ҚАРЖЫЛЫҚ ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЕСЕБІ
1 ҚАРЖЫЛЫҚ ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЕСЕБІ
- Қаржылық инвестициялар туралы түсінік
Инвестиция-бұл шығын
жиынтығы, өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылық
кәсіпорындардағы және т.б. экономика
саласындағы күрделі салым
Инвестицияның көзі болып жаңадан жасалған қосымша құнның, яғни таза табыстың пайдаланылмай сақталған бір бөлігі саналады. Басқаша айтатын болсақ, инвестиция көзі-жаңадан жасалынған құн немесе таза табысиың сақталатын бөлігі болып табылады. Шаруашылық субьектілері немесе кәсіпкерлер инвестицияны өзінің таза табысының есебінен, өзін-өзі қаржыландыру немесе ол үшін сырттан несие алу арқылы жасайды. Тағайындалу түрлері бойынша инвестициялар нақтылық және қаржылық инвестиция болып екіге бөлінеді.
Нақтылық инвестиция дегеніміз-шаруашылық субьектісіндегі белгілі бір материалдық, өндірістік қорлардың, яғни активетрдің (жер, жабдық, құрылыс) өсуіне, дамуына жұмсалынуы үшін салынатын салымдар болып табылады.
Қаржылық инвестиция дегеніміз-акционерлік қоғамдар немесе мемлекет шығарған акцияларға, облигациялар және басқадай құнды қағаздарға банктердің депозиттеріне салынған салымдар болып табылады.
Инвестицияның бұл жоғарыда айтылған екі түрін бірімен-бірі бәсекелесуші емес, керісінше оларды бірін-бірі толықтыратындар деп түсінген дұрыс. Бұған, яғни бұл айтқанымызды нақтылай түсу үшін мынадай мысалды қарастырайық.
Қандай да бір кәспкер құрылысты салу үшін қаржы керек етеді. Мұндай жағдайда құрылыс нақты инвестицияның обьектісі болып табылады. Кәсіпкер бұл құрылысты қаржыландыру үшін өзінің акцияларын шығарып, басқа біреулерге сатуы мүмкін. Сөйтіп, бұл мысалда кәсіпкердің құрылысқа салған салымы нақты инвестиция, ал қатысушының акцияны сатып алуға жұмсаған шығыны қаржылық инвестиция болып саналады. Жоғарыда аталған инвестицияның қай түрінің болмасын алдына қойған мақсаты салым салған саланы, өндірісті дамыту, ондағы өндірілетін өнімдердің, дайындалатын бұйымдардың сапасын барынша жақсарту, яғни оларды халықаралық стандартқа сай етіп сыртқы рынокта сата алатын дәрежеге жеткізу, өндіріске жаңа техникалар мен технологияны қолдану арқылы табыс табу болып табылады.
Қаржылық инвестициялар иелену мерзіміне қарай мынадай категорияларға жіктеледі:
а) қысқы мерзімдік-иелену мерзімі бір жылға дейін;
ә) ұзақ мерзімдік-иелену мерзімі бір жылдан артық.
Жылжымайтын мүлікке салынған инвестициялар иеленуші субьектілер ұзақ мерзімдік ретінде есептейді.
Тәуелсіздік алғаннан кейінгі бет бұрған нарықтық экономика жолымен даму үшін күресіп жатқан біздің еліміздің экономикасын көтеру үшін салым ретінде салынуын, яғни шетел инвесторларын тартудың артықшылығы пен пайдалылығын былайша жіктеп көрсетуге болады:
- Шетел капиталының біздің елімізге жұмсалынуы еліміздің бюджетіне түсетін түсімдері көбейтеді;
- Жергілікті халық үшін жаң жұмыс орындары пайда болады және ол халқымыздың әлеуметтік жағдайын жақсартып, сатып алу қабілетін арттырады;
- Жаңа алдыңғы қатарлы халықаралық дәрежеге сай техника мен технология елдің шаруашылық субьектілеріне қолдануды жылдамдатады;
- Сырттан келген капитал-елде экспорттың көбеюіне, бәсекелестің қабілетінің жоғарлануына әсерін тигізеді.
1.2 Инвестицияларға тән ХҚЕС талаптары мен ұсыныстарын сипаттау
Инвестициялар үш топқа: қысқа, ұзақ мерзімді және инвестициялық меншік болып бөлінеді. Бұларды инвестицияның элементтері деп те атайды.
