Қаржы ұғымы және оның мәні



Жоспар:

Кіріспе..............................................................................................................2

Бөлім 1. Қаржы ұғымы және оның мәні

1.1. Қаржының фунцкциялары және рөлі.......................................................................4

1.2. Қаржының құрылымы және қызметі........................................................................6

1.3. Қаржының басқа экономикалық категорияларымен өзара байланысы...............10

 

 

Бөлім 2. Қаржы жүйесінің қағидаттары.

2.1. Қаржы жүйесі және оны ұйымдастыру..................................................................14

2.2. Қаржы механизмінің жүйесі....................................................................................17

2.3. Қаржы саясаты........................................................................................................20              

 

Бөлім 3. Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі.

3.1. Қаржы жоспарының жүйесі....................................................................................23

3.2. Қаржыны басқарудың автоматтандырылған жүйесі............................................26

3.3. Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің құрамы.......................................29

 

Қорытынды..................................................................................................34

Пайдаланылған әдебиеттер.......................................................................35

 

 

 

 

 

                                                                                                                                    

                                                                

                                                                      

Кіріспе

    Курстық жұмысымның тақырыбы «Қазақстан Республикасындағы қаржы жүйесі». Бұл жұмысымды негізінен үш бөлімге алып қарастырдым. Бірінші бөлімнің тақырыбы: «Қаржы ұғымы және оның мәні». Бұл бөлімде қаржының функциялары және рөлі, оның құрылымы және қызметі, сонымен қатар қаржының басқа экономикалық категорияларымен өзара байланысын қарастырдым.

    Қаржы дегеніміз - қоғамда нақты өмір сүретін, обьективті сипаты мен айрықша қоғамдық арналымы бар өндірістік қатынастарды білдіретін  ақшалай қаржы ресурстары мен қорларды жасау және пайдалану процесіндегі экономикалық қатынастарды қамтып көрсететін тарихи қалыптасқан аса маңызды экономикалық категориялардың бірі болып табылады.

    Қаржы жүйесі – бұл заңмен бекітілген нормативтер негізінде тиісті институттар мен мекемелер арқылы ақшалай қаржы қорын жасау мен пайдалану жөніндегі экономикалық субьектілер арасындағы қарым-қатынас.

    Екінші бөлімнің тақырыбы: «Қаржы жүйесінің қағидаттары». Мұнда қаржы жүйесі және оны ұйымдастыру, қаржы механизмінің жүйесі және қаржы саясаты туралы түсініктеме бердім.

    Қаржы жүйесі дегеніміз - бұл қаржы мекемелерінің жиынтығы, ал экономикалық тұрғыдан – ол мемлекетте іс-әрекет ететін бір-бірімен өзара байланысты қаржы қатынастарының жиынтығы болып табылады.

    Қаржы саясатын экономикалық қатынастар тудырады. өйткені қоғам қаржы саясатын жасауда ерікті емес, ол өзінің мүмкіндіктеріне, обьективті шындықтың шартарына сүйенеді.

    Қаржы механизмі мемлекет белгілеген қаржы шараларын атаулы, нақтылы нәтижелерге – қоғамдық-экономикалық өмірдің барлық деңгейлері мен сфераларындағы қоғамдық өнімнің, материалдық емес игіліктердің және басқа элементтері құрамына кіретін қаржы ресурстарының ұдайы өндірілуіне айналдырып, іске асырады.                 

    Үшінші бөлімнің тақырыбы: «Қазақстан Республикасындағы қаржы жүйесі». Бұл тарауда қаржы жоспарының жүйесі, қаржыны басқарудың автоматтандырылған жүйесі және Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің құрамын баяндап өтемін.

