қасақаналық және оның түрлері

                                                 

                                                          Мазмұны: 
 
 

Кіріспе................................................................................................................3-4 
 
 

I Бөлім.  Қасақаналық  және оның түрлері

    1. Қасақана  қылмыс туралы түсінік................................................................5

    2. Қасақана  қылмыс түрлері және оған берілетін  жазалар........................6-7

    3. Кінә  туралы түсінік...................................................................................8-9 
 
 
 

II Бөлім

  1. Қылмыс жасаудың негізгі сатылары.................................................10-13
  2. Тұлғаның қателесу сипаты.................................................................14-16
  3. Қасақана құқық бұзушылықтағы себепті байланыс........................17-19
  4. Қасақаналық қылмыс құрамы............................................................20-22
 
 

Қорытынды.........................................................................................................23 
 
 

Пайдаланған әдебиеттер...................................................................................24 
 
 
 
 
 
 

                                                   
 
 
 
 

Кіріспе 

     Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінде қасақана қылмыс туралы баса айтылған. Қасақана қылмыс істеу қазіргі уақытта  көптеп кездеседі.

     Қылмысты  дәл санатқа жатқызуға мүмкіндік  беретін қосымша белгілердің  түрі кінә нысандары болып табылады. Кінә бұл тұлғаға айып ретінде  тағылады. Мен кінә туралы күрстық  жұмысымда тоқталып, оның қандай белгілері  бар екендігіне қысқаша қарастырдым.

      Басқа да құқық салалары сияқты қылмыстық  құқықтың негізгі заңдық базасы- Қазақстан  Республикасының Конституциясы  болып табылады. Қылмыстық құқық  Жалпы және Ерекше бөлімнен тұрады. Қылмыс пен жаза туралы ұғым, қылмыстық  жауаптылықтың негізгі және одан босату, қылмыстық заңның кеңестіктегі және мезгілдегі күші, жазаның мақсаты  және жүйелері, жаза тағайындаудың  немесе жазадан босатудың мәселелері осы Жалпы бөлімде зерттеледі. Ерекше бөлімде нақты қылмыс құрамдары  мен оларды істегені үшін белгіленеген жаза түрлері көрсетіледі. Қазақстан  Республикасының жаңа Қылмыстық  Кодексі 1997 жылы шілденің он алтысында  қабылданып, ол 1998 жылы бірінші қаңтардан  бастап заңды күшіне енді. Қазақстан  Республикасының Қылмыстықы заңдары  тек қана осы Қазақстан Республикасының  Қылмыстық Кодексінен тұрады.

Қасақана  қылмыс бұл заңды бұзудың өрескел  түрі. Қылмыстық заңдар қылмыстарға  күресі арқылы соның ішінде қасақана қылмысқа күресу арқылы қоғамдық тәртіпті нығайтуға, сол арқылы халықтың тыныш  өмір сүруіне қамқорлық жасауға  жәрдемдеседі.

      Құрылымы  бойынша қылмыстық құқықтық қатынас  объектіден, субъектіден және субъектілердің заңдық құқықтыры мен міндеттерін  құрайтын мазмұннан тұрады Мұндай қатынастардың  субъектілер ретінде бір жағынан, қылмыстық жауаптылықты өтеуге міндетті, бірақ осы жауаптылықтың заңмен бекітілген шегін және белгілеген тәртібін сақтауды талап етуге құқылы қылмыс жасаған адам танылады. Екінші жағынан- өзінің арнайы өкілетті органдары арқылы қылмыс жасау фактісін анықтауға, оны жасаған нақты адамның кінәсін дәлелдеуге міндетті және қылмыстық іс жүргізу заңының нормаларын басшылыққа ала отырып қылмыстық заң нормалары аталған адамды қылмыстық жауаптылыққа тартуға құқылы мемлекет танылады.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                          I Бөлім.  Қасақаналық және оның түрлері

                            1. Қасақана қылмыс туралы түсінік 

     Қасақаналықтың  ұғымы негізінен екі түрлі элементтен- интеллектуалдық және еріктілік кезеңнен құралады. Зардаптың болуын тілеу немесе оның тууына саналы түрде жол беру еріктілік кезеңі деп аталады. Істелетін іс- әрекеттің қоғамға қауіптілігін сезіну қасақаналықтың қажетті элементі болып табылады, мұндай элементтің болмауының өзі кінәліктің болмағандығын дәлелдейді. Адам өз әрекетінің не әрекетсіздігінің қоғамға қауіптілігін білсе, біле тұра зиянды зардабын тигізсе, бұл қасақана істелген қылмыс боллып саналады. Адам одан өлтірген зиянды, сондай-ақ осы іс-әрекеттің жүзеге асырылу уақыты, орны, тәсілі, жағдайы сияқты мән-жайларды ой елегінен өткізіп, елестетеді. Қасақана қылмыс істегендердің басым көпшілігі өзінің іс-әрекетінің қылмыстық заңға қайшы екенін сезеді. Бірақ та қылмыстық заң тыйым салған әрекет немесе әрекетсіздігін білмей істейтін жайттар да кездесіп қалуы мүмкін. Мысалы, түзеу мекемелерінде, тергеу изоляторында, тәрбиелеу және емдеу профилакторийлерінде ұстайтын адамдар ішімдіктерін, дәрілік немес есірткі заттарды, солндай-ақ беруге тыйым салынған басқа да бұйымдарды қарап тексеруден, жасырып беру немесе кез-келген әдіспен беруге әрекеттенудің қылмыстық заң тыйым салған, жазалайтын әрекеті қасақана қылмыс істегендік болып табылады. Өйткені, іс-әрекеттің қылмыстық заңға қайшылығын сезінуді заң шығарушы қасақаналықтың белгісі ретінде арнайы көрсетпеген. Кылмыс  озiнiн ерекше