Қысқа мерзімді инвестицияларға бір жылдан артық емес мерзімге салынаған және осы мерзім ішінде пайда алу мақсатындағы инвестициялар жатады.
Ұзақ мерзімді инвестицияларға ұзақ мерзімге есептелініп берілген инвестициялар жатады.
Инвестициялық меншікке ең соңында меншікке айналатын, жерге және ғимараттарға салынған инвестициялар жатады. Инвестицияларды осылайша топтастыру, бұлардың баланстық құнын анықтау және компаниялар өз қаражаттарын инвестицияның қай тобына салғандығын білу үшін қажет.
Инвестициялардың өзіндік құны инвестициялық активтер алу, делдалдық және банктік коммисиялық жиын сомаларын жинақтаудан тұрады. Егер алынған инвестициялар құнды қағаздарды эмиссиялаудан немесе басқа активтерге айырбастаудан өтсе, алынған инвестициялар шығарылған құнды қағаздар құнымен немесе берілген активтер құнымен дәлме-дәл келетін әділетті құн бойынша бағаланады.
Инвестициялар құны төленген дивидентер мен пайыздар дәрижесіндегі сомаларға азайтылады. Егер дивиденттер мен пайыздар түскен таза пайда есебінен төленсе, онда мұндай сомалар инвестицияларға жұмсалған шығындардың орнын толтыру мақсатында қаралады.
Қысқа мерзімді инвестициялар-өзіндік құны және нарықтық құнының ең төменгі дәрежесімен бағаланады. Егер инвестициялар нарықтық құнмен бағаланса, онда мұндай инвестициялардың баланстық құнын инвестициялардың жекелеген түрлері бойынша жеке-жеке көрсету керек.
Нарықтық құнмен есепке алынған
қысқа мерзімді инвестициялардың баланстық
құнының көбеюі немесе жұмсалған
шығындар құрамында есепке алынады.
Баланстық құнының көбеюін
Барлық ұзақ мерзімді инвестициялардың
баланстық құны біртіндеп азайып
отыратындығын еске алу керек. Мұндай
азайтулар әрбір
Егер өткен кезеңде қайта бағаланған ұзақ мерзімді инвестициялар сомасы есепке алынбаған жағдайда, онда инвестициялардың жекелеген түрлері бойынша анықталған азаю сомасы –пайда және шеккен зиян есептелгенде көрсетіледі.
Ұзақ мерзімді инвестициялар сомасының азаюы немесе инвестициялар құнының өсуі немесе азаю себебі нақтылы анықталмаған жағдайларда болуы мүмкін.
Ұзақ мерзімді инвестициялар құрамын салынған заттық үлгідегі инвестициялық меншіктер түрінде қаралады.
Инвестицияларды сатқан кезде
сатудан түскен түсім және бұлардың
баланстық құнының айырымы
Егер ұзақ мерзімді инвестициялар
қысқа мерзімді инвестициялар құрамына
көшірілсе, онда көшірілген қысқа мерзімді
инвестициялар қайта
Бухгалтерлік баланстағы барлық инвестициялар сомасын салынған қаржылар деп түсінген дұрыс. Негізінен қаржылық инвестициялар: ұйымның жарғылық капиталына; бірлескен қызметке (серіктестік); құнды қағаздарға; займдарға; берешек қарыздарды өтеуге салынады. Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар айналыс сыртындағы активтер, қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар ағымдағы активетр құрамында көрсетіледі.
Ұйымның жарғылық капмиалына салынған қаражаттарды акционерлік каптиал деп атайды. Яғни қаржы салушы инвестор салынған өз қаражатын-құжатқа, акцияға айырбастайды. Инвестордың акционерлік капиталға салған қаражатын инвестицияланған каптитал деп атайды.
Нарықтық қатынастар жағдайында ірі компаниялардың белгілі бір бөлігі бірнеше меншік иелерінің меншігіндегі қаражаттардан құралып, акционерлік меншік түріне айналады. Акционерлік капиталға салынған инвестициялар көлемі немесе сомасы акционерлік қоғамның шығарған акциялары атты құжатпен рәсімделеді. Қаржы салушы инвесторлар акция ұстаушылар категориясына танылады.
Сонымен, капиталдың белгілі бір бөлігіне иелік ететін меншіктік құқықты растаушы акция ұстаушының акциялары және бұларды қайта сату, сондай-ақ осы құнды қағазға байланысты басқада операциялар бухгалтерлік есеп обьектілеріне жатады.