    Қаржы жүйесі бұл қаржы қатынастарының, ақша қорларының және басқарудың қаржы аппараты жиынтығынан тұрады. Қаржы жүйесінің қағидаты экономиканы басқарудың барлық деңгейлерінде жасалатын қаржы жоспарлары мен байланыстардың өзара үйлесу жүйесінде өзінің нақтылы көрінісін табады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. Қаржы ұғымы және оның мәні

 

1.1. Қаржының функциялары және рөлі

             

      Қазіргі кездегі көптеген мойындаулар екі қаржылық концепциядан бастау алады: үлестірімдік және ұдайы өндірістік. Бірінші концепцияға сәйкес қаржы екі функцияны атқарады: үлестіру және бақылау. Оны жақтайтындар қаржы қоғамдық ұдайы өндірістің екінші сатысында, яғни оның қоғамдық өнім құнын ақшалай әдіспен бөлу процесінде пайда болады және қаржының үлестіру сипаты оның жұмыс істеуінің өзіндік ерекшелігімен көрсетіледі деп есептейді.

      Үлестіру функциясының көмегімен жиынтық қоғамдық өнім және оның негізгі бөлігі – ұлттық табыс, сонымен қатар ұлттық байлықтың бір бөлігі бөлінеді және қайта бөлінеді.

      Қайта бөлу қоғамдық өнімнің шаруашылық субъектісі бойынша әртүрлі мүшелену процесін салалық та, аймақтық та қимасын, табиғи-заттық түрдегі туынды өнімді ақшалай қаражатпен қамтамасыз етуде ұдайы өндіріс қатысушыларының қажеттілігін қанағаттандыру нәтижесін қамтиды. Осының негізінде бір қатысушының табысы басқа да шығындар шотымен қалыптасып, ұлттық табыс қорлану және тұтыну қорының формасын сатып алады.

      Бірінші жағдайда қаражат өндірісті ұлғайту және өндірістік қордың материалдық саласын ұлғайту, өндірістік емес әлеуметтік инфрақұрылым, резервті құру және қорды сақтандыру үшін қолданылады. Тұтыну қоры барлық халықтың түпкілікті табысын құрайды және ұдайы өндіріс пен әлеуметтік саладағы мекемені, ғылымды, мәдениетті, елдің қорғанысын сақтау ресурстары үшін қолданылады.

      Бақылау функциясының негізі өндіріске есеп беру құнының шығыны және өнімдерді өткізу, жұмыстарды орындау, қызмет көрсету, кәсіпорынның табысы

және ақша қорын қалыптастыру мен қолдану.

      Бақылау функцияларын өткізу кәсіпорынның қаржы көрсеткішінің қызметі, оларды бөлу қатынастарының сапалылығын арттыру үшін қажетті дәрежеде талдануымен жүзеге асады.                                                                           

      Қаржы мәніне ұқсас ежелгі түсінікке сәйкес ұдайы өндіріс концепциясы жақтастары қаржыны мынадай функцияларға бөледі:

  1.ақшалай табыс пен қор құрылымы;

  2.ақшалай табыс пен қорды пайдалану;

  3.бақылау функциясы.

      Қаржының рөлі көпжақты, күрделі және әртекті. Негізгілері мыналар: өнімді бөлу және қайта бөлу, орын толтыру қорын құру, амортизациялық және айналым қаржылары қорларын ұтымды, әрі үнемді пайдалануды ынталандыру: ұлттық табысты бөлу және қайта бөлу арқылы еңбек ақы және әлеуметтік сақтандыру қорларын, енді бір бөлігін айналымнан алынатын салық ретінде бюджетке түсіру.

 

 

1.2. Қаржының құрылымы және қызметі

 

      Қаржы – ақша қаражатының орталықтандырылған және орталықтан-  дырылмаған қорларын құру және пайдалану процесіндегі экономикалық қатынастардың жиынтығы.

    Қаржы нарығы – бұл, ең алдымен дербес экономикалық категория ретінде бағалы қағаздарды сату мен қайта сату жөніндегі операцияларды жүзеге асыру жолымен кәсіпорындардың, фирмалардың, банктердің, жинақтаушы зейнетақы қорларының, сақтық институттарының, мемлекеттің және халықтың уақытша бос ақшасын жұмылдыруды, бөлуді және қайта бөлуді қамтамасыз ететін нарықтық қатынастардың жиынтығы. Ол нарықтық қатынастар жүейсінің құрамды бөлігі болып табылады және тауар, ақша, кредит, сақтық, валюта және басқа нарықтармен ( капитал, жұмыс күші, тұрғын үй, жер,алтын, және тағы басқа нарықтармен) етене байланысты.