турлерiмен айкындалады,  ягни  кылмыстын да  озiне  гана  тан белгiлерi    бар. Кылмыс-зан  жузiнде танылган, когамга кауiптi  iс-арекет. Казакстан Республикасынын кылмыстык зандары тек кана  осы Казакстан Республикасынын Кылмыстык кодексiнен турады. Кылмыстык жауаптылыкты  коздейтiн  озге  зандар  оларды  осы Кодекске  енгiзгеннен гана колданылуга тиiс. 
 
 
 
 

       2. Қасақана қылмыс түрлері және оған берілетінс жазалар  

     Егер  адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіпті екенін ұғынып, оның қоғамдақ қауіпті зардаптары болуын тілесе, қылмыс тікелей ниетпен жасалған қылмыс деп танылады. Егер адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіпті екенін ұғынып, оның қоғамдық қауіпті зардаптары болуын тілемесе де, бұған саналы түрде жол берсе  не бұған немқұрайлы қараса қылмыс жанама ниетпен жасалған қылмыс деп танылады. Кейбір реттерде ғана тікелей қасақаналықпен қылмыс істегенде қоғамға қауіпті зардап ретінде болжануы мүмкін. Қоғамға зиянды зардаптың болуын тілеу немесе оның тууына саналы түрде жол беру тікелей қасақаналықтың еріктілік элементін құрайды. Тікелей қасақаналықта қоғамға қауіпті, зиянды зардаптың болуын тілеу, әр түрлі нысанды көрінуі мүмкін:

      а) қоғамға зиянды зардап келтіру немесе қоғамға зиянды зардап түпкі мақсатқа жетудің қажетті құралы болса;

      б) қоғамға зиянды зардап кінәлі үшін түпкі мақсатқа жетудің белгілі  бір сатысы болуы мүмкін;

      Қылмыстық заңды сипаты- оларға қылмыстық заңмен тыйым салу мен жазалау шараларын  қолдану болып табылады. Денсаулыққа  қасақана орташа оқталудан ажыратқанда  кінәлінің осы қылмыстардағы  ниетінің бағыттылығы ескеріледі. Абайсызда  ұрып-соққандық немесе тәнін ауыртқандық  үшін қылмыстық жауаптылық болмайды. Қылмыстың субъектісі- жасы16-ға толған, есі дұрыс адам. Мысалы, кісіні ауырлататын  жағдайда қасақана өлтіргені үшін 10- жылдан 20- жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.Кінәсіз  қылмыс та,жаза да жоқ. Қылмысты дәл  санатқа жатқызуға мүмкіндік  беретін қосымша белгілердің  түрі кінә нысандары болып табылады . Мысалы , ауыр және аса ауыр қылмыстарға тек қана қасақана қылмыстар жатады. Осы санаттарға сәйкес аса ауыр қылмыстарға қоғамғм қауіптілік дәрежесі ерекше ауыр қасақана қылмыстар, мысалы, кісіні ауырлататын жағдайда қасақана өлтіру, мемлекетке опасыздық, бандитизим, зиянкестік, шабуыл жасап тонау сияқты қылмыс түрлері жатады. Ауыр қылмыстарға мысалы, контрабанда, денеге қасақана ауыр жарақат салу, ауырлататын жағдайда біле тұра кінәсіз адамды қылмыстық жауапқа тарту тағы басқа қылмыстар жатады. Алайда, қылмыстық құқық теориясы мен сот жұмысында қасақаналықтың басқа да түрлері белгілі. Мәселені, пайда болу уақыты бойынша қасақаналық- алдын ала ойластырылған және аяқ астынан пайда болған деп бөленеді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                       3. Кінә туралы түсінік 

     Кінәлі  болу үшін адамның есі дұрыс және әрекет қабілеттілігі шектелмеген  болуы шарт. Кінә - құқық  бұзушының  өзінің құқыққа қайшы әрекетіне  қатысты психикалық қрым – қатынасы. Қылмыстыың субъективтік жағы – қасақана кінә. Бұл қылмысты жасаудағы себептер мен мақсат әрқилы. Кінәлінің денсаулыққа  ауыр зиян келтіру екендігі анықталып, бірақ өзіне байланысты емес себептермен  ондай зардапқа оның қолы жетпесе, құқық  қорғау органдары кейде денсаулыққа  қасақана орташа ауырлықтағы зиян келген осындай жағдайды саралауда қиындық  көреді. Объективті айыптауға, яғни кінәсіз  зиян келтіргені үшін қылмыстылық жауаптылыққа жол берілмейді. Қылмыстың субъективті  жағы бұл негізінен адамдардың психикалық іс-әрекеттерінің қылмыс істеуге  байланысты жағының көрінісі болып  табылады.