Халықаралық қаржылық есеп
жүйесінде меншіктік
Корпарация-акциясының екі түрін –қарапайым және артықшылығы бар акциялар шығаруына болады.
Егер акцияның бір ғана түрі шығарылса, онда мұндай акцияларды қарапайым акциялар деп атайды. Бұлардың барлық жинағы корпарацияның қалдық каптиалы болып танылады. Қалдық капталы дегеніміз-компания жойылған жағдайда ең әуелі артықшылығы бар акция ұстаушылардың (несиелендірушілер) тәуекелшілігі қалдық капитал деңгейінді қанағаттандырылып, бұдан соң қарапайым акция ұстаушылардың тәуекелшілігін қанағаттандыру шаралары қаралады.
Қарапайым акцияларға қарағанда артықшылығы бар акциялардың біршама үстемдігі болады.
Артықшылығы бар акциялар
бойынша дивиденттер төлеу
Сонымен, инвестицияның және салынған қаражаттардың қандайда түрі болмасын-құнды қағаздар деп аталынатын құжатпен рәсімделеді. құнды қағаздар рәсімдеу арқылы қаржы салушы инвесторлардың қаржылық, қаражаттық құқықтығы белгіленеді.
2 ҚАРЖЫЛЫҚ ИНАЕСТИЦИЯЛАР ЕСЕБІН ЖҮРГІЗУ МЕН АУДИТІ
2.1 Еншілес, тәуелді және бірлесіп бақыланатын серіктестерге салынған инвестициялар есебі.
Егер бір компания басқа ұйымның құнды қағаздарының 50% жоғары бөлігіне иелік ететін болып, дауыс беру құқығын жүргізуге алатын болса, онда мұндай компанияны аналық компагия, ал осы компанияның құрамындағы еншілес ұйымның құны (активтері) инвестиция түрінде есептелінеді. еншілес ұйыманалық компанияның ішіндегі, аналық компанияның бақылауындағы дербес бухгалтерлік баланс жасаушы ұйым.
Еншілес ұйымның акционері
өз акцияларын сатады немесе өз үлесін
басқада ұйымдарға қаржылық инвестиция
түрінде қосады. Еншілес ұйым қызметін
аналық компаниялар қаражатымен
инвестициялау нәтижесінде
Егер аналық компания немесе қаржы салушы инвестор 50% артық дәрежеде басқа ұйымға қаржылық үлес қосатын болса, сондай-ақ 50% дан артық дәрежедегі акция алатын болып, дауыс беру құқығына құқықты болса, онда инвестицияланатын ұйым қаржы салушы инвесторлардың тануындағы – еншілес ұйым болып танылады.
Егер аналық компания немесе қаржы салушы инвестор 20%дан жоғары дәрежеде, алайда 50% дан төмен емес дәрежеде акция алу құқығына құықты болып, едәуір дәрежеде қаржылық үлес қосатын болса, онда инвестицияланатын ұйым қаржы салымшы инвесторлардың тануыедағы – тәуелді серіктестік ұйым болып танылады.
Еншілес, тәуелді, бірлесіп
бақыланатын серіктестіктер қызметіне
салынған инвестициялардың бухгалтерлік
есебі жоғарыда көрсетілген счеттарда
акциялардың жеке атаулары және инвестициялардың
жекелеген түрлері бойынша
Инвесторлар тәуелді серіктестіктерге инвестиция салу нәтижесінде 20% артық дәрежеде дауыс беру акциясына қарамастан инвестиция алушы серіктестік қызметіне едәуір әсер етеді.
«Едәуір әсер ету» ұғымы төмендегіше түсіндіріледі. Қаржы салушы инвестор қаржы салынған немесе инвестицияланған ұйымның қаржылық және операциялық қызметін тікелей басқаруға өкілеттік ете алмайды. Дей тұрғанмен қаржы салымшы инвестор тәуелді серіктестіктің қаржылық және операциялық шешім қабылдау саясатына қатысуға құқылы. Егер инвестор басқа ұйымның қаржылық және операциялық қызметін басқару мәселелерін өз құзырына алатын болса, онда мұндай ұйым еншілес ұйымға жатады. Еншілес ұйымға салынған қаржылық инвестиция есебін жүргізу принципін қолдану ХҚЕС 27 «Біріктірілген және жеке қаржылық қорытынды есеп» стандартында қаралған қағидаларға сай жүргізіледі. Осы айтылған айырмашылықтарға тән инвестициялық қаржы алушылар қызметін тексеру мен едәуір әсер етушіліктің ара жігін ажырата білу керек.