                               

 

                        

Кез келген мемелекетте қоғамдағы ақша ресурстарының құрамына мемлекеттік қаржы, шаруашылық жүйесінің қаржысы, кәсіпорынның және тұрғындардың қаржысы енеді.

      Мемлекеттің қаржысы – ақша қаражатынан тұрады. Ол қаражат тұрғындардың әлеуметтік кепілдігін қамтамасыз етуде, заңдылық пен құқықты сақтауға, қорғаныс пен қоғамдық шаруашылықты басқаруға жұмсалады. Мемлекеттік қаржы құрамына: мемлекеттік бюджет, банктік және мемлекеттік несие, экономиканы тұрақтандыру қоры, әлеуметтік және медициналық сақтандыру қоры, валюталық қор, мемлекеттік қоғамдық ұйымдардың қаржысы, мемлекеттік салалық министрлік пен ведомствоның қорлары енеді.

      Шаруашылық жүйесіндегі қаржыны (мемлекеттік және мемлекеттік емес) – компания, концерн, холдинг, акционерлік қоғам, ассоциация, трест, бірлестіктердің ақшалай қаржысы құрайды.

      Кәсіпорынның қаржысына (мемлекеттік, мемлекеттік емес) – меншіктегі және заемдағы қаржылар, ғылым мен техника қорының ақшалай қаражаты, әлеуметтік-мәдени даму мен материалдық ынталандыру қоры, амортизациялық қор, резервті және сақтандыру қоры енеді.

      Тұрғындардың қаржысы – шаруашылық, еңбек қызметтерінің (жалақы, акция, дивиденті, пай жарнасы мен банк салымының проценті т.б.) негізінде, коммерциялық және халықтық банктегі сақталған қаржыларды, зейнеткерлік қорды мемлекеттің іске қосуның нәтижесінде ақшалай қаражатты құрайды.

      Аталған құрылым қаржылық жүйені құрайды. Бұл құрылымның қызметі экономикалық қатынастар жиынтығын туғызып, ақша қаражатын ұлғаймалы ұдайы өндірісте құру, бөлу, пайдалануды жүзеге асырады және басқа да қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға жұмсалады.

      Нарықтық қатынастар жағдайында қаржы негізінде төрт қызметті атқарады: бөлу, реттеу, ынталандыру және бақылау.

      Мемлекет ұлттық табыстың едәуір бөлігін қоғамдық шаруашылыққа, әлеуметтік-мәдени шараларға, мемлекетті басқару мен қорғанысты дамытуға бағыттауын қаржының бөлу қызметі атқарады.

      Қаржының реттеу қызметі экономикалық дамуды реттеуді мемлекеттің сырттай тәсілімен жүргізгенінде пайда болады. Мемлекет оны салық салғанда, несие саясатында, әртүрлі экономикалық жеңілдіктер мен дотация кезінде жүзеге асырады.

      Қаржының ынталандыру қызметі кәсіпорынның экономикалық дамуын әртүрлі ынталандырғанда жүзеге асады.

      Қаржының бақылау қызметі бөлінген қаражаттардың мақсатты пайдалануын жүйелі түрде тек сүру арқылы жүзеге асады.

      Қаржы нарығы – нарықтық экономиканың қалыптасқан элемменттерінің бірі. Өз аясына капитал нарығын, валюта нарығын ғана емес және бағалы қағаздар нарығын ендіреді. Бұл нарықтарды өз құрамына енгізудің мақсаты – еркін қозғалыстағы ақша ресурстарын мемлекеттің, кәсіпорынның және акционерлік қоғамның мүддесіне жұмсау. Әкімшілік-әміршілдік жүйеде қаржы нарығының қызметін мемлекеттік бюджет, банктің несие жоспары, министрліктің қаржы жоспары т.б. тетіктер арқылы жүргізілген.