     Қылмыстың субъективтік жағының мазмұнын мынадай  заңдылық белгілері кінә, қылмыстық  ниет, ниет пен мақсатты дұрыс анықтаудың маңызы мынада: біріншіден, қылмыстық  жауаптылық негізінен құрамдас бөлігі ретінде ол қылмысты қылмыс болып  табылмайтын іс-әрекеттен акжыратуға мүмкіндік береді. Екіншіден, қылмыстың  субъективтік жағы объективтік жағынан  өзара ұқсас құрамдары бір-бірінен  ажыратуға мүмкіндік береді. Үшіншіден, қылмысиың субъективтік жағынан  мазмұны істелген қылмыстың сондай-ақ оны істеген адамның қоғамға  қауіптілік дәрежесінің деңгейін анықтауға  себеп болады. Мұның өзі жауаптылықтың  негізділігін және мөлшерін анықтауға  мүмкіндік береді. Сонымен, қылмыстың  субъективтік жағының қылмыстық  жауаптылықтың бар-жоғын анықтау  үшін, істелген қылмысты дұрыс саралау  үшін, және әділ жаза тағайындау үшін маңызы ерекше. Осыған байланысты көптеген қаулыларда кінәнің нысанын қылмыстық қаскүнемдік пен арамниеттің және оның мақсаттарының мазмұны мен бағытын терең білу керек.

     Кінә  дегеніміз- бұл адамның өзінің қасақаналықпен немесе қоғамға қауіпті іс-әрекетіне  және оның қоғамға зиянды зардабына  деген көзқарастарының жиынтығының  көрсеткіші болып табылады. Істеген  әрбір қылмыс үшін кінәнің болуы  объективтік ақиқат қылмыстың субъектісінің  кінәлілігі туралы тұжырымды сот  ісі іс бойынша жинақталған дәлелдеулер  арқылы айқындады.  Кінә әртүрлі  қасақаналық және абайсыздық нысанда  ғана болады. Кінә туралы сөз қылмыстық  заңда көрсетілген қоғамға қауіпті  іс-әрекеттерді, яғни қылмысты істеген  жағдайда ғана болады. Қылмыстық заңда  және сот-тергеу практикасында ең көп  кездесетін кінәнің нысаны қасақаналық  болып табылады. Жалпы сот судьялар жаза тағайындағанда қасақаналық түрінде  істелген қылмыстың ниетімен мақсатын ескеруге міндетті.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                        II Бөлім 

                        1. Қылмыс жасаудың негізгі сатылары 

     Алдын ала ойластырылған қасақаналық- қылмыс жасау туралы қабылданған ниет пен сол қылмыстың өзі бір-бірінен белгілі бір уақыт аралығымен субъект қылмыс жасау жоспары мен тәсілін (орны, уақыты, құралы, тәсілі, тағы басқа). Ойластырып құрастырумен болады. Аяқ астынан пайда болған қасақаналық-кенеттен пайда болып бірен жүзеге асырылуымен сипатталады.

     Анықталған  қасақаналық тұлғаның өзі жасайтын қоғамдық қауіпті әрекетінің немес  әрекетсіздігінің сипатын және саласының  мөлшерін анық түсуімен сипатталады. Мысалы, пышағын жүрекке жұмсайтын кісі өлтіруші, өлімнің орын алатын алдын  ала біліп, қарапайым анықталған қасақаналықпен әрекеттенеді. Ал пышақты  жәбірленушінің ішіне салатындар екі  ұшты қасақаналықпен әрекет жасайды. Анықталған қасақаналық кезінде кінәлі тұлға  қылмысты салдарды көре білгенімен, нақтыламаған.  Мысалы, жәбірленушінің басынан таяқпен  ұру, таспен ұру, аяқпен бастан, кеудеден, іштен тебу. Мұндай жағдайларда әртүрлі  салдар-денсаулыққа жеңіл зақым  келтіруден бастап өлімге дейін орын алуы мүмкін. Алайда мұндай бағалау  тек анықталмаған қасақаналық дәлелденген  жағдайда ғана негіз болып табылады.