Тәуелді серіктестерге салынатын инвестициялар есебі мына төмендегі екі тәсілдің бірін қолдану арқылы жүргізіледі:
- үлестік қатысу әдісімен;
- құндық әдіспен.
Үлестік қатысу әдісін қолдану
барысында инвестициялық сома ең
әуелі инвесторлардың нақтылы жұмсаған
шығындарынан құралған өзіндік құнымен
немесе зияндағы инвестордың үлесі
сомасының өзгерісімен
Тәуелді серіктестіктердің жинақталған таза табысының жалпы сомасынан есептелінген дивидендтік сомалар инвестициясының баланстық құнын азайтып отырады.
Мысалы. «Дәулет» акционерлік қоғамы 1 қаңтар 2005 жылы «Арна» акционерлік қоғамының айналысқа түсірген қарапайым акциясының (1800 акцияның 450 ін) 25% 675 000 мың теңгеге сатып алды. «Дәулет» акционерлік қоғамы «Арна» ұйымның қаржылық және операциялық шешім қабылдануына едәуір әсет етеді. Есепті жылдың соңында «Дәулет» АҚ 400 000 теңге таза пайда тауып, төленетін тиісті салық сомасы ұсталынғанннан соң 150 000 теңгенің дивидендін жариялады.
«Дәулет» АҚ 675 000 теңгенің инвестициясын алған сәтінде бухгалтерлік есепке нақтылы жұмсалған шығындар сомасымен көрсетіледі. «Арна» АҚ таза пайдасындағы инвестордың үлесі 100 000 теңге (400 000*25%). Осы сомаға инвестициясының баланстық құны көбейді де, үлестік қатысудан түскен табыс болып танылады. Жарияланған диведенттік сома 37 500 теңге (150 000 * 25%) инвестициясының баланстық құнын азайту мәнінде көрсетіледі.
Қазақстандық бузгалтерлік есеп жүргізуге арналған счеттар жоспарына сай активтерді қайта бағалау нәтижесіндегі инвестициялардың баланстық құнының көбеюі меншікті капитал құрамында қосымша төленбеген капитал сапасында көрсетіледі. Инвестициялардың баланстық құнының азаюы қосымша төленбеген капитал сомасын қайта бағалау деңгейіндегі сомаға азайтады.
Үлестік қатысу әдісі бойынша, біздер инвестор өз қаржысын тәуелді серіктестікке тек дивенденд алу мақсатында ғана емес, сонымен қатар инвестор өзінің есептілігіне тәуелді серіктестіктің таза пайдадағы (шеккен зияндағы) тиісті үлесін көрсететіндігін білдік.
Тағы бір мысал. 2005 жылдың науырыз айында «А» ұйымы «Б» ұйымның барлық акцияларнының 30% алды. Алынған инвестициясының сомасы 60 000 теңге. «Б» ұйымының қызмет нәтижесінде 2005 жылы тапқан табысы 120 000 теңгені құрады. «Б» ұйымының жариялаған дивидентінің сомасы 80 000 теңге.
Осы мысалдарға сай 01.01.2006 жылдағы «А» ұйымындағы инвестицияның баланстық құнын анықтау керек.
Бұл үшін кесте құрамыз.(1.1 кестені)
«А» ұйымының инвестициясын, «Б» ұйымы есепті жылда таза табыс алған жағдайда бағалау
Инвестицияның сатып алу құны |
«Б» капиталындағы «А» ұйымның үлестік қатысуы |
«Б» ұйымның таза табысы |
«Б» ұйымның жарияланған дивиденттік сомасы |
«А» ға есептелінетін «Б»ның таза табысының сомасы (4*2) |
«А»ға есептелінген «Б» ның дивиденттік сомасы (4*2) |
01.01.2006 «А» ның инвестициясының баланстық құны (1+6-6) |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
60 000 |
30% |
12000 |
80 000 |
36 000 |
24 000 |
72 000 |
2005 жылдың соңында «А»
ұйымының балансындағы
Егер келесі жылы «Б» ұйымы өз қызметі нәтижесінде 50 000 теңге зиян шексе, дивидент жарияланбайды, осы жағдайда байланысты «А» ұйымның инвестициясының баланстық құны төмендегіше есептелінеді (1.2 кесте).