      Экономикалық реформа кезінде кәсіпорын өз шаруашылығын жаңа түрде жүргізіп қаржы ресуртарын қалыптасқан тәсілмен бөліп, қолдануға барынша шектеу қойылды. Ресурстардың министрліктер арқылы ішкі сала бойынша бөлінуін барынша қысқартты. Сондықтан да қаржы нарығын құрудың қажеттілігі пайда болды. Оның экономикалық негізі – кәсіпкерлердің қаржы ресурстарына қажеттілігінен туып, оны беру мүмкіндігі қысқарады.

      Қаржы нарығы - өзінің инфрақұрылымымен айқындалған күрделі механизм және жаңа ақпараттық ағымдармен ерекшеленеді. Қаржы нарығын құру үшін кешенді мәселелерді меңгеру қажет. Оған бағалы қағаздар эмиссиясы және оның курсының өзгеруі, инфрақұрылым мен ақпаратты қамтамасыз етуді жатқызамыз. Нарықтық экономикаға өтуде қаржы нарығын дамыту несие-қаржы жүйесін қайта құруды талап етті.

      Ақша ресурстарын бюджеттік пайдалану нарықпен толықтырылып отыруы қажет. Қаржы нарығында ақша толыққанда тауар ретінде жұмыс атқарады. Оның қолдану бағасы нарық санына сәйкес сұраным мен ұсыным негізінде белгіленеді. Қаржы нарығы жағдайында кәсіпорын, ұйымдар, тұрғындар тұрақты ақшалай қорланған табысты қалыптастырып, оны алуға ұмтылыс жасайды. Ал, халық шаруашылығы қосымша қаржы көздеріне ие болады. Мұндай капитал нарығынсыз кәсіпорындарды өзін-өзі қаржыландыру мүмкін емес. Олардың инвестициялық мүмкіндіктері тек өздерінің құрал-жабдықтарында шектеліп, басқаша толтыру көздері жоқтың қасы.

      Біздің шаруашылық өмірімізде ақша ресурстарын пайдалануда бюджеттік әдіс кеңірек белең алып, қаржы нарығы тіпті болғанда жоқ. Ақшаның барлық қоры мемлекеттің қолында болып, мемлекеттік бюджет арқылы ұлттық табыстың үштен екісі бөлінді. Несие жүйесінде тек мемлекеттік банктер жұмыс жасады. Олардың қызметінде кәсіпкерлік  бастамаға шек қойылды. Бюджеттік қор мен несие ресурстары «жоспарға негізделіп» бөлініп, олардың қаржылық қауқары және тиімді қолданылуы ескерілмеді. Рентабельдігі төмен және шығындары көп кәсіпорындар осылай күн кешіп, берекесіздік белең алып, мемлекеттік бюджет тапшылығы пайда болды. Жүзеге асырылған шаруашылық реформасының (1965 жылғы) нәтижесінде кәсіпорынның қаржы ресурстары біршама өсті. Ал, оларды пайдалану қатаң бақылауда болды. Кәсіпорын мен кәсіпорынның, кәсіпорын мен тұрғындардың, кәсіпорын мен банктердің қорларды өзара бөле-бөлісуіне тиым салынды. Банктегі кәсіпорын қорының (қаржысы) есеп шоттары пайызсыз сақталды.

      Қаржы нарығын қалыптастырудың өзіндік қиындығы бар. Сондықтын бағалы қағаздар институтын құру қажет және қаржы нарығы инфрақұрылымын дамыту абзал.