     Егер, жәбірленушінің басынан таяқпен  ұру кезінде оны өмірден айыруға  бағытталған тікелей қасақаналық  анықтама, жәбірленушіге шын мәнінде  келтірілген онша ауыр емес зиянның  өзінде (айталық, денсаулыққа орташа ауыр зақым келтіру) қасақана кісі өлтіруге оқталғандық деп бағалануы тиіс. Қасақана қылмыс жасаудың үш сатысы бар: қылмысқа даярлану, қылмыс істеуге  оқталу, қылмыс істеу. Ойлаған қылмысты істеу үшін алдын ала қасақана жағдай жасалса-даярлану болады.  Қылмыс істеу үшін қылмыскер құрал-жабдық дайындауы мүмкін. Мысалы, біреуді ату үшін мылтық сатып алады; біреудің үйіне түсу үшін кілт жасайды; қылмыс істеуге жағдай туғызу үшін сыбайластар ізтестіреді; ұрланған нәрсені тығу үшін орын әзірлейді. Қылмыскер қауіпті әрекет жасауға қасақана барлық күш-жігерін қолданса да, оған байланыссыз себептермен қылмыс аяғына дейін жүзеге аспауы мүмкін. Мысалы, қылмыскер құрбанға шалғанын атса да, ол өлмеуі мүмкін немесе дүкенге түскен ұрыны күзетші ұстап алуы мүмкін. Демек, қылмыстың ақырына дейін бітпеуі мұндай жағдайда қылмыскерлерге байланысты емес. Сондықтан, қылмыс істеуге даярланған және оқталған адам сол қылмыс үшін жауаптылық белгіленген заң бойынша сотқа тартылады. Әрине, оның жазасы жеңілірек болады.

     Мүлікті қасақана жою немесе бүлдіруге келер  болсақ, қасақана жойылатын немесе бүлдірілетін мүлікке тұрғын үйлер, заттар, бұйымдар жатады. Тұрғын үйді, кісі тұрмайтын мекен-жайды, мүлікті  бүлдіру деп- оларды уақытша немесе ішінара пайдалануға болмайтын  қалыпқа келтіруді айтады. Мүлікті  жою- оны біржолата құрту, қирату немесе құнын жою болып табылады. Бұл қылмыс белсенділік әрекет арқылы жүзеге асырылады. Әрекет- өрт жіберу, су астында қалдыру басқа да қауіпті  тәсілдермен жою, дәрісен жару, қышқылдар, улар, бактериялар қолдану арқылы бүлдіру. Мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру көбінесе бұзақылық ниетпен  немесе бұзақылық әрекеттермен байланысты. Адамдар қаншама қаражат шығарып, күшін салып жасаған мүлікті  әдейі, қасақана жою немесе бүлдіру- нағыз тағылық. Сонымен бірге  қылмыстық жолмен табылған мүлікті  алу немесе өткізу қылмыс болып табылады. Егер де, адам қылмыстық жолмен табылған мүлікті аламын деп алдн ала сөз  бермей, ол ұрлыққа қатысушы болып, айыпталады. Алдын ала сөз бермей, қылмыстық жолмен табылған мүлікті  алушы алғаны, өткізгені үшін де жауап береді. Ондай мүлікті алудың жолдары- сыйға алу, сатып алу, айырбастап алу, қарызға алу тағы басқалары.

     Қылмыстық жолмен табылған мүлік екенін біле тұра адам оны өз мүддесіне пайдалану  үшін, қажетіне жарату үшін алады. Осындай  мүлікті уақытша ала ма, біржолата  ала ма- айырмашылығы жоқ, бәрі бір  қылмыс боып табылады. Қылмыстық жолмен табылған мүлікті өткізу, оны басқаға  берудің қандай да болсын түрі- айырбастауға сату, сыйға тарту, қарызын өтеу үшін беру- бәрі де қылмыс қатарына жатқызылады.

