қайтарылады. Егер қайта жасалғаннан кейін аппеляциялық  шағым,   наразылық  аталған   мерзім   ішінде  сотқа  табыс етілмесе олар берілмеген болып есептеледі.

Аппеляциялық шағымды, оның нысаны мен мазмұны ерекше құқыктық табиғатына  байланысты   қисындалған  арнайы   шағым   ретінде  түсінуге  болады. Аппеляциялык шағым мазмұнының құрылымы бұлай регламенттелуі, бұл  құжатта  ең  маңызды   кұжаттардың  бірі  -  мемлекет  атынан шығарылған сот үкімінің күмандандырылуымен түсіндіріледі. Шағым  арқылы  заң  негізінде  қабылданған  сот  төрелігінің  актісі дауланады және сотталушыға, жәбірленушіге, қоғамға тиісті салдар әкеледі. Сот шешімінің күшін жоюға немесе өзгертуге бағытталған әрекеттер тек заңда  бекітілген  жағдайда және тәртіпте, тиісті  құқықтары  мен шағымдануға жеткілікті заңдық және фактілік негіздері бар субъектілермен берілуі тиІс.[2]

Сот үкімдерін және шешімдерін қайта қарау тек қана моральдық және құкықтық жағынан ғана емес, материалдық жағынан да шығынды болып табылады. Істі аппеляциялық қайта қарау істің материалдарын жаңадан (толық немесе ішінара) зерттеумен, куәларды шақырумен, дәлелдемелерді қайта зерттеумен және басқа да күрделі әрекеттерді орындаумен байланысты болады. Осыған байланысты, заңшығарушы аппеляциялық шағым мәнінің талаптарын нақтылай отырып, сот қателерін және онын салдарын тиімді, рационалды және толық жоюға мүмкіндіктер беретін кажетті кепілдіктер туғызады. Шағымданушыны өзінің позициясын нақты және аргументті түрде көрсетуге,   оның   берген қорытындыларының дұрыстығын дәлелдейтін материалдар  беруге міндеттейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II - тарау. Аппеляциялық  шағымдар және наразылықтар бойынша  істерді карау.

 

2.1.   Аппеляциялық  өндірістің түсінігі, козғау негіздері, пәні       және шектері.

 

Аппеляциялық өндіріс - басты мақсаттары бірінші инстанциялы соттың үкімдері мен қаулыларына келіп шағымдар мен наразылықтарды қарау, сот қателерін және күшіндегі зан нормаларының бұзылуын аныктау, жою, заңдылықты қалпына келтіру, сондай-ақ азаматты, қоғамды және мемлекеттІ қылмыстык іс бойынша өндірістің қатысушыларының құкыққа кайшы әрекеттерінен сақтау болып табылатын азамтық іс жүргізудің жеке сатысы

Аппеляциялық өндірістің негізгі белгілері:

  1. шағымдану бостандығы - сотталушы, ақталушы, сотталушының және 
    ақталушының корғаушысы, олардың заңды өкілдері, жәбірленуші және оның өкілдері, сондай-ақ азаматтық талапкер, азаматгық жауапкер немесе олардың 
    өкілдері азаматтық талапқа қатысты бөлігінде заңды күшіне енбеген сот 
    үкіміне шектеусіз заңмен белгіленген мерзімде аппеляциялық шағым беруге 
    құкылы;
  2. істің фактілік және заңдық жағы да аппеляциялық өндірістің пәні 
    болып табылады;
  3. аппеляциялық сатыда істі қарау аппеляциялық шағымның немесе 
    наразылықтың шегімен шектелген;
  4. аппеляциялық өндіріс барысында істі жаңадан қарау болмайды, 
    соттың жаңа дәлелдемелер жинау мүмкіндігі шектелген;
  5. аппеляциялық саты алғашқы үкімді жақсы жағына да, ауырлататын 
    жағына да өзгертуі мүмкін;

6) аппеляциялық сатының шешімдері жоғарғы тұрған инстанцияға 
шағымдалуы (наразылық білдірілуі) мүмкін.

Аппеляциялық шағым немесе наразылық білдірудің фактілік негізі ретінде мына жағдайларды санауға болады: бас сот талқылауында сот тергеуінің бір бағытты және толық емес болуы; бірінші инстанциялы соттың үкімдегі қортындылары істің мән-жайларына сәйкес келмеуі; өндіріс барысында қылмыстық іс жүргізу заңының елеулі бұзылуы орын алса; қылмыстық заң дұрыс қолданылмаса; сотталушыға тағайындалған жаза қылмыстың ауырлығына және сотталушының тұлғасына сәйкес келмеуі.

Аппеляциялық  өндірісті   қозғаудың  құқыктық  негізі  аппеляциялық шағым немесе наразылық болып табылады.  Осыған сәйкес, өндірістің басталу уақыты шағым берген уақыт деп санауға болады.

Аппеляциялық өндірістің тарихи және салыстыру-құқықтық талдаулары