«А» ұйымның инвестициясын «Б» ұйымы есепті жылы зиян шеккен жағдайда бағалау
«А» ның есепті жыл басындағы инвестициясының құны |
«Б» капиталындағы «А» ның үлестік қатысуы |
«Б» жариялаған дивиденттік сомасы |
«Б» жарияланған дивиденттік сомасы |
«А» есебіне жатқызылған «Б» ның шеккен таза зияны (3*2) |
«А» есептелінген «Б»ның дивиденттік сомасы (4*2) |
01.01.2006 «А» ның инвестициясының баланстық құны (1-5) |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
72 000 |
30% |
50 000 |
- |
150 000 |
- |
57 000 |
Жоғарыда айтылған құндық
әдісті қолдану. Инвестор балансында инвестициялар
сомасы сатып алу бағасымен
Осы әдіске тән негізігі таным:
- Инвесторлардың алған инвестициясы сатып алу бағасымен есепке алынады.
- Тәуелді серіктестік қызметінің нәтижесінде есептелінген дивиденттер инвестордың инвестициялық қызметінен түскен табыс түрінде танылып, пайда және шеккен зиян есептілігінде көрсетіледі.
Мысал. 2005 жылдың қаңтар айында «А» компаниясы «Б» компаниясының барлық акцияларының 30% алды. Сатылып алынған инвестициясының қызметі құны 70 000 теңге. 2005 жылғы «Б» компаниясының қызметі нәтижесінде алған таза табысы 100 000 теңге. «Б» компаниясының жариялаған дивиденттік сомасы 90 000 теңге. 2005 жылғы «А» компаниясының негізгі қызметтен алған табысы 300 000 теңге. Осы мәліметтер негізінде 01.01.2006 жылға «А» компаниясына инвестициясының жиынтық табысын анықтау керек.
7.3. кесте.
«А» ұйымның инвестициясын бағалау «Б» ұйымы есепті жылы табыс алған жағдайда
Инвестицияның сатып алу құны |
«Б» капиталындағы «А» ның үлестік қатысуы |
«Б» жариялаған дивиденттік сомасы |
«А» төленетін «Б» дивиденттік сомасы (3*2) |
«А» негізгі қызметтен алған табыс (3*2) |
«А» жиынтық табысы (5+4) |
01.01.2006 «А» ның инвестициясының баланстық құны |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
72 000 |
30% |
90 000 |
27 000 |
300 000 |
327 000 |
70 000 |
2006 жылдың соңында «А»
компаниясы инвестициясының
Еншілес серіктестіктердегі
инвестициялар есебі. Еншілес серіктестіктер
негізгі серіктестіктердің
Инвестицияланған ұйымның жарты немесе жартыдан аз болмайтын дауысына ие болған жағдайда бақылау жұмыстары іске асырылып отырады. Сонымен қатар, басқада инвесторлармен келісілген жағдайда, жартыдан жоғары дауысқа иелік етуші инвестор инвестицияланған ұйымның жарғысына сай немесе осы ұйыммен келісу жағдайларына сай инвестицияланған ұйымның қаржы-шаруашылық қызметі нәтижесін анықтауда инвестордың өкілеттілігі көрсетіледі. Өкілетттік ету құқығы бар инвестор директорлар кеңесі мүшелерін ауыстыру немесе тағайындау, сондай-ақ директорлар кеңесінің жиналысына ұсыныс енгізіп, көп дауыспен директорлар кеңесі құрамын өзгертуге құқылы.
негізігі серіктестіктің
қаржылық қорытынды есебі құрамындағы
еншілес серіктестіктегі
- үлестік қатысу әдісімен;
- ұзақ мерзімді инвестиция есебінің есебінің әдіснамасын қолдану әдісі.
Негізгі серіктестік еншілес
ұйымды инвестициялау негізінде
біріктірілген қаржылық есептілік
жасауы керек. Яғни негізгі және еншілес
серіктестіктердің қаржылық есептілігі
біріктілген бір ғана серіктестіктің
қорытынды есебі түрінде
Егер еншілес серіктестік жақын арада сату мақсатында алынған болса, онда еншілес серіктестік жақын арада сату мақсатында алынған болса, онда еншілес серіктестік қызметі негізгі серіктестіктің бақылауында уақытша жүргізіледі.