     Аталған қылмыс тек қасақана жасалады. Былайша  айтқанда, мүлікті алушы оның қылмыстық  долмен табылғанын алдын ала білген болуы керек. Егер мүліктің қылмыстық  жолмен табылғанынбілмесе, ол үшін жауаптылық та болмайды. Бұл мәселені жан-жақты  қарап, сот шешеді. Заң шығарушы интеллектуалдық  элементі жасалған істің тек қоғамдық қауіптілігін түсінгенімен шектеп, кінәлінің  өз ісінің заңға қарсы екендігін  түсінуін талап етпейді. Расында, көп  тараған қасақана қылмыстар (кісі өлтіру, денеге жарақат салу, жыныстық қылмыстар, талан-таражға салу және тағы басқалар) әрине олардың заңға қарсы  екендігі түсініле тұра жасалады. Алайда, заңға қарсылықты түсіну, жалпы ереже  бойынша, қылмыстық іске байланысты дәлелденуге жатпайды. Дегенмен, кейбір жағдайларда, заң шығарушы Ерекше бөлімнің арнайы құрамын жасау арқылы, кінәлінің  өз ісінің қоғамдық қауіптілігін түсінуін оның заңға қарсы екендігін түсінумен  байланыстырады. Бұл жағдай көбінесе, әр саладағы арнайы ережелерді қылмысты түрде бұзғанда қолданылады. Мәселен  қылмыстық жауаптылық есірткі заттарды, жүйкеге әсер ететін немесе улы заттарды өндіру, жасау, ұқсату, сатып алу, сақтау, есепке алу, босату, тасымалдау, әкелу, әкету, жөнелту не жою ережелерін бұзу, егер бұл әрекетті аталған  ережелерді сақтау міндетіне кіретін  адам жасаса, тағайындалады. Субъектінің  бұл әрекеттердің қоғамдық қауіптілігін түсіне білгендігі, оның айтылған заттарды пайдаланудың (мысалы, сақтау және есепке алу) тиісті ереежелерін міндетті түрде  білгендігін көрсететіні анық. Ал, егер де тұлға бұл ережелермен  таныспаған болса, қасақаналықтың интеллектуалдық  сәті жойылады, демек, кінә- қасақана емес, бұл тұлға- қылмысқа жауапты емес. Зиянды салдардың орын алатындығын алдын ала көре білу- тұлғаның жасаған қоғамдық қауіпті әрекетінің (әрекетсіздігінің) нәтижесінде орын алатын қоғамдық қауіпті салдарды, кінәлінің өзі алдын ала көре білгендігін көрсетеді. Заңды тұжырымдамаға сәйкес, тікелей қасақаналық кезінде алдын ала көре білудің сипаты екі жақты болуы мүмкін. Кінәлі тұлға тиісті қылмысты салдардың орын алуы мүмкін екендігіне де, срнымен қатар, орын алмауының мүмкін еместігін де көріп біледі. Қылмысты салдардың орын алуы мүмкін екендігін көре білу- бұл салдардың белгілі бір себептер арқылы болмай қалуы мүмкін екендігін білдіреді. Олардың болатындығы сөзсіз екендігін көре білу- бұл салдардың белгілі бір себептер арқылы болмай қалуы да мүмкін екендігін білдіреді, және кінәлі санасынан мүлдем шығарылып тасталғандығын білдіреді. Заң шығарушы қасақаналықты оның кез-келген түрінде (кінәнің абайсыз түрі сияқты) материалдық құрамы бар, яғни объективті жағына қылмыстарға бейімдей отыра тұжырымдайды. Тікелей қасақаналықтың еркіне қарай сәтті қылмысты салдардың орын алуын тілуімен сипатталды. Бұл тілек кінәләнің ісінің бір мақсатқа бағытталғандығын білдіреді. Ол үшін тиісті қылмысты салдар- оның қоғамдық қауіпті әрекетінің (әрекетсіздігінің) саналы, әрі мақсатты түрде көздеген нәтижесі. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     2. Тұлғаның қателесу  сипаты 

     Өзінің  интеллектуалдық сәті бойынша қасақаналық тікелей қасақаналықпен көп жағдайларда бір жерден шығады. Бұл мәселеде олардың айырмашылығы- тек қылмысты салдарды алдын ала көре білудің сипатында ғана. Жанама қасақаналық кезінде, тікелей қасақаналықпен салыстырғанда, тұлға қылмысты салдардың болу мүмкіндігін алдын ала көре білмегенімен (интеллектуалдық сәті), ол салдардың болуын тілемейді. Қылмыстық заң мұндай тілемеушіліктің екі түрін ажыратады: қылмысты салдарға саналы түрде жол берушіліктің және оларға немқұрайлы қарау. Алайда, тұлғаның өзі жасаған әрекеттердің (әрекетсіздік) салдарына психикалық қатысты, көп жағдайда, салдардың болуына немқұрайлы қараушылықпен оларға саналы түрде жол берушіліктің бірігіп кетуін болжайды. Жанама қасақаналық кезінде, кей уақытта қылмысты салдардың орын алуына саналы түрде жол беру (немесе оларға немқұрайлы қарау) бұл салдардың орын алуын тілемеумен бірлесіп келеді. Жанама қасақаналық кезінде қылмысты салдардың болуын тілемеу- тұлға өз ісінің қауіпті салдарына немқұрайлы қарағандығынан, олардың орын алуына саналы түрде жол бере тұра, өз ісінің қоғамдық қауіпті салдарының орын алуын көздемегенін білдіреді.

      Қате- бұл тұлғаның өзі жасаған әрекетінің не әрекетсіздігінің және оның салдарының нағыз заңды немесе шынайы сипаты туралы теріс түсінігі. Субъектінің  қателесу сипатына қарай, қате заңды  және шын мәнінде болуы мүмкін. Шын мәніндегі қате- бұл тұлғаның өзі жасаған қылмыстың объекті  мен объективтік жағына жататын  шынайы жағдайлар туралы теріс түсінігі.