 

 

1.3. Қаржының басқа экономикалық категорияларымен өзара байланысы

    Қоғамдық өнімді бөлу процесі өте күрделі, мұның барысында өндірісте жасалған құн шаруашылық жүргізуші субьектілер арасында, ал олардың әрқайсысында мақсатты арналым бойынша бөлінеді. Осыған байланысты ол түрлі экономикалық категориялардың көмегімен жүзеге асады, бұлардың әрқайсысы ерекше, тек өзіне тән рөлдерді орындайды. Қаржы құндық бөлу процесіне қатыса отырып, баға, жалақы, несие сияқты категориялармен өзара тығыз байланыста болады және өзара іс-қимыл жасайды. Бұл ақша категориялары ұдайы өндіріс циклінің басқа стадияларындағыдай сонымен бірге бөлгіштік процеске де қатысады. Алайда олардың қатысу өлшемі мен нысандары бірдей емес. Жеке экономикалық категориялардың ұдайы өндіріс процесінің түрлі стадияларында қатысу дәрежесі әр түрлі. Аталған категориялардың әрқайсысы тек оған тән әдістермен және тәсілдермен қоғамдық өнім мен ұлттық табысты бөлудің біркелкі процесіне қатыса отырып, бөлгіштік және басқа ұдайы өндірістік қатынастардың жүйесінде өзінің ерекше орнын алады.

    Баға – жұртқа мәлім, тауар құнының ақшалай тұлғалануы. Ол еңбек өнімінің натуралдық-заттай нысанын  ақша нысанына көшуін және сатып алу-сату актілерінің негізінде оның бір иеден басқасына қозғалысын ортақтастыра отырып құндық бөліністің бастапқы категориясы ретінде көрінеді. Ұлттық табыс бөлінгенге дейін және қайта бөлінгенге дейін тауар сатылуы тиіс. Баға өнім иесіне оны өткізуден түсетін ақшаның мөлшерін алдын ала анықтайды және одан әрі бөлінетін процестің алғашқы негізі болып саналады. Бөлініс процесінде еңбектің қоғамдық қажетті шығындарымен анықталатын құннан бағаның ауытқуы пайда болуы мүмкін, мұның нәтижесінде бірқатар өндірушілерде көп құн, басқаларында аз құн өткізіледі. Мұндай жағдайда қайта бөлгіштілк процеске өзінің әдістерімен қаржы араласады: ол құнның бір бөлігін (мысалы, акциздердің, экспортқа немесе импортқа салынатын салықтардың, кеден баждарының көмегімен) алады немесе құнның кем алынған бөлігін субвенциялар, бюджеттік немесе салалық қаржыландыру жолымен алып береді. Бағаның құннан ауытқуын мемлекет бағалардың саясатын жүргізгенде реттелетін бағалар, әлеуметтік тұрғыдағы төмен бағалар, жоғары сұраныммен анықталатын баға – монополиялық бағаларды әдейі белгілей алатынын есте ұстаған жөн. Нарық жағдайында тауарлардың, қызметтер көрсетудің сұранымы мен ұсынымы қалыптастыратын еркін бағалар басым болады.

    Қаржы көмегімен шаруашылық жоспарларымен және үйлесімдерімен белгіленген құн қозғалысының шартарын ескере отырып бөлудің бағамен басталған процесі түзетіледі. Егер бағаның көмегімен өнімді өткізуден түсетін жалпы түсім-ақшаны одан әрі бөлуге арналған мақсатты ақша қорлары бойынша бөлшектейді. Сөйтіп бөлудің қаржылық әдістері анағұрлым иілгіш келеді, олар бұл процестегі үлкен атаулы сипатты қамтамасыз етеді. Бөлу кеңділігінің дәрежесі әртүрлі: егер баға құнның қоғамдық қажетті шығындардан ауытқуы немесе шығындардың жеке-дара шығындардан ауытқуы түріндегі оның тек бір бөлігін бөлетін болса, қаржы жалпы қоғамдық өнімнің бүкіл құнын қайта бөледі.

    Қаржы бағамен негізгі қаланған үйлесімдерді нақтылайды. Қаржылық бөлудің бағамен бөлуден айырмашылығы сол, бағамен бөлудің обьектісі жалпы қоғамдық өнімнің тек бір бөлігінің болатындығы.