2.2 Бірлесіп бақыланатын ұйымдағы инвестициялар есебі
ХҚЕ 31 «Бірліскен қызметке қатысу» стандарты бірлескен қызметке қатысу операциялары есебіне тән қолданылатын әдіснамаларға сай жүргізілетін бухгалтерлік есеп саласына арналған. Осы стандартта қаралған мәселелердің ең негізгі мақсаты-инвестиция сатушылардың бірлескен ұйымдағы (бірлескен кәсіпорынға қатысушылар) алынған табыстар мен таза активтердегі қатысу үлесін ақпараттар пайдаланушыларға белгілеп көрсету болып табылады. Стандарт бірлескен ұйымдағы қатысу үлесінің есебін жүргізу принципіне, сондай-ақ бірлескен ұйымның активтері, міндеттемелері, табыстары және шеккен зияны жөніндегі есептілік жасау үшін (ұйымның құрылымына қарамстан) қолданылады. Бірлескен ұйым деп-экономикалық қызмет атқарушы екі немесе одан да көп жақтардың қызметін бірлесіп бақылау үшін жасалған аралық келісімді айтады.
Келісілген келісім-шартта қойылған талаптарға сай бірлескен ұйым қызметінен айырықша мағынада жеке қаралады. Келісілген келісім жазба түрде жасалынып, мына төмендегі сұрақтарға жауап беру керек:
- бірлескен ұйым қызметінің сипаты және қызмет өрісінің үздіксіздік мерзімі, сондай-ақ бірлескен қызмет нәтижесін көрсетуші есетілік даярлаудың жолдары;
- директорлар кеңесін тағайындау, сондай-ақ дауыс берудің тәртібін белгілеу;
- бірлескен ұйымның капиталына және мүлікіне салынатын инвестициялық қаражаттар көлемін белгілеп отыру;
- қатысушылар арасында табыстарды, шығындарды, бірдескен ұйым қызметінің нәтижесін, сондай-ақ өндірістік көлемді, түскен пайданы, қажетті жағдайда өзара мүліктерді бөлудің тәртібі анықталып белгіленуі керек.
Бірлескен қызмет әртүрлі ұйымдық үлгіде және әртүрлі ұйымдық құрылымдар бойынша жүргізілуі мүмкін. Бірлескен қызмет бірлесіп бақыланатын операциялардан және активтер қозғалысы есебінен қалыптасады.
Бірлесіп бақыланатын
операциялар екі немес одан да
көп компаниялар немсесе
Мысал. Бірлескен үш ұйым бидай өндіріп, ұн тартып, нан өнімдерін өткізу жөнінде келісті. Нан өнімдерн сатып алушы сауда орыны нан өндірушілерге 5 млн. теңгенің тапсырысын берді. Мұның ішінде бидай өндірілген кезде 60%; ұн тартылған кезде 20%; ал нан өндірілген кезде 20% ақша төлейтін болып , екі жақты келісім жасалды.
Бірлескен ұйымдағы фирмалар
орындалатын операцияларды
Бірлесіп бақыланатын операцияларға қатысушы әрбір заңды тұлға өзінің қаржылық есебінде, бірлесіп орнындаған операциялардан туындаған өзгерістерді активтер және міндеттемелер құрамына жазып, бірлескен операцияларға байланысты түскен табыстар мен жұмсалған шығындар есебін жүргізіп отырады.
Бірлесіп бақыланатын активтер (мүліктер). Белгілі бір мақсатты орындау және қосымша ұтысмдылық бірлесіп пайдаланылатын активтерін бірлесіп бақыланатын активтер деп айтамыз. Әрбір бірлесушілер бірлесіп қалыптастырылған активтерді (мүліктерді) пайдалану жөніндегі шығындарды жұмсап отырады.
Мысалы, бірнеше бірлескен ұйым кеңсе ғимараттарын салып, ғимаратты қалыпты жағдайда ұсату шығындарын бірлесіп жұмсап, осы ғимаратты өз мақсаттарына пайдаланылады. Ғимараттағы бос бөлмелерді жалға береді.

- Қаржылық коэффициенттерді қолдану арқылы кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау
- Қаржылық құқық
- Қаржылық мемлекеттік реттеудегі шетелдік тәжірибелерді қолдану тиімділігі мен маңыздылығы
- Қаржылық менеджмент
- Қаржылық менеджмент тәуекелінің түрлері және оларды басқару
- Қаржылық менеджменттің арнайы бөлімдері
- қаржылық салымдардың аудиті
- қаржылық жоспарлау мен болжау
- қаржылық жоспарлау мен болжау
- Қаржылық инвестиция
- Қаржылық инвестиция есебі
- Қаржылық инвестиция есебі
- Қаржылық инвестиция есебі
- Қаржылық инвестиция есебі