      Ондай қателерге жататындар: Қылмыстың  объектісіндегі қате; Қылмыс құрамының  объекті жағын құрайтын шын жағдайларға  қатысты қате. Объектідегі қате- бұл субъектінің қылмысты түрде қиянат көрсетуші объектісінің әлеуметтік және заңды мазмұнына қатысты қателері. Бұл қатенің ең көп түрі ретінде мынаны келтіруге болады; Мысалы, тұлға қоймадан жарылғыш заттар салынған жәшікті ұрлаймын деп, оның орнына аяқ киім салынған жәшікті ұрлап кетеді. Сонымен, жорамалдағы объектіге қол сұғушылық қарулыға, оқ-дәріні, жарылғыш заттар мен жару құрылғыларына қол сұғушылықтың құрамын құрайды. Ал шын мәнінде жасалған объект- қоғамдық қауіпсіздік болса, екіншісінде меншік. Бұл объектілер заң тұрғысынан тең емес, себебі алғашқы объектіге қарағанда қаталдау жаза белгіленген. Осыған байланысты, жасалған бұл істі қасақаналықтың бағытталуына қарай, қару-жараққа қол сұғушылыққа оқталғандық үшін бағаланады. Объектідегі қатеден қылмысты қиянаттың заты мен жәбірленушінің жеке басына байланысты қатені ажырата білу керек. Өздігінен бұл қатенің қылмыстық құқықтық мағынасы жоқ. Мысалы, тұлға шетел азаматының әмиянының ішінде шетел валютасы бар деп ойлап, ұрлап алады, ал, шндығында, теңге мен ірі ақшаға ие болады. Екі жағдайда да, тұлға бөтен мүлік ұрлағаны үшін ұрлық затында шынайы қате болуына қарамастан, жауатылыққа тартылады. Алайда, кейбір жағдайларда мұндай қате жасалған істің бағалануына әсер етуі мүмкін. Бұл, жобаланушы затқа қол сұғушылық, Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кдексінің шынайы затқа қол сұғушылық бағаланатын бабымен, бірақ ауырлататын жағдайда бағалануы тиіс болғанда орын алады. Мәселен, жоғарыда  келтірілген жоба бойынша шетел ақшасы болуы тиіс ұрлау мысалында, кінәлі өз ұрлығын (теңгеге айналдырғанда) ең төменгі айлық есеп көрсеткішінің 500 есе мөлшерінен астам бағалаған еді, шындығында, ең төменгі айлық есеп көрсеткішінен 15 есе көп мөлшердегі отандық валютасы бар әмиянға ие болады, мұндай қатенің қылмыстық-құқықтық мағынасы болады. Мәселен, тұлғаның шын қол сұққан ұрлығы не ауырлататын мән-жайсыз. Ұрлық, не жәбірленушіге ірі мөлшерде зиян келтіре ұрлау не болмаса ірі мөлшерде зиян келтіре ұрлау не болмаса ірі мөлшерде ұрлауға оқталғандық деп бағалануы тиіс. Ал жоғарыда көрсетілген мысал бойынша тұлғаның қылмыстық әрекеті бөтеннің мүлкін ірі мөлшерде ұрлауға оқталғандық деп бағалау керек. Жеке бас туралы қате, жәбірленушінің бұл қатесінің мәні  мынада: Субъект, мысалы белгілі бір тұлғаның өміріне қиянат жасағысы келіп,  шындығында басқа адамның өміріне қиянат жасайды, себебі оны ойлаған адамның орнына қабылдап қалады. Әдетте, мұндай қате жасалған істі басталуға да, қылмыстық жауаптылыққа да, кінәліні жазалауға да әсер етпейді. Кісі өлтіру құрамы үшін нақты жәбірленушінің жеке басынан қателесу, яғни қылмыстық объектісінен қателесуді білдіретін жағдайлар ұшырасуы мүмкін.

      Біз біреулердің айтып жүргеніндей  тапсырыс бойынша атқарылатын жауыздық әрекет бүгінгі күннің жаңалығы емес. Оның тамыры тереңде жатыр. Адамның  өмірі мен денсаулығына, мүлік  иесі құқығы мен мүддесіне нұқсан келтіру, атқарар ісін жүзеге асыртпай аяқтан шалу, беделін түсіру сияқты түрлі мақсаттағы қылмыстың бұрын  да жасалып келгендігі белгілі. Тапсырыс бойынша жасалатын қылмыс санатында  қасақана кісі өлтіру ерекше орын алады. Кісі өлтіру әрқашанда және барлық жерде ең ауыр қылмыс болып саналып  келеді. Онымен күрес жүргізуге ерекше назар аударылуда.

      Теориялық жағынан алғанда тапсырыс бойынша  кісі өлтіру бір адамның жүзеге асыруы. Ал, тергеу үрдісінде «тапсырыс» ресімделгендіктен  дәл осы қылмыс екенін анықтау  біршама қиындық тудырады. Тапсырыс берушілердің пайдакүнемдік пиғылдарынан басқа кісі өлтіруден тұрмыстық, саяси, тағы сондай бақай есептерді  болуы мүмкін.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

            3. Қасақана құқық бұзушылықтағы себепті байланыс 

      Қылмыстық құқық теориясында себепті байланыс ерекше орын алады. Себепті байланыс аса күрделі мәселелердің бірі болып  табылады. Орын алған қоғамға қауіпті  іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік) пен одан туындаған зардаптың  арасында себепті байланыс болмаса, қылмыстық жауаптылықтың объективтік  негізі де жоққа шығады. Себепті  байланыс философиялық категория ретінде  «себепә және «байланыс» деген екі  ұғымның жиынтығынан құралған. Себеп  дегеніміз басқа салдарды тудыртатын, анықтайтын, өзгертетін немесе өз артынан  алып жүретін белгілі бір құбылыстың әрекеті. Байланыс дегеніміз кеңестік пен (немесе) уақытқа бөлініп құбылыстың өзара келісімімен өмір сүруі.