    Баға амортизациялық аударымдардың көлемін анықтауда ерекше роль атқарады. Өндіріс құралдарының бастапқы және қолданыстағы бағаларының арасындағы алшақтық амортизациялық қордағы елеулі ауытқуларға себепші болады. Өндіріске кепілдікке салынған (баламасыз сатып алуға қарай), құнның бағалық бұрмалануы баламасыз сату кезінде күшейеді және бөлумен тұтыну стадияларындағы қайта бөлгіштік қатынастардың көбеюін тудырады.

    Әсіресе инфляция жағдайында Қазақстанда баға күшті өсті және бағаның бөлгіштік функциясы күшейе түсті. Баға сонымен қатар тауарларға деген сұраным мен ұсынымды да реттейді, сөйтіп, ұдайы өндіріске, шығынның орнын толтыру қорының мөлшері мен құрылымына, демек, табысқа да ықпал жасайды.

    Қаржы еңбекке ақы төлеумен тығыз байланысты.  Бағаның ізінше қаржылық бөлудің ішінде жалақы жұмыс істей бастайды. Қаржы жалақы қоры мен еңбекке ақы төлеудің басқа қорларының оқшаулануы үшін жағдайлар жасайды. Бұл категориялар жұмыс күшінің ұдайы өндіріс процесін ынталандырады. Материалдық өндіріс сферасында еңбекке ақы төлеу қоры (жалақы қоры) қаржының көмегімен өнімді өткізуден түскен түсім-ақшадан бөлінеді. Бұл қор өндірілген өнімнің көлеміне қарай қалыжптасуы мүмкін. Шаруашылық практикада табыс категориясын пайдаланған жағдайда еңбекке ақы төлеу қоры қол жеткен  қаржы нәтижелерімен тығыз байланысты үйлесімде қалыптасады.

    Сырттай қарағанда еңбекке ақы төлеу қорын анықтауға баға факторы тікелей қатыспайды деген пікір туады. Бірақ таза табысты бөлу арқылы оның әсері ақиқат көрінеді. Напрықтық жүйеде бағаның еңбекке ақы төлеу қорына әсері бұрынғыдан бетер арта түседі.

    Өндірістік емес сферада қызметкерлердің еңбекке ақы төлеу қоры елеулі дәрежеде бюджет қаражаттары есебінен қалыптасатындықтан және тиісті бюджеттің қаржы мүмкіндіктерімен анықталатындықтан бұл сферадағы қаржы мен еңбекке ақы төлеудің байланысы көрнекі (айрықша) болады. 

    Барлық жағдайда экономикалық категория ретіндегі еңбекке ақы төлеу жасалған өнімдегі әрбір қызметкердің үлесінің сәйкестігін, яғни қызметкердің бөлудегі қатысу шегін анықтайды, ал қаржы жалақы қорын немесе еңбекке ақы төлеу жөніндегі қорды қалыптастырады.

    Жалақы мен қаржының іс-әрекет етуінің айырмашылығы:

    1) қаржылық бөлудің шекарасы анағұрлым кең, жалақы тек еңбек шығындарын өтеуге қатысты;

    2) қаржы құнның  біржақты қозғалысына қатысады, ал жалақы оның ыңғайласпа қозғалысына – еңбек құнына және оның ақшалай өтемақысына қатысты.  

    Экономикалық категориялардың өзара іс-қимылы туралы қаралған негізгі қағидалары оларды ұдайы өндірісті басқарудың практикасында, оны жүзеге асырудың  барысын бақылауда және оның тиімділігін ынталандыруда пайдалануға келісілген, өзара үйлесілген тәсілдемені қажет етеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 Бөлім Қаржы жүйесінің қағидаттары.

2.1. Қаржы жүйесі және оны ұйымдастыру.

    «Қаржы жүйесінің» ұғымы қаржы ұғымының одан әрі дамуы және нақтылана түсуі болып табылады.

    Елдің біртұтас қаржы жүйесі тиісті ақша қорлары құрылып, пайдаланылатын қатынастардың, сонымен бірге бұл қатынастарды ұйымдастыратын органдардың жиынтығын қамтиды. Қаржы жүйесінің ұғымы кейде тар мағынада, тек мемлекеттің қаржы мекемелерінің жиынтығы ретінде қолданылады, бұл жеткіліксіз.