      Сот тәжірибесінде себепті байланысты анықтау өте маңызды. Себепті  байланыс дұрыс анықталмайынша әлде біреуді қылмыстық жауаптылыққа тартуға болмайды. Қылмыстық құқық  теориясында іс-әрекет пен зардаптың  арасындағы себепті байланыс төрт құрамның бірі, яғни қлмыстың объективтік жағына жатады. Сонымен қатар, қылмыстық  аффектілік түріне тоқталып айта кетсек, аффект жағдайында қылмыс жасаудың субъективтік жағы- қасақаналық. Адам өмірі мен  оның құқықтыры, ар-ождан бостандығы ең басты құндылық болып саналатын  құқытық мемлекетімізде адамның  ар-намысын таптап, құқығын қорлаған жағдайда жәбірленушінің де құқын аффект жағдайында қорғап, кісі өлтіргені  үшін жаза көлемін төмендетуі өркениеттіліктің, ізгіліктің белгісі деп санаймыз. Аффект кезінде жасалған әрекет көңілі қалған адамды жазалау ниеті арқылы әдеттілік орнатуға ұмтылған қылық. Субъектінің ниеті- өзін ренжіткен  адамнан кек алу, яғни өзіне жауыздыққа қарсы қастық әрекет жасау.

      Қылмыстық Кодекс бойынша аффект жағдайында кісі өлтіру әрекетіне қолданылатын жазаның  ең жоғарғы шегі- 3 жыл мерзімге бас  бостандығынан айыру көзделген. Ауырлататын құрамда аффект жағдайында екім немесе одан да көп адамды өлтіру әрекетіне 5 жыл мерзімге дейін бас  бостандығынан айыру көзделген. Қасақана бұзақылықтың тағы бір белгісі- қоғамдық тәртіпті сақтау жөніндегі  міндеттерді атқарып жүрген бтлік  өкілдеріне немесе қоғам өкілдеріне, срндай-ақ бұзақылық әрекеттерге  тыйым салуға көмектесіп жүрген басқа  да азаматтарға қарсылық көрсету 16 жасқа толмаған жасөспірімдерге  тіпті тән емес.

      Қасақана  қылмыстағы құқық бұзушылықтың себептері  айтылған ойларды тұжырымдасақ, адамның  құқықтық норималарды бұзуына, ең алдымен  әлеуметтік және биологиялық жағдайлар  әсер ететінін байқаймыз. Әлеуметтік жағдайлар- отбасы, мектеп, қызмет істейтін ұжым, жалпы қоғам өмірінің әсері. Бірақ  бұлар әр адамға әр түрлі ықпал  етеді. Тұрмыста ауыр, қиын жағдайда тәрбиеленіп  өмір сүретіндер де, сонымен бірге  уайымсыз, тоқтықта өскендер де заңды  бұзуы мүмкін. Бұл жағдайды бабаларымыз  ежелден-ақ байқаған. Биологиялық жағдайлар  да болуы мүмкін. Бір отбасында  дүниеге келіп, тәрбиеленіп өскен  балалардың ой-өрісінің сапасы әртүрлі  болатыны белгілі. Біруі мейірімді, салмақты, жігерлі болса, екіншісі қатыгез, жеңілтек, жігерсіз болуы мүмкін. Әрине  балалардың жаратылысынан әртүрлі  болуы, бұзақылық адамның тегіне байланысты деген сөз емес. Бұзықтық тұқым қуаламайды, бірақ, адамның  жаратылысына тән жаман мінездерді өсіп-өнетін кезеңге тап болса, адам әдепсіздік, заң бұзушылық қылықтан тайынбайды. Маңызды мәселенің бірі заңдар туралы олардың талаптарын орындамауға  себебін тигізетіні сөзсіз. Шындығында мемлекетімізде жүздегенм заңдар қабылданған. Азаматтар ол заңдардың бәрін  біле бермейді. Әрине, заңды білмей бұзғанымен, біле тұрып қасақана немесе абайсызда бұзушылықтың салдары  арасында өте үлкен айырмашылық  бар. Конституция бойынша қандай да болмасын қабылданған заңды құжаттар баспасөз бетіне жариялануға тиіс. Егер, жарияланбаса, оның күші болмайды. Құқық бұзушылықтың субъективтік себептері- бұл, мемлекеттік идеологияға, адами құндылықтар мен қоғамдық мүддеге қарама-қайшы құқық сананың төмен деңгейлігі. Ал, объективтік себебі- өмірдегі экономикалық және әлеуметтік қатынас саласындағы нақтылы қайшылықтар.

      Құқық бұзушылықты тудырушы объективтік  себептердің орын алуына жол беретін, ұйымдастырушылық және техникалық тәртіптердің жеткіліксіздігін айтуға болады. Құқық  бұзушылық қашан да жеке сипатта  болады. Жеке тұлғаның қабылдаған және оның қажеттілік мақсаты арқылы анықталатын  құқыққа қайшы шешім, құқық бұзушылықтың тікелей себебі болып табылады.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                           4. Қасақана қылмыс  құрамы 

     Қылмыстық заңда қасақаналықтың анықтамасы материалдық  құрамдағы қылмыстарға арналып  берілген. Тікелей және жанама қасақаналықтағы  іс-әрекеттің қоғамға қауіпті  мәнін білудің айырмашылығы жоқ, екеуінде де бірдей. Жанам қасақаналыққа  бір мысал келтірер болсақ, мысалы, қатардағы Әбенов мас болып өзі  күзетіп тұрған постының жанынан  қараңғы кезде өтіп бара жатқан Сәрсенов жаққа қаратып бұзақылық ниетпен  автоматтан оқ жаудырған. Сәрсеновтың  қолы және аяғы жарақаттанған. Республика Жоғары Сотының әскери коллегасы  Әбеновты жанама қасақаналықпен кісі өлтіруге бұзақылық ниетпен оқталғандығы үшін кінәлі деп тапқан. Себебі, ол Сәрсеновке қаратып оқ атқанымен, оны өлтіруді немес оған ауыр зардап тілемегенімен, бірақ оның болуына саналы түрде  жол берген.

     Жанама  қасақаналықта қылмыс құрамына тән  қоғамға зиянды зардапты болғызу  кінәлінің іс-әрекетінің түпкі немесе аралық не болмаса басқа мақсатқа жету құоалы болып табыоады. Бұлар  кінәлінің іс-әрекетінен туындаған  бөгде нәтиже болып табылады. Жанама қасақаналықпен қылмысқа даярлану, қылмысқа оқталу, құрамында арнаулы мақсатты көрсеткен қылмыстарды істеу, сондай-ақ қылмысты ұйымдастыруды, азғыртуды  және көмектесуді жүзеге асыру мүмкін емес. Бұл тұрғыдағы қылмыстар  тек қана тікелей қасақаналықпен жүзеге асырылады. Тікелей және жанама қасақаналықты бір-бірінен жіктеп бөлудің қылмысты дұрыс саралауда  маңызы ерекше. Көптеген қылмыстар  көбіне тікелей қасақаналықпен істеледі. Қасақаналықтың осы екі түрін  бірінен-бірін ажырата білу қылмыстық  құқықтық нормаларды дұрыс қолдану  үшін, кінәнің дәрежесін анықтау үшін, іс-әрекеттің  қоғамға зияндылығының дәрежесін, қылмыскердің жеке басының, қылмыстық жауаптылық пен жазаны саралау үшін де қажет. Пайда болу мерзіміне қарай қасақаналық алдын ала ойластырылған немесе табан астында пайда болған қасақаналық болып екіге бөлінеді. Алдын ала (күні бұрын) ойлаудан туатын қасақаналықта кінәлі адам қылмыс істеуден бұрын рйланып, сол ойын аздаған уақыт өткізіп алып іске асырушылық жатады. Табан астында пайда болған жай қасақаналыққа кінәлінің қылмыс істеу туралы ниеті оның өзінің дені дұрыс күйінде пайда болып, сол ниеттің сол арада тез не болмашы уақыттан соң іске асырылуы болып табылады. Қасақаналық жай және аффектілік түріне мысал келтірсек, жан күйзелу жағдайында, яғни үстінде жасаған ашумен болған адам өлтіру немесе жан күйзелу үстінде ашуға байланысты болған қасақаналық жатады. Кінәлінің өзінің істелетін іс-әрекетінен келетін қоғамға зиянды зардаптардан дәл болуына байланысты қасақаналық айқын (нақтыланған) және екі ұшты )нақтыланбаған) болып бөлінеді. Айқын нақтыланған қасақаналықта кінәлі нақтылы, дәл анықталған қоғамға зиянды зардаптың болуын болжайды. Айқын қасақаналық жай және баламалы (альтернативті) болып екіге бөлінеді. Жай айқын қасақаналықта кінәлі адам өзінің іс-әрекетінен белгілі бір нақты, қоғамға зиянды зардаптың болуын болжайды (мысалы, кісі өлімі немесе денеге жарақат келтіру). Адамға мұндай ретте нақты орын алған нәтижеге байланысты кінә тағылады. Балама нақтыланған қасақаналықта кінәлі адам екі немесе одан да көп айқын анықталған қоғамға зиянды зардаптың болу мүмкіндігін болжайды (мысалы, кісі өлімі немесе ауыр дене жарақаты).

қасақаналық және оның түрлері