    Сонымен бірге жалпы институционалдық тұрғыдан алғанда қаржы жүйесі бұл қаржы мекемелерінің жиынтығы, ал экономикалық тұрғыдан – ол мемлекетте іс-әрекет ететін бір-бірімен өзара байланысты қаржы қатынастарының жиынтығы екенін естен шығармаған жөн.

    Өзінің тарихи дамуында қаржы жүйесі ұзақ эволюциядан өтті. Қаржы қатынастарының пайда болуы кезінде қаржы жүйесі, жалпыға мәлім, әдетте, тек бір ғана буынмен – мемлекеттік бюджетпен шектелді. Классикалық капитализм жағдайында батыстың көптеген өркениетті елдерінің, соның ішінде бұрынғы КСРО-ның қаржы жүйесін екі негізгі буын – мемлекеттік бюджет пен жергілікті қаржылар құрады. Олар ақша қорларын қалыптастыруға мүмкіндік береді, бұл буындардың көмегімен мемлекет өзінің саяси және экономикалық функцияларын орындап отырды.

    Қаржы жүйесі терминінің жоғарыда келтірілген анықтамасында қаржының мәнділік сипаттамасын, оның қоғамдық-экономикалық процестегі орнын негіздей отырып, қаржы жүйесін сыныптаудың қағидалы үлгісі қойылған. Осы критерийге сәйкес қаржы жүйесі мынадай үш бөлікті қамтиды:

    1) қаржы қатынастарының жиынтығы;

    2) ақша қорларының жиынтығы;

    3) басқарудың қаржы аппараты.

    Ақша қорларының қозғалысына байланысты мемлекет, шаруашылық жүргізуші субьектілер, салалар, аймақтар және жеке азаматтар арасында пайда болатын экономикалық, ақша қатынастарының жиынтығы қаржы қатынастарын құрайды.

    Қаржы қатынастары негізінен мына екі сфераны қамтиды:

    1) мемлекеттік бюджетке жинақталатын мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорларын қалыптастырып, пайдаланумен байланысты болатын экономикалық ақша қатынастары;

    2) кәсіпорындардың орталықтандырылмаған ақша қорларының толық айналымын ортақтастыратын экономикалық ақша қатынастары.

    Қаржы қатынастары өзінің экономикалық табиғаты жөнінен бөлгіштік қатынастар болып табылады, оның үстіне құнды бөлу ең алдымен субьектілер бойынша жүзеге асырылады. Сондықтан қоғамдық өндірістегі субьектілердің рөлі қаржы қатынастары жіктемесінің алғашқы обьективті белгісі ретінэде көрінеді.

Қаржы жүйесінің функциялық белгісі (критерийі) бойынша құрылымы

 

 

Қаржы қатынастарының буындарына тән болып келетін тиісті орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қорларының жиынтығы қаржы жүйесінің екінші бөлігін құрайды.

    Қаржының материалдық мазмұны өзінің көрінісін қаржы ресурстарын қалыптастырып, пайдалануды табады, бұл ресурстар бюджет, мемлекеттік және мемлекеттік емес әлеуметтік сақтандыру және қамсыздандыру, амортизация, айналым қаражаттары, тұтыну, резерв және басқа көптеген ақша қорларын кіріктіреді. Бір қорлар едәуір дәрежеде, біреулері аз дәрежеде орталықтандырылған, бір қорлар үнемі жұмсалады (тұтыну қоры), басқалары уақытша сақталады (резервтік капитал), үшіншісі қорланады (амортизациялық аударымдар).

    Қаржы жүйесі интеграциялық тұрпатты жүйе болып табылады, оған кіретін элементтердің (қосалқы жүйелердің) тығыз байланысымен және оның қосалқы жүйелерінің бірде-бірі өзінше өмір сүре алмайтындығымен сипатталады: қаржы бір жағынан, өндірістік қатынастардың бір бөлігін білдіреді және осы қатынастар  жүйесінің элементі болып келеді, екінші жағынан, өзінің функциялық өзіндік ерекшелігі бар өзара байланысты элементтерден тұратын жүйе болып табылады. Функциялық сыныптауға сәйкес қаржыларда функциялық қосалқы жүйелер ретінде мыналарды айтуға болады: салық, бюджет, сыртқы экономикалық, қаржылық жоспарлаудың (болжаудың), қаржылық бақылаудың және басқа қосалқы жүйелері.

    Қаржы жүйесін сыныптаудың функциялық критерийінен басқа қаржы субьектілерінің (қаржы қатынастарындағы қатысушылардың) белгісі бойынша сыныптау қолданылады, бұл қаржы жүйесін сфералар мен буындар бойынша: мемлекеттің қаржысына, шаруашылық жүргізуші субьектілердің қаржысына, халықтың (үй шаруашылығының) қаржысына шектеуге мүмкіндік береді.

 

 

 

 

2.2. Қаржы механизмінің жүйесі.

    Қаржы саясаты нақты шаруашлық өмірде қаржы механизмі арқылы іске асырылады, ол қаржыны ұйымдастыру, жоспарлау және басқару түрлерінің, нысандарының және әдістерінің жүйесі болып табылады. Қаржы механизмі арқылы шаруашылық жүргізудің түрлі деңгейлерінде және қызмет сфераларында экономикалық және әлеуметтік дамудың мемлекеттік бағдарламаларын орныдау үшін мақсатты ақша қорлары мен ақша қорланымдарын қалыптастыру және пайдалану жөніндегі қаржы қатынастары басқарылады.

    Қаржы механизмі – экономикалық және әлеуметтік даму үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында қоғам қолданатын қаржы қатынастарын ұйымдастыру нысандарының, қаржы ресурстарын қалыптастырып, пайдалану әдістерінің жиынтығы. Ол қаржы қатынастарын ұйымдастырудың түрлерін, нысандарын және әдістерін, оларды сан жағынан анықтаудың амалдарын кіріктіреді.

    Қаржы механизмінің құрлымы қаржы қатынастарын топтастыру тұрғысынан қаржы жүйесін қамтып көрсетеді.

    Қаржы механизмі құрылымын сипаттау үшін оның буындары ретінде анықталатын жүйелі талдаудың қосалқы жүйесі блогы, элементі сияқты ұғымдарын пайдаланған орынды.

Қаржы механизмінің жүйесі осы кестеде көрсетілген

 

 

 

 

 

 

 

             

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    Қаржы механизмінің қосалқы жүйесі оның неғұрлым маңызды қозғаушы күші болып табылады, олар: қаржылық жоспарлау, қаржы тұтқалары мен ынталандырмалары, ұйымдық құрылым және қаржы жүйесінің құқықтық режимі, қаржыны ұйымдастыру.

    Қаржы механизмінің блогы (буыны) – бұл жалпы мақсатты бағыттылық белгісі бойынша біріккен біркелкі өзара байланысты элементтердің жиынтығы.

    Қаржы механизмінің элементі – бұл қарапайым шаруашылық нысан, ол қоғамдық арқылы өндіріске қатысушылардың мүдделері айрықша түрде білінеді.

    Әрбір элемент бірыңғай қаржы механ,измінің құрамдас бөлігі болып табылады, бірақ өзінше жұмыс істейді және барлық элементтер келісуді талап етеді.

    Қаржы механизмінің элементтерінің – қаржы қатынастарын ұйымдастырудың нысандарының, түрлерінің, әдістерінің үйлесуі «қаржы механизмінің конструкциясын» құрайды, ол механизмінің әрбір элементінің сандық параметрлерін белгілеу жолымен, яғни алудың мөлшерлемелері мен нормаларын, қорлардың көлемін, шығындардың деңгейін және басқаларды анықтау арқылы қозғалысқа келтіріледі.

Қаржы ұғымы және оның